«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу


КІРІСПЕ
Еліміз өз экономикасын тұрақтандырып, серпінділік стратегиясын жасап қана қоймай, әрбір еңбек етушіні қуантатын еңбек ақы мөлшерінің артуы байқалуда. Сонымен қатар салық заңдылықтарында да оңтайлы өзгерістер орын алғаны баршымызға белгілі.
Кез-келген кәсіпорын бухгалтериясында қызметтің маңызды бағыттарының бірі жұмысшылар еңбекақысының есебі болып табылады. Бухгалтер жұмысының неғұрлым күрделі және жауапты учаскесі болғанына байланысты еңбек және еңбекақы есебі кәсіпорынның есептік жүйесінде басты орындардың бірін алады.
Қазақстанның нарықтық шаруашылық жүйесіне өту жағдайында экономикалық және әлеуметтік хал-ахуалдың өзгеруніе сәйкес еңбекақы төлеу, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және қолдау саласындағы саясат та елеулі елдердегі төлеу жүйесін жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Еңбекақы шығындары өнімнің өзіндік құнының маңызды элементі болып табылады, сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің артуына, өзіндік құнның төмендеуіне, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.
Осы аталғандар мәселенің өзектілігін айқындап, дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды. Жұмысымыздың негізгі мақсаты еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық аспектілерін жүйелеу, нақты бір мекеменің мысалында талдамалық мәліметтерді зерттеу, сондай-ақ еңбекақы есебі, аудиті және оны талдау бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- еңбекақы категориясының мәнін анықтау;
- еңбекақыны ұйымдастыру және оны реттеудің негізгі принциптерін зерттеу;
- еңбекақы есептеу формалары мен жүйелерін қарастыру;
- кәсіпорындарда түрлі категориядағы жұмысшыларға еңбекақы есептеу тәртібімен танысу;
- жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысулардың аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
- еңбекақы қорының пайдаланылуын талдау т. б.
Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың озық еңбектері, заң және нормативтік актілер, статистикалық ақпараттар, «Шымкент май » АҚ нық нақты мәліметтері қолданылды.
«Шымкент май» ААҚ-ның басқару құрылымы
«Шымкент май» ААҚ-ы тарихының негізгі кезеңдері 1942 жылы май экстракты зауыттың алғашқы өнімі рафинатталған мақта майы алынды. 1943 жылы өтпелі қызыл белгімен марапатталуы, 278 жұмысшының «Ұлы Отан соғысында енген еңбектері үшін» медальмен марапатталуы. 1948 жылы Форпрессті цехтың іске қосылуы. 1949 жылы Май экстракты зауытын Шымкент май зауыты атағына айналды. КСРО тамақ өнеркәсіптері министрлігі «Бас өсімдік май» бас басқармасы. 1950 жылы ыдыстарға құю, бөлу цехтарын, сабын қайнату цехтарын, штамп прессторын, дайындау цехтарын, форпресстеу цехындағы жаңаша жабдықтардың, дайындау экстракциялы бөлімдердің ашылуы. 1953 жылы еркін май қышқылдарын алуға қажетті цех іске қосылды. 1959 жылы елдегі ең ірі үздіксіз май экстракциясы цехының іске қосылуы. 1975 жылы экстракциялы цехтың қайтадан рекенструкциялануының аяқталуы. 1992 жылы зауыттың 50 жылдыығ атап өтілді. 1993 жылы жекешелендіру «Шымкент май» ААҚ-ның қайталануы. 2000 жылы «Доня» сауда маркасының нарыққа енуі. 2002 жылы зауыттың 60 жылдығы атап өтілді.
Халықаралық стандартқа сәйкес ИСО 9000 сапа менеджментінің жүйесіне аттестациялану үшін жабдықтарды қайта жаңарту. «Шымкент май» ААҚ-ның 60 жыл тәжірибелік мерзімінде май өнімдері нарығында май ішкі заттарының өңдеу, өндірістік циклдар, ұрықты дәнді сатып алу, оны май өнімдеріне қорыту, дайын өнімдерге қораптау, сауда нүктелеріне тасымалдап жеткізіп беру жұмыстарымен айналысады.
Сапа және экологиялық таза өнім - өсімдік майы және шрот. Деректі шикізаттың өңдеу тереңдіктеріне байланысты - тазартылмаған (рафинатталмаған), тазартылған (рафинатталған) және күнбағыс, мақта, сафлор, сая өнімдерінен алынған майларды өңдейді. Май тұқымдарын өңдеу түрлеріне байланысты жобалық қуаттылығы тәулігіне 100 тонна тұқымдастық, 1. 08. 2003 жылы деректер бойынша өндірістік қуаттылықты қолдана алу мүмкіншілігі - 96%-ды құраған болатын.
Өсімдік майлары бүгінгі күні өте қолайлы, таза, сапалы өнім. өсімдік майларын тұтынушылардың үлестері - 62, 2%-ды құрайды. Сонымен қатар, 2002 жылы өсуіне талдау жасай отырып, мынадай көрсеткіштерді анаықтауға болады: өсімдік майлары нарығында отандық өндірушілердің үлесі - 75%. «Шымкент май» ААҚ-ның үлесі - 34, 4%. Тұтынушылардың мазмұндауынша өнімнің сапасы мен өнімдерін сатып алуда шешуші фактор болып табылады. Тазаланған мақта «Доня» майының теңдесі жоқ. өсімдік майының негізгі биологиялық құндылығы май қышқылдарының, фосфоридтерімен, токоферелдармен сипатталады. Күнбағыс майы аса белсенді витаминдерге иеленеді. «Шымкент май» ААҚ-ы тазаланған май өнімдері тұтынушылардың талаптарына жауап бере алады. Мақта, күнбағыс, сафлор және қыша (горчица) майлары табиғи түске ие, иісі жоқ, табиғи витаминдер мен амин қышқылдарына өте бай.
Кәсіпорын және оның өнімдері
ААҚ «Шымкент май» Шымкент қаласының Оңтүстікбөлігіндегі теміржол бекетінің 1, 5 км қашық бөлігінде орналасқан. Солтүстік-батыстан кәсіпорныға мақта май зауыты, ал батыстан «Оңтүстік полиметаллы» ЖАҚ-ның аймағы бағытталған. Кәсіпорынның магистралды теміржолымен байланысы солтүстік шығыстан өндірістік алаңға бағытталған өтпелі теміржолмен орындалады. Кәсіпорынның автокөліктермен байланысы «Промышленная» көшесі арқылы орындалады. Кәсіпорынның қарапайым рельефті. Жер асты сулары 10 метр тереңдікте байқалмаған. Аймақтың сейсмикалдылығы - 8 балл. Кәсіпорынның шикізаты май тұқымдастықтарының түрлері, олардың ішіндегі негізгісі мақта және пісте май тұқымдастықтары. Мақта тұқымдастықтары қала және аудан аралық зауыттардан тасымалданады. Ауданаралық мақта тазалау зауыттарының кәсіпорыннан алшақтығы - 40-100км. Күнбағыс тұқымдастықтары негізінен Шығыс Қазақстан облысы және Ресей Федерацияларынан тасымалданады.
Өндірістің құрылымы және оның сипаттамасы
ААҚ «Шымкент май» тамақ және техникалық тағайындаудағы түрлі өсімдік майларын өндіріп шығарумен сипатталады. Мақта тұқымдастықтарын өңдеу бойынша кәсіпорынның жоғарғы өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 тонна. Мақта тұқымдастығын өңдеумен қатар, күнбағыс, мақсары, қыша, соя тұқымдастықтарын өңдеп, дайын өнім ала алады. ААҚ «Шымкент май» құрамында мына төмендегідей цехтық бөлімдер жұмыс атқарады:
- шикізат цехы
- дайындау цехы
- экстракциялы цехы
- рафинаттау цехы
- иіссіздендіру цехы
- дайын өнімдер цехы
- өсімдік майларын қораптау цехы
- өндірісті бақылау лабораториясы
- көмекші цехы.
Көмекші цехтарға мыналар жатады:
- энергетикалық цехы
- пеш цехы
- механикалық цехы
- жөндеу-құрылысы цехы
- лаборатория
- Кип и А.
Май тұқымдастықтарны өңдеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
- сақтау
- тазалау
- майды сығу
- экстракция
- майды рафинациялау.
Әрбір процесс өзара механикаландырылған транспорт элементтермен және құбыр өткізгіштермен байланысқан цехтарда іске асырылады. Шикізат цехы қоймасынан тұқымдар қалдықтардан тазалау үшін дайындау цехына бағытталады. Тазаланған тұқымдастықтар қабыршақтан тазалау - сеператорлы бөлімшесіне тазалау үшін келіп түседі. Дәндердің қабығы малдар үшін жем ретінде тарату мақсатында дайын өнімдер қоймасына келіп түседі. Тұқымдастықтарды қабықшаландыру - «ядро» майдаланып процестеледі. Осы аталған операциялар дайындау цехында орындалады. Қалдық майларды алу үшін күнжара (процестеу материалы) экстракциялы цехқа келіп түседі. Экстракциядан соңғы майсыз материал - шрот дайын бұйымдар цехына үй жануарлары үшін жоғарғы белокты жем ретінде таратылады. Форпрессті және экстракциялы майлар тазалау цехына бағытталады, онда май өңделеді.
Зерттеу процесінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің әдістемелік тәсілдері кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, жұмыс теориялық нақты мысалдарға, есептеулерге негізделген практикалық сипатта орындалғандықтан, құндылығы жоғары деп есептейміз.
1 Тарау. ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМЛДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
- Еңбекақы: түсінігі мен түрлері, жүйелері және нысандары
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік - ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық - құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады. (Н. Айымханова «ҚР Еңбек құқығы» 86 бет)
Еңбекақы - бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс. (ҚР Еңбек Кодексі, 115- бап. 2-тармағы) .
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылармен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қарастырылады. Бұл жүйенің негізгі элементтері келесілері болып табылады:
- Тарифтік кесте;
- Тарифтік еңбек ақы мөлшері;
- Тарифтік мамандық анықтамалары;
Көрсетілген жүйеге негізделіп жұмысшылармен қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Бұл кәсіпорын тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріп, жұмысшылармен қызмекерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді. Еңбек пен жалақының пайдаланылуын талдаудың негізі міндетті еңбек өнімділігін одан әрі арттырудың және жалақының үнемдеудің қорын анықтау болып табылады.
Еңбек жөніндегі жоспардың орындалуын талдауда еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырманың орындалуын талдау басты орын алады. Еңбек өнімділігінің деңгейі бір жұмысшыға шаққандағы тауарлы өнімнің бір өлшемнің еңбек сіңірілетін көрсеткіштерімен білдіріледі.
Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі-бір жұмыс түрлерінің күрделілігі жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары, Басшылар мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік сипаттамалары негізінде белгіленеді. Мұнда көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, сынақтан өткізуді, бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекетік орган айқындайды.
ҚР Еңбек Кодексінің 120 бабына сәйкес, еңбек ақы төлеу жүйелері, Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімді, кесімді немесе өзге де еңбекақы жүйелері бойынша төленеді.
Мерзiмдi еңбекақы деп - нақты iстеген уақыты үшiн еңбек ақының мөлшерi немесе тарифтiк мөлшерлемесi бойынша еңбеккерлерге есептелiнетiн жалақы нысанын айтамыз.
Халық шаруашылық саласындағы шаруашылық субъектілерінде қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойындағы қызмет атқарған уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбек ақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе шаруашылық субъектісінің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбек ақы соммасы толығымен төленеді.
Мерзiмдi еңбекақы нысаны жай мерзiмдiлiк және сыйақылы мерзiмдiлiк болып бөлiнедi.
Жай мерзiмдi еңбекақы - өзiне берiлген тарифтiк мөлшерлемесi немесе нақты iстеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептеу. Және ол сағат, күн, ай тарифтiк ставкiлерiмен және окладпен (өтелген уақыт санын бекiтiлген тариф ставкасына көбейтiп есептейдi) өндiрiледi.
Сыйақылы - мерзiмдi еңбекақы жүйесi және басқада еңбек ақылар қызметшiнiң жұмыстан босатылуы, демалысқа кетуi және басқада оқиғалар кезiнде жұмысшының орташа жалақысынан аударымдар есептелiнедi. Орташа жалақыдан қызметшiнiң еңбек ақысының көлемi түсiндiрiледi алдыңғы уақыттарда алынған еңбекақысының фактiсiмен есептелiнедi. Және сандық пен сапалық көрсеткiштерi үшiн қосымша еңбек ақы сыйақылы - мерзiмдi еңбекақы деп атаймыз.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы ақының 21разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді.
Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншігі дейін бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік- мамандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық- мамандандырылған топтарындағы қызмет иесінің (лаузымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төмендегі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік- мамандандырылған коэффиценттер бойынша анықтайды.
Тарифтік - мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.
Ал мамандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін, мандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.
Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселесін ұжымдық келісім - шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Олар тарифтік- мандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.
Кесiмдi еңбек ақы төлеген кезде алдын ала белгіленiп қойған деңгейде әзiрленген өнiмнiң немесе орындалған жұмыстың әрбiр бiрлiгiне есептейдi. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/ сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.
Кесімді еңбек ақының мынадай жүйелері бар:
- Тікелей кесімді
- Кесімді сыйлықты
- Үдемелі кесімді
- Акордтық
- Жанама кесімді
Тiкелей кесiмдi еңбек ақы жүйесi - бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбек ақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кесiмдi-сыйлықты - бұл қосымша марапаттау төлемiн қарастырады, белгiленген көрсеткiштi орындаған кезде ғана пайдаланады.
Кесiмдi - үдемелi (прогрессивтi) еңбек ақы төлемi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың белгiленген артық өндiргенi үшiн көтермелеу ретiнде пайдаланылады. Норма мөлшерiнде пайдаланғаны үшiн жұмысшыларға төлемдi тiкелей кесiмдi бағалар бойынша есептейдi, ал нормадан асыра дайындалған өнiм үшiн үдемелi бағалар бойынша есептейдi.
Жанама еңбек ақы төлемi. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемi қызмет көрсететiн учаскiсiнiң, цехтың негiзгi жұмысшылардың төлем ақысына шаққандағы процентiмен анықталады.
Еңбек ақы төлемiнiң аккордтық жүйесi. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемiн нормаланған тапсыпманың немесе жұмыс көлемiнiң орындалуы және алдын ала кешендiк жұмыстың тұтастай орындалуына белгiленген жалпы кесiмдiк бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшiн еңбек өнiмдiлiгiн арттыруда және жұмыстың орындалу мерзiмдерiн қысқартуда, олардың ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшiн пайдаланады.
Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) бағалар негізінде белгілейді ал олар болмаған жағдайда- онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативті тапсырмалар мен баға тапсырмалар мен баға(расценок) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.
Кәсіпорынның еңбек пен еңбекақы есебінің басты міндеттеріне тоқталып өтсек:
- өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтап, жүргізу.
- еңбек өнімділігінің өсімін бақылау
- жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылап талдау
- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау және талдау
- жұмысшы және қызмекрлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу
- өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу
- еңбек және еңбек ақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру
Сонымен қатар еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру келесі жағдайларды қарастырады:
а) еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолданады.
б) еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогресттік құрылымын қолданады.
в) еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолданады.
Ең бастысы, жұмыс беруші тұлғамен жұмысалушы тұлғаның арасында арнайы келісілген «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес өзара тікелей жеке еңбек келісім шарттарын жасайды. Бұл құжат жұмыс беруші мен жұмыс алушы тұлғаның арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар екенін әрбір басшы білуі шарт, оған сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдер және әрбір кәсіпорынның әлеуметтік жағдайына байланысты жәрдемақылық төлемдер. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Дәл осы ережелердің барлығын пайдаланып әрбір жұмысшы немесе қызметкермен әкімшілік бөлімі қызметіне қарай келісім - шартқа отырып өз жұмысын ұйымдастырады.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
- Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы - қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа топқа бөлінеді.
Басшылар қатарына - президент, ректор, директор, меңгеруші, т. б. жатады.
Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және т. б жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына - құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер, т. б . жатады .
Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың " тізімдегі саны " деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz