Меншікті капиталының есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I тарау. Меншікті капиталының есебі

1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және «Агро фирма Ақдала»ЖШС-нің мысалында меншікті капитал есебін ұйымдастыру . . . 4

1. 2 Жарғылық капиталдың есебі . . . 9

1. 3 Резервті капиталдың есебі . . . 17

1. 4 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі . . . 20

II тарау. Меншікті капиталының аудиті

2. 1 Меншік капиталының аудитін ұйымдастыру . . . 23

2. 2 Жарғылық капитал есебінің аудиті және бөлінбеген капитал есебінің аудиті . . . 27

2. 3 Резервтік капитал есебінің аудиті мен қосымша төленген капитал мен қосымша төленбеген капиталдың аудиті . . . 33

Қорытынды . . . 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты - пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Меншікті капиталының аудиті», таңдаған себебім - ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал, ал оның барлығы дұрыс аудиторлық тексеру жүргізгеннен болады. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол - ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу - меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе - шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жасау.

Меншік капиталы - ұйымдардың т. б. заңды тұлғалардың жарғылық құжатына көрсетілген көз. Ұйымдарды бастапқы кезеңде құру және бұлардың қызметін бастау жөнінде меншік иелетін, сондай-ақ басқа да тұлғалардың осы ұйымға салған көздері. Меншік капитал аудитін қалыптастырудың түпкі мақсаты - бизнестік қатынастарға түсу, мұның қызмет бағытын кеңейту мен жүргізу және базарлы сауда мен бәсекеге түсетін тауарлар өнліріп, сұраныс пен тұтынысты қанағаттандыру, оларға дұрыс бақылау жүргізу болып табылады.

Меншік капиталы - осы ұйымға акциялар мен дивиденттік пайда алу мақсатында қатысушылардың салған инвестицияларын айтамыз. Ұйымдардың меншікті капиталы, жарғылық капиталдың, қосымша және резервтік капиталдан және бөлінбеген таза пайда көздерінен қалыптасып отырады. Сонымен қатар меншік капитал көзіне меншік иелерінің өздері салған қаражаттары, бөлінбеген таза пайда және ұйымдарда жылдар бойы жинақталған меншікті қаражат көдері жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты - «Агро фирма Ақдала» ЖШС-гі туралы мәліметтерді пайдалана отырып, ұйымның меншікті капиталының есебін, аудитін зерттеу.

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1. Меншікті капиталдың экономикалық мәніне сипаттама беру;

2. «Агро фирма Ақдала» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;

3. «Агро фирма Ақдала» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

4. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

I тарау. Меншікті капиталдың есебі

1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және «Агро фирма Ақдала» ЖШС-ң мысалында меншік капиталының есебін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылған- дағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын ал- ғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қарал- ған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшылары- ның, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестері- нен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қыз-мет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы. Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналыстан тыс) актив- тер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.

Негізгі активтер (айналымнан тыс) негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның мате- риалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебитор- лық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген табыс;

Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қыз- метін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрыл- тайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жар- ғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері) .

Жарғылық капитал мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрыл- тайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тір- келуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгі- зілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал - ұйымның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншітіндегі не- гізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құ- нының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады (көрсетіледі) .

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп таста- ғандағы қалған бөлігі болып табылады.

«Агро фирма Ақдала» агрокешені Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Арыс ауданында орналасқан. «Агро фирма Ақдала» 2005жылы 15 наурыз күні құрылып, томат өнімін өндіреді. «Агро фирма Ақдала» ЖШС негізгі қызметі ауылшаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру, қайта өндіру, сақтау және қайта қорытып олардан халық тұтынатын тағамдарға қосылатын томат пасталарын дайындайды.

Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шетелдерге томат пастасын жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және теміржолдары бар.

Кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, бөлінбеген пайда, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері кіреді.

«Агро фирма Ақдала» ЖШС өз шаруашылық қызметін 2005 жылы бастады . Ол кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталы болуы міндет болатын. Бұл мекемені бір құрылтайшы арқылы 115 500 000 теңгеге сатып алып, 565айлық есептік көрсеткішпен өз шаруашылық қызметін бастаған.

Кесте1. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар мазмұны
Дебиттелетін шот
Кредиттелетін шот
№: 1
Операциялар мазмұны:

Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына

қосқан үлесінің сомасы

Дебиттелетін шот: 5110
Кредиттелетін шот: 5020, 5010
№: 2
Операциялар мазмұны: Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы)
Дебиттелетін шот:

2710-2730

2410

1310

1320, 1330, 1350

1060

1030, 1010

Кредиттелетін шот: 5030
№: 3
Операциялар мазмұны: Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы
Дебиттелетін шот: 5030
Кредиттелетін шот:

2710-2730

2410

1310 1320, 1330, 1350

1060

1030, 1010

№: 4
Операциялар мазмұны: Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына
Дебиттелетін шот: 5020, 5010
Кредиттелетін шот: 5110
№: 5
Операциялар мазмұны: Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды
Дебиттелетін шот: 5030
Кредиттелетін шот: 1030, 1010
№: 6
Операциялар мазмұны: Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары
Дебиттелетін шот: 5110
Кредиттелетін шот: 5020, 5010
№: 7
Операциялар мазмұны: Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі
Дебиттелетін шот: 5110
Кредиттелетін шот: 6250
№: 8
Операциялар мазмұны: Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі
Дебиттелетін шот: 7430
Кредиттелетін шот: 5110
№: 9
Операциялар мазмұны: Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі
Дебиттелетін шот: 1030, 1010
Кредиттелетін шот: 5110
№: 10
Операциялар мазмұны: Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы
Дебиттелетін шот:

2710-2730

2410

1310

1320, 1330, 1350

Кредиттелетін шот: 5110
№: 11
Операциялар мазмұны: Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына
Дебиттелетін шот: 5110
Кредиттелетін шот: 1030, 1010
№: 12
Операциялар мазмұны:

Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі:

-егер акциялар өзінің атаулы құнынан

төмен бағаға сатылып алынса;

-егер акциялар өзінің атаулы құнынан

жоғары бағаға сатылып алынса;

Дебиттелетін шот:

5110

5510

Кредиттелетін шот:

5510

5110

№: 13
Операциялар мазмұны: Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы
Дебиттелетін шот: 1280, 1030, 1010
Кредиттелетін шот: 5110
№: 14
Операциялар мазмұны: Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі
Дебиттелетін шот: 2410
Кредиттелетін шот: 5420
№: 15
Операциялар мазмұны: Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі
Дебиттелетін шот: 5410
Кредиттелетін шот: 2420
№: 16
Операциялар мазмұны: Негізгі құралдарды пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны
Дебиттелетін шот: 5410
Кредиттелетін шот: 5510
№: 17
Операциялар мазмұны: Инвесторлардың, серіктестіктердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына
Дебиттелетін шот: 5440
Кредиттелетін шот: 2210
№: 18
Операциялар мазмұны: Қайта бағалаудың нәтижесінде алын- ған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі
Дебиттелетін шот: 1110-1150
Кредиттелетін шот: 5440
№: 19
Операциялар мазмұны: Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі
Дебиттелетін шот: 5440
Кредиттелетін шот: 1150
№: 20
Операциялар мазмұны: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағалаған сомасы
Дебиттелетін шот: 5440
Кредиттелетін шот: 6210

«Агро фирма Ақдала» ЖШС-ның резервтік капиталы баланста көрсетілмеген, өйткені мекеме шаруашылық қызметін бастар алдында көп мөлшерде қарызданып, қазірге дейін сол қарыздарын төлеп келеді.

Кесте 2. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар

Мазмұны

Дебеттелетін шот
Кредитте-летін шот
№: 1
ОперацияларМазмұны: Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы
Дебеттелетін шот: 5510
Кредитте-летін шот: 5410
№: 2
ОперацияларМазмұны: Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы
Дебеттелетін шот: 5510
Кредитте-летін шот: 5410
№: 3
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы
Дебеттелетін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 3390
№: 4
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы
Дебеттелетін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 5510, 5520
№: 5
ОперацияларМазмұны: Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы
Дебеттелетін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 5510
№: 6
ОперацияларМазмұны: Өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы
Дебеттелетін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 5520
№: 7
ОперацияларМазмұны: Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома
Дебеттелетін шот: 5410
Кредитте-летін шот:

5020, 5010

5030

«Агро фирма Ақдала» ЖШС-ның бөлінбеген пайдасы 2007жылы - 4 760 000 тг, 2008жылы - 6 113 000тг. 2007 жылы меншікті капитал баланстың 23, 2%-ін құраған, 2008жылы 8, 4%-ін құрады.

Кесте 3. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар

Мазмұны

Дебитте -

летін шот

Кредитте-

летін шот

№: 1
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома
Дебитте -летін шот: 5510
Кредитте-летін шот: 5410
№: 2
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома
Дебитте -летін шот: 5510
Кредитте-летін шот: 5410
№: 3
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы
Дебитте -летін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 5510, 5520
№: 4
ОперацияларМазмұны: Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табыс сомасы
Дебитте -летін шот: 3310
Кредитте-летін шот: 5510
№: 5
ОперацияларМазмұны: Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы
Дебитте -летін шот: 5510
Кредитте-летін шот: 3310
№: 6
ОперацияларМазмұны: Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы
Дебитте -летін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 5510
№: 7
ОперацияларМазмұны: Негізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылғаны
Дебитте -летін шот: 5420
Кредитте-летін шот: 5510
№: 8
ОперацияларМазмұны: Өткен жылғы акционерлерге дивидент төленгеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды
Дебитте -летін шот: 5510
Кредитте-летін шот: 5520
№: 9
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы
Дебитте -летін шот: 5410
Кредитте-летін шот: 5520
№: 10
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтеуге қалдырылды
Дебитте -летін шот: 5520
Кредитте-летін шот: 5510
№: 11
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивидент түрінде алған табыстарының сомасына
Дебитте -летін шот:

6010, 6210

7510, 7620

Кредитте-летін шот: 3310
№: 12
ОперацияларМазмұны: Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына
Дебитте -летін шот: 3310
Кредитте-летін шот:

6020, 6030

7010, 7110

7211, 7310

7410, 7430

7470

7710

Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіп- орындардағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының бар- лығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қыз- мет атқарады:

- болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйым- ды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

  • Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын не- гізгі кәсіби міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлік-ақпараттық мәліметтерді уақтылы, яғни дер кезінде беру болып табылады.

1. 2 Жарғылық капитал есебі

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшы- лығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооператив- тердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салым- дары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса ал- ғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдар- дың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі ке- рек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүгізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылар- дың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке са- лым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең бо- лады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берілген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25℅-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жар- ғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жина- лыстың шемімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктің қатысушылары белгіленген мер- зімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзі- нің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жар- ғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің мешікті капиталы
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Капиталдар туралы
Меншiкті капитал туралы
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері
Меншікті капиталдың есебі туралы ақпарат
Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Меншік капиталдың кластары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz