Мемлекеттік қарыз проблемасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.16

1.1 Мемлекеттік қарыздың мәні, түрлері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
1.2 Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.7

1.3Мемлекеттік қарыз және тапшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.15

1.4Бюджет тапшылығының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16


2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ... ... 17.24

2.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарызды басқару ... .17.18

2.2 Мемлекеттік борыш және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.22

2.3 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы мемлекеттік
несиенің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Мемлекеттік қарыздың көмегімен әр түрлі салалар және кәсіпорындар арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады. Қарыз берудің негізгі принциптерті белгілі мерзімге берілуі және оның қайтарылуы – несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құрамы болып қызмет атқаруына жол ашады.
Банк қарызын кәсіпкерлеге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады.
Банк қарызы бір жылдың мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік несие – бұдан қарыз алушы мемлекет, ал кредитор көбінесе халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз (займ), мақсатты пайызсыз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдығын көрсетеді. Ол объективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын алып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрылымын, түрлері мен формаларының мәнін, атқаратын қызметтерін жетік білу.
Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды және жеке тұлағалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.
Мемлекеттік қарыздың қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.
Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде нәтижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.
Курстық жұмыстың негізгі міндерттеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік қарыздың мәні және оның түрлерін сипаттау;
Мемлекеттік тапшылықтарға тоқталу;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарызды басқаруды қарастыру;
Қазақстан Республикасының экономикасын дамуындағы несиенің рөлін айқындау.
1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық Алматы “САНАТ”–1998 жыл

2. М.Р. Насырова, С.Р. Тоқсанбай, С.Қ. Құлпыбаев, С.П. Гуляева «Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник», “Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық” Алматы–2007 жыл

3. С.Т. Рахымжанұлы “Толық экономикалық орысша қазақша сөздік” Алматы– 2004 жыл

4. В.Д. Мельников, В.Д. Ли «Қаржының жалпы курсы» Алматы-2006жыл

5. С.Құлпыбаев, Қ.Ілиясов “Қаржы” Оқулық А-2006

6. Т.А. Агапова, С.Ф. Серегина Макроэкономика «Дело и сервис» Москва-2004 год

7. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Оқулық. Алматы-2003

8. Л.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.И. Жақыпова, Т.П. Табаев. Экономикалық теория, Қазақ университеті. Алматы-2003 жыл

9. Дорнбуш Р., Фишер С., Макроэкономика. Перевод с английского-м изд.-в МГУ ИНФРА-М-1997

10. Сейтқасымов “Ақша, кредит, банктер” A-2007

11. Статистический ежегодник- 2008 год

12. Көшенова Б., Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. А-2006 жыл

13. Мемлекеттік және мемлекеттік берген борыш туралы Қазақстан Республикасының заңы. 2 тамыз 2007 жыл

14. www.google.kz “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз”

15. С.Фишер, Р.Дорнбул Макроэкономика. Алматы. Білім-1997 жыл

16. әл-пари журналы, 2008жыл (№2)

17. Финансы, денежное обращение и кредит: учебник - 2-е изд, пере Ф59 раб. и доп./ В.К.сенгачов, А.И.архипов и др.;под ред. В.К.Сенчагова, А.И. Архипова. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005. – 720 с

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3-16

1.1 Мемлекеттік қарыздың мәні, түрлері мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
1.2 Ішкі және сыртқы мемлекеттік
қарыз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6-7

1.3Мемлекеттік қарыз және
тапшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-15

1.4Бюджет тапшылығының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ... ... 17-24

2.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарызды басқару ... .17-18

2.2 Мемлекеттік борыш және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-22

2.3 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы мемлекеттік
несиенің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..23-24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 26

КІРІСПЕ

Мемлекеттік қарыздың көмегімен әр түрлі салалар және кәсіпорындар
арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады. Қарыз берудің негізгі
принциптерті белгілі мерзімге берілуі және оның қайтарылуы – несиенің нарық
механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құрамы болып қызмет атқаруына жол
ашады.
Банк қарызын кәсіпкерлеге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз
формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады.
Банк қарызы бір жылдың мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және
одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік несие – бұдан қарыз алушы мемлекет, ал кредитор көбінесе
халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз (займ), мақсатты пайызсыз
қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал
бұл оның актуалдығын көрсетеді. Ол объективті түрде экономикаға қажет,
өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын алып көрсету, яғни
мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін,
құрылымын, түрлері мен формаларының мәнін, атқаратын қызметтерін жетік
білу.
Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды және жеке
тұлағалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.
Мемлекеттік қарыздың қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың,
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.
Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді,
қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы
ретінде нәтижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.
Курстық жұмыстың негізгі міндерттеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік қарыздың мәні және оның түрлерін сипаттау;
Мемлекеттік тапшылықтарға тоқталу;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарызды басқаруды қарастыру;
Қазақстан Республикасының экономикасын дамуындағы несиенің рөлін
айқындау.

1 Мемлекеттік қарыз проблемасының теориялық аспектілері

1.1 Мемлекеттік қарыздың мәні, түрлері мен әдістері

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру
мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық
банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі
жүргізіліп отырған ақше-несие саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарда
жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы
аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті
бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
“Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш
туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, Бюджет Кодексіне сәйкес қарыз
алудың мынадай түрлеріне атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және
мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы,
элементтер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша:
қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан бес жылға
дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары). Орналастыру орны бойынша
қарыздар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Орналастыру әдістері бойынша
қарыздар: еркін айналасатын, жазылуы бойынша орналастырылатын, мәжбүрлеме
болады.
Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады бірақ,
қажет болған жағдайда заттай нысаны болады.
Эминтетке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің
жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар: пайыздық (қарыз иелері жыл сайын
тең үлеспен бекітілген тұрлаулы табыс алады), лотереялық немесе ұтыс (табыс
облигацияларының өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) болып
бөлінеді.
Мемлекеттік қарыздардың тағыда мынадай түрлері болады:
1) Қарызгерге қатысы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары
Қазақстан Республикасының Жергілікті атқарушы органдарының
қарыздары
2) Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:
сыртқы мемлекеттік қарыздар
ішкі мемлекеттік қарыздар
3) Қарыз алу нысаны бойынша:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
қарыз шарттарын (келісімдерін) жасау
4) Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін
айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін
айналыс мерзімі 10 жылдан астам болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда
(оны ұстаушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және
дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген
мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.(132бет\13)
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың банктердегі
салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға
айналдыру әдетте жинақ банктері арқылы жүргізіледі және егер, олардың
капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану
тәуекелдіктері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің)
капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің)
пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының
проблемалары пайда болады.
Қазынашылық несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджет
қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа
қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі. Мемлекеттік қарыздар да – бұл
қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары; тәсілдері:
олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады; табыстылықты анықтаудың
және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары
(облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме
орналастыру), өтеу амалы (облигация бойынша ұтыстар, қорланған пайыздық
кірісі бар облигацияларды төтеп (сатып) алу, мерзімсіз қарыздарда –
пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері
де жатады (жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерге мыналар әдістер болып
табылады: дисконттық мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетулі құны бойынша
мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды
өткізу тәртібі (реті).
Мемлекет так қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиелер
ретінде де бола алады.
Ал енді банктердің экономика салаларына несие беруді статистикалық
мәліметтерді мына кесте бойынша көре аласыз.(223бет\11)

Кесте №1

Екінші деңгейіндегі банктердің экономика салалары бойынша несиелері
(Млн. тенге)

Жылдар 2005 2006 2007 2008
Барлық 672407 978128 1484010 2592090
кредиттер
Соның ішінде:
Қысқа мерзімді 289014 369775 508596 869136
өнеркәсіб 81537 100101 99580 186750
Ауыл шаруашылық35508 35345 48220 61471
Құрылыс 13736 25362 52240 109368
Көлік 7055 8845 12696 37373
Байланыс 9777 1285 9647 8176
Сауда 113609 146417 207791 303956
Өзгелері 27793 42420 79422 162041
Ұзақ мерзімді 383393 608353 975414 1722953
Өнеркәсіп 149249 173385 190034 250976
Ауыл шаруашылық41209 72010 76984 102519
Құрылыс 28964 49817 106559 204120
Көлік 13208 22608 43505 58675
Байланыс 3000 6444 11023 13521
Сауда 84238 130475 190833 834390
Өзгелері 63525 153615 356476 758751

1.2 Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз

Ішкі мемлекеттік қарыз (ішкі борыш) – үкіметтің ел азаматтарына
қарызы.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы
болды. Алайда, борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болды. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
біріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банктерден басқа қаржы және несие мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттарды өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады.
Ішкі борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттілігі түріндегі
оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын
дамытуға қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы
нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық
кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты
болатын бірқатар келеңсіз салдарды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды.
1) Берешекті өтеумен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттарының есебінен, яғни
салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі сөйтіп, табыстар мемлекеттік
бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
2) салықтарды көбейту жолы мен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі
мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдіктер қойылады;
экономикалық тәуекелдіктер қосылады; жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-
теңдік таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан
қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға
қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
3) жеке меншік кәсіпкерлердің “инвестицияларын ығыстыру” нәтижесі іс-әрекет
етеді. Бұл құбылыс мынадан туындап отыр: мемлекет бюджет тапшылығын немесе
борышты жабу мақсатымен несие нарығына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені
күшейтпеді, мұның нәтижесінде ақша капиталының пайыздық мөлшерлемесі
артады.
Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал
инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңдік таза ұлттық өнімді
азайтады.
Егер мемлекет
ақша рыногының оқшаландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес
инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес
қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі
шектелуі мүмкін.

Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер
бойынша Ұлттық банкке беремек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен
рәсімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші
субъектілерден
алынған қарыздар бойынша борыш.
Мемлекеттік ішкі борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығынан туындайды.
Сыртқы мемлекеттік қарыз – шетел мемлекеттеріне, ұйымдарына, жеке
тұлғаларына қарыз. Оның мәні теріс, себебі мемлекетті шет елге өзінің
бағалы қағаздарын береді және қарыз жүгін келесі ұрпаққа қалдырады. Сол
себептен оның мәні теріс.
Мемлекет сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі
елдің Ұлттық банкісінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы
тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымды тарту несиелер елдерді
экономикалық және саяси тәуелсіздікке ұрындыруы мүмкін
Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін,
инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға,
аграрлық сектор мен тұтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды
тартпайынша мүмкін емес. Бірақ, шетел капиталы мен валюта ресурстарын тарту
оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыз қаражаттарының
қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді: негізгі борыштың саласы мен
пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің
қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың көбеюі ұлттық валюта
бағамының, экспорт пен импорттың ара салмағының өзгеруімен, отандық
экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс
экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін.Қазақстан Республикасында қазіргі
сыртқы қарыздарының жалпы мөлшері-84,7 млрд. Долларға жуық.(267бет\17)

Өз еліміз жайлы нақтырақ айтар болсақ, дербестікке ие болғаннан кейін
Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992
жылы Республика үкіметі мемлекеттік қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен
ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары
шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге
көлемінде төрт рет ойналды.
1998 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент – заңи
және жеке тұлғалар арасында – номиналы 100 теңгеге, айналым мерзімі 364
күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын мемлекеттік ішкі
қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ
облигацияларына жүзбеоі табыстық пайыздары есептелін, олар тоқсан сайын
төленіп тұрады.(168бет\10)

1.3 Мемлекеттік қарыз және тапшылықтар

Мемлекеттік қарыздардың қызмет етуі жаңа зайымдар мен қарызды өтеуге
байланысты қатынастар жиынтығымен сипатталады.
Мемлекет қарыздарын төлей алу үшін ол займдарды нақтылай алады.
Нақтылау барасынды: займ табыстылығына (пайызды түсіру) – конверсияға;
мерзіміне қатысты талаптарға – консоледацияға; бірнеше займдарды бір займға
біріктіруге – унификацияға байланысты мәселелер де нақтыланады.
Мемлекеттік займдар арқылы шығындарды қаржыландыру кезінде алынатын
салықтардың көлемі ұлғаймайды. Бірақ, несиелерді өтеу кезінде салықтар тек
оларды өтеу ғана емес, сонымен бірге олардың пайыз бойынша қарыздарын
өтеуден де алынады. Салықтар мемлекеттік қарыздарды өтеумен қамтамасыз ету
бойынша шығындарды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, бірақ одан
басқа да қаржыландыру көзі бар. Ол шығындардың қаржыландыру көзі –
қаражаттарды пайдалану бағытымен байланысты. Жинақталған капиталдың
өндірістік салымы жағдайында құрылып жатқан объект іске қосылғаннан кейін
табыс алып келеді, займ соның есебінен өтеледі. Салықтық ауытпалықтың бұл
жағдайында ешқандай күшеюі жүзеге аспайды.(116бет\5)
Зерттеулер мен әзірлемерге жұмсалған шығындарды қаржыландыру
көздері бойынша

Сурет 1

Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасындағы арасындағы тәуелділік
графикалық бейнесі Лаффер қисық сызығы деп аталады.
Артур Лаффер – профессор, қазір Калифорнияда экономика жөніндегі
кеңесші, ұсынысты жақтаушылар жанындағы экономистердің бірі болып табылады.
Лаффер бойынша бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың
табыстарының 30%- дан көбін алуға болмайды. Егер 40-45%-дан табыс тартылса,
онда ол жинақты азайтады, сонымен бірге экономиканың жеке секторында
инвестицияны да азайтады. Сондай-ақ егер де салық қойылымы жеткілікті
жоғары деігейге жетсе, онда кәсіпкерлікті, өндірісті ұлғайтуға ынта
төмендейді, пайда азаяды және сәйкесінше бюджетке салықтық түсімдері
азаяды.(187бет\12)

Сурет 2

Салық табысын салықтың деңгейіне байланыстыратын Лаффер қисық сызығы
сипатталды. Қисық сызық алғашқыда салық деңгейінің артуынан салық табысының
өскенін, кейін кездейсоқ төмендегенін көрсетеді.
Салық деңгейі 0-ге тең болса, үкіметтің табысынан өндіріп алатын
салығы да сол деңгейде болады. Қисық сызықта А нүктесі белгіленген. Салық
деңгейі 100% болсын. Үкімет бұл жағдайда халықтың тапқан табысының бәрін
алады. Сол себепті табыс 0-ге тең болады. Салық табысы да 0; соған сәйкес В
нүктесі белгіленген.
А мен В нүктесі аралығында үкімет салықтан үкімет бірнеше рет табыс
түсіреді. Сөйтіп қисық сызық нүктесінен салық деңгейі төмен болып 3%-дай
өскеннен кейін ғана көтеріле бастайды. Кездейсоқ қисық сызық В нүктесіне
қайта оралады. Кей сәтте ол қисық сызық айнала сызылады. Себебі салық
деңгейі 60% болуы мүмкін. С нүктесі – ортадағы аралықты бөлетін сызық. 60%-
дан төмен болған салық деңгейі жалпы салық кірісін арттырады. 60%-дан
жоғары болған салық деңгейінің өсуі жалпы салық кірісін азайтады.
Қарама-қарсы байланысты алатын болсақ, 60%-дан жоғары салық деңгейінің
төмендеуі жалпы салық кірісін арттырады.
Ұсынысты жақтаушылар салықты қысқартудың сақталған ақшаға әсері
жөнінде талапа қояды. Егер сақталған ақша салық деңгейі төмендесе, салық
деңгейінен соңғы табыс артады. Мысалы, әлдекім сақтаған ақшаға салық
салынғанша 9%-ға тең табыс табады делік. Салық деңгейі – 25%, оған
сақталған ақша салығынан түскен 6.75% пайда кіреді (=0.75*9%). Ал енді
салық деңгейі 20%-ға төмендеді. Салықтан кейінгі кіріс 7.2%-ға артты
(=0.8*9%). Экономистердің тұжырымы бойынша мынадай жағдайда адам сақтық
кассасына молырақ ақша салады. Осының салдарынан инвестиция артып, ақша
қоры кеңейіп өнім өседі.(188бет\12)
Өнім өскенде салық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, жалпы салық
табысы өседі. Жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджетке қаншама көңіл
аударсақ та, салықты кемітудің нәтижесінде үкіметтегі табыстың өскенін
байқаған жоқпыз.
Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары
сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде,
экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің
шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін артады. Салықтың
төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне
қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік
шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық
процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен артық болуы активті
бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің
төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті бюджеттік
дефицит деп аталады.
Қаржы мекемелері – үкіметке түскен ақшаны жинайтын және төлем
жүргізетін үкіметтің агенттігі. Қор жүйесіндегі үкіметтің есебі Қаржы
мекемесі арқылы жүргізіледі. Мекемеге кіріс негізінен салықтардан түседі.
Егер, шығындар кірістерден асып түсетін болса, онда бюджет тапшылығы орын
алады.(246бет\12)

Мемлекет соған кеткен шығынды қалай төлейді? Оның көбісін
ол
Мемлекеттік қор банкінен чек алу арқылы төлейді. Жеке адам тәрізді
үкіметтің есебінде қаржы болу керек. Міне, соған чек жазылады. Егер
салықтан түскен кіріс шығынды толтыра алмаса, онда қаржы мекемесінің қарыз
алуына тура келеді. Қаржы мекемесінің қарыз алуы дегеніміз – мемлекет
оларға қарыз болды дегенді білдіреді. Бұл қарыз мемлекетке немесе Орталық
банкке сатылады.
Егер қаржы мекемесі тапшылықты қаржыландыру үшін Орталық банктен
қарыз алатын болса, онда ол ақшалай қаржыландырады дегенді білдіреді.
Ақшалай қаржыландыруды Орталық банк қаржы мекемесінің қарызын сатып алады.
Ақшалай және қарыз алуы арқылы қаржыландыру арасындағы айырмашылық
бар. Қаржы мекемесінің қаржылық бағалы қағаздарды Орталық Банкке сатуы
ақшаны қарыз айналымына жіберуге жатады. Яғни Орталық банк ақшаны
қаржыландыру үшін құнды (күші бар) ақша шығарады. Мұндай ақша қоры негізгі
макроэкономикалық құбылыс болғандықтан қарызды қоғамға сатуы мен оны
Орталық Банкке сату арасында маңызды айырмашылық бар.
Бұдан үкіметте тапшылыққа қарағанда артықшылық басым болғаны
көрінеді. Ол кезде үкімет облигацияны сатудың немесе құнды ақша соммасы
өсірудің орнына айналымдағы облигация қорын кемітеді. Немесе құны жоғары
ақша ұсынысын азайтады.
Үкіметтің тапшылықты қаржыландыруының теңдеуі:. Мұндағы: βр
–ден жеке секторға сатылған үкімет облигацияларының құнын білдіреді. Н құны
жоғары ақша қоры, BD нақты есептелінген бюджет тапшылығы, Р баға деңгейі,
А үкімет активінің сатылуы.(19бет\16) Сонымен:

P*BD= βf + βp= H + β + A
(1.3.1)

Бұл теңдеу үкіметтің бюджет лажсызығы деп аталады. Мұнда бюджеттің
номиналды тапшылығы Орталық Банктен немесе жеке сектордан қарыз алу арқылы
немесе активтерді сату арқылы қаржыланады. Қаржы мекемесі қарызының Орталық
банктегі салымының өзгеруі құны жоғары ақшаның өзгеруіне себеп болады, яғни
бюджет тапшылығы қарызды көпшілікке сату арқылы немесе құны жоғары ақшаның
қорын көбейту есебінен қаржыланады. Орталық банк қарызды ”ақша ретінде“
айналымға жібереді деген ұғым осы.
Бұл теңдеудің нәтижесі бюджет баланста болмаса, Қаржы мекемесі жеке
секторға бағытталған талаптарды өзгертеді. Ол талаптар – Қаржы
мекемелерінің жеке секторларға сатқан бағалы қағаздары, олар – алдағы
проценттік төлемді анықтайтын талаптар. Үкіметтің төленбеген облигациялар
қоры мемлекеттік қарызды құрайды. Бюджет тапшылығы тұсында мемлекет қарызы
да өседі. Талаптар қоры қаржы мекемелеріне қарама-қарсы өседі. Бюджет артып
кетсе, мемлекет қарызы төмендейді. Қаржы мекемесі көп салық алып, оны
төлейді де, қалғанымен бұрынғы қарыздарының орнын толтырады.
Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру
тәсілдеріне байланысты.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1. ақша несие эмиссиясы (тыйын шығару);
2. займ шығару
3. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту
Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған
жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді.
Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың
табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарлауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.
Мемлекеттік тапшылықты жою үшін тиын шығару қолда бар қаржыны
эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа да түрде жүзеге асырылады.
Мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз
мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы
жүзеге асырылады.
Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақытылы
төлемейді. Егерде сатып алу жеке секторлардан жүргізілетін болса, онда олар
бағасын алдын ала көтереді, мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады. Бұл
орташа баға деңгейін көтереді және ифляция деңгейі көтеріледі.
Егерде мемлекеттік сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда
бұларды Орталық банк қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін
өсіреді. Сондықтан тыйын шығаруға қарағанда, уақытылы төленбеген төлемдер
бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс
жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі. Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы
мемлекеттік займ шығарылу арқылы қаржыландырылса, рела орташа нарықтың
пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны
төмендетеді. Бұл таза экспорттың шығындарының төлендеуіне алып келеді.
Осыдан ығыстыру әсері пайда болады, ол қазыналық саясаттың ынталандырушы
әсерін азайтады.(312бет\13)
Қарыз алу арқылы қаржыландырылған уақытша тапшылық. Салықтың
төмендеуі жиынтық сұраным қисық сызығын AD- дан AD1- ге жылжытады. Соған
сәйкес қысқа мерзімді жиынтық сұраным ұлғаяды. Өйткені тапшылық уақытша
болғандықтан, салықтың қысқартылуы жойылады. Уақытша тапшылықты
қаржыландырылған мемлекет қарызының көп болуынан қарызды иемденушілердің
байлығы артады. AD AD2- ге жылжиды. Баға деңгейі тұрақты өседі, пайыз
мөлшерлемесі артады.
Салықтың төмендеуімен жиынтық сұраным қисық сызығы AD- ден AD1- ге
жылжиды. Өйткені тапшылық кезінде жеке сектор облигациялар сатып алады.
Бұдан үкімет қоры азаяды.
Жеке сектор алған үкімет қарызы жиынтық сұранымға қалай әсерін
титізеді? Жеке адамдардағы үкімет облигацияларын олардың тиесілі байлықтың
бір бөлігі делік. Берілген табыс мөлшеріне үкімет облигацияларының қоры
көбейгенде жиынтық сұраным артуы тиіс, себебі жеке адамдардың сол
облигацияларды иемдену олардың әл-ауқатын жақсартады. Әл-ауқат жақсарған
соң тұтыну сұранымы артады.
Жеке адамның әл-ауқатының өсуі нәтижесінде жиынтық сұраным қисық
сызығын көрсетеміз – ол үкімет шығыны AD2 өзінің бастапқы деңгейіне
оралғанда, бастапқы AD қисық сызығының жоғары жағына орналасады. Екі
жиынтық сұраным қисық сызықтары – AD және AD2 арасындағы айымашылық
үкіметтегі облигациялардың, бағалы қағаздар қорының өсуін туындатады. B
бастапқы жиынтық сұраным қисық сызығында B мен салыстырылады. Әл-
ауқаттылықтың тұтынуға тигізер әсерінің мардымсыз болуына байланысты соңғы
жиынтық сұраным қисық сызығын - AD2-нің жиынтық сұраным қисық сызығынан
AD1-ден төмен орналастырамыз.
Бір сөзбен бюджет тапшылығы дегеніміз – бюджеттің шығыс бөлігінің
кіріс бөлігінен басым болуын білдіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қызметі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі
Банк жүйесі, банк және ақша қызметі
Екінші деңгейлі банктердің несиелеу әдістері мен формаларының дамуын қарастыру
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды жою жолдары
Несиенің қатынастарының пайда болуы және дамуы
ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
Бюджет жүйесі жайында
ӘЛЕУЕТТІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ФАКТОРЛАРЫ
Мемлекеттік бюджеттің шығын
Сот сараптамасын тағайындау
Пәндер