Қысқа мерзімді несие


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

Кіріспе . . . 3

  1. 1-бөлім. Қысқа мерзімді несиенің мәні, мазмұны, формалары, түрлері, жіктелуі . . . 6Несиенің мәні . . . 6Несиенің мазмұны . . . 7Несие формалары . . . 8Несие түрлері . . . 9Коммерциялық несие . . . 11Банк несиесі . . . 12Тұтыну несиесі . . . 14Ломбардтық несие . . . 16Қысқа мерзімді несиенің жіктелуі . . . 20
  2. 2-бөлім. Қысқа мерзімді несиенің есебі . . . 22Казкоммерц банктің тұтыну несиесі . . . 22Несиенің нысандары мен түрлері . . . 24Банкаралық несие . . . 26Талдау көрсеткіштері . . . 27

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29


КІРІСПЕ

Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несилік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді. Бұл арада кәсіпкерлік қызметі үшін жеке тұлғаларға берілетін ссуда тұтыну несиесіне жатпайды.

Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал, несие берушіге несие мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жатады.

Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды, сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады, әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиеленуін мақұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.

Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу.

Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін) экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:

  • ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
  • тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік) несиесі

Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы әр түрлі сауда ұйымдары беріп келді.

Тұрғын үй құрылысының (жеке және кооператитік) несиесін несие мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей берді.

Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен, сондай-ақ, бөліп - бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде құрылуымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу процесі басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай қалды.

Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін беру жүзеге асырылды. Мәселен, несиелер мыналарға:

  • құрылысқа және бау учаскелерін көріктендіруге;
  • ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған үйлердің

құрылысына, оларды сатып алу мен жөндеуге;

  • мал төлдерін сатып алуға және асыруға берілді;
  • 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмысқа аса қажетті тұтыну несиесін берді.

Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды тұлғаларды несиелеуде қолданатын, атап айтқанда, несиенің қайтарылуы, несие мерзімі, несиенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді.

Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын маңызды өлшемге қарыз алушының төлем қабілеттілігі жатады.

Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т. с. с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.

I-бөлім. Қысқа мерзімді несиенің мәні, мазмұны, формалары, түрлері, жіктелуі

1. 1 Несиенің мәні

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

  • несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
  • несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие

беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекетерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.

1. 2 Несиенің мазмұны

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие кең ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын, сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Несиегер - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Несиегер -

бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарызгер - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-біріне жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға және т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынастан емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарызгер - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Несиегер және қарызгермен қатар несие құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

1. 3 Несие формалары

Несие формасы - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несинің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:

  • қызмет ету саласына қарай - ұлттық және халықаралық несие;
  • несие мәмілесінің объектісіне қарай - ақшалай және тауарлық несие;
  • несие қатынасының субъектісіне қарай - банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.

Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т. б. ) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.

Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін қайтарып отырады.

Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық

экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.

Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады.

1. 4 Несие түрлері

Жоғарыда қарастырылған несие формасының көптеген түрлері болады. Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибеге нақты қосымшасы.

А) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:

  • айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
  • негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
  • ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
  • өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
  • жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
  • төлем несиелері.

ә) қамтамасыз етілуі бойынша:

  • жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен,

сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;

  • ішінара қамтамасыз етілген;
  • қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік (сенімділік) .

б) қайтарылу мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді;
  • орта мерзімді;
  • ұзақ мерзімді.

в) өтелу тәртібі бойынша:

  • бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту) ;
  • бір жолғы өтеу;
  • кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.

г) тәуекелді деңгейі бойынша:

  • субстандартты;
  • стандартты;
  • күмәнді;
  • сенімді;
  • сенімсіз;
  • ұзартпалы.

ғ) ақылылығы бойынша:

  • қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты) ;
  • жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары) ;
  • төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен) ;
  • пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

  • сауда-саттық несиесі;
  • өнеркәсіп несиесі;
  • ауыл шаруашылық несиесі;
  • құрылыс несиесі.

ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

  • жай ссудалық шот бойынша несие;
  • арнайы ссуда шоты бойынша несие;
  • контокорренттік шот бойынша несие;
  • овердрафт бойынша несие;
  • несие желісі бойынша несие.

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т. б. ) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие (ағылшынша revolve - айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісім-сөзсіз автоматты түрде беріледі.

Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясында несиелеу) несие ұйымының шоты иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі.

1. 5 Коммерциялық несие

Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъекті коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынын кемітуге жағдай тудырады.

Вексель - бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы - индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

Коммерциялық несиенің басты мақсаты - тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.

Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің ауқымы тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан, шаруашылық байланыстардың бұзылуынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік операцияларын басқару және талдау
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Қысқа мерзімді несиелендірудің қазіргі тәжірибесі. Қысқа мерзімді несиені ұсыну және өтеу тәртібі
Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау («сика» ақ мысалында)
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі КазТемір Құрылыс
Қазіргі таңдағы қысқы мерзімді несиелендірудің Қазақстандағы рөлі және оны жетілдіру
Экспортың несиелер
Халықаралық несие нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz