Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы
профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы
Жұмысты орындаған
4 курс студенті Букенбаева Б. Е.
Ғылыми жетекшісі
г. ғ. профессоры Құсайнов С. А.
Норма бақылаушы
г. ғ. к, доцент Көшім А. Ғ.
«Қорғауға жіберілді»
«» 2010 ж
Кафедра меңгерушісі
г. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбай Н.
Алматы 2010
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы атақты ғалым, геоморфологияның жаңа қазақ бағытын құрған, география ғылымдарының докторы, геология-минералогиялық ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевқа арналған.
Сонымен қатар бітіру жұмысында ғалымның еңбектері қарастырылған.
Бітіру жұмысының мақсаты: Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың Қазақстанның жалпы және аймақтық географиялық және геоморфологиялық мәселелеріне қосқан үлесін қарастыру.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың географиялық зерттеу нәтижелерін талдау
- Геоморфологиялық зерттеу нәтижелерін талдау және оқу жүйесіне қолдану
- Педагогикалық және қоғамдық еңбектерін қарастырып, оның ғылыми мұрасын жалғастыру
Ақпараттар көздері: Басылымдардағы әдебиеттер көздері, қор материалдары;
Ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың көлемі: Бітіру жұмысы 35 беттен тұрады және 15 әдебиеттер тізімі кіреді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың ғылыми педагогикалық іс-әрекеті . . . 4
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өміріне қысқаша шолу . . . 5-6
1. 2. Қазақстан география ғылымының дамуына қосқан үлесі . . . 8
1. 2. 1. Географиялық зерттеулер . . . 8-10
1. 2. 2. Геоморфологиялық зерттеулер . . . 11-15
1. 2. 3. Педагогикалық және қоғамдық еңбектері . . . 16
ІІ. Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың негізгі еңбектеріне қысқаша шолу
2. 1. «Іле Алатауының геморфологиясы және өзен аңғарларының пайда болу проблемасы» еңбегі туралы қысқаша шолу . . . 17-22
2. 2. Өзен аңғарларының геоморфологиясы . . .
ІІІ. Профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаев туралы ізгі сөздер
- Н. Б. Ахматулина: «Мұқатай Жандайұлы - менің жан досым және ұстазым» . . . 23-27
- С. А. Құсайынов: «Ұстазым, профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаев туралы ізгі сөз» . . . 28-30
- С. А. Құсайынов: Бедерді зерттеудің әдістемелік ұстанымдары (М. Ж. Жандаевтың көзқарасы бойынша) . . . 31-33
- Л. К. Веселова: «М. Ж. Жандаевтың Қазақстандағы география ғылымының дамуындағы рөлі» . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жақсының аты өлмейді,
ғалымның хаты өлмейді
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, 1953 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін (1998ж) Қазақ Ұлттық Университетінде қызмет еткен профессор, география ғылымының докторы және геология-минералогия ғылымының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқатай Жандайұлы Жандаев өзінің өмірлік жолында (1916-1998) еңбек жолының түрлі бағыттарын басып өтті.
Мұқатай Жандайұлы Жандаев өзінің бойына география және гелогия ғылымдарын терең сіңірген ғалым. Бұл ол кісінің басқалардан ерекшеленіп тұратын, терең мәселелерді зерттегенде айрықша көрініп тұратын ғылыми жұмыстарынан аңғаруға болады. Жалпы, Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың ғылыми еңбектері физикалық география, төрттік кезең геологиясы, геоморфология, экология және табиғатты қорғаудың барлық бағыттарын түгелге жуық қамтыды.
50 жылдың ішінде Мұқатай Жандайұлы Жандаев өзінің жемісті және жан-жақты зерттеулерімен Қазақстанның жалпы және аймақтық геоморфологиялық мәселелерінің дамуына үлкен үлесін қосқан.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда, Бетпақдалада және Оңтүстік Балхаш аймақтарда, Солтүстік Тянь-Шань тау жүйесінде жүргізілген көптеген далалық экспедициялардың материалдарында Мұқатай Жандайұлы Жандаев география және геоморфологиядан аймақтық проблемаларды зерттеп, оларға ғылыми тұрғыдан баға берген.
І. Негізгі бөлім
- Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өміріне қысқаша шолу
Жандаев Мұқатай Жандайұлы география ғылымының докторы, профессор (01. 02. 1916 - 28. 06. 1998 ж. ж) .
Белгілі геолог, геоморфолог, география ғылымының докторы, профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаев 1916 жылы 1 ақпанда Көкшетау облысы Рузаев ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Петропавл зооветеринарлық техникумын бітірген соң әскерге аттанады. Әскери қызметте жүріп Унта авиациялық қызметі мен Резандағы 1-ші ұшқыштар мен алыстан әрекет ететін авиация штурмандарының жоғары мектебін бітірді. 1943 жылдан 1945 жылдар арасында Ұлы Отан Соғысында алыстан әрекет етуші бомбалаушы самолетте әуе радист-атқышы ретінде ұшты. Бір жылға жуық уақыт Запольяреде ұшып, бірнеше рет түнгі әуе майданына қатысқан.
Соғыстан кейін 1945 жылы Мұқатай Жандайұлы Жандаев Воронеж педагогикалық институтын оқып бітірген соң, ҚазКСРО ғылым академиясының Қ. И. Сатпаев атындағы геология ғылымдары Институтының аспирантурасына түседі. Геоморфология бойынша Солтүстік Тянь-Шань тауларында дала экспедициялық зерттеулер жүргізген, сонымен бірге бір жыл тау-металургиялық институтында оқыды. 1952 жылы Мұқатай Жандайұлы Жандаев «Іле Алатауының шығыс сілемдерінің геоморфологиясы» тақырыбында геология-минералогиялық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің диссертациясын қорғап шықты. 1952-1953 жылдары ол Бетпақдала мен Солтүстік Қазақстанның қалайысын (касситериін) іздеу жұмыстарымен шұғылданды.
Мұқатай Жандайұлы Жандаев 1953 жылы М. С. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне қызметке орналасты. 1960 жылы География факультетінің декан қызметіне тағайындалды. Осы кезеңдерде ол метеорология және гидрология бөлімдерін, кейінірек геоморфология мамандықтарын ашты. 1962 жылдан бастап физикалық география, кейін геоморфология кафедраларына жетекшілік етті. 1966 жылы М. Ж. Жандаев география, метеорология және гидрология бойынша Қазақстандағы бірінші Диссертация Қорғау Кеңесін ұйымдастырып, оған 12 жыл бойы төрағалық етті.
Мұқатай Жандайұлы Жандаев педагог ретінде жалпы геоморфология, Қазақстан географиясы, геология, далалық геоморфологиялық зерттеулер әдістері, өзен аңғарларының геоморфологиясы, инженерлік геоморфология курстары бойынша өте жоғары деңгейде дәрістер оқып, қызметкерлер мен студенттер арасында жоғарғы беделге ие болды.
1970 жылы Қазақстанда бірінші болып, география ғылымы бойынша «Іле Алатауының геоморфологиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. М. Ж. Жандаев геоморфология, неотектоника, өзен аңғарлары, жарлар эрозиясы мен арнайы карталар бойынша ТМД-ның белгілі ғалымы.
Мұқатай Жандайұлы Жандаев 160 ғылыми жұмыстар, оның ішінде 5 монография жазылған.
Қазақстанда бірінші болып жаңа құрал ойлап тапты, «Жандаевтың географиялық ашылу құралы» мен «Географтың Ж-94 бұрыш өлшегіші» құралдарына патент алды.
М. Ж. Жандаевпен бірге 4 пайдалы қазбалар кені табылды:
1) Қорғасын - Шымдыбұлақ, Шелек ауданында
2) Темір-марганец - Солтүстік Бетпақдаладағы Қосағалыда
3) Касситеритті (қалайы) - Солтүстік Бетпақдалада
4) Мыс - Қарқаралы ауданында
Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың көптеген ғылыми еңбектері іске асырылған:
- Алғаш Шелек-Алматы каналының сызбанұсқасы түзіліп, осы каналдар жобасын түзгенде С. Я. Жук атындағы жобалау институты пайдаланған
- Шелек ауданының таулы жолдарын салуда
- Шелек ауданындағы М. Ж. Жандаев ашқан қорғасын кенін және Солтүстік Бетпақдаладағы темір-марганецті кенін барлауда
- Солтүстік Тянь-Шанның мемлекеттік картасын жасауда. Бартоғай суқоймасы мен каналын құруда.
М. Ж. Жандаевтың ғылыми еңбектері мен «Географиялық өлшеу құралы» барлық уақытта түрлі дәрістер мен практикалық жұмыстарда пайдаланылып келеді. Ондаған ғылыми статиялары мен карталары Қазақ Совет Энциклопедиясын түзуде, академик К. К. Марковтың екі томдық «Төрттік кезең» монографиясы мен МГУ-дің ғалымы С. С. Вознесенскийдің және профессор Н. В. Башениннің редакциясымен шыққан Совет Одағының геоморфологиялық картасын сызуда пайдаланылған.
М. Ж. Жандаев жүргізген ғылыми зерттеулердің арқасында маңызды теориялық және практикалық мәні бар нәтижелер алынған. Ғылымда алғаш рет өзендердің шығу тегі мен өзен аңғарлары теориясының талдаулары жасалып, олар «Өзен аңғарлары» (Алматы, 1984ж), «Іле Алатауы геоморфологиясы» және «Өзен аңғарларының пайда болу проблемалары» (Алматы, 1972ж) монографияларында жазылған.
М. Ж. Жандаев өткен ғасырдың соңында жағалаулық эрозияны тереңдік, регрессивтік және жағалаулық деп үш түрге бөліп көрсеткен америкалық географ В. Дэвистің концепциясының дұрыс емес екендігін дәлелдеді.
М. Ж. Жандаев «Өзен аңғарлары геоморфологиясы» жаңа ғылыми оқу құралын жазып, жарлардың 4 түрін анықтады, Балқаш көлінің түзілуінің палеографиялық жағдайлары мен Арал теңізінің шығу тегін және Арал теңізінің палеографиялық картасын жасады.
Сонымен қатар, М. Ж. Жандаев жазушы, журналист ретінде де танымал болған. Көркем әдебиет тақырыбында 25 астам еңбегі жарияланған болса, оның ішінде «Әуе атқыш-радистінің жазбалары» (1983ж) және «Соғыс аспанында» (1991ж) деген екі кітабы бар. Ол кісінің стадиялары «Москва», «Простор», «Неман», тағы басқа журналдарда жарық көрген.
Мыңдаған географ, геолог және топырақтанушы шәкірттері бар. Олардың ішінде 6 ғылым докторы, 7 аспиранттың ғылыми жетекшісі, 3 доктордың консултанты болған.
1984 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді, ғылыми еңбектері үшін Прежевальский медалімен наградталып ССР-дің географиялық қоғамының Құрметті мүшесі болып сайланған. География ғылымының докторы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері М. Ж. Жандаевтың ғылымға және педагогикаға сіңірген зор еңбектері Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталып, атап өтілген.
1. 2. 1 Географиялық зерттеулер
Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың жалпы теориялық еңбектері география үшін практикалық мәселелермен тығыз байланыста болды. «Тек практикамен тығыз байланыста болған кезде ғана география өзінің дамуында кең құлаш жая алады». (1961)
Географияның негізгі мәселесі ол табиғи кешенді зерттеуде, табиғи ортаның даму заңдылықтарын оқып-үйренуде, табиғи-географиялық ресурстарды нақты пайдалану мен ашуда деп білді. Бұл зерттеулердің бәрі де табиғи байлықты дұрыс пайдалану үшін қажет деп тапты. Осылайша физикалық география географиялық ортаның қалыптасуы мен дамуына, табиғи ресурстарды анықтауда, ал экономикалық география берілген жағдайдағы шикізаттарды табуға бағытталады.
Ландшафттанумен байланысты звено; ландшафтық карта - барлық география негізі, онсыз география бүтін ғылым бола алмайды. Табиғат ерекшеліктерін оқуды ландшафт картасын жасаудан бастау керек. Сонда ғана табиғи-экономикалық ресурстарды есепке алуға және бағалау мүмкін болады. Соңғы кезеңі болып экономикалық зерттеулер есептелінеді, оның географиялық жұмыс нәтижесі - аймақ дамуының перспективалы экономика-географиялық картасын жасауға болады.
Табиғат пен ресурстарды игеру, барлық комплементтерді ескере отырып кешенді іс-шараны талап етеді. Кез-келген ірі халық шаруашылығы іс-шаралары (тыңайту, өзендерді аудару, СЭС құру, жаңа жерлерді игеру және т. б. ) алдын-ала географиялық кешенді негіздемелер алуы керек., яғни олардың ресурстарды пайдалану кезінде табиғатқа қандай әсері болатыны туралы болжамдарды білуі керек. ТТК-ді оқып-үйренудегі тәжірибелеріміз сандық функциональдық тәуелділікті, жалпы теориялық концепцияларды тексеруді өңдеуге көмектеседі.
Табиғатты қорғау кешенді географиялық проблема болып табылады. Оның пікірінше бұл проблемаға екі жақты қарауымыз керек. Табиғатты бірінші бұзып алып, соңынан оны қорғауға әрекет жасау ақылға қонымсыз, сол үшін әртүрлі шаруашылық жұмыстарын жүргізірден бұрын алдын-ала еліміздің табиғатына бүтін кешенді профилактикалық даланы іс-шаралар атқарылуы керек. Екінші жағынан жайылымға айналдырып даланы сақтауға, немесе орманды құртып барып орманды сақтауға болмайды сол үшін ландшафты кещенді бүтін күйінде қорғау, яғни жеке жануарларды, өсімдіктерді сол қалпында алып қалуды ойлау керек. Ал бұл таза географиялық проблема. Сонымен бірге ландшафтың жеке элементіне әсері, яғни табиғи жүйенің бұзылуына жол бермеуді ойлау керек.
Осы мәселелердің бәрі кең түрдегі географиялық зерттеулерді талап етеді, дегенмен келіспеуге болмайды. Әсіресе ол Қазақстанның кең аумағына аса қажет. Табиғи-ландшафтты кешенді жоспарлы түрде тәжірибелік кешенді оқып-үйрену және олардың ресурстарын білу мәселесі біздің республикамызда пісіп жетілді.
Осы мәселеге орай Мұқатай Жандайұлы Жандаев бірінші кезекте үш мәселені алға қойды:
1) Табиғи-аумақтық кешенді (ТТК-ТАК) оқып меңгеру және республика территориясы бойынша барлық ресурстарына ландшафттық карта жасау негізінде сандық көрсеткіштерді анықтау, олар ландшафт резервтерінің потенциалын анықтауға және ашуға көмектеседі.
2) ТТК-ТАК-ның потенциальдық мүмкіндіктерін көрсететін табиғи-аумақтық ресурстар картасын жасау.
3) Инженерлік-географиялық зерттеулер жүргізу және профилактикалық жұмыстар жүргізу, жобалау кезінде және әртүрлі халықшаруашылығы іс-шараларын атқарғанда табиғатты қорғауды қарастыратын болуы керек.
Бұл мәселелерді іске асыру үшін Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың пікірінше Қазақ КСР жанынан география ғылымдарының институтын-география бойынша ғылыми орталық ашу керек болды. Сондай-ақ республикада географ мамандардан қолданбалы ландшафтанушыларды, табиғат қорғау мамандарын, табиғаттану, туризм, өлкетану мамандарын дайындау керек екендігін дұрыс тапты.
Сонымен, Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың жалпы теориялық еңбектері маңызды шаруашылық мәселелерін шешуге жақындатып географияның дамуында перспективалы үлес қосты. Бұлардың іске асуы қуанарлық жағдай.
Жоғарыда айтылғандай географияның орталық негізі деп Мұқатай Жандайұлы ландшафтануды атады, ал ландшафтық карта физика-географиялық зерттеулердің қорытындысы деп есептеледі.
Жалпы ұстанымдармен шектелмей Мұқатай Жандайұлы Жандаев ландшафтық карта жасаудың мысалдарын тәжірибеде көрсете білді. 1957 жылы ол Іле Алатауы шығыс бетінің вертикаль белдеуінің алғашқы схемалық картасын жасады.
Кейінірек, 1959-1960 жылдары, профессор А. В. Чигаркинмен бірлесіп ауданы шамамен 55 мың км 2 болатын Алматы облысының оңтүстік бөлігінің ландшафт картасын жасады (1961ж) . картаның негізіне ландшафттық типтері қойылған - « . . . күрделі ТТК(ТАК), географиялық ландшафтармен бірге табиғи ерекшеліктерді бірлестіруші». Осы типтерді жалпылай отырып сапалық белгілермен - гелогиялық құрылымы, жер бедері, топырақ-өсімдікті қабаттарымен. Ландшафтардың 11 негізгі түрі көрсетілген: шың-мұздықты биік таулар, биік-таулы альпілік төмен шөпті шалғын, таудағы қарақылқан жапырақты орман және сирек орман, биік шөпті таулы шалғын, әр түрлі шөпті аласа таулы дала, тегіс-злакты жартылай шөлейттер, тұзды өлкелер, құмды және тасты-шағалды шөлейттер, суатты-тоғайлы жайылым, мәдени өсімдікті жер ландшафтары.
Аумақтық және биіктік жағдайлардағы қысқаша берілген ландшафтардың түрлерінің сипаттамасы бойынша, өсімдіктің, бедердің, климаттың негізгі белгілерінің сипаттамалары жарық көрген.
Негізінен ландшафтарды шаруашылық сипатымен пайдалануға және оларды дұрыс қолдануға бағыт беруге назар аударылған.
Мұқатай Жандайұлы Жандаев географияны алдыңғы қатарлы ғылым ретінде қарап өзінің бүкіл шығармашылығында ойынан өткізді. Ол өзінің барлық жұмыстарында табиғатты рационалды пайдалану мәселесіне басты назар аударып отырды. Өзінің ландшафтану мәселесіндегі мақалаларында Мұқатай Жандайұлы Жандаев ТТК-ді халық шаруашылығының перспективаларына немесе оларды қолданудың мүмкіндіктеріне көңіл бөлді. Егер Мұқатай Жандайұлы Жандаев морфологиялық сипаттама беретін болса, онда ол зерттеліп жатқан нысанды қалай пайдалану керектігін айтуды ұмытпайтын. Мысалы, Шелек және Шарын өзендерінің аңғарлары туралы мақаласында ол екі өзеннің аңғарлары да электростанция мен су қоймасын салуға көптеген ыңғайлы орындарға ие екендігіне көңіл бөлген. Кейбір жұмыстары тікелей су ресурстарын игеру мен табиғи құбылыстардың зиянды әрекеттеріне қарсы күрес әдістеріне арналады (тасқын, эрози, т. б. )
Мұқатай Жандайұлы Жандаев Іле Алатауының өзендері әжептәуір энергетикалық ресурстарға ие және су ағымдарын оңай реттеуге, су қоймалары мен СЭС-ын салуға өте ыңғайлы екендігін айтты. Ол биік таулардағы шалғындықтарды жайылымға және бау-бақшалар алқабына айналдыруға болатынын да атап өтті.
1. 2. 2. Геоморфологиялық зерттеулер
Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың геоморфологиялық жұмыстары аумақтық жалпы ортаның мәселелерімен жалпы теориялық сипатқа арналған. Геоморфологияның актуалды мәселелерін шешуде ол географ-зерттеуші тұсынан түсіндіріп, қазақстанның бедерін оқып үйренуде геологиялық-географиялық тәсілдер арсеналын керемет пайдалана білді.
Мұқатай Жандайұлы Жандаевты бәрінен бұрын геоморфологияның проблемалық мәселелері қызықтырды; геоморфологиялық карта жасау, ең жаңа тектоникалық қозғалыстардың бедер түзудегі ролі, бедер түзілудің қазіргі экзогенді процестері, қолданбалы геоморфологияның мәселелері, өзен аңғарларының түзілулерінің теориясы.
Геоморфологиялық карта жасау кез-келген геоморфологиялық зерттеулердің негізі болып табылады. Ол өзіне көптеген әлі шешілмеген және тартысты мәселелерді қамтиды; бедердің классификациялары мәселелеріне қатысты, геоморфологиялық карта жасау жобаларына, олардың картографиялық кескіндеулер тәсілдері және басқалар, сондықтан Мұқатай Жандайұлы Жандаев аумақтық зерттеулер туралы еңбектерінде осы мәселелерге ерекше үлкен мән берген. Ол былай деп көрсетті: «Дұрыс құрылған жүйелілік генетикалық байланыс пен бедерлер заңдылықтары туралы қазіргі заманғы ғылымның көрінісі болып табылады, оның ішінде берілген территорияның геоморфологиялық құрылымы бар, онсыз геоморфология отырып, ол геоморфологиялық карталар легендасы үшін бедердің келесі таксономикалық классификация формаларын ұсынды: бедер элементтері, бедер формасы (пішіні), бедер типі (түрі) және бедерлер комплекстері. Іле Алатауы үшін, мысалы, төрт комплекс және 14 бедерлік түрі бөлінген: « . . . орта карта жасау негізінде қаланады». Бедер кешендерін бөлгенде М. Ж. Жандаев классификациялардың логикалығын барлық уақытта ұсынбаған. Негізінен, тектоникалық-құрылымды, тектоникалық-аккумуляциялық, бедердің кешенді бөлінген эрозиялық-аккумуляциялық және эолды-аккумуляциялық кешендер, олар тектоникалық-аккумуляциялық кешеннің негізгі бөлігі болып табылады. Кейінірек жазған еңбектерінде Іле Алатауының бедерлерінің классификацияларын жетілдіруді қолға алған болатын.
Жалпы геоморфологиялық картадан басқа Мұқатай Жандайұлы Жандаев Іле Алатауының тау етектеріндегі бедерлердің антропогендік пішіндерінің алғашқы картасын жасады (1965ж) . Ол бедер формасының антропогендік классификациясын жасап шықты, карта жасаудың ұстанымдарын жасап, Оңтүстік Қазақстан бедерінің антропогендік даму заңдылықтарының негізін салды.
Бедер Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың еңбектерінде эндогенді және экзогенді факторлары ұқыпты оқып үйренген. Қазіргі заманғы бедер бейнесін жасауда эндогенді бедер түзілу факторларының арасында Мұқатай Жандайұлы Жандаев неотектоникалық қозғалыстарға, литоло-гастрофикалық палеозой және кайнозой комплекстеріне негізгі рольді берді. Эндогенді құраушылар бедер түзудегі маңызды фактор ретінде қарастырады: « . . . бедер түзудің басқа факторларын көрсету шегінде тектоника жалпы бағыт-бағдар береді»(1972) . Өзінің ғылыми қызметінің басында, Іле Алатауы шегіндегі неотектоникалық қозғалыстарды оқып үйренуге көңіл бөлді. Мұқатай Жандайұлы Жандаевты бұл мәселені ежелгі жазықтықтарды тегістеуді талдау мәселелерінде шешті. Қазіргі уақытта бұл жазықтықтарды тегістеу өзендер аралығында, тауарлық құздарда, әртүрлі биіктіктерде, шөгінділер де орналасқан. Кайнозой шөгінділерін кешендерге мүшелеу, олардың аумақтық таралуын оқып-үйрену, генезисті, жастарын анықтау, дизьюктивті дисколацияны зерттеу Мұқатай Жандайұлы Жандаевқа Іле Алатауының неотектоникалық ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік берді. «Іле Алатауының геоморфологиясы мен өзен аңғарларының түзілу проблемалары» (1972ж) монографиясында ол неотектоникалық қозғалыстар сипаты мен олардың Іле Алатауы шегіндегі ерекшеліктерін қарастырды.
Мұқатай Жандайұлы Жандаев бедерді тарихи категория деп қарастыра отырып бедердің уақытқа өтуіне сай даму процесінің жалғасы екендігін айтып, Іле Алатауы бедерінің палогеографиялық ренонструкциясын жүргізді (1969ж) . Гидрографиялық тораптар мен палеографиялық карталарды жасау тәсілдерінде палеографиялық жағдайлар түзу тәсілдері ерекше назар аударуға тұрарлықтай. Дәл зерттеулердің нәтижелерінде антропогендердің бірінші жартысында жоталардың гидрографиялық тораптарын қайта құруға қол жетті. Іле Алатауының шығыс бөлігіне арнап өзендердің қайта құру және дамуының негізгі этаптарының схемасы түзілді.
Мұқатай Жандайұлы Жандаевпен алғаш рет Іле Алатауы үшін бес палеографиялық карта жасалды, онда гидрографиялық тораптардың негізгі бөліктері, тектоникалық құрылымдар, бедер түрлері, мұздану сипаттары - төменгі, орталық және жоғары антропоген аумағындағы ландшафтық ерекшеліктер анық көрсетілген.
Бедер түзілудің экзогендік қазіргі заманғы процестерінен Мұқатай Жандайұлы Жандаев эрозия, сел, қыраттардың пайда болуы процестерін талдау мен оқып үйренуге үлкен назар аударды. Ол қазіргі уақытта Қазақстан территориясында эрозияның бедер түзілімдерінде үлкен әсері бар, практикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда бұл да үлкен қызығушылық туғызады. Бұл процестерді Мұқатай Жандайұлы Жандаев 50 жылдан астам уақыт зерттеді. Эрозиялық процестерді геоморфологиялық және геологиялық құрылым негізінде жарлардың формасы мен генезистерімен байланыстырып қарастырады. Табиғи факторлардан басқа, эрозия процесінің пайда болуы мен дамуы антропогендік фактор-тау жағасы аймақтарында белсенді шаруашылық жүргізуге мүмкіндік береді. Шығу тегіне қарай оларға үш генетикалық түр берілген: жыл, ирригациялық, табиғи. Морфологиялық жарларда әртүрлі. Төрт морфологиялық жарлардың түрлері берілген: алмұрт тәрізді, жазықтүпті және ернеу тәрізді. Мұқатай Жандайұлы Жандаев көрсеткендей, морфологиялық құрылым, генезис және жарлардың белсенді дамуы төмендегілермен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz