Еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудиті


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Тарау. Еңбек және еңбекақы есебі
- Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі 5
- Еңбекақы жүйелері, түрлері және нысандары 9
- Орташа және қосымша еңбекақы есептеу тәртібі 14
- Істелген жұмыс уақытының есебі 20
- Еңбекақының талдамалық және топтамалық есебі 23
2 Тарау. Еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудиті
- Еңбекақы бойынша есеп айырысуларды тексерудің бағдарламасы 29
- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар аудитінің әдістемесі 44
- Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдарды тексеру 49
3 Тарау. №2 СДЮСШОР мысалында еңбекақы есептеу және
оны бақылау ерекшеліктері
3. 1. №2 СДЮСШОР-да еңбек және еңбекақы есебін жүргізу тәртібі 52
- Қызметкерлердің еңбекақысынан есептелетін аударымдарды
салықтық бақылау 57
- Еңбекақы бойынша шығындар сметасының орындалуын тексеру 63
Қорытынды 66
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар
Кіріспе.
Кез-келген кәсіпорын бухгалтериясында қызметтің маңызды бағыттарының бірі жұмысшылар еңбекақысының есебі болып табылады. Бухгалтер жұмысының неғұрлым күрделі және жауапты учаскесі болғанына байланысты еңбек және еңбекақы есебі кәсіпорынның есептік жүйесінде басты орындардың бірін алады.
Қазақстанның нарықтық шаруашылық жүйесіне өту жағдайында экономикалық және әлеуметтік хал-ахуалдың өзгеруніе сәйкес еңбекақы төлеу, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және қолдау саласындағы саясат та елеулі елдердегі төлеу жүйесін жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Еңбекақы шығындары өнімнің өзіндік құнының маңызды элементі болып табылады, сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің артуына, өзіндік құнның төмендеуіне, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.
Осы аталғандар мәселенің өзектілігін айқындап, дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды. Жұмысымыздың негізгі мақсаты еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық аспектілерін жүйелеу, нақты бір мекеменің мысалында талдамалық мәліметтерді зерттеу, сондай-ақ еңбекақы есебі, аудиті және оны талдау бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- еңбекақы категориясының мәнін анықтау;
- еңбекақыны ұйымдастыру және оны реттеудің негізгі принциптерін зерттеу;
- еңбекақы есептеу формала
- ры мен жүйелерін қарастыру;
- кәсіпорындарда түрлі категориядағы жұмысшыларға еңбекақы есептеу тәртібімен танысу;
- жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысулардың аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
- еңбекақы қорының пайдаланылуын талдау т. б.
Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың озық еңбектері, заң және нормативтік актілер, статистикалық ақпараттар, баспа материалдары және Оңтүстік Қазақстан облысы кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің №2 олимпиялық резерв спорт мектебінің нақты мәліметтері қолданылды.
№2 СДЮСШОР - бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме. Ол заңды тұлға ретінде тіркелген, дербечс балансы, кредиттік ұйымдарда жеке счеты бар.
№2 СДЮСШОР мекемесі келесі бағыттар бойынша қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- балалар мен жасөспірімдердің арасында олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізу;
- спорт түрлері бойынша ҚР командаларының құрамын толықтыруға қабілетті жоғары білікті спортшыларды даярлау;
- спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Зерттеу процесінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің әдістемелік тәсілдері кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, жұмыс теориялық нақты мысалдарға, есептеулерге негізделген практикалық сипатта орындалғандықтан, құндылығы жоғары деп есептейміз.
1 Тарау. Еңбек және еңбекақы есебі
- Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын
пайдалану есебі
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік - ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық - құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады. (Н. Айымханова «ҚР Еңбек құқығы» 86 бет)
Еңбекақы - бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс. (ҚР Еңбек Кодексі, 115- бап. 2-тармағы) .
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.
Кәсіпорынның еңбек пен еңбекақы есебінің басты міндеттеріне тоқталып өтсек:
- өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтап, жүргізу.
- еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
- жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылап талдау.
- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау және талдау.
- жұмысшы және қызмекрлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
- өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
- еңбек және еңбек ақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру келесі жағдайларды қарастырады:
а) еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолданады.
б) еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогресттік құрылымын қолданады.
в) еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолданады.
Ең бастысы, жұмыс беруші тұлғамен жұмысалушы тұлғаның арасында арнайы келісілген «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес өзара тікелей жеке еңбек келісім шарттарын жасайды. Бұл құжат жұмыс беруші мен жұмыс алушы тұлғаның арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар екенін әрбір басшы білуі шарт, оған сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдер және әрбір кәсіпорынның әлеуметтік жағдайына байланысты жәрдемақылық төлемдер. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Дәл осы ережелердің барлығын пайдаланып әрбір жұмысшы немесе қызметкермен әкімшілік бөлімі қызметіне қарай келісім - шартқа отырып өз жұмысын ұйымдастырады.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
- Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы - қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа топқа бөлінеді.
Басшылар қатарына - президент, ректор, директор, меңгеруші, т. б. жатады.
Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және т. б жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына - құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер, т. б . жатады .
Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың " тізімдегі саны " деп аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны - кәсіпорындар ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.
Жумысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттар рәсімделеді:
- жұмысқа қабылдау жайлы бұйрық;
- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық;
- демалыс берілуі жайлы бұйрық;
- жұмыстан босатылу жайлы бұйрық.
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жумысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімінде еңбек кітапшасы толтырылады. Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып, оған жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылып отырады.
Жұмысқа қабылдау жайлы бұйрық негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжатындағы тиісті жазулар жазылып, оған Т-2 үлгідегі жеке карточка ашылады. Карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты - жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен - жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Әрбір қызметке алынған адамға табельдік номер беріледі. Бұл номер еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын бұйрық негізінде анықталып отырады. Анықталған сан жұмыс уақытын пайдалану есебі табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс.
1. 2. Еңбекақы жүйелері, түрлері және нысандары
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылармен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қарастырылады. Бұл жүйенің негізгі элементтері келесілері болып табылады:
- Тарифтік кесте;
- Тарифтік еңбек ақы мөлшері;
- Тарифтік мамандық анықтамалары;
Көрсетілген жүйеге негізделіп жұмысшылармен қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Бұл кәсіпорын тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріп, жұмысшылармен қызмекерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді. Еңбек пен жалақының пайдаланылуын талдаудың негізі міндетті еңбек өнімділігін одан әрі арттырудың және жалақының үнемдеудің қорын анықтау болып табылады.
Еңбек жөніндегі жоспардың орындалуын талдауда еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырманың орындалуын талдау басты орын алады. Еңбек өнімділігінің деңгейі бір жұмысшыға шаққандағы тауарлы өнімнің бір өлшемнің еңбек сіңірілетін көрсеткіштерімен білдіріледі.
Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі-бір жұмыс түрлерінің күрделілігі жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары, Басшылар мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік сипаттамалары негізінде белгіленеді. Мұнда көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, сынақтан өткізуді, бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекетік орган айқындайды.
ҚР Еңбек Кодексінің 120 бабына сәйкес, еңбек ақы төлеу жүйелері, Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімді, кесімді немесе өзге де еңбекақы жүйелері бойынша төленеді.
Мерзiмдi еңбекақы деп - нақты iстеген уақыты үшiн еңбек ақының мөлшерi немесе тарифтiк мөлшерлемесi бойынша еңбеккерлерге есептелiнетiн жалақы нысанын айтамыз.
Халық шаруашылық саласындағы шаруашылық субъектілерінде қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойындағы қызмет атқарған уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбек ақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе шаруашылық субъектісінің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбек ақы соммасы толығымен төленеді.
Мерзiмдi еңбекақы нысаны жай мерзiмдiлiк және сыйақылы мерзiмдiлiк болып бөлiнедi.
Жай мерзiмдi еңбекақы - өзiне берiлген тарифтiк мөлшерлемесi немесе нақты iстеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептеу. Және ол сағат, күн, ай тарифтiк ставкiлерiмен және окладпен (өтелген уақыт санын бекiтiлген тариф ставкасына көбейтiп есептейдi) өндiрiледi.
Сыйақылы - мерзiмдi еңбекақы жүйесi және басқада еңбек ақылар. қызметшiнiң жұмыстан босатылуы, демалысқа кетуi және басқада оқиғалар кезiнде жұмысшының орташа жалақысынан аударымдар есептелiнедi. Орташа жалақыдан қызметшiнiң еңбек ақысының көлемi түсiндiрiледi алдыңғы уақыттарда алынған еңбекақысының фактiсiмен есептелiнедi. Және сандық пен сапалық көрсеткiштерi үшiн қосымша еңбек ақы сыйақылы - мерзiмдi еңбекақы деп атаймыз.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы ақының 21разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді.
Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншігі дейін бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік- мамандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық- мамандандырылған топтарындағы қызмет иесінің (лаузымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төмендегі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік- мамандандырылған коэффиценттер бойынша анықтайды.
Тарифтік - мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.
Ал мамандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін, мандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.
Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселесін ұжымдық келісім - шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Олар тарифтік- мандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.
Кесiмдi еңбек ақы төлеген кезде алдын ала белгіленiп қойған деңгейде әзiрленген өнiмнiң немесе орындалған жұмыстың әрбiр бiрлiгiне есептейдi. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/ сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.
Кесімді еңбек ақының мынадай жүйелері бар:
- Тікелей кесімді
- Кесімді сыйлықты
- Үдемелі кесімді
- Акордтық
- Жанама кесімді
Тiкелей кесiмдi еңбек ақы жүйесi - бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбек ақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кесiмдi-сыйлықты - бұл қосымша марапаттау төлемiн қарастырады, белгiленген көрсеткiштi орындаған кезде ғана пайдаланады.
Кесiмдi - үдемелi (прогрессивтi) еңбек ақы төлемi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың белгiленген артық өндiргенi үшiн көтермелеу ретiнде пайдаланылады. Норма мөлшерiнде пайдаланғаны үшiн жұмысшыларға төлемдi тiкелей кесiмдi бағалар бойынша есептейдi, ал нормадан асыра дайындалған өнiм үшiн үдемелi бағалар бойынша есептейдi.
Жанама еңбек ақы төлемi. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемi қызмет көрсететiн учаскiсiнiң, цехтың негiзгi жұмысшылардың төлем ақысына шаққандағы процентiмен анықталады.
Еңбек ақы төлемiнiң аккордтық жүйесi. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемiн нормаланған тапсыпманың немесе жұмыс көлемiнiң орындалуы және алдын ала кешендiк жұмыстың тұтастай орындалуына белгiленген жалпы кесiмдiк бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшiн еңбек өнiмдiлiгiн арттыруда және жұмыстың орындалу мерзiмдерiн қысқартуда, олардың ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшiн пайдаланады.
Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) бағалар негізінде белгілейді ал олар болмаған жағдайда- онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативті тапсырмалар мен баға тапсырмалар мен баға(расценок) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.
1. 3. Орташа және қосымша еңбекақы есептеу тәртібі.
Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептелінетін мұндай төлемдерге мыналар жатқызылады:
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем.
- Қызметтік іс-сапарында болған уақытқа төленетін еңбекақы.
- Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем.
- Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.
- Өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшы қызметкерлерге емихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.
- Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем.
- Ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау, тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетінтөлем.
- Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу тағы басқалары.
Орташа еңбекақыны есептегенде шарушылық субъектілері пайдаланып жүрген заңдарға сәйкес мына тәртіптерді басшылыққа алу қажет. Нақтылы жағдайларға байланысты орташа еңбекақы қай мерзімге есептеу керек екендігіне қарай белгіленген. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептелінеді:
-жұмысшылар мен қызметкерлерге зейнетақы есептеу үшін зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы соңғы он жыл ішіндегі кезкелген бес жылдың орташа еңбекақысы;
-жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демалысы үшін, сондай-ақ балалы болған кездегі әйелдерге берілетін демалыс үшін, амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу үшін және тағы да басқа жағдайларда соңғы он екі айдың орташа еңбекақысы алынуға тиіс.
Егер бұл жоғарыда айтылған төлемдерді есептеу барысында жұмысшы- қызметкерлер он екі ай жұмыс істемеген жағдайда, онда орташа еңбекақыны есептеуге дейінгі толық істеген уақыты алынады. Еңбек демалысына төленетін төлемдерді есептеу барысында демалысқа барар алдындағы он екі айдың еңбек ақысы жартылай сақталынған, (ауырған күні, ауырған адамға қараған уақыты, оқу орындарында оқитын студенттерге берілген демалыс, тағы басқалар) уақыттары алынып тасталады. Осы жоғарыда айтылғандарды есептеу кезінде толық бір ай да қалмаған жағдайда демалыс үшін төленетін соманы сол демалысқа барар алдындағы жұмыс істеген күндерге алған еңбекақы соммасын жұмыс істеген күндерінің санына бөліп есептейді.
Шаруашылық субъектілерінде жұмысшы қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz