Инфляция теориясы.Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат



Кіріспе
Инфляция теориясы.
1.1.Инфляцияның мәні және факторлары
2. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.
2.1. Инфляцияға қарсы саясат
2.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып отыр. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті - демократия мен нарық экономикасы. Осы экономиканы дамыту мақсатында Елбасымыз “мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу керек” деп атап көрсетті./1/
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің қайсысын қарасақта олардың экономикасның негізгі бағытының бірі әлеуметтік салаға бағыттаған болып келеді.Өйткені әлеуметтік сала сол елдегі халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмір сүру деңгейін және сол елдің жалпы экономикасының жағдайын көрсетеді.
Сондықтан әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеу үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының, қаржы рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту ең бірінші сол елдің рыогына, халықтың ақшалай табыстарына, инфляцияның деңгейіне, елегі экономикалық активті халық пен жұмыссыздық деңгейіне байланысты болады.
Қазақстан өз егемендігін алғанан кейін өзінің банктік жүйесі құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Еліміздегі экономикалық өсудің тұрақтылығы, инвестицияның көптеген таратылуы, кәсіпкерлердің экономикалық ынтасы, экономикалық активті халықтың саны, халықтың әлеуметтік жағдайы елдегі макроэкономикалық көрсеткіш және экономикалық негативті құбылыс болып табылатын инфляция деңгейіне тікелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономканың жалпы көрінісін, оның даму жағдайын инфляция деңгейінің қарқынымен оның қаншалықты тиімділігін айтуға болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретіндегі анықтамасын келесіей беруге болады : инфляция - тауар айналымының қажеттігмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен тлып кетуі, олардың құсыздануы жәе соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Ифляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Еңбек рыногында тепе - теңдіктің бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиімсіз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қарастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті, бірақ қазіргі уақытта жұмыс орны жоқ адамдар болып табылады.
1. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.
2. Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону: 1998.
3. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: 1999.
4. Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва: 1995.
5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы: 1998
6. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы: 2000
7. Финансы. Денежные обращение.Под ред. Дробозиной J1.A. Москва:1997.
8. Антонов А. Г. Денежное обращение, кредиты банки. Москва 1995.
9. Жуков С.Ф. Деньги, Кредит, Банки. Москва: 2001. Ю.Баймухаммедова «Роль банковской системы в регулировагши
инфляционных процессов» Вестник КазНУ. Экономическая серия 98
10 .Борисов Е «Экономическая теория» М - 94 12.Брю С. Макконелл К «Экономикс» ІЗ.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет болып
қалыитасуы мен дамуының стратегиясы» Қазақстан-2030 А. 1992 ж Н.Самуэльсон П. Экономикс 1995 1-2 т M.1992 15.Саясат 99-5 «Возможные пути улучшения экономической ситуации в РК»

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе

Инфляция теориясы.

1.1.Инфляцияның мәні және факторлары
2. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.
2.1. Инфляцияға қарсы саясат
2.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны
айқындалып отыр. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-
әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа
жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті - демократия мен
нарық экономикасы. Осы экономиканы дамыту мақсатында Елбасымыз
“мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу керек”
деп атап көрсетті.1
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің қайсысын қарасақта олардың
экономикасның негізгі бағытының бірі әлеуметтік салаға бағыттаған болып
келеді.Өйткені әлеуметтік сала сол елдегі халықтың тұрмыс жағдайын,
халықтың өмір сүру деңгейін және сол елдің жалпы экономикасының жағдайын
көрсетеді.
Сондықтан әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеу
үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің нарықтық экономикаға
өтуіне байланысты еңбек рыногының, қаржы рыногының қатынастары күрделене
түсуде. Ал әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту ең бірінші сол елдің
рыогына, халықтың ақшалай табыстарына, инфляцияның деңгейіне, елегі
экономикалық активті халық пен жұмыссыздық деңгейіне байланысты болады.
Қазақстан өз егемендігін алғанан кейін өзінің банктік жүйесі құрылып
және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Еліміздегі экономикалық
өсудің тұрақтылығы, инвестицияның көптеген таратылуы, кәсіпкерлердің
экономикалық ынтасы, экономикалық активті халықтың саны, халықтың
әлеуметтік жағдайы елдегі макроэкономикалық көрсеткіш және экономикалық
негативті құбылыс болып табылатын инфляция деңгейіне тікелей байланысты
болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономканың жалпы көрінісін, оның даму
жағдайын инфляция деңгейінің қарқынымен оның қаншалықты тиімділігін айтуға
болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретіндегі анықтамасын келесіей беруге
болады : инфляция - тауар айналымының қажеттігмен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша массасымен тлып кетуі, олардың құсыздануы жәе
соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ;
ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Ифляция кезінде қоғамдық
өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына
байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Еңбек рыногында тепе - теңдіктің бұзылуы экономикада қоғам
дамуына тиімсіз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қарастырады.
Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті,
бірақ қазіргі уақытта жұмыс орны жоқ адамдар болып табылады.

1. Инфляция түсінігі және оған әсер етуші факторлар

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.

Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналды.
Инфляция термині ( латынның Inflatio сөзінен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “ісіну” ) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде
пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылунмен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы
бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік
экономикалық әдыбиеттерде ло 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бағаның
өсуіене. Тауарлар тапшылығының және тауарлар мен қызметтер сапасының
төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу
қабілетінің төмендеуі.5
Инфляцияның дәстүрлі ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылды.
Тауар айналысы процесіндегі қолма – қол ақша қозғалысы және төлем
ақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен
қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша
айналысы деп аталады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының арасындағы айналыс аясындағы
көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға
тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен
реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі
факторға : біріншіден, бір кезеңде, сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

M= P*YV

Инфляция - өз кезегінде ақша жүйесінің және ақша айналысының
дағдарысты жай күйін көрсетеді. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
себепші болады:
● айналысқа артық ақшаның шығарылуы
● қолайсыз төлем балансы
● үкіметке сенімнің жоғалуы

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып , ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында тұсіндіріліп келді. Әлі
де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды.
Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі
дамуының ең өткір мәселелерінің бірі болып есептеледі.

Инфляцияның көріну нысандары келесідей:
● тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бір қалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетің төмендеуіне
алып келеді;
● ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағасының
төмендеуі;
● ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Бүгіндегі инфляция бағасының өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
қабілетінің құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалны қолайсыз вхуалымен ды байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық
шаруашылықтың түрлі салаларындағы жинақтау мен тұтыну. Сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар екені белгілі.
Инфляция - бұл кез-келген экономикалық даму улгісіне тән объективті
құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі кездегі экономикалық қатнастардың күрделенген кезіндегі инфляция
келесідей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық
несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға : қоғамдық өндірістегі теңсіздікке,
шаруашылықтың шығындық механизіміне, мемлекеттің экономикалық
саясатына, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына баиланысты факторлар жатады.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақша-монетарлық факторды бөлуге
болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессіздігінің бұзылуы,
экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың
теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси

сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Ал дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар ( шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляциясының сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретіндегі инфляция- бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрініс.
Жоғарыдағы инфляция факторларының ерекшелігіне байланысты инфляцияның
екі түрі болады : сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы келесідей факторлардың әсерінен туындайды :
● әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінің нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық
болып қалады;
● мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни
мемлекеттің қысқа және орта метзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет
тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
● несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер
мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
● ауыр өнер кәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
● импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы.
Шығын инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай
факторлардың болуымен сипатталады:
● еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
● көрсетілген қызметтің маңызының артуы;
● бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе
жалақының өсуі;
● энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар келесі құн формаларына қатысты
құнсызданады:
● алтын мен күміске;
● тауарларға;
● шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны
артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағасы төмендейді.
Инфляцияны келесідеі белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1) Инфляциялық процестің сипатына қарай::
● ашық инфляция, яғни баға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі
байқалады;
● жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
●инфляциялық шок, яғни бір мезетте баға өсіп кетеді;
2) Таралу орнына қарай:
● локальық ифляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
● дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның орташа өсу қарқына байланысты:
● баяу инфляция - баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
● орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға
шалдықтырады;
● ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары
қарқынмен өседі. Инфляцияның бұл түрі ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түріне
жатады. Еліміздің 1992-1993 жылдардағы ұшқыр инфляциядан соңғы жылдардан
бастап баяу инфляцияға өтуі қаржылы еңбектің жемісі болып табылады.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін
қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады. Оны есептеуде келесі формула
қолданылады:
ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасын бөлеміз базалық
жылдағы тұтыну қоржынының бағасына, одан шыққан санды 100-ге көбейтеміз.
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні боулы мүмкін :
● Баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
● Баға индексі 100%-дан жоғары, мысалыға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы
жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданады;
● Баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы
баға базалыққа қарағанда 20%-ға тең.

2. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.
2.1. Инфляцияға қарсы саясат.

Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляцияның әулеметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан
елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мэжбүр етті.
Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше
шаруалар қолдану арқылы жою керек пе, элде оған бейімделу керск пе? Бүл
дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшіліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы
АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі. Басқа бір
елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын корсеткен жөн.
Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар
мен салықтарды икемді пайдаланып, төйлеу қабілеті бар сүранысқа ықпал
жасайды.
Инфляциялық артық сүраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп,
салықтар деңгейін жоғарылатады.Нэтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның
қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып,
экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны
өседі .Бүл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың қүлдырауы кезінде сүранысты үлғайту үшін арнайы бюджеттік
саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемелекеттік
қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі
төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға
салынады, эдетте, олар табысты жедел пайдаланады.Сөйтіп қызмет көрсетулерге
және түлыну тауарларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша теориялары және инфляция
Инфляциялық процес
Инфляция мәні
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары
Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық процесс
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Қазақстанның инфляцияға қарсы саясаты
Пәндер