«Диполь альянс» ЖШС


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . . . . ……. 3

1 «ДИПОЛЬ АЛЬЯНС» ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі . . . 5

1. 1 Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар жоспарын талдау . . . 12

1. 2 «ДИПОЛЬ АЛЬЯНС» ЖШС-нің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 17

2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау және бағалау . . . 22

2. 1 Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . … . . . ………. 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ……. 31

Кіріспе

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге, Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. » - деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен экономикалық жағдайын, кәсіпорын қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді

Қ. Р. Президентінің Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік, ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Сауда экномикасының негізгі принциптері-ірі шаруашылық субъектіден талап ететін өзін-өзі қаржыландыру, өздерінің қызметінің нәтижесіне өздері жауап беруі үшін және шешім қабылдау үшін өзінің өнімін қандай көлемде сапада және қалай шығару керек, қаржылық ресурстарды тарту үшін пайдалану нұсқаны таңдау.

Пайда табудың негізгі мақсаты -сатып алушыға белгіленген дайын өнімнің көптеп шығуы, яғни саудадағы ұсыныс және сұраныс жағдайына қатысты. Сұраныс неғұрлым жоғары болса, ұсыныс соғұрлым көп болады-бұл сауда заңы. Бірақ ұсыныс назар аударуды әр қашан қажет етпейді, өйткені өндірушілермен ұсынылатын өнім сатып алушылардың жоғарғы талаптарына сай келмейді, сондықтан сатушы кінәлі болады. Саудада тауар өндірушілердің көп саны болған шарада шығарылатын өнім сапасының өсуі, ойластырылған бағалық саясат жақсы нәтижеге жету тәсілі болып табылады. Өндірістің экономикалық нәтижесі жалпы түрде өнімді сатудан табыс және олардың өндірісі мен ұйымдасу шығындарының айырмашылығымен анықталады, сондықтан ұйымдағы дайын өнім шығынына шығындар анализінің мүмкіндігін қайта бағалау қиын.

Нарықтық экономика және бәсеке жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін толық әрі нақты ақпаратсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Және осындай жағдайларда кәсіпорын қызметі көптеген факторларға тәуелді, яғни оның ішіндегі ең бастысы өзінің бәсекелік күресіндегі стратегиясы мен ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.

Тәжірибеден өту барысында коммерциялық құпия болып табылмайтын барлық құжаттар қолданылды. Кәсіби тәжірибе жөніндегі есеп кіріспеден, есептен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімен тұрады.

  1. ДИПОЛЬ АЛЬЯНС» ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі

Компанияның құру тарихы.

Қазақстан Республикасында канцелярлық нарығында белгілі ойыншылар болмағанда, біраз уақыт бойы мемелекетке канцелярлық тауар аз мөлшерде келгенде және Қазақстан барлық жабдықтаушымен байланыс жоғалтқан кезде, яғни КСРО құлағаннан кейін 1994 жылы кыркүйек айында Қазақстанның Диполь Альянс компаниясы құрылды. Диполь Альянс компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерінің партиясын көтерме жеткізуінен бастады, кейін оның ассортименті ұлғайды. Сауда нүктелерінде үлкен сұраныс арқасында және ұсыныстың жеткілігінен үлкен кезектер бола бастады, сондықтан сауда жүйесін ұлғайту қажеттілігі туды. Жылдан жылға тауар ассортименті мен қызмет көрсету сервисі де кеңейтіле түсті. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 25 фирмалық дүкенінде 550 адам жұмыс істейді. Қазақстанның барлық қалаларында ондаған филиаладар мен дилерлер бар, және бұл шек емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше филиалдар мен дүкендер ашылуға дайындалып жатыр.

«ДИПОЛЬ АЛЬЯНС» ЖШС - нің стратегиялық бизнесі.

Өзіне қатысты қызметтің максималды түрде дамуы Компанияның сапалы және эффективті дамуына тауардың кең таңдау, толық қызмет комплексі, жағымды атмосфера, сонымен қатар бағалардың жақсы үйлестіруі мен тауардың сапасы көмектеседі. Жыл сайын жақсы жұмыстың атағын дәлелдей отырып, сатудың 3 дәрежесінде: бөлшек, көтерме, корпаративті түрде жұмыс істеуге көмектеседі. Компанияның негізгі мақсаты: Қазақстан Републикасынның және Орталық Азияның әрбір азаматына әлемдік дәрежедегі мектеп пен офиске арналған тауарды жеткілікті етіп жасау және корпаративті қызмет көрсету. Корпаративті тұтынушыларға ерекше жағдай жасау мен компанияның менеджерлері әрбір тұтынушының сұранысына индивидуалды тұрғыда қысқа мерзімде олардың барлық өтінішін қарайды және олардың тіліктерін орындайды. Компанияның жұмыс істеудің негізгі принциптері болып, ұсынатын тауар мен қызметтердің ассортиментік оптимизациясын, өзінің тұтынушына максималды географиялық жақындату, сатуға қазіргі кездегі технологияны енгізу және ұсынатын қызметтің сапасын үнемі арттыру саналады.

Сауда жүйесі, филиалдар.

Қазақстанның үлкен қалаларында кең сервистік жүйелері бар: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавлск, Қарғанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Тараз. Қазақстанның 14 қалаларында 25 фирмалық дүкендер бар, соның ішінде 8 үлкен супермаркеттер. Бүгінгі таңда компанияның жалпы ауданы 13 мың шаршы шақырымды құрайды, ал қоймалық аудан 20 мың шаршы шақырымнан астам. Компанияның дамыған қызметтік жүйесі кең ауқымды тұтынушылардың қысқа мерзімде толық көлемде сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Қазақстанның әрбір қаласында 1 архитекторлық стильде жасалған. Транспорт пен техникамен жабдықталан қазіргі кездегі әдемі супермаркеттер компанияның визиттік картасы болады. Қазақстанның әрбір аймағында бірдей ассортиментік тауар, бірдей қызмет, бірдей сату политикасы, бірдей баға политикасы. Бір қалада бірдей және қысқа мерзімде барлық филиалдарда контракт бойынша тауар жеткзуді жүзеге асыруға оперативті байланыс көмектеседі. Өзіне - өз қызмет ету жүйесі, тауарларға қол жеткізер бостандық, штрихкодтау жүйесі, әр түрлі канцелярлық тауарлар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сатып алу процесін тездетеді.

Қызметтер.

ДИПОЛЬ Альянс өзінің тұтынушылары үшін әртүрлі қызметтерді ұсынады:

Компанияның сайтында интернет - дүкен;

  • Жеңілдіктер мен әртүрлі төлеу формалары;
  • Тауарды мемлекеттің әрбір аймақтық өкілдігіне жеткізу;
  • 14 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу;
  • Дүкенінде сатып алынған әрбір тауарына кепілдік;
  • Логоны тауарға енгізу;
  • Катриджті толықтыру;
  • Оперативті полигафия және т. б.

Компания тұтынушыға өз уақытында жоғары сапалы тауарды жеткізуге, тауар сапасының жеңілдіктеріне және сатып алудан кейінгі қызметке көп көңіл бөледі. Ал осындай кепілдіктерді тек қана болашақта жұмыс істейтін компаниялар бере алады.

Серіктестіктер.

35 әлемнің 180 өндіріс - фабрикалармен қарым - қатынас жасайды. АҚШ, Франция, Италия, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей және т. б. нарықта өз тауарына деген оптималды бағаны сақтап алуға көмектеседі. Қоймада үлкен мөлшерде тауарды үнемі бар болуын мен қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттардыратын тауарды жеткізетін сервистік - таңдаушыны таңдайды. Дүкендерде өз уақытында тауардың түсуін қадағалайтын және қазақстандық тұтынушылардың тілегін мен талғамын кейде алдын - ала біліп қояды. көптеген жылдар бойы көптеген серіктестіктермен байланысты орнату арқылы Қазақстанда көптеген эксклюзивті сауда маркаларымен жабдықтайды. Компанияның мұқият жасалған политикасы мен логистикасына байланысты Компания әлемдік сападағы тауарды шығарған елдегі бағадан арзан алады. Компания өз жітістігінде тоқталмайды, ол әлемдік көрмелерге қатысады; жаңа өнімді, брендті бағалайды; жаңа өндірушілерді іздейді; жаңа дизаинді ойлап табуға көмектеседі.

Компанияның тұтынушылары.

Компанияның ең үлкен жетістігі болып тұтынушылардың жастық диапозоны 1 жастан бастап шексіздіке дейін болып саналады, өйткені адамдардың барлық жастағы негізгі ерекшелігі ол даму мен оқып үйренудің тілегі. Компания үшін әрбір тұтынушы маңызды, яғни жеке және заңды тұлғалар. Тұтынушылардың арасында бастауыш сыныпқа баратын оқушы, зейнеткерлер, Республиканың атақты және таңымал адамдары.

Компанияның корпаративті тұтынушылары:

  1. Мемлекеттік комитеттер мен органдар - Қаржы, Қорғаныс, Әділеттік, Байланыс пен энергетика, Ғылым мен білім беру, Сауда және Индустрия Министрліктері; Қ. Р. І. С. Б. ; Президент апаратты; Қ. Р. Парламенті; Салық Комитеттері және т. б.
  2. Банктер - Қ. Р. Ұлтық банкі; Қазақстан Халық Банкі; Тұран Әлем Банкі; TEXAKA Банкі; Нұрбанк; Лариба Банкі және т. б.
  3. Транспорттар - “Қазақстан Темір Жолы”; Эйр Астана; Алматы және Астана халықаралық әуежайы; Трансаэро және т. б.
  4. Байланыс, телерадиолық және телекоммуникациялық - “Қазпочта” ААҚ; “Қазақтелеком” ААҚ; К'cell; K' mobіle; Алма ТВ; Дукат; Хабар агенттігі; 31 канал және т. б.
  5. Зейнетақы фонды - Қазақстан Ұлтық Банктің ЗЖҚ; ҰларҮміт; Сенім; Құрмет; Капитал және т. б.
  6. Мұнай газ компаниялары мен кәсіпорындары - ҚазМұнайГаз; ҚазТрансОйл; Тенгиз Шевройл және т. б.
  7. Энергетикалық компаниялар - Алматы Пауер Консолидейтед; “KEGOC” ААҚ; Астана энергия; облыстық энергоорталықтар және т. б.
  8. Аудиторлық компаниялар - «Қазақстанаудитң; Қ. Р. Аудиторлық Палатасы және т. б.
  9. Өндірістер - Қазақстан Аллюминий; Қазцинк; Теміртау Меттал Стил; Фудмастар және т. б.
  10. Оқу орындары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ҚазМӘУ; Рысқұлов атындағы ҚазЭУ; АТУжәне т. б.

Корпаративтік тұтынушылардың саны - 15000 және жылдан жылға өсуде.

Тауарлар.

Канцелярлық тауарлар адаммен бірге жыл бойы қосақталып жүреді. Балбақшада алғашқы суреттен бастап, кәсіпорынды немесе ұйымда жұмыс орынды көркемдеумен аяқталады, сөйтіп, адамның өмірлік қызметіне жылдан жылға енеді. Канцелярлық тауарға қажеттілік көп туығаннан, тұтынушының тауарға және қызмет көрсетуге сұранысы жоғарлайды, сондықтан халықтың әлеуметтік тобына және әртүрлі жастағы топтың тұтынушлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін АБДИ үйге және офиске арналған үлкен ассортименттік тауарды ұсынады.

Тауар ассортименті 15000 астам құрайды:

  • Ақ қағазды өнім;
  • Офиске арналған канцелярлық тауар;
  • Мектеп ассортименті
  • Профиссианалды суретшілерге арналған көркем материалдар;
  • Компьютерлік аксессуарлар мен шығындар материалдары;
  • Имидж сувенерлік өнім; тастан, қымбат бағалы металдан және кожадан жасалған тауарлар;
  • Қосалқы тауарлар;
  • Мектепке арналған оқулықтар, қазақ тіліндегі әдістемелік оқулықтар.

«Диполь Альянс» кәсіпорны өзінің шаруашылық қызметтері мен басқару жүйесін бірнеше негізгі депортаменттер мен оларға қызмет көрсетуші бөлімдер арқылы іске асырады. Кәсіпорынның негізгі 5 депортаменті бар. Олар:

  • Қаржы және бухгалтерлік есеп депортаменті;
  • Маркетинг және логистика депортаменті;
  • Сату және аймақтық даму депортаменті;
  • Корпоративтік сату депортаменті;
  • Оқу құралдары депортаменті.

Сондай-ақ келесі қызмет көрсетуші бөлімдер желісі бар:

  • HR бөлімі;
  • PR және дизайн бөлімі;
  • Баға құру бөлімі;
  • Заң және құқық бөлімі;
  • Кедендік рәсімдеу бөлімі;
  • IT бөлімі:
  • Тасымалдау және қойма бөлімі;
  • Қауіпсіздік бөлімі.

Қаржы және бухгалтерлік есеп депортаменті.

Компанияның бұл депортаменті барлық ақша қаражаттарын, тауарлық қорларды және еңбек ресурстарын қадағалап басқарады. Компанияның қаржылық жоспарлары, барлық тауарлық-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, қаржы-шаруашылық қызметтердің нәтижелерінің бухгалтерлік, қаржылық және салықтық есептері мен талдаулары жүргізіледі.

Қаржы депортаментіне сондай-ақ баға құру бөлімі де кіреді. Бұл бөлімде компанияның барлық тауарларына баға белгіленіп, компанияның баға құру саяаты жүзеге асырылады.

Маркетинг және логистика депортаменті.

Тауарды жеткізумен және оны сатумен айналысатын компания үшін ең бастысы өзі айналысатын тауарлар нарығын зерттеп, талдап отыру, халықтың сұранысы мен жаңа тауарларды нарыққа шығару, сату мен өткізуді ынталандыру, шығынды барынша азайту осы аталған маркетинг және логистика депортаментінің басты қызметі.

Маркетингтік қызметтердің ең маңыздылары болып нарықты зерттеу және тауар өндіруші кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктерін талдау және жоспарлау, маркетингтік саясаттық кешенін құрастырып және іске асыру танылды. Осы жерде айта кету керек, маркетинг ғылыми - зертеу жұмыстарын (ҒЗЖ), өндірісті, жоспарлауды және т. б. кызметтерді өзі атқармайды, ол тек осы және басқа қызметтердің түрлерін, тауар өндірушінің нарықтык мақсаттарын ескере отырып, қамтамасыз етеді. /5, 130б. /

Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде кәсіпорынның болашақ жағдайын анықтауда негізгі мән құрылған тенденциялар экстрополяциясына беріледі. Осы кезде кәсіпорынды басқаруда болашақта іскерлік нәтижелері жақсарып, ұзақ мерзімді жоспарға неғұрлым жоғары көрсеткіштер енгізетін тұжырымдамаға келеді. Бұл әдіс тұрақты экономика дамуы шарттарында толығымен жүзеге асады.

Маркетинг жоспарларын құру әдістеріне қарай келесі түрлері бар: жоғарыдан төмен жоспарлау; төменнен жоғары жоспарлау; екі бағыттық жоспарлау. Маркетингтің жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

1. Ситуациялық талдау (SWOT - талдау, strengths - күшті жақтары, weaknesses - әлсіз жақтары, oportunіtіes - мүмкіндітері, threats - қауіптері, яғни алғашқы әріптерімен аталған) ;

2. Маркетинг мақсатарын белгілеу;

3. Маркетинг стратегияларын анықтау;

4. Бағдарламаның тәжірбиелік жүзеге асуын жетілдіру;

5. Маркетинг бюджетін құру;

6. Бақылау.

Маркетинг жоспарлаудағы қазіргі кең тараған ұғымы инвестициялық жоба немесе бизнес - жоспары. Бизнес - жоспар - бұл кәсіпорын мақсаттарын көрсететін және проектіні жүзеге асырғаннан кейінгі сипатын көрсетететін нақты құрылымды жоспарлық құжат. Бизнес - жоспарда ең бастысы және маңызды бөлім деп маркетинг жоспарын айтуға болады. Жоспарлау кез келген бастаманың үлкен немесе кішілігіне тәуелсіз іскерліктің бір бөлігі болып табылады. Бизнес - жоспар - бұл жоспарлау құжаты, мүмкіндіктерді қолдануға негізделген компания басшыларының бизнесті бастау немесе кеңейту үшін мүмкіндіктерді талдап нақты жағдайды бағалау. Бизнес - жоспар - бұл кәсіпорын мақсаттарын көрсететін және проектіні жүзеге асырғаннан кейінгі сипатын көрсететін нақты құрылымды жоспарлық құжат.

Бұл дапортамент үш негізгі менеджерлер тобынан тұрады. Олар аймақтар бойынша:

  1. Ресей және ТМД аймағы;
  2. Еуропа;
  3. Қытай және Азия аймағы.

Бұл бағыттардан келетін тауарлардың келу уақыты, сапасы және бағалары бойынша ерекшеліктері бар.

Сату және аймақтық даму депортаменті.

Қазақстаның барлық ірі қалалары бойынша компанияның сату және қызмет көрсету желісі бар. Олар: Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз қалалары. Қазақстанның 14 қаласында 25 фирмалық дүкен, оның ішінде 8 ірі супермаркеттер бар. Қазақстанның барлық аймақтары бойынша компания бірегей тауарлар, бірдей қызмет көрсету мен сату жүйесін, бірдей баға саясатын қолданылады.

Корпоративтік сату депортаменті.

Компанияның тағы да бір басты бағыты корпоративті клиенттермен жұмыс істеу болып табылады. Бұл депортаменттің қызметіне клиенттердің талғамы мен қажеттіліктерін зерттеу, тапсырыстарды қабылдау, компания тауарларының ассортименттері туралы корпоративтік клиенттерді хабардар етіп отыру, келіссөз жүргізу және келісімшарттарға отыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес компаниялардың тендерлеріне қатысу, мамандандырылған көрмелер мен жарнамаларға қатысу, клиенттерге тауарларды жеткізіп беру және тауарларды сатудан кейінгі де қызметтерді іске асыру болып табылады.

Оқу құралдары депортаменті.

«Диполь Альянс» компаниясының бүгінгі таңдағы жаңа бағытының бірі мектеп оқулықтары мен оқу құралдарын өндіру және басып шығару болып табылады. Бұл депортаментте материалдарды пайдаланатын өнім шығару, баспа ісі, барлық тілдерді қазақ тіліне аудару, тапсырыстар бойынша өнімдер өндіру іске асырылады.

Сондай-ақ бұл депортамент арнайы тапсырыстар бойынша мектеп және оқу құралдарының сыныптарын техникалық жабдықтау, оның ішінде биология, химия, физика пәндерінің лабороториялық зерттеу бөлмелерін жабдықтау, аудио және видио құралдарды орнату сияқты қызметтерді де іске асырады.

Енді «Диполь Альянс» компаниясының еңбек ресурстарына тоқталатын болсақ, 2009 жылдың мәліметтері бойынша компанияда 768 адам қызмет етеді. Олардың 80% жоғарғы білімі бар, ал қалған бөлігі орта білім иелері. Компанияда өз қызметкерлері мен жұмысшыларын оқытып, оларға арнайы семинарлар өткізіп тұру басты орынға қойылған. Сондай-ақ компанияның арнайы мамандар тобына жетекші оқу орындарынан семинарлар алуға және шетелдік тәжірибелермен алмасып отыру шаралары да жыл сайын өтіп тұрады.

Қазақстан Республикасының егемендік алып, оның білім жүйесінің дамуы, әсіресе мектептер мен оқу орындарының оқу құралдарын дайындау бағыты бойынша 90-шы жылдардан бастап осы уақытқа дейін ең басты шешілмеген мәселелердің бірі болып келді. Тек қана соңғы жылдары өкіметтің арнайы тапсырмалары және оған бөлінген қомақты қаржылардың негізінде бұл мәселелер өз шешімін таба бастады. Өйткені, оқу құралдары мен материалдарын біз шетелдерден жүз пайызға импорттай алмаймыз, себебі олар қазақ тілінде емес және де басқа мемлекеттердің мысалдары негізінде жазылған. Сондықтан отандық және ұлттық негіздегі оқулықтарды әзірлеу мен оларды басып шығару бүгінгі күннің басты қызметтерінің бірі болып табылады.

1. 1 Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар жоспарын

талдау

Өнімді өткізуден табыс көбінесе өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды дұрыс жоспарлаудан тәуелді. «Диполь Альянс» кәсіпорынында шығындарды жоспарлау мен есептеу сусын сату бөлімі бойынша, тұрмыстық заттар сату бөлімі бойынша шығындар элементтері негізінде, сонымен қоса кәсіпорында қосымша жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша шығындар элементтері негізінде жүзеге асырылады.

Осы аталған мәселені шешуде «Диполь Альянс» компаниясының ұстанымы аталған оқулықтарды басып шығарып, оларды аймақтарға жеткізуді қолға алу, қазақ тіліндегі аудио және видио оқу құралдарын дайындау, сныптарды техникалық жабдықтауда қазақ тілінде іске асыру болып табылады.

Бүгінгі таңда «Диполь Альянс» компаниясының келесі сегіз бағыт бойынша сату үлесі келесідей:

  • Ақ қағаз өнімдері - 30%,
  • Мектеп ассортименті - 30%
  • Кеңселерге арналған концелярлық тауарлар - 20%
  • Оргтехника - 1%
  • Компьютерлік жабдықтамалар мен материалдар - 5%
  • Әшекей бұйымдар мен табиғи теріден жасалған өнімдер - 10%
  • Халық тұтынатын тауарлар -3%
  • Оқу-методикалық құралдар - 1%

Жұмыс, қызмет көрсету, өнімнің өзіндік құнын талдау өте маңызды болып табылады. Ол өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндігін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысын бағалауға, резервті қоры, берілген көрсеткіштің өзгерісі тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуын анықтауға және оның өсіміне қандай факторлар әсер еткендігін анықтауға мүмкіндік береді.

«Диполь Альянс» кәсіпорынында -өзіндік құнды жоспарлау және есептеу шығындар элементі және шығыстардың калькуляциялық статьялары бойынша есептеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Альянс Банк АҚ қаржылық жағдайын талдау
ШНҰ Альянс Бизнес Кредит ЖШС шығу тарихы
Лизингтік қатынастар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Жаңа банктік қызметтер
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы
Магниттік диполь
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz