Еңбек күшінің халықаралық миграциясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ЕҢБЕК КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ МӘНІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І.1. Еңбек күшінің халықаралық миграция түсінігі, түрлері және пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.2. Еңбек миграциясының орны, орталықтары мен негізгі бағыттары ... ... ... .9

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК КҮШІНІҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ.1. Қазақстандағы қалыптасқан миграциялық жүйе және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ.2. Қазақстанда еңбек күшінің миграция үрдісін мемлекеттік реттеу ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Адамзаттың интернационализациясы, шаруашылық және әлекуметтік- мәдени өмірінің демократизациясы, сондай-ақ ұлтаралық қарама-қайшылық, ұлттар мен елдер арасындағы тікелей қақтығыс, төтенше жағдайлар мен табиғат апаттарының бір көрінісі болып, халық пен еңбек ресурсының үлкен масштабтағы елішілік және еларалық әртүрлі формадағы орын ауыстыруы болып табылады. Еңбек күшінің миграциясы – адамзаттың өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін енгізеді. Алғашқы қауымдық құбылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдардың құнарлы, ауыл шаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Бұл өмір сүру және жұмыс істейтін орынын, әлемдік цивилизация мен халықаралық еңбек нарығы белгілеген құқықтары мен мүмкіндіктері бар ерікті мигранттар, келесісі, мәжбүрлі мигранттар және босқындар, қоғамда болған әртүрлі жағдайларға байланысты тұған жерлерін тастап кету. /2, 1-3бөлім/. Бұндай мигранттардың масштабты ағымдары мен драматизмі әртүрлі тарихи кезеңге байланысты ғаламдық мәселе болып табылады. Бұны кең көлемді халықаралық келісімдер шешеді.
Әлемдік қоғамдастық күні бүгінге дейін халықаралық деңгейде тікелей салмағын, санын, сапасын, ерекшеліктері мен миграциялық процестерден кейінгі әсерілерін сезінбеген, қиын жағдайда координациялау және миграциялық ағымдарды ұжымдық бағыттау қажеттігін түсінген. Ұйымдық-институтционалды, нормативті-құқықтық және қаржы механизімін реттеу, ғаламдық (БҰҰ көлемінде және басқа де ұйымдар), ұлттық (көбіне өндірісі дамыған елдерде) және аймақтық (аймақтық экономикалық ұйымдар) деңгейде, әлемдік қоғамдастық халықаралық миграция сферасының қиын жағдайын біртіндеп шешуге және миграциялық ағымдарды азайтуға болады. Біздің ғасырымыздың соңғы он жылдығында еңбек ресурстардың импортер және экспортер елдері өздерінің миграциялық саясатына түрлі өзгерістер мен сипаттамалар енгізуде.
1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Швецарияның бір бөлігінде ескі миграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезде ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгриядан, Италиядан және Ресейден жұмысшыларды әкелінуі басталды. /1, 139б/
Халықтың және еңбек ресурстарының еларалық миграциясы экономикалық және әлеуметтік мәселелердің әртүрлі деңгейде пайда болуымен және демографиялық жарылыстың өсуіне байланысты болады, еңбек күшін қабылдаушы және беруші елдер. Иммиграцияның географиялық орталығы көбіне дамыған елдер: АҚШ, Канада, Австралия, Батыс Еуропалық елдер, сонымен қатар мұнайды экспорттаумен үлкен табыс алатын және экономикасы қарқынды дамудағы елдер (Бахрейн, Кувейт, Біріккен Араб Эмираттары, Сауд Арабиясы және т.б.).
Сыртқы еңбек миграциясы халықаралық тұрғындар мграцияның бір бөлігі, еңбек күшінің қоныс аударуын сипаттайтын, экономикасы нашар дамыған елдерден экономикасы дамыған елдерге уақытша қоныс аударып, өз отанына қайта оралу мүмкіндігі бар болады.
1. Елемесов Р.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар». А.,2002.
2. Мировой рынок труда. – М.: Наука, 1994.
3. Сергеев Е.Ю. Международные экономические отнашения: Курс лекции. – М.: Информационно-внедренчиский центр «Маркетинг», 2000.
4. Международные экономические отношения: Учебник для вузов/ Под ред. Рыбалкина В.Е. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
5. http://www.rambler.ru Страницы: 1. Миграционная политика в РК. 2. Международно-правовые основы международной миграции рабочей силы. 3. Статистические данные мигрантов в РК.
6. Статистическое обозрение Республики Казахстан. //Ежеквартальный журнал//. №1,2.- 2006.
7. МТБ. Конвенции и Рекомендации принятые Международной конференцией труда. 1919-1986. – Женева, 1988.
8. Ашимбаев М. «Миграция в Центральной Азии: Проблемы и перспективы». Материалы Международной конференции. А.: Дайк Пресс, 2005.
9. Садовская Е.Ю. Миграция в Қазахстане рубеже ХХІ века: новые тенденци и перспективы. А., 2001.
10. http://www.knb.kz/28.05.2004; http://www.knb.kz/16.11.2004.
11. //Егемен Қазақстан. №121. 2.07.2004ж.//
12. //Экспресс К, №33, 19.09.2000ж.//

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Еңбек күшінің халықаралық миграциясы ”

Тексерген: Тұмбай Ж.О.
Орындаған: Құспанова Н.
ЭК05К1 тобы

Алматы 2007ж
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. ЕҢБЕК КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ МӘНІ ЖӘНЕ ПАЙДА
БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.1. Еңбек күшінің халықаралық миграция түсінігі, түрлері және пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
І.2. Еңбек миграциясының орны, орталықтары мен негізгі
бағыттары ... ... ... .9

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК КҮШІНІҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ.1. Қазақстандағы қалыптасқан миграциялық жүйе және оның
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ.2. Қазақстанда еңбек күшінің миграция үрдісін мемлекеттік
реттеу ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

КІРІСПЕ

Адамзаттың интернационализациясы, шаруашылық және әлекуметтік- мәдени
өмірінің демократизациясы, сондай-ақ ұлтаралық қарама-қайшылық, ұлттар мен
елдер арасындағы тікелей қақтығыс, төтенше жағдайлар мен табиғат
апаттарының бір көрінісі болып, халық пен еңбек ресурсының үлкен
масштабтағы елішілік және еларалық әртүрлі формадағы орын ауыстыруы болып
табылады. Еңбек күшінің миграциясы – адамзаттың өмір сүруі сияқты көне
құбылыс. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін
енгізеді. Алғашқы қауымдық құбылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен,
өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа
негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдардың құнарлы, ауыл
шаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Бұл өмір сүру және жұмыс істейтін орынын, әлемдік цивилизация мен
халықаралық еңбек нарығы белгілеген құқықтары мен мүмкіндіктері бар ерікті
мигранттар, келесісі, мәжбүрлі мигранттар және босқындар, қоғамда болған
әртүрлі жағдайларға байланысты тұған жерлерін тастап кету. 2, 1-3бөлім.
Бұндай мигранттардың масштабты ағымдары мен драматизмі әртүрлі тарихи
кезеңге байланысты ғаламдық мәселе болып табылады. Бұны кең көлемді
халықаралық келісімдер шешеді.
Әлемдік қоғамдастық күні бүгінге дейін халықаралық деңгейде тікелей
салмағын, санын, сапасын, ерекшеліктері мен миграциялық процестерден
кейінгі әсерілерін сезінбеген, қиын жағдайда координациялау және
миграциялық ағымдарды ұжымдық бағыттау қажеттігін түсінген. Ұйымдық-
институтционалды, нормативті-құқықтық және қаржы механизімін реттеу,
ғаламдық (БҰҰ көлемінде және басқа де ұйымдар), ұлттық (көбіне өндірісі
дамыған елдерде) және аймақтық (аймақтық экономикалық ұйымдар) деңгейде,
әлемдік қоғамдастық халықаралық миграция сферасының қиын жағдайын біртіндеп
шешуге және миграциялық ағымдарды азайтуға болады. Біздің ғасырымыздың
соңғы он жылдығында еңбек ресурстардың импортер және экспортер елдері
өздерінің миграциялық саясатына түрлі өзгерістер мен сипаттамалар енгізуде.

1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Швецарияның
бір бөлігінде ескі миграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезде
ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы,
әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар
АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және
Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгриядан, Италиядан және Ресейден жұмысшыларды
әкелінуі басталды. 1, 139б
Халықтың және еңбек ресурстарының еларалық миграциясы экономикалық
және әлеуметтік мәселелердің әртүрлі деңгейде пайда болуымен және
демографиялық жарылыстың өсуіне байланысты болады, еңбек күшін қабылдаушы
және беруші елдер. Иммиграцияның географиялық орталығы көбіне дамыған
елдер: АҚШ, Канада, Австралия, Батыс Еуропалық елдер, сонымен қатар мұнайды
экспорттаумен үлкен табыс алатын және экономикасы қарқынды дамудағы елдер
(Бахрейн, Кувейт, Біріккен Араб Эмираттары, Сауд Арабиясы және т.б.).
Сыртқы еңбек миграциясы халықаралық тұрғындар мграцияның бір бөлігі,
еңбек күшінің қоныс аударуын сипаттайтын, экономикасы нашар дамыған
елдерден экономикасы дамыған елдерге уақытша қоныс аударып, өз отанына
қайта оралу мүмкіндігі бар болады.

І. Еңбек күшінің халықаралық миграция түсінігі

І.1. Еңбек күшінің халықаралық миграция түсінігі, түрлері және пайда болу
себептері

Әлемдегі халықтың қоныстану құрылымы адамзаттың өмір сүру жасына
байланысты екі түрін көрсетеді: еңбекке жарамды - 15-60 жас аралығында және
еңбекке жарамсыз – балалар мен зейнеткерлер. Халықтың 70% бірінші түріне
кіреді, бірақ кейбір аймақтарда басқаша болып келеді. Мысалы, Азия және
Африка мемлекеттерінде кәмелетке толмаған балалардың саны көп болса, ал
Европа және Солтүстік Америка елдерінде – зейнеткерлердің саны көп болып
келеді.
Өз кезегінде халықтың еңбекке жарамды бөлігінің өзі: экономикалық
белсенді және белсенді емес болып бөлінеді, соңғы категориясына көбіне
жоғарғы оқу орынының күндізгі бөлімінде оқитын студентер, азаматтар,
мемлекеттің көмегіне жүгініп келген, тұрғылықты өмір сүретін орыны жоқ
адамдар және т.б. Бізді көбіне экономикалық белсенді, еңбекке жарамды
адамдар қызықтырады. Дәл осы категориядағы адамдар елішінде және еларалық
жұмыс іздеумен қоныс аударады.
Халықаралық еңбек миграциясы дегеніміз еңбекке қабілетті халықтың бір
елден екінші елге әртүрлі себептер мен мақсаттарға байланысты бір жылдан
артық уақытқа қоныс аударуы. Халықаралық еңбек күшінің миграциясының
бірнеше анықтамалары бар. Басқаша түсіндіретін болсақ, ол еңбекке жарамды
халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек
күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.
Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы
және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандандырылуы мен
бағытталуының, ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Миграцияны ішкі және сыртқы миграция болып екіге бөлінеді.
Халықаралық миграция иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің
кетуі, миграциялық сальдоға бөлінеді.
Иммграция – жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі
бір мерзімге орналасу мақсатымен келуін немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция – жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс
орынын алу мақсатымен елден кетуі.
Рэмиграция – эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып
келуі (оралмандар).
Милардың ағымы - жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо – кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы
айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс
болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады.
Ал егер эмиграция иммиграциядан төмен болса, миграциялық сальдо оң болып,
елге жұмысшы күшінің келуі байқалады. 1, 140-141б
Халықаралық еңбек миграциясының ұзақ мерзімді тарих (біздің эрамызға
дейін де адамдар қоныс аударған) бар, бірақта ХХ ғасырда ол өндірістің
қоныс аудару факторларының айрықша бір формасы, яғни халықаралық
экономикалық қатынастардың бөлек сферасы болып отыр. Бұның бірнеше
себептері бар:
• Шаруашылық өмірдің интернационализациялауы
• Көрінбейтін әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
• Техникада, ғылымда және информация сферасындағы революциялар
• Интеграциялық процестердің дамуы
• Трансұлттық корпорацияның шаруашылығы (ТҰК)
• Әртүрлі саяси, экономикалық, әлеуметтік және табиғи факторлары.
Бұл факторлардың барлығы еңбекке жарамды халықтың қоныс аударуына әкелген,
елдердің және материктердің арасындағы қоныс аудару дамыған инфрақұрылымдық
коммуникацияны қажет етеді. Бүгінгі таңда әлемдік еңбек күшінің нарығы
қалыптасты (ӘЕКН), негізін елдер және аймақтар арасындағы экономикалық
активті халықтың миграциялық айналымы құрайды және әлемдік экономика мен
ұлттық шаруашылық жүйе ішінде өндіріс күшінің деңгейіне, орналасуына және
мінез-құлықына зор әсерін тигізуде. ХХ ғасырдың соңына еңбектенуші
мигранттардың саны 35 млн. адам болды, салыстырмалы түрде 3,5 есе көп 1960
жылға қарағанда. ӘЕКН-ң құрылымына тек қана мигранттар емес, сонымен қатар
әртүрлі деңгейдегі заңды статустағы ие шетел-мигранттарының сұрақтарымен
айналысатын, олардың еңбектері мен құқықтарын қорғайтын және әлеуметтік
кепілдіктер берумен айналысатын миграциялық, халықаралық ұйымдар кіреді.
Халықаралық миграция айналымының құрылымын түсіну үшін оның түрлерін,
әртүрлі критерийлерге байланысты бөлінуін қарастыру қажет. Соның ең керекті
және маңыздылары:
• Уақытқа байланысты – уақытша, қайта оралатын (маусымдық), тұрақты
және қайта оралмайтын (тұрақты өмір сүру орны)
• Әлеуметтік құрылымына байланысты – мамандандырылмаған, орта
техникалық жұмысшылар және студенттер (демалыс уақытында, ғылыми
мамандар, мәдениет және спорт мамандары және т.б.)
• Келісімшарт бойынша
• Фронтульерлер – маятник мигранттар
• Мінез-құлыққа байланысты – тікелей және жанама ( фирма ішілік ТҰК
шеңберінде)
• Еңбек келісімі негізінде - өзіндік және ұжымдық
• Қабылдаушы елдегі статустың түрлеріне байланысты – ассимиляциондық
(сол елде қалып азаматтығын алып, өмірлік тұруға қалады) және
ассимиляциондық емес.
Халықтың кең көлемді қоныс аударуын айтатын болсақ, бұл курстық
жұмыста тек еңбек миграциясы айтылады, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлі
себептерге байланысты халықтың бір елден екінші елге қоныс аударын
айтады. Адамзаттың өз отанын тастап басқа елге қоныс аудаудың басты себебі
- әр адам өзінің экономикалық жағдайын жақсартуда және өз біліктілігін
тиімді қолдану мақсатында болады. Бірақ миграцияның кері әсерлері де бар,
яғни әлеуметтік-экномикалық сипаттағы жұмыссыздық, аграрлық көшу сияқтылар
сол елдің экономикасына жағымсыз әсерлер әкелуде.
Еңбек миграциясының қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді, соның
ішінде ең маңыздысы экономикалық, саяси, құқықтық немесе әлеуметтік және
соңғысы табиғи факторлар.
Экономикалық жағдайлардың ішінде мыналар ерекшеленеді.
Әлемдік интеграция процесі. Ол қоғамдық барлық салаларын қамтиды.
Халықаралық капитал мен тауар рыногының болуы, әлемдік шаруашылық айналымға
еңбек ресурстарын енгізіп, әлемдік еңбек рыногын қалыптастыруға әсерін
тигізідеі. Мысалы, Еуропалық қауымдастық, оның құрамында қазіргі уақытта
340 млрд. адам тұрады. Оның ішкі еңбек миграциясы жылына 5 млн. адамға
жуықтайды. Біртұтас экономикалық кеңістіктің бар болғанына қарамастан,
еңбекақы мен жұмыс күнінің ұзақтығында ұлттық айырмашылық сақталуда.
Жұмыссыздық деңгейі бойынша да үлкен айырмашылқтар бар: 17% Испания пен
Ирландияда, ГФР-де 5-6%, Португалияда 8,5%.
Еуропалық қауымдастықтың еңбек рыногы ашықтылығымен сипатталады.
Ресми жұмыспен қастылған шетелдіктер саны 13 млн. адам осы аумақта жұмыс
істеуде.
Елдердің экономикалық дамуындағы айырмашылығы. Әлемде бір жағынан
өмір деңгейі төмен және жұмыссыздық деңгейі жоғары елдердің болуы, екінші
жағынан экономикалық потенциалы жоғары елдердің болуы әлемдік құрылымдағы
теңсіздікке әкеліп, өз кезегінде халық қозғалысының бір ебебі болуда.
Еңбек күшінің ұсыныс пен сұраныс механизміндегі резервтік еңбек
армиясының интернационалдандырылуы еркін жұмысшы күшінің қолданылуы
жерлеріне қарай қозғалуына әкеледі.
Саяси құрылыс жұмысшы күшінің келуі мен кетуінің саяси жағдайларының
негізін қалайтын сыртқы саясатты қалыптастырады. Демократиялық және
тоталитарлық мемлекеттер өз халқы үшін ішкі және сыртқы миграцияға әр түрлі
жағдайларды қалыптастырады.
Еңбек миграциясын анықтайтын құқықтық жағдайларға мемлекет, аймақ,
территория арасындағы еңбек ресурстарының қозғалысын реттеуге және
бақылауға көмектесетін, құқықтық және нормативтік актілер, заңдар,
халықаралық, мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі келісімдер бар.
Табиғи фактор болып табиғи апаттар, әр түрлі табиғи тасқындар, жер
сілкіністері және т.б. т.с.с.
Алдыңғы екі фактор: экономикалық және саяси факторлар мәжбүрлі түрде
жүргізіледі. Ал қалған екі фактор: әлеуметтік және табиғи факторлар ерікті
түрде, халық өз еркімен қозғалады. 1, 147-148б
Қазіргі мемлекеттер еңбек миграциясын бағыттауда үлкен үлес қосуда.
Құқықтық негіздері екі жақты бірдей қызықтыратын жағдайда мигранттарды
бағыттаушы (экспортер ел) және қабылдаушы (импортер ел) елдер екі немесе
бірнеше жақты келісімдер арқылы жасау керек. Бұл бағыттағы халықаралық
конвенцияға дайындықта серіктес әлемдік ұйымдар бар, олар БҰҰ-ң халықты
қоныстандыру комиссиясы, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық
миграциялық ұйым (ХМҰ). Аймақтық құрылымның мысалы ретінде, еңбек етуші
мигранттардың құқықтарын қорғаушы Батыс Еуропалық Үкіметаралық миграцияның
комитеті болып табылады. ӘЕКН-ң ішіндегі қатынастарды реттейтін базалық
халықаралық нормативті акттер, ХЕҰ-ң 1962, 1975 және 1982 жылдар болған
Конвенцияда белгіленген. Бұл құжаттардағы статьялар мигранттарды жалдау,
олардың құқықтарын қорғау және заңсыз мигранттармен күресу болып табылады.
Қазақстан Республикасының саясатына келетін болсақ, республикалық
миграциялық ұйым мигранттардың келіп-кетуін әртүрлі заңдарға сәйкес
келеді. 3, 251 б

I.2. Еңбек миграциясының орны, орталықтары мен негізгі бағыттары

Еңбек рыногысыз әлемдік экономикалық жүйенің толық іс-әрекет етуі
мүмкін емес, бұл жүйенің қозғаушы және өзгертуші күштерінің бірі болып
еңбек күші миграциясы болып табылады. Әлемдік еңбек күші рыногы шетел
жұмысшы күшіне ұсыныс пен сұраныс механизмі жұмыс істеген жағдайда пайда
болады. сонымен қатар, ұсыныс пен сұраныс абстрактілі емес, жұмысшы күшінің
оның пайдалну жеріне қозғалысының нақтылығы арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек күші рыногының үш типі болады: жергілікті (аймақты), ұлттық
және халықаралық. Жергілікті еңбек рыногына мыналар кіреді:
1. еңбек ресурстарының бір бөлігінің шетелге кетуі жергілікті деңгейде
өте қатты білінеді. Ол жекелеген кәсіптік-мамандық топтар, салалар,
территорияда білініп, еңбек ресурстарының құрылымдық тапшылығының
пайда болуына әкелуі мүмкін.
2. иммиграция жаңа жұмыс орындарын жасақтауға көмектеседі.
Миграцияның оң және теріс әсерлері ұлттық еңбек рыногында жақсы
байқалады:
1. Еңбек күші миграциясы жергілікті еңбек рыноктарындағы шиеленістерді
жоя алады.
2. Сыртқы еңбек миграциясы күшінің сапалық құрылымының өзгеруіне әсер
етеді.
3. Миграция маманданған және маманданбаған жұмысшы күші тапшылығын жоюдың
көзі ретінде табылады. Ұлттық еңбек рыногының тиімді дамуы тек еңбек
күшінің еларалық қозғалысының еркіндік жағдайында болуы мүмкін
4. Жоғары білікті мамандардың шетелге ауып кетуі.
Халықаралық еңбек рыногында:
1. Миграция ұсыныс пен сұраныс механизмнің тәсілі ретінде көрінеді
2. миграция жеткілікті рыноктарды мамандық, кәсіп, мамандық деңгейі
бойынша қамтамасыз етеді
3. Ол ұлттық рыноктарда жұмысшы күші санын реттеу функциясын атқарады.

Донор ел – жұмысшы күшінің белсенді экспорты бар мемлекет.
Миграциялық салдосы теріс болады.
Реципиент ел – жұмысшы күшінің белсенді ағымы келіп, оның импорты
байқалатын мемлекет. Миграциялық салдо оң болып келеді.
Донор елдердің қатарына дамушы елдер, ал реципиент елдерге жоғары
дамыған елдер тобының кіруі жалпы әлемдік тенденция болып табылады.
Көптеген мамандардың пікірінше, миграция процесінің дамуы донор елден
ең маманданған, белсенді еңбек ресурстарының кетуіне әкеліп соқтырады. Олар
шетелге білімділердің кетуі, ел экномикасына толтырмайтын зиян әкеледі деп
есептеуде. Соңғы онжылдықтардағы зерттеулер бұл көзқарастарды растайды.
Миграция нәтижесінде ел өз жұмысшы күшінің қаймағы болатын адамдарынан
айырылып, босаған жұмыс орындарына дайындылығы мен белсенділігі төмен
жұмыскерлермен толықтырылатын жағдайлар болған.
Көптеген жағдайларда, миграция белсенділігі маманданбаған, жартылай
маманданған еңбек ресурстарының кетуіне байланысты екені белгілі болды.
Халықаралық еңбек ұйымы деректері негізінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі
бойынша, Таяушығыстық экономикалық өрлеу кезінде негізгі азиялық донор-
елдерден шыққан еңбек мигранттарының көбі аз маманданған немесме
манаданбаған болғаны анықталады.
Қазіргі уақытта бұл елдерде кәсіптік-мамандану құрылымы сақталып,
олар үй қызметшілерін экспорттауға мамандануда.
Маманданған жұмысшылардың кетуі барлық жағдайда орны толмас зиян
әкеле бермейді. Оның салдары еңбек рыногындағы жағдай мен сыртқы
миграцияға қай кәсіптік топтар енетініне байланысты. Бірқатар Оңтүстік Азия
елдерінде, маманданған еңбек ұсынысы сұраныстан көп болғандықтан, еңбек
миграциясы жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін жоғарлатты.
Эмиграциялық мәліметтерді зерттеу эмиграцияны орта табыс пен
жалақының орта деңгейінің көтеруіне әсер ететінін көрсетті. Тіпті халықтың
ең кедей топтарының табысы мен жалақы деңгейінің аз дегенде кемітпей,
жоғарылауныа әкеледі. Сондықтан әлеуметтік салада миграцияның оң әсерін
көбінесе қоғамның барылығына болмаса да, бір бөлігінің әл-ауқатының
жоғарылауымен байланыстырылады.
Оның кері салдарына, көбінесе, әлеуметтік теңсіздіктің өсуі мен осы
негіңздегі қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуін жатқызады. Бірақ бүгін
эксперттердің көпшілігі бұл көзқарасты, бірқатар зерттеулерге жүгініп,
қолдамайды.
Азия миграциясының ДЕҰ-БҰҰ жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеулер
осы елдердің мигранттарының көбісі шетелге жұмысқа алу, елге келу мен еңбек
жағдайын реттейтін заңдарды бұзумен байланысты заңсыз миграция болып
табылады.
Донор елдердің экономикасы үшін мигранттардың валюталық қаржыларының
келуінің өте маңызды мәні бар. Олар көптеген елдерде қаржы жағдайының
жақсаруына көмектеседі.
Төлем абалансының статистикасы бойынша еңбек күші миграциямен
байланысты көрсеткіштер ағымдағы операциялар балансының бір бөлігі болып
табылып, 4 баппен топтастырылады.
Еңбек табысы, жұмыстыларға берілген төлем – ел резиденттеріне
мигранттардың жасаған жұмысы үшін алынғвн жалақысы, нақты ақша немесе
заттай басқа төлемдері. Жеке резиднет емес басқа тұлға қатарына бір жылдан
астам шетел жұмысшыларының бәрі, оның ішінде маусымдық жұмысшылар,
шекаралық жұмысшылар, уақытша табысқа келген жұмысшылар, шетеле
өкілеттерінде жергілікті азаматтар кіреді.
Мигранттар ауысуы – мигранттардың басқа елге көшкендегі өзімен бірге
алынатын мүліктің ақшалай құнын бағалау көрсеткіштері. Бұл жердегі
эмигранттың мүлігін шығару елдің тауар экспорты ретінде көрсетіледі.
Бірқатар кішігірім елдер үшін эмигранттардың ақшалай аударулары
валюталық түсімдердің маңызды көзі ретінде болуда. Мысалы, Үндістан мен
Пәкістан сияқты ірі елдерде тауар экспортынан түсетін түсімдердің мөлшері
10-27%. Еңбек ресурстарының экспорты бойынша бірінші орынды иеленетін
Филиппинде бұл саладан жыл сайын 3 млрд АҚШ долларына дейін түсіп, тауар
экспорты табысы тек 9 млн. АҚШ долларын құрауда. Эмигрант-жұмысшылар үшін
қор жинау нормасының жоғары болуына тән. 1, 149-151б
Еңбек миграциясы әр елдерге тән. Бірақ оның интенсивті деңгейі әр
аймақта әртүрлі болады. Еңбек етуші мигранттардың ең интенсивті ағымдары
әлеуметті-экономикалық және демографиялық деңгейі жоғары экспортер және
импортер елдер. Көлеміне байланысты 4 миграциялық бағыттардың серіктестік
миграциялық айналымның ішінде бірінші орынды еңбек күшінің дамушы елдерден
экономикасы дамыған елдерге ауысуын айтады. Мамандар көрсеткендей
миграцияның маршруты: дамыған Батыс Европа елдері мен Солтүстік Америка
елдеріне экономикалық нарықтағы бұрынғы социалистік елдерден (мысалы,
Оңтүстік Америка елдерінен Солтүстік Америка елдеріне ауысады) келеді.
Практикада еңбек миграциясының басқаша варианты бар: дамыған елдерден
дамушы елдерге ауысуы. Бұл вариантты таңдайтын мигранттардың саны аз немесе
ТҰК-ң, бөлімшелердің, әртүрлі қорлардың ұжымдары, сонымен қатар қызықты
ситуациялар іздейтіндер және авантюристер. 300 жыл бойы Солтүстік Америка
(АҚШ және Канада) мигранттардың ең көп тартылатын орталығы болып табылады.
Америкалық статистика бойынша 90-жылдар ішінде АҚШ-қа жылына заңды 1 млн.
мигранттар кірген, бірақ квота 675 мың адамға берілген. Келесі
мигранттардың ең ірі тарту орталығы Батыс Еуропа елдері. Бұнда әлем шетел
мигранттарының ¼ бөлігі келеді. Аймақтың көшбасшысы – Франция (8%) және
Германия (7,5%). Сонымен қатар Батыс Еуропа елдерінің ішінде мигранттарды
тартушы Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швецария, Австрия. Үшініші еңбек
миграциясының әлемдік орталығы, үкіметі нашар демографиялық жағдаймен
мазасыздануда –Австралия мемлекеті болып табылады. Бұл елде халық санын
көбейту мақсатында орта жастағы әйел адамдарды ( бұнын ішінде күйеуге шығып
және бала таба алатын) шақыруда.
Сонымен қатар миграцияның ең ірі орталықтарының бірі Израиль болып
табылады. Бұрын Отанынан кетіп қалған еврейлерді қайта оралу және де діни
шатақтарды болдырмау мақсатында қайта тартуда. Елдің миграция органдары тек
саяси факторлармен қатар экономикалық факторлардың болуын айтады. Бұның
себебі, экономикасы нашар елдерден қазіргі жағдайда экономикасы өте
қарқынды дамудағы Израильге көшумен тікелей байланысты болып отыр.
Соңғы он жылдықта мигранттардың тартылатын аумақтық орталығы пайда
болды. Олар Парсы шығанағындағы мұнайлы елдер: Сауд Аравия, Катар, Кувейт,
Бахрейн, Біріккен араб Эмираттары және жаңа индустриялды Латын Америка
елдері: Аргентина, Бразилия, Мексика, сонымен қатар Азиядағы жаңа
индустриялды-инновациялық елдер: Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайвань. Ал
Африка материгінде мигранттардың ең көп тартылу орталығы – Оңтүстік Африка
республикасы болып табылады. ТМД елдерінің арасында ең ірі мигранттар
тартылу орталығы: Ресей, Қазақстан сияқты экономикасы тұрақты елдер жатады.
Біздің елімізден экспорттаралатын жұмыс күші жылына 10 мың адам шамасында.
Олардың көбін импорттайтын АҚШ, Герамния, Швецария, Бельгия және де т.б.
дамыған елдер болып табылады. 4, 197б

II. Қазақстан республикасындағы еңбек күшінің миграциялық даму
ерекшеліктері

ІІ.1. Қазақстандағы қалыптасқан миграциялық жүйе және оның дамуы

Елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына тәуелсіз түрде
қалыптасқан жұмысшы күшінің миграциясы барлық елдерге тән сипат алған.
Бірақ та әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл процесс индустриясы дамыған
елдерде болып өткен ауыр кезеңдерде жұмысшы күшінің экспорты валюталық
түсімнің қайнар көзі болып табылады. Қазақстандағы еңбек күшінің миграциясы
бұрыңғы КСРО кезінен де әрекет етуде. Ал қазіргі нарықтық экономикаға өту
Қазақстан Республикасының ашықтылығына ықпал етіп, оны халықаралық
ынтымақтастыққа, оның ішінде еңбек күшінің сыртқы және ішкі миграциясына
енуіне әкелуде. Ұлттық рыноктың интернационализациясының қарқындылығына
әкелетін ішкі және сыртқы ынталандырушы себептерді талдаудың қажеттігі
туындайды. 1, 168-172б
70-80-жылдары Қазақстан пайда болған халықтың эмиграция құбылысы
республикааралық халықтың миграция шеңберінде халықтың тұрақты және
интенсивті түрде қысқаруы нәтижесінде қалыптастырылады.
Тәуелсіздік алу мен шекараларды ашу Қазақстан Республиксына шетел
капиталының ағымын ынталандырады. Ол бағалы және арзан еңбек ресурстарын,
шетел жұмысшы күшінің иммиграциясын пайдалануға тырысты. Екінші жағынан
еліміздің азаматтарының бір бөлігі шетелде жұмыс табуға тырысуы болды. Осы
бағытта еліміздің халықаралық еңбек рыногына енуіне әсер етіп, ол енді
ғылыми ғана емес, практикалық мәні зор болуда.
Қазіргі уақытта халықаралық еңбек рыногын тек білімділердің кетуі мен
ұлттық еңбек рыногын ұлғайтуға әсер ететін фактор ретінде қарастыруға
болмайды, ол енді еңбекті пайдаланудың жаңа сферасы ретінде қарастырылуы
қажет. Халықаралық еңбек рыногының басты өзгешелігі – жұмыстылықтың, еңбек
қатынастырының, қайта құрудың құрылымын ынталандыру, жаңа әлеуметтік
құрылымдар ұйымдастыру, еңбек сферасында ынталандыру мен бәсекелестігін
жоғарлатудың жаңа түрлерін қалыптастыруы.
Бүгінгі күні кез келген ел, даму деңгейі мен құрылымынан тәуелсіз, өз
еңбек потенциалын пайдалану тиімділігі, ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін ендіру, өндіріс құрылымының тиімділігін арттыру мәселелерімен
қандай да бір дәрежеде бетпе-бет келеді. Бұл мәселелерді кейде бір ел
шеңберінде шешу мүмкін емес. Оған бүкіл әлем қауымдастығының күш-жігерін
үйлестіру, халықаралық адам және еңбек ресурстарымен алмасу мақсаттарындағы
еңбек күшінің жоғары мобильдігіне жетуі саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдайларды қалыптастыруды қажет етеді.
Халықтың белсенді қозғалысын негізгі ынталандырушы – экономикалық
мүдде болып табылады. Миграцияны ынталандыру себептерінің ішінде жоғары
табыс алу мүмкіндігі, әл-ауқат деңгейін жоғарлату, жұмыс істеу үшін қажетті
жағдай жасау, өзінің мүмкіндіктерін толық пайдалану, болашақта балаларына
білім беру мен жұмысқа орналасу, тағы осы сияқты себептер басым түсіп отыр.

Бірінші жағынан, Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы
Халықаралық дербес құқығындағы еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі
Жұмысшы күшінің миграциясы
Әлем шаруашылығының дамуындағы жұмысшы күші, миграцияның дамуы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Жұмысшы күшінің Қазақстандағы жағдайы
Халықаралық еңбек бөлінісі.Халықаралық интеграция.Халықаралық сауда.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Пәндер