Жайық өзені



1. Кіріспе бөлім
Жайық өзені

2. Негізгі бөлім
1. Жайық өзеніне жалпы сипаттама
2. Жайық өзенің тіршігі
3. Оның суын молайту, сақтау мемлекетаралық проблемаға айналды

3. Қорытынды бөлім
Жайық та Арал тәрізді қайғы жамылуда
Орал облысының негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт. Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678 км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.
Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады.
1. Қуатбаев «Экология» 2008ж
2. Облыстық «Атырау» газеті, 1-қыркүйек, 2010 жыл.

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім

Жайық өзені

2. Негізгі бөлім

1. Жайық өзеніне жалпы сипаттама

2. Жайық өзенің тіршігі

3. Оның суын молайту, сақтау мемлекетаралық проблемаға айналды

3. Қорытынды бөлім

Жайық та Арал тәрізді қайғы жамылуда

Кіріспе

Орал облысының негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне
Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал
қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт. Каспий маңын
кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678
км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек,
Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау
өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.

 Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос
торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К –
0,54 кмкм квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен
торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 кмкм квадрат. Бүкіл облыс үшін
өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 кмкм квадрат, Жайықпен қосып
есептегенде 0,040 кмкм квадрат коэффицентпен сипатталады.

Негізгі бөлім

Бұл өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады. Оның жалпы
ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді.
Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі
арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның
оң жақ салаларына - Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал
сол жақ салаларына - Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады.
Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне су мол жылдары ғана
қосылады.
Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Кешім
каналы арқылы терт суқоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді
суаруға пайдаланылады.
Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы
жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл
каналды қолмен қазған болатын.
Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше метр. Соңғы
жылдардағы құрғақшылық және шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің
артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше шақырымға дейін азаюына
әкеліп соқтырады.
Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі, оның төменгі ағысында салалары жоқ.
(Диаграмма, 7-сурет.) Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі
жоғарғы жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады.
Жайық езенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 м биікте, ал Каспий
теңізіне құяр жері - теңіз деңгейінен 27-28 метр төмен жатыр. Сондықтан
Жайық езені арнасының құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см. төмендеп
отырады. Ал көршілес жатқан Еділ өзенінің құлау бұрышының деңгейі Жайықтан
4 есе аз.
Осы құлау деңгейінің салыстырмалы биіктері үлкен болғандықтан, күз кезінде
су ағысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым болса, ал көктемгі су тасыған
шағында 10 шақырымға дейін жетеді.
Жайықтың арнасы ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырап отырған. Бір кездегі
көптеген ескі арналар мен салалар бүгінде Жайық өзенінен "өгейсіп", бөлініп
қалған. Оған дәлел - XVII ғасырда алғаш көшіп келіп өзеннің жағасына
коныстанған қазақ селолары қазір жағалаудан мүлдем жырақ жатыр.
Жайық өзені онша енді емес, бірақ көктемде тасыған кезде бірнеше шақырымға
жайылып кетеді.
Жайық өзенінің тасуы сәуір айының екінші жартысынан басталады да, мамыр
айының орта кезінде су ең жоғарғы деңгейге жетеді. Өзеннің көктемдегі
деңгейі әр жылдары бірдей емес.
1942 жылы Жайық өзенінің тасу мөлшерінің су шығыны 1933 жылмен
салыстырғанда 20 есе көп болды. Бұл кезде су шығыны секундына 18400 текше
метрге дейін жетті. Ал суының ең аз кезі ақпан айында су шығыны бар болғаны
бір секундта 100 текше метр. Алайда өзеннің бір қалыпты орташа сабасының
кезінде ені 150-200 метрден, терендігі қайраңда бір, негізгі арнасында үш
метрден аспайды.
Жайыққа қарашаның аяқ кезінен бастап мұз қатады да, наурыз айының соңы мен
сәуір басында мұздар сөгіліп, өзен ағысы еркіндік алады. Мұздың қалыңдығы
орташа 60-80 см-ге дейін жетеді. Мұз құрсану уақыты 130-120 тәулікке
созылады.
Өзеннің екі жағасы көбіне тік жарқабақ болып келеді. Өзен суы біршама
лайлы. Судың құрамындағы әр түрлі шайынды жыныстардың мөлшеріне қарап оның
лайлануын анықтайды.
Жайыққа Көшім саласының қосылар жерінде судың лайлануы бір текше метрде 290
грамм. Осы жердегі қатты шайынды жыныстардың мөлшері жылына 1900 мың
тоннаға тең.
Өзен суының химиялык, құрамында карбонатты кальций тұздарының қоспасы басым
болып келеді.
Жайық езенінде су жол қатынасы ХХ-ғасырдың бірінші жартысында күшті дамып,
оның аяғында мүлдем тоқталды деуге болады.
Өйткені Жайық сонау тарихи заманнан бері балық кәсіпшілігі өркендеген,
әсіресе қызыл балықтың негізгі мекені болып келеді.

Жайық өзені көктемгі тасқын кезінде. Көпірден түсірілген көрініс.

Көптеген өсімдіктің арасында дәрі-дәрмекке және емге қолданатыны бар. Бұл
жерде түрлі саңырау құлақта өседі. Жануарлар әлеміне келетін болсақ ол да
сан түрлі. Мұнда қоян, түлкі, қасқыр және күзен сияқты жабайы жануарлар мен
қатар құстар да мол. Өзендері мен көлдері неше түрлі балықтың қоймасы
іспетті. Мұнда шортан, ақбалық, жайын, майшабақ, ақмарқа және өзге балық
түрлері көп. 
Жергілікті ауа райы қыста қатты аязбен, жазда шыжыған ыстығымен
ерекшеленеді. Күз айлары мен көктем айлары қыста біршама жылы болады.

Оның суын молайту, сақтау мемлекетаралық проблемаға айналды
Ақ Жайықтың жағасында, Кәрі Каспий сағасында орналасқан Атырау өңірі
еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып, өзі де қарқынды даму үстінде.
Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған проблемалық мәселелер соңғы
уақыттарда шешімін тауып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
айтарлықтай жақсарды.
Атырау — ірілі-кішілі көптеген өндіріс орындары шоғырланған аймақ.
Сондықтан, мұнда қоршаған ортаны қорғау мәселесі — айрықша назарда.
Өңірдің экожүйесіне техногендік салмақты азайту, табиғи ресурстарды сақтап,
тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Дегенмен, аймақтың экологиялық ахуалына қатысты шешімін күтіп тұрған
мәселелер де жетерлік. Осыған тоқтала кетейін.
Қоршаған ортаның, ауаның, судың, топырақтың ластануы, сонымен қатар, Каспий
акваториясын, оның айналасындағы қорықтық зоналарды қорғау, жан-жануар,
балық қорын көбейту — өзекті, алдымен қолға алуды қажет ететін мәселелер.
Жылдан-жылға ағын су қоры кеміп барады. Қиғаш, Жем, Ойыл өзендері тартылып,
мал, егін суаруға жетпейтін түрі бар. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету
үшін тұщы су көлемі азаюда.
Бұдан енді он жылда су бола ма, жоқ па деген сұрақ туындайды.
Ерекше алаңдататын — Жайықтың проблемасы
Ол — екі батыс облыстың жүздеген мың тұрғындары үшін басты су артериясы,
тіршілік көзі.
Әсіресе, шөлейт Атырау облысы үшін Жайықтың маңызы айрықша, халық тұтынатын
судың 70 пайызы осынан алынады, ал, қалған 30 пайызын Қиғаш өзені мен жер
асты сулары құрайды. Басқа жарытымды тұщы су көзі жоқ. Сондықтан, Египет
үшін Нілдің маңызы қандай болса, Атырау үшін Жайықтың маңызы сондай.
Ал, осы Жайықтың бойы көк шалғын, күзерміз де жайлармыз — деп Махамбет
батыр жырлаған, жағалаудағы ел балығын сан ғасыр қорек қылған Жайықтың
бүгінгі жағдайы мәз емес. Оның жасыратыны жоқ. Бұл — облыс басшылығы ғана
емес, бүкіл халықты толғандырып отырған проблема. Өйткені, өзеннің күйін
адамдар өз көзімен көріп отыр.
Қазақстан және Ресей сияқты мемлекеттерге тиесілі өзен бассейнінің
экологиялық ахуалы нашарлап, арнасы тартылып бара жатыр. Егер дер кезінде
шұғыл шаралар қолға алынбаса, Атырау өңірі Арал теңізі маңының тағдырын
қайталайды деп ғалымдар дабыл қағуда. Ал, Жайық өңіріндегі халықтың
тығыздығы бірнеше есе артық.
Қалың жұрт үшін өмір өзені болып табылатын Жайық жыл сайын тайызданып,
жойылуға шақ тұр. Өзен ағысының көпжылдық орташа көлемі 11 миллиард текше
метрді құраса, бұл көрсеткіш өткен жылы небары 5,3 миллиард текше метрден
асқан.
Соңғы жылдары облысқа жоғарыдан судың келуі күрт кеміп барады. Бүгінгі
таңда бассейндік су қорының тек 25 пайызын немесе тек 5,9 текше шақырым
аумақтағы суды пайдалану мүмкін болып отыр.
Ғалымдардың болжамына сенсек, Жайықты бойлай қоныстанған Ресей, Татарстан,
Башқұртстан мен Қазақстан Жайық суын жергілікті қажеттіліктеріне қарай емін-
еркін пайдалана беретін болса, онда Ембі өзенінің 1939 жылдан бастап
Каспийге құймай қалғаны сияқты, Жайық та теңізге жетпейтін болады.
Айта кету керек, аталмыш проблема ең алдымен, мемлекетаралық реттеуді қажет
етеді.
Жайық өзені өз бастауын Ресейден алады. Башқұртстан Республикасынан кейін
Ресейдің Челябі және Орынбор облыстары мен Қазақстанның Орал, Атырау аймағы
арқылы өтетін өзеннің жалпы ұзындығы — 2534 шақырым. 1991 жылдан бері Жайық
мемлекетаралық трансшекаралық өзен мәртебесіне ие.
1992 жылы Қазақстан мен Ресейдің арасында трансшекаралық суды бірігіп
пайдалану мен қорғау жөнінде келісім болғанына қарамастан іс жүзінде бұл
құжат дұрыс іске аспай отыр. Ресей өз тарапынан су ресурстарын тиімді
пайдалану жөніндегі Конвенцияны орындамай жатыр.
Елді мекендерді сумен қамту және су деңгейі Ресей аумағында өзеннің жоғарғы
сағасында орнатылған гидротехникалық қондырғылардың қызметіне тәуелді.
Жайық, Қиғаш, Үлкен және Кіші Өзен, Шаған — трансшекаралық өзендер. Олардың
барлығы Ресей елінен бастау алады. Қазгидромет мекемесінің мәліметінше,
соңғы екі жылда су жылдағы мөлшерден 2-3 есе кем болғандықтан, Жайық өзені
бассейнінде ылғалдылық тапшылығы байқалған. Жыл сайынғы тасқын судың
мөлшері екі метрге дейін төмендеп кетті.
Негізінен, Жайықтағы судың ағысы Орынбор облысында орналасқан Ириклин су
торабымен реттеліп отыр.
Жауын-шашын және қар секілді табиғи сулардың азаюы себепті өткен жылы
Ириклин су торабынан 480 млн. текше метрге кем су келді.
Мамандар осындай жағдайдан соң, бұл өзенді сумен қамтамасыз етуді тек
Ириклин су торабының көмегімен шешу мүмкін емес деген тұжырымға келіп
отыр.
Ириклин су торабынан Жайық арнасы 26,5 пайызға толса, 50 пайыздайы Сакмар
өзенінен келген сумен толығады. Башқұрт елінде орналасқан бұл өзен суын
реттеу тек сол республиканың құзырында екен.
2000 жылы Халықаралық Конвенцияға кіргеніне қарамастан Башқұрт елі жеке
бастамамен Сакмар өзенінде 2006 жылы су қоймасын іске қосты, тағы да
жоспарлап отыр деген алып-қашпа сөз бар. Бұл — Жайық үшін тиімсіз жоба және
өзен суы сарқылады деген сөз.
90-шы жылдары ғалымдар Жайық өзенінің негізгі су толтырушысы — Сакмар өзені
бойына су қоймаларын салу өте қауіпті екенін, себебі, су аз келген жылдары
Жайықтың өзен ағысы ең апатты шегіне жетіп, оның жер бетінен жоғалуына
әкеліп соқтыратынын айтып дабыл қаққан.
Қазір Жайықта 4 ірі су қоймасы, негізгі күрделі құрылғыдан тұратын 80
гидроторап бар. Сонымен бірге, барлық шағын өзендерге бей-берекетсіз
орнатылған үш мыңнан аса жер үсті плотиналары өзеннің бассейніне зиянын
тигізуде. Олардың басым көпшілігі Ресей аумағында орналасқан.
Бұндай су ағысын шектеу өзен айналасындағы табиғатқа қауіп төндіріп, сондай-
ақ, ауыл шаруашылығы саласына кері әсерін тигізіп, өңірдің экологиялық және
экономикалық құлдырауына ықпал етеді.
Сонымен қатар, өзекті мәселе — облыстағы көптеген су пайдаланушылар өзен
суын өлшеусіз пайдалану арқылы ысырапшылдыққа жол беріп отыр. Мысалы, бұған
Қазақстанның кейбір заңнамаларындағы олқылықтар да жол ашып отыр.
Бұл проблеманы қалай шешуге болады?
Ол үшін судың есебі дұрыс алынуы керек. Мәселен, ауыз суды өндіріске
пайдалануға болмайтыны Су туралы кодексте жазылғанымен, Әкімшілік кодексте
оған салынатын айыппұл көлемі қарастырылмаған.
Су ресурстарының азаюы ғана емес, өзеннің экологиялық ахуалы да сын
көтермейді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті жасақтаған су
шаруашылығының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында осы өзенге қатысты
су көзінің ауыр металдармен, хром, мыс, мырыш, бормен ластану деңгейі
санитарлық-гигиеналық және балық шаруашылығы нормасы көрсеткіштері бойынша
шектеулі концентрациядан өте жоғары екендігі айтылған. Түйіндеме: Жайықтың
экологиялық жағдайы өте ауыр және оны сауықтырудың жедел шараларын алу
қажет, себебі, су көзінің тіптен азаюы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне
қатер төнетіні анықталған.
Өңірде үлкенді-кішілі бірнеше су көздері бар. Алайда, солардың ішінде
Жайықтан өзгесін ауыз су ретінде пайдалануға болмайды. Мәселен, Ойыл,
Сағыз, Жем, т.б. қолданысқа жарамайды.
Облыста ауыз су бойынша ең қиын жағдай Қызылқоға ауданында қалыптасқан
болса, қазір оны тек магистралді су құбырларын тарту арқылы шештік.
Рас, бұл өңірде жерасты сулары мол, оларды пайдалануға болады. Бірақ, әлі
жете зерттелмегендіктен ауыз су ретінде ұсына алмаймыз. Және оларды болашақ
ұрпаққа қор қылып қалдыруымыз керек.
Сонымен бірге, ғалымдардың пікірінше, Жайық өзені бассейнінің негізгі
ластаушысы — Орынбор газ өңдеу зауыты, Ақтөбе хром қоспалары және бұрынғы
аты әйгілі Алға химия зауытынан қалған азғантай цехтар. Олардың тастамалары
шайынды су ретінде шартты түрде тазаланып, құрамындағы хром тәрізді
қоспаларымен бірге Елек өзеніне құйылады.
Ал, Елек Ойыл өзенімен бірігіп Жайыққа, одан әрі Каспийге құяды. Мұны
Ақтөбедегі экологтар, саниэпидстанция, әкімшілік те біліп отыр. Бірақ,
өздері ол суды ішпеген соң мән бермейді.
Өткен жазда Атырауда Жайықтың ластығы салдарынан індет шығып кете жаздады.
Қалалық су арнасы арқылы хлорды суға көбірек салғызудың арқасында елді аман
алып қалдық.
Сонымен қатар, Жайық өзені бойындағы кәсіпорын, мекемелер де суды таза
ұстау мәселесіне бас ауыртпайды. Тұрғындар да селқос қарайды.
Батыс Қазақстан мен Атырау бойынша жасалған арнайы экспедиция жорығы
кезінде осы аймақтарда Жайық өзенінің ластануына өзіндік әсерін тигізіп
отырған 160 қоқыс орны және саяжай мен құрылыс қалдықтарының өзен бетінде
шашылып жатқаны анықталған. Яғни, кәсіпорындар өз алдына, жекелеген адамдар
да Жайық өзенінің ластануына жабайы үлес қосып отыр.
Сондықтан, Жайық өзенінің тазалығы, экологиялық ахуалы жергілікті атқарушы
биліктің қатаң бақылауында.
Соңғы уақытта облыста қолға алынған шаралардың бірі — қаладағы Жайықты
жағалай салынған коттедждердің кәріз жүйесін ортақ желіге қосу жұмыстары
аяқталып келеді.
Оған қоса бұрын ара-тұра науқандық шара кезінде ғана болмаса, назардан тыс
қалып келген Жайық жағалауының тазалығы талапқа сәйкестендірілді. Су рәсуа
болмауы үшін жағалаулар бекітіліп, абаттандырылып, жарық пен
бейнебақылаулар орнатылып, қазір бұл жерлер қала халқының демалып,
серуендейтін тамаша орындарына айналды.
Алайда, Жайықтың арнайы мәртебесінің болмауы оның экологиялық тағдырына
әсер етіп, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіріп отыр.
Бұл, алдымен, балық шаруашылығына қатысты
Кезінде бекіре тұқымдас балықтардың әлемдік қорының 33 пайызы Жайықта
шоғырланып, өндірілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайық өзенінің орналасуы
Географиялық жағдай
Жайық өзені туралы
Жайық өзенінің экологиясы
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Жайық өзені табиғатты-халқы-шаруашылығы
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Судың ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызы
Батыс Қазақстан облысы маңындағы Жайық өзенінің аңғарындағы халықтың қоныстануы
Пәндер