Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
1 Бөлім. Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
- Ұрлықтың түсінігі, қылмыстық құқықтық сипаттамасы
- Тұрғын-жайға кіру - ұрлықтың саралаушы белгісі ретінде
- Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықты жасау жағдайының криминалистикалық сипаттамасы
2 Бөлім. Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықты тергеудің негізгі кезеңдері
2. 1 Алғашқы тергеу кезеңінде жүргізілетін тергеу әрекеттері
2. 2 Кейінгі тергеу кезеңінде жүргізілетін тергеу әрекеттері
3 Бөлім. Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықты тергеудің тиімділігін арттыру жолдары
3. 1 Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықты тергеуге байланысты жүргізілетін тергеу әрекеттерін жетілдіру бойынша ұсыныстама
3. 2 Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықты алдын алу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Тәртіп бұзушылықтың алдын алу мен азаматтардың құқықтарын талапқа сай қорғау еліміздің ішкі істер органдарының басты міндеті болып табылады. Осыған орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында қазақстандықтардың құқықтарын әділетті әрі тиімді қорғауды қамтамасыз етуді, қылмыстың алдын алу мен болдырмауды барынша жақсартуды, соған сай әкімшілік реформалар жүргізуді құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары ретінде белгілеп берді [1] .
Қазақстан Республикасы ІІМ криминалды полиция Комитетінің мүліктік қылмыстарды ашу басқармасының жұмысы мүлікке қатысты қылмыстармен тиімді күрес жүргізуге, алдын алуға бағытталған. Қарақшылық, тонау, бөтен мүлік ұрлау қылмыстарымен күресті күшейтуге арналған Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2010ж. жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы ІІМ - де 2010-жылы 1797 пәтер ұрлықтары тіркелген, ол мүлікке қарсы қылмыстардың 56, 9% құрайды. Қылмыстық ахуалды талдау көрсеткендей, ұйымдастырушылық-тәжрибелік шаралар нәтежиесінде мүлік қылмыстарының барлық түрлері бойынша ашу-деңейі жоғарлаған.
2010-жылы бөтеннің мүлігін ұрлаудың саны 23, 7 пайызға өскен және 3486 қылмысты құрайды. Бөтеннің мүлігін ұрлаудың негізгі үлесі пәтерлерде жасалған-1151 (+26, 9 пайыз), түрлі-түсті метал ұрлықтары бойынша өсуі 21-ден 48-ге дейін, автокөлік 20-дан 22 (+10 пайыз) тіркелген. Бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу 75, 5 пайыздан 75, 8 пайызға дейін, соның ішінде түрлі-түсті темірлерді ұрлау 72, 2 пайыздан 77, 1 пайызға дейін, автокөліктерді ұрлау 42, 3 пайыздан 63, 6 пайызға дейін - артқан. Мал ұрлығының саны 13, 9 пайызға немесе 20 (144-тен124-ке дейін) азайған, оларды ашу 71, 3 пайыздан 64, 1 пайызға дейін төмендеген.
Ұрлықтар құрлымы бойынша 29, 3% пәтер ұрлықтары, ашылуы 79, 2% (77, 0% - 2009ж. ) . Бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерінің төмендегендігі соңғы үш жылда байқалуда (2007 ж. - 1968, 2008 ж. - 1879, 2009 ж. - 1913, 2009 ж. - 1797) . 2010-жылы пәтер ұрлықтары 10% және мал ұрлықтары 41% тіркелуі өскенмен, олардың ашылуда жоғарлаған 2, 2% және 6, 4% [2] .
Пәтер ұрлықтарының сараптамасы бойынша жедел жағдайды қиындататын объективті және субъективті себептерді анықтады. Олардың бірі тұрғын және әкімшілік секторлардың арнайы күзет құралдарымен жарақтанбағандығы (күзет дабылқақыштары, бейне бақылау камералары, кілт арқылы сөйлесу қондырғылары, терезе және есіктерге дабыл қондырғылары орнатылмау т. б. ) .
Ақтөбе қаласының орталығында азаматтардың пәтерлерінен ұрлық жасау 14, 1% өскен, олардың өсу қарқыны жаз және күз айларына келеді, осы уақытта қала тұрғындары демалыста, саяжайда болады. Қазіргі уақытта криминалдық және қоғамдық қауіпсіздік басқармалары қоғам өкілдерінің көмегімен пәтер және мал ұрлықтарын болдырмауға арналған іс шаралар жүргізуде.
Осыған орай ІІД-нің Мемлекеттік күзет қызметі бөлімі Ақтөбе қаласы әкімінің атына қаржы-несие операцияларын жүргізетін объектілерді (зергерлік дүкендер, сауда орталықтары, айырбастау пунктері, кассалар және т. б. ) бейнебақылау жүйесімен, жеке фирмалардың бір ортаға бағынған пультіне қосылған дабылмен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруда.
Мүліктік қылмыстардын көбі облыс орталығында жасалатындықтан, бұл қылмыстарды ашу мақсатында Ақтөбе қалалық ІІБ-да арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Аталмыш арнайы тоб күдіктілердін іздеуде жүргендігінен немесе қылмыс жасаған адамдардын анықталмағандығынан тоқтатылған қылмыстық істерді қарастырып, бұл қылмыстарды ашуға бағытталған қосымша жоспарлар мен арнайы шаралар жасалуда.
Мүліктік қылмыстарға байланысты жедел жағдайды сауықтыру мақсатында облыс аумағында «Пәтер», «Таға», «Қарақшылық», «Рывок», «Қапқан» тәрізді жедел алдын алу шаралары өткізіліп тұрады [3] . Дегенменде бүкіл Қазақстан Республикасында қала орталығында тұрғын жайларға кіру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары төмендемей отыр. Олай айтатын себебім бұл қылмыстардың латенттігі жоғары. Жасалған қылмыстардың нәтижесінде азаматтарға қыруар мүліктік және қаржы залалдары келтірілуде.
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын тергеуге және оның процессуалды мәселелеріне қатысты Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың бірқатар жұмыстары арналған олар: А. Ф. Аубакиров, К. А. Бегалиев, Б. М. Бишманов, А. Я. Гинзбург, Е. Ғ. Жәкішев, С. Е. Еркінов, А. А. Исаев, Қ. М. Кучуков, Т. М. Коржумбаева және Ресейлік ғалымдар Т. В. Аверьянова, Р. С. Белкин, Ю. М. Корухов, Н. Г. Шурухнов, И. Ф. Герасимов, Л. Я. Драпкин, Е. П. Ищенко, А. Зайналабидов, Е. П. Луценко және өзге де ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан.
Жоғарыда аталған ғалымдардың басшылығымен әзірленген зерттеу нәтижелері бүгінде тәжірибелік қызметте қолданылуда.
Дегенмен, бүгінгі күнге дейін тұрғын жайларға кіру арқылы жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын тергеу бойынша криминалистикалық ұсынымдарды құру мәселелері арнайы зерттеу тақырыбы болмаған. Аталған тақырыпқа қатысты ұйымдастырушылық-тактикалық мәселелерінің уақытылы шешілмеуі, монографиялық зерттеулердің тапшылығы және тәжірибе қызметкерлеріне арналған ғылыми ұсыныстардың бір жақты (бір салалы) болуы ұсынылып отырған тақырыптың өзектілігін айқындап, ғылыми-тәжірибелік жағынан шын мәнінде қажеттілігін көрсетеді.
Айтылған жағдайлар осы тақырыпты таңдауға, жұмыс жоспарын құруға, зерттеу мақсатын, міндетін, объектісін, затын және әдістемелік негізін анықтауға түрткі болды.
Зерттеу мақсаты мен міндеті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қылмысты ашу мен тергеудің сот, тергеу және жедел іздестіру тәжірибесін зерттеуге негізделген теориялық танымдарды жетілдіру және тұрғын жайға кіру арқылы жасалған ұрлықтарды тергеу әдістемесіне бағытталған ұсыныстарды топтастыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынандай міндеттер алға қойылды:
- ұрлықтың түсінігі, қылмыстық құқықтық сипаттамасы
- тұрғын үйге кіру - ұрлықтың саралаушы белгісі ретінде
- тұрғын үйге кірумен ұштасқан ұрлықты жасау жағдайының криминалистикалық сипаттамасы
- алғашқы тергеу кезеңінде жүргізілетін тергеу әрекеттері
- кейінгі тергеу кезеңінде жүргізілетін тергеу әрекеттері
- тұрғын үйге кірумен ұштасқан ұрлықты тергеуге байланысты жүргізілетін тергеу әрекеттерін жетілдіру бойынша ұсыныстама
- тұрғын үйге кірумен ұштасқан ұрлықты алдын алу шараларын тиісінше талдау.
Зерттеу объектісі мен заты.
Дипломдық жұмыстың объектісі - тұрғын жайға кіру арқылы жасалған ұрлықтарды тергеудің криминалистикалық құралдары, әдіс-тәсілдері, оның ішінде ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері және осы саладағы криминалистикалық ғылыми жетістіктердің нәтижелері.
Тұрғын жайға кіру арқылы жасалған ұрлық қылмыстарының алдын алу, ашу және тергеу проблемалары, соның ішінде ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктер, дәлелдемелер және жедел іздестірушілік анықтамаларды жинау, зерттеу, бағалау және оларды тиімді қолдану мәселелері зерттеу жұмысының затын құрайды.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік базасы ретінде ғылыми танымның ортақ диалектикалық әдісі алынды. Сондай-ақ, дипломдық жұмыста арнайы әдістер ретінде жүйелік-құрылымдық, логикалық, статистикалық және әлеуметтік әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық негізі қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, криминалистика және жедел іздестіру қызметінің теориясы, криминология және т. б. салалардағы ғылыми еңбектерді қолданып құрылған.
Зерттеудің нормативтік базасы ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, халықаралық құқық, Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу заңнамалары, «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де нормативті-құқықтық актілер, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық актілері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлім және жеті бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бөлім. Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлықтың қылмыстық- құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
1. 1 Ұрлықтың түсінігі, қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұрлық үшін жауаптылық ҚР ҚК 175 бабында көрсетілген.
Ұрлықтың өзге жеке меншікке қарсы қылмыстардан ерекшелігі оның жасырын жүзеге асырылуы болып табылады.
Кейбір елдердің қылмыстық заңнамаларында ұрлықтың жасалу шарты көрсетілмегендіктен (Голландия 310 бап, Швеция 1 бап 8 бөлім, Швейцария 139 бап ) мұны жасырын және ашық түрде жүзеге асырылатын бөтеннің мүлкін талан-таражға салу деп түсінуге болады. Еліміздің қылмыстық заңнамасында ұрлықтың жасырын түрде жүзеге асырылуы оны мүлікті талан-таражға салудың өзге түрлерінен ерекшелейді.
Қазіргі таңда теория мен практикада өзгенің мүлкін жасырын талан-таражға салудың обьективті және субьективті белгілері қалыптасып отыр. Адамның ешкімге сездірмей әрекет етуі арқылы мүлікті жасырын алуы - обьективтік белгісіне жатады. [4, 146б. ]
Ол келесідей мән-жайларды көрсетеді:[5, 221б. ]
- біріншіден, бөтеннің мүлкін алу жәбірленушінің, меншік иесінің және өзге тұлғалардың болмаған кезінде жүзеге асырылады.
- екіншіден, алу - жоғарыда көрсетілген тұлғалардың көзінше, бірақ сездіртпей алынады. Кінәлі бұл әрекеті үшін жәбірленушінің жағдайды толық түсінбей тұрғанын пайдаланады (мысалы; жәбірленуші - мас, ұйықтап жатыр немесе ессіз күйде болған) . [6, 35б. ]
Cонымен қатар, жәбірленушінің психикалық кемдігі, дамуының баяулығы, өте жастығы немесе басқадай аурулық жағдайларына байланысты олардың мүліктерін алу да - ұрлық болып табылады.
- үшіншіден, алу аталған тұлғалардың қатысуымен және көздерінше жасалуы мүмкін, бірақ олардың мүлікті кімге тиесілігі немесе іс-әрекеттің мәні жөнінде жаңылысуы кінәлінің қылмыстық әрекетін бағалай алмайды. Көп жағдайда меншік иесінің ұрлықтың құрбаны болып қалғанын кейіннен түсінеді. [7, 458-462б. б. ]
- төртіншіден, алу өзге адамдардың қатысуымен және көзінше жасалады, бірақ олар қылмыскерге қарсылық көрсетуге тырыспайды немесе оны қолдайды, қылмыскер осы жағдайды түсініп пайдаланады. Бұл жағдай ұрлықтың қылмыскерге бөтен емес тұлғалардың, яғни достарының, жақын туыстарының көзінше жасалуы жөнінде болып отыр.
Субъективтік белгісі-ұрлық жасаған тұлғаның мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алудамын деген ойы және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі, яғни кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке психикалық көзқарасын білдіреді. Субъективтік белгіні сот пен заң шешім қабылдар алдында: объективті және субъективті белгілерінің қарама-қайшылығы, коллизиясы жағдайы кезінде жоғары бағалайды. Егер тұлға өзінің іс-әрекетін жасырын түрде деп бағалап, ал қылмыс объективті жағынан біреудің көзінше жасалса да ұрлық түрінде дәрежеленеді.
Бөгде адамдардың көзінше жасалған ұрлықты жасырын жасалған деп тану үшін сол адамдардың айыптының әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы анықталуы тиіс. Егер айыпты өз әрекетінің қылмыстық сипаты белгілі болғандығын ұғынбай, қылмыстың құпиялылығына күмән келтірмей әрекетін әрі қарай жалғастырса ол ұрлық болып саналады.
Сонымен қатар, жасырын түрде жасалған ұрлықты қылмыстың субъективтік белгісі қылмыскердің өзінің іс-әрекетінің жасалу жағдайы жасырын түрде екеніне көз жеткізуі болып табылады. Мысалы; Бурятия Республикасының Октябрь Аудандық Соты орын алған тонау қылмысы бойынша айыпты адамды кінәлі деп таныды. Дүкенге нан алуға келген айыпты сатушының теріс қарап тұрған мезетін пайдаланып үстел үстінде тұрған калькуляторды ұрлап, жәбірленушінің сөзіне қарамай, тоқтамай қаша жөнелген.
Бурятия Республикасының Жоғары Сот Президиумы кінәлі әрекетіндегі тонауды ұрлыққа дәрежелей отырып былай деп көрсеткен: «Заңға сәйкес кінәлі тонау кезінде мүлікті ашық түрде алғанын сезінуі қажет. Егер қылмыс субъектісі өзінің іс әрекетін жасырын түрде деп, бірақ негізінде ол жәбірленуші немесе өзге тұлғамен байқалған болса жасалған іс-әрекетті тонау деуге болмайды. Мұндай жағдайда мүлікті алу ұрлық болып дәрежеленеді. [8, 14б. ]
Өзгенің мүлкін алудың жасырындылығы қалыптасқан жағдайға байланысты туындайды. Кейде алудың жасырын болуын қылмыскерлердің өзі, мысалы қылмысқа қатысушылардың біреуі бақылауда тұрып қамтамасыз етеді. Аталған тәсілде қылмыстың жасырын болуын қамтамасыз еткен тұлғалар қылмыстың қатысушылары болып, ұрлықтың объективті жағының міндетті белгісіне айналады. [9, 211-212б. б. ]
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективті жағын сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:
а) мүлікті алу
б) алудың заңға қайшылығы
в) алудың қайтарымсыз болуы
г) пайдакүнемдік мақсатта
«Алу» түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерді қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына қайшы ықпал жасаудың сыртқы процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертумен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өзі билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығына қылмыстық жолмен қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленуші ұрланған затқа меншіктік құқығын жоғалта алмайды. Ұрлауға зат тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамның пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіндіру қажет.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне немесе басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. 2003 жылғы 11шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында былай делінген: “Қылмыс заты болған мүліктің құнын анықтағанда, оның меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық немесе комиссиондық бағаларға сүйену қажет. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады”. Ұрлаудың салдарынан келген залалдың орнын толтырғанда оның мөлшері сот шешімі қабылдаған кезд-егі бағаларға сүйеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу - ұрлық ретінде саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтын келесі нысан - оның заңға қайшылығы. заңға қайшы нышан дегеніміз, шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы. Шындығындағы құқық дегеніміз - сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда белгіленген тәртіпте рәсімделген, рәсімделмегеннің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың формасына емес түп мәніне аударылады.
Бұдан жасалынатын тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса, онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты жасағандықта емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта. [10, 306-307б. б. ]
Ұрлық - зорлықсыз қылмыс түрі. Мүлік меншік иесінің еркінен тыс, бірақ күш көрсетусіз алынады. Егер айыптының әрекеті ұрлық ретінде басталып, бірақ қылмыс жүзеге асыру барысында өзге адамдармен байқалғанымен ойын жалғастыра берсе ұрлық тонауға ұштасады, ал егер қылмыскер мүлікті алу үшін жәбірленушіге күш қолданса − күш қолданылған тонау немесе қарақшылық болады. Егер күш қолдану ұстауды болдырмау мақсатында ұрлықтан кейін жасалса мұндай жағдайда ұрлықтың өзге қылмысқа айналуы орын алмайды. Бұл жағдайда айыптының әрекетін ұрлық немесе жеке тұлғаға қарсы қылмыс деп дәрежелеу қажет.
Ұрлық - материалдық қылмыс құрамы. Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты билік жасағандықта емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта. Сонымен, ұрланған мүлікке билік ету мүмкіндігі ұрлықтың түріне (қалта, пәтер ұрлықтары, күзетілетін аумақта жасалған ұрлық), қылмыс уақыты мен орнына, жәбірленушілердің жүріс-тұрысына байланысты болып келеді. [11, 213б. ]
Ұрлықтың жасалу жағдайын талдағанда әрекет пен қылмыс нәтижесі арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Егер ұрлық күзетілетін аймақта жасалса онда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе ұрланған мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты болады. Мысалы; егер айыпты мүлікті күзетілетін аймақтан шығармай-ақ пайдалануға болатын мүлікті ұрлауды ойластырса онда мүлікті оқшаулап, оған заңсыз билік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады. Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, айыпты оны күзетілетін аумақтан алып шығу кезінде ұсталса онда оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық болып сараланады(ҚР ҚК 24, 175 бабы) . [12, 309б. ]
Егер адам ұрлыққа дайындалу іс-әрекеттерін немесе ұрлық жасауға тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасырын түрде алған ұрлық затын күзетілетін объектіден, аумақтан шықпай тұрып, осы қылмысын ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі бола тұрса да оны істеуден өз еркімен бас тартып, ұрланған затты қайтарса онда кінәлінің іс-әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тартудеп танылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. (ҚР ҚК 26 бабы) [13, 146-147б. б. ]
Субъективтік жағынан ұрлық-тікелей ниетпен жасалынатын әрекет. Ол дегеніміз айыпты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын алдын-ала біледі және соны тілейді; ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырын алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлік иесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.
Ұрлық жасағанда айыпты өз әректінің заңға қайшы екендігін де, мүлікті жасырын иеленгендігін де ұғынады. Ұрлық жасау себебі пайда табу. Пайда табу болмаса ұрлық та болмайды. Ол ұрлықтың субъективтік жағдайы болып табылады. Бірақ бұл себептің мазмұны, оның тереңдігі, ұғыну дәрежесі және тұрақтылығы әртүрлі болуы мүмкін.
Мақсат ұры ұмтылатын нысан, оған заңға қайшы әрекеттері арқылы қол жеткізеді. Себепке қарағанда қылмыс жасаудағы мақсат айыптының қоғамға қауіпті әрекет жасай отырып қол жеткізген тікелей нәтижесімен сипатталады. Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік процесті әртүрлі сипаттауға негізделген.
Ұрлық жасау себебі ұрлық жасаған адам нені басшылыққа алды деген сұраққа жауап берсе, қылмыс мақсаты әрекеттің бағыттылығын адам ұмтылған жақын арадағы нәтижені анықтайды. [14, 309б. ]
Субъектісі − жалпы: ақыл-есі дұрыс, 14 жасқа толған жеке тұлға. Соңғы 15 жылда ұрлық субъектісі түрлерінің кеңейе түскенін байқауға болады. 1991 жылға дейін ұрлық, тонау, қарақшылық қылмыстарын негізінен кәсіби қылмыскерлер мен бұрын-соңды қылмыс жасап сотталғандар жасайтын болған.
Кейіннен өмір сүру деңгейінің төмендігі, жұмыссыздық, босқындардың көбеюі, қылмыстық қолсұғушылық заты болуы мүмкін объектілерді қорғау құралдарының жоқтығы, әлеуметтік қорғалудың әлсіздігі және өзге де факторлар жеке меншікке қарсы қылмыс жасауға потенциалды дайын тұрған жарлыларды көбейтті. [15, 748б. ]
Қылмыстың субъектісі болып орындаушы, сонымен қатар қатысушылар да табылады.
Орындаушы болып қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам, жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көрсетілген басқа да мән-жайларға байланыста қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам танылады (ҚР ҚК 28 бап) .
Ұрлық орындаушысы болып тек жәбірленуші пәтерінен мүлікті алып шыққан тұлға ғана емес, осы үшін есікті бұзған адам да танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz