Туризм саласы


Кіріспе
«Егемен болмай ел болмас етектен кесіп жең болмас», - деген екен дана халқымыз. Ел болудың қамын осы екі ауыз сөзге сыйдырып жіберген ақылгөй данышпандарымыздың даналығын осыдан-ақ біле беріңіз. Кешегі Кеңес Одағы ыдырап, егемендігін алған жас мемлекеттер қатарында Қазақстан да болатын. Сол жылдары жас тәуелсіз Қазақстан өз Ата Заңын қабылдап, жаңа нарықтық қатынастарға қадам басты. Ал енді араға он бес жыл салып Қазақстан әлемнің барынша дамыған елу ел қатарына ену тұжырымдамасын жасап отыр. Осы аралықта қандай өзгерістер болды, қандай кезеңдерден өттік, қайда барамыз деген сауалға жауап беру қазіргі заманның басты талаптарының бірі. Ендігі жерде Қазақстанның кешесі мен бүгіні, бүгіні мен ертеңіне тоқтала кетсек.
Экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - жүргізілген құрылымдық реформалардың және тиімді экономикалық реттеудің нәтижесінде қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан Республика президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айтылған.
Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық деңгейін жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Әлі де алынбаған асулар бар. Көптеген салалар мемлекеттің қолдауы болмай, даму жолына түсе алмақ емес. Елбасы 2006 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында бұл туралы үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Яғни, Қазақстан ендігі онжылдықта өндіру саясатын түбегейлі өңдеуші бағытқа бұрғаны жөн. Бұл ретте біздің ойымызша, туризмнің инфрақұрылымын дамыту және оны халықаралық деңгейде дамыту қажет. Мамандардың пікіріне сүйенсек, өзіміз сөз етіп отырған сала бүгінде біртіндеп бірізділікке түсіп келеді. Оны статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері айғақтайтындай. Бір ғана мысал: ұлттық табиғи парктер мен қорықтарға келген 244 мың 700 туристен 2004 жылы мемлекетке 9 миллионға жуық кіріс түскен. Бастапқы кезең үшін бүл әрине жаман көрсеткіш емес. Десек те, кең тұрғыда дамитын инфрақұрылымды қажет етпегендіктен де бұл саланың өзінше бағыт алып кетуі қиындықтарға тап болуда дейді мамандар Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде мүлдем басқа жайтты айтуға болады. Мәселен, АҚШ, Қытай мемлекеттерінің ұлттық парктерінде болған туристер жылына 10 млн АҚШ доллары шамасында аталмыш мемлекеттер бюджетіне кіріс түсіреді екен. Ал туризм қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Туризм жалпы ішкі өнімдегі үлесі бүгінгі таңда тек 2, 4% ғана құрап және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін туризмді дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі туризмдегі төменгі іскерлік белсенділіктерді және Қазақстан экономикасы үшін туризмнің басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Ғылыми жұмыстың мақсаты туризм саласының өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- Туризм инфрақұрылымын дамыту, туризмнің материалдық базасын жаңғырту; жаңа объектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
- Ұлттық туристік өнімдерді қалыптастыру және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкес көтеру;
- Туризмнің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы олардың кейбір тиімді жақтарын Қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- Туризмді ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан - жақты зерделеу;
- Тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану, туристік ресурстарға қол жетушілікті қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру; Нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; Туристік саланы жарнама-ақпаратпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, туризм саласындағы кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту; Туристік саладағы субъектілерді несиелендіру, инвестицияландыру және қаржыландырудың басқа түрлері үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Осы аралықта туризм республикамызда қаншалықты дамыды, даму дәрежесі қалай дегенде, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамедов мырзаның министрлер отырысындағы баяндамасынан мынадай статистикалық мәліметтерден үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік:
2006 жылы жедел деректер бойынша алдыңғы кезеңмен салыстырғанда туристік индустрия дамуының оң өзгерістері байқалады, бұған келесі көрсеткіштер дәлел бола алады:
1. Сырттан келушілер туризмі 19 пайызға өсіп, 5млн 200мың адамды құрады;
2. Шығу туризмі 30 пайызға өсіп, 3 млн 900мың адамды құрады;
- Ішкі туризм 8 пайызға артып, 3 млн 500 мың адамды құрады;
Оны диаграмма түрінде бейнелесек мынадай мәліметтермен таныс болған болар едік:
![]()
Ескерту: материал ҚР Статистика агенттігінің 2005 жылғы жылдық есебі мәліметтері негізінде алынды
Жалпы алғанда, республика бойынша туристік индустрия кәсіпорындарынан түскен кіріс 14, 6 пайызға артып, 35 млрд теңгені құрады, оның 7 млрд теңгесі бюджетке аударылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.
Туризм саласында инвестициялық жобалар пакетін қалыптастыру мақсатында жобалардың өңірлер тұрғысында ақпараттық базасы жасалды.
Бірақ дамудамыз деген дабырадан гөрі болашақта дамыту саласына баса назар аударған жөн болар. Осы орайда кездесетін келеңсіз жайттар мен өз кезегінде шешуін таппай жатқан күрделенген проблемалар бар.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана сүйенумен алысқа бара алмасымыз мәлім. Ел табысының негізгі бөлігін шикізаттық емес саладан табуды мақсат еткен Қазақстанның алдында алынбаған талай асулар бар. Көптеген салалар мемлекеттің қолдауы болмай, даму жолына түе алмақ емес. Елбасы 2006жылғы Жолдауында бұл туралы Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Яғни, Қазақстан ендігі он жылдығында өндіру саясатын түбегейлі өңдеуші бағытқа бұрғаны жөн. Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше. Әлемде жер көлемі жағынан алғашқы ондыққа енетін Қазақстанда туризмнің танымдық, тарихи-мәдени, экологиялық-сауықтыру бағыттарын, тіпті спорттық түрлерін дамытудың мол мүмкіншіліктері бар. Оған қоса ежелгі сауда-саттық жолы мен өркениеттің байланыстырушысы болған ортағасырлық «Ұлы Жібек жолының» бірнеше негізгі салаларының ел аумағынан өткенін қосыңыз. Қазір елімізге келген саяхатшыларға 700-ден астам туристік бағыттар бойынша қызмет көрсету ұсынылады екен. Алайда, туризм саласының мамандары: «кең байтақ Қазақстан үшін бұл төмен көрсеткіш», - дегенді алға тартады. Әрине кластерлер жүйесін құруда қатарында туризм де бар. Өткен жылы оны дамытудың бағдарламасы да жасалды. Әйтсе де, ол қалай жүзеге асырылғалы жатыр, алғашқы нәтижелері қандай деген сауалға министден де басқадн жауап алу қиындау. Соған қарағанда, нақты бағыт белгісіздеу болып тұрған сыңайлы. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 900 астам туристік фирма тіркелген екен. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамедовтың айтуынша, осы фирмалардың бәрі де өз бетінше жұмыс істеп жатыр. Туризмді дамыту үшін бірінші кезекте осылардың қызметтік міндеттерін айқындау қажет. Министрдің ойынша, қандай фирма шетелге турист жіберумен, қайсы фирма елге турист тартумен, қайсысы сервиспен шұғылдануы тиістігін нақты көрсетіп, белгілеу керек. Осындай тәртіпке бағынуға бұйрық берді. Осы орайда Қазақстан Даму Институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов мырза: «Қазақстанда дәл бүгін экотуризмді дамытқан жөн. Экотуризм - қымбат қонақүйлер салуға орасан қаржы шығаруды талап етпейтін, туризмнің ең арзан саласы. Осы саланы дамытуды қолға алудың орнына Т. Досмұхамедов фирмалардың атқаратын міндеттерін бөлуге баса назар аударғысы келіп отырғаны түсініксіз. Оны жүзеге асыру үшін мол қаржы және біраз уақыт қажет болады. Күшті нағыз қажет нәрсеге емес, екінші немесе кезектегі мәселеге жұмсау, нысанаға дәл апара бермейді»- деп өз ойын білдірген болатын.
Өткен жылы ішкі жалпы өнімнің 2, 4 пайызын құраған туризм саласында жұмыс істеп жатқан фирмалардың жұмысы онсыз да айқын. Олар туризмнің қай саласы табыс әкеледі, сол сала бойынша жұмыс істеп, табыс тауып жатыр. Енді келіп аяқ астында, «сен мына саладан шығып, ішкі туризмге жұмыс істе, ал сен сервиспен шұғылдан» деп бұйрық берудің қаншалықты орынды екенін түсініксіз екені рас Дәл қазір отандық туристік компаниялар негізінен қазақстандықтарды шетелдерге жөнелтумен айналысатыны белгілі. Өйткені шетелдік туристерді елде қабылдаудан немесе ішкі туризмге отандастарды тартудан гөрі қызметтің осы түрі біздің туристер тарапынан үлкен сұранысқа ие. Қалай бұлталақтасақ та жағдай солай болып тұрғаны ақиқат. Туризмді дамыту үшін сырттан резиденттік еместерді тартамыз десек те, туризм саласындағы жағдай осылай болып қала бермек. Өйткені ол да туризмге толассыз табыс мен пайда әкеле алмайды. Отандастарымыздың сыртқы туризмге аңсары ауғаны ауған. Яғни бұл қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейдінің дәл өзі. Бір жағынан қазіргі кезде көптеген курорттар мен санаторийлар, емдеу-сауықтыру орындарындағы баға мәселесі де қалыпқа келтірілуі қажет деп самаймыз. Себебі ауылдық жерлердегі азаматтардың демалыс мезгілінде бір ауық курорттарға бару мүмкіндігі болмай отырғандығын тағы ескеру керек. Мысал ретінде, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Бесқайнар» елді мекенінің тұрғыны Кенжекараев Бақыт есімді азамат: «Менің айлық жалақым жиырма мың теңге. Оны күнделікті тұтыным тауарына жұмсаймыз. Курортқа бармағаныма міне жеті жылдың жүзі болды. Курортқа бару үшін жолдама алу керек, оның өзі қырық мың теңге көлемінде. Бізде ондай ақша қайдан болсын. Осы жағы мемлекет тарапынан қарастырылса» - деген ауыл азаматтарының да мұң-мұқтажын ескерген жөн. Ал енді мына кестеден тек Алматы облысындағы туризмнің даму көрсеткішіне талдау сызбасы:
![]()
Ескерту: мәлімет Алматы облысы әкімінің ресми сайтынан алынды.
Қалыптасқан жағдайға көңіл аударсақ, қазіргі кезде елімізде туризмнің кенжелеп қалуына мынадай түрлі себептерді атауға боады:
Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға марқа сүйейді. Туризмді дамыту үшін алдымен ішкі инфрақұрылымдарды жетілдіріп, өркениетті елдердегідей сервистік қызмет ұсынуға жеткізу керектігі баяғыдан айтылып келеді. Бағдарламада да осы тұс баса айтылған. Әйтсе де, мұның бәрі еліміздегі өзге министрліктер тарапынан қолдау таппай отырғаны шындық. Туризм экономикасы өгей баланың күйін кешіп келеді. Туристердің елімізге келуі жиілеп жатыр дегенмен, олардың басым көпшілігін Қазақстанға іс-сапармен келгендер құрайды. Оны мына статистикалық мәліметтен көруге болады:
![]()
Ал өз туристеріміз неге туған елдің көрікті жерлерін тамашалап, табиғат аясында демалуға құлшыныс танытпайды? Неге ақшалылар жаз болды Түркия асып, Таиландқа немесе басқа елдерге барып демалуға құмар? Тағы бір айта кетерлік жайт туризм мәселесін дамытуда тек министрлік ештеңе шеше алмайды. Ол үшін барлық министрлік жаппай іске кірісуі керек. Әрине тізбелей берсек жетіспей жатқан тұстары жалғасып кете береді. Істеліп жатқан істер баршылық. Бірақ ол тым мардымсыз. Тағы да шетелдік туристерді тартуда кедергі болып тұрған мәселелердің бірі - Қазақстанның туристік имиджін жасай алмай жатқандығында және виза жасау проблемаларында. Бұл мәселені айтудың өзі артық болар. Себебі қанша рет айтылғанымен, жоғарыдағылар бәрі жасалып жатыр, тиісті министрліктермен келісім жасалып жатырмыз деумен тойдыруда! Шын мәнінде мәселе басқаша болып келуде.
Туризмді дамытудың ұзақ мерзімді жобаларын жүзеге асыру тарихи мәдени мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік іс-әрекеттердің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік емес субъектілердің горизонтальды және вертикальды өзара байланыстарының басқару құрылымын құру бойынша оңтайлы шешімдерді талап етеді. Сонымен қатар:
- туристік қызмет көрсетулер мен туристік кадрлар дайындау деңгейінің төмендігі, былай айтар болсақ білікті мамандардың жетіспеушілігі;
- туристік ұйымдар мен туристік нарық субъектілерінің: авиакомпаниялар, автопарктер, «Қазақстан темір жолы», Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, әкімдіктер және ұлттық парктер арасындағы өзара іс-қимыл, баға мен тариф саясатының икемсіз жүйесі;
- статистикалық есеп халықаралық стандарттарға сәйкестендірілмеген;
... жалғасыОсы аталған мәселелерді шешу үшін келесі механизмдерді іске қосу қажет деп санаймыз:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz