Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторлар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторларТабиғи жағдайларыГеологиясы мен жер бедеріТопырағы мен өсімдік жамылғысы . . . Жан-жануарлары . . . Гидрометеорологиялық факторы . . . Климаты . . . Гидрографиясы (су желісі) . . . Жер асты сулары . . . Су ресурстары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сырдария суы сапасының антропогендік трансформацияға ұшырау дәрежесі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Бүгінгі таңда трансшекаралық өзендер проблемасы қызығушы жақтардың экономика саласын су ресурстарымен толық қамтамасыздандыру көзқарасынан ғана емес, осы ағын суларда жылдан жылға нашарлап бара жатқан өтпелі ағынды сапасынан халықты қауіпсіздендіруді қамтамасыздандыруда өзекті мәселеге айналады. Бұл сөзіміздің дәлелдемесі ретінде Орталық Азия экономикалық елдері арасындағы келіссөздерді және трансшекаралық өзендер проблемасы бойынша ҚР және ҚХР арасында басталған келіссөздерді айтуға болады. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикалары өкілдерімен келіссөздерде қазақстандық делегация су бөлісу сұрақтары бойынша өтпелі ағындының сапалық сипаттамалары ерекше маңызды болса да, сұрақтың сандық жағына көп көңіл аударады. ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жылдан жылға басып шығаратын гидрохимиялық бюллетеньдер мен Казгидрометтің РМК маусым сайынғы бюллетеньдерінде ағын су әрқашанда «умеренно загрязненный» деп сипатталатын Сырдария өзені ластануының жіктеу дәрежесі отандастарымыздың көңілін жай таптырады. Сырдың суы 3, 5 млн ғектарға жуық халқы бар Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары үшін бірден-бір су көзі болып табылатындықтан, оның суының сапасы өте зор рөл атқарады. Қазақстанға суының сапасы барынша ластанып, ауыз суға жарамсыз болып жетеді. Сырдария суының сапасы туралы әр жерде айтылып жүргенімен, нақты дәлелденген еңбектер жоқтың қасы. Бұл мәселенің өзектілігі жаңадан қалыптасқан егемен мемлекеттер арасында су бөлісуге байланысты арта түсетіндігі мәлім

Зерттеу обьектісі . Зерттеу обьектісіне бастауын Қырғыз және Тәжік Республикасынан алып, Өзбекстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені суының сапасы қабылданды. .

Зерттеу пәні .

Зерттеудің мақсаты . Зерттеудің негізгі мақсаты табиғи сулардың химиялық құрамын, яғни басты иондарды минералдану шамасын, жеке-жеке гидрохимиялық зерттеу жүргізілген 1938 жылдан бүгінгі күнге дейінгі антропогендік трансформацияға ұшырау дәрежесін және себебін қолда бар гидрологиялық жылнама және бюллетеньдерге сүйене отырып анықтау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілді: Сырдария алабы ағын судың гидрохимиялық жүргісі бойынша бақылау тұстамаларындағы 1936 және қазіргі уақыт аралығы бойынша мәліметтерді жинау және талдау;

Зертеудің ғылыми жаңалығы: жүйелі түрде өзен суын экологиялық тұрғыдан табиғи жағдайдан антропогендік жағдайға өзгергендігін ғылыми түрде дәлелдеген еңбектер жоқтың қасы, яғни біздің зерттемекші көзқарас тұрғымыздан ешкім зерттемеген.

Диссертациялық зерттеудің нәтижелері

  1. Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторларТабиғи жағдайлары

Табиғи су құрамын өзінің айналым процесіндегі судың жүріп өткен жолы анықтайды. Мұндай судағы еріген заттар мөлшері бір жағынан, ол жанасқан заттар құрамынан, ал екінші жағынан, осы өзара әсерлесу болған жағдайдан тәуелді. Осы себепті де табиғи судың сандық құрамы өте әрқилы.

Атмосферада судың ұсақ тамшылары өте аз мөлшерде болса да еріген заттардан құралады. Алайда судың күрделі ерітіндіге негізгі түрленуі ол жер бетіне түскеннен кейін басталады. Топырақ арқылы сіңе отырып, су тұздармен және органикалық заттармен байытылады, өзінің газдық құрамын өзгертеді. Судың химиялық құрамының өзгеруінде топырақ арқылы сүзілген сумен өзара әсерлесуге түсетін тау жыныстары болып табылады. Судың ары қарайғы химиялық құрамының өзгеруі су өзінің күрделі айналымында жолын қайда бұратындығынан тәуелді. Судың құрамы оның Жердің жоғарғы қабатында қалатындығынан немесе өзендер мен көлдерге шығарылатындығынан, айналымның жаңа циклін бастау үшін атмосфераға буланатындығынан тәуелді.

Табиғи судың химиялық құрамын анықтаушы факторлар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа суға тікелей әсер ететін факторлар жатады (яғни суды еріген қосылыстармен байыта алатын немесе керісінше, оларды судан шығара алатын заттар әрекеті) : 1) тау жыныстары, 2) топырақ, 3) тірі организмдер, 4) адамның іс-әрекеті.

Екінші топқа судың заттармен өзара әсері өтетіән жағдайды анықтайтын жанама факторлар жатады: климат, жер бедері, су режимі, өсімдік, гидрогеологиялық және гидродинамикалық жағдайлар және т. б.

Тура факторлар . Тау жыныстары және минералдар. Табиғи суларды минералдайтын тұз көзі ретіндегі тау жыныстары мен минералдарды 3 топқа бөлу мақсатты: а) олардың ыдырауында еріген тұздарды түзетін үгілген, магмалық жыныстар; б) әрқилы шөгінді жыныстарда құрғақ, еріген немесе адсорбцияланған күйде сейілген тұздар; в) жинақталған немесе шоғырланған түрдегі минералдар мен еріген тұздар (әктастар, мергельдер, доломиттер, гипстер, тасты тұз және т. б. ) . Табиғи су минералдылығы үшін осы көздер рөлі бүгінгі жағдайда әрқилы. Жер тарихында мұхитта және континентте тұзды массаның үлкен бөлігінің түзілуі байланысты ақырын өтетін үгілу жыныстарының ыдырау процесі аз мәнге ие.

а) Үгілген, магмалық жыныстар. Жер қыртысының 95 пайызы осы жыныстан құралса да (граниттер, андезиттер, базальттар, гранодиориттер және т. б. ), үгілу қыртысында әрқилы деңгейде ұсақталған обломочный материал түрінде берілген. Осы қатты кристалды жыныстардың суға деген тұрақтылығы олардың бетінде қалыңдығы 0, 014-0, 16 мм берік үлдірдің түзілуімен түсіндіріледі. Алғашқы рет бұл жынысты А. Д. Кушман және П. Хубарт (1908) анықтаған, ал кейін К. В. Корренс және В. Эннгельгардт (1938) зерттеген. Ол тау жынысы мен судың өзара әсерлесуінде түзілген үгілу өнімі - күрделі алюмосиликаттардан тұрады, үлкен беріктікке ие және ол жынысты судың ары қарайғы әсерінен қорғайды.

б) Әрқилы шөгінді жыныстарда сейілген тұздар. Цементтелу деңгейі, минералогиялық құрамы және шығу тегі бойынша ерекшеленетін шөгінді жыныстардың көптеген типінен екі негізгі топ, ұсақталуы су минералдылығы үшін үлкен мәнге ие саз және құмға тоқталамыз.

Шөгінді жыныстардың үлкен бөлігін құрайтын сазды жыныстар минералдық және химиялық құрамы бойынша күрделі жүйе болып табылады, өзінің дисперстілік деңгейі бойынша коллоидтыға жақын. Олардың негізгі массасы сазды минералдан тұрады, ал бұдан да ұсақ функцияда алюмосиликатты жынысқа кіретін (кварц, дала шпаты, слюда) әрқилы обломочный дәннен. Саздың тұздануы оның түзілу жағдайынан тәуелді. Континентальды әсіресе аллювиалды және делювиалды сазды шөгінділер жақсы шайылған, алайда теңіздік шығу текті тұздар қатты тұзданған болуы мүмкін. Саз шектен тыс нашар өтімділікпен сипатталады, сондықтан да одан тұздың шайылуы тау жынысының сумен контактісі жағдайымен байланысты. Саз арқылы сүзілуде тұздың түзілуі практикалық өте аз, алайда ол саздақ және құмайтқа ауысарда артады.

в) жинақталған немесе шоғырланған түрдегі минералдар мен еріген тұздар. Шөгінді жыныстардағы тұздар су минералдылығының тұрақты көзі бола отырып, кей жерлерде жиналу түзеді. Бұл кальций, магний, натрий және калийдің көмірқышқыл, сульфатты және хлорлы тұздары.

Тұздардың мұндай құрамы табиғи, өйткені олар мантия дегазациясының ұшқыш өнімдерінен (CO 2 , SO 2 , HCl) және дәл осы металлдар кеңінен таралған изверженный жыныстан түзіледі.

Құрлықтағы тұздар мөлшері үлкен және шамамен көмірқышқыл тұздары үшін 90·10 15 т бағалануы мүмкін.

Кез келген табиғи су (жер беттік, грунт немесе жауын-шашын және мұздық) табиғи тұздар мен иондардың белгілі бір мөлшерінен құралады: гидрокарбонатты (HCO 3 - ), хлоридті (Cl - ), сульфатты (SO 4 -2 ), кальций (Ca +2 ), магний (Mg +2 ), және натрий (Na + ) .

Судағы осы иондар генезисі тау жыныстарының үгілу және жергілікті жер бедері бойынша сілтіленген минералдардың миграция процесімен байланысты. Бұл процестерде тұз көзі ретінде үлкен рөлді теңіздік шығу текті шөгінді жыныстар, яғни тасты тұз, гипс, известняк, мергель және доломит алады.

Тұздардың таралуы белгілі бір табиғи зоналыққа бағынады, яғни тұз құрамы таудан жергілікті жердің төмен белгісіне дейін артады, бір уақытта олардың құрамы да өзгереді. Бұл төменде жатқан топырақ және тау жынысынан тұздардың шаймалануымен, ауысу реакциясымен және кейбір тұздардың шөгіндіге түсуімен байланысты. Жазық телімдер сулары жоғары минералданған ыза және қайтымды сулардың түсуі есебінен, әсіресе өзен аңғарының бір бөлігін суармалауға игеруде тұздануы мүмкін. Теңіз маңы аудандарында тұз көзі ретінде теңіз және мұхит қызмет етеді. Мұнда тұздардың бір бөлігі құрлыққа эолды принос нәтижесінде түседі. Мұндай көрініс Арал маңына жақын территорияда бақыланады.

Судағы тұздың ішкі жылдық және территориалдық бөліну ерекшеліктеріне климат, жер бедері, жер беттік және грунт суларының су режимі әсер етеді.

Судың химиялық құрамы және ондағы тұздар құрамын оны ауыз су, суармалау үшін қолдануда қажет.

Тұрмыстық сумен қамтамасыздандыру үшін белгіленген суға ерекше жоғары талаптар қойылады, бәрінен бұрын ол организм үшін зиянсыз, мөлдір, иіссіз, түссіз және басқа қоспасыз болуы тиіс. Ауыз су (17. 1. 3. 03-77 Мемлекеттік салалық стандарты бойынша) 1000 мг/л құрғақ қалдық, сульфат -500 мг/л, хлорид -350 мг/л, кермектілігі 7 мг-экв/л, 20 температурадағы иісі және дәмі 2 балл болуы тиіс.

Жануарлар ішетін су шамамен осындай болуы тиіс, алайда кейбір жануарлар жоғарғы минералды суға да төзе алады, мысалы, түйелер мен қойлар минералдылығы 6-9 г/л хлоридті-натрийлі суды іше алады.

Тұздардың шығу тегі. Топырақ, грунт және жер беттік суларда табиғи шығу текті, яғни табиғаттағы заттар айналымының арқасына түзілген тұздар әрқашанда болады. Атмосфералық жауын-шашынның өзі 40-тан 120 мг/л-ге дейін тұздан құралатындығы белгіленген. Топырақ пен тұздағы судың пайда болуына тау жыныстарының үгілу процестері мен жергілікті жер бедері бойынша сілтіленген минералдардың миграциясы әрекет етеді. Топырақ пен суға тұздардың бір бөлігі өлген өсімдіктің күлді қалдығынан түседі.

Топырақ пен судағы тұз құрамы.

Топырақ пен судағы тұздар: NaCl - ас тұзы; Na 2 SO 4 - глаубер тұзы; Na 2 CO 3 - қалыпты сода; NaHCO 3 - двууглекислая сода; MgCl 2 - хлорлы магний; MgSO 4 - ащы тұз; MgCO 3 - көмірқышқылды магний немесе магнезит; Mg(HCO 3 ) 2 - двууглекислый магний; CaCl 2 - хлорлы кальций; CaCO 3 - көмірқышқыл/углекислый кальций немесе әктас; CaSO 4 - гипс; Ca(HCO 3 ) 2 - кальций бикарбонаты.

Табиғи тұздардың негізгі бөлігін кальций, магний және натрий гидрокарбонаты, сульфаты және хлориді құрайды.

Топырақ пен судағы химиялық қосылыстар құрамын тұздар формуласы түрінде, тотықтар немесе жеке иондар түрінде бейнелеуге болады: гидрокарбонатты - HCO 3 -, сульфатты - SO 4 -2 , хлоридті -Cl - , кальций -Ca +2 , магний -Mg +2 , натрий -Na + және калий -K + (аталған иондарды әдетте басты деп атайды) .

Гидрокарбонатты ион HCO - 3- суда еріген көмір қышқылының (H 2 CO 3 ) карбонатты жыныспен өзара әсерлесуде, сондай-ақ органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуында түзіледі. Кальций және магний карбонаты суда әлсіз ериді, ал кальций ж2не магний бикарбонаттары суда жақсы ериді.

Сульфатты ион (SO 4 -2 ) ақуыздың ыдырауында, сондай-ақ күкіртті құрайтын (S) шөгінді жыныстардың еруінде түзіледі.

Хлоридті ион (Cl - ) күшті тұзданған топырақ пен сортаңда, сондай-ақ жоғарғы минералды суда басым болады. Мұның себебі әдетте қайнар көзі теңіздік шығу текті шөгінді жыныстар болып табылатын хлордың барлық тұздарының ерігіштігінде.

Кальций (Ca +2 ) топырақ және су құрамына изверженный жыныстың үгілуі және әктас, доломит пен гипстің еруі арқасында түседі. Кальцийдің басты тұздары (CaCO 3 ; CaSO 4 ·2H 2 O) әлсіз ерігіш, сондықтан да олардың табиғи ерітіндідегі құрамы абсолютті шама бойынша аз. Кальций гидрокарбонаты тұзданбаған территорияның топырағында және тұщы суда басым болады.

Магний (Mg +2 ) кальциймен салыстырғанда аз таралған. Құрлық топырағы мен суында изверженный жыныстың үгілуі, магнезиалды минералдың ыдырауы және сілтіленуі есебінен құралады. Магний тұздарының ішіндегі жылдам еритіндері MgSO 4 және MgCl 2 , нашар еритіндері Mg(HCO 3 ) 2 , әлсіз еритіндері MgCO 3 .

Натрий (Na + ) натрий тұзына бай шөгінді жыныстардың сілтіленуі мен еруі арқасында құралады. Натрийдің барлық тұздары жақсы ерігіш, сондықтан да олар таулы облыстан жеңіл шығарылады және аридті жағдайда тұзданған топырақты түзе отырып, жергілікті жердің ойпауытты бөлігінде жинақталады.

Сырдария өзені суының химиялық құрамы ол қалыптасатын табиғи жағдайларға байланысты болғандықтан, біз химиялық сыныпты анықтауда О. А. Алекин жіктемесіне сүйенеміз.

Табиғи сулардың минералдылығы мен химиялық құрамын бейнелеу үшін көптеген классификация бар, алайда олардың әрқайсысын белгілі бір жағдайларда ғана қолдануға болады. Су гидрохимиясында жиі О. А. Алекин (1970) жіктемесін жиі қолданады. Ол басым анион және катион бойынша бөліну принципін үйлестіреді. Сулар басым анионы бойынша (эквиваленті бойынша) 3 сыныпқа: гидрокарбонатты және карбонатты (HCO 3 - +CO 3 2- ), сульфатты (SO 4 -2 ) және хлоридті (Cl - ) бөлінеді. Әрбір сынып басым катионы бойынша кальций, магний және натрий топтарына бөлінеді. Әрбір топ өз кезегінде судың төрт типіне бөлінеді:

I. HCO -3 >Ca +2 +Mg +2 ;

II. HCO-3<Ca+2+Mg+2< HCO-3+ SO4-2;

III. HCO-3+ SO4-2<Ca+2+Mg+2 немесе Cl-> Na+

IV. HCO-3=0.

Табиғи сулар

гидрокарбонатты сульфатты хлоридті

Ca Mg Na Ca Mg Na Ca Mg Na

  1. Геологиясы мен жер бедері

Арал маңы аумағы Еуразияның орталығында жатыр және ландшафт пен климаттың үлкен әртүрлілігімен ерекшеленбейді. Оның едәуір бөлігін көтеріңкі жазықтар мен үстірт алып жатыр. Өңірдің батыс бөлігіне жан-жағынан крутой кертпештермен қоршалған шөлді үстірт Үстірт алып жатыр. Үстірт бетінің теңіз деңгейінен 53 м-ден 341 м-ге дейін ауысатын биіктікте едәуір еңістігі бар. Ол жусанды-сораң өсімдік өсетін сұр-бурыл топырақпен жабылған.

Аумақтың солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік сілемі болып табылатын

Мұғалжар орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай тартылған және тасты шыңдар мен қиыршықты беткейлі дөңгеленген төбешіктер тізбегі болып табылады. Мұғалжардың биіктігінің үлкен еместігіне қарамастан, бұл таулар, сондай-ақ Оңтүстік Орал өңірге солтүстік-батыстан және батыстан кіретін ауа массаларының суық фронттарында атмосфералық толқынның түзілуінде маңызды рөл ойнайды.

1. 1. 3. Топырағы мен өсімдік жамылғысы

Қарастырылатын аумақта топырақтың 5 категориясы бөлінеді: автоморфты зоналды, автоморфты атыраулы (бұрыңғы гидроморфты топырақтар), құмды шөлді, гидроморфты атыраулы және Арал теңізінің құрғаған түбінің топырақтары. Негізгі жайылымдық қорды құрайтын автоморфты топырақтар аз деңгейде өзгерістерге ұшырайды. Гидроморфты топырақтар және Арал теңізінің құрғаған түбінің топырақтары үлкен деңгейде шөлейттену процесінде өзгеріске ұшыраған. Атырау жазығының гидроморфты топырақтары күріш, сенокос және жайылымды угодийді өсіру үшін негізгі қор болып табылады.

Соңғы 40 жылда климаттық сипаттамалар, гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар, өсімдік жамылғысы, табиғи ландшафттар өзгерістері олардың автоморфты аридті тұрпатын өзгерте отырып, топырақ түзілу процесіне жағымсыз әсер етті және ертеректе қалыптасқан гидроморфты ландшафттар деградациясын қалыптастырды.

Өсімдіктің түрлік құрамының өзгерісі және оның өнімділігі топырақ түзілуге теріс әсер етті. Топыраққа биомассаның жыл сайынғы түсуі 5-10 есе, прирусловой жалда 2 есе қысқарды, бұл жағдай гумус түзілуді және топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін төмендетті.

1978 жылы атырауда тұзданбаған топырақ қалмады. Әлсіз және орташа тұзданған топырақ ауданы 10 есе артты, ауданның 5 пайызы күшті тұзданған болып саналады.

Атырау территориясының шамамен 65 пайызы дефляцияға ұшыраған. Осы себепті жайылымды угодий өнімділігі мен құнарлылығы төмендеді. Су эрозиясы территорияның топырақ жамылғысының 5 пайызына таралған.

Белсенді экономикалық іс-әрекет салдарынан бүгінгі таңда жерлер ауыр металлдармен, мұнай өнімдерімен, органикалық тыңайтқыштармен және пестицидтермен ластануға ұшырайды. Топырақтың ластануы топырақ коллоидының ионды-алмасу қабілетінің бұзылуымен, микроорганизмдер қауымдастығының бұзылуымен және салдарлы, құнарлылықтың төмендеуімен жалғасады.

1, 8 млн гектарды құрайтын құрғаған Арал теңізінің жалпы ауданының 1, 1 млн гектар сормен жабылған, ол 3 негізгі категорияға бөлінеді:

- жеңіл грунттар: теңіз маңы соры пен теңіз маңы топырақтың салдарлы сатысы арқылы құмды шөлді топырақтың түзілуі;

- ауыр грунттар: ары қарай тақыр тәрізді сортаң-сор топыраққа трансформацияланатын теңіз маңы соры пен тақыр тәрізді сордың қайта түзілуі жүреді;

- сорлар; тұйық кәрізденбеген ойпаттарда соровые солончаки түзіледі;

Сырдария атырауы және аңғарында 151 туыс және 35 тұқымдасқа жататын 325 өсімдік түрі кездеседі. Басты тұқымдас спектрі келесіден тұрады: Chenopodiaceae (26%), Asteraceae (12%), Polygonaceae (11%), Brassicaceae (11%), Poaceae (7%), Fabaceae (6%), Boraginaceae (3%), Tamaricaceae (2, 7%), Cyperacaceae (2, 5%) . Осы тұқымдастар түрлері флораның 85 пайызын құрайды. Түрлер саны бойынша ең атақтылары Calligonum ―30, Suaeda ―13, Atriple ―13, Artemisia ―9, Tamarix ―9, Sa1sola ―9, Astragalus ―9, Climacoptera ―6, Leppidium ―6, Corisppeermu ―5, Petrosimonia ―5 түр. Түрлік әрқилылықты талдау, барлық флоралық құрамның 74 пайызы (240 түрі) теңіздің құрғаған түбінде кездесетіндігін көрсетті. Қарақалпақ бөлігін қосқанда, барлық құрғаған жолақтың флорасы 266 түрмен берілген, қазақстандық бөлігінде құрғаған түптің түрлік әрқилылығының 90 пайызы өседі, бұл фитомелиорация үшін потенциальды генетикалық ресурстар.

Өсімдіктердің сирек және эндемикалық түрлері.

Арал маңындағы өсімдіктердің эндемикалық түрі 71 (17%), олардың ішіндегі 4- Арал маңы жағалауы эндемиктері: верблюдка рыхлоцветковая (Corispermum laxiflorum) , качим Крашенинникова (Gipsophila Krascheninnikovi) , гораниновия совершенная (Horaninovia excellens) , жузгун аральский (Calligonum aralense) . Қазақстан эндемиктері 11 түрмен берілген: Petrosimonia hirsutisssima, Astragalus brashypus, Lynaria dolichocarpa , Artemisia semiarida, A. scopiomis, Jurinea adenocarpa , Calligonumcrispatum, C. lamellatum, C. palibinii, C. psedohumile, C. humile. Орта Азия эндемиктерінің 39 түрі бар, оның ішінде жүзгүндердің 16 түрі бар ( Calligonum undulatum, C. densum, C. dubijanskyi, C. ronula), тоғай түрлері: туранга (Popullus diversifolia, P. pruinosa) , гребенщик Андросова (Tamarix Androsoovii) , астрагалы (Astragalus ammodendron, A. scabrisetus, A. villosissimus) .

СССР-дің Қызыл кітабына шығыс Арал маңы құмдары мен Құланды түбегінде кездесетін спаржа коротколистная ( Astragalus brashyphyllus ) енгізілген. Қызыл кітаптың жаңа басылымына камыш казахстанский (Scirpus kasachstanicus) және лебеда Пратова (Atriplex pratovii) кіреді. Аралдың шығыс жағалауындағы сирек оңтүстік шөл элементтері болып табылатын мавзолея (Mausolea eriocarpa) және эфедра шишконосная (Ephedra strobilacea) . Өзбекстанның Қызыл кітабына Қазақстанға кең таралған Бузе тюльпаны енген (Tulipa buhseana) .

Флора түрі арасынан 30 түрі құнды азықтық өсімдік, 50-і дәрілік өсімдік болып табылады, бұл жайылымды жақсартудың құнды генофонды және тұқымдық материалы.

Жоба аумағының өсімдігі Тұран шөлінің өсімдік жамылғысының эталоны болып табылатын зональды шөлді тұрпаттан және тоғай, шалғынды және батпақты кешенмен берілген интразональды тұрпаттан тұрады. Үйлесімі өсімдік қауымдастығының үлкен ландшафтты әрқилылығын қамтамасыз етеді.

Суармалау массивінің өсімдігі күрделі гетерогенді кеңістіктік құрылыммен және динамиканың жылдам ырғағымен сипатталады. Өсімдік сукцессиясының сипаты, ырғағы және бағыты бүгінгі жағдайда аридті климат аясында гидродинамикалық және галогеохимиялық процестермен анықталады. Бұл өңірдің физикалық-географиялық ерекшеліктерімен, оның белсенді көпғасырлық шаруашылықта пайдалану салдарымен және бүгінгі таңдағы антропогенді және антропогенді- стимулированный үдерістердің активті әсерімен қалыптасқан. Өсімдіктің ең күшті өзгерістері интразональды (гидроморфты) экожүйелерде бақыланады. Интразональды өсімдіктің ресурсты потенциалы қоршаған территорияның шөлді тұрпатынан 10-30 есе асып түседі.

Тұрақсыз табиғат пайдалану жағдайында 90-шы жылдардың басында жайылымға біртіндеп өтетін сенокосты жерлер мен суармалы жерлер аудандары біртіндеп азаюда. Қоршаған шөл жайылымының күшті деградациясы салдарынан гидроморфты экожүйелерге жайылымдық жүктелім шұғыл артты. Жеткіліксіз сумен қамтамасыз ету жағдайында гидроморфты мекендеу орны өсімдігі (шалғын, тоғай) жылдам ырғақпен шөлденуде. Сукцессия апатты қайтымсыз сипатқа ие, қауымдастық конвергенциясы мен олардың ресурстық мәнінің жоғалуымен жалғасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария суының химиялық құрамы
Балқаш аймағындағы дауылдар және борасынмен құмтасымалдануын бағалау
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Көлдер мен бөгендер
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне анторпогенді факторлардың әсерін зерттеу
Жер үсті суларының химиялық құрамын ластану деңгейін зерттеу
Суды тұссыздандыру және тұщыландыру
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Тереңдігі 1400м скважинадағы минералданған Апанқақ суының құрамы мен сапасын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz