«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН С¥ЛУ» жырының варианттары


«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН С¥ЛУ» ЖЫРЫНЫҢ ВАРИАНТТАРЫ
«Қозы Көрпеш - Баян сүлу» жыры - қазақ эпосының ең ескі, ең жойқын түрі. Бұл жырды Болат Уәлиханов 1828 жылы Петерборда Сенат үйінде үш күн айтып бітіре алма-ған. Оның варианттары өте көп, ол екі ғасыр бойы жиналып
келеді.
Оларды XVIII-XIX ғасырларда айтқандар Сақау ақын (Баянауыл), Жанақ ақын (Қарқаралы), Сегіз-сері (Оба-ған), Сыбанбай ақын (Көкпекті), Шөже ақын (Көкшетау), Қүлтума ақын (Қорғалжын), Баубек ақын, Бейсенбай ақын (Шыңғыстау), Айтбай ақын (Жетісу, Аягөз), Қатпа ақын (Ташкенттің түбі), жырды көп айтқан Аягөз бен Лепсі бойы ақындарының қолжазбасы да сақталмаған. Осы мәсе-лені жүйелі тексеріп «Қозы Көрпеш - Баян сүлу» жырының қалай тарағанын толығырақ айтып беру ғылымдағы үлы уәзипаның бірі. Ысқақ Дүйсенбаевтың айтуынша жырдың 16 варианты болган, бірақ олар әлі де жаңадан зерттеуді керек етеді. Ысқақтың есептеуіне жырдың онға таяу өзге нүсқалары кірмей қалған. Олар И. Беленицин тапқан қазақ-ша екі нүсқа, Қүлтума ақынның жырлағаны, Ташкент тү-біндегі Қатпа ақынның айтқаны, проф. Саблуковтың Көк-пектіден (1855), Н. Н. Пантусовтың Лепсі бойынан тапқан нүсқасының орысша жазып алған ескі варианты, Г. К. Ганс-тың Алатауда Шарын өзені бойында жазьтп алған тамаша варианты, П. Золотовтың ең алғаш орыс тілінде мазмүнда-ған нүсқасы тағы басқалар.
«Қозы Көрпеш - Баян сүлу» жырының қазақша жазыл-ған ескі нүсқасы Баянауылда атақты Сақау ақын жырлағаи варианты. Ол қолжазбаны 1827 жылы Баяиауылдың Бадыс деген бір қариясынан Қазақстанды зерттеуші И. Беленицин табады. Беленицин Петербордың архитекторы, сурет сала білген, ескі мүраны ете қадірлеген. Қырда округ жасалып, қала салына бастаған кезде (1824-1827) ол Омбыдағы әкім-шілік қарамағына келіп, генерал-губернатордың ерекше тап-
сырмасын орындайтын болады. , 1825-1830 жылдары ол бүтіндей қазақ аулында тұрып, қазақ тілін жүйрік білід алады. Олардың этнографиясын, рухани тірінілігін, зац жүйо-сін зерттейді. Еңбектерін Ахмет Жантуринмен бірігіп жаза-ды. Халың әдебиетінің түрлерін зерттеп, оларға үлкеи баға береді, елді аралап жүріп «Қозы Көрпеш - Баян сүлу» аңы-зын қолына түсіреді, оның бір нұсқасын Аягөз боііыпав табады.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының екі нұсқасын, онымен бірге «Ақбала - Боздақ» деген лирикалы бір одемі поэма тапқанын И. Беленицин Петерборға Сенатқа хабар-лайды. «Мною собраны два стихотворения «Баян сулу - Козу-Корпеч» и «Акбала - Боздак» на татарском (т. е. ка-захском) диалекте, содержащие в себе любопытные подроб-ности о чудесном между казахами, развивающими на образ мыслей, понятий, самый характер, для буквального лишь пе-ревода на отечественный язык, составление коих, поправки, сличения стоили мне не мало труда, до сих пор мне они не возвращены для пояснений или комментарий и для изло-жения их на приличнейшем языке». Енді бір хатында ол осы материалдарды басып шығару мәселесін көтереді. «Со-держание рукописей «Баян сулу» и «Акбала - Боздак» мне совершенно известно ибо в продолжение четырехлетиого почти постоянного в казахской степи, пребывйния я успел не только понимать язык казахов, но и объясняться с ними, следовательно мог судить, и теперь совершенно убежден, что они для меня необходимы. Рукопись должна быть сли-чена с другими (аягозским) экземпляром. К поэмам должны быть приложены рисунки, снятые мною на самом месте про-исшествий (Аягоз) с гранитных изображений геороев этого известного повествования. Можно утверждать, что стихотво-рения могли быть включены в число особых приолжеиий по составленному ойисанию, этим не только способствовать к скорейшему достижению известной цели, но и увеличить предиамеренный план».
Аса өкінішті нәрсе - Беленпцин айтқан қызгылықты ойлар жарық көрмей, белгісіз қалып қойған. И. Беленицин жырдың бір үзіндісін ғана сол кезде шығатын бір журнал-• да хабарлап айтқан.
И. Беленицин тапқан «Қозы Көрпеш - Баян сүлу» жырыяың қазақша қолжазбасың орыс тіліне аудару бір үлкен мәселе болып табылған. Ол туралы Петербор мен Омбы қаласыиың арасында жазысқан хаттар өте көп. '
И. Беленицпн Күнбатыс Сібірден Петерборға қайтарында (1833), ол жердің әкімшілік басқармасына ресми хат жазып,
312
«Қозы Көрпеш - Баян сүлу» жырын қазақ тілінен орысшаға аударуды өтініш етеді. «Тақсыр, сіздің қарамағыңызға, - деи жазады ол, -«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасын жібе-ріп отырмын. Бұл татар тілімен жазылған қазақтың бір ға-на қолжазбасы. Бұл оте ерте кезде шыққан жырдың нұсқа-сы, осы күнге дейін ешбір озгерусіз сақталған, ақындар аса шарықтатып, тебірене айтады. Сондай жырдың бірі «Ақба-ла - Боздақ». Бұл екеуі халық аузында айтылып келеді. Менің сізден сұрайтыным - осы екі поэманы тілмаштардың біреуіне бұйрық беріп орыс тіліне аудартсаңыз. Аударушы қазақша негізін бұзбай, сол қалпында айтып берсе, поэманы аударып болған соң, оның аударма нұсқасын маған жіберту-іңізді өтінемін. Бүл поэмалар маған қазақ халқының рухани тіршілігін, ой-санасын, түсінігін жазу үшін керек.
Бүдан И. Беленициннің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ең ескі нүсқасын Баянауылдан және Аягозден тапқан кісінің бірі екендігі корінеді. Бірақ И. Беленицин-ның бұл жырды тез орысшаға аударьш, баспадан шығару керек деген ұсынысын Кұнбатыс Сібірдің әкімдері тез орын-дай қоймайды. Енді И. Беленицин Сенат арқылы ықпал жасайды. Қолжазба коп уақыт Сенат ұйінде жатып, кейін оны Дурасов Омбыға жібереді (экземпляры Беленицина я препроводил в подлиннике к вам) .
И. Беленицин Омбыдан Петерборға Қазақстан жерінен жазып алған барлық материалды өзімен бірге алып кетеді. (қазақтың заң құрылысы, әдеті, халық жыры т. б. ) Күнбатыс Сібір әкімдері осыған байланысты Беленицинге хат жазып іздеу салады. «Сіз бұл материалдарды Петерборда тәртіпке түсірмекші болған едіңіз, Сенаттың бізге жазған хатына қарағанда сіз сол астананың озінде қалмақ ойыңыз бар кө-рінеді. Олай болса, ол материалды тәртіпке келтіріп, тегісі-мен өз атыңыздан Азия департаментіне тапсырып, маған хабарларсыз». Азия департаментіне жазылған хатта тағы да былай делінген. «Беленицин бүгінде Петерборда демалыста жүр. Бізге екі қолжазба тапсырып, орыс тіліне аударып беру-ді сұрайды. Бұл қолжазбалар оның зерттеуіне керек сияқ-ты. Бірақ бұл жазбалардың ішкі мазмұнында оған пайда келтіретін ешнәрсе жоқ. Біздің оған қолжазбаларды Баян-ауыл дуанында аударып болған соң Азия департаментіне тапсыр дедік. Енді бір хатта: «Из числа собранных Белени-ңиным сведений, которые он увез в Петербург, -• две кир-гизские поэмы «Баян сулу - Козу Корпеч» и «Акбала -
Боздак» деп керсетіледі.
Сенаттың тапсыруымен Омбының облыстық әкімдері поэ-' маны тез аударудың қамына кіріседі. «Для Петербурга пе~
31?
13
реводится с тюркского на русский диалект стихотворснин под иазванием «Баян сулу - Козу Корпеч» и «Акбала - Боздак». В своем отзыве Беленицин старается докаааті, происхождение киргизского сочинения. Его больше интөрө-суют средства содаржания. Отзыв Беленицина представлен в подлиннике.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының қолжазбасьш орысшаға аудару туралы, әсіресе Омбы мен Баянауыл ауда-нының арасында жазысқан хаттар көп. Ол кездегі Баянауыл ауданыыда ңазақ тілін жүйрік білген екі кісі болды, оның бірі Аристарх Даншин (XVIII ғ. екінші жартысында туды) Омбының Азия мектебін бітірген тілмаш. Қырда дуан аш-ылған кезде (1824) Қарқаралыда, Кокшетауда тілмаш болыи істейді, кейін Баянауылға ауысады. Екінші адам Саватей Куртуков (1782 жылы туған) Омбының Азия мектебін біті-ріп, Бұхтармаға барып тілмаш болып істейді (1799), одан отыз жыл откен соң Қарқаралыда хатшы ңызметін атқарады. Ол осы кезде Баянауыл тоңірегінде айтылып жүрген «Қо-зы Көрпеш - Баян сүлу» жырын қарасөзбен орысша ауда-рып, оның бір үзіндісін газетке бастырып шыгарады.
Күыбатыс Сібірдің облыстық әкімі Баянауыл дуанына үкім беріп, оның бұйыруы бойынша сізге «Қозы Көрнеш - Баян сүлу» мен «Акбала - Боздак» поэмаларын жіберіп отырмыз. Осыларды бір жақсы аударатын сенімді кісіге тапсырыңыз. Аударушы таныс қазақтармен ақылдасып, ша-ла кеткен қате жерлерін түзетіп, біткен соң бізге жіберіңіз. Баянауыл дуанының жауабында «Қозы Көрпеш - Баян ■сұлу» жырын аудару дуанның хатшысы Куртуковке тапсы-рылған еді, ол бүгінде Қарқаралы ауданына қызметке кетті. Поэманы дуанның ескі хатшысы Даншин аудармақшы. Ол қалай аударып бітірсе сол күні поштаға саламыз» делінген. Баянауыл дуанының соңғы хатында аударманың бітіп болғаны айтылған. «Переведенную из киргизского языка на отечественный по делу - «Баян сулу и Козы Корпеч» и одно стихотворение «Акбала - Боздак», переводчиком Данши-ным. Окружный приказ при сем вместе с подлинную часть имеет препроводить с прошениями, о получении уведомлять». Омбыдан бұл аударма қазақ тіліндегі қолжазба нұсқамен бірге Сенатқа жіберіледі. Жазған хатта жырдың аудармасы артық мақталмай, сыпайы ғана айтылған. «Поэма под назва-нием «Баян сулу - Козу Корпеч» и «Акбала - Боздак» переведены на отечественный язык. Переводы на Россиском языке особого блеска еще не достигли. Считаю препроводить их к вашему превосходительству вместе с подленнеками, в том представлении, что искусный переводчик быть может
314
пайдет в них такие мысли, каких малоопытный переводчик не мог перевести с точностыо на отечественным языке».
Бұл атаңты поэмалар сол жіберген қалпында Азия депар-таментіне барып түседі. Оның ішіндегі қымбаттысы «Қозы Корпеш - Баян сүлу» жырының қазақша ең ескі нұсқасы. Оларды қабылдап алған да И. Беленицинның өзі. И. Беле-иицин Қазақстаннан алып барган бар материалын Азия департаментіне тапсырады. Оның ішінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының қазақ нүсқасы тапсырылды ма, жоқ на, айту әзірше қиын. Онымен қатар И. Белениңинның өзі жазған зерттеулері, түсірген көп суреттерінің қай жерде жатқаны белгісіз. Бұларды іздеп табу үшін аеа бір ізденгіш-
тік, үқыптылық керек.
Баянауыл тоңірегінен Й. Белеиицин тапқан «Қозы Кор-пеш» жыры - ең әдемі варианттың бірі. Оны жоғарыда кел-тірілген байтақ мәліметтер жарқын түрде сипаттап бере ала-ды. Бүл варианттың ете коркем түрде жазылғанын И. Бе-леницин озі де жақсылап айтқан. Оған сол кездегі орыс халқының оқымысты адамдары (В. Федоров, П. Золотов, С. Б. Броневскйй ерекше көңіл қойып, оны бірінші рет орыс тіліне аударуға атсалысты. XIX ғасырдың 20-30 жылдарын-да «Қозы Көрпеш - Баян сүлу» аңызы Петербор мен Омбы қаласында сондай даңққа ие болды. Сенатта Азия департа-ментінде, ғылым академиясын басқарушылар арасында бұл жырды білмеген кісі кемде-кем-ақ еді. Сенат қызметкерлері-нің Болат Уәлиханов жырлаған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын үш күн бойы тыңдауы (1828 ж) осыиың бір үлкен
дәлелі.
1827 жылы табылған Баянауыл вариантының орысша
қарасөзбен айтылған толық мазмұны сол кезде шыққан га-зет-журналдарда ауық-ауық басылып жүрді. Оны жазушы-лар - И. Беленицин, С. Б. Броневский, П. Золотов, «Қозы Көрпеш - Баян сүлу» туралы Е. С. Старков, Е. А. Алексан-дров, М. Сеитовтер пікір айтады.
«Қозы Корпепі - Баян сүлу» жырының ең ескі вариан-
тын алғаш орыс тілінде жазып алған зерттеушінің бірі
Ф. Ц. деген жолаушы. Бүл есім тегінде Н. М. Карамзинның
«псевдонимы», атақты ғалым 1797 жылы орыс поэзиясына
арнап шыгарған озінің альманағының екінші кітабында
осылай қол қойған. Сондай-ақ «Вестник Европа» журналы-
ның 1802 жылғы 14 нөмерінде шыққан мақаласында Ф. Ц.
деп қол қойып отырған. Кейін «псевдонимді» ашуға арнәл-
ған «библиографические записки» жинағының 1861 жылғы
4 номерінде Ф. Ц. - Н. М. Карамзиннің «лақап аты» деп
анықталған.
315
Жалпы айтңанда Н. М. Карамзин түркі тайпаларының тарихын терең зерттеуге көп уаңытын бөлген, аса білгіш га-лымның бірі. Ол XIX ғасырдың 20 жылдарында қыр, снхлра •өмірінің зерттеуге тиістілігін мәселе етіп көтергеп. Ііірақ Ф, Ц. атымен «Воспоминания о киргизской степи» (Лёгоида о Козы Корпеше - Баян сулу) әфсанасын жазған Н. М. Ка-рамзин бе, жоқ басқа бір кісі ме, ол жағын айту қиын. Аталған маңала шыққан кезде Н. М. Карамзин бүл дүнисдө жоңтын. Журналдың көрсетуінше «қазақ сахарасыи еско түсіру» 1851 жылы жазылған, оның авторы Омбыда уаңыт-ша болған, Украинадан келген бір ңаламгер. Ол Алатаудағы Арасан суына келіп, көп уаңытын Қапалда, Лепсі бойыпда, Аягөзде өткізеді. Ф. Ц. - тың қырда жолыңтырған ңазақ-тың аты - Арслан. Ол Фадден Булгариннің романында си-патталған. Орталың Россияда Әбілхайыр заманында аманат болып тұрғандардың бірі. Егер, «Украинадан едім» деп жа-зып отырған Булгарин болса, бұл мақала оның қолына Н. М. Карамзиннің тірі кезінде түскен болу керек. Жазушы оған көп өзгеріс кіргізіп, Омбы мен Арасан суының арасын-дағы ұзақ жолды баяндап береді. Бірақ кім жазса да, «Қо-зы Көрпеш - Баян сұлу» әфсенесін аса қызыңты етіп, терең оймен, романтикалы түрде әңгімелеген. Мақаланы аса ыпта қойып бастырушы қыздар журпалыныц («Лучи») редакторы А. 0. Ишимова. ,
Бірақ өкінішті жері әфсенені жазып алған кісі біраз былықтырған: Қарабайды «Купур», Сарыбайды «Тимур» деп атап, Баян сұлуды «жігіт», Қозыкені «қыз» деп шатастыр-ған. Бұл төменде келтірілген үзінділерден де байқалады. «Вот большая четырехугольная могила с затейливыми ба-шеньками, она называется Баян-сулу - Козы Корпеш, о ней рассказывают печальное предание. Прошло много лет, как жили, враждовали в этих местах два знаменитых рода ха-нов Купура и Тимура (№ 134) ».
Сөз болып отырған орысша нұсқада «Қозы Көрпеш - Баян сұлудың» тағдыры, олардың махаббаты тартымды баян-далған. Бір көңіл аударарлығы Қозы Көрпешке Баянның асқан сұлу қыз болып өскенін бірінші рет айтып барған, атаңты ақын жырау.
Сидел задумчиво - грустно Козы-Корпеш, как перед ним явился слепой старик с мальчиком переводчиком. Это был степной бандурист, переходивший от аула к аулу, где принимали как гостя посланного пророком. Он пел стихи, подвиги богатырей, красоту девушек и вольную жизнь в сте-пи безграничной. Певца звали Сюк. Он рассказывал Козы
316
Корпешу о судьбе Баян-сулу. Он передал это известие в жалобной песне, которую пропел перед Козы Корпешем и тем, еще более растерзал его страждущее сердце. Но в то же время певец внушил ему и смелость напасть на аул жестоко-го отца и увести оттуда Баян-сұлу. Козы-Корпеш с помощью товарищей своих исполнил это, но жестоко был наказан за свою дерзость: взбешенный отец (Карабай) пустился в по-гоню за беглецом, настиг их с яростью бросился на Козы-Корпеша, одним ударом шашки рассек ему голову. С воп-лем ужаса бросилась бедная Баян-сулу к погибшему другу, в одно мгновение выхватила из-за пояса его нож и одним ударом в сердце поразила себя . . . Два прекрасных трупа ле-жали у ног Карабая. Друзья Козы-Корпеша воздвиглн здесь великолепную гробницу и со всеми почестями празд-новали память несчастной черты».
Қазақтар бұл жазушыға тағы бір қызық әфсене айтқан. Ол Аягөз бойында күн сайын ңой бағып жүретін қойшылар мавзолейден ақ киім киіп шығып жүрген сұлу қыз бен жас жігіттіц елесін көретіндігі жайында.
«И долго, говорят, видели две белые огромные тени, вы-ходившие из склепа и слышали их жалобный плач в полноч-ную пору. В средине склепа до сих пор находится глиняная группа Баян-сулу и Козы-Корпеша, но время охладило страшное предание и дерзкая рука разбила статую. Я видел лишь обломки этого изображения, разбросанные в склепе. Есть много легенд в Орде на эту плачевную историю: они поются степными певцами, пережив несколько поколеиий слушателей. (Ф. Ц. Воспоминания о киргизской степи. Журн. «Лучи», т. 9, СПб 1854, стр. 24-26) .
Баянауыл вариантының айтуынша Сарыбай қыс күні Сыр бойын қыстап, жаз күні теріскей өлкеге көшетін бол-іан. Ал Аягөз бойын қыстап, жаз күні ол да теріскенге ба-рып, Сарыбаймен бірге жайлап жүрген. Теріскейдің салқын жайлауында екеуі дос болып, бұғының көп жүретін орма-нында екеуі аң аулап, қызық көреді. Аң аулап жүріп, екеуі-нің сүйініш етіп айтқаны - әйелдерінің жүкті екендігі. Бұл барлық варианттарында еш бір өзгерусіз, тура осылай айты-лады. Екеуі біріне-бірі уәде беріп, бірімізден үл, бірімізден ңыз туса, айрылмас құда болайық деп анттанады. Әлден уақытта аңшылардың қасына біреу келіп «Сарыбайдың әй-елі ұл, Қарабайдың әйелі қыз тапқанын хабарлап, сүйішні сүрайды. Аңшылар қуанып үйіне келеді, үлкен той жасайды, үлдың атын Қозы Қөрпеш, ңыздың аты Баян қойылады.
Жаз күні Балталыға көшіп келгенде кішкене бөбектөр се-гіз жылдай бірін-бірі көріп жүреді.
Аңыздардың жарқын түрде суреттеуішне, Сарыбай сүйін-шіні естіген соң, аса қуанып, үйіне тез жетуді маңсат өтеді. Қарабай жердің ойлы, шұңқыр екенін Сарыбайдың өсіне түсіріп, түн ішінде жортуға болмас деді. Сарыбай тағдырдыц өлшеуіне кез болып аттан құлап мерт болды. Аяулы, жас ұлан Қозыке жетім қалады. Сарыбайдың бұрынғы атагы ұмытыла бастайды, Қарабай да уәдесінен айнып, Аягоаге көшіп кетеді. Бұл оқиға Сарыбайдың, Қозы Көрпештің елін, жерін жоңтап айтқан, көп ішінде отырған екі қыздың қош-тасу өлеңінде ашық сипатталған.
Сарыбайдың енді аман бол қалған елі, Жайлауы қалың ағаш, аққан селі, Сегіз сай тау бөктері толған сала Екпе, жяде алма ағаш көлеңкелі.
Қарабай көшіп кеткенімен, Сарыбайдың інілері Тайлақ би (кейде Ажыбай, Айбас) бөбектердің тумай тұрған кезінде құда болған антты берік ұстағысы келеді. Осы ретте Айбас теріскейдегі жайлаудан Аягөзде отырған Қарабайдың үйіне барады, бірақ Қарабай жылы ңабақ көрсетпейді, Айбас бой жетіп келе жатқан сұлу Баянды көріп қатты қуанады, оны-мен оңашада отырып сөйлеседі. Баянның бар ынтасы жас күнінен айттырып қойған ғашық жары Қозыкеде екенін бі-леді. Баянның Қозыкеге арнап жіберген көп қымбат сыйла-рын алып, теріскейде отырған еліне қайтады. Жырдың әр-' бір вариантында Айбастың бірінші рет Баян сұлуды көріп қайтуы, оның сипатын Ңозы Көрпешке келіп айтуы шын-шыл бейнеленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz