Банк қызметі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Банктер: туындау - тарихи даму кезеңдері, түрлері.

2. Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі.

3. Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде.

Қолданылған әдебиет тізімі

  1. Банктер: туындау - тарихи даму кезеңдері, түрлері.

Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғанд

ықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемелкеттің қаржы, ақша-несие, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақстаында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.

Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «банк» сөзінің, банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар. Банктердің алғашқы қалыптасып, даму кезеңдері олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.

Ең алғашқы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII - XXVII ғ. ғ. Мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын, сондай-ақ қаша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзделгенін дәлелдейді.

Дегенмен де аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілетін несиелік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ертінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі итальян тілінде «вансо» - ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаидеп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған несиелік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын. Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына қарай мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; коопреативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді.

Банктер негізгі аспектілеріне қарай ақша сақтайтын орын, несиелік мекеме, ұйым, коммерциялық ұйым, экономикалық басқару органы, дилерлік-делдал ұйым, биржалық агент, несиелік кәсіпорын, заңды тұлға деп және т. б. сипаттала алуы мүмкін.

1987-1988 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы «Мемлекеттік банк»), акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі (бұрынғы «Өнеркәсіп-құрылыс банкі»), акциоенрлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы «Агроөнеркәсіп банкі»), акциоенрлік-коммерциялық банк Әлем банк (бұрынғы сыртқы сауда банкі), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы «Жинақ банкі», кейіннен «Халықтық банк» деп аталды) жұмыс істей бастады.

1993 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарынының қабылдануына сәйкес барлық акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер ретінде қайтаданы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы Жарлығына орай «Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк», «Мемлекеттік Даму банкі», сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ғы Жарлығы бойынша «Мемлекеттік медетші банк»құрылды.

  1. Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі.

Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызмет аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметтік - экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.

Қазіргі уақыттағы банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, несиелік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қаматамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етгуе бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер көрініс тауып отыр.

Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға- банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.

Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конститутциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік- рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.

Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзіретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.

Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше-корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты несиелік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

3. Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде.

Банктің құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-несие саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған құқықтық реттеу пәніне, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық акілерде бекітілген ереже-қағидаларына, арнайы заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерден тұратын қайнар көздеріне байланысты ұтымды көрініс тауыпт отыр.

Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.

Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іс епн банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейді.

Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заңнамалық актінемесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.

Банк жүйесінде, банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азамттық, валюталық№ кедендік және т. б. қатынастар сипатында көрініс табады. Оыс орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.

Банктік құқықтың кешенді реттеу әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын аралас қоғамдық банктік қатынастарды реттейді. Кешенді құқық саласы банктік құқық заңи біртұтас құқықтық құрылым болып табылады.

Банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік - корпоративтік шаруашылық субъектілерінің несиелік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік-тікелей мемлекеттің басқару ауқымында ұйымдастырушы-нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктіқ құқық қағидалары мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Екінші деңгейлі банк
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Банктің директорлар кеңесі банк
Банктік қадағалау және оның қызметіне әсері - Оқу тәжірибесін өту нәтижелері туралы
Банк капиталының жеткіліктілігі және оны бағалау
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz