Мәміле түсінігі
КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.Мәміленің түсінігі, негізгі белгілері, түрлері мен нысандары
1.2.Жарамды мәмілелердің шарттары
1.3.Жарамсыз мәмілелер: түсінігі, түрлер, салдары мен негіздері.
Талап қою мерзімі мен талап қою мерзімінің ескіруі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мәмiле заң фактiлерiнiң бiрi болып табылады. Оның үстiне, азаматтық айналым саласында құқық қатынастарын үздiксiз тудырып, дамыта келе, мәмiлелер осындай айналымның серпiндi дамуын қамтамасыз етiп отырады. Мәмiлелер адамдардың күнделiктi өмiрiнде өте маңызды рөлге ие. Азаматтық қатынастағы айналымдағының барлығы мәмiле жасау арқылы жүредi. Сондағы жеке тұлғалар күнделiктi мәмiле жасауда тауар сатып, қызмет көрсету жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, кәсiпкерлiк қызмет аясында, саудада, делдалдық, банктiк, биржалық операциялар болмасын барлығы мәмiленiң нысанынсыз жүрмейдi. Қандай да болмасын мәмiле тараптарға белгiлi бiр мiндеттердi жүктейдi, айталық өнiм өндiру, бiр-бiрiн шикiзат көздерiмен, керектi материалдармен, құрал-жабдықтармен қамтуды, капиталдық құрылыс пен ғылыми-зерттеу, жобалық және құрастырушылық жұмыстарды орындауды және т.б. Осылайша, азаматтық айналымдағы тараптардың мiндеттермен алмасуы негізінде жасалған мәмiлелер негiзi құқықтық нысан болып табылады. Сол себептi, мәмiлелердiң жарамдылығына заң бойынша талап қою аса зор ықпалға ие. Мәмiле – азаматтық құқықтар мен мiндеттерiн орнату, өзгерту немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.1(Қазіргі Азаматтық Кодексiміздегі мәмiлерге қатысты тарауында, мәмілелердің мазмұнына, түрi мен нысанына жәнеде мәмiлелердiң жарамсыз болып қалуына да байланысты қаралған. Жаңа шаруашылық жағдайларда мәмiлелердiң жарамсыз болу салдарының белгiсiз құрамдары кенiнен орын алуда. Бұған себеп меншiк нысанының жаңаруы, жер қатынастары бойынша жекешелендiру мәселелерiнiң кең өрiс алуы болып табылады. Мәмiленi жарамсыз деп танудағы ең маңызды проблема дәлелдеу болып табылады. «Сырын білмегеннің сыртынан жүрме» деген халықтың даналығы осындай кездерде ойға көп оралады. Азаматтар жаңа заман заңдарын жетiк түсiне бермейдi, соның салдарынан көптеген келенсiз мәселелер туындауда. Сондағы қазiргi заң оқулықтарындағы маңызды сұрау болып, “жарамсыз мәмiлелердi мәмiле деп тануға бола ма?” деген сұрақ көп азаматтарды аландатуда. Қазiр барлығы жаңарып, өзгерiп, даму үстiнде. Сол себепті заман талабына сай заңдарда өзгертiлiп, толықтырылып, жаңалануда. Халыққа осындай келенсіз жағдайда құқықтық көмекті ұйымдастыру және заңгерлік көмек көрсету комитетінің жұмысында адвокаттық қызметті ұйымдастыру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына заң көмегін көрсету маңызды аспекті болып табылады. Осы секiлдi сұрақтарды мен өз жұмысымда барынша толық айқындап қарастырсам деймін. Менің бұл тақырыпты таңдағандағы басты мақсатым – біз қол жеткен табыстарға тоқмейілсімей, шындықтың бетіне тура қарап, қоғамымызда орын алған кемшіліктерге қарсы пәрменді күрес жүргізіп, еліміздің дамыған елу елдің қатарынан көрінуге заңдық негіздер қалауды жүзеге асыруға өз үлесімді қоссам деймін.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы «Жеті жарғы», 2007 ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –2030.- Алматы: Білім, 1998 ж.
3.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жалпы және ерекше бөлім, Алматы «Юрист», 2005 ж.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Алматы «Жеті Жарғы», 2000 ж.
6. Указ Президента Республики Казахстан от 25 декабря 1995 года №2727 «О государственнойф регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» с изменениями, внесениями в соответствии с Законами РК от 02.12.1997 г. №189-1; от 24.12.01 г. №276-ІІ; от 09.08.02 г. №346-ІІ; от 29.10.02 г. №348-ІІ
7. Азаматтық құқық 1-том, М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин, Алматы -2003

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.Мәміленің түсінігі, негізгі белгілері, түрлері мен нысандары
1.2.Жарамды мәмілелердің шарттары
1.3.Жарамсыз мәмілелер: түсінігі, түрлер, салдары мен негіздері.
Талап қою мерзімі мен талап қою мерзімінің ескіруі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КIРIСПЕ
Мәмiле заң фактiлерiнiң бiрi болып табылады. Оның үстiне, азаматтық
айналым саласында құқық қатынастарын үздiксiз тудырып, дамыта келе,
мәмiлелер осындай айналымның серпiндi дамуын қамтамасыз етiп отырады.
Мәмiлелер адамдардың күнделiктi өмiрiнде өте маңызды рөлге ие. Азаматтық
қатынастағы айналымдағының барлығы мәмiле жасау арқылы жүредi. Сондағы жеке
тұлғалар күнделiктi мәмiле жасауда тауар сатып, қызмет көрсету жұмыстарын
атқарады. Сонымен қатар, кәсiпкерлiк қызмет аясында, саудада, делдалдық,
банктiк, биржалық операциялар болмасын барлығы мәмiленiң нысанынсыз
жүрмейдi. Қандай да болмасын мәмiле тараптарға белгiлi бiр мiндеттердi
жүктейдi, айталық өнiм өндiру, бiр-бiрiн шикiзат көздерiмен, керектi
материалдармен, құрал-жабдықтармен қамтуды, капиталдық құрылыс пен ғылыми-
зерттеу, жобалық және құрастырушылық жұмыстарды орындауды және т.б.
Осылайша, азаматтық айналымдағы тараптардың мiндеттермен алмасуы негізінде
жасалған мәмiлелер негiзi құқықтық нысан болып табылады. Сол себептi,
мәмiлелердiң жарамдылығына заң бойынша талап қою аса зор ықпалға ие. Мәмiле
– азаматтық құқықтар мен мiндеттерiн орнату, өзгерту немесе тоқтатуға
бағытталған әрекет болып табылады.1(Қазіргі Азаматтық Кодексiміздегі
мәмiлерге қатысты тарауында, мәмілелердің мазмұнына, түрi мен нысанына
жәнеде мәмiлелердiң жарамсыз болып қалуына да байланысты қаралған. Жаңа
шаруашылық жағдайларда мәмiлелердiң жарамсыз болу салдарының белгiсiз
құрамдары кенiнен орын алуда. Бұған себеп меншiк нысанының жаңаруы, жер
қатынастары бойынша жекешелендiру мәселелерiнiң кең өрiс алуы болып
табылады. Мәмiленi жарамсыз деп танудағы ең маңызды проблема дәлелдеу болып
табылады. Сырын білмегеннің сыртынан жүрме деген халықтың даналығы
осындай кездерде ойға көп оралады. Азаматтар жаңа заман заңдарын жетiк
түсiне бермейдi, соның салдарынан көптеген келенсiз мәселелер туындауда.
Сондағы қазiргi заң оқулықтарындағы маңызды сұрау болып, “жарамсыз
мәмiлелердi мәмiле деп тануға бола ма?” деген сұрақ көп азаматтарды
аландатуда. Қазiр барлығы жаңарып, өзгерiп, даму үстiнде. Сол себепті
заман талабына сай заңдарда өзгертiлiп, толықтырылып, жаңалануда. Халыққа
осындай келенсіз жағдайда құқықтық көмекті ұйымдастыру және заңгерлік көмек
көрсету комитетінің жұмысында адвокаттық қызметті ұйымдастыру, халықтың
әлеуметтік қорғалмаған тобына заң көмегін көрсету маңызды аспекті болып
табылады. Осы секiлдi сұрақтарды мен өз жұмысымда барынша толық айқындап
қарастырсам деймін. Менің бұл тақырыпты таңдағандағы басты мақсатым – біз
қол жеткен табыстарға тоқмейілсімей, шындықтың бетіне тура қарап,
қоғамымызда орын алған кемшіліктерге қарсы пәрменді күрес жүргізіп,
еліміздің дамыған елу елдің қатарынан көрінуге заңдық негіздер қалауды
жүзеге асыруға өз үлесімді қоссам деймін.
1. Жалпы ережелер
1. Мәмiленiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi, түрлерi мен
нысандары
Жалпы кәсiпкерлiк қызмет – банктiк немесе биржалық операциялар болсада,
не басқа да мәселелер бойынша болса да мәмiле болып табылады.
Мәмiле – көп тараған заңи дерек.
Мәмiле дегенiмiздің өзі не?
ҚР АК-нiң 4 тарауын басшылыққа ала отырып, осы заңның 147 бабын
қарайтын болсақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
мiндеттерiн анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi
мәмiлелер деп танылады. Демек, субъектiлердiң мақсатты әрекеттерi мәмiлелер
деп танылады. Олардың тiкелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе
мiндеттердi белгiлеу, мұндай құқықтар мен мiндеттердi өзгерту, не, аяғында,
оларды тоқтату болып табылады.
Басқаша айтқанда, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған, бiрақ
заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң
пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын iс-қимылдар
мiнез-құлықтың өзге актiлерiне қарағанда мәмiленiң заңдық салдарына
мақсатты әсер етуiмен көзге түседi. Мысалы, азамат өзiнiң тұрғылықты
жерiнен науқас анасын көру үшiн басқа қалаға сапар шектi. Мұнда ол бiраз
болған соң бұрыңғы тұрғылықты жерiне оралмауға бекiндi. Анасына сапар
шеккенде азамат өзiнiң бұрыңғы тұрып келген мемлекеттiк пәтерiне заңды
құқығынан бас тарту ниетiнде болған жоқ. Бiрақ осындай жағдайды көздейтiн
заңның талабына қарай ол пәтерге құқығынан айрылады.
Сонымен, мәмiле дегенiмiз – бұл заңды, рұқсат етiлетiн, көп реттерде
заң қолдап отыратын iс-әрекет.
Мәмiлелерге мынандай төрт белгi тән:
1). Мәмiле – адамдардың ықтиярлы актiсi, яғни әрекетi. Мәмiленiң ырықты
сипаты оның тиiстi құқықтар мен мiндеттер жасауға, оларды өзгерту мен
тоқтатуға бағытталуымен айқындалады. Мәмiлелердi құқықтардан - әлгiндей
нысаналы бағыты жоқ әрекеттерден сондай белгiлерi бойынша ажырату қажет.
Бұл арада Азаматтық кодекстiң олжа және оған меншiктi болу тәртiбi
жөнiндегi ережелердi реттейтiн 245-бабын мысалға келтiруге болады. Жоғалған
затты табушының оны табуды мақсат етпесе де, оның белгiлi бiр құқықтары мен
мiндеттерi пайда болады.
2). Мәмiле – заңды әрекет, ол құқыққа қарсы (заңсыз), азаматтық
құқықтар мен мiндеттердi туғызатын әрекеттерден – деликтiлерден
(азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның мүлкiне зиян
келтiру) сонысы арқылы ерекшеленедi.
3). Мәмiле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына,
тоқтатылуына немесе өзгертiлуiне бағытталған. Мәмiле құқықтар мен
мiндеттердiң пайда болуына, өзгертiлуiне немесе тоқтатылуына бағытталуы
мүмкiн, алайда басқа құқық салалары реттейтiн өзге де ықтиярлы актiлерден
осы белгiлерi арқылы ажырату қажет. Мәселен, еңбек заңдарында
қызметкерлердiң еңбектегi құқықтары мен мiндеттерi олардың қызметке есептеу
туралы арыз беруi мен әкiмшiлiктiң оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы
шығарылған кезден бастап пайда болатыны көзделген. Мәмiлелердi әкiмшiлiк
актiлерден ажырата бiлу қажет, ал ондай актiлер де азаматтық құқықтар мен
мiндеттердiң туындауына негiз болмайды (Азаматтық кодекстiң 7-бабы), бiрақ
оларға Азаматтық кодекстiң мәмiлелер туралы ережелерi қолданылмайды.
4). Мәмiле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткенi мәмiле жасау
нәтижесiнде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
Мәмiле белгiлерiн қарастыра келгенде, оның мәнi тараптардың еркi мен
ерiк бiлдiруiнен тұратынын атап өту қажет. Ерiк дегенiмiз адамның мәмiле
жасауға деген тiлегi, ниетi, яғни оның психикалық жай-күйi. Мұндай ниет,
тiлек iшкi ерiк деп аталады. Алайда адам ерiк бiлдiрмесе, оның мәмiле
жасауға деген ниетi белгiсiз болып қала бередi. Ерiктi бiлдiру (көрсету)
ерiк бiлдiру деп аталады. Ерiк: “мен ненi қалаймын?” деген, ал ерiк
бiлдiру: “бұл үшiн мен не iстеймiн?” деген сұраққа жауап қайтарады.
Ерiк ауызша, жазбаша, ым жасау арқылы және, ақырында, үндемеу
(әрекетсiздiк) арқылы бiлдiруi мүмкiн. Мәмiленi ауызша жасасу оны өзара
ерiк бiлдiруге қатысушылардың тiкелей қабылдауын бiлдiредi. Телефон арқылы
жасалған мәмiле ауызша жасалған деп танылады.
Егер мәмiлеге қатысушылар ерiк бiлдiрген құжат жасаса, ерiк жазбаша
бiлдiрiлген болады. Азаматтық кодекстiң 152-бабында, егер заңдарда немесе
тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, хат алысу, телеграммалар,
телефонограммалар, телетайпограммалар, факстер немесе субъектiлердi және
олардың бiлдiрген еркiнiң мазмұнын анықтайтын өзге де құжаттар алысу
мәмiленiң жазбаша түрде жасалуына теңестiрiледi деген ереже белгiленген.
Конклюденттiк әрекеттер (латынша concludere – қорытынды жасау) немесе
жанамалық ерiк адамның мәмiле жасау ниетiн аңғартатын мiнез-құлық.
Азаматтық кодексте конклюденттiк әрекеттерге 151-баптың 2-тармағы арналған:
адамның мәмiле жасасу еркi көрiнетiн жағдайда да мәмiле жасалған болып
саналады. Мысалы, автоматтар арқылы сусындар сатып алу, валюта айырбастау,
әртүрлi ойындар ойнаудың өзi мәмiле жасауға ниетi бар дегендi бiлдiредi.
Үндемеу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда
мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады (Азаматтық кодекстiң 151-бабының 4-
тармағы). Бiрақ ол үшiн заңдарда үндемеу “ия” немесе “жоқ” дегендi
бiлдiредi деген анықтама болуы керек. Мысалға, мұраға ие болу құқығы
бойынша мұрагерлердiң заң бойынша алты айлық мерзiмдi өткiзiп алуы, мұрадан
бас тарту деп есептеледi.
Мәмiлелерде мақсат пен дәлелдi де көрсету қажет. Мәмiлеге
қатысушылардың еркi бағытталған құқықтық нәтиже мәмiленiң мақсаты деп
түсiнiледi, ал дәлел болса адамды мәмiле жасауға ынталадыратын себеп болып
танылады. Дәлелдiң қателiгi мәмiленiң жарамдылығына ықпал ете алмайды.
Мысалы, азамат автокөлiк алуға үмiттенiп, гараж салады, ал оған ордер
беруден бас тартады. Орындалмаған дәлел (автокөлiк берiлген жоқ) мәмiленiң
жарамдылығына (гараж салу) ықпал ете алмайды. Гаражға меншiк құқығы (сатып
алу-сату шартының мақсаты сол) сатып алушыға ауысады. Дәлелдi есепке алу
азаматтық айналымның тұрақтылығын бұзар едi. Алайда, тараптар кейде өз
келiсiмiмен дәлелге құқықтық мән де бере алады. Мұндай жағдайда тараптар
уағдаласқан дәлел мәмiленiң талабына айналады, ал мәмiленiң өзi сол
талаппен жасалған болады.
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мәмiленiң
жекеленген түрлерiн реттейдi және оларды топтау әртүрлi белгiлер бойынша
жүргiзiледi. Белгiлер қатарына: мәмiлеге қатысатын тараптар санын, ол
жасалған деп саналатын уақыт сәтiн, қайтарымдылығын және басқаларды
жатқызады.
Мәмiле ерiк бiлдiру әрекетi деген мағананы бiлдiредi. Мәмiлелердiң
заңдылығы дегенiмiз мәмiлеге түсетiн тараптардың көңiлiнен шығатын жәнеде
осы мәмiлелерге қатысты заңдарда көрсетiлген заңи фактiлiк сапасы десек
болады. Сондықтан заң талаптарын сай жасалған қандай болмасын мәмiле –
жарамды, яғни нақты тараптардың мәмiледен күткен нәтижелi заңи фактi.
Жалпы соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкiмшiлiк, қаржы,
шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастар мен басқа да құқықтық
қатынастардан, оның iшiнде бiр тараптың екiншi тарапты билiкпен
бағындыруына негiзделген қатынастардан туындайтын даулар жөнiндегi талап
қоюды қарайды. “Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық және заңмен
белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады” деп ҚР-ның
Конституциясының 75 бабының 2 тармағында көрсетiлген.
Негiзi азаматтық құқықтық нормалардың көпшiлiгi диспозитивтiк сипатта
болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы
ережелер де белгiлi. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық
қатынастарына қатысушылардың мiндеттерiн де айқындайды. Мысалға,
тараптардың шарттан бiр жақты бас тартуын немесе оның ережелерiн бiр жақты
өзгерту (ҚР-ның Азаматтық кодексiнiң 401-бабы).
Әрбiр азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берiлген және мiндеттi
тараптар болып екiге бөлiнедi. Екi тараптың екеуiнде де бiр тұлға немесе
бiрнеше тұлға болуы мүмкiн, мысалы, бiрлесiп зиян келтiрген тұлғалар бұл
зиянды зардап шегушiге бірге өтеуге тиiс.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бiр мезгiлде
құқық берiлген және мiндеттi тарап болуы сирек кездеспейдi. Мысалы, сатып
алу-сату шарты бойынша сатушы мүлiктi сатып алушының меншiгiне беруге
мiндеттi және одан белгiлi бiр ақша сомасын төлеудi талап етуге құқылы. Ал
сатып алушы бұл соманы төлеуге мiндеттi ғана емес, сонымен қатар мүлiктi
өзiнiң меншiгiне берудi талап етеуге де құқылы.
Заң (АК-ның 148 бабы) мәмiлелердiң екi түрiн ажыратады: бiр жақты
мәмiлелер және шарттар. Бiр жақты мәмiле бiр таратың еркiн бiлдiредi және
оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына
қарамастан қолданыла бередi. Мысалы, азаматтың өзiне тиесiлi әлде бiр
құқығынан бас тартуы, берiлген сенiмхаттың өсиетiн тоқтатуы және т.б. бiр
жақты мәмiле болады. Бiр жақты мәмiле, әдетте (бiр өзi немесе басқа заң
фактiлерiмен бiрге), бұл жөнiнде өздерiне хабарланғанға дейiн мұндай
құқықтар туралы тiптi бiлмейтiн басқа адамдардың құқығын туғызады. Мысалы,
өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейiн оның қалдырған өсиетi мұрагерлердiң
құқықтарын туғызады. Бiрақ мұндай мәмiле үшiншi жаққа берiлетiн құқықтардан
туындайтын мiндеттемелерден басқа мiндеттердi жүктей алмайды (мысалы,
өсиеттiк бас тарту – АК-ның 1057-бабы).
Бiрқатар жағдайларда бiр жақты мәмiле жай мiндеттеменi туғызады, мұнда
мәмiле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәмiле жасаған адам
– несие берушi болады. Мысалға, жай вексельдi беру.
Бұнда мүлiкке меншiк құқығынан бас тартуды (Азаматтық кодекстiң 250-
бабы), сенiмхат берудi (167-бап), тараптардың келiсiмiнде бас тартуға жол
берiлген жағдайда тараптардың шартты толық немесе iшiнара орындаудан бiр
жақты бас тартуын (401-баптың 3-тармағы), аукцион немесе конкурс түрiнде
сауда-саттық жариялауды, вексель жасауды, чек берудi және басқаларын
жатқызған жөн.
Азаматтық кодекстiң 149-бабында бiр жақты мәмiленiң мәмiле жасаған
адамға мiндет жүктейтiнi туралы ережелер белгiленген. Ол басқа адамдарға
заң құжаттарында белгiленген жағдайда ғана мiндет жүктеуi мүмкiн. Мысалы,
алдағы аукцион немесе конкурс туралы жарияланымнан ұйымдастырушының белгiлi
бiр мiндетi туындайды. Бұл кезде аукцион немесе конкурс ашық болса, бұл
мiндет үн қосқан кез келген адамға қатысты болады, ал олар жабық болса,
шақырылғандар арасындағы кез келген адамға қатысты болады. Бұл мiндеттердiң
бiрi конкурстың жарияланған талаптарын орындау болып табылады (олардан
заңда белгiленген тәртiппен ғана бас тартылуы мүмкiн).
Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер мен шарттар туралы жалпы
ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне
қайшы келмейдi (Азаматтық кодекстiң 149-бабының 2-тармағы).
Мәмiлелердiң ең көп тараған түрi – шарт. Шарттар тек екi немесе бiрнеше
тарап арасында ғана емес, бiржақты ғана болуы да мүмкiн, яғни бiо ғана
адамның еркiнен құралады. Мысалға, мұрагерлiк. Мәмiле заңи факт, яғни
әрекет.
Жасалуы үшiн екi немесе одан да көп адамдардың еркiн үйлестiру талап
етiлетiн мәмiлелер екi немесе көп жақты мәмiлелер болып табылады. Мұндай
мәмiлелер шарт деп аталады (Азаматтық кодекстiң 148-бабының 3-тармағы). Екi
жақты мәмiледе екi тарап ерiк бiлдiредi, олардың әрқайсысынан бiр немесе
бiрнеше субъект өкiл болуы мүмкiн. Екi жақты мәмiледегi тараптардың санын
оған қатысушылардың санымен шатыстырмаған жөн. Мысалға, сатып алу-сату
мәмiлесiн жасасуға бiрнеше сатып алушы, бiрнеше сатушы немесе бiр мезгiлде
бiрнеше сатушы мен сатып алушы қатысқанына қарамастан, ол екi жақты мәмiле
болып қала бередi.
Көп жақты мәмiледе оның әрбiр қатысушысы дербес тарап болып табылады
және жеке ерiк бiлдiредi. Бiрлескен қызмет туралы шарт көпжақты мәмiлеге
мысал бола алады. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты)
бойынша тараптар жалпы шаруашылық мақсатқа жету үшiн бiрлесiп iс-қимыл
жасауға мiндеттенедi (Азаматтық кодекстiң 228-бабы). Бiрлескен қызмет
туралы шарт заңды тұлғалар арасында жасалатын жағдайда консорциум құрылады.
Консорциумға қатысушылар арасындағы қатынастар шарттық негiзде жасалады
(Азаматтық кодекстiң 233-бабы).
Азаматтық кодекстiң 384-бабын қарар болсақ, тараптар өз мiндеттерiн
орындағаны үшiн ақы немесе өтеуiне өзге де нәрсе алуға тиiс болатын шарт
ақылы шарт болып табылады дейді. Ақылы шарттар азаматтық құқық үшiн жалпы
ереже болып есептеледi. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы немесе өтеуiне
өзге де нәрсе алмай беруге мiндеттенетiн шарт ақысыз шарт деп танылады.
Ақысыз шарттың мысалына, мүлiктi тегiн пайдалану шартын келтiруге болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (384-баптың 3-тармағы),
Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiнде (423-баптың 3-тармағы) және
Қырғыз Республикасының Азаматтық кодексiнде (384-баптың 3-тармағы):
заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шартта ақы
төлеу көзделетiн болып тұжырымдалған азаматтық-құқықтық шарттың ақылық
презумпциясы негiзге алынады делінген.
Бұл презумпцияның практикалық маңызы зор боп келедi, себебi азаматтық-
құқықтық шарттардың басым көпшiлiгi ақылы шарттар болып келедi (сатып алу-
сату, жалдау, мердiгерлiк, тасымалдау, сақтау шарттары мен басқа да
көптеген шарттар). Қазiр тараптар шартқа тауар алған, жұмыс орындалған,
қызмет көрсетiлген тараптың оларға ақы төлеуiн көздейтiн ереженi еңгiзудi
ұмыттырғанның өзiнде де олардың арасында дау туған жағдайда сот алынған
тауар, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшiн ақы төленуге тиiс екенiн
негiзге алуы керек. Төленетiн ақының мөлшерiне келетiн болсақ, ол
салыстырмалы жағдайларда тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшiн алынатын
баға негiзге алына отырып белгiленуге тиiс.
Сонымен қатар, нақты (латынша res – зат) және консенсуалдық (латынша
consensus - келiсiм) мәмiлелердi ажырата бiлу керек. Бұл аталған екi түрге
бөлудiң айқындаушы белгiсi тиiстi мәмiле жасалды деп саналатын уақыт болып
табылады. Консенсуалдық мәмiленiң пайда болуы үшiн мәмiле жасау туралы
келiсiмге қол жеткiзу жеткiлiктi. Консенсуалдық мәмiлеге мысал ретiнде
сатып алу-сату шартын атауға болады. Бұл мәмiленiң пайда болуы үшiн
сатушының иелiктен алынатын мүлiктi беруi және сатып алушының ақша төлеуi
талап етiлмейдi. Тараптар шарт бойынша бұл әрекеттердi шартты орындау
тәртiбiмен жасайды.
Консенсуалдық мәмiлелерден нақты мәмілелердің айырмашылығы, нақты
мәмiлелер зат қатысушылардың бiреуiне берiлген жағдайда ғана жасалады.
Нақты мәмiлелерге жүк тасымалдау шартын жатқызса болады. Бұл мәмiле жасалды
деп есептеу үшiн жүк жөнелтушiнiң жүктi тасымалдаушыға беруiнің өзі
жеткiлiктi.
Мәмiленiң келесiсi түрі – каузалдық (латынша causa - себеп) және
абстрактiлi мәмiлелер. Бұл екi түрге бөлудiң топтау белгiсi мәмiленi оның
жарамдылығы үшiн негiзделу маңызды болып табылады. Каузалдық мәмiленiң
тағдыры ол жасалғандағы негiздемеге түгелдей байланысты болады.
Негiздеменiң болмауы жасалып қойылған бiр жақты мәмiленi заңды күшiнен
айырады. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауарға алдын ала ақы төлеп,
бiрақ сатушы тауарды жеткiзiп бермедi делiк. Онда сатушының сатып алушыдан
алған ақшаға құқығы жойылады.
Егер мәмiленiң өзiнде оны жасаған адамның шын еркi бiлдiрiлмесе,
абстрактiлi мәмiленiң заңды күшi оның негiздемесiне байланысты болмайды.
Мысалы, сатушыға тауар құнының сомасына вексель берiп, алынған тауар үшiн
сатушы есеп айырысты делiк. Егер кейiннен тауардың сапасыз болып шыққаны
анықталса, вексельдi қайтаруды талап ету мүмкiн емес, керiсiнше, вексель
бойынша құқық вексель ұстаушы үшiн де, вексель берiлетiн барлық кейiнгi
ұстаушылар үшiн де, оны төлеуге мiндеттi адам үшiн де күшiн сақтап қалады.
2. Жарамды мәмiлелердiң шарттары
Мәміле сөзінің түсінігі 4 элементті қамтиды. Ол біріншіден, мәмілеге
қатысушы тұлғалар. Екіншіден, субъективтік жағы, яғни ерік және ерік
білдіруі. Үшіншіден – нысаны және төртінші – мәміле мазмұны. Осы төрт
элементтің біреуі кем болса мәміле жарамсыз болады.
Сол себепті мәмілелердің жарамдылығының негізгі шарттары болып:
1) Міндетті түрде мәмілені әрекетке қабілетті тұлғаның жасасуы тиіс.
2) Мәміле жасасқан тұлғаның ерік білдіруі, оның шынайы еркіне сай
болуы керек.
3) Мәміленің нысаны заң талаптарының нысанына сәйкес болу керек.
4) Мәміленің мазмұны заңға қайшы болмауға тиіс, яғни бұл жерде мәміленің
мазмұнының заңды болуы айтылып отыр.
Мәміле жасасу кезінде азаматтық құқықта субъекті болып, әрекет
қабілеттілігі бар тұлға танылады. Өз бетімен мәміле жасасудың өзі азаматтық
құқық қабілеттіліктің элементі болып табылады. Әдеби кітаптарда азаматтық
құқық қабілеттіліктің екі құрамы айтылған, ол мәміле жасасу қабілеттілігі
мен деликт қабілеттілігі туралы талай рет айтылған. Бірақ бұлардың
әрқайсысының жеке ұғымы болмағандықтан, оларды бөлудінде қажеті
туындамайды. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі оның қызметінен көрініс
табады. Яғни заңды тұлғаның ұйымдастырушы құжаттарымен және заңды тұлға
атынан мәміле жасасу құқығы берілген құзіреті арқылы айқындалады. Заңды
тұлға атынан тек қана арнайы рұқсат қағазы арқылы мәміле жасасуға болады,
яғни міндетті түрде лицензиясы болу керек.
Мәміленің жарамды болуында ерік пен ерік білдірудің бір болуы маңызды.
Мәмілелердің жарамдылығында ең басты болып, мәмілелер мен оның элементтерін
теріске шығарар факторлар (алдау немесе жаңылысу), немесе жоқ ерікті
өтіріктен білдіру (қорқыту немесе зорлық), сонымен қатар бұл жерде ерік
пен ерік білдіру сәйкес болсада, субъектінің еркінің шын ниетін
білдірмейді, мұнда тек ерік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz