Залалсыздықты талдаудың жалпы түсінігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Залалсыздықты талдаудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Шығындардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУ МОДЕЛЬДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Залалсыздықты талдау модельдерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Залалсыздықты талдауды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қазіргі экономикада әр бір фирманың негізгі мақсаты – пайда табу болып табылатыны белгілі. Тек осы шартта ғана, фирма өзінің тұрақты дамуын және өмір сүруін қамтамасыз ете алады. Фирманың тұрақты пайдасы капмталға салынған дивиденд түрінде болады және ол жаңа инвесторларды тартуға, нәтижесінде фирманың меншік капиталын ұлғайтуға көмектеседі. Сондықтан да, фирма қызметінің пайдалылық мәселелеріне қызығушылық туады. Сонымен қатар, мынадай сұрақтар тууы мүмкін: сату көлемінің төмендеуі пайдаға қалай әсер етеді; фирманың ұлғаюымен байланысты, қосымша тұрақты шығындарды жабу үшін қандай сату көлемі қажет. Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру үшін, өндірістің залалсыздығы туралы мәліметтерді талдау керек.
Осы курстық жұмыста біз жүйелі түрде осы мәліметтерді талдау үшін, өндіріс көлемі өзгерісі мен сатудан түскен жиынтық табыс, шығын, таза пайда өзгерісі арасындағы байланысын қарастырамыз. Осы байланыстың моделін құру үшін залалсыздықты талду фирма қақтығысқан нақты жағдайды жеңілдетеді. Көптеген модельдері сияқты залалсыздықты талдау модельдері де, көптеген болжамдар мен шектеулер негізінде құрылады. Алайда, мұндай талдау шешім қабылдау үшін, мықты құрал болып табылады.
Залалсыздықты талдаудың мақсаты – нақты өнімділік деңгейі мен өндіріс көлемі өзгерген жағдайда, финрманың қаржылық нәтижесін орнату. Бұл ақпарат басқарушылар үшін өте маңызды болып келеді, себебі, сатудан түскен жиынтық табысқа, жиынтық шығынға және пайдаға әсер ететін маңызды айнымалы өндіріс көлемі болып табылады. Осы себептен, өндіріс көлеміне ерекше көңіл білдіру қажет, өйткені, бұл тәуелділікті білу, басқарушыларға критикалық шығарылым деңгейін анықтауға көмектеседі. Мысалы, пайда максималды болғандағы деңгей немесе, пайда мен зиян болмайтын деңгей.
Залалсыздықты талдау қысқа мерзім ішінде өндіріс көлемі және пайда арасындағы тәуелділікке негізделген. Қысқа уақыт мерзімінде, кейбір ресурстардың енгізілуі ұлғаюы мүмкін, ал басқалары-жоқ. Мысалы тез арада, қосымша материалдарды жеткізуді ұйымдастыру және кәсіби дәрежесі төмен жұмысшы күшін тартуға болады, бірақ машиналар мен жабдықтардың өндіріс қуаттылығын ұлғайту үшін уақыт керек. Сонымен, қысқа уақыт мерзімде шығарылған өнім деңгейі шектеулі, өйткені фирманың өндіріс қуаттылығы ұлғая аламайды. Өндіріс қуаттылығын қысқарту үшін де, уақыт керек, сондықтан, қысқа уақыт мерзімінде фирма өндіріс ресурстардың салыстырмалы тұрақты қорларын пайдаланып жұмыс істеу керек.
1. Савчук В.П. Управление издержками предприятия и анализ безубыточности – М.: Корпоративный менеджмент, 2001.
2. Баканов М. И., Шеремет А. Д. Теория анализа хозяйственной деятельности - М.: Финансы и статистика, 1999.
3. К.Друри. Введение в управленческий и производственный учет. - М:
«Аудит», 1994.
4. Составляющие элементы модели управления издержками // NewEconomic 14.09.2002
5. Осипова Е. Н., доц. Малютина Л. И. Пути оптимизации издержек предприятия
6. Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система "директ-костинг": Теория и практика. - М.: Финансы и статистика, 1999.
7. Экономический анализ: ситуации, тесты, выбор оптимальных решений, финансовое прогнозирование: Учеб.пособие / Под редакцией М.И. Баканова, А.Д. Шеремета. – М.: Финансы и статистка,2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Залалсыздықты талдаудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Шығындардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6

ІІ ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУ
МОДЕЛЬДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2.1 Залалсыздықты талдау модельдерінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Залалсыздықты талдауды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ
Қазіргі экономикада әр бір фирманың негізгі мақсаты – пайда табу болып
табылатыны белгілі. Тек осы шартта ғана, фирма өзінің тұрақты дамуын және
өмір сүруін қамтамасыз ете алады. Фирманың тұрақты пайдасы капмталға
салынған дивиденд түрінде болады және ол жаңа инвесторларды тартуға,
нәтижесінде фирманың меншік капиталын ұлғайтуға көмектеседі. Сондықтан да,
фирма қызметінің пайдалылық мәселелеріне қызығушылық туады. Сонымен қатар,
мынадай сұрақтар тууы мүмкін: сату көлемінің төмендеуі пайдаға қалай әсер
етеді; фирманың ұлғаюымен байланысты, қосымша тұрақты шығындарды жабу үшін
қандай сату көлемі қажет. Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру үшін,
өндірістің залалсыздығы туралы мәліметтерді талдау керек.
Осы курстық жұмыста біз жүйелі түрде осы мәліметтерді талдау үшін,
өндіріс көлемі өзгерісі мен сатудан түскен жиынтық табыс, шығын, таза пайда
өзгерісі арасындағы байланысын қарастырамыз. Осы байланыстың моделін құру
үшін залалсыздықты талду фирма қақтығысқан нақты жағдайды жеңілдетеді.
Көптеген модельдері сияқты залалсыздықты талдау модельдері де, көптеген
болжамдар мен шектеулер негізінде құрылады. Алайда, мұндай талдау шешім
қабылдау үшін, мықты құрал болып табылады.
Залалсыздықты талдаудың мақсаты – нақты өнімділік деңгейі мен өндіріс
көлемі өзгерген жағдайда, финрманың қаржылық нәтижесін орнату. Бұл ақпарат
басқарушылар үшін өте маңызды болып келеді, себебі, сатудан түскен жиынтық
табысқа, жиынтық шығынға және пайдаға әсер ететін маңызды айнымалы өндіріс
көлемі болып табылады. Осы себептен, өндіріс көлеміне ерекше көңіл білдіру
қажет, өйткені, бұл тәуелділікті білу, басқарушыларға критикалық шығарылым
деңгейін анықтауға көмектеседі. Мысалы, пайда максималды болғандағы деңгей
немесе, пайда мен зиян болмайтын деңгей.
Залалсыздықты талдау қысқа мерзім ішінде өндіріс көлемі және пайда
арасындағы тәуелділікке негізделген. Қысқа уақыт мерзімінде, кейбір
ресурстардың енгізілуі ұлғаюы мүмкін, ал басқалары-жоқ. Мысалы тез арада,
қосымша материалдарды жеткізуді ұйымдастыру және кәсіби дәрежесі төмен
жұмысшы күшін тартуға болады, бірақ машиналар мен жабдықтардың өндіріс
қуаттылығын ұлғайту үшін уақыт керек. Сонымен, қысқа уақыт мерзімде
шығарылған өнім деңгейі шектеулі, өйткені фирманың өндіріс қуаттылығы ұлғая
аламайды. Өндіріс қуаттылығын қысқарту үшін де, уақыт керек, сондықтан,
қысқа уақыт мерзімінде фирма өндіріс ресурстардың салыстырмалы тұрақты
қорларын пайдаланып жұмыс істеу керек.

І ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Залалсыздықты талдау туралы түсінік

Залалсыздықты талдау инвестициялық жобаның маңызды бөлігі болып
табылады. Бұл талдаудың түрі, бір уақытта жобаның орындалуын және жобаның
қажетті тиімділігін қамтамасыз ететін белгіленген пайда мәніне жетуін
көрсетеді.
Тәжірибе көрсеткендей, егер ұйым толық қуаттылық деңгейіне жақын жұмыс
істесе, онда әр түрлі тауар өндірісі табысты болып келеді. Бірақ та, кейбір
жобалар бастапқыда, қысқа уақыт мерзімінде шығын әкеледі, ал кейбіреулері,
ұзақ уақыт бойы шығынмен жұмыс істей береді.
Мұндай кері әсерінің себептері өте көп. Мысалы, жобаның ақаулары,
негізгі және айнымалы құралдардың жеткіліксіздігі, шикізаттар немесе дайын
өнім сапасының төмендігі, өндірістің тиімсіздігі, нарық көлемінің аздығы,
фирманың баға саясаты және т.б.
Егер жоба өндіріс көлемін пайдаланудың төменгі деңгейінде қызмет етсе,
табыстар барлық шығындарды жаба алмайды. Өндіріс қуаттылығының пайдалану
деңгейі өссе, онда жиынтық шығындар жиынтық пайдаға тең болатын жағдайға
жетуге болады. Бұл нүктеде пайда да, зиян да жоқ. Мұндай жағдайды біз
залалсыздық жағдайы деп атаймыз. Сонымен, біз залалсыздық түсінігіне
нақтырақ тоқталайық.
Залалсыздықты талдау, компания өзінің ақшалай міндеттемелерін ешкімнің
көмектесуінсіз орындаған жағдайда болатын өндіріс көлемінің деңгейін
көрсетеді. Мұндай талдау компанияның шығындарын болдырмау үшін, қажетті
сату соммасының бағасын алуға көмектеседі.
Сонымен, залалсыздықты талдау немесе, басқаша айтқанда, шығындар,
өндіріс көлемі және пайданы талдау – бұл әр түрлі өндіріс деңгейі кезіндегі
табыстар мен шығындардың арасындағы арақатынасын зерттеуге келетін
талдамалы әдістеме.
Бұл талдау сонымен қатар, келесілер үшін өте пайдалы:
– ағымдағы жоспарлау немесе басқару үшін - өнім бағасының, өндірістің
және сату көлемі мен шығындардың өзгеру әсерін талдау, сонымен қатар
пайда, зиян және ақша қаражаттар ағымын болжау жолымен шешім қабылдау
үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
– жобаны бағалау үшін – табыстар менг шығындар болжанған кездегі,
жобаның тиімділігі туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен
қамтамасыз ету;
– жобаны дайындау үшін – қажетті алғашқы капиталдың өндіріс
қуаттылығының оптималдық көлемін анықтау.
Залалсыздықты талдауды жүргізу процесінде, дайын өнімнің сату көлемінің
өзгерісі кезіндегі, шығындар тәртібінің сипаты бойынша шығындардың жіктелуі
пайдаланылады. Бірақ, шығындардың жіктелуі туралы біз келесі бөлімшеде
қарастырамыз.

2.2 Шығындардың жіктелуі

Залалсыздықты талдау кезінде, біз шығындардың екі түрін қолданамыз:
тұрақты (тіркелген) және айнымалы.
Айнымалы шығындар – бұл өндіріс көлемінің төмендеуі мен ұлғаюына тура
пропорционалды өзгеретін шығындар.
Тұрақты шығындар – бұл белгілі бір уақыт мерзімінде, өндіріс
деңгейінің өзгерісі кезінде өзгеріссіз қалатын шығындар.
Айнымалы шығындарға шикізат пен материалдарға, энергияға, коммуналдық
қызметке (өндіріс процесінде пайдаланатын), сатудан комиссия, жұмысшыларға
еңбекақы (өндіріс көлемінің өсуі немесе төмендеуі кезінде, көбейе не азая
алатын шарт негізінде) және т.б.
Тұрақты шығындардың мысалы ретінде, ғимарат пен құрал жабдықтардың
амортизациясы, жал және лизинг шығындары, несие бойынша пайыздар,
қызметкерлердің басқарушылардың, бақылаушылардың еңбекақысы (болжам
бойыншағ өндіріс деңгейінің өзгерісі кезінде өзгеріссіз қалатын), жалпы
әкімшілік шығындар және т.б.
Осы шығындардың кейбіреулері, мысалы, еңбекақы немесе жалпы әкімшілік
шығындар төндіріс көлеміне тура пропорционалды өзгермейді де, және сонымен
қатар, тұрақты болмайды. Яғни олар аралас (жартылай айнымалы) шығындар
ретінде көрсетіледі. Мұндай шығындарды айнымалы және тұрақты компоненттерге
бөлуге және оларды бөлек қарастыруға болады.
Енді біз шығындардың жіктелуін толығырақ қарастырайық және оның сандық
мәніне көңіл бөлейік. Жалпы, осы талдау процесінде бізді көбінесе өндіріс
көлемі мен сату көлемінің өзгеру процесінде өзгеріссіз болып қалатын
шығындардың сипаты қызықтырады. Мұндай ерекшеліктер инварианттық деп
аталады. Өзінің өзгеріссіздігінің себебіне, инварианттар жоспарлау мақсатын
шешу негізі болып табылады.
Айнымалы шығындар (Variable Costs). Мысалы, бір фирма пеш өндірісін
жобалауды жоспарлауда. Әр бір жабдықтың құны 30 а.б. құрайды. Өндірілген
және сатылған пештің санын өзгертеміз. Онда, ұйым шығындары келесі кестеге
сәйкес өзгереді.
Бір пеш бірлігіне кеткенӨндірілген пештің саны Өндірістің жалпы
шығындар шығындары
30 1 30
30 10 300
30 100 3 000

Кестеде, айнымалы шығындардың жалпы соммасы өндіріс немесе қызмет көлемінің
өзгерісіне пропорционалды өзгеретіні, ал бір өнім бірлігіне кететін
шығындар өзгеріссіз қалатыны көрініп тұр. Біз оны график түрінде де көрсете
аламыз.

Жиынтық айнымалы шығындар Бір өнім
бірлігіне қатысты

айнымалы шығындар

Мұндай ерекшеліктің негізінде айнымалы шығындарды талдау кезінде,
инвариант ретінде өндіріс және сату көлемінің өзгерісінен өзгеріссіз
қалатын бір өнім бірлігіне қатысты шығындар алынады.
Тұрақты шығындар (Fixed Costs). Енді тұрақты шығындарды қарастырайық.
Мысалы, бір айдағы өндірістік орынның жал құнын құрастыруға болады. Пеш
өндіріс көлемінің өзгерісі кезіндегі құндық көрсеткіштер 2-ші кестеге
сәйкес өзгереді.
Бір айдағы жал құны Өндірілген пештің көлеміБір өнім бірлігіне
қатысты жал құны
6 000 1 6 000
6 000 10 600
6 000 100 60

Кестеде ұйымның сатылған өнім мен өндіріс деңгейі өзгерген кезде, тұрақты
шығындардың жалпы соммасы өзгеріссіз қалады, ал бір өнім бірлігіне қатысты
тұрақты шығындар өзгереді. Бұл жағдайды да график түрінде көрсетуге болады.

Жиынтық тұрақты шығындар Бір өнім
бірлігіне қатысты

тұрақты шығындар

Сәйкесінше, тұрақты шығындарды талдау кезінде, инвариант ретінде
шығындардың жиынтық соммасы алынады.
Тағы бір айтатыны, тұрақты шығындар өндіріс көлемінің маңызды өзгерісі
кезінде өзгере алады. Мысалы, өндіріс көлемін ұлғайту үшін, қосымша
өндірістік орынды жалға алу және жаңа құрал жабдықтарды сатып алу қажет
болуы мүмкін, ал бұл жаңа орынның жал төлемі соммасының, сонымен қатар,
жаңа құрал жабдықтары бойынша амортизация және пайдалану шығындардың
ұлғаюына алып келеді. Тұрақты шығындардың белгіленген ерекшелігін есепке
ала отырып, релеванттық интервал түсінігі енгізіледі, яғни, бұл сатышлған
өнімнің деңгейі өзгергендегі, тұрақты шығындардың жалпы соммасының көлемі
өзгеріссіз қалатын интервал.
Аралас шығындар (Mixed Costs). Нақты тәжірибеде, өзіне айнымалы және
тұрақты шығындар компонентттерін қосатын шығындар жиі кездеседі. Мұндай
шығындардың классикалық мысал ретінде, жал беруші мен жал алушы арасындағы
келісімге сәйкес жалдық төлем екіге бөлінетінін айтуға болады. Яғни, жалға
алушы бір айда 10 000 а.б. төлеу керек және жал орындарында орнатылған
өндіріс құрал жабдықтар жұмысының әр бір сағат үшін 5 а.б. төлеу керек.
Алайда, аралас шығындардың бөлінуі нақты жүретін сәйкес мысалдар өте
сирек кездеседі. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде, айнымалы және тұрақты
шығындар компоненттерін бөлу күрделі болып келеді.
Енді осы шығындардың екі түрін пайдаланып, келесі бөлімде
залалсыздықты талдау модельдері туралы айтып кетейік.

ІІ ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУ МОДЕЛЬДЕРІ
2.1 Залалсыздықты талдау модельдерінің түрлері

Жалпы, залалсыздықты талдау модельдерінің 3 түрі бар. Соның ішінде,
экономикалық модель, бухгалтерлік модель және математикалық модель. Енді,
осы 3 модельді қарастырып өтейік.
Экономикалық модель. Шығындардың, өндіріс көлемінің және пайданың
жағдайы 1.1 сур. көрсетілген. Графикте көргендей, жиынтық табыс қисық
сызықты болып келеді. Бұл фирма шығарылған өнімнің өспелі көлемін тек бір
бірліктің сату бағасын азайтк арқылы ғана сата алатынын көрсетеді,
сондықтан жиынтық табыс шығарылған өнімге пропорционалды өспейді.
Сату көлемін ұлғайту үшін бір өнім бірлігінің сату бағасын төмендету
керек, нәтижесінде жиынтық табыстың қисық сызығы онша қатты көтерілмейді
және соңында төмен қарай түседі. Мұндай жағдай бағаның төмендеудің қарсы
әсері сату көлемін ұлғайту әсерінен артық болатынынан туады.

Бір өнім бірлігі мен сату
көлемі
1.1 сур. Экономикалық модель бойынша өндіріс көлемі мен шығындар графигі
АД жиынтық шығынның қисық сызығы А және В нүктесі арасындағы жиынтық
шығын алғашқыда өндіріс көлемінің төмеңгі деңгейінде қатты өсіп кететінін
көрсетеді. Бұл өндіріс көлемінің одан да жоғары деңгейіне негізделген
ұйымды тиімді басқару қиыншылықтары туралы айтылады. В және С нүктесі
арасындағы жиынтық шығынның қисық сызығы түзіле басталады және онша қатты
көтерілмейді. Бұл енді фирма өндірістің экономикалық тиімді масштабында
құрал-жабдықтарды пайдалана алатынын, еңбектің мамандану артықшылықтарын,
жаппай өндірісін, негізгі өндіріс процесінің үзіліссіз графиктерін қолдана
алатынын куәландырады. Өндіріс көлемі диапазонының жоғарғы шегіне жақын С
және Д нүктесі арасындағы жиынтық шығынның қисық сызығы одан да жоғары
көтеріледі, себебі бір өнім бірлігіне кеткен шығындар өседі. Мұндай жағдай
негізгі жұмысшылардың бір сағат жұмысы ішіндегі шығарылған өнімнің азаюынан
болады, егер ұйым оны жобалық деңгейінен жоғары пайдаланса, онда
ресурстардың жеткіліксіздігі туады, негізгі өндірістік процестің графигі
одан да қиындатылады, ұйымның жұмысында дағдарыстық жағдайлар туады. Жалпы
нәтиже мынандай: шығарылған өнім бірлігіне кеткен шығын ұлғаяды және ол
жиынтық шығынның қисық сызығының күрт көтерілуін туғызады. А нүктесінен
басталған горизонтальды пунктир сызығы негізгі жұмыс істеген өндірістік
қуатын қамсыздандыруға кеткен шығындарды көрсетеді және ол фирманың жалпы
тұрақты шығындардың экономикалық интерпритациясы болып келеді. Сонымен
қатар, 1.1 сур. Көрсеткендей, жиынтық табыс қисық сызығы екі нүктесінде
жиынтық шығын қисық сызығынан өтеді. Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық шығын
жиынтық табысқа тең болған жағдайдағы өндірістің 2 деңгейі бар немесе екі
залалсыздық нүктесі бар деп те айтуға болады.
1.2 сур. Экономикалық модельде жиынтық шығын функциясына айнымалы
шығын функциясы қатты әсер ететіні көрсетеді.

1.2. сур. Экономикалық модель бойынша айнымалы шығындар
функциясы
Экономистердің болжауы бойынша, 1 өнім бірлігіне кеткен орташа
айнымылы шығындар бастапқыда азаяды. Бұл шығарылған өнімнің ұлғаюына қарай
фирма шикізаттарды сатып алған кездегі ірі шегерімдерді және еңбекті
бөлісуден үнемділігін ала алатыны туралы айтылады. Нәтижесінде бір өнім
бірлігі есебіндегі жұмысшы күшіне кеткен шығындар төмендей бастайды.
Экономистер мұндай жағдайды масштабтың өспелі әсері деп сипаттайды. Бір
өнім бірлігіне кеткен айнымалы шығындардың, өндірістің одан да төмен
деңгейіне байланысты жоғарлауы, 1.1 сур. А және В нүктесі арасындағы
жиынтық шығын қисық сызығының күрт өсуіне алып келеді. 1.2. сур.
бейнелегендей, бір өнім бірлігіне қатысты айнымалы шығындар Q1 және Q2
шығарған өнім деңгейінің арасында түзіледі, содан соң, біртіндеп өсе
бастайды. Мұндай жағдай, фирманың шығарылған өнімнің тиімді деңгейі кезінде
жұмыс істейтінінен туады және қысқа мерзімді кезеңде өндіріс масштабын
ынталандыру есебінен болашақ үнемдеу мүмкін емес екенін көрсетеді. Алайда,
Q2 өндіріс деңгейінен тыс ұйым жұмыс істеуге қажетті деңгейінен одан да
интенсивті деңгейде пайдаланады, осыдан ресурстардың жеткіліксіздігі,
дағдарыстық жағдайлар туады. Нәтижесінде, өндірістік жұмысшылардың сағаттық
өнімділігі төмендейді және бір өнім бірлігіне қатысты айнымалы шығындардың
өсуі тудырады. Экономистер мұндай жағдайды масштабтың қарсы әсері деп
сипаттайды.
1. сур. Көрсеткендей айнымалы шығындар функциясы жиынтық шығынның қисық
сызығына әсер етеді. В және С нүктесі арасындағы жиынтық шығынның қисық
сызығы онша қатты өспейді және ол өндірістің бір өнім бірлігіне қатысты
айнымалы шығындар ең төмен болғн деңгейінде жүргізілетінін көрсетеді. С
және Д нүктесі арасындағы жиынтық шығынның қисық сызығы одан да жоғары
көтеріледі, өйткені масштабтың өспелі әсерімен байланысты бір өнім
бірлігіне кеткен айнымалы шығындар ұлғаяды.
Бухгалтерлік модельдің графигі 1.3 сур көрсетілген. Мұндағы, пунктирлі
сызық – бұл экономикалық модельдегі жиынтықшығын функциясының графикалық
бейнелеуі және ол бухгалтерлік модельдегі жиынтық шығын функциясымен
салыстыру үшін алынған.

1.3. сур. Бухгалтерлік модель бойынша залалсыздық диаграммасы
Бухгалтерлік моделін құрастырған кезде, бір өнім бірлігіне қатысты
сату бағасы мен айнымалы шығындары өзгермелі деп алынады. Соның
нәтижесінде, өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты жиынтық табыс пен
жиынтық шығынның тәуелділігі түзу сызықты болып келеді. Сонымен,
диаграммадан тек бір ғана залалсыздық нүктесі бар екенін және табыс аймағы
өндіріс көлеміне байланысты ұлғаятынын көре аламыз. Сондықтан да, өндіріс
табысты болады, егер өндіріс қуаттылығы максималды пайдаланса. Жалпы,
экономикалық модель нақты болып саналады, себебі ондағы жиынтық шығын
сызықты емес.
Өндіріс көлемінің тиімді диапазоны. Бухгалтерлік диаграммасы барлық өндіріс
деңгейі үшін жиынтық шығын мен табыстың нақты көрінісін бермейді. Осы жерде
фирма болашақта жетуге жоспарлайтын өндіріс деңгейі кезіндегі жиынтық шығын
мен табыстың өзгеруін көрсету қажет. Өндіріс деңгейі X және У нүктесі
арасында көрсетіледі. Өндіріс көлемінің тиімді диапазоны, осы өндіріс
деңгейіне жатқызылады. Бұл тиімді диапазон фирма бұрын ұстайтын және
шығындар туралы ақпараты бар өндіріс деңгейін шамалап бейнелейді.
1.3 суретте, Х және У нүктесі арасындағы бухгалтерлік модельдің
жиынтық шығын сызығы экономикалық модельдің жиынтық шығын сызығына ұқсас
екенін көруге болады. Осы өндіріс көлемінің тиімді диапазонында жиынтық
шығын қисығы жақын Бухгальтердің ұйғарымы бойынша, бұл диапазонында бір
өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар өзгермейді, сондықтан, жиынтық
шығын түзу сызықты болып келеді. Осы өндіріс көлемінің диапазонында бір
өнім бірлігіне қатысты айнымалы шығындар шамалы түзу екендігі туралы айтуға
болатын эмпирикалық мәліметтер бар. Алайда, осы диапазонынан тыс өндіріс
деңгейі үшін бұл болжамды қабылдау дұрыс емес болады. Бухгалтерлік
модельдің жиынтық шығын сызығы 1.3 суретте көрсеткендей У шегінен тыс
өндіріс деңгейіне дейін немесе вертикальды осі бойынша созылатындай емес,
тек өндіріс көлемінің тиімді диапазоны үшін ғана көрсетілуі дұрысырақ болып
табылады.
Тұрақты шығындар функциясы. 1.3 сур. Бухгалтерлік модельдің тұрақты
шығындар функциясы вертикальды осінен өткен кезде, экономикалық модельдің
жиынтық шығын сызығының өтетін нүктеде кездеспейтінін көруге болады.

1.4. сур. Бухгалтерлік модель бойынша тұрақты шығындар
Бұл себепті 1.4 сур. зерттеген соң түсіндіруге болады. 0А тұрақты шығындар
деңгейін Q2 және Q3 өндіріс деңгейіне жатқызуға болады, бірақ экономикалық
тоқырау жағдайында, өндіріс көлемі Q1-ден төмен түсуі мүмкі, ал бұл ұйымның
жабылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан да, егер өндіріс күрт қысқаратын болса,
онда тұрақты шығындарды 0В дейін түсіруге болады. Басқа жағынан қарағанда,
егер шығарылған өнім көлемі Q3-тен жоғары болса, онда қосымша тұрақты
шығындар орын алуы мүмкін. Онда тұрақты шығындар сызығы тік горизонтальды
сызық түрінде емес, 1.3 сур көрсеткендей сатылы болып келеді. Бірақ,
өндіріс көлемі Q2-ден аз немесе Q1-ден көп деген ықтималдылық өте төмен
болғандықтан, онда Q2 және Q3 арасындағы өндіріс деңгейі үшін тұрақты шығын
сызығы солға және оңға қарай жалғасады. Алайда, ол вертикалды осімен
қиылысқан сол нүкте (яғни А), компания резервтік қуатын пайдаланып, жұмыс
істеген жағдайдағы орын алған шығындардан жоғары орналасқанын ескеру қажет.
Q1-ден төмен өндіріс деңгейі үшін тұрақыт шығындар сызығы (яғни 0В) негізгі
жұмыс істейтін өндірістік қуаттылығының функционалдылығын қамтамасыз етуге
кеткен шығындарды көрсетеді. Бұл сызық 1.3 сур.-гі экономиклық модельдің
жиынтық шығынның сызығы вертикалды осімен қиылысатын нүктесіндей шарттарды
көрсетеді. Бухгалтер, фирма тек Q2 және Q1 арасындағы өндіріс көлемі
диапазонында жұмыс жасайды деп болжаса, онда 0А бухгалтерлік модельдің
тұрақты шығын сызығы тек қана сол өндірістік көлем диапазонындағы тұрақты
шығындарын көрсетеді және негізгі жұмыс істейтін өндіріс қуаттылығының
функционалдылығын қамтамасыз етуге кеткен шығындарды көрсетпейді.
Жиынтық табыс функциясы. Енді экономикалық және бухгалтерлік модельдің
жиынтық табыс сызықтарын салыстырайық. Біз көргеніміздей, бухгалтердің
ұйғарымы бойынша, өндіріс көлемінің тиімді диапазонында сату бағасы тұрақты
болады, сондықтан жиынтық шығын түзу сызықты болып келеді. Осы табыс
сызығына қатысты бухгалтерлік болжамы, өндіріс диапазонына байланысты қысқа
мерзімді кезеңде бағалары икемділікпен ерекшеленбейтін салаларында жұмыс
істейтін фирмалардың көзқарасы бойынша нақтырақ болып келеі. Осы тіркелген
сату бағасы туралы болжамды қолдайтын тағы бір келісімі, бұл бәсекелестер
бағалық формасынан гөрі, бағалық емес формасын қабылдайтыны болып табылады.
Мысалы, фирма сату көлемін сату бағасын өзгерту арқылы емес, жарнама
көмегімен ұлғайтуға тырысады. Сонымен қатар, баға деңгейін төмендету арқылы
ғана, тиімді диапазонынан тыс өндіріс көлемін ұлғайтуға болады. Фирмалар
тиімді диапазоннан тыс өзінің жұмысын жоспарламайтындықтан, бухгальерлік
модельді құру кезінде, осы шегінен тыс табыстың нақты функциясын құру үшін
ешқандай талаптану әрекеттерін жүргізбейді. 1.3 сур.-те ол нақтырақ болатын
еді, егер жиынтық шығынның сызығы Х және У нүктесінен солға және оңға
жалғаспай, тиімді диапазонда осы Х және У өндіріс деңгейі үшін көрсетілетін
болса.
Математикалық модель. Шығындар, өндіріс көлемі және пайда туралы
ақпараттарды көрсету үшін, диаграммалардың орнына математикалық
тәуелділіктерді пайдалануға болады. Жалпы, математикалық әдістеме,
графикалық әдісіне қарағанда, қажетті ақпараттарды алуда икемді әдіс болып
табылады және компьютерлік қаржылық модельге мәліметтерді енгізу үшін
ыңғайлы болады. Шығындар, өндіріс көлемі және пайда туралы ақпараттарды алу
үшін математикалық формулаларды құрастыру кезінде, бір өнім бірлігіне
қатысты шығындар мен сату бағасы тұрақты деп алыну керек екендігін ұмытпау
қажет. Мұндай болжам, өнім бірлігінің сату бағасы мен айнымалы шығындары
үшін нақты болуы мүмкін, алайда, тұрақты шығындар тұрақты жиынтық көлемін
көрсеткен соң, ал бір өнім бірлігіне қатысты шығындар өндіріс деңгейіне
қарай өзгеретінін ескеру қажет. Нәтижесінде, өндіріс көлеміне қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Залалсыздық нүктесі
Қаржы менеджменті пәні бойынша міндетті бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған сұрақтар
Көмекші өндіріс есебі
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы
Нарық қатынастарындағы саудадағы сегмент орны, ұйымның есеп саясаты және технико-экономикалық көрсеткіштері
Кәсіпорынды басқару есебі
Тәтті құймақ кафесі - бизнес жоспар
Басқару есебі туралы жалпы ұғым
SIP–панельдерді өндіру кәсіпорнын құру
Қазақстан Республикасындағы баспа ісі жағдайы
Пәндер