Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат


Мазмұны
КIРIСПЕ . . . 3
Негізгі бөлім
1. Индустриялық-инновациялық даму: теориялық аспектісі . . . 4
1. 1 Инновацияның ұғымы . . . 4
1. 2 Мемлекеттің даму институттары . . . 5
2. Индустриялық-инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары. . . . …9
2. 1 Қазақстан Республика экономикасының қазіргі жай күйінің талдауы және инновациялық даму қажеттілігінің негіздемесі . . . 9
2. 2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары . . . 11
2. 3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері . . . 13
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КIРIСПЕ
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7- наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзуге бағытталған.
"Қазақстан-2030" стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуметін тиiмді пайдалану негiзiнде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл - бай табиғи ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi бiлiктi ғылыми-техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бiрге, бiрқатар бөгеушi факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуiнiң деңдеген кезеңi болды. Қазiргi өндiрiстiң тұқыртылуы, өндiргiш күштердiң индустриясыздануы, өндiрiстiң абсолюттiк көрсеткiштерiнiң күрт қысқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қордаланудың төмендеуi тегеурiндi экономикалық даму үшiн республиканың аттаныс жағдайын едәуiр күрделендiредi.
Бұдан басқа, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейi бойынша салалар арасындағы едәуiр алшақтық отандық экономикаға тән сипат болып табылады. Оның үстiне, кадрлар даярлау жүйесiнiң өзi де негiзiнен экономиканың шикiзат секторын кадрлық қолдауға бейiмделген.
Экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке негiзгi орын берiледi, өйткені елдiң экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерiмен - өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, ғылымды қажетсiнетiн өнiм көлемiн өсiрумен айқындалады.
Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды, және жыл сайын ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып, нақтыланатын және түзетiлетiн болады.
Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы «индустриялық-инновациялық даму». Бұл тақырыптың өзектілігі, яғни жаңа ғылыми технологияны жұмылдыру, жаңа ғылыми-техникамен қамтамасыз ету.
Менің курстық жұмысымның негізгі міндеттері мен мақсаттары:
- Қазақстан Республика экономикасының инновациялық дамуы
- Стратегияның мақсаттары мен міндеттері
- Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктер
Ι. Индустриялық-инновациялық даму
1. 1 Инновацияның ұғымы
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсеиуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми - техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажырытылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске негізу инновацияның түбегейлі өнімділігіретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдікпрактикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясын және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды негізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт арасындағы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуденалып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны
және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындаә үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
техниканың үлгілерін енгізу;
• қажетті ақпараттық ресусртарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ғылыми - зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу
үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді
арнайы әдіспен іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, цоу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
• инновацияны жетілдіру ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
1. 2 Мемлекеттің даму институттары
Стратегияның маңызды мiндеттерiнiң бiрi мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды iске асыру, инвестициялық белсендiлiктi реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр дәрежеде қайта құруды қажет етедi.
Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет.
Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.
Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау (қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы және ақпараттық ресурстарды бiр ғана даму институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi.
Бұл:
•шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал жүйелi қателердi болдырмауға;
•бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның нәтижесi ретiнде қолдау көрсету кезiнде неғұрлым ашық саясат жүргiзуге;
•жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бiрiнде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу мүмкiндiгi сақталады.
Мамандану қағидаты даму институттарының қызметтiң белгiлi бiр операцияларына және/немесе түрлерiне мамандануын бiлдiредi. Мысалы, Қазақстан Даму Банкi жобаларды банктiк кредиттеу арқылы; Қазақстан инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестiк (бақылаусыз) қатысу арқылы; Инновациялық қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестiк қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады. Мамандану қағидаты даму институттарының мамандану шеңберiнде операциялармен және қызмет түрлерiмен ғана айналысатынын бiлдiрмейдi. Олар өздерi үшiн негiзгi болып табылмайтын басқа операцияларды да (қызмет түрлерiн) жүзеге асыра алады. Бұл үшiн негiзгi емес операциялар мен қызмет түрлерiн жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi.
Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметiн бәсекелестiк негiзде жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай қажеттiлiк институттардың көпшiлiгiнiң дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық институттарға елiктеуге бейiлдi екенiмен байланысты. Институттардың қызметi нарықтық институттарға елiктеудi бiлдiретiнiн ескере отырып, әуел бастан олардың қызметiн нарықтық, яғни бәсекелестiк негiзде құру қажет. Бәсекелестiк қағидаты қандай да бiр институттың қызметi нәтижелерiн салмақтауға мүмкiндiк бередi.
Ашықтық қағидаты менеджерлердiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн дамудың мемлекеттiк институттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесiн құруды бiлдiредi. Мемлекет даму институттарының алдына қойылған мiндеттердi тиiсiнше iске асыру мақсатында олардың қызметiне қандай да бiр қысымнан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Осы қағидатты жүзеге асыру үшiн тәуелсiз директорлар институты (мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк жоғарғы бiлiктi менеджерлердi тарта отырып), сондай-ақ корпоративтiк басқарудың қазiргi заманғы құралдары белсендi пайдаланылатын болады.
Қазақстанның инвестициялық қоры
Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс.
Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пакетiн алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады. Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн сатылатыны жөнiнде нақты ереже белгiленуi тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс.
Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу бағытында да жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық қор
Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде бiрдей толық дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын ынталандыруға тиiс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты мақсаты Қазақстан Республикасында инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болуы тиiс.
Инновациялық қорды құру инновацияларды енгiзудiң тиiмдi және нарықтық тетiктерiнiң болмауына қатысты кеңес өкiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң барлық елдерiне тән жүйелi проблеманы шешуi тиiс.
Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден, бұл әзiрленген инновацияларды енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды әзiрлеу үшiн қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.
Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс. Инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы кезеңiнде отандық және шетелдiк серiктестермен бiрге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлiк қорларды құратын болады.
Инновациялық қор отандық еншiлес капиталдың құралуы және өсуi бойынша еншiлес жобаларды қаржыландыру жөнiндегi қызметiн тоқтатып, өз белсендiлiгiн инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға бағыттайтын болады.
Қордың негiзгi мiндеттерi:
•инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер мен технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын және т. б) құруға қатысу;
•отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен бiрлесiп еншілес қорларды құру;
•құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталдарына жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өнiм өндiру, жаңа технологияларды әзiрлеу мақсатында қатысу;
•коммерциялық тиiмдiлiгi мен экономиканы технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, қызмет көрсетулердi жасауға бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды гранттар беру арқылы қаржыландыру болып табылады.
Инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешiмi шетелдiк ғалымдарды тарта отырып, тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы тиiс. Қаржыландыру үшiн таңдалған ғылыми зерттеулер ҚИҚ және Қазақстанның Даму Банкi арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға тұтас алғанда сәйкес келуi тиiс.
Елдегi венчурлiк институттардың кенже қалғанын ескере отырып, Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде венчурлiк қызметтi көтермелеу және реттеу үшiн барабар заңнамалық база әзiрленiп, қабылданатын болады.
Ғылыми зерттеулердiң барлық түрлерiнiң жаңа бiлiмдердi жинақтау жүйесiнде бiрдей мәнi бар және қолданбалы ғылыми зерттеулерге ғана арнайы басымдық беру орынсыз екенiн шетелдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұдан өзге, еңбек пен капиталдың өнiмдiлiгiн арттыру, демек экономиканың бәсекелестiгiн арттыру, дербес ғылыми-техникалық әлеует құрмай және нығайтпай мүмкiн емес.
Сондықтан да iргелi ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық қор өз қызметiн мемлекеттiк ғылыми-техникалық және инновациялық саясат шеңберiнде жүзеге асыратын болады.
II Индустриялық-инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары.
2. 1 Қазақстан Республика экономикасының қазіргі жай күйінің талдауы және инновациялық даму қажеттілігінің негіздемесі
Қазақстанда соңғы он жылдықта республиканың нарықтық тетіктерге негiзделген экономикалық қарым-қатынастарға көшуiмен байланысты түбегейлi өзгерiстер болды. Алайда, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң және реформаларды тездетiп жүргiзудiң ғылыми және экономикалық негiзделген моделiнiң жоқтығынан өткiзiлген шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында күткен нәтижелер берген жоқ.
Шикiзатқа деген бағаның ауытқу кезеңдерiндегi экономиканың шикiзатқа тәуелдiлiгi шикiзат экспортынан түсетін қатты валютаның едәуiр түсiмдерi ұлттық валюта құнының өсуiне әкелген кезде танымал макроэкономикалық әсерде көрiнiс бердi және iшкi өндiрушiлер деңдеп бара жатқан импортпен бәсекелесуге қабiлетсiз болып қалды.
Қайта өңдеу салаларының (машина жасау, жеңiл, тамақ, электрондық, қорғаныс және басқа салалар) тұралауы Қазақстан жағдайында жеткiлiктi ғылыми-техникалық, маркетингтiк және басқарушылық қолдаудың жоқтығынан шиеленiскен болатын.
Осылайша өнеркәсiпте 2000-2005 жылдарда шикiзаттық емес салалардың үлесi 3-6 есе қысқарды, сонымен бiрге, орны толмас табиғи ресурстарды - мұнайды, газды және түстi және қара металл рудаларын өндiру артты.
2005 жылы қол жеткен (2004 жылға 102, 2 %) өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуi негiзiнен қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларына әлемдiк бағаның көтерiлуi және мұнай мен газды өндiрудi арттыру және қара және түстi металдарды өндiру есебiнен қамтамасыз етiлген едi.
2006 жылдың iшiнде өткен жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырғанда өнеркәсiптiк өнiм өндiрудi арттыру үрдiсi сақталып отыр. Алайда, мұндай өсу, сол сияқты едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының өсуiмен байланысты әлемдiк рыноктың конъюнктурасына қолайлы ықпал еткен сыртқы жағдайларға негiзделген болатын.
Елдiң инвестициялық саясатының шикiзаттық бағыты өнеркәсiпте орын алған сәйкессiздiктi одан әрi тереңдете түстi. Осылайша, мұнай-газ саласының негiзгi капиталына берiлетiн инвестицияның көлемi 2002 жылы 31 %-дан 2004 жылы 63 %-ға дейiн өстi. 2005 жылы тiкелей шетелдiк инвестициялардың түсуi 2004 жылмен салыстырғанда екi есеге жуық көтерiлдi және 1799 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте олардың жалпы көлемiнiң 87 %-на жуығы мұнай-газ секторының үлесiне (1524 млн. АҚШ доллары) тидi.
Ауыр жағдай ауыл шаруашылығында қалыптасты. ¤ткен жылдары ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру 2, 3 есеге, егiс алаңдары 1, 9 есеге, мал басы 2, 7 есеге жуық қысқарды, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен және тұқымдық материалдармен, техникамен және оларға қосалқы бөлшектермен жабдықтау нашарлап кеттi. 2005 жылдан бастап көрiнiс берген экономиканың аграрлық секторындағы белгiлi бiр оң алға жылжушылықтар байқалғанмен, саладағы дағдарыстық жағдай еңсерiлген жоқ.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы, кәсiпорындар мен тұрғындардың төлемге қабiлеттi сұранысының төмендеуi көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң жұмыс iстеуіне теріс әсер етті.
2004-2005 жылдар кезеңiнде жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау көлемi 60%-ға қысқарды. Бұл ретте жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау көлемiнiң құлдырауы 64%-ды, темiржолмен - 55%-ды және теңізбен - 96%-ды құрады. Сол кезде мұнай және газды өндiру мен айдауды арттырудың нәтижесiнде құбыр көлiгiмен жүк тасымалдау өстi (127, 8 %) .
Елдiң экспортында, алдыңғы жылдардағы сияқты, шикiзаттық бағытталу басым болып отыр. 2004 жылы экспорттың 6, 6 млрд. АҚШ долларына (ЖІ¤-нiң 29 %-ы), жуық қосынды көлемi жағдайында 60 %-дан астамын орны толмайтын шикiзат ресурстары, оның ішiнде түстi және қара металдар - 23, 9 %-ды, отын және мұнай өнiмдерi - 35, 4 %-ды, сондай-ақ органикалық емес химия өнiмдерi - 6, 4 %-ды құрады.
Экономикасының шикiзаттық бағытталуы елдi дүниежүзiлiк рыноктардың минералдық шикiзатына, металдар мен мұнайға сұранысына толық тәуелдi еттi. Бұл ретте өнеркәсiптiң қайта өңдеушi салаларының дамымай қалғандығынан экспортталатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту үшiн мүмкiндiк мүлдем болмай отыр.
Проблемалар қара металдардың өнiмдi кен қорларының тозуынан, Қазақстанның тиiмсiз географиялық жағдайы (көмiрсутегi шикiзатын өндiретін орынның негiзгi тұтынушылардан алшақтығы) мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жоғары тәуекелдiлiгiнен едәуiр дәрежеде күрделенiп отыр.
Әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiсi инновациялық қызметтің экономикалық өсу қарқынына әсерi өсiп отырғандығын көрсетедi. Әлемдiк рынокта интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық қызметтiң басқа салаларымен салыстырғанда неғұрлым жоғары бағаға ие. Рыноктың талаптары жаңалықтарды енгiзудi кеңiнен пайдалану, инновациялық белсендiлiктi күшейту үшiн жағдайлар туғызу қажеттiлiгiн мойындатады.
Тәжiрибе жоғары технологиялық салаларында жаңалықтар енгізуге деген көтерiңкi бейiмдiлiк байқалып отырғандығын көрсеттi. Сондықтан, экономиканың құрылымында ғылымды қажетсiнетiн салалар неғұрлым көп болса, онда инновациялық қызметте соғұрлым дамиды. Керiсiнше заңдылық та бар: Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына тән бастапқы қайта өңдеудiң өндiрушi салаларының басымдығы бар экономиканың салалық құрылымы ғылыми-техникалық инновацияларды тежейдi.
Қазiргi уақытта еңбекке қабiлеттi тұрғындарды еңбекпен қамтуды арттыру және жаңа табиғи ресурстарды айналымға тарту есебiнен өнiм өндiрудi өсiру және қызмет көрсетудi дамыту үшiн мүмкiндiктер неғұрлым шектеулi болып барады. Осыған байланысты экономикалық даму үшін шешушi мәнге қарқынды факторлар ие болуда. ¤з кезегінде, кадрлар бiлiктiлігi мен еңбек өнімділігінің өсуi, материалдар мен жабдықтардан қайтарым экономика салаларында ғылым мен техника жетiстiктерiнiң пайдаланылу дәрежесiмен анықталады.
Инновациялық қызмет жаңа шаруашылық-аумақтық құрылымдарды (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектiлер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын дамытуға көмектеседi. Бұл ретте экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң мазмұны да өзгерiске ұшырайды.
Инновациялық процестер тек өндiрiске ғана емес, шынтуайтында қоғамдық өмiрдiң барлық жақтарына ықпал етедi. Осының нәтижесiнде материалдық және материалдық емес жағдайларды пайдалану құрылымы жетiлдiріледі, адамдардың өмiр сүру қызметiнiң жаңа салалары құрылады. Мысалы, жоғары технологиялар саласындағы бiр жұмыс орны өнеркәсiп саласында бестен онға дейiнгi жұмыс орнын құрады.
Жоғары технологиялық өндiрiстер мемлекеттiк бюджеттi толтырудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады. Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогрестiң IЖӨ-ге қосатын үлесi неғұрлым дамыған елдерде, әртүрлi бағалау бойынша 75-тен 100%-ға дейiнiн құрайды. Инновациялық қызметтiң әлеуеттiк мүмкiндiктерi индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау жүйесiнде ескерiлуi тиiс.
2. 2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz