Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . 3:

Кіріспе . 3

Кіріспе . 3: 1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді
ұйымдастыру әдістері.
1. 1 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың
ерекшіліктері 9
Кіріспе . 3:

1. 2 Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі» танымдылық
қызығушылықтың рөлі 28

Кіріспе . 3:

1. 3 Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі былғары
өңдеу технологиясында "тері бүйымдарын модельдеуді"
оқытудың әдістері мен формалары 32

2. Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері . . .

2. 1. Үйірме жұмыстарында сабақ түрлері және жасалу жолдарын
оқушыларға үйрету 40

Кіріспе . 3: 2. 2. Тандаған бүйымның техникалық нобайымен сырт көрінісін
суреттеу 43
Кіріспе . 3: 2. 3. Былғарыдан жасалған бүйымдардың формасы мен ою-
өрнектерінің тәсілі 46
Кіріспе . 3:

3. Техникалық-технологиялық мәліметтер

3. 1. Теріден жасалатын қазақ ұлттық бұйымдары 49
3. 2. Бұйымды даярлау технологиясының сипаты 54
3. 3. Құрал-жабдық дайындаудың технологиялық ерекшеліктері
3. 4. Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы
және олардың жабдықгалуы 58

Кіріспе . 3: Қорытынды 65
Кіріспе . 3: Қолданылған әдебиеттер 66

КІРІСПЕ

Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиьазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.

Оның себебі кезінде мектеп өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін үйрету қолға алмағандықтан болып табылады.

Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.

Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.

Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болып табылады.

Ою - халқымыздың ұлттық өнерінің жер-жерге ерте кезден көбірек тараған үлгісінің бір түрі. Ол іскерлік, зергерлік өнермен терезесі тең, қатар дамыған. Мұны сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырғанынан байқауға болады.

Ұлттық үлгіде бүйымдар жасаудың технюлогиясын жетілдіріп, бүл жұмыстар негізінде машинаның атқаруына жүктелгенімен өрнек үлгісін сызу, біріне-бірі ұқсамайтын әсем нақышты оюлар ойылған түс-киіздер, сырмақтар, текемет, алаша, сандық т. б. киіз үй жасаулары мен тұтыну бұйымдары күні бүгінге дейін өзінің қолмен жасалу маңызын жоғалтпай келеді. Алдағы уақытта да оның қиындығы мен қызықшылығы мол қолөнер саласындағы еңбек жемісті болуына кәміл сенеміз.

Киіз үйді сәулеттендіріп, оған салтанатты сипат беру, оның әр бөлшегінің бір-бірінің ұнасым табуы, сәндеу халық шеберлерінің машықтанған ісіне айналған. Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Және де қолөнерінің түрлерімен, оларды дайындау технологиясына даму тарихына қалам тартқан зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне тоқталмасқа болмас.

С. Қасимановтың «Қазақ халқының қол өнері» /Алматы, Қазақстан 1995 жыл толықтырылып шыққан/ атты кітабы. Кітапта қолөнерінің барлық түріне: киіз басу, өрмек, кілем өнері, қайыс өнері, тас өнеріне, зергерлік өнеріне, сондай-ақ материалдарды өңдеу, бұйымдарды әсемдеу түрлеріне, ою-өрнектермен, олардың түстерінің мәніне тоқталып өтеді. Соңында автор қолөнерінің түрлеріне байланысты кейбір атаулардың түсіндірме сөздігін береді.

Ә. Тәжімүратовтың «Шебердің қолы ортақ» /Алматы, Қазақстан, 1997. ж. / атты кітабы. Бүл кітапта автор қолөнерінің барлық салаларына қалам тартқан. Сондай-ак әр ғасырдағы туындылармен толықтырылған . «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ», -дейді халық. Бүл кітапта санғасырлар сынынан өтіп шираған. Қазақ халқының табиғи дарынымен өзектес, халық өнерімен, түрмысымен бірге өсіп, бірге қайнасып келген қолөнерінің әсем үлгі-нұсқалары, өнер байлығы әсерлі әңгімеленеді.

Қ. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» /Алматы. Өнер, 1987 жылы/ атты ғылыми зерттеу кітабында қол өнерінің қызықты да маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туын қалыптасу мэселелері төңірегінде кеңірек баяндалған. Автор кітапты иллюстрациялық материалдармен толықтырып, этнографиялық материалдармен, архивтік жэне жазба әдебиеттер негізінде жазған.

Қазіргі кезде халықтың қолөнерін оқыту мәселесі республикамызда етек алып, толығымен бүгінгі күн талабына сай шешілді деуге болмайды. 1993 жылдың 21 қаңтарындағы жарық көрген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында « . . . оқушыларың еңбекке дайындау ісіндегі тағы бір өзекті кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы көркем өнерін, халық зергерлерінің мүрасын, мал-шаруашылығын үйрету кеңінен өріс алған жоқ » деп біздің мектеп өміріндегі осал жақтарды көрсетеді.

Қолөнерін үйретуде соңғы оншақты жылдың көлемінде бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың жарық көруі ұлттық қол өнердің мектеп өнерінің жандануына себепші болады. Олардың бірі:. С. Жолдасбекованың «¥лттық сәндік - қолтаңбалы өнерге үйрету» бағдарламасы І-ІУ сыныптарға арналған бағдарлама, осы мақсаттарды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуға бағытталады.

Балаларды қолөнер шығармаларымен таныстыру олардың өз туған жеріне, халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады, эстетикалық сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді, әсем дүниелер жасайтын зергерлердің немесе оюшының өзіндік қол таңбасын, ғажап шеберлігін айыра білуіне көмектеседі.

Ұлттық қолөнердің негізіне сәндік қолтанбалы өнер туындылары жатады.

1992 жылы жарық көрген «Тұрмысқа қызмет көрсету» бағдарламасының мазмұны негізінен оқушыларды іс жүзінде жүмыс істеуге бағытталады, ол үшін берілген уақыттың 75-80 % дейін жұмсалғаны орынды, қалған уақыт теориялық мақсатқа жеткілікті.

Іс- жүзінде жүргізілген жүмыстардың маэмұны қазақтың қолтаңбалы өнеріне баулу, мамандыққа қажетті еңбек дайындығын шыңдауға, түрлі заттарды: жүн, мата, ши, т. б. қолмен немесе машинамен өңдеуге жэне одан пайдалы өнім шығаруға жүмсалады. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілетін, эстетикалық сезімін шыңдауға бағытталған.

Ш. Әбдуалиеваның «Халық қолөнері» атты әдістемелік құралы У-ІХ сыныптарды еңбекке баулу пәні мүғалімдеріне арналған. Бүл әдістемелік құралда сәндік қолтаңбалы өнер сабақтарын өткізу әдістемесі мен ұйымдастырудың жалпы жағдайлары жазылған. Сондай-ақ сәндік-қолтаңбалы өнер сабақтарын өткізудің жылдық үлгі жоспарлары берілген.

Құрастырушылыр: С. А. Жолдасбекова мен А. А. Жолдасбековтың «Ұлттық сәндік-қолтаңбалы өнерге үйрету» атты әдістемелік нұсқауда бастауыш сынып оқушыларын қолтаңбалы өнер түрлерін үйрету жөнінде сабақ және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу жөнінде мысалдар келтірілген.

Оқушылар нұсқау бойынша ою-өрнек, бастырмалау, тігіс тігу жэне кестелеу, қүрақ құрау, қуыршақ жасау, зергерлік жүмыстар, өру жүмыстарын жасайды.

Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне жазылған әдебиеттер қазіргі уақытта көптеп саналады. Солардың бірі Ю. К. Бабанскийдің, А. Н. Ильинаның «Педагогика» атты педагогикалық институттарының студенттеріне арналған, педагогика курсы бойынша бағдарламаға сай жазылған оқу қүралы. Оқулық мектептегі оқушылардың

оқу-тәрбие жүмыстарын ұйымдастыру, жоспарлаудың әдістемелік жэне теориялық негіздерін ашып көрсетеді.

Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке және кәсіпке баулудың формалары мен әдістерін, мазмұнына, принциптеріне, оқушыларды еңбекке дайындау процесіндегі оларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарына қалам тартқан педагогтардың /В. А. Поляковтың, Д. А. Тхоржевскийдің, С. А. БатЬішевтің т. б. / еңбектері студенттер мен /еңбекке баулу пәні/ оқытушылардың қолынан түспейтін оқулықтар.

Соңғы уақытта халықтық педагогиканы мектеп өміріне негіз ету көп сөз болып барады. Халықтың педагогикалық тәрбие мэселелері туралы қарастырған студенттерге оқу қүралы ретінде үсынылған кітаптың бірі -Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың «Қазақ тэлім-тэрбиесі» атты /Алматы, «Санат», 1995 ж. / кітабы. Авторлар мүнда қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі туралы ой қозғап, тебірене әңгімелейді.

Жоғарыдағы еңбектердің маңыздылығын тұжырымдамадағы көрсетілген кемшіліктерді ескере келіп, бйымдарды дайындауды үйретуді қолға алу мақсатында, біздер дипломдық жүмыстың тақырыбын: «Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жасаудың технологиясы» деп алуды жөн көрдік.

Зерттеудің мақсаты: Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жасаудың технологиясын дайындауды үйрету мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын анықтау.

Зерттеу объектісі - жоғары сынып оқушыларын еңбек сабағында ұлттық қолөнерге баулу.

Зерттеу нысанасы - ұлттық қолөнердегі теріден жасалатын бұйымдарды дайындаудың технологиясы, әдіс-тәсілдері, формалары.

Зерттеу міндеттері:

1. Педагогикалық, әдістемелік және ұлттық қолтанбалы өнерге
арналған арнайы оқу құралдарына шолу.

  1. Қолөнер бұйымдарының тәрбиелік мәнін анықтау.
  2. Еңбекке баулудағы теріден бүйымдарды дайындауды үйретумазмұнын анықтау.

І-ТАРАХ ІХ-Х СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕККЕ ҮЙРЕТУ САБАҒЫНДА, БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУДІ ¥ЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСІ.

1. 1. Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері.

Өрісі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар өзінің көне замандардан бері белгісіз болып қалғанымен олардың асқан дарынды, үлкен өнер "болғаны анық . Ол шеберлері ғасырлар бойы үй тұрмысында қалданыатын әр түрлі бұйымдар жасап, олардың көркемдеп сәндеумен болған . Ол бұйымдарды әдемілігіне, шебер жасағандығына қазір де қарап көз тоймайды . Қазақ қол өнерінің жолы, өзіне тән даму тарихы бар . Ол тарих сонау көне замандардан басталады.

Қазақ халқының ертеден келе жатқан жақсы қасиеті - өз балаларын жас кезінен еңбекке баулу. Қыз баланы үй сыпыру, су экелу, сиыр сауу, өрмек тоқу, төсек жинау, ыдыс- аяқ жуу, шай құю, ас пісіру, іс тігу сияқты шаршылықтың алуан түріне үйретсе, ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, тай үйретуге, ағаштан әр түрлі күбі, астау, келі- келсан, домбыра, кебеже, жүк-аяқ, ал теріден жүген, ноқта, ат әбзелдерін жасауға, ер шабуға, құс ұстауға, ат мінуге, отын жаруға, таудан ағаш әкелуге, тас қалауға т. б. үйреткен.

" Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие " қүралы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне және ата- аналарға арналады.

"Технология" бағдарламасы білім стандартына, жалпы білім берудің базалық негізіне енгізіледі. Енді еңбек пәні "технология" пәні болып оқытылатын болады.

"Технология" - грек сөзі . "Техно "-өнер, шеберлік, іскерлік және "логия"-дайын бұйымдар алу үшін өндіріс процесінде пайдаланатын шикізаттың, материялдық немесе жартылай дайын өнімнің пішінін, қасиетін, күйін өзгерту, оларды дайындау және өңдеу тәсілдершің жиынтығы.

Ауыл шарушылығы жағдайында шикізатқа, материалға және шала өнімдерге өндіріс құралдары арқылы әсер ету тәсілі. Мәселен : егін үшін оны жер айдаудан бастап дәнін жинап алып, өңдеп нан жасауға дейінгі үзіліссіз процесс.

Сол себепті "технология" жалпы білім беретін ауылдық мектептер үшін мына бағыттарды қамтиды.

1. Ауыл шарушылығы техникасы мен технологиясы.

  1. Машинатану элементтері негізіндегі конструкциялық материалдыөңдеу техникасы.
  2. Элекротехникалық және радиотехникалық аспаптармен жұмыс істейбілу.
  3. Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету, экология жэне кәсіптік бағдарсалалары.
  4. Үй мәдениеті, тұрмыстағы техника.
  5. Үй экономикасы мен кәсіпкерлік элементтері.
  6. Ақпараттық технология элементтері.
  7. Жоба.

Осы көрсетілген бағыттарда технология жэне оны оқыту әдістемесін зерттеу, мұғалімдерге әдістемесін нұсқау тркырымдалды.

Нарық қатынасы жағдайында мектепке бастап оқыушылардың өзін-өзі басқару проинципіне негізделіп, шарушылылық есеп, бизнес жоспар, экономика, сауда, табыс кқзі, еңбекақы оны төлеу әдістерін, базар бағасы, құн, өзіндік құнын, айырбас, тасымалдау, делдалдық, менеджмент, маркетинг т. б. жөнінде білім беру де осы мақсатқа негізделеді.

Бағдарлама жасау кезінде ауыл мектептеріндегі еңбек сабағына және ауыл шаруашылық еңбегінде ерекше назар аударылды.

Қазіргі кезде заман талабына сәйкес оқулықтар, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламасын әзірлеу және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар да белгіленді.

Еңбек - белгілі мақсатты істі орындауда адамның ақыл - ойы дамуының маңызды факторы болып табылады . Балаларға әсіресе, еңбек әрекеті үлкен әсер етеді . Еңбектену барысында заттар мен материалдың қасиеттерін аша отырып, өндірілетін бұйым туралы түсініктерін кеңейте, байыта түседі.

Еңбек әрекеті баланың қоршаған дүниені, нақтылы заттарды тануына -оны тұрмыста, тіршілікте пайдалана білуге үйретеді, санасын байытады.

Педагогика ғылымының оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі міндеттері мыналар болып табылады:

1. Ең алдымен еңбек - адам игілігінің қайнар көзі.

Балаларды өзінің жеке басының пайдасы үшін ғана емес, жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету, өз қолымен жасаған еңбектерін сыйлауға, басқалар жасаған заттарды ұқыптылықпен ұстауға, күтуге, дағдыландыру -еңбекке тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі.

2. Оқушының жас ерекшелігіне қарай, еңбек етуге қажеттілікті сезіну
санасының қалыптасуы еңбекке деген әдеттің пайда болуымен

заман мен жекешелендіру кезінде өте қажет. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын бастаған іске үлкен табандылық керек.

3 . Еңбекке қызықтыру, еңбекте шынығу сияқты мэселелердің маңызы зор. Оқушылардың осындай қасиеттерді дамыту еңбек тәрбиесіне ерекше назарда болуы керек.

4 . Қазіргі қоғамда барлық еңбек құралдары жеке адамның немесе бірлестік, не үжымдардың, тіптен жеке адамның өз меншігінде . Бұл меншікті ұқыптылықпен ұстау, дұрыс пайдалану, күту жеке адамның сапалы ісі болып табылады . сондықтанда өсіп келе жатқан баланы әрбір отбасы әрбір пайдалы затты өзімдікі деген мақсатта тәрбиелеуге міндетті.

5. Мектепке келген оқушылардың еңбекке қабілетін дамыту, оған деген сүйіспеншілік, дамытушылық көзқарасқа тәрбиелеу мектептің негізгі міндеті. әрбір оқушы тапсырылған жүмысқа бар ниетімен беріліп, орындау кезінде оның пайдасы мен қажеттілігін түсінгенде ғана еңбек ету ол үшін

пайдалы болып шығады . Олай болса еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мүғалімнің терең біліміне, оны жеткізе, меңгерте білу әдісіне байланысты.

6. Еңбекке тәрбиелеу процесінде балаларды ұжымшылдыққа дағдыландыру аса маңызды . Еңбектегі бірлескен күш -жігер, бірлескен
жұмыс, оқушылардың бір -біріне деген өзара қарым-қатынасының
қалыптасуына мүмкіндік туады . А. С Макаренко жазғандай :"оқушыларды тәрбиелеуде еңбектің әр алуан ұжымдық формаларын қолдап, достық,
жолдастық сезімдері, оқушылардың арасындағы өзара көмекті дамытып
отыру керек". еңбекке тәрбиелеу ісін осындай жолға қоюдың нәтижесінде
жолдасқа деген дұрыс көзқарас орын алуы да мүмкін . егер оқушы қоғамға
барлық күшін жұмсаған болса, ол өз қатарындағы арамдыққа төзеді, ол
жалқауларға қарсы батыл күреседі.

7. жас ұрпақты болашақта белгілі бр кәсіпкер үйретуде, үйрену жолына
тәрбиелеуде де еңбек тәрбиесінің маңызы зор. Тоғыз жылдық мектепті
аяқтаған соң, оқушы өз талғамын жасайды . осы кезде кәсіптік бағдар берудің
мәні ерекше өлшеусіз. Еңбекке тәрбиелеуде (У-ІХ сынып ) оқушылардың
жеке қабілеттеріне қарай еңбектің әр түрімен кеңінен таныстырып, олардың
білімінің белгілі бір саласын қабілетіне және іс- жүзіндегі бейімдігіне қарай
дұрыс бағыт беру керек.

Еңбекке тәрбиелеу міндеттерінің бірі - мектепте білім беру барысында отбасымен бірлесе отырып тәрбиелеу.

Егер біз оқытып тәрбиелеп шығарған оқушылардың міндеттерін жеке тізіп оның сипатына ұқыпты түрде қарасақ, онда балалардың оқу процесі, еңбек сабағы, сыныптан тыс алу түрлі жұмыстар, өз бетінше орындаған еңбектері сияқты барлық тәрбие құралдарын ойдағыдай шешу мүмкін болғанда ғана нәтижесі айқын байқалады.

Еңбек әдеттегідей балалардың жасаған жұмысы нәтижесінде аяқталады. Еңбек үйренумен бірге өзіне де өзгеге де мектепке де пайдалы іс болуы қажет. Оның қорытындысы - сол затты жасауға кеткен шығын ақтала, пайда

түсу керек. Оның сатылу құны, сапасы оқыушыларды қызықтырса, базарда бағалы болса, оны жасауға ынта туады.

Сондықтан қазіргі нарықтық экономика жағдайында әрбір мектеп өз мүмкіндігін пайдаланып, шеберханада мектеп және отбасы үшін пайдалы әрі қажетті заттар жасап шығарады. Ондай пайдалы еңбек балаларды қызықтырады, оларды ұйымдастырып, тәртіптендіреді.

Жалпы білім беретін мектептердегі еңбекке тәрбиелеу жүйесінде ұжымдық, еңбектің жетекшілік мәні зор. Балалардың бірлескен еңбегі ұйымдастыруда тобасы тәрбиесінің көптеген талаптары орындалады. Тек бірлесіп дұрыс ұйымдастырылған еңбекте ғана болашақта нағыз бірлескен ұжым құрылуы мүмкін. Балалар жаппай жұмыс істегенді жақсы көреді. Ұжымдық бірлескен еңбек ұқыптылық пен тапқырлықты арттыруғ, бос уаққыиа қызығушылық туғызады. Балалар осындай көпшілік болып істеген еңбектің арқасында көптеген пайдалы істі меңгеріп алады:

өйткені тапсырылған жұмыс белгілі бір уақытта (сағатта, минутта)

басталады жэне оның басталуынан кешігуге болмайды.

Орындамаған немесе дұрыс орындалмаған жұмысты мұғалім

қабылдамайды;

жұмыс барысындағы икемділік, орындауға ынталылық және

тапқырлық көтермеленіп отырылады

өзің орындай алмаған жұмысыңа қасыңдағы жолдасы көмектеседі,

үйретеді.

Осындай бірлескен жұмысты бақылаусыз, өз бетінше жіберуге болмайды. Ұжымдық, бірлескен жүмыс сапалы болу үшін оларды жеке топқа бөліп жэне жеке -жеке тапсырма беру арқылы олардың орындау шеберлігін бақылауға болады. Тапсырманың барынша тыңғылықты орындалуын тексеріп отырады. Сонда ғана оқушылар өзінің орындаған жеке жүмысы арқылы бірлкскен ұжымдық жұмысқа қосқан өз үлесін біледі, сапалы орындауға тырысады.

Оқушылар ұжымдық жұмыстық қазіргі нарықтық заманда қоғамға және отбасына тигізетін пайдасын сезінеді.

Еңбекті орындау деген сөз - оның жеке қабілетімен бірге ол жұмысты орындау үшін белгілі мөлшерде күш жэне қуат жүмсауды талап етеді. Бала үнемі даму, жетілу үстінде болады. Бұлшық еті жүйке әлі толық дамып жетілмеген, тез шаршауға бейім болады. әлі келмейтін тапсырма алса, қаншалықта көп күш жұмсаса да, оны орындауға шамасы келмейді. Мүғалім осындай жағдайда балаға өзі орындай алатын жұмыс беруі керек, немесе жақсы орындай алатын баланың қасына көмекші жасау қажет. Онсыз баланың ынтасы жоғалады. "Орындай алмаймын " деген өзіне өзінің сенімсіздігі пайда болады. Оған жол беруге болмайды . Еңбек әрекетінде шамада тыс артық күш жұмсауы, балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру емес, керісінше, еңбекке деген жиркеніштігін туғызады. Бала өзінің шаршағандығы туралы айтысымен, оны жұмыстан босатып жіберу керек деген сөз емес. Еңбектен жеңіл - желпі жұмыс істегенде шаршау зиянды емес, қайта пайдалы. Ол балаларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бала жұмысты орындау кезінде өз еңбегінің немен тынатынын білуге тырысады. Алда істелгелі тұрған жүмыстың мақсатын білу көбінесе балалар еңбегін ұйымдастыру кезінде қажет. Балаларға мақсаты түсінікті, әлі жететін және тілегене сай жұмысты тапсыру қажет.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу мен оқытуға еңбектің адам өмірінде алатын орын, қоғамдағы еңбекті орындау шеберлігі, сондай- ақ орындалған еңбек сапасын да түсіндіру қажет. Еңбекті орындауда ұйымдастыру мен орындай білуге үйретудің өзі балалардың еңбек ете білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың қайнар көзі деп қарау дұрыс нәтиже береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМУЛАЛАРЫ
Оқушылардың қолөнер сабағында шығармашылық қабілетін арттыру
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Оқыту әдістер тобы әдістер
Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары
Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік ерекшеліктері
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі
Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім
Оқушылардың сөйлеу тiлiн дамытуда техникалық құралдарды пайдалану_
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі - құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz