Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары

(Салыстырмалы талдау)

Орындаған: Маткирова Ә. А.

(эк11к)

Тексерген: Садуллаева А. П.

Алматы 2013

Жоспар

I Кіріспе

  1. Кәсіпорын дегеніміз не?

II Негізгі бөлім

  1. Кәсіпорын ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
  2. Кәсіпорын түрлері.
  3. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары

III Қорытынды

Кіріспе

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді.

Кәсіпорын ұғымы, мақсаттары мен міндеттері.

Кәсіпорын - жеке кәсіпкер немесе кәсіпкерлердің бірлестігі құрған қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру және қызмет көрсетумен айналысатын шшаруашылық субьектісі. Ол тек тек қана шаруасылық субьектісі емес, сонымен ұатар заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын қызмет ету барысында бірнеше шешімдерді қабылдауы қажет:

  1. Қандай тауарларды немесе тауар номенклатурасын өндіру және сату қажет;
  2. Осы тауарлармен қандай рыноктарға шығу қажет және рыноктағы өзінің позициясын қалай нығайту қажет;
  3. Өндірістің оптималды технологиясын қалай тандау қажет;
  4. Қандай материялдарды сатып алу және оларды қалай пайдалану қажет;
  5. Қаржы ресурстарын қалай бөлу керек;
  6. Өндірілетін өнімнің технологиялық сипаттамасына қатысты, сапасына, өндіріс тиімділігіне байланыста қандай көрсеткіштерге қол жеткізу керектігін анықтау.

Кәсіпорын жарғысында:

  • Кәсіпорынның нысаны;
  • Кәсіпорының атауы;
  • Мекен-жайы;
  • Қызмет ету мақсаты;
  • Жарғылық қоры;
  • Пайда болу тәртібі;
  • Бақылау органдары;
  • Фирманың құрамы;
  • Құрылымдық бірлестіктер;
  • Тарату және кайта құру шарттары көрсетіледі.

Кәсіпорынның келесідей мақсаттары бар:

  • Өнім өндіру, қызмет көрсету көлемін максималды деңгейге жеткізу;
  • Бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • Қызмет ету тұрақтылығы;
  • Рыноктағы позициясын сактап қалу;
  • Өнімнің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;
  • Өндірістің кешенділігіне қол жеткізу.

Міндеттері:

  • Тұтынушылардың сұранысын максималды қанағаттандыру;
  • Өткізу нарығын ұлғайту;
  • Нарықта жоғары сапалы тауарлар мен қызметтермен толықтыру;
  • Өз-өзін қаржыландыру үшін қажетті ақша қаражаттарын шоғырландыруға жағдай жасау;
  • Қоғамның мәдени деңгейін жақсартуға және рухани сауықтыруға ықпал жасау.

Кәсіпорындар өз кезегінде бірнеше түрге болінеді.

Аралас кәсіпорын

Аралас кәсіпорын - меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны - меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға.

Бірлескен кәсіпорын

Бірлескен кәсіпорын - екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т. б. ) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Венчурлік кәсіпорын

Венчурлік кәсіпорын - ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын - кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік.

Жекеше кәсіпорын - азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін.

Концессиялық кәсіпорын - мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын.

Корпоративтік кәсіпорын - меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары - шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы.

Көлік кәсіпорыны - жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.

Муниципалдық кәсіпорын - мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады.

Унитарлық кәсіпорын

Унитарлық кәсіпорын - өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды.

Ұжымдық кәсіпорын

Ұжымдық кәсіпорын - мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді.

Шағын кәсіпорын - жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын - жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым) .

Ірі кәсіпорын - сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз - заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

  • Шаруашылық серiктестiк - Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
  • Акционерлiк қоғам - Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
  • Өндiрiстiк кооператив - Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.
  • Шаруа қожалықтары - заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады.
  • Жеке (дара) кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал - жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.

1-кесте

Форма түрі
Шаруашылық серiктестiк
Форма түрі: сипаттамасы
Шаруашылық серiктестiк: Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс
Форма түрі: түрлері
Шаруашылық серiктестiк:

Шаруашылық серiктестiктер:

  • толық серiктестiк;
  • сенiм серiктестiгi;
  • жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
  • қосымша жауапкершiлiгi.
Форма түрі: Міндеті
Шаруашылық серiктестiк:
  1. құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
  2. салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;
  3. шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi
Форма түрі: мүмкіншілігі
Шаруашылық серiктестiк:

-Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады;

- Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады;

Форма түрі:

Жарғылық

капиталы

Шаруашылық серiктестiк: Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

2-кесте

Форма түрі
Акционерлiк қоғам
Форма түрі: Сипаттамасы
Акционерлiк қоғам: Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Форма түрі: Ерекшеліктері
Акционерлiк қоғам:

-Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.

- Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

- Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады.

Форма түрі: түрлері
Акционерлiк қоғам:

Акционерлiк қоғам :

-ашық акционерлiк қоғам;

-жабық акционерлік қоғам.

Форма түрі:

Атқаратын

Басты қызметі

Акционерлiк қоғам: Акциялар шығарумен айналасу арқылы максималды пайда табу.
Форма түрі: жарғылық капиталы
Акционерлiк қоғам: Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
Форма түрі: артықшылығы
Акционерлiк қоғам:

Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн.

Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

3-кесте

Форма түрі
Өндiрiстiк кооператив
Форма түрі: сипаттамасы
Өндiрiстiк кооператив: Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
Форма түрі:
Өндiрiстiк кооператив:
Форма түрі:
Өндiрiстiк кооператив:
Форма түрі: ерекше құзыретi
Өндiрiстiк кооператив:

Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады:

  • кооператив жарғысын өзгерту;
  • атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру мен олардың мүшелерiн керi шақырып алу;
  • кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару;
  • кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;
  • кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу.
Форма түрі: артықшылығы
Өндiрiстiк кооператив:

Жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы мүмкiн.

Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн.

Форма түрі: Кемшілігі
Өндiрiстiк кооператив: Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.

4-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Кәсіпорынның басқару құрылымдары
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz