Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Баспа ісі және редакциялау кафедрасы
ПАЗЫЛОВА Камила
ЕГЕМЕНДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАР ЕРЕКШЕЛІГІ
Жоғары оқу орнын бітіру үшін қорғалатын
Бакалаврлық диплом жұмысы.
Ғылыми жетекші
А. -Х. Ф. Мархабаев,
филология докторы,
журналистика профессоры
Баспа ісі және редакциялау
Кафедрасының 2008 жылғы
9 маусымдағы мәжлісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі - Сақ Қ. Ө
Алматы 2008 жыл
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-7
Негізгі бөлім: «Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшеліктері».
І тарау
1. 1 Егемен еліміздің діни басылымдары . . . 8
1. 2 «Шапағат-Нұр»журналындағы аудармалар мен проблемалық мақалалар . . . 18
ІІ тарау
2. 1 «Шапағат-Нұр» журналындағы тұрақты айдарлар . . . 22
- Діни басылымдардың безендіру ерекшелігі . . . 35
Қорытынды . . . 40
Пайдаланған дерек көздері . . . 44
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Рас сөз ешқашан да жалған болмас»- деп Абай бабамыз айтқандай, дін адамзатты тек ізгілікке, иманға жетелейтін ақиқи жол екенін қазақтың зиялы қауымы да растаған. Кеңес үкіметінің тұсында «дін-апиын» деген ұранмен, халықты діннен бездіріп, рухани тамырына балта шауып, дінінен ғана емес, тілінен, салт-дәстүрінен қол үздіру арқылы мәңгүрттендіргені жайлы профессор Абдул-Хамид Ф. Мархабаев пен А Құрманбаева былай дейді: «күні кешеге дейін ертелі-кеш ғылым атынан сөйлеуші «материалист», «атеистер» о баста сыйқырлы бір Жаратушы болған дегеннен зәре-құты қалмай тұра қашып: «Дүние кездейсоқтықтан туған» деген сияқты негізсіз, тайғанақ тұжырымдамаға талақша жабысып алғаны белгілі. Сол акциома деңгейіне көтерілген ой-пікірдің тұрақсыздығына көзі жеткен шынайы ғалымдар қазіргі таңда дұрыс көзқарастағы, қисынды әрі фактымен дәлелденген біріне соң бірі мақалалар жариялауда. Ол, қарама қайшы мәлімдеулер, әсіресе, биология, медицина, қысқаша айтқанда, тірі организмдерге қатысты «ғылымдар отауынан» жиі естілуде» [1. 15 б], дейді.
Бүгінгі күні көптеген адамдар өздерін діннен бөлекпін деп ойлайды. Және көпшілігінің дін туралы мағлуматтары аз, тіпті діни сауаттары жоқ. Ал, бұл - дегеніміз, біріншіден, түрлі секталардың оларды өз діндерінде оп-оңай кіргізіп алып, өздеріне идеологиялық қол шоқпар ете отырып, ертеңгі күні солар арқылы ел ішіне іріткі салдыруларына жол ашуы мүмкін. Екіншіден, Ислам атын жамылған секталардың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейтін қазақтың аңғал жастарына «мұсылмандық -осы» деп, Исламға мүлдем жат, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын дінсымақтың жетегіне ергізіп, ақылға қонымсыз іс-әрекеттерді жасаурата итермелеуі қазіргі таңдакөрініп қалып жүр. Үшіншіден, діннен мүлдем алыс, адамгершілік, мейірім, қамқорлық, адалдық т. б жақсы қасиеттерді бала бойына сіңіріп өсірмеген кейбір ата-аналардың кесірінен қазіргі кезде қоғамның өзекті мәселелеріне айналып отырған тастанды балалардың көбеюі, қарттар үйінде телмірген ата-әжелердің санының артуы, кейбір қаракөздердің жезөкшелік жолға түсуі, нашақорлық пен қылмыс түрлерінің көбеюі-осының барлығы дінсіздіктің себебінен.
Ал бұл тығырықтан шығудың жолы-Ислам діні және мұсылмандық шариғатты мкеңінен насихаттау екенін иман жүзді зиялы қауым бұдан әлдеқашан бұрын да мойындаған. Сондықтан Ислам дінін насихаттаудың түрлі тиімді жолдарын қарастыруымыз керек. Бұл ретте әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының үгін-насихатшылық қарым- қабілетін ерекше атап өтуге болады. Мәселен, теле-радио арқылы түрлі бағдарламалар ұйымдастырып, таратып, мерзімді баспасөзді пайдаланып, қалың мүмкіндіктерге зерделі түрде жететін болады. Сондықтан да осы ақпарат көздерін бакалаврлық диплом жұмысының тақырыбына таңдаған жайымыз бар. Еліміз егемендік алған жылдардан бергі діни басылымдар ерекшелігі, олардың мазмұндық сапасы, безендірілуі, тиражы, оқырманды қамту ауқымы, әлемнің беделді ғалымдары мойындаған Ислам дінінің журналистикадағы орны, қаламгерлердің діни сауатының деңгейі сынды мәселелер төңірегінде ой тербеуді жөн көрдік.
Жұмыстың мақсаты. « Білім алу мәселесі адамзаттың басты мұқтажы екеніне бүгіндері күдіктенген біреуді, шышында да, жын қаққан есебінде қабылдар едік. Себебі: қазірде онсыз ешкімге жарық күн жоқ екенін әркім біледі. Демек, Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с. ) : «Білімге бесігіңнен бастап, көріңе дейін талаптан»; «Тіпті Қытайдан болса да білім алуға ұмтыл», «Бір сағат ілім үйрену, бір түн жасаған ибадаттан артық. Ал бір күндік дәріс, бір ай ұстаған оразадан абзал», - деген Хадистеріне жұртшылықтың алдын ала зердесіне жетіп, саналы түрде қабыл алғандықтарынан немесе өмір талабының еріксіз итермелеуінен деп білу керек. Әсіресе, Алла Тағаланың соңғы расулының: «Жастықта алынған білім -тасқа ойылған нақыш», -деген ұлы дәйектемесі біздің бүгінгі таңдағы білім алу мәселесінде ұран ғып көкке көтеретін уағызға бергісіз.
Ал, сол білім-ғылымды игерудің қыруар соқпақ та ирелең жолы бар. Бүгінде жеке-жеке кітаптар, альманах, журнал, газеттер беттерінен осыдан, мың-миллиондаған жылдар бұрынғы ғылым жолын, тіпті келешектен күтулі жаңалықтарды, іздеген талапкерлер саны күннен күнге артылуда»[1. 15б] .
Қазіргі кезеңде БАҚ құрылымдық, мазмұндық өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік және меншік бөлінісіне орай, баспасөз беттерінде жеңіл дүниелер көрініс табуда. Негізінде осы басылымдардың өзі қоғамда жат әрекеттердің өршуіне жол ашып отыр. Мәселен, «Айғақ», «Қызық газет», «Махаббат» сынды эротикалық басылымдар біреулердің өмірлерін қаз-қалпында берумен қатар, порнографиялық суреттерге де орын бөледі. Ал, діни басылымдардың адамгершілік тәрбие берудегі рөлі зор. Сондықтан да оларды зерттеу арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Осы жұмыстықарастыру үстінде болашақ журналист, бүгінгі студент үшін аса қажет қосымша мағлумат беру міндеті тұр. Дипломдық жұмысының тақырыбын «Қазақстан егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі» деп алып, еңбегіміздің негізгі нысанасы етіп «Шапағат-Нұр»исламтану журналының материалдарынтаңдадық. Аталмыш басылымның діни материалдарды беру ерекшеліктеріне, жарияланымдардың жанрлық табиғатына, журналды безендіру мен оның тұрақты айдарларына шолу жасап қоймай, талдау жасауды мақсат тұттық.
Жұмыстың міндеті. Ғылыми еңбекті жазу барысында мынадай міндерді алға тарттық: Қазақстан Егемендік жылдарындағы діни басыдымдар ерекшеліктерін жан-жақты талдау; Діни басылымдар жарияланымдарының жанрлық, пішіндік, тіл-стильдік сипатын анықтау; Діни басылымдардағы «Шапағат-Нұр» журналындағы тұрақты айдарлар табиғатына жүйелі сипаттама беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында А. -Х. Мархабаев, А. Құрманбаеваның «Ислам ілімі - ғылым алгоритмі», А. -Х. Мархабаевтың «Ислам=Ғылыым + Журналистика», Мұртаза Бұлытайдың «Мұсылман қазақ еліміз», Ғ. Есім . Артемьев А, Қонаев С, Біләловалардың Г. «Дінтану негіздері», (А, Білім 2003ж) журналистика теориясына қатысты - В. Ученованың «Беседа о журналистике», Е. Прохоровтың - «В ведение в теорию журналистики», безендіруге қатысты С. Бельчиковтың, Т. Допкиннің, редакциялау теориясына қатысты С. Антоновтың, Т. Амандосовтың ғылыми-зерттеу еңбектері пайдаланылды. Жұмысты жазу барысында «Шапағат-Нұр», «Мұсылман», «Иман», «Ислам өркениеті», «Рахмет самалы» және т. б діни басылымдардың тігіндісін қолдандық.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, бірінші тараудың алғашқы тараушасы «Егемен еліміздің діни басылымдары» .
Ислам тарихынан бастап оның қазақ қоғамындағы өзіндік рөлі; тәуелсіздік ағаннан кейін діни басылымдардың жарық көре бастауы, олардық қазіргі жай-күйі секілді мәселелерді жал-жақты талдадық. Қазақ қоғамындағы діни басылымдардың рөлін ерекше атап өттік.
«Діни басылымдардағы проблемалық мақалалар мен аудармалар» деп аталатын екінші тараушада діни басылымдарлағы жарияланымдардың мазмұндық, тіл-стильдік сапасына, ерекшелігіне, идеясына, жанрына тоқталып кеттік
. Екінші тараудың бірінші тараушасы - «Шапағат -Нұр »журналындағы тұрақты айдарлар. Атынан-ақ белгілі айдарлар жеке талданған.
ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДІҢ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРЫ
«Дін-құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім белгілі діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді[2, 6б], деген қағида бар” Дінтану негіздері деген оқу құралында.
Дін - тұңғыш Адам атамыздан бері қарай бар нәрсе. Күллі тарихымызды атақты Генри Бергсон: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки пәлсәфәні білмейтінг инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ дінсіз ешбір қоғам болмайды» [3, 8 б ], деген.
Жалпы діндердің ішіндегі ең асылы, да ақиқи дін ол-Ислам діні. Ғылым, техника дамыған сайын, оның ақиқат екендігіне мұсылман атаулы көз жеткізуде. Құран түскелі он төрт ғасырдан бері, ғылым-Құранның нағыз Дүниетаным оқулық екенін дәлелдеп келеді. ХХ ғасырдың зор ғылыми-техникалық жетістіктері нәтижесінде ашылған гаолактика ғажайыптары мен табиғат құпиялары, терең мұхит тылсымдары мен тіршілік сырлары Құран аяттарында сипатталған болатын.
Қазақстанға Ислам діні 7 ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда Ислам діні Қазақстанға күшпен енгізілген жоқ. Қазақстанда сол кездері қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға Ислам дінінің кері әсері болмай, қайта олфеодалдық қарым- түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұріннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілектерін қанағаттандыра алмады. Ал, Ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды[4, 135б] .
Қазан төңкерісінен кейін 20 жылдар соңына дейін Кеңес үкіметі дінге әуелде кеңшілікпен қарады. Сол себепті мешіттер мен медреселер өз жұмысын жалғастыра алды. Ал 1920 жылы Орынборда мұсылмандардың тағы бір құрылтайы өтті. 1921 жылы Республикада Ораза айт пен құрбан айт ресми мереке ретінде тойлау жайлы қаулы қабылдады. Орта Азия мен Кавказ республикаларының көпшілігіне демалыс күні болып жарияланды. Бірақ, бұл көпке созыла қойған жоқ. Кеңес үкіметі өз-өзіне келе бастаған соң, көп ұзамай дінмен күреске кірісті. Мың жылдан бері ізгілік пен игілік дәнін сеуіп келген дініміз кертартпа деп насихатталды. Дінбасылар қуғынға ұшырады, атылды, асылды, жер аударылды. Халық бірте-бірте рухани тірегінің біріненайрыла бастады. Тіліне қысымшылық жасады. Орыстандырылу жедел жүргізілді. Рухани жұтаңдық атқа мінді. Осындай ауыр халге ұшыраса да халқымыз діннен безген жоқ. Қалалар мен кенттер, ауыл мешіттерінде жұма намаздары мен Құрба айт, Ораза айт кең көлемде болмаса да өткізіліп тұрды.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде немістердің Еділ бойына жақындап қалғанынан сескенген Сталин 1937-1938 жылдары өзі жазықсыз жапа шектірген орта Азия мұсылмандарының ризалығына бөленбек оймен Ислам дініне көңіл бөлуге кірісті. Сөйтіп 1943 жылы Ташкент қаласында орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан республикалары мұсылмандарының діни басқармасы құрылып төрағасы Бас муфти Ишан Бабахан Абдулмажидхан сайланды[5, 135б] .
Президентіміз: «Саясат күнде өзгереді, ал дін -мәңгілік» және бір сөзінде «Ислам тек дін емес, ол біздің мәдениетіміз»деген болатын. Дін оның ішінде Ислам діні- біздің ұлттіқ дүниетанымымыз, мәдениетіміз, рухани тазалық көзі, халықты бауырмалдыққа, бірлікке баулитын негізі берік тәрбие құралы. Ислам құндылығы сонда. Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен қатар, дүниені де тәрк етпейсің. Яғни ол орта жолды ұстанады. Сондай-ақ, кез-келген жаманшылықтан тыйылып, ізгі істерді жасауға үндейді. Осылайша адамның физиологиялық, рухани кемелденуі мен психологиялық өрісі жағынан да толық тұлға ретуінде қалыптасуына көп септігін тигізеді. Сондай-ақ, әрбір адамзат баласы діннен алшақ өмір сүре алмайды. Немістің атақты ойшылы Гетенің: «Анау-мынау нәрсе туралы оңды − солды ой толғау, қандай ақымақтық. Егер Ислам Аллаһқа мойынсыну болса, біз бәріміз исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз» деген тұжырымы сөзімізді нақтылай түседі.
Сонымен қатар, қазақтың біртуар азаматтары Ыбырай, Абай, Шәкәрімдер де Ислам дініне аса көңіл бөліп, оны шығармаларына арқау ету арқылы халықты имандылыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке үндей білді. Мәселен Ыбырай Алтынсаринн «Бір Аллаға сиынып, Кел балаларлалар оқылық», - деп бүлдіршіндерді имандылық негізіндегі білімге шақырады. Сондай-ақ, Ы. Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» атты кітабында: «Ойлап қараңызшы, Құдай тағала біздің адамдарымызға мұқтаж емес қой. Не жақсылық-жамандық етсек те ақырында пайда-залалын өзіміз көреміз. Мәселен ұрлық, залымдық. Парақорлық, өтірік, ғайбаттан кім залал көреді? Туралық, әдептілік, ғылым-білімді кім пайдаланады? Әлбетте адам баласы өзі пайдаланады. Егер бұл дүниеде бұзық пиғылда болғандағы талабымыз мал табу болса, Құдай тағаланың рұқсат еткен кәсіптері аз ба? Мәселен оқу оқып, ғылым һәм өнерлер үйрену, егін егу, сауда ету, мал бағу, патшаларға қызмет ету, я болмаса бөтен орындарға өнер күшіңді адал ниетпен жұмсап мал табу. Мұның бәрі де халал. Бірақ бұзық адамдар бұған қанағат етпейді һәм өнбойы дүние көөбейтумен алданамын деп, Құдайына қызмет етуді ұмытады [6, 57б ], -деген сөздері күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтпағанын көруімізге болады. Ағартушы өз еңбектерінде иман, ислам парыздары, мінез-құлықтың маңыздылығына тоқталып, мұның барлығы адамның өзіне пайдалы екендігін түсіндіріп кеткен. Ал, Абай ақын: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешқашанда жалған болмас» деп Исламның хақиқи дін екендігін екі өлеңімен-ақ айтып өтеді. Сондай-ақ, оның қара сөздерін оқи отырып, сол кездегі қазақ халқының Исламға деген көзқарасын аңғарамыз, ақын сол тұстағы қазақтардың шала-шарпы діни сауатын қынжыла баяндайды.
Қазақтың сол кездегі надандық санасына сәуле құйып кеткен Абай дін тазалығына қатты көңіл бөлген. Сондай-ақ, ағасының жолын қуған Шәкәрім Құдайбердіұлы да өзінің « Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде былай деп жазғаны бар: « Ей достар, адам өзін-өзі таныса, жаратқан Алласын да біледі. Алланың әміріне де мойынсұнады. Сол себептен пайғамбарымыз айтқан: « . . . пенде өзін анық білсе, Аллаһ Тағаланы да анық білер», - деген ДЖәне Ғайса(ғ. с) айтқан « . . . біреудің көзіндегі шөпті алмақ болсаң, әуелі өз көзіңдегі ағашты алып таста», -деп. Мұның мағынасы: « өз мініңді тазартсаң, кісінің мінін айтып ұқтыруға, кісіні түзетуге сонда жарарсың»-дегені енді адам өзхін-өзі білмекке әкеледі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, не үшін жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа керек. Онан соң басыма пайдадүние - ахиретіме пайда не іс қылып жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін. Біреуге, яки өзіме зиян қылғанна саумын ба деп ойлай керек! Осылайша өзін-өзі тексермей жүре берген адам жайдан мал, аңнан да төмен болады» деп жазады Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде. Міне осылайша Ислам дінінің маңыздылығын ашып, сол кезде молдалардың өтірік Ислам дінін жамылып, шамандық қалдықтарды Исламға енгізгенін олар көре білді. және сол бұрыстықты жоюға ұрпақ жадына айқын да дұрыс жол нұсқап, дін тазалығына ден қойып еңбектер жазған дана бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтары әлі де Ислам дініне толықтай бет бұра қойған жоқ. Мұның бір себебі, біріншіден, кешегі Кеңес заманының дінге деген қысымы болса, екіншіден, мемлекетімізде Ислам дінінің кеңінен таралмауы, үгіт-насихат, уағыз секілді шаралардың мүлдем болмады. Сонымен қатар, Ислам атын жамылған секталардың жаңбардан кейінгі саңырау құлақтай қаптап кетуі де адамдардың дінге деген үрейлерін тудырып отыр.
Кеңес үкіметінің тұсында Ислам дінін тарататын баспасөз мүлдем болмады. Тіпті түрлі басылымдар дінді теріс насихаттаумен айналысты. Адамдардың сана сезімін атеистік идеологиямен улайтын небір басылымдар пайда бола бастады. «Дін-апиын» деген ұранмен халықты жаппай дінсіздендірді. Мәселен мына мақалада: « Бұл күндері мұнда адамдардың ғылыми материалистік дүниетанымын, еңбекке комунистік көзқарасын қалыптастыру жеке менменшіл психология мен діншілдік сияқты ескіліктің сарқыншақтарына, сондай-ақ буржуазиялық идеологияның тіміскі әрекеттеріне қарсы күрес атеистік тәрбие жұмысының өзегіне айналған»деп жазады С. Ілімтанов деген қаламгер «Социалистік Қазақстан» газетінің 1983 жылғы 2006 нөмірінде. Бұдан сол тұстағы дінсіздік идеологиясының көрінісі деуімізге болады. Кеңес үкіметі тұсындағы мерзімді басылымдар материалдарынан мұндай мысалдар көп келтіруге болады. Осында насихаттың салдарынан халық діннен алшақтап, діни сауттары жоғалып, рухани жұтаңдық пайда болды. Дінсіз ұрпақтар тәрбиеленді. Ал, бұл рухани тоқырауға апарып соғатыны бізге мәлім.
«Атеистік тәрбие адамдарды рухани жағынан аздырады. Бір Жаратушының барлығына, Оның Әділеттілігі мен Мейріміне сенбейтіндер, оны сыйламайтындар өзін әлпештеген ата-ангасына де Отанына да сенбейді, сыйламайды. Олардан кейін ұлы Аллаһқа емес тек затқа, ақшаға табынатындар пайда болады. Соған жету жолында олар ата-анасын да, дос-жаранын да Отанын да сатып кете береді» деп жазады Жақсыбек Құрманбеков «Парасат» журналындағы « Иман жоқ жерде - адамгершілік жоқ» тақырыпты мақаласында[7, 57б ] .
Аллаһқа шүкір, тәуелсміздік алғанымызға он жеті он сегіз жылдай уақыт болды. Қазіргі таңда Ислам кеңетек жайып, өркендеуде. Ел арасына Исламды таратудың қажеттілігі арта түсті. Себебі, діни сауатсыздық адасуға апаратыны сөзсіз ақиқат еді. Тәуелсізхдіктен кейін діни басылымдарды шығару қажеттілігі туындады. Бұл туралы: « . . . Елімізде діни басылымдар жоқ. Екі айда бір шығып тұрған «Ислам әлемі» журналынан басқа республика көлеміне тарайтынбірде-бір діни басылымның болмауы кім-кімді де ойландыруы тиіс», - деп жазды М. Хасенов өз мақаласында[8] . Әрине, жетпіс жыл бойы атеистік көзқарас қалыптасқан қоғамда діни басылымды шығару ұлкен тәуекелділікті қажет етті. Осында үлкен іске Марат Хасенов, Нұртай Ерназар сынды азаматтар алғашқылардың бірі болып барды. Халқымызға рухани нәр беретін «Шапағат-Нұр» атты айына бір рет шығып тұратын тұңғыш діни басылымды жарыққа шығарды. Бұл басылым 1998 жылдың қаңтар айында көптеген қиыншылықтардан кейін шықты. Оның алғашқы бетінде: «Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын! Тәуелсіздік алғалы бергі 5-6 жылда халықтың төл дінімізд Исламға деген көзқарасы түбімен өзгерді, ықыласы күшейді. Бұл біріншіденқоғамдық қажеттіліктен, уақыт талабынан туып жатса, екіншіден, діндарларымыздан бастап, барлық ұлтжанды қазақ азаматтарының халқымыздың болашағы үшін Ислам дінінің пайдасы ұшан-теңіз екенін сезініп, ұдайы жүргізіліп келе жатқан насихатының жемісі», - деп жазды Шапағат-Нұр журналының бас редакторы Марат Хасенов[8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz