Медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы
Магистрлік диссертация
МЕДИАНАРЫҚТАҒЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған 1 курс магистранты
Ғылыми жетекші ф. ғ. к. Қарлыға Мысаева
(күні, қолы)
Норма бақылаушы: аға оқытушы Мәриәм Майлықұтова
(күні, қолы)
Кафедра меңгерушісінің Александр Рожков
рұқсатымен қорғауға жіберілді (күні, қолы)
Алматы, 2010
РЕФЕРАТ
Түйін сөздер : hi - tech журналистика, SMS хат, MMS хабарлама, баспасөз, радио, телевизия, подкастинг, мәтіндік лидер, ұялы байланыс, интернет, т. б.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының жалпы көлемі : 85 бет
Зерттеу жұмысын жазу барысында Величенко В. В. «Үшінші өскіннің мобильдік байланыс жүйелерінде деректерді тасымалдау» кітабы, В. И. Комашинскийдің және А. В. Максимовтың «Ақпаратты жинақтық тасымалдаумен жылжымалы радиобайланыс жүйесі » атты еңбектері, В. П. Ипатов, В. К. Орловтың, И. М. Самойлов, В. Н Смирнованың «Мобилді байланыс жүйелері» кітабы пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: магистранттың диссертациясында ұялы байланыстың медианарықтағы ақпарат тарату ерекшелігі мен журналистикадағы орнын айқындау мақсатында бүгінгі БАҚ-пен байланысы талданған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ұялы байланыстың қалыптасу, даму, ақпарат таратудағы рөлін анықтау
Зерттеу жұмысының нысаны -
-екі жақты сапалы мобильді байланыс;
-ұялы желінің қызмет көрсететін барлық аясында қозғалу мүмкіндігі;
-бір адамға тән дербес мобильді номер;
-ұялы телефонды Қазақстанның, ТМД -ның және шетел қалаларында қолдану мүмкіндігі;
-қызмет көрсетудің дербес тарифтік жоспарын таңдау мүмкіндігі;
-басқа жүйелердің құрылғыларымен салыстырғанда ұялы телефонның өлшемдерінің кіші болуы;
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
1 Ұялы байланыс жайлы жалпы түсінік
Ұялы байланыс стандарттары
Ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктері
Ұялы байланыс hi- tech журналистиканың негізі
High-tech журналистиканың тарихи негіздері
БАҚ-тың High-tech журналистиканың теориялық негіздері
High-tech журналистиканың даму болашағы
High-tech журналистиканың таралу жолындағы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдаланылған сілтемелер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертация медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат таратудағы алатын рөлін сипаттауға, саралауға негізделген. Зерттеуде журналистиканың жаңа саласы -hi-tech журналистика(ұялы байланыс пен интернет арқылы жүзеге асады), ұялы байланыс стандарттары, елімізде ұялы байланыспен қамтамасыз ететін «GSM Қазақстан» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС компанияларының қызметтері талданды.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қоғам - ақпарат қоғамы. Бүгінде қысқа әрі нұсқа, нақты ақпаратпен жылдам қамтамасыз ету басты орынға шықты. Бұл кезекте журналистиканың атқарар жауапкершілігі де арта түседі. Осы ретте ұялы байланыстың өзіндік маңызы бар. Ұялы байланыстың көпшілік үшін аса маңыздылығы - ақпарат таратуда жеделділігі, шынайылыққа қолжетімділігі. Жаңалықты жылдам жеткізу арқылы ол бұқаралық аудитория мен редакция, өзге бұқаралық ақпарат құралдары арасына байланыс орнатып, қоғамдық пікірді қалыптастырады. Халықтың таным-түсінігін, ой-парасатын тереңдетеді.
Ұялы байланыстың қызметі көп қырлы, әсіресе, оның ақпараттық ерекшелігінің медианарықтағы тиісті орнын көрсету үшін оның сыртқы нысаны мүмкіндік бермегенімен, журналистика ұғымының шартты болып келетіндігіне қарамастан бұл жағдайда оның hi-tech журналистиканың дамуынде үлесі зор екендігін ескеру керек. Сөз болып отырған ұялы байланыстың хабарлау, дерек беру, тарату мақсатынан тыс өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ұялы ақпараттың композициялық әдісінен, динамикалық құрылымынан, тақырыбынан, жазылу тілі мен стилінен, оқиғаның бағыт-бағдарынан анық көрінеді. Ұялы байланыс арқылы хабар таратуда мынадай бағыттар айқындалады: жаңалықты жасау, беру кезінде телефон пайдаланушы қарапайым ақпарат көзінің мазмұнды рөлі жоғарылайды, жедел, бұқаралық аудиторияда оқиға орнынан жіберілген шынайы дерекке деген қызығушылық пайда болады. Зерттеу жұмысында ұялы байланыс сан қырынан қарастырылады. Журналистиканың дамуы заман талабына сай hi-tech журналистиканы алдыңғы қатарға шығарғандықтан, қоғамның жоғарғы технологияны игеру барысында медианарықтың дамуын саралау, ұялы байланыстың ақпараттық өзгешіліктерін анықтау тақырыптың өзектілігін аңғартады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елімізде ұялы байланыстың медианарықтағы ақпарат тарату ерекшелігі туралы жазылған жоқ. Тіпті бұл Қазақстанда қозғалмаған тың тақырып. Алайда, бұл өзге АҚШ, Ресей мемлекеттерінде hi-tech журналистиканың ақпараттық сипаты теориялық тұрғыда талданғанын, ғалымдардың, журналистердің қызығушылығын тудырып, соған байланысты жаңа ізденістер жасалып жатқанын айта кеткен абзал. Сондықтан да магистранттың зерттеу тақырыбы жаңашыл, заман талабымен үндескен деп айтуға толық негіз бар.
Магистрлік диссертацияда әр түрлі жиілікте жұмыс істейтін CDMA2000, GSM секілді ұялы байланыс стандарттары салыстырыла зерттелді. Стандарттарды талдай отырып, ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктерін ескере келе, оның техникалық құрылымы мен SMS хат, MMS хабарлама, блог, подкастинг сынды ақпарат беру формаларының стильдік айырмашылығы жағына баса назар аударылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ұялы байланыстың хабарды өңдеуде, жіберуде ауыспалы, аралас сипат алатындығына мән бере отырып, оның рөлі мен ықпалына ғылыми тұжырымдама жасау. Соның нәтижесінде байланыстың айқындалған ұтымды тұстарын Отандық журналистикада қолданып, журналистік шеберлікті шыңдау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
- ұялы байланыстың қалыптасу мен даму кезеңдерін көрсету;
- ұялы байланыстың hi-tech журналистиканың қалыптасуына ықпал еткен алғышарттарын айқындау;
- hi-tech журналистиканың жанрлық сипатын көрсету;
- ұялы байланыстың жетістіктері мен негізгі мәселелерін анықтау;
- әр елдің жоғарғы технология саласындағы тәжірибелеріне баса назар аудару;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
1. Магистрлік диссертацияда медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат шынайылығын көрсетудегі пәрменділігін дәлелдеу көзделді.
2. Ақпарат беру пішіндері сұрыпталады.
3. Жаңалықтарды тарату барысындағы ұялы байланыс қызметіне талдау жасалады, өзге бұқаралық ақпарат тарату арналарынан айырмашылықтары дараланады.
4. Ұялы байланыстың өзге коммуникация құралдарынан хабар тарату басымдылығы сөз етіліп, жоғарғы техникалық дәрежесі анықталады.
5. hi-tech журналистиканы, оның ішінде ұялы байланысты жетілдіру мақсатында ұсыныс пікірлер келтіріледі.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысы кезінде талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылады.
Зерттеу пәні. Ұялы байланыстың қалыптасу мен даму ерекшеліктері, халықаралық тәжірибелер мен ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарындағы кең қолданысқа ие ақпарат беру пішіндерінің (SMS, MMS, подкастинг, блог) үздік үлгілері.
Зерттеу жұмысының нысаны - журналистиканың жаңа саласы - hi-tech журналистика, ұялы байланыс стандарттары, Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және байланыс агенттігінің статистикалық сараптамалары, елімізде ұялы байланыспен қамтамасыз ететін «GSM Қазақстан» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС компанияларының қызметтері
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Магистрлік диссертацияны жазу барысында ұялы байланыс жайлы сайттарға, ғалымдар еңбектеріне, түрлі басылым беттерінде жарық көрген мақала, ғылыми зерттеулерге сүйендік.
Зерттеліп отырған тақырыптың кей тарауларында көрнекті ғалымдар зерттеулері теориялық тұрғыдан басшылыққа алынып, пайдаланылды.
Величенко В. В. «Үшінші өскіннің мобильдік байланыс жүйелерінде деректерді тасымалдау» кітабында үшінші ұрпақ мобильді байланыс желілерінде деректерді тасымалдаудың аспектілерін анықтайтын сұрақтар қарастырылды.
Қызмет көрсету нарығының күйі, үшінші ұрпақтың мобильді байланыстың Европалық жүйелеріндегі трафик сипаты және 3G жүйелерінің бұдан ары даму тенденсиялары талданған. UMTS Европалық стандарттық жүйесінің дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі құрылымы көрсетілген, деректердің тасымалдау арналарының құрылымы сипатталған.
В. И. Комашинскийдің және А. В. Максимовтың кітабында «Ақпаратты жинақтық тасымалдаумен жылжымалы радиобайланыс жүйесі » атты жүйеленген түрде ақпаратты жинақтық тасымалдаумен жылжымалы радиобайланыс жүйесін модельдеудің негізі қарастырылады. Анық жүйелердің арақатынасы моделі шегінде басты назар физикалық ортаға және физикалық деңгейге, деректер тобына және сымсыз желілердің желілік деңгейіне бөлінеді. Кітап М. А. Боннч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург теллекомуникациялар Мемлекеттік университетінде автор оқыған лекция материалдарына сай құрылған.
В. П. Ипатов, В. К. Орловтың, И. М. Самойлов, В. Н Смирнованың «Мобилді байланыс жүйелері» кітабында жүйеленген түрде жердегі мобильді байланыс жүйелерінің даму кезеңдері мен класификациясы баяндалған. Қазіргі заманғы жүйелерде қолданылатын стандарттарды мысалға алып негізгі техникалық шешімдер, ұйымдастыру принциптері, функционалдану ерекшеліктері қарастырылған. Оларды жетілдіру преспективалары және тенденциялары талданған.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Магистрлік диссертацияның нәтижелері жоғарғы оқу орындары журналистика факультеттері мен бөлімдерінде оқитын студенттерге қосымша көмек құралы болмақ.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспе мен қорытындыдан, екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі берілген.
Ұялы нарық қарқынды даму кезеңіне аяқ басты, келесі 2-3 жыл нарықтағы орнымызды нығайту мен жаңа абоненттерді тартуда маңызды рөл ойнамақ. XX ғасырдың бұл жаңалығы коммуникация мен ақпарат дәуірі саналатын XXI ғасырда адамзаттың сенімді көмекшісі болып қала бермек.
Қазіргі уақытта телекоммуникациялық өндіріс негізгі мүмкіндіктер мен шақырулардың алдында тұр. Қазақстанның ұялы байланыс нарығы жақында жоғарылатылған өсу кезеңіне кірді.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінң дауысын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату болып саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы телефон 1, 15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды.
Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс өндірісі де ерекше қарқын алды.
Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы байланыс құралын шығаруды қолға алған Қазақстан үшін 2004 жылдың жөні бөлек. Дәл сол жылы қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы да жүзеге асқан болатын.
Ханымдар үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді Тайваньдық компаниясына тиесілі болса-дағы, «Жетілік» атауын алған марканың дизайны мен мәзірлік құрылымы отандық мамандардың қолынан шыққан. Орта класты нарыққа арнап шығарылған «Жетілік» Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс өндірісіне енуге жасалған алғашқы қадам еді.
Бүкіләлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы сараптама мен сертификациядан өтуге міндетті. Мұндай қызмет түрін ұсынушы жүйе Қазақстанда да бар. Телекоммуникация құралдарын арнайы сараптаудан өткізетін «Телсет» орталығында шет елден келетін ұялы телефондар компаниялар мен фирмалардың өтініші бойынша, сынақтан өткізіліп, мемлекет бекіткен стандартқа сай саласы анықталады. Бұл іске асқан жобада тауар сапасы 30-ға жуық өлшемдер негізінде анықталады.
15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Бүгінде Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.
Яғни, қазақстандық экономиканың қарқынды өсуімен және іскерлік белсенділігінің артуымен қатар ұтқыр байланыстың көрсеткіштері де өсті. Нәтижесінде нарықтың молығу жайы күткеннен әлдеқайда бұрынырақ орын алып, ол операторларды ұялы байланыс қызметтерін белсенді әртараптандыру қажеттілігі жағдайына әкелді. 15 миллионнан асатын халқы бар Қазақстанда ұтқыр байланысты қолданушылардың саны бүгінгі күні 13 миллион абонентті құрайды.
АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылмақ.
АҚШ осы жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ. Ол негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем елдеріне арнап жасалып отыр. Жаңа құрылғыға деген сұраныс әсіресе негізгі көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады.
АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдай кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.
Әлемдік IT-саланы зерттеуші маркетологтар ұялы телефондар жайлы қызықты ақпараттар таратты. 2005 жыл бойы әлемде ұялы телефондардан жіберілген сәлемдемелер триллионнан асқан. Швеция ұялы телефонға аллергияның болуын ресми түрде мойындаған мемлекет. Егер адамның бойынан осындай сырқат анықталатын болса, швед үкіметінен өтемақы ретінде 250 000 доллар талап етуге құқы бар.
Ұялы байланыстың адам денсаулығына әсерін зерттеуші ғалымдар байланыс орнатудың алғашқы 3-4 секундында сөйлеспей қоя тұруға кеңес береді. Себебі бұл сәтте электромагниттік толқындардың әсері өте көп болады. Адам денсаулығына телефонның жағымсыз әсерін азайтудың тағы бір жолы - құлақбау тәрізді құрылғыларды пайдалану.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Әрбір аймақта орналасатын базалық станциялар сіздің үздіксіз байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. Сіздің өзге абоненттермен сөйлесуіңіз, сәлемдеме жіберуіңіз, IK-порт немесе Bluetooth жүйесінде мәлімет қабылдауыңыз немесе күту режиміндегі телефон электромагниттік толқындардың өрісімен қатар жүріп отырады. Біздің барлық сөйлесуіміз толқынжима тудыратын тербелістің төңірегінде жүреді. Қазіргі толқындар аса күшті болады. Олардың сәулесі адам денесіне еніп, оны қыздырады. Осыдан толқындардың адам ағзасының тіндеріне әсері пайда болады. Электроманиттік сәулеленудің қуатының шамамен 20 пайызы адам миына жетеді. Бірақ ұялы телефондардан шығатын жиіліктер аса қауіпті деңгейде емес.
Адам ағзасы белгілі бір тербеліс жиілігіне ие. Организмнің әр бөлігі әр түрлі жиілікке ие. Сырттан келетін кез-келген жиілік ағза үшін бөгде саналады. Ұялы телефондардан шығатын жиіліктер аса қауіпті саналмайды, бірақ телефондарды бас, ми, жүрек тәрізді үздіксіз жұмыс жасайтын ағзалар маңында ұстамау керек.
Қазір әлем елдерінде ұялы телефондардың зиянына байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Солардың қатарында, Қазақстандағы бірегей Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми зерттеу институты да бар.
«Адам және жануарлар физиологиясы институтында ағзаның функционалдық қызметін анықтайтын құрылғы көмегімен Адамның жүрек қағысы зерттеліп, ол толқын түрінде компьютерге беріледі. Бұл жаңаша әдістің көмегімен адам ағзасындағы реттіліктің бұзылуы мен оны реттеу жолдары анықталады. Ағзаны зерттеудің жаңаша жобасының басты артықшылығы - қызметінде ақауы бар органды ешбір дәрі-дәрмексіз темперетуралық өзгеріс арқылы қалыпқа келтіру жолы анықталады. Адамның белгілі бір тербеліс жиілігінде өмір сүретінін ескерсек, оған сырттан әр түрлі жиіліктегі мәселен, ұялы телефондардан келетін тербелістер әсер етуі мүмкін, алайда ол толқындардың Адам денсаулығы үшін әсері елеулі емес, » - дейді ғалымдар. [1]
Өте көп тербелістерді Күн сәулесі, ғарыштан келетін сәулелер, телестансалар, толқын жималар мен телефондар тудырады. Бірақ ұялы телефонның өзі жеке тұрғанда, оның тербелісі өте төмен қуатқа ие. Сол себепті ұялы телефондар адам денсаулығына өте күшті әсер етпейді.
ОВВ және Mobilkom Austia жүргізетін пилотты жоба Telekom Austria Group телефон операторы ұялы байланысының бөлімшесі қазір 100 жолаушы және 100 кондуктордың қатысуымен Вена - Кремс және Вена - Гмюнд маршруттарында тест жүргізілді. Барлық қатысушыларға NFC чипімен қоса Nokia 6112 үлгісінделі ұялы телефон таратылды. Жыл соңында Nokia компаниясы билеттерді телефонға тиесілі чипте емес, оны бір телефоннан екінші телефонға салу үшін жеке SMS картада сақтауды ойластырды. Mobilkom Austia және Nokia компанияларының ұзақ мерзімді перспективаларында Австрия, сонымен қатар шет елдерге жол жүру үшін түрлі көлік компанияларының билеттерін ұсынуда және пайдалану кезінде NFC технологиясын қолдануға белбайлады.
Mobilkom Austiaның айтуынша Nokia NFC чипі бар ұялы телефонын өндуші әлемдегі алғашқы және жалғыз компания болып табылады. Nokia 6112 Classic Mobil Austia дүкендеріне ақпан айынан бастап түсуі керек. Дегенмен, әзірше бұл телефондар NFC чиптермен жабдықталмайды. Бүгінгі күнде Mobil Austia абоненттері қоғамдық көліктерге SMS арқылы тапсырыс бере алады.
Mobil Research Group компаниясының жетекші сарапшысы Эльдар Мұртизин "Австриядан сатып алынатын жоба сәннен асып түспейді, алайда индустрияның дамуының көрсеткіші болады" деп санайды. Ол, келешекте көптеген телефондар, оның ішінде орта деңгейдегі ұялы телефондар да NFC чиптермен жабдықталады, бұл тек жол жүруді ғана емес басқа да қызмет көрсетулерді атқарып өте ығайлы қылдыра түседі. Әдеттегі ұялы телефондар қолданыстан шықпайды, NFC апараттары ұялы байланыстың әлемдік нарығында 10 - 15% құрайды - деп ұйғарады. NFC чиптерінің SIM картаға енгізуінің таралу перспективаларын болжау қиын, бірақ мүмкін шамамен 5-8 жылдан кейін болар деп сарапшы болжайды.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады: жай ұялы телефон, смартфон, ұялы бейнетелефон. Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т. б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу, қабылдау, қысқа хабарлама хат, соңғы кездері фото, бейнекамера, саз, флеш-жады, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Смартфон (ағылшынша-білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді.
Мұнымен қатар сіз смартфонға өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т. с. с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.
Отандық телекоммуникация нарығының жай-күйі қазіргі сәтте «әбден молыққан» деп сипатталады. Алайда, мұндай анықтама әлі жақсы өсу қарқыны және құрамы бойынша нарықтың екі басты секторларының үстемдік ету жағдайын ескергенде қолданылады. Қазақстандық байланыс нарығының өзге ерекшелігі - игерілуі жергілікті телекоммуникацияны өзгертуі мүмкін басқа бағыттарды дамытудағы бастапқы деңгейі болып табылады.
Бұдан бес жыл бұрын байланыс қызметтерін көрсетуден түскен кірістердің жылдық орташа өсімі бойынша сала алғаш рет мұнай-газ секторының даму қарқынымен салыстырыла бастады, сарапшылар телефонизация тасқыны нәтижесінде байланыс нарығының экономикалық базасы барынша тез игеріледі және таяу жылдары өсу қарқыны төмендейді деп болжамдады. Сол кездің өзінде нарықтың өсуі орташа алғанда 28% құраса, 2007 жылы - 18% ($2, 6 млрдқа жуық) құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz