Еңбек рыногы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Еңбек рыногының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Еңбек рыногы: мәні, құрылымы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Еңбек рыногының қалыптасуының шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... 15



2. ҚР.да еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері және дамуы ... ... ... ... 21

2.1ҚР.ғы еңбегінің рыногының ерекшеліктері, проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ..21

2.2Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының перспективалары ... ... ... ..29



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
1996 жылдың соңында "Караван" газеті еңбек рыногі жөнінде өз зерттеулерін жариялады және шығарымға келе, Қазақстан Республикасында 170 мың жұмыссыздар есептеледі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметі бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін 9140,1 мың адам еңбекке жарамды деп саналды. Яғни, Қазақстанда қазір уақытша есепке алынбаған мәліметтер бойынша жұмыссыздықтар 12,8%-ды құрайды. АҚШ-та мұнай дағдарыс уақыты кезінде де бос емес жалпы халық бойынша жұмыссыздықтың саны 9,4%-ды құрайды. 1989 жылы Кеңес Одағы кезінде халық санақтары уақытында жұмыссыздықтың саны 4,4%-ды құраған. Осыдан қорытынды: Қазақстан Республикасында жұмыссыздық қатерлі масштабтар қабыл алды .
Қазақстан Республикасында еңбекпен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды халықаралық үлгілерге сәйкес реттеу қажеттілігі және сол қатынастардың құқықтық негізін анықтау келесі жағдайларға тікелей байланысты болғандықтан, басты талдау - еңбекті құқықтық реттеудің халықаралық стандарттарын тану, соларға сәйкес үйлестіру және қабылдау еңбек нарығының ашықтығы; халықаралық құқық негізінде анықталған қағидаттарды, ержелерді ескеретін ұлттық нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ретінде көрсету болып табылады.
Жұмыстың зерттеу обектісі ретінде алдымен, еңбек рыногының қалыптасуымен ерекшелік қасиеттерін анықтап қызметтеріне талдау жасалады. Тақырыптың маңызды бөлігі еңбек нарығындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың экономикалық мазмұны ашылады. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек рыногының қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Экономикалық жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселесіндегі экономикалық-құқықтық реттеудің мақсаты – Қазақстандағы еңбек нарығын зерттеудегі көзі ретінде қалыптасқан түрлі теориялық концепциялардың анықтамалық ерекшеліктерін талдай отырып және әлемдік тәжрибесіндегі еңбек нарығының мәнін, маңыздылығын, жетістіктері мен кемшіліктері қарастырылады.
Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу жағдайындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселелерін экономика және құқықтық реттеудегі рөлін, қызметін, мемлекеттік саясатына көңіл бөлінеді.
Ал жұмыстың міндеті ретінде Қазақстандағы еңбек нарығының мәнін ашу, ерекшелік қалыптасу жағдайына баға беру қызметіндегі теориялық негіздеріне көңіл бөлу болып табылады. Әрине, Қазақстандағы еңбек нарығындағы қордаланған, шешімін табуы тиіс мәселелер жұмыссыздық проблемаларын шешу жолындағы альтернативті жолдары қарастырылды, жұмысбастылықтағы еңбек қатынастарының қарама - қайшылығы мен әлеуметтік тұрақсыздығы, өндіріс көлемінің өте төмендеуі, экономикалық жағдаяттың кезең-кезеңмен шиеленісудегі, тоқыраулы дағдарыстық құбылыстардың орын алуы - осы және басқа да факторлардың әлеуметтік-еңбек қатынастарына баға беріледі.
1. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория оқу құралы. – А.: «Қазақ университеті», 2001.
2. Кембелл Р. Макконелл,Стенли Л. Брю. Экономика. М: «Республика», 1992гю., том 2
3. Самуэльсон.П Экономика. М: 1964г.
4. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития.-А.:Дайк-Пресс, 2000.
5. Гелбрейт Дж.Экономические теории и цели общества.-М: Прогресс,1976г
6. Кейнс Дж. М. Жүмыспен қамту, процент, және ақша туралы жалпы теория. 1989.
7. Аубакиров Я.А. Национальная экономика в условиях глобализации. – А.: «Қазақ университеті», 2005.
8. Бибатырова I.А., Кекілов Б.Ж.. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. /Оқу құралы/ – А.: «Қазақ университеті», 2007..
9. Әкiмбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. /Оқу құралы/ – Астана. – 2002.
10. Шеденов Ө.Қ.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория».Алматы-Ақтөбе, 2002
11. Л.Р. Хард. Благосостояние для всех.-М: Дело,2001.
12. Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории.-А: Қазақ университеті, 1998.
13. Райзберг Б.А. Курс экономики М: 1997
14. Маркс К.Капитал // Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2
15. Друкер П.Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы.М: «Форматика»,1992.
16. Стиглиц Дж.Экономика государственного сектора.-М.:Инфра-М:1997г
17. Хоскинг А. Среда предпринимательства. Курс предпринимательства.-М.,1993г
18. Панкратов Ф.Г. Коммерческая деятельность. М.: «Маркетинг», 1996г
19. Есентугелов А. Путь Казахстана к рынку был долгим и тернистым, но не напрасным (к десятилетию экономических реформ) / Экономика и статистика. – 2001. №2.
20. Сатубалдин С.С. Азиатский кризис и экономика Казахстана / Материалы Международной конференции, посвященной 10 – летию независимости РК. – Алматы, 2001. Часть1.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Еңбек рыногының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Еңбек рыногы: мәні, құрылымы
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Еңбек рыногының қалыптасуының шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... . ...15

2. ҚР-да еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері және
дамуы ... ... ... ... 21

2.1ҚР-ғы еңбегінің рыногының ерекшеліктері,
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ...21

2.2Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының
перспективалары ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Кіріспе

1996 жылдың соңында "Караван" газеті еңбек рыногі жөнінде өз
зерттеулерін жариялады және шығарымға келе, Қазақстан Республикасында 170
мың жұмыссыздар есептеледі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің
мәліметі бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін 9140,1 мың адам еңбекке
жарамды деп саналды. Яғни, Қазақстанда қазір уақытша есепке алынбаған
мәліметтер бойынша жұмыссыздықтар 12,8%-ды құрайды. АҚШ-та мұнай дағдарыс
уақыты кезінде де бос емес жалпы халық бойынша жұмыссыздықтың саны 9,4%-ды
құрайды. 1989 жылы Кеңес Одағы кезінде халық санақтары уақытында
жұмыссыздықтың саны 4,4%-ды құраған. Осыдан қорытынды: Қазақстан
Республикасында жұмыссыздық қатерлі масштабтар қабыл алды .
Қазақстан Республикасында еңбекпен тығыз байланысты басқа да қоғамдық
қатынастарды халықаралық үлгілерге сәйкес реттеу қажеттілігі және сол
қатынастардың құқықтық негізін анықтау келесі жағдайларға тікелей
байланысты болғандықтан, басты талдау - еңбекті құқықтық реттеудің
халықаралық стандарттарын тану, соларға сәйкес үйлестіру және қабылдау
еңбек нарығының ашықтығы; халықаралық құқық негізінде анықталған
қағидаттарды, ержелерді ескеретін ұлттық нормативтік құқықтық актілерді
қабылдау ретінде көрсету болып табылады.
Жұмыстың зерттеу обектісі ретінде алдымен, еңбек рыногының
қалыптасуымен ерекшелік қасиеттерін анықтап қызметтеріне талдау жасалады.
Тақырыптың маңызды бөлігі еңбек нарығындағы жұмысбастылық пен
жұмыссыздықтың экономикалық мазмұны ашылады. Сонымен бірге Қазақстандағы
еңбек рыногының қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Экономикалық жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселесіндегі экономикалық-
құқықтық реттеудің мақсаты – Қазақстандағы еңбек нарығын зерттеудегі көзі
ретінде қалыптасқан түрлі теориялық концепциялардың анықтамалық
ерекшеліктерін талдай отырып және әлемдік тәжрибесіндегі еңбек нарығының
мәнін, маңыздылығын, жетістіктері мен кемшіліктері қарастырылады.
Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу жағдайындағы жұмысбастылық және
жұмыссыздық мәселелерін экономика және құқықтық реттеудегі рөлін, қызметін,
мемлекеттік саясатына көңіл бөлінеді.
Ал жұмыстың міндеті ретінде Қазақстандағы еңбек нарығының мәнін ашу,
ерекшелік қалыптасу жағдайына баға беру қызметіндегі теориялық негіздеріне
көңіл бөлу болып табылады. Әрине, Қазақстандағы еңбек нарығындағы
қордаланған, шешімін табуы тиіс мәселелер жұмыссыздық проблемаларын шешу
жолындағы альтернативті жолдары қарастырылды, жұмысбастылықтағы еңбек
қатынастарының қарама - қайшылығы мен әлеуметтік тұрақсыздығы, өндіріс
көлемінің өте төмендеуі, экономикалық жағдаяттың кезең-кезеңмен
шиеленісудегі, тоқыраулы дағдарыстық құбылыстардың орын алуы - осы және
басқа да факторлардың әлеуметтік-еңбек қатынастарына баға беріледі.
Еңбек рыногындағы халықты жұмыспен қамтудың мақсаты мен міндетінде
халық шаруашылығы көлеміндегі еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс
орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады. Ал тиімді еңбекпен қамту
дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен
қанағаттандыру болып табылады.
Жұмыссыздық жайында жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру
жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын
көрсететін әлеуметтік – экономикалық құбылыстары талданады.
Курстық жұмыстың мақсаты - елдегі жұмыссыздық мәселесін зерттеу,
макроэканомикалық талдау қолдана отырып, жұмыссыздық мәселесінің шешім
жолдарын табу, Республикадағы еңбек рыногінің дағдарысты жағдайынан шығу.
Мына бағытта зерттеу негізгі мәселелермен келеді:
1)Келісушіліксіз және де айқын, мемлекеттік және мемлекеттік емес
құрылымдар аралық зерттеулерде.
2)Еңбек рыногі және жұмыс бастылықсыз.
3)Халық және үкімет жағынан парызсыздық.
4)Менталитет ізгініне тән түрі, социалистік қатар жанында халықта пайда
болатын.
Бірақ мына мәселелердің шешімінің тәсілдері бәрі-бір бар болады,
оларды табу үшін, жұмыссыздық жөнінде талдау жасауы қажет, оның қандай
себептері , қалай пайда болған және қалай ол сондай көлемге жетті .

1.Еңбек рыногының теориялық негіздері
1.1 Еңбек рыногы: мәні, құрылымы қызметтері

Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсіпті (мамандық) тандауға, өмір салтын
қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол
ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет
етеді. Өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті
жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге
көмектеседі. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен
арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын тандап алуға ерікті.
Мемлекеттің міндеті — еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай
жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды
барынша қолдау және қорғау болып табылады.
Еңбек рыногы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа
көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық
әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды,
бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы
деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы тұрғыдан
калыптасқан еді, 1989 жылдан бері әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-өндірістік
конференцияларда, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізінен екі топқа
бөлуге болады. Бір топ біздің елде еңбек рыногы болуга тиіс емес десе,
екіншілері еңбек рыногы бар, бірақ ол тежелген, ерекше рынок дегенді айтып
жүр. Әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия теңдік, әділеттілік пен
қазіргі ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған ынталандырумен
байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек проблемаларын
зерттегенде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің сипаты мен мәні,
оның тиімділігі, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды қажет етеді
[7,130б.].
Еңбек рыногының кұрамдас бөлігі жұмысшы күшінің сипатына да анықтама
беру керек. Соңғы мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде жұмыс
күші біздің елімізде тауар емес, оның себебі жұмысшылар өз мемлекетінің,
қоғамның қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды, сондықтан жұмысшы өз
еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын алды. Осы қағиданың дұрыс
еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді, себебі жоғарыда аталған топшылау
шындықка жатпады. Керісінше, жұмысшылар өндіріс құрал-жабдықтары мен
өндірісті басқарудан тыс қалды, олардың еңбекке деген белсенділігі де
кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күшін қайта даярлау,
ұдайы өндіру, оның нақтылы құнын анықтау мәселесі жете зерттелмеді. Осы
жағдай кеңес елінде жұмыс орны мен жұмыс күшінің өте арзан болғанын
анықтайтын себеп. Кеңес елінде де теориялық қағидалар қаншама теріс
болғанымен еңбек рыногы болды, бірақ та ол ашық түрде шаруашылық
механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқара алмады. Жұмысшылар бір
кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, түрлі мекемелерге жиі ауысып жүрді.
Техникалық жабдықталуы, еңбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорындарды
жұмысшылардың іздейтіні ақиқат. Осыған орай экономикадағы қолайсыз
жағдайдың бірі жұмысшылардың жиі ауысуы болды. Мәселен бұрынғы Одақ бойынша
80-жылдары бір жылда 20 миллиондай адам еңбек орнын ауыстыратын. Осындай
құбылыс Қазақстан жағдайында да орын алды.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа көзқарас бойынша жұмыс күші тауар
ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны бар. Жұмыс
күшінің тұтыну құны дегеніміз оның материалдық және рухани игіліктерді
өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және
қосымша құн өндіреді. Рынок қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар
өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді.
Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз
байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуі
мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта құру, перспективалық,
стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.
Тиімді экономикада еңбекке тарту ұтымды болу үшін әрбір еңбекке жарамды
адам шаруашылықтың түрлі салаларын өзінің жеке басының қабілеті мен
мүмкіншілігіне сай тандап алуы керек. Сонда ғана ол өндірістің пайдалы
(рентабельді) болуына көмектесе алады. Сонымен бірге өндірістің қажетіне
сәйкес жұмысшының да кәсіптік дәрежесі болуы керек. Енбек рыногын реттеудің
талап-тілектері осындай [8, 77б.].
Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін
сатып алу және сату жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында жүреді.
Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін ерекше "баға тепе-
теңдігі" орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.
Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қысқаша қарайық.
Классикалық теория (классиктер) деп маркстік емес әдебиетті, әлбетте
ағылшын мен американдыктардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан
Маршаллға, Пигу және тағы басқалары ортодоксальдық (алған бағыттан
қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын
жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем
деңгейіне еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну кызметін құруға, оны жетілген
бәсеке рынок жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді
тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы
қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам —
кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын
жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады — нақты жалақы мен шекті
еңбек өнімінің құны (оның ақшалай көрінісі). Жалданатын жұмысшы санының
артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін қамту шектеулі
өнім құны жалақы төмендеуімен тендескенде ғана тоқталады.
Қоғамдағы жиынтық еңбек П. Самуэльсонның пікірі бойынша төрт
көрсеткішпен анықталады:
1. Халықтың жалпы саны;
2. Жалпы тұрғындардың ішіндегі енбекке жарамдылардың орташа саны;
3. Жыл немесе апта бойында еңбекке жұмсалған сағаттың сапасы;
4. Жұмысшының жұмсаған еңбегінің саны мен мамандығының сапасы[3,205б.].
Еңбекке сұраныс пен ұсынысты біріктірместен бұрын еңбекті ұсынуды
сипаттайтын бір экономикалық құбылысқа тоқталған жөн. Шынында ол біреу емес
екі құбылыс, олар орнын қамтумен байланысты табыстың тиімділігі деп
аталады. Бұл тиімділікті біз белгілі бір топтың енбек ұсынысына жалақы
қойылымын көтерудің қалай әсер еткенін білгіміз келгенде көрінеді. Әлбетте
мұнда еңбекті ұсыну өсуге тиісті, бірақ осындай қорытынды жасауға асықпау
керек. Бұл "ойынға" еңбек орнын басу мен табыс тиімділігі деген қатысушылар
қосылады.
Жұмыссыздық және қамтылмаған жұмыс орны жетілдірілмеген бәсеке кезінде
тұрақты болмай, рыноктық механизмдер тарапынан жұмыспен толық қамту
бағытында түзетулерге тап болады. Шынында да тепе-теңдік жағдайында жоғары
жалақы тағайындаудың салдарынан еңбекті ұсыну сұраныстан көп болса,
жұмысыздар пайда болады, олар өздерінің еңбектерін төмен бағаға сатуға
келіседі. Өндірісте істейтінде де осындай қадам жасайды өйткені жұмыс
орындарын жоғалтқылары келмейді. Тек жалақыны төмендеткен жағдайда ғана
кәсіпкерлер көп еңбекті қамтуға әзір. Сөйтіп жалақыны төмендету тенденциясы
еңбекті ұсыну саласында да және еңбекке сұраныс саласында қалыптасады.
Жалақының тепе-теңдік қалыптан төмендеген кезде еңбекке сұраныстың оны
ұсынудан артық болуында жағдай өзгеше. Жұмыс берушілер бос орынды толтыру
үшін жалақыны өсіруге әзір. Осының нәтижесінде жоғары жалақыға өздерінің
еңбектерін ұсынушылардың мөлшері кеңейеді.
Бірінші және екінші жағдайда да еңбек рыногындағы тепе-тендік қалпына
келіп, рыноктың жұмыспен толық камтылған кезі болады.
Жұмыспен, еңбекпен камтамасыз етудін классикалық теораясының негізгі
бағыттарын қарастрайық. Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл теория сынға
ұшырап, ол біраз өзгертілді. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясының
өкілдерімен пікір таластыра отырып, ол жетілдірілген бәсеке тұсындағы ішкі
бейімделгіш механизмге қарсы болды. Бұл механизмнің нәтижесінде толық
жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-тендік болады дегенге
күмәнданады. Дж. М.Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің белсенді
қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік жағдайды
қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық сұраныстың
жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ жетілдірілген
бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады. Қазіргі неоконсерватизмнің
жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық бәсекеден тыс
факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз
еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі
ұнамайды немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес),
еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы
белгілеудегі рыноктық тепе-тендіктің сатысын белгілеумен байланысты,
мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады
[6, 85б.].
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің
айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай бұл рынок
қазіргі кезде кәсіподақ, мемлекет және корпорациялар тарапынан реттеушілік
ықпалына ұшырауда. Тағы бір атап кететін жай осы рынокты реттеу мұндағы
тауарлардың ерекшеліктерімен жеңілдеу жүреді.
Еңбек рыногыңдағы әрекет ететін заңдар көрінісі (мысалы, сұраныс пен
ұсыныс, бағаның теңдігі т. б.) ерекше сипатта болады. Мұның себебі жұмыс
күшін сатып алу, сату әр түрлі мерзімді еңбек шарты түрінде жалдау
негізінде жүреді. Сондықтан жекелеген жұмысшылар еңбек рыногының жағдайынан
тұрақты тәуелділікте болмайды. Еңбек келісімінде көрсетілген уакытта сатушы
ағымдағы рынок конъюнктурасынан "шығып" қалады. Сонымен қатар еңбек
келісімінде өндіріс тиімділігімен байланысты экономикалық мәселелермен
қатар саяси-әлеуметтік, моральды-этикалық жақтарына да ерекше көңіл
бөлінеді.
Еңбек рыногын реттеу еңбекке деген сұраныс пен ұсынысқа әсер етуді
қамтиды. Реттеу объектілері жалақы жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыс,
жұмысқа алу және босату, әлеуметтік қорғаудың түрлері және т. б.
Кәсіподақтар жалақыны өзгерту үшін түрлі маңызды әдістерді пайдаланады.
П.Самуэльсон солардың ішінен үш негізгісін бөліп көрсетеді:
1.Кәсіподақтар еңбекті ұсынуды шектей алады. Мысалы, оны эмиграцияға
(басқа елден келгендер) тосқауыл енгізу, жұмыс күнін ұзарту туралы
зандар қабылдау, кәсіпке (мамандыққа) дайыңдау мерзімін
ұлғайту кәсіподақ жарнасын көтеру, кәсіподакқа мүше еместерді жұмысқа
қабылдамау және т. б. арқылы.
2.Кәсіподақтар шартта көрсетілген жалақы қойылымын көтеруді, тепе-
теңдік нүктесінен жоғары болу керектігін талап етеді.
3. Кәсіподақтар еңбекке сұранысқа ықпал ете алады [3, 207б.].
Қазіргі рынок өзіне мемлекеттің де ықпалын сезінуде. Мемлекеттің заң
шығару қабілеті еңбек қатынастарының заңсыз қырларын қамтиды. Ол тек
экономиканың мемлекеттік секторындағы жұмыс күшіне сұранысты анықтап қана
қоймай, сонымен қатар жеке саланы да реттейді, сөйтіп ұлттық экономика
деңгейінде еңбекке жалдаудың негізгі көлемін анықтайды.
Еңбек рыногына мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасының (табысы аз
отбасыларына көмек, жұмыссыздарға жәрдем, әр түрлі әлеуметтік төлемдер,
зейнеткерлерді қамсыздандыру және т. б.) үлкен әсері бар. Бұл бағдарламалар
жоғары нарықтың қысымында тұрған еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық
жағдайын тұрактандырып, рыноктың механизмінің "ауырлық" тудыратын жақтарын
жақсартады. Нәтижесінде жұмысшы күші бағасының ерекше элементі көрінеді. Ол
еңбек рыногының қызметіне тікелей байланысты емес, одан тыс принциптерден
пайда болады.
Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің де ролі маңызды.
Мемлекет жұмыс орындарын іздестіріп табады. Жалпы еңбекке орналастыру
жөнінде ақпараттық орталық құрады. Жұмысшыны оқыту және қайта оқытудың
мемлекеттік жүйесі оларды өзгертіп отыратын рынок талаптарына тез үйренуіне
көмектеседі.
Рынок еңбегін реттеуде еңбек биржасының алатын орны ерекше. Еңбек
биржасы — ол жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс күшін сатып алу, сату ісін
жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын мекеме.
Алғашқы еңбек биржалары XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылды. Ресейде
еңбек биржасы XX ғасырдың басында пайда болды. Олар ірі өнеркәсіп
орталықтарында, атап айтканда, Москва, Петербург, Рига, Одесса сияқты
қалаларда құрылды. Ресейде еңбек биржаларымен қатар 1917 жылға дейін ақылы,
жеке аралық конторлар қанат жайды. Бұл күндері еңбек биржасы қызметін
негізінен мемлекеттік еңбек биржалары атқарады, оларды жұмыспен қамту
бюролары деп атайды және олар еңбек министрлігіне қарайды. Еңбекпен
қамтамасыз етудің мемлекеттік бюросы мысалы, мынадай міндеттер атқарады:
біріншіден, жұмыссыздарды еңбекпен қамтиды, мамандықтарын өзгерткісі
келгендерге көмектесуде аралық қызмет етеді; екіншіден, жұмыс күшіне
сұраныс пен ұсынысты зерттейді; үшіншіден, кәсіпке қажеттілік туралы
информация береді; төртіншіден, жастарды жаңа кәсіпке баулиды және
әзірлейді. Біраз елдерде мысалы, Франция, Ұлыбритания, Италияда мемлекеттік
биржалар жұмыссыздарды есепке алады және жұмыссыздықпен байланысты көмек
ақы төлейді. Жұмыстан бас тартқан кезде жұмыссыз адам ақыдан айрылады
[11,140б.].
Францияда жұмыспен қамтамасыз етумен айналысатын, ол үшін жауап беретін
қызмет саласын — еңбекпен қамтамасыз ету ұлттық агенттігі деп атайды, ол
1967 жылы құрылды. Оның жұмысы еңбек, жұмыспен қамту және Білім беру
министрлігінің бақылауында болады. Бұл ұйымның негізгі міндеті: 1. Жұмыс
іздегендерге және оқығысы келгендерге, мамандық жөнінде кеңес алатындарға
көмек көрсету және жұмыс беретіндерге жұмыс күшін жалдау мен қайта бөлуге
көмектесу; 2. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін кәсіпкерлікті
аймақтық, сонымен қатар мемлекеттік жұмыс күшін жалдау мен қайта бөлу
шараларына белсене араласу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін агенттік
кадрларды келісім-шарт, кәсіпке баулу, келісім әзірлеп, кәсіпке қайта
даярлау, білімін көтеруге жіберу, мамандықты өзгерту немесе кәсіпті көтеру
жөнінде келісімдер жасайды. Сонымен қатар, агенттік жұмыс іздеу тәсілі
мамандықты жетілдіру дәрежесін арттыру туралы семинар-кеңестер өткізеді
[15,108б.].
Мемлекеттің еңбек биржаларымен қатар әр түрлі мамандықтар бойынша
жұмысшыларды жалдаудың ақылы жеке агенттіктері де бар. Кәсіподақтардың,
жастардың діни ұйымдарының жанында еңбекке орналастырудың аралық бюролары
жұмыс істейді.
Алайда еңбек рыногының жайына еңбек биржалары айтарлықтай ыкпал ете
алмай отыр. Еңбек биржалары беретін жұмысқа жіберу қағаздары кәсіпкерлер
үшін міндеттеме бола алмайды. Көптеген кәсіпкерлер жұмысшыларды өздерінің
кәсіпорындарындағы кадр бөлімі арқылы жалдап, жоғары маман жұмысшылардың
еңбек 216 биржасының қызметін пайдаланбай, тікелей кәсіпорындармен
байланысты.
80-жылдардың ортасында еңбек рыноктарын реттеуде елеулі өзгерістер
болды. Мұның өзі батыстың көптеген дамыған елдерінде неоконсервативтік
теориялық концепцияның өмірге нақты енуімен де байланысты еді. Неокон-
сервативтік теориялық көзқарас бойынша еңбек рыногын реттеу өзінің
икемділігінен айырылып, рынок болудан қалған. Оның тепе-тендігінің бұзылуы
тұрақты сипат алған, мұның себебі әрекет ету механизміне реттеуші
субъектілердің араласуы шектен тыс болған. Мұның нәтижесінде экономикалық
өмір өндірістің тиімділігінің нашар өсуімен, тұрақты және кең көлемдегі
жұмыссыздықпен сипатталады. Жағдайдың одан әрі шиеленісуіне ғылыми-
техникалық прогресті жеделдету мен оның жаңа түрлері, сыртқы және ішкі
рыноктағы бәсекенің күшеюі жұмыс күшіне ерекше талаптар қойды. Ол жаңа
жағдайда жоғары кәсіптік мамандық дәрежесін көтеріп, аймақтық, тіпті
халықаралық деңгейге шоғырландыруы қажет. Мұндай нәтижеге
неоконсерватистердің пікірінше, кәсіподақ пен мемлекеттің рынокқа тосқауыл
қойған жағдайында жету мүмкін емес.
Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін неоклассиктер мынаны ұсынады: Еңбек
рыногын реттеуді шектеу, өзгерту оның икемділігін күшейту, қазіргі
талаптарға бейімдеу. Ол үшін бәсекелік механизмді енгізу және кеңейту
керек. Еңбек рыногын еңбекке ақы төлеуді бұрынғыға қарағанда әлдеқайда
икемді ету, ол жұмыс орындарын талдау тәсіліне негізделуі тиіс. Бұл тәсіл
60— 80-жылдарда кеңінен қолданылды, әрі ол жеке дара жалақы қойылымдарына
негізделді. Төленетін төлемнің рөлі артты және ол жұмысшылардың күнделікті
еңбек үлесіне қарай емес, оның жалпы еңбегінің сапасына, мамандығына,
біліктілігіне қарап белгіленді. Мұнымен қатар материалдық ынталандырудың
басқа да түрлері қолданылды. Жұмысшылар компанияның пайдасын бөлісуге және
шығынын өтеуге қатысатын болды.
Жұмысшылардың еңбекақы төлеудің түрлерін таңдап алуы, әлеуметтік
өтемдер, жұмыс уакытының ұзақтығы мен жұмыспен қамтамасыз ету түрлерін
анықтаудағы рөлі артады. Әдеттегіден тыс еңбекпен қамтамасыз ету жылдары
кеңінен тарауда, үйде істейтін уақытша жеке дара келісім-шарттарымен
істейтін мазмұнды жұмыс, сөйтіп халық барынша еңбекпен қамтуда. Олар жаңа
мазмұнды бүгінгі технологияның мүмкіндігін көрсетеді.
Еңбек рыногына үлкен икемділік, ауқымдылық беру кәсіпкерлердің еңбекті
сатып алу жүйесінен бас тартуына алып келді. Енбекке қамту деңгейі олар
өндірілген өнімге сұраныс пен ұсыныстың ауытқуымен айқындалса, онда еңбекке
сұраныс көлемі де икемді варианттардың пайдасына өзгеруі керек. Мысалы, бір
өнім рыногының жағдайына байланысты жұмысшылардың жұмыспен қамтылуы
біркелкі болмайтыны себепті, икемді еңбек жылын орнату көзделеді. Сонымен
қатар икемді жұмыс апталары және жылжымалы әркүндік жұмыс графиктері де
қолданылады. Мұнда бір жұмада еңбекпен қамту әр түрлі болады, жұмыста болу
уақыты да шектеледі [7,78б.].
Фирманың жұмысшылармен еңбек қатынастары да өзгереді. Жекелеген
кәсіпорындар деңгейінде ұжымдық еңбек келісімдерінен дифференцияланған,
жекеленген еңбек шарттарына ауысу белгіленеді. Ал бұл кәсіподақтардың еңбек
рыногында реттеуші қызметін тежейді. Оларды жекелеген қызметкерлердің
кеңесшісі болуға, жұмыс берушілермен тікелей еңбек қатынастарына түсуге
итермелейді.
Еңбек рыногының реттеу шеңберінің тарылу барысында зандарды қайта
қарау, өзгерту керектігі көріне бастайды. Рынокта бәсекелікті күшейту
мақсатымен оның әлеуметтік негізін әлсірету жүргізіледі. Еңбек рыногының
басты реттеуші түрі — еңбек зандары емес, жеке еңбек келісімі болуға тиіс.
Еңбек рыногын қорытындысы оны реттеумен еңбекшілердің әлеуметтік
кепілдіктерін түгелдей жою болмауы керек. Бұлай болған күнде әлеуметтік
қатынастар күрт шиеленіседі. Әңгіме еңбек рыногы механизмінің тиімді
қызметі, оны енгізу арқылы экономикалық тиімділікпен қоғамның әлеуметтік
бағдарламасын қолайлы түрде сәйкестендіру туралы болып отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет басқа нарықтармен
салыстырғанда еңбек нарығында жан-жақты іс-қимыл жасайды. Бұл түсінікті де,
өйткені жұмыс күшінің иесі – азаматтар, мемлекет олардың мүдделерін қорғауы
тиіс. Мемлекет нарық жұмыс істемегенде немесе қоғамда таралған әділдік
туралы түсінікпен үйлеспейтін салдарға әкеп соқтырған жағдайда нарықтық
қатынастардың барлығына араласады. Нарықта ерікті түрде мәміле жасаудың
көмегімен қол жеткізуге болатын нарықтық реттеумен салытырғанда мемлекеттік
реттеу ресми ұйғарым мен ұсыныстарға негізделеді. Еңбек қатынастарын
мемелекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуы соғыстан кейінгі жылдары аяқталды.
Үкіметтердің, кәсіподақтар мен кәсіпкерлердің өкілдері қатысқан Халықаралық
еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсыныстары осы процесте маңызды рөл
атқарды. Конвенцияның нормалары мемлекеттік деңгейде ратификацияланған
жағдайда ғана олар ХЕҰ-на мүше елдің ұлттық заңнамасы үшін міндетті
заңдылық күші болады. Ал ХЕҰ-ның ұсыныстары ратификацияланбайды, алайда
ұлттық заңнаманы әзірлегенде маңызды рөл атқарады. Мемлекет еңбек нарығында
еңбекақыны, жұмыспен қамтуды, жұмыс тәртібі мен жағдайын реттеу бағытында
жұмыс істейді. Еңбекақы төлеу еңбекақы жөніндегі негізгі мемлекеттік
кепілдіктің:
- ең төмен еңбекақының мөлшері;
- нақты еңбекақы деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін іс-шаралар;
- жұмыс берушінің өкімі бойынша еңбекақыдан ақша ұстаудың негіздері мен
ұсталатын ақшаның мөлшерінің тізбесін, сондай-ақ еңбекақыдан алынатын
табысқа салынатын салықтың көлемін шектеу;
- заттық нысандағы еңбекақыны шектеу;
- жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе ол төлемге қабілетсіз болған
жағдайда республикалық заңдарға сәйкес қызметкердің еңбекақы алуын
қамтамасыз ету;
- еңбекақының толық әрі уақытылы берілуін және еңбекақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік қадағалау мен
бақылау;
- жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде,
заңдарда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шарттарда,
келісімдерде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілігі;
- еңбекақы төлеудің мерзімдері мен кезектілігі сияқты нысандары арқылы
реттеледі [12,160б.].
Еңбекақы саласындағы қолданылатын заңнамада белгіленген
кепілдіктерге, сондай-ақ еңбекақы жүйесін қолдану ережесін, сондай-ақ
қалыптыдан басқа жағдайларда жұмыс істегені үшін қосымша ақының кепілді
мөлшері жатады.
Ең төмен еңбекақы мөлшері – жұмыс істейтін адамнаың ең төмен
табысының өзіндік әлеуметтік кепілдігі.
Еңбекақының көрсетілген ең төмен мөлшері еңбекақының реттеу, сондай-
ақ уақытша жұмысқа жарамсыздық жөніндегі жәрдемақының мөлшерін анықтау үшін
қолданылады. Осы кезең ішінде жұмыс уақытының нормасын белгілеуде әлемдік
тәжрибеде қалыптасқан үрдіс бойынша белгіленеді. Еңбек нарығындағы
жұмысбастылық мемлекеттік тарапынан реттеу қазіргі дағдарыс дәлелдеп отыр
және басты міндет болып табылады.
Еңбек рыногі, капитал рыногі сияқты, тауарларды, құнды қағаздарды және
т.с.с., экономика рыногінің негізгі құрама болып келеді. Онда кәсіпкерлер
және еңбекшілер келіссөздерді бірге жүргізеді, ұжым немесе даралар ,
жұмысқа орналасу, еңбек шарттары және еңбек ақы төлеу жөнінде .
Экономика рыногінің жұмыс жасау механизмін зерттей отыра, Карл Маркс
аралап шықты болатын , жұмыс күші физикалық және рухани
қабілеттіліктердің жиынтығы сияқты, организм, адам тірі адамы ие болады ,
тауармен келеді , ал өндіріс қатынастары негізде жұмысшы күші аз сауда іс -
сатылуына, оны бағасымен еңбек ақы төлеу келеді .
Капитализм дәуірінде саясаттық сұранысты қанағаттандыруы
кәсіпкерлердің жағынан және еңбек шарттарына сұраныстың апат
қызметкерлердің жағынан жүзеге асты , басқа жақтардан емес - міндеттеме бір
сәттік әрекеттері , айырбас шартымен айқын сан еңбегіңіз артынан және
қызметкерге заттық сыйлық беруі болды . Маркстің ұғымы сондықтан еңбек
рыногі деген айналдыру сферасына апарып берді .
Капитализм дамуымен, асумен оны монополистік сатыға экономикалық
байланыстар және экономикалық келісім болуларды қиындатылды , маңызды
өзгертулер және жұмысшы күш рыногтары шыдады. Жұмысшы қозғалыс ұғымы
жалдау шарттары ұғымының кеңейтуіне ертіп әкелді. Олар өзіндеріне
жалақыны және жұмыс уақытын қосып қана қоймай , сонымен қатар жұмыс жөнінде
бастылық кепілдіктерін, төленген, бірақ істелмеген жұмыс уақыты (яғни,
демалыс күндері), әртүрлі әлеуметтік төлеулер және т.с.с.
Жұмысшы күшіне көңіл болу өзгерді және кәсіпкерлерде. Замандас өндіріс
дамуы жұмыс күш сапасына жоғары талаптар ұсынды : мамандықтың, кәсіпшілік
және жалпы білім беретін дайындауға , еңбекке творчествалық көңіл болуге,
жұмыстың жоғары сапасына. Кәсіпкерлік кадрлар кәсіпшілік дайындауға
белсенді қосылды , оқуға заттық шығындармен қызметкерлердің ең алдыңғы ақы
берілді . Кадрларды қайта даярлауына құралдардың ішіне салуы осымен орайлас
ғылыми - техникалық алға басумен және экономикалық көңіл болулардың шапшаң
дамуымен кадрлардың бекіту саясатшысына анықтады , әсіресе олардың
тұрақтануына.
Айқын дәуірлерге жұмысшы күшке қажеттілік қысқартуы сондықтан ,
ертерек ертіп келген жұмыссыздық өсу шегіне , жөнге салынатын процеспен
белгілі өлшемде болды , қоса салынғанмен базар механизмі . Мынау , өз
кезегінде , маңызды ықпалын жасау көрсетеді әлеуметтік – экономикалықтарды
,
4
сонымен қатар саяси процестерді . Дәл осылай , ең ірі дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс жылдарына Германияда жұмыссыздық теңдессіз өсу шегін
1929-1933 ж, қашан әрбір үшінші еңбекші жұмыссыз болды , фашистік өктемдік
қалыптасуында өз рольін ойнады .
Қоғамдық көңіл болулардың жүйесін өзімен қазір еңбек рыногі ұсынады ,
даму деңгейі қайтарушылардың және қол жеткен назарлардың тап осы дәуір
теңдігіне аралық қатынасушылармен базарда күштермен : кәсіпкерлермен ,
еңбекшілермен және мемлекетпен .
Сондай назарлардың айтылу ұйымдық түрімен еңбек рыногінда
кәсіпкерлердің қауымдастықтары келеді және бір жағынан кәсіподақтар.
Мемлекет болса жұмыс беруші мемлекеттік кәсіпорындарда және
инвесторларда, ірі жобалар және даму бағдарламалары қаржыландырылады. Бірақ
негізгі оның функциясы серіктердің назарларының жөнге салу ережелерінің
анықтамасында болады және қарсы тұратын күштердің . Тең әсер ететін анау
нәтижесінде анықталады , шешімдердің базасымен және еңбек рыногі жөнге
салуы механизм негізімен қызмет етеді, қайда қосылады және әлеуметтік
қорғаныш жүйесі , және өндіргіш күштердің даму ынталандыру жүйесі .
Экономикалық , заңгерлік , әлеуметтік және психологиялық факторлардың
спектрі , еңбек рыногі анықтаушы жұмыс жасаулары барлығы еңбек рыногін
жөнге салу механизмі қамтиды . Ол жұмысқа орналасу жүйесі арқылы жүзеге
асады , яғни кең бюролық жұмыс бастылықты қоса отыра, банкідегі жұмыс
орындары туралы, кәсіпшілік білімдердің тауып алуында көмек мемлекеттік
бағдарламалары және жұмысқа орналасуда - бірақ халыққа тілеушіге жұмыс
істеу, кәсіпорындардың мақсаттық бағдарламалары , өндірісті жаңартуымен
жоспарланушымен осымен орайлас кадрларды қайта даярлау ескеретін,
кәсіпорында кадрлардың тұрақтану саясатшылары және т.с.с. барлық бұлар
жұмыс бастылық жөнге салу рыног механизмі құрама бөлімдері әр түрлерді
экономикалық және тарихи шартының тәуелділікте әр түрлі арақатынасында
орнында болады
Еңбек рыногі дегеніміз не? Дұрыс атауы қалай болады – еңбек рыногі,
жұмысшылар күшінің рыногі, әлде еңбек қорының рыногі ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін, анау тауарды айқын анықтау керек, сатып
алу-сату объектісі болып саналатын, өзінің тапсыру құқығы бъектісімен
келеді. Сондай тауарлар жұмыс күші болып саналатыны белгілі. Бірақ бұл
тауарларды ғылым және тәжірибе жүзінде жаңа мәліметтердің есебіне алуымыз
қажет.Өз жұмысшы күш жалдауын тапсыруды қызметкермен қолдануғңа арналғңан
айқын мезгілге еңбекке өз қабілеттілік жұмыс берушісіне олардың қызметкер
заңгерлік бостандықтары өндіріс барысында сақтау жанында адамдар сияқты .
Жұмысшы
5
күшін қолдануы сыйлық берудің артынан , төлеуді жүзеге асыру (натуральды
немесе ақшалы түрде), қайсы тауарлардың рыногіне рұқсат қызметкерге ашты.
Мына келісім - сатылу сияқтық қажетті тіршілік құралдардың тауып алуына
арналған жұмысшы күші.
Яғни, тіршілік құралын өзімен ұсынады ?
Тіршілік құралдары - мынау терім ( жиынтық ) тауарлардың , жұмсалған
бұрынғы қалпына келуге арналған қызметкерге керек барысында физикалық және
зерделі қабілеттіліктердің ( күштердіңі ), сонымен қатар иемдеуге арналған
және дамудың оның жан-ұяныңызға. Тіршілік құралдарға азық, киім , аяқ киім
, пәтер-үй ең алдымен жатады , мыстың каменты , білім алуына арналған
құралдар , мамандықтар және т.с.с. бірақ олардың құрамына сән-салтанат
заттары кірмейді .
Тауарлық - ақшалы көңіл болулардың жиынтығы , сұраныс қамтылған және
жұмысшы күш ұсыныс , оны наймы ( қызмет түрлеріне сай жұмысшыларды бөлу)
тіршілік орталарға айырбасқа , жұмысшы күш рыногі өзімен ұсынады .
Жұмыс күші әр түрлі қабілеттіліктер қосады, бірақ олар толық емес
еңбек барысында қолданылады . Міндетті жұмыс беруші қызметкерге төлеу үшін
барлық оның қабілеттіліктер немесе басқалары үшін, ол өндіріс барысында
қолданады . Өйткені осы шақ, салыстырумен, сонымен өткендермен, еңбек
өнімділігі қайта-қайта өсті , ал жұмыс күнінің ұзақтығы маңызды , әбден
әділ төлеу тек үшін нақты қолданылатындарды қабілеттілік еңбегі барысында.
Басқалармен сөздің, сыйлық алады емес потенциалды , ал жұмыс күші
істететін, қабілеттіліктердің жиынтығы бәрі емес , ал тек қана еңбекке
профиссионалдық қабілеттілік, белгімен қайсылардың шет нақтылы еңбек
қызмет ету
( бағдарламашы еңбек, токарьды , етікші, тігіншіні және т.с.с.)
Сондай методологиялықта ( теоретика - танырлықта ) тап осы проблемаға
жақын келуде айырбасқа жатады ( және нормалы жұмыс істеуші экономикада
тіршілік нақты құралмен ауысады) еңбекке қолданылатын қабілеттілік тек қана
. Мұндай жұмысшы күш рыногін функционалдық рыног немесе еңбек рыногі дейді.

1.2 Еңбек рыногының қалыптасуының шетелдік тәжірибесі
Әлемдік дамудың тәжірибесі халықты жұмыспен қамтудың тиімділігін
қамтамасыз ету мен жұмыссыздықтың етек жаюына жол бермеу әлеуметтік
тұрақтылықтың негізгі факторының бipi екенін көрсетеді. Жұмыссыздықтың
зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП).
ҒТП – жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен
шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге
қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми-
техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру,
негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның
ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен
және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек
ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80-шы жылдары жұмыспен қамтуды
көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Батыс
Европада 100% құрады.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан
жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен.
Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту
жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне
кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шектелуіне әкеліп соқтырды.
Осынын бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық
шығындарға жол берді.
Нарықтық экономикада жұмыссыздық жайлайды, ал оның денгйі елдің
экономикалық ахуалға, экономикалық циклдың кезеңі мен бірқатар басқа да
факторларға байланысты. Елдегі экономикалық қызметпен айналысатындар мен
жұмыссыздардың арақатынасы да тиісінше езгереді. Жұмыссыздықтың бой кетеруі
экономикалық және әлеуметтік өмірді тұрақсыздандыратын фактордың бipi болып
табылады. Қоғамның жұмыспен тиімді қамту мен жұмыссыздықтың салдарын
жұмсартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі кез келген елің экономикасын
мемлекеттік реттеуің міндетті элементіне айналды.
Қазақстанда еңбек нарығы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ресми
статистикада қолданылатын келесі көрсеткіштердің негізінде бағаланады.
Экономикада жұмыс істейтіндер - қарастырылатын кезенде төленетін
жұмысқа жалданып, сондай-ак жалдамалы қызметкерлерді тартып немесе тартпай
табыс әкелетін жұмысты орындайтын; жұмыста әр түрлі себептермен болмаған
(сырқаттану, демалыс, iccaпap, қайта даярлау және т.б.); отбасы
кәсіпорнында жұмыс орындайтын тұлғалар. Үй шаруашылығында сатуға арналған
(толықтай немесе ішінара) өнім өндірісі жөніндегі жұмысты орындайтын
тұлғалар да жұмыс істейтін болып саналады.
Әлемде тәжрибеде жұмыссыздықты бағалауда бірнеше тәсілдеме
пайдаланылады. Халықаралық еңбек ұйымының (XEҰ) стандарттарына сәйкес
жұмыссыздарға қарастырылатын кезеңде бір уақытта келесі бірнеше өлшемді
қанағаттандыратын, яғни жұмыссыз (табыс алатын жұмысы); жұмыс іздеумен
айналысатын; жұмысқа дереу кipicyгe даяр халықтың экономикалық
белсенділігін өлшеуге белгіленген жастағы адамдар жатады. Оқушылар,
студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер, егер олар жұмыс іздеумен
айналысып, жұмысқа кipicyгe даяр болса, жұмыссыз ретінде саналады.
XEҰ анықтамасы жұмыссыздықтың негізінде алынған оның деңгейінің
бағаларының әкімшілік сипаттағы факторлардан (мысалы, жұмыссыздарды есепке
қою тәртібі белгіленетін заңнаманың қатандауы немесе жеңілдеуі) тәуелсіз
алынған. Сонымен бipre XEҰ-ның анықтамасында жұмысты іздеу ұғымына кең
түсініктеме берілген. Сонымен бipгe ic жүзінде XEҰ-ның өлшемінің негізінде
жұмыссыздықтың деңгейін халықты іріктеп сұрау процесінде респонденттердің
енбек нарығындағы өзін-өзі бағалауына сүйене отырып өлшеуге болады
[20,93б.].
Қазақстанда жұмыссыздар саны жөніндегі ақпаратты алу үшін 2001 жылдан
бастап тоқсан сайын жүргізілетін халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп
зерттеудің деректері пайдаланылады.
Жұмыспен қамту туралы ҚР Заңы бойынша жұмыссыз деп жұмысқа жарамды
жастағы, осы адамдарға байланысты емес себептермен еңбек қатынастарындағы
емес, табысы (енбек табысы) жоқ, сонымен қатар жұмыспен қамту орталығында
жұмыс іздейтіндер ретінде тіркелген, жұмыс icтeyгe даяр және осы орган
қолайлы жұмыс ретінде ұсыныс жасамаған адамдар саналады.
Мемлекеттік қызмет органдарында тіркелген жұмыссыздарға еңбекке
қабілетті, жұмысы мен табысы жоқ (еңбек табысы жоқ), республиканың
аумағында тұратын, тұратын жерінде қолайлы жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен
қамту орталығында тіркелген, жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге даяр
азаматтар жатады.
Экономикалық белсенді халыққа экономикалық қызметпен айналысатын
(барлык жұмыс істейтіндер) және жұмыссыздардың жиынтығы жатады.
Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздардың жалпы санының (XEҰ стандарттарына
сәйкес) қарастырылатын кезеңдегі экономикалық белсенді халықтың санына
қатынасы (пайызда) ретінде анықталады.
Ресми жұмыссыздықтың деңгейі жұмыспен қамту қызметінде тіркелген
жұмыссыздардың санының есепті жылдың сонындағы экономикалық белсенді
халықтың санына қатынасы (пайызда) ретінде анықталады.
Қазақстандағы жұмыссыздықтың бірнеше себебі болады. Біріншіден,
жұмыссыздықты туындататын өте маңызды фактордың біріне капиталдың
табыстылық шектеуімен қарама – қайшы келетін ұлғаю тенденциясы жатады.
Еңбектің бағасының өсуі табыс пен капиталдың ұлғаю жылдамдығын төмендетеді,
сондықтан еңбекті үнемдейтін технология енгізіп, еңбекақыны осы деңгейін
алып жұмыс істейтіндердің санын қысқарту қажет болады. Осы қарама-
қайшылықты еңбекақыны төмендету арқылы да тегістеуге болады, алайда осы
шара тым шектеулі және жұмыссыздықтың нақты себептерін жоя алмайды.
Екіншіден, кез келген нарықта сұраныс пен ұсыныс үйлеспейді. Еңбекке
деген сұраныстың төмендеуі немесе артуы жұмыссыздар санының азаюы мен
көбеюіне міндетті түрде әсер етеді. Нарық жағдайында өндірістің құрылымында
өзгерістер орын алып, кәсіпорынның жағдайының белгілі бір кезендерінде
нашарлап, олардың банкрот болуы да ықтимал, осының барлығы жұмыссыздық
деңгейін өзгертеді. Еңбек нарығына келетін қызметкерлердің ағыны ( еңбек
ұсынысы ) да өзгереді.
Экономикалық қайта құру кезеңінің бірінші сатысында Қазақстанда
өндірістің құлдырауының салдарынан жұмыссыздықтың тұрақты құбылыс ретінде
пайда болуына ықпал етеді. Мәселен, 1996 жылы жұмыссыздардың саны 970,6 мың
адамғы (13%) жетті. Алайда мұның өзінде ресми тіркелген жұмыссыздардың саны
күрт өспеді, 1996 жылы экономикалық белсенді халықтың – 4,2 %-ның, 1999
жылы – 3,9%-ның жұмыссыз мәртебесі болды. Сөйтсе де осы деректер жұмыспен
қамтудың нақты жай-күйін көрсетпейді және жұмыссыздардың жалпы санының
бөлігін ғана қамтиды, өйткені жұмысы жоқ (табыс әкелетін кәсібі), жұмыс
іздейтін және жұмысқа кірісуге даяр барлық адамдарды есепке алмай,
керісінше жұмысты мүлдем іздемейтін адамдар есепке алынады. Осы өлшемге
жауап беретін, алайда тіркелмеген жұмыссыздардың басқа бөлігін ресми
тіркелген жұмыссыздардың санынан әлдеқайда көп. Мысалы, Қазақстанда 1999
жылы ресми тіркелеген жұмыссыздардың саны – 3,9%-ды, ал ХЕҰ-ның жалпы
әдістемесі бойынша жұмыссыздардың жалпы саны 13,5%-ды құрады [21,85б.].
Қайта құрудың бірінші кезеңінде жұмыссыздықтың өсуіне ықпал еткен
факторларға өндірістің түсуі және халық шаруашылғы құрылымының өзгеруі
сияқты факторларды атауға болады. Жұмыссыздың әр алуан түрлері осы
өзгерістерге өзінше ден қойды.
Өтпелі экономикадағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңдігі
тұрақты болмай, керісінше, еңбек нарығының құрылымы үнемі өзгергендіктен,
жұмыссыздықтың жалпы құрылымында уақытша (фрикциялық) немесе ағымдағы
жұмыссыздықтың өзіндік салмағы аз. Іскерлік белсенділіктің кезеңді түрде
төмендуіне орай айналсоқпа жұмыссыздық өндірістің жалпы түсінуінің
салдарынан еңбекке сұраныстың төмендеуіне байланысты жұмыссыздықтың жалпы
дейгейіне айтралықтай әсер етті.
Қазақстанда жұмыссыздықпен және жұмыспен қатудың динамикасына
құрылымдық жұмыссыздық өте ықпал еттті. Жұмыссыздықтың осы нысаны
сұраныстың құрылымы мен еңбек нарығында ұсынылатын жұмыс күшінің
құрылымының арасындағы сәйкестікті бұзатын өндірістің құрылымының
өзгеруімен тікелей байланысты. Осы себептерге байланысты осы нысаннан үнемі
жұмыссыздық қаупі төнеді. Босатылған жұмыс күшін басқа, өсіп келе жатқан
салаларда пайдалануға болады, алайда жаңа кәсіпке бейімделу үшін уақыт пен
шығын қажет.
Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономистер, көбінесе
жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады.
Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық
жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз
пайыздық өтем жүйесі деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан
сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді. Қолданыстағы
бағдарламалардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес
жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін
берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан
босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі
түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық
жұмысшылардан құтылу пайдалы. Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша
жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады.
Жұмыссыздықтың екінші себебі — жалақының қатандығы, яғни оның икемді
өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбек нарығының үлгісіндегі нақты
жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады. Бірақ шын мәнінде
жалақы әрқашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе-теңдіктен жоғары
деңгейде болады.Бұл мысал жалақы қатаңдығы не себептен жұмыссыздыққа
әкелетінін көрсетеді. Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне сай келетін
деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық
болады. Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға
мәжбүр болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу
ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін
жоғарылатады.
Жалақының қатандығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын
жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар
жұмыссыз болуының себебі олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі
жұмыс іздеуінен емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынаң фирмалар
жағынан еңбек сұранысы артық болғандығынан жұмысшылар тек жұмыс алу
мүмкіндігін күтеді.
Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін, ең алдымен
еңбек нарығы неге тепе-теңдік жағдайға келмейтінін білу керек. Жалақының
нақты деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек ұсынысы
сұраныстан көп болса, жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайы
Нақты жалақы
Жалақы және жұмысбастылық: монопсония және еңбек одақтары
Бір қызметкердің орташа айлық
Еңбек рыногы теориясы және қызмет мехзанизмі
Еңбекке сұраныс қисығы
Еңбек рыногы жайлы
Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшелiктерi
Жұмысшылар санының Жұмысшылар саны максималды пайдасы
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Пәндер