Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ─ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның
кәсіпорынның қаржылық.экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлі
5
1.2 Қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайлары ... ... ... 9
1.3 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері
мен критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР КОЭФФИЦЕНТТЕРІ ӘДІСІМЕН ТАЛДАУ («КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛДЫ СУЛАРЫ» ЖШС МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
2.1 «Көкшетау минералды сулары» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама талдау ... ... ... ... ... ...
17
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсеткіштер
арқылы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
36

Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиялық түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» деген /3, 3-4 б/, осы орайда бұл мәселені шешу үшін, мемлекет экономикасының ажырамас бөлігі болып табылатын нарықтық экономикадағы әрбір кәсіпорынның өміршеңдігін сақтап қалу, оның дамуы, тек ұлттық шекарада емес, халықаралық деңгейде қызмет етуі үшін алғышарттардың бірі болып оның экономикалық потенциалын, яғни қаржылық тұрақтылық деңгейін, оның мәселелі аймақтарын анықтау және олардан арылу немесе қайсібір тәуекелділігін төмендету жолдарын іздестіру маңызды болып табылады.
Сонымен қатар қаржылық тұрақты кәсіпорын онымен қаржылық қатынастарға түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес болады /4, 9 б/. Сондықтан қаржылық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары мен қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді уақытылы алу үшін жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын орындау үшін салық органдары және тағы басқалары айналысады.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын табыстылығы мен тұрақтылық жағдайының негізі болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты және төлемқабілетті болса, онда ол несиені алу, инвестицияларды тарту, жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас кәсіпорындар алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым кәсіпорын тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы немесе кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2008 ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2008ж.
2. Мұқанова Г. Экономика-демократия-тәртіп // Түркістан.─ 2007ж. 2 наурыз.─ №9.─ 1б.
3. Назарбаев Н.Ә. Жолдауы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2009 ж. 18 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2009ж. 3-4б.
4. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходный экономике (на примере РК): Автореферат: 08.00.05─ Алматы, 2006.─ 22с.
5. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы.─ Алматы: Экономика. 2005.─ 330б.
6. Жуйриков К.К: Финансы предприятий в условиях рынка.─ Алматы, 2006, 353 с.
7. Бараненко С.П., Шеметов В.В. Стратегическая устойчивость предприятия.─ М.: Центрполиграф, 2008.─ 575;
8. Дружинин А.И., Дунаев О.Н. Управление финансовой устойчивостью.─ Екатеренбург: ИПК УГТУ, 2009.─ с. 363;
9. Нестеров В.О., Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.─ М.: Финансы и статистика, 2009.─ с. 341;
10. Шеремет А.Д., Негашев Е.В. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организациий.─ М.: ИНФРА-М, 2009.
11. Лупей Н.А. Методические рекомендации по учету финансовых результатов деятельности организаций: практическое пособие.─ СПб.: Книжник, 2007.─ с. 258;
12. Гиляровская Л.Т., Вехорева А.А. Анализ и оценка финансовой устойчивости коммерческого предприятия.─ СПб.: Питер, 2007 ─ 256 с.: ил.─ (Серия «Бухгалтеру и аудитору»)
13. Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости и процедуры, связанные с банкротством.─ М.: Ось-89, 2009.─ с. 163;
14. Илясов Г. Оценка финансового состояния предприятия: Методология и методика// Экономист.─ 2008.─ №6.─ с. 49-55;
15. Гребенщикова Е.В. Альтернативный расчет запаса финансовой прочности предприятия// Финансы.─ 2007.─ №8.─ с. 69-70;
16. Козлова Е.П., Галинина Е.Н. Финансовый анализ и аудит.─ М.: Финансы и статистика, 2008.─ с. 285;
17. Ириков В.А., Ириков И.В. Технология финансо*экономического планирования на фирме.─ М.: Финансы и статистика, 2007.─ с. 249;
18. Гиляровская Л.Т. Экономический анализ: Учебник для вузов─ 2-ое изд., доп.─ М: ЮНИТИ-ДАНА, 2008.─ 615с
19. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности.─ М.: Финансы и статистика, 2007.─ с. 512;
20. Никольская Э.В., Лозинская В.Б. Финансовый анализ.─ М.: МГАП Мир книги, 2007.─ с. 316;
21. Чернышева Ю.Г., Гузей В.А. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности.─ Изд. 2-е.─ Ростов н/Д.: Феникс, 2009.─ 156 с.─ (Шпаргалки);
22. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.─ М.: Инфра-М, 1999.─ с. 512;
23. Лябушин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.─ М.: Финансы и кредит, 2000, с.375;
24. Федорова Г.В. Фианасовый анализ предприятия при угрозе банкротства. Учебное пособие.─ М.: Омега─ Л, 2007.─ 272 с.
25. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Финансы предприятий.─ М., ИНФРА─ М, 1998.─ 343 с.
26. Ионова А.Ф., Селезнева Н.Н. Финансовый анализ: учебник.─ М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2007.─ 624с.
27. Бригхем Ю., Гапенски Л. Финансовый менеджмент: Полный курс. В2-х т./ Пер. С англ. под. ред. В.В. Ковалева. Спб.: Экономическая щкола, 2008г. Т. 2. 669с.
28. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер): 2005 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.─ Алматы: ЖШС «Баспа», 2005-368б.
29. Коволев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры.─ М.: финансы и статистика, 2009.─ 560с
30. Под. ред. Таль Г.К. Антикризисное управление: Учебное пособие: В 2 т. Т. 2.: экономические основы.─ М.: ИНФРА─ М, 2008.─ 1027с

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ─ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлі 5
1.2 Қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайлары ... ... ... 9
1.3 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері
мен 13
критерийлері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
КОЭФФИЦЕНТТЕРІ ӘДІСІМЕН ТАЛДАУ (КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛДЫ СУЛАРЫ ЖШС
МЫСАЛЫНДА)
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
... ... ... ... ... ... .
2.1 Көкшетау минералды сулары жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама 17
талдау ... ... ... ... ... ...
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсеткіштер
арқылы 23
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 36
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету
жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам
қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол
белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің
тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға
ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың 18 ақпандағы Қазақстан
экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты
Жолдауында: Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа
идеологиялық түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске
асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген 3, 3-4 б, осы орайда
бұл мәселені шешу үшін, мемлекет экономикасының ажырамас бөлігі болып
табылатын нарықтық экономикадағы әрбір кәсіпорынның өміршеңдігін сақтап
қалу, оның дамуы, тек ұлттық шекарада емес, халықаралық деңгейде қызмет
етуі үшін алғышарттардың бірі болып оның экономикалық потенциалын, яғни
қаржылық тұрақтылық деңгейін, оның мәселелі аймақтарын анықтау және олардан
арылу немесе қайсібір тәуекелділігін төмендету жолдарын іздестіру маңызды
болып табылады.
Сонымен қатар қаржылық тұрақты кәсіпорын онымен қаржылық қатынастарға
түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес болады 4, 9 б.
Сондықтан қаржылық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары мен
қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу
мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен
тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді уақытылы алу үшін
жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын орындау үшін салық
органдары және тағы басқалары айналысады.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын табыстылығы мен тұрақтылық жағдайының негізі
болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты
және төлемқабілетті болса, онда ол несиені алу, инвестицияларды тарту,
жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас
кәсіпорындар алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым кәсіпорын
тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз
және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың
жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығы немесе кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын
өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал
болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау,
ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз
капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар
жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да
кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау
мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып
табылатыны белгілі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік
белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Жұмыстың мақсаты кәсіпорын қаржылық тұрақытылық жағдайына талдау жасау
және алынған нәтижелерге сәйкес кәсіпорын қаржылық жағдайын нығайту
жолдарын анықтау.
Көзделген мақсатқа сай келесі міндеттер қойылған:
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның кәсіпорынның қаржылық-
экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен
қаржылық жағдайларын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер
етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі
әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген кәсіпорын қаржылық
жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау;
Көкшетау минералды сулары жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қаржылық жағдайын жалпылама талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талдау;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту жолдарын іздестіру және қаржылық
жағдайын ынталандыру бағыттарын анықтау.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ─
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының жалпы түсінігі, оның түрлері, оған әсер
етуші факторлары және қаржылық тұрақтылықты бағалау әдістері мен
критерийлері қарастырылады.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық түсінігі және оның кәсіпорынның
қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлі
Қаржылық тұрақтылық қазіргі өзгергіш және көпқырлы нарықтық экономика
жағдайында маңызды мәселе болып табылады. Әрбір кәсіпорын қызметінің
қаржылық тұрақтылығы жалпы мемлекет экономикасының қаржылық тұрақтылығына
қандай да бір әсерін тигізеді. Бұл тәуелділікті көру үшін бірнеше
авторлардың әдебиеттерінен іріктелген қаржылық тұрақтылық анықтамаларын
қарастыру дұрыс болады.
Жалпы жағдайда экономикалық жүйенің тұрақтылығы деп оның өзінің қызметін
ұзақ мерзім бойы жүзеге асыра алу қабілетін айтады. И. Богданов
экономикалық тұрақтылықты келесідей анықтайды: Экономиканың тұрақтылығы
оның элементтерінің сенімділігі мен қатаңдығын, ішкі жүйедегі тік, көлденең
және тағы басқа байланыстарды, сыртқы және ішкі қысымды төзу қабілетін
сипаттайды. Бірақ егер экономика дамымаса, онда оның сыртқы және ішкі
қауіптерге төзімділігі мен бейімделу мүмкіндігі кенеттен төмендейді.
Сондықтан, тұрақтылық пен даму ─ біртұтас жүйе ретінде экономиканың маңызды
сипаттамасы 7, 12 б. Бұл тұрақтылық анықтамасының идеясы сыртқы ортаның
жағымсыз әсерлерін төзу үшін ресурстармен қамтамасыз ететін кеңірек
ұдайыөндіріске деген, сыртқы ортада қалыптасып, дамитын ерекшеліктерге
сәйкес бейімделу мен жаңартылуға деген қажеттілікте жатыр. А. Илларионовтың
айтуы бойынша, экономикалық қауіпсіздік─ ұзақ мерзімді перспективада
өндірісіті жан басына шаққандағы экономикалық ресурстардың көп бөлігімен
ең тиімді әдіспен қамтамасыз ететін экономикалық, саяси, құқықытық
жағдайлардың үйлесімі 7, 45 б. С. Афонцев ұлттық экономиканың
қауіпсіздігін жағымсыз әсерлердің потенциалды пайда болу көздерін
бейтараптандыру және нақты болған әсерлермен байланысты зиянды төмендету
қабілетінде бейнеленетін экономикалық және саяси ерекшелігі бар эндогенді
және экзогенді әсерлерге ұлттық экономикалық жүйенің тұрақтылығы ретінде
сипаттайды 7, 12 б.
И. Петренко кәсіпорынның дамуы мен тұрақтылығының микроэкономикалық
мәселесін қарастыру барысында И. Богданов көзқарасына жақын пікір білдіреді
7, 75 б. Тұрақтылық, И. Петренконың көзқарасы бойынша, сыртқы және ішкі
ортаның өзгергіштігі жағдайында өндірісітік жүйе элементтерінің, оның тік
және көлденең байланыстарының сенімділігі мен тұрақтылығын, өзінің негізгі
функционалдық көрсеткіштерін сақтау қабілетін бейнеледі. Өндірістік жүйенің
тұрақтылығы үшін ол үздіксіз қызмет етіп, дамуы қажет. Егер жүйе дамымаса,
өзінің экономикалық потенциалын ұлғайтпаса, онда оның өзгергіш нарықтық
экономика жағдайына тиімді бейімделу қабілеті төмендейді. Н. Матвеев пікірі
бойынша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсізідігі тұрақты қаржылық жағдай,
коммерциялық табыстылық, мамандандырылған кадрлардың, өндірісітің құқықытық
нормаларының болуы және кәсіпорын қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз
ететін өндірісітік қатынастардың ұйымдастырылуы, ғылыми-техникалық
прогрессивтілік пен әлеуметтік даму шарттарының жиынтығымен анықталады 7,
7 б. Бұл автор кәсіпорын экономикалық қауіпсіздігінің негізгі элементі
оның қызмет ету табыстылығы деп қарастырады. Бұл анықтама кәсіпорын
қаржылық тұрақтылығының кешенділігін, кәсіпорынның ішкі және сыртқы
ортасына жатқызылатын көптеген факторларға тәуелділігін нақты көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық термині мамандандырылған қаржы лексиконында нақты
анықталмаған. Әлем тәжірибесінде Қаржылық тұрақтылық түсінігінің әртүрлі
баян етілуі баланс талдауының екі жақтылығымен түсіндіріледі: баланс
өтімділігін дәстүрлі және қазіргі заман функционалды талдауы. Осы екі
көзқарас негізінде аналитиктер қаржылық тұрақтылық түсінігін әртүрлі етіп
қарастырады 7, 16-18 б.
Баланс өтімділігін дәстүрлі талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы оның қаржылық құрлымының тепе-теңдігін қамтамасыз етілуіне және
инвесторлар мен кредиторлардың тәуекелдерден аман болуына бағытталған
ережелермен анықталады, яғни қаржылық стандарттың дәстүрлі ережелері
қарастырылады, олар төмендегілерді өзіне қосады:
минималды қаржылық тепе-теңдік ережесі, ол міндетті оң өтімділіктің болуына
негізделген, яғни баланс пассивтері мен активтерінің қысқамерзімді
элементтер айналым жылдамдығы, уақытында сәйкессіздіктер болу тәуекелімен
байланысты міндеттемелерден ағымдық активтер мөлшерінің асу сомасында орын
алатын қаржылық тұрақтылық қорын алдын ала қарастыру қажет;
максималды қарыз ережесі─ қысқамерзімді қарыздар қысқамерзімді
қажеттіліктерге пайдаланылады; дәстүрлі қаржылық стандарт кәсіпорын
қарыздарын меншікті қаражат көздерінен өтеу шегін белгілейді: ұзақ және
ортамерзімді қарыздар меншікті қаражаттар көздері мен оларға теңескен
ұзақмерзімді қарыз қаражат көздерін өзіне қосатын тұрақты капитал
жартысынан аспауы қажет;
максималды қаржыландыру ережесі алдағы ереженің жүзеге асырылуын ескереді:
қарыз капиталын қолдану көзделген барлық салымдар соммасының белгілі бір
пайызынан жоғарламауы қажет, ал пайыз әртүрлі несиелеу шартына байланысты
болады.
Баланс өтімділігін функционалды талдау негізінде қаржылық тұрақтылық
келесі талаптарды орындау кезінде анықталады:
қаржылық тепе-теңдікті сақтау, негізгі және қалыптастырылуы үшін
пайдаланылатын, меншікті капитал бөлігін білдіретін, айналым капиталына
бөлшектеп салудан бұрын, тұрақты капитал есебінен өтелетін, қаражаттардың
тұрақты орналастырылуы құрамына қосу жолымен жүзеге асады. Соныменен,
тұрақты ресурстар─ меншікті капитал және оларға теңестірілген қаражаттар─
тұрақты орналастырылған активтерді өтеу қажет. Қатынастың 100 пайыздан
төмен болуы─ салынған қаражаттардың бөлігі кәсіпорынның қаржылық әлсіздігін
анықтайтын, қысқамерзімді міндеттемелер түрінде болатын тұрақсыз
ресурстармен қаржыландырылғанын білдіреді. Қысқамерзімді қаржыландыру
туралы айта келсек, айналым активтеріне (меншікті айналым капиталының
көздері көлемінде) қажеттілік соммасы есеп жылы ішінде өзгереді және бұл
өзгерістер төмендегілерге әкеледі:
айналым капиталының артық қамтамасыз етілуіне, нәтижесінде меншікті айналым
капиталының бос көздері уақытша пайда болады;
немесе айналым капиталына қажеттіліктің қанағаттандырылуына, нәтижесінде
қарыз қаражаттарын қолдану тура келеді;
жалпы қарызды бағалау─ қаржылық тұрақтылықты талдау (баланс өтімділігін
талдаудың функционалды және дәстүрлі) амалдары бірдей. Бір бұл жерде,
барлық қарыз және меншікті қаражаттар арасындағы қатынас арқылы
белгіленетін кәсіпорынның жалпы қарыздар деңгейін анықтау қосылады.
Кәсіпорыннің қаржылық тұрақтылық түсінігін қарастырған кезде онымен
тікелей байланысты басқа да қажетті экономикалық-қаржылық құраушыларды
анықтау дұрыс болады. Соның ішінде кәсіпорынның төлемқабілеттілігі негізгі
орынды алады.
Төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорын қызметінің маңызды қаржылық-экономикалық ерекшелігі болып
табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық түсінігі көп қырлы, ол ұйым
қызметінің әртүрлі жақтарын бағалайтындықтан, төлемқабілеттілік пен
несиеқабілеттілік түсініктеріне қарағанда кең мағынаны иеленеді.
Қаржылық тұрақтылық түсінігін отандық және шетел экономистері әртүрлі
баяндайды. 90-шы жылдардың басында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
меншікті қаражаттардың қарыз капиталынан ұлғаюы шарты бойынша меншікті
қаражаттар көзі капиталымен түсіндірді. Сонымен қатар ол кәсіпорын
активтерінде меншікті және қарыз капиталының қатынасымен, меншікті
қаражаттардың жинақталу қарқынымен, ұзақмерзімді және қысқамерзімді
қаражаттар қатынасымен, материалдық айналым капиталының меншікті көздерден
жеткілікті қамтамасыз етілуімен бағаланды.
Қаржылық тұрақтылық─ бір қалыпты төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін
кәсіпорын шоттарының белгілі бір жағдайы. Қандай да бір шаруашылық әрекетті
жасау нәтижесінде қаржылық жағдай не төмендеп, не жоғарлап, өзгеріссіз
қалмайды. Күн сайын жасалатын шаруашылық операциялар ағымы қаржылық
тұрақтылық жағдайының бір күйден екінші күйге өтуіне негізгі себепкер
болады. Негізгі қорларға және өндіріс шығыстарына капитал салымдарын өтеу
үшін қаражаттар көздерінің өзгеріс шегін білу кәсіпорынның қаржылық
жағдайын жақсартуға және қаржылық тұрақтылықты жоғарлатуға әкелетін
шаруашылық операциялар ағымының қозғалысына мүмкіндік береді. Қаржылық
тұрақтылықты зерттеу барысында алдағысынан ерекшеленетін
төлемқабілеттіліктің жекеленген түсінігі бөлініп шығарылады. Көріп
отырғандай, төлемқабілеттілік қаржылық тұрақтылықтың ажырамас бөлігі болып
табылады. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы кәсіпорынның өндірістік,
коммерциялық, қаржылық-инвестициялық қызметтерінің нәтижелеріне тәуелді
болады, ал қаржылық жағдайдың тұрақтылығы оның қызметіне әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қорлар мен олардың құнының
меншікті және қарыздық қалыптастыру көздерінің көрсеткіштері анықтайды.
Қорлар мен шығындардың қалыптасу көздермен қамтамасыз етілуі, соныменен
қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуы қаржылық тұрақтылықтың мағызды
сипаттамасы, ал төлемқабілеттілік оның сыртқы көрінісі болып табылады.
Сонымен қатар қорлар мен шығыстардың қамтамасыз етілу деңгейі нақты
күнтізбелік күнге есептелетін төлемқабілеттілік деңгейінің қандай да бір
себебі болады. Яғни төлемқыбілеттілік қаржылық тұрақтылық көрінісінің бір
түрі бола алады 8, 254-256 б.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты бағалайтын
мақсатты ерекшелігі болып табылады, ал ішкі шаруашылық мүмкіндіктерді,
қаражаттарды және оларды тұрақтандыру жолдарын іздестіру экономикалық
талдаудың жүргізілуі мен мазмұнының ерекшелігін анықтайды. Соныменен,
қаржылық тұрақтылық─ қаржылық ресурстардың тиімді қалыптастырылуы, бөлінуі
мен пайдаланылуы бойынша қызметінің нәтижесінде кәсіпорынның кепілді
төлемқабілеттілігі мен несиеқабілеттілігі. Сонымен қатар ол─ қорлардың
меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуі, және кәсіпорын активтерін
өтеу көздері болып табылатын меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы.
Жалпы жағдайда, кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы дегеніміз кәсіпорынды
кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі
бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Кәсіпорынның шаруашылық жағдайы, оның тұрақтылығы мен қалыпты қызметі
оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді
болады. Егер кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жоспары ойдағыдай
орындалса, онда ол оның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және,
керісінше, өндіріс пен өнімді өткізу бойынша жоспардың соңына дейін
орындалмауы нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының ұлғаюы, табыс пен пайда
соммасының төмендеуі және олардың салдары ретінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайы мен оның төлемқабілеттілігінің нашарлауы 9, 89 б. Сондықтан
тұрақты шаруашылық жағдай кездейсоқтан пайда болмайды, ол кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын барлық факторлар кешенін
тиімді басқару арқылы жүзеге асады.
Өз кезегінде, тұрақты шаруашылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуы
мен өндірістің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне жағымды әсерін
тигізеді. Сондықтан шаруашылық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде қаржылық
қызметтің ақшалай ресурстарының жоспарлы келіп түсуі мен шығындалуынның
қамтамасыз етілуіне, сандық және сапалық есептің орындалуына, меншікті және
қарыз капиталдарының рационалды үлестеріне қол жеткізуге және олардық
тиімді қолданылуына бағытталуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдай түсінігі кәсіпорынның өз қызметін
қаржыландыра алу қабілетін білдіреді. Ол кәсіпорынның қалыпты қызметіне
қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілеуін, оларды орналастырудың
мақсаттылығы мен пайдаланылуының тиімділігін, басқа да жеке және заңды
тұлғалармен қаржалақ қарым-қатынасын, төлемқабілеттілігі мен қаржылық
тұрақтылығын ерекшелейді.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (ең алдымен
келісім қатынастары бойынша серіктестерге) капитал құрылымына, кредиторлар
және инвесторлармен қатынас деңгейіне, қаржыландырудың сыртқы көздерін
тарту мен қызмет көрсетуге байланысты, алдағы кезеңге кәсіпорынның қаржылық
мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің экономикалық
секторының өкілдерін қоса, кәсіпорындардың басшылары белгілі бір қызметке
меншікті капиталының едәуір аз бөлігін салуға және қарызға алынған
қаражаттар негізінде қаржыландыруды қалайды. Бірақ, егер меншікті капитал-
қарыз капитал құрлымы қарыз жағына қарай ұлғайса, қолайсыз бір уақытта
бірнеше кредитор өз қаражаттарын өтеуді талап етсе, кәсіпорын банкроттыққа
ұшырауы мүмкін. Сондықтан баланстің өтімділік деңгейін, айналыс
қаражаттарын, ұйым төлемқабілеттілігін анықтаумен байланысты қысқамерзімді
жоспарда қаржылық тұрақтылықты бағалау маңызды болып табылады 10, 197 б.
Шаруашылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның икемді капитал
құрлымы болуы қажет, ұдайыөндірістің үздіксіздігіне қолайлы жағдай туғызу
және өзінің төлемқабілеттілігін сақтау мақсатымен табыстардың шығыстардан
жоғары болуын әрдайым қамтамасыз ете алатындай етіп өз қызметін ұйымдастыра
ала білу қажет 11, 75 б.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін,
басқарма персоналына, шаруашылық субъектісінің дамуы мен қаржылық
тұрақтылығына мүмкіндік туғыза отырып, қаржылық қамтамасыз ету тұрғысынан
оның дамуының маңызды әрі мақсатқа сәйкес қарқынын бағалау қажет.
Коммерциялық қатынастар дамуының тұрақтылығын анықтау тек коммерциялық
ұйымға ғана емес, соныменен өзінің тапсырысшылары мен клиентіне деген
қаржылық сенімділігі мен тұрақтылығын анықтау үшін сәйкесінше ақпаратты алу
қажеттілігі бар серіктестер де қызығушылығын білдіреді 12, 161 б.
Сондықтан нақты ұйымның тұрақтылығын зерттеу мен бағалау саласында күнен
күнге контрагенттердің саны өсе бастады.
1.2 Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңірек зерттеу үшін оның түрлерін
қарыстырып өту қажет.
Тұрақтылыққа әсер ететін факторлардың көптілігі, оны сыртқы және ішкі
болып екіге бөледі, ал оның салдарының көптілігі тұрақтылықтың әртүрлі
жақтарын көрсетеді.
Тұрақтылықтың әрбір түрінің мазмұнын жеке-жеке сурет 1 бойынша
қарастырайық:
ішкі тұрақтылық─ қызмет етудің жоғары нәтижелігін қамтамасыз ететін ұйым
жағдайы, яғни өндіріс құрылымы мен қызмет көрсету жағдайы және олардың
динамикасы немесе кәсіпорын қызметінің тұрықты жоғары табыстылығын
қамтамасыз ететін ұйымның жалпы қаржылық жағдайы. Оған жету негізінде
шаруашылық орта өзгерісінен белсенді әсер ету жатыр;
сыртқы тұрақтылық─ мемлекет шегінде сәйкесінше басқару жүйесімен жүзеге
асырылатын, ұйым әрекет ететін экономикалық орта тұрақтылығын білдіреді;
мұраланған тұрақтылық─ кездейсоқтықтан және сыртқы жағымсыз, тұрақсыз
факторлардың шұғыл өзгерісінен сақтап тұратын, бірнеше жылдар аралығында
қалыптасқан ұйымның қаржылық тұрақтылығының белгілі бір қорларының болуының
нәтижесі;
Сурет 1. Коммерциялық ұйымдар тұрақтылығының түрлері
жалпы тұрақтылық─ инвестициялық жобалардың тиімділігін; материалдық-
техникалық қамтамасыз етілу дәрежесін, өндіріс, еңбек, басқаруды
ұйымдастыру деңгейін көрсетеді; пайда алуды қамтамасыз ететін және
өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік беретін ақша ағымының қозғалысын
болжайды;
қаржылық тұрақтылық─ табыстың шығыстан тұрақты жоғарлауын және ұйымның ақша-
қаражаттарын еркін қолданылуын қамтамасыз ететін, оларды тиімді қолдану
арқылы өндіріс пен өткізу, кеңею мен жаңарудың үздіксіз үрдісіне мүмкіндік
беретін ресурстардың жағдайын бейнелейді. Ол меншікті және қарыз
капиталының қатынасын, ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызмет
нәтижесінде меншікті капиталдың жинақталу қарқынын, ұйымның мобилді және
иммобилді қаражаттарының қатынасын, меншікті көздермен қорлардың жеткілікті
қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық тұрақтылық─ шығыстардан табыстардың
тұрақты жоғарлауының ерекше индикаторы болғандықтан, бұл ұйымның жалпы
тұрақтылығының басты құраушысы. Оның шегін анықтау нарықтық экономика
жағдайында экономикалық мәселелердің негізгісіне жатқызылады, себебі
жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық ұйымның төлемқабілетсіздігін білдіреді, ал
артығы шығыстарға бос қорлар салмақ түсіретіндей етіп дамуға кедергі
болады. Сондықтан, қаржылық тұрақтылық, бір жағынан, нарық талаптарына
сәйкес келетін, екінші жағынан, ұйым дамуының қажеттіліктеріне сәйкес
келетін қаржылық ресурстардың жағдайымен анықталуы қажет. Сонымен қаржылық
тұрақтылықтың мәні қаржылық ресурстардың тиімді қалыптасуы, бөлінуі,
пайдаланылуымен анықталады, ал оның бейнелену түрлері әртүрлі болуы мүмкін
12, 16-19 б.
Қалыптасқан жағдайларда қаржылық тұрақтылықтың құрылымын төмендегідей
көрсету қажет:
ағымдық─ нақты уақыт мерзімінде;
потенциалды─ өзгерістермен тікелей байланысқан және өзгергіш сыртқы ортаны
есепке алғанда;
формалді─ сырттан мемлекетпен жасалатын және қолдау алатын;
нақты─ бәсекелестік жағдайында және кеңейтілген өндірістің жүзеге асырылу
мүмкіндігін есепке алғанда. Айтылып өткен қаржылық тұрақтылықтың құрлымын
сурет 2 арқылы қарастырамыз 7, 89 б.
Сурет 2. Коммерциялық ұйымдардың қаржылық тұрақтылық түрлері
Тұрақтылық дәрежесіне байланысты қаржылық жағдайдың 4 түрін ажыратуға
болады:
Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы, егер
S={1,1,1}, (1)
Берілген үшкомпонентті көрсеткіштің (1) құрамы келесідей анықталады:
меншікті айналым капиталының артықшылығы {1};
меншікті және ұзақ мерзімді қаражат көздерінің артықшылығы {1};
қорлар мен шығындар негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің
артықшылығы {1} 21, 117 б.
Абсолютті қаржылық тұрақтылық кезінде кәсіпорын сырты карызгерлерден
тәуелсіз болады, қорлар мен шығындар толығымен меншікті ресурстармен
өтеледі. Қазақстанда осындай қаржылық тұрақтылық түрі сирек кездеседі.
Төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын қаржылық жағдайының қалыпты
тұрақтылығы, егер
S={0,1,1}, (2)
Берілген үшкомпонентті көрсеткіштің (2) құрамы келесідей анықталады:
меншікті айналым капиталының жетіспеушілігі {0};

Бұл қатынас кәсіпорын қаржылық ресурстардың барлық көздерін қолданатынын
және қорлар мен шығындарды толық өтейтінін білдіреді. Яғни кәсіпорынның
қалыпты қаржылық жағдайы ақша-қаражат түсімдерінің мерзімдері мен көлемі
міндеттемелердің көлемі мен өтеу мерзімдерімен сәйкес келгендегі
төлемқабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін көрсетеді.
Төлемқабілеттіліктің нашарлауы, бірақ меншікті қаражаттар көздерінің
толықтырылуы, дебиторлық қарыздың қысқаруы мен қорлар айналымының
жеделдетілуі есебінен тепе-теңдікті қалпына келтіру мүмкіндігі сақталатын
тұрақсыз қаржылық жағдай, яғни
S={0,0,1}, (3)
Берілген үшкомпонентті көрсеткіштің (3) құрамы келесідей анықталады:

меншікті және ұзақ мерзімді қаражат көздерінің жетіспеушілігі {0};

Қаржылық тұрақсыздықтың шегі болып кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы
табылады. Бұл қорлар мен шығындарды (олардың құрамына айналымнан тыс
активтер, мерзімі өткен қарыздар және т.б. жатқызылады) өтейтін қалыпты
көздердің жеткіліксіздігімен бірге кәсіпорында шығындар, өтелмеген
міндеттемелер, үмітсіз дебиторлық қарыздар бар екенін білдіреді.
Шеремет А.Д. мен Сайфулин Р.С. профессорлардың айтуы бойынша 22,
275 б, егер шығындар мен қорлардың қалыптасуы үшін тартылатын
қысқамерзімді несиелер мен қарыз қаражаттарының мөлшері өндірістік қорлар
мен дайын өнім (қорлар мен шығындардың өтімдірек бөлігі) соммаларының
құнынан аспайтын болса, қаржылық тұрақсыздық қалыпты (мүмкін болатын) болып
саналады.
Сонымен, тұрақтылық түсінігін зерттей келе, оның жалпы түрлері анықталды,
соның ішінде ішкі, сыртқы, мұраланған, жалпы және қаржылық тұрлерін бөліп
көрсетуге болады. Бірақ зерттеліп отырған тақырыпқа жақын кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы едәуір маңыздылыққа ие болғандықтан, оның жалпы
құрлымы да нақтылап анықталды. Оның құрылымы кәсіпорын қаржылық
тұрақтылығын ағымдық, потенциалды, формальды, нақты етіп төртке бөледі.
Сонымен бірге қаржылық жағдайлардың тұрақтылық дәрежесіне байланысты төр
түрі, яғни абсолютті тұрақты, қалыпты, тұрақсыз және дағдарыстық жағдайлары
анықталды.

мен критерийлері
Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығына немесе оның жеке
көрсеткішіне әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін. Сондықтан көрсеткіштердің
өзгерсіне қандай себептер әсер еткенін анықтау қажет. Бұл көрсеткіштер бір-
бірімен логикалық байланысқан, оларды жеке-жеке қарастыру мүмкін емес.
Бірақ бұл жағдай экономикалық есеп үрдісінде оларды логикалық жекелеу
қажеттілігі мен мүмкіндігін шеттетпейді.
Талдауға қойылатын талаптардың өсуі барысымен байланысыты нарықтық
қатынастар жағдайында өзгеретін қаржылық көрсеткіштерді бағалау әдістері
мен тәсілдері әртүрлі, әрі көп. Ұйым қаржылық тұрақтылығын нақты бағалау
мүмкіндігі ақпараттық қамсыздандыру мен мамандандырылған персоналға сәйкес
келетін белгілі бір талдау әдісімен қамтамасыз етіледі.
Қаржылық талдаудың даму тарихы барысында ғалымдармен қаржылық есепті оқу
ережелері қалыптастырылды. Қаржылық есепті талдау әдістерінің негізгілері:
көлденең, тігінен, трендтік, коэффиценттік және факторлық талдау әдістері
болып табылады. Қаржылық талдаудың отандық әдістемесі келесі негізгі
(стандартты) қаржылық есепті талдау әдістерін қарастырады 25, 210-211 б:
көлденең (динамикалық) талдау─ абсолютті және салыстырмалы ауытқулырды
анықтау үшін қолданылады, көрсеткіштер өзгерістері анықталады, берілген
жылдар аралығындағы өзгеріс қарқыны олардың мөлшерін болжауға мүмкіндік
береді;
тігінен (құрлымдық) талдау─ бұл қорытынды қаржылық көрсеткіштер құрылымын
зерттеу мен олардың өзгерісін бағалау. Салалық ерекшеліктерді ескеріп,
салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді және инфляциялық үрдістердің
теріс әсерлерін жұмсартады. Тәжірибеде аналитиктерге көлденең және тігінен
талдауды біріктіру қажет.
трендтік талдау (көлденең таладаудың түрі)─ динамикалық қатарларды зерттеу
үшін қолданылады және алдағы кезеңде мүмкін болатын көрсеткіштер мәнін
қалыптастыратын трендті анықтауға мүмкіндік береді; сондықтан даму
тенденциясын талдау, яғни перспективті таладау жүргізіледі. Трендтік
үлгілер негізіндегі болжам екі элементті қамтиды: нүктелі болжам─
болжанатын көрсеткіштің жалғыз мәні, интервалдық талдау─ болжанатын
көрсеткіштің нақты мәні анықталатын сенімді интервал есебі базасында.
Коэффиценттерді талдау (салыстырмалы көрсеткіштер)─ есеп мәліметтері
негізінде әртүрлі қаржылық коэффиценттер есептеледі, көрсеткіштердің
логикалық салыстырылатын, бірақ әртүрлі бір-бірінен тәуелділігі мен
байланысын анықтаумен оларды факторлы талдау. Берілген әдіс едәуір тиімді
және сонымен бірге мәселелі болып, талдауда ерекше орынды иеленеді.
Коэффиценттердің экономикалық тиімділігі кәсіпорын қызметінің жағымды және
жағымсыз жақтарын нақтырақ анықтауға, болашақта зерттеуді талап ететін
мәселелерді табуға, көрсеткіштер динамикасының негізгі бағыттарын және
көлденең, тігінен, трендтік әдістерді қолдану арқылы есептің жеке
көрсеткіштерін қарастыра отырып, байқай алмайтын, қорытынды көрсеткіштердің
өзгерісіне факторлар әсерінің деңгейін анықтауға болады.
Сонымен қатар, аналитиктердың айтуы бойынша, қаржылық есеп негізінде
есептелген коэффиценттердің интерпритациясы және қолданылуымен байланысты
көптеген мәселелер орын алған. Олардың сапалы мәні есепте қолданылатын
көрсеткіштердің сенімділігі мен салыстырмалылығына байланысты.
Коэффиценттердің сандық мәніне есептің алтернативті әдістерін қолдануда
әсерін тигізеді. Алымына әсерін тигізетін факторлар бөліміне әсер ететін
факторлармен өзара байланысады. Келесі мәселе─ қаржылық жағдайды біртұтас
бағалауды қиындататын, талдауда қолданылатын коэффиценттердің көптігі.
Кейде есептелетін көрсеткіштерді құрайтын бөлімі мен алымы сәйкес
келетіндіктен, мүмкін болатын барлық факторларды пайдалану қажеттілігі
жойылады. Осындай агрегатталған көрсеткішке классикалық мысал болып Дюпон
(Du Pont) Активтердің рентабелділігі формуласы табылады.
салыстырмалы (кеңістіктік) талдау─ салааралық және бәсекелестер
көрсеткіштерін пайдалану арқылы кәсіпорын көрсеткіштерін ішкішаруашылық
және шаруашылықаралық талдау. Салалық салыстырмалы талдаудың артықшылығы
оның талдамасы негізінде бизнестің мазмұнын кеңірек түсінуге және
төлемқабілеттілік пен оның қаржылық тұрақтылығын анықтауға мүмкіндіктің
болуында.
факторлық талдау─ талдаудың детерминациялық және стохастикалық үлгілерін
қолдану арқылы қорытынды көрсеткішке жеке факторлардың өзгерісін өлшеу мен
зерттеудің жүйелік кешені. Ол тікелей де, керісінше де бола алады.
Факторлық талдау зерттеу объектісін, яғни корытынды көрсеткішті бейнелейді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын талдауды қолданылатын әдістерді
сурет 3 арқылы көруге болады.
Көптеген талдау әдістері негізгі көрсеткіштер арасындағы байланысты
тәртіпке келтіруге және анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі экономикалық
үлгілердің түрлерінің жиынтығымен қолданылады. Ковалев В.В. талдауда
пайдаланылатын негізгі үлгілер түрлерін көрсетеді 19, 25-27 б:
дескриптивтік─ бухгалтерлік есеп ақпаратын қолдану негізінде бейнелеу
ерекшелігі бар үлгілер;
предикативтік─ болжанған ағымдық және болашақ бағалаулар жасау үшін
қолданылатын болжау ерекшелігі бар үлгілер.
нормативтік─ негізінен ішкі қаржылық талдауда қолданылатын, күтілетін нақты
нәтижелерді салыстыратын үлгілер. Бұл үлгілерді сурет 4 арқылы көруге
болады.
Сонымен қатар, қаржылық талдау берілген ғылымға қатысты және басқа да
ғылымдармен байланысқан әртүрлі әдістер мен тәсілдер жиынтығын өзіне
қамтиды:
Сурет 3. Коммерциялық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың
негізгі әдістері
логикалық-экономикалық үлгілер:
динамика құбылысын талдауға қажетті салыстырмалы көрсеткіштер есептелетін,
абсолютті көрсеткіштерді пайдаланудан басталатын көрсеткіштерді талдау;
дамыған экономикалық үрдістерде жалпы тенденциялар мен заңдылықтарды
анықтайтын орташа мөлшерлемелер арқылы;
салыстыру процедурасы құбылыстардың сыныптамасы мен жүйеленуіне, соныменен
себеп-салдарлы байланыстарды анықтауға негізделген;
талдау кестесі жасалатын топтастыру зерттеудің негізгі бөлігі болып
табылады. Бастапқы мәліметтерді, оларды және алынған нәтижелерді өңдеу
алгоритмін едәуір анық, жүйелі көрсету мақсатында талдаудың барлық
кезеңдерінде талдау кестесі қолданылады;
талдаудың кең таралған құралдарының бірі индекстік әдіс болып табылады.
Бұл әдіс құбылыс деңгейінің өзгерісін бағалауға, қорытынды көрсеткіш
өзгерсіндегі фактордың рөлін анықтайтын классикалық аналитикалық мәселені
шешуге, динамикаға жиынтық құрылымы өзгерісінің әсерін бағалауға мүмкіндік
беретін, салыстырмалы көрсеткіштерге негізделген;

талдаудың кең таралған құралдарының бірі индекстік әдіс болып табылады. Бұл
әдіс құбылыс деңгейінің өзгерісін бағалауға, қорытынды көрсеткіш

шешуге, динамикаға жиынтық құрлымы өзгерісінің әсерін бағалауға мүмкіндік

детерминациалық факторлық талдау әдістерінің бірі болып тізбектік ауыстыру
әдісі табылады─ қатаң функционалды тәуелді көрсеткіштен басқа, барлық
факторлардың әсерін жою;
баланстық әдіс нәтижелері тепе-тең болуы қажет, бір-бірімен байланысты және
қалыпты көрсеткіштердің қатынасын көрсетеді;
нақты түсіну және анық көру үшін кеңінен графикалық әдіс қолданылады─
диаграммалар және графиктер түріндегі көрсеткіштердің шартты бейнеленуі.
экономикалық-математикалық әдістер, тиімділігін жоғарлата отырып,
экономикалық талдаудың жетілуі мен дамуының маңызды бағыты болғандықтын
қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Экономикалық-математикалық әдістердің
жалпы қабылданған сыныптамасы әлі қалыптастырылмаған:
элементарлық математика мен жоғары классикалық математика әдістері, мысалы,
факторлық талдауда дифференциациялау мен интеграциялау;
экономика, математика және статистика сияқты үш білім саласы синтезі
негізінде қалыптасатын математикалық-статистикалық әдіс пен эконометриялық
әдіс. Олар көрсеткіштерді болжауды маңызды рөлді атқарады;
қазіргі заман қолданбалы математика бөлімі─ матетатикалық бағдарламалау─
өндірісті ынталандыру мәселелерін шешудің құралы;
экономикалық кибернетика әдісі ақпаратты басқару мен қозғалыс заңдары
тұрғысынан экономикалық құбылыстарды талдайды. Математикалық әдістер мен
мамандардың эксперттік бағалауларын қолданатын еліктеу үлгілеу әдістері
экономикалық талдауда кеңінен таралған.
Ұйым көптеген ішкі жүйелерден құралатын күрделі біртұтас жүйе болып
табылады, сондықтан оның тұрақтылығын бағалау да кешенді бағытта жүзеге
асырылуы қажет, яғни қаржылық тұрақтылық көрсеткіштер жүйесін қолдану
көмегімен. Қазіргі кездегі олардың көптілігі талдауды күрделі етіп,
қиындатады. Көрсеткіштердің құрамы әртүрлі─ абсолютті де , салыстырмалы да
көрсеткіштер. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауда абсолютті
көрсеткіштерді пайдалану едәуір маңызды болып келеді: меншікті және қарыз
капиталаның, активтердің, ақша-қаражаттардың, дебиторлық және кредиторлық
қарыздың, пайданың, сонымен қатар есеп негізінде есептелетін мынадай
абсолютті көрсеткіштер, таза активтер, меншікті айналым капиталы, тұрақты
пассивтер мөлшері. Берілген көрсеткіштер критериалдық болып табылады,
себебі олардың көмегімен қаржылық жағдайдың сапасын анықтайтын критерийлер
қалыптасады.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР КОЭФФИЦЕНТТЕРІ
ӘДІСІМЕН ТАЛДАУ (КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛДЫ СУЛАРЫ ЖШС МЫСАЛЫНДА)
Кәсіпорынның (Көкшетау минералды сулары ЖШС-ның мысалында) қаржылық
қызметі толық талданады, соның ішінде оның қаржылық тұрақтылық жағдайы
абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы тереңірек зерттеледі.
Нәтижесінде кәсіпорынның нарықтағы қаржылық-экономикалық потенциалы
анықталады, сәйкесінше оны есептелген көрсеткіштер және құралған
диаграммалар мен кестелер арқылы көруге болады.

серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама талдау
Көкшетау минералды сулары ЖШС-гі Қазақстан Республикасы нарығына
бәсекеқабілетті өнім шығаратын жалпыға мәлім кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі─ минералды су мен алкогольді өнімдер
өндірісі. Бұл ұйымның негізгі мақсаты тұтынушыларды табиғи минералды сулар
негізінде жасалған сапалы әрі экологиялық таза сусындармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Кәсіпорын 1991 жылы Қазақстан Республикасы геология Министрілігінің
Синегория гидрологиялық экспедициясы тұсында құрамында 5 адамы бар су
ресурстары кәсіпорыны ретінде құрылды. Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыты
Көкшетау облысының гидроминералдық ресурстарын іздестіру мен эксплуатация
болып табылған. Ал қазіргі кезде, яғни 2007 жылдың қарашасында Көкшетау
минералды сулары ЖШС-гі Көкшетау минералды сулары АҚ-на қайта
ұйымдастырылды. Бұл өзгеріс кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын, несие
сенімділігін жоғарлатты және бағалы қағаздар нарығында мүмкіндіктердің
ұлғаюына әкелді.
Кәсіпорын қаржыларын табысты басқару шарты болып оның қаржылық жағдайы
болып табылады. Сондықтан Көкшетау минералды сулары ЖШС-ның қаржылық
тұрақтылық жағдайына талдау жасаудың алдында кәсіпорынның қаржылық
жағдайына жалпылама талдау жасалады.
Жұмыстың 1.1 бөлімінде қарастырылып өткендей, дәстүрлі негізде қаржылық
жағдайын бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
мүліктік жағдайды, олардың қалыптасу көздерінің динамикасы мен құрылымын
талдау;
өтімділік ;
төлемқабілеттілікті талдау;
іскерлік белсенділікті талдау;
қаржылық тұрақтылық коэффиценттерін талдау .
Сонымен, Көкшетау минералды сулары ЖШС-ның қаржылық жағдайын жалпылама
талдау:
1. Көкшетау минералды сулары ЖШС-нің мүліктік аналитикалық сипаттамасы
баланс активінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады, ол қосымша М, Н, П
көрсетілген. Мүліктің жалпы құны баланс қорытындысына тең. Ол Көкшетау
минералды сулары ЖШС-да 2007 жылы 155 987 мың теңгені құрады, 2008 жылы
87 136 мың теңгеге немесе 55,86%-ға, 2009 жылы 35 020 мың теңгеге немесе
14,4%-ға ұлғайды.
Бірақ талданып отырған уақыт мерзімінде кәсіпорын мүлкінің жеке
түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында
құрлымдық өзгерістер пайда болды.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін қосымша Б пайдалану
дұрыс болады.
Берілген қосымшада көрсетілгендей, айналымнан тыс активтердің құны 2007
жылмен салыстырғанда 2008 жылы 85,72%-ға, ал 2009 жылы 8,46%-ға ұлғайды
және талданып отырған кезең соңында 171 687,98 мың теңгені құрады. Ал
айналым капиталының өзгеру қарқыны айналымнан тыс активтерге қарағанда
баяуырақ жүзеге асырылды: 2007 жылдан 2009 жылға қарай ол 45,39%-ға
ұлғайды. Осындай өзгерістердің салдарынан кәсіпорын мүлкінің құрамында
құрылымдық өзгерістер пайда болды. Егер 2007 жылы айналымнан тыс активтер
мен айналым активтерінің қатынасы 1,2 : 1 немесе 54,64 : 45,36 болса, онда
2009 жылы бұл қатынас 1,6 : 1 немесе 61,72 : 38,28 болды.
Кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданым отырған уақыт аралығында олар
тең дәрежеде өзгерген жоқ. Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2008 жылы
5,24%-ға кеміді, 2009 жылы 92,48%-ға ұлғайды, ал материалдық емес бөлігі,
яғни ақша-қаражаттар 111,15%-ға ұлғайды, ал 2009 жылға қарай 76,36%-ға
кеміді, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық қарыз соммасы 61,3%-ға
және 12,8%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді қаржылық салымдар болса, 2008 жылы
2007 жылмен салыстырғанда 3,56%-ға өсіп, 2009 жылы кәсіпорын өз
қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ. Бірақ 2007 жылдан
2009 жылға қарай негізгі құралдардың күрт өсуі нәтижесінде басқа баланс
активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнында төмендеді: егер негізгі
құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2007 жылы 54,64%, 2009 жылы 61,67%-
ды құраса, ал тауарлы-материалдық қорлар үлесі 24,89% бен 25,46%,
дебиторлық қарыз 11,85% бен 12,10%, қысқамерзімді қаржылық салымдар 6,06%
бен 0%, ақша-қаражаттар 2,56% бен 0,72%-ды құрады. Бұл құрлымдық
өзгерістерді безендірілген түрде көру үшін сурет 5 қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын тек абсолютті көрсеткіштермен
ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да талдауға
болады. Сондықтан Көкшетау минералды сулары ЖШС-нің мүліктік жағдайын
қосымша В арқылы көреміз.
Сурет 5. 2007 және 2009 жылдардағы Көкшетау минералды сулары ЖШС
активінің құрылымы
Қосымша В кестесінде көрініп тұрғандай, шаруашылық қаражаттарының соммасы
кәсіпорын балансындағы активтердің жалпылама құндық сипаттамасын береді.
Жоғарыда айтылып өткендей, активтер құны 2007 жылмен салыстырғанды 2009
жылы 70,29%-ға ұлғайды, ол кәсіпорын мүліктік потенциалының ұлғайғандығын
білдіреді. Оны негізгі құралдар актив бөлігінің 2007 және 2009 жылдардағы
үлесінен көруге болады: 2007 жылы ол 0,48 теңгені, ал 2009 жылы 0,66
теңгені құрады, яғни 0,19 теңгеге ұлғайды. Өндірістік мақсаттағы мүлік
коэффиценті талданып отырған уақыт мерзімі аралығында тек өсу тенденциясына
ие болған, ол 2009 жылға қарай 0,08 теңгеге өсті. Ал кәсіпорын активтерінің
қозғалыс коэффиценті кәсіпорын баланс валютасындағы ағымдық активтер
бөлігінің 2009 жылға қарай 0,07 теңгеге төмендегенін білдіреді. Бұл
кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай болып табылады, себебі берілген коэффицент
мәні 2009 жылы қалыпты жағдайдан төменгі деңгейде орналасқан: 0,38 теңге.
Бірақ осы қозғалыстағы активтер мен ұзақмерзімді активтер қатынасының мәні
қалыпты деңгейден жоғары
орналасқан, сонда да 2007 жылдан 2009 жылға қарай төмендеу тенденциясына ие
болды: 2007 жылы- 0,83, ал 2009 жылы- 0,62. Кәсіпорын негізгі құралдарының
тозу коэффиценттері жоғарлап, 0,34 теңгені құрады- бұл алдағы кезеңде
негізгі құралдардың 34% құны шығыстарға жатқызылады, бұған сәйкесінше
жаңару коэффиценті төмендеп, 0,18 теңгені құрады- бұл 2009 жылдың соңына
қарай негізгі құралдардың 18% жаңа болып табылады. Істен шығу
коэффицентінің мәні кәсіпорын есепті жылдың басында жұмысын бастаған
негізгі құралдардың 3% ескергендіктен немесе басқа да себептерден істен
шығып қалды.
Мүліктің қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрылымын бағалау баланс
пассивінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. Ол үшін қосымша Г
қолданылады.
Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде
қалыптастыру көздері құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды. Пассивтердің
жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі төмендеді және 2009 жылы ол 29,72%
немесе 82 669,7 мың теңге сомманы құрады. Бұл өзгеріс меншікті капиталдың
2007 жылмен салыстырғандағы 2009 жылда 1,84%-ға өсуімен анықталады.
Сәйкесінше, қарыз қаражаттары пассивтер құрылымындағы үлесі ұлғайды және
2009 жылы 70,28% немесе 195 473,3 мың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz