Түркістан Республикасы үкіметінің қазақ халық ағарту институтын ұйымдастыру шаралары



КІРІСПЕ
І.ТАРАУ.ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ
1.1.ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫН ҚҰРУ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР
1.2. ХАЛЫҚ АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ДАЯРЛАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ІІ.ТАРАУ.ИНСТИТУТТАҒЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ОҚУ.ӘДІСТЕМЕЛІК,ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
2.1.БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ОҚУ.ӘДІСТЕМЕЛІК ІС.ШАРАЛАР
2.2.ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫ ҰЖЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер miзімі
Араға ұзақ уақыт салып жеткен ояну ұлттық тарихымыздың өскелең ұрпаққа көмескі тұстарын ашып, қайта қарап, шынайы тарихты баяндауға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық идея зиялылары басын бәйгеге тігіп, алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстардың ғасырдың үш ширегіне жақын санаға байлау,әреге тұсау болған қасаңдықтан арылып,арыстар төккен әрбір маңызды еңбекті ақтауға қол жеткізе бастадық.
Отандық тарих ғылымында толық шешімін таппапған әлі зеpттелу деңгейі тым мардымсыз тақырыптар өте көп. Осындай зерттелуі жұтаң,әйтсе де өте көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырыптардың бірі Түркістан республикасының тарихы.
1917 жылдың 7-ші сәуірінде Уақытша үкіметтің ТүркістаІн комитеті құрылды./1 Ал, 1918 жылдын сәуір айында РКФСР-дың құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік республикасы құрылды./2.76 Алашорданы мол, асау ағыстарға толы XX ғасырдың алғашқы ширегінде тілі, діні мен ділі бір, бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан Республикасының саяси және рухани орталығы Ташкент қаласы болды. Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы ғүмырында Түркістан тәуелсіздігін көкірегіне мұрат етіп түйген кемеңгерлер жиналды. Ташкент қаласында озық ойлы қазақ зиялыларының шоғырлануы демографиямен де көп байланысты болды. Мәселен, 1917 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының барлық халықтарының құрамында 2.665. 441. ал Ташкент қаласында 1 56.879 қазақ өмір сүрді./3.9 Осы көрсеткіштердің өзі шашырап жүрген қазақ зиялыларының бірігуіне алып келді./4.3 Олар Түркістан өлкесінде орын алған дүрбелең тұста, дүйім елге ес жиғызбас аттанысы мол дәуірде тарыдай шашыраған жұртқа ұйытқы бола білді. Өлкедегі әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және мәдениет саласындағы еңсе езер қым-қуыт қиындықтар мен ауыртпалықтардан арылудың төте жолы оқу-білімде, халықты жаппай сауаттандыруда екенін сезінді. Дүниенің кілті білім-ғылымда, жалпақ жаһанның өзге елдерімен иек теңестірер қуат-оқу ағарту саласында екенін ұқты.
Түркістан Республикасының алғашқы жылдарында халыққа жалпылама білім беруді қалыптастыру және дамыту барысында біршама оңды жұмыстар жасалды.
1. Валиханов И.С.Политическая противоборства по национальному вопросу вТуркестане. Автореферат.М,1993.
2. ӨРОМА,372-қ.,Іт.,25-іс 76,4,15,5, 156,11,1,20,135,25,54,12,36,85,65.б
3. Зарубин И.И. Список народностей Туркестанского края.Л.:1925г.-9с
4. Тлеуқұлов С. Зиялылардың шығыстағы ордасы.// Шымкент келбеті. 2001.№ 30.
5. Бюлетени постановление ХІ Все Туркестанского ъезда Советов от 2 по 6 декабря 1922 г.// Бюлетень. .№ 4. Ташкент.: 1922.14 с.
6. Тлеукұлов Г.С., Қосанбаев С.Қ. Алғашқы бастама жемістері . Ташкент: Шарқ,2001.-30 бет.3,5,14,6,9,10,12,13,6.
7. Наука и просвещение .Ташкент.:1922 №2 октябрь-декабрь.33,76,78,175,176, с.
8. Байтасов Ғ. Ташкендегі Қазақ-Қырғыз институты туралы.//Шолпан. 1923 жыл.март-апрель-май.290-293 бет.
9. Қоңыратбаев О.Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Алматы: Қазақстан,1994.-447 бет.374,11,45,381.
10. Тилеукулов,Г.Тилеукулова.Из истории Казахского педагогического института вТашкенте.Алматы :2005.-121.75 бет
11. Африза Айтбайқызы.Қасиетті қара шаңырақ.//Zaman-Қазақстан.2002. -1ақпан.
12. Классовый ипрофесиональный состав городского население ТАССР в 1923 г.Ташкент:ИСР Туркреспублики ,1923 г.3 с.
13. Туркестанская правда .1923 г.11-ноябрь №239.1 ,3,с.
14. Народное просвещение.М ,1918 г. №19. 16 ноябрь 9-10 с.
15. Досмұхамедов Х.Қазақ-Қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама.//Шолпан.1922 март,апрел,май.
16. Тілеуқұлов Г.С.Жазықсыз жазаланған тұлғалар.Ташкент: 2002.
17. Д.Қамзабекұлы.Руханият.Алматы:Білім,1997.-272 бет.8,39,41,42,
18. Омарбеков Т.ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселесі. Алмат:ҚАЗақпарат 2001.-398 бет.85.
19. Қоңыратбаев О., Тұрар Рысқұловтың қоғамдық және мемлекеттік қызметі. Алматы,Қазақстан. 1994
20. Тілеуқұлов Г.С., Жазықсыз жазаланған тұлғалар. Ташкент, 2000
21. Турсунов Ж., Национальная политика коммунистической партий в Туркестане. Ташкент, 1971
22. Қамзабекұлы Д., Руханият. Алматы, Білім .1997
23. Омарбеков Т., ХХ-шы ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Алматы, ҚАЗақпарат 2001
24. Тілеуқұлов Г. С., Қосанбаев С. Қ., Алғашқы бастама жемістері.
Ташкент, Шарқ 2001
25. Қойгелдиев М, Омарбеков Т.,Тарих тағылымы не дейді?Алматы, 1993
26. Құл-Мұхамед М., Алаш ардагері. Алматы, 1996
27. Гуревич Л.Я., Тоталитаризм против интеллигенций, Алматы, 1992
28. Ю.АбжановX. М, Гурсвия Л.Я., Интеллигенция Казахстана:
история, теория, современность. Алматы, 1992
29. Амрекулов Н.А, Масанов Н.Э., Казахстан между прошлым и
будущем. Алматы 1994
30. Пірманов Ә, Қапаева А., Қазақ интеллигенциясы. Алматы, 1997
31. Озғанбай Ө., Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан (1905-
1917 ж.ж.) Алматы, 1999
32. Халел Досмұхамедұлы. Алматы, 1996
33. Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995
34. Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы. Алматы, 1995
35. Аманжолова Р.А., Казахский автономизм и Россия. Москва. 1994
36. Нұрпейісов К., Халел тағылымы. Алматы,1994
37. Нұрпейісов К., Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен
шығармашылығы. Алматы, 1996
38. Зарубин И.И., Список народностей Туркестанского края. Ленинград, 1925
39. Валиханов Н.С., Политическое противоборство по национальному вопросу в Туркестане. Автореферат. Москва, 1993
40. Наука и просвещения. Ташкент, 1922, N2 окт-дек.
41. Народное просвещение. Москва, 1918, N19 16 ноябрь
42. Стенографический отчет расширенного совещание деятелей культуры и просвещения, созванного 11 нояб. 1923г. Советом народных комиссаров по вопросу Народного просвещение. Ташкент 1923 ж.
43. «Шолпан» журналы. Ташкент 1922ж. X. Досмұхамедов "Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама"
44. «Шолпан» журналы. Ташкент 1923ж. Март, апрель, май.F. Байтасов "Ташкенттегі Қазақ-қырғыз институты туралы."
45. Шымкент келбеті. 2001, N30/ С. Тілеуқұлов. "Зиялылардың шығыстағы ордасы".
46. Мамаев А., Досмұхамедов Х .Д.Врач и ученный.// Здравохранение Казахстана 1998, N10.
47. Бюллетень и постановление XI Всетуркестанского съезда Советов от 2 по 6 декабря 1922 г. Бюллетень N 4. Ташкешт 1922.
48. Классовый и профессиональный состав городского населения ТАССРв 1923 г., Ташкент, ЦСУ Туркреспублики, 1923.
49. Ақиқат, 1994, N7
50. Стенографический отчет расширемнного совещания деятелей культуры и просвешение, созванного 11 ноября 1923 г. Советом народных комиссаров по вопросу народного просвещения. Город Ташкент.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Араға ұзақ уақыт салып жеткен ояну ұлттық тарихымыздың өскелең ұрпаққа
көмескі тұстарын ашып, қайта қарап, шынайы тарихты баяндауға мүмкіндік
беріп отыр. Ұлттық идея зиялылары басын бәйгеге тігіп, алаштың мұңын
мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстардың ғасырдың үш ширегіне жақын
санаға байлау,әреге тұсау болған қасаңдықтан арылып,арыстар төккен әрбір
маңызды еңбекті ақтауға қол жеткізе бастадық.
Отандық тарих ғылымында толық шешімін таппапған әлі зеpттелу деңгейі
тым мардымсыз тақырыптар өте көп. Осындай зерттелуі жұтаң,әйтсе де өте көп
бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырыптардың бірі Түркістан республикасының
тарихы.
1917 жылдың 7-ші сәуірінде Уақытша үкіметтің ТүркістаІн комитеті
құрылды.1 Ал, 1918 жылдын сәуір айында РКФСР-дың құрамында Түркістан
Автономиялы Кеңестік республикасы құрылды.2.76 Алашорданы мол, асау
ағыстарға толы XX ғасырдың алғашқы ширегінде тілі, діні мен ділі бір,
бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан Республикасының саяси
және рухани орталығы Ташкент қаласы болды. Мұнда қазақ халқының елім деп
еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы ғүмырында Түркістан тәуелсіздігін
көкірегіне мұрат етіп түйген кемеңгерлер жиналды. Ташкент қаласында озық
ойлы қазақ зиялыларының шоғырлануы демографиямен де көп байланысты болды.
Мәселен, 1917 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының барлық халықтарының
құрамында 2.665. 441. ал Ташкент қаласында 1 56.879 қазақ өмір сүрді.3.9
Осы көрсеткіштердің өзі шашырап жүрген қазақ зиялыларының бірігуіне алып
келді.4.3 Олар Түркістан өлкесінде орын алған дүрбелең тұста, дүйім елге
ес жиғызбас аттанысы мол дәуірде тарыдай шашыраған жұртқа ұйытқы бола
білді. Өлкедегі әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және мәдениет саласындағы
еңсе езер қым-қуыт қиындықтар мен ауыртпалықтардан арылудың төте жолы оқу-
білімде, халықты жаппай сауаттандыруда екенін сезінді. Дүниенің кілті білім-
ғылымда, жалпақ жаһанның өзге елдерімен иек теңестірер қуат-оқу ағарту
саласында екенін ұқты.
Түркістан Республикасының алғашқы жылдарында халыққа жалпылама білім
беруді қалыптастыру және дамыту барысында біршама оңды жұмыстар жасалды.
Бұл әсіресе, Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы
болған Тұрар Рысқұлов кезінде ерекше сезілді. 1922 жылы желтоқсан айында
өткен Түркістан Республикасы Кеңестерінің XI съезінде Халық ағарту ісіне
мемлекеттік бюджеттің 30%-ға дейінгі, ал жергілікті бюджеттердің 24%-ға
дейінгі бөлігін босату туралы шешім қабылдады.5.14 Республика жалпы білім
беретін мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерді, кәсіптік-
техникалық оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарын дамытудың жоспары
әзірленді. Негізгі күш-жігер республикада сауатсыздықты жою мәселесіне
жұмылдырылды. Осы бағытта ұлт зиялылары Ташкент қаласын күллі өлкеге шұғыла
таратар білім ошағына айналдыруға әрекеттенді.
Исі түркі жұртының мақтанышына айналған М. Шоқайұлы, Т.Рысқұлов, Н.
Төреқұлов, С. Қожанов, М. Тынышбаев, Х.Досмұхамедов сынды біртуар
саңлақтарымыз халықтың материалдық және рухани деңгейін көтеру үшін оған
жаппай білім беру қажеттігін жете аңғарды. Олардың шұғыл қимыл әрекеттері
арқасында 1918 жылы Түркістан Халық ағарту комиссариатының қаулысымен қазақ
педагогика курсы ұйымдастырылды. Бір жылдан соң қазақ, өзбек, түркмен
педагогикалық училищелері бой көтерді.6.3
Қазақ педагогикалық училищесінде білім алған азаматтар сайын сахараның
төсіндегі ауылдарға барып ұстаздық етті, ескі өмірді түлетуге күш салды.
Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің 1920 жылы 2-ші қазан айындағы Ташкент
қаласында халық ағарту институттарын ашу туралы бұйрығы бойынша 4 институт
ашылды.2.4 Солардың бірі – қазақ педагогикалық училищесінің негізінде
құрылған Қазақ Халық ағарту институты болды.
1920 жылы 12 тамызда құрамында тәжірибелі педагогтар Н.Табынбаев,
Б.Есенов, X. Досмұхамедов, Қ. Қожықов,В.Н. Көшербаевтар бар Қазақ Халық
aғapтy институтын ұйымдастыру үшін құрылған комиссия оқу орнының
жетістіктерімен, қажеттіліктерін айқын көрсетіп берді. Қазақ Халық ағарту
институтының (Казинпрос) алдына қойған міндеті-біріншіден, қазақ
мектептеріне оқытушылар даярлау болса, екіншіден, мектептің
ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіруге қабілетті мамандармен қамту еді.
Институттың іргесін қалап, шаңырағын биіктете алатын білікті, тәжірибелі
ұстаздар Түркістан өлкесіндегі мектептерден шақырылды. Кадрлармен
қамтамасыз ету жұмысымен Түркістан Халық ағарту комиссариаты шұғылданды.
Институт директоры болып Е.Табынбаев тағайындалды. 1920 жылы 28-қыркүйекте
Сұлтанбек Мангельдин институттың іс жүргізушісі қызметіне қабылданды.4.4
Ұлт зиялыларының күшімен құрылған Қазақ институты Ташкент қаласындағы
К.Маркс көшесіндегі 41-үйге орналасты.2.4 (Қазіргі Әмір Темір алаңындағы
Заң институты орналасқан ғимарат).
Түркістан өлкесіндегі қалалардан арнайы шақырылған білімді ұстаздардың
қатары молығып, қараша айында институт оқытушыларының саны 64-ке жетті.
Олардың ішінде Мұхамеджан Тынышбаев - математикадан, К. Жаленов -
физикадан, М.Есболов,географиядан, Ш.Сарыбаев - ана тілінен, В.Көшербаев -
тарихтан, X Досмұхамедов - жаратылыстанудан, С.Асфендияров – музикадан
сабақ берді.6.5
Институттың 4 негізгі, 3 даярлау кластары және тәжірибелік үлгілі
мектептері болды. Оқушылардың жалпы саны алғашқы екі жылдың ішінде 259-ға
жетті. Оқушылар қатарында қазақ халқының біртуар азаматтары Ілияс
Жансүгіров, Құрманбек Жандарбеков, Әуелбек Қоңыратбаев, Ісмет Кеңесбаев,
Шынәлі Мұсаевтар болды. Қазақ ағарту институтының жанынан тәжірибе
мектептері және мектепке дейінгі тәрбие үйлері жұмыс жасады. Ол туралы
архив материалдарын ақтарғанда 1920 жылы 4-ші қарашада X. Досмұхамедовтың
өтініші негізінде оның балалары: Рабиға(11 жасар) тәжірибе мектебінің 2-ші
класында, Әділхан (8 жасар) тәжірибе мектебінің 1-ші класында, Сәуле (4
жасар) институт бала-бақшасына қабылданғандығын байқауға болады.6.5
Институт құрылуының алғашқы жылдарында шаруашылық деңгейі, оқу
материалдық базасы көңіл құлазытар жағдайда болғанымен білімді азаматтар
оқушыларға терең білім, саналы тәрбие беруде ыждаһаттылық танытты.
Институттың оқу тәрбие жұмысы ІІедагогикалық кеңестің назарынан бірде-бір
түскен емес. Институтта түрлі ұйымдар ұйымдастырылып, оқушылар кеңінен
қамтылды. Институтқа жастар ұйымының төрағасы болып жас Ғани Мұратбаевтың
келуі2.44 жастардың қоғамдық белсенділігін арттыра түстi. Түркістан Халық
ағарту комиссары болып қызмет еткен С.Қожанов мұғалім кадрлар құрамын
көбейту үшін институтқа ерекше көңіл аударды. Ол өлкенің жалпы бюджетінің
20% -ін халық ағарту саласына бөлгізуді және Қазақ ағарту институтының
материалдық базасының нығаюына себін тигізді. 1922 жылы институттың 57
оқытушы мен қызметкерлерінің, 230 оқушының тұрмыс жағдайын нығайтуға үлec
қосты. 1923 жылы 19-шы наурызда Түркестан Халық ағарту комиссариаты
коллегиясында қазақ институтында этнография кафедрасын ашу және оған
Диваевтың есімін беру туралы қарар қабылданды.6.5 1923 жылдың 12-ші
мамырында институттың директоры болып Сегізбай Айзунов тағайындалды.2.15
Оқу-тәрбие ісін жоғары деңгейге көтеру үшін біршама шаруалар
тындырылды. Жаңа оқу жылына дайындық жасау ісіне жергілікті жерлердегі
мекемелердің жәрдем көрсету мәселесі алға тартылды. Ел ішінде есімі мәлім,
құрмет беделі жоғары болған Мұхамеджан Тынышбаев бұл іске басшылық жасап,
сол жылдың маусым айында Шымкент, Әулиеата уездерін аралап, институтқа
түсушілерді анықтайды және нақтылай көмек көрсетеді.4.4
1923 жылы институттың оқытушылар құрамы нығайды. Мағжан Жұмабаевтың
педагогика және ана тілінен,2.5. Файзулла Faлымжановтың математикадан,
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ әдебиетінен сабақ беруі, драма үйірмесіне
жетекшілік етуі2.156. институттағы көрнекті оқытушылардың санын молайтты.
Оқулықтар жазу, баспадан шығару ісі қолға алынып, институт кітапханасы
қажетті оқулықтарға толықтырылды. А.Байтұрсыновтың "Ана тілі грамматикасы",
С.Қожановтың "Арифметика", М.Жұмабаевтың "Педагогика' кітаптарын, "Сана"
журналы, "Ақжол" газеті т.б. мерзімдік басылымдарды оқушылар жиі
пайдаланып,6.5. білімдерін жетілдірді.
1924 жылы 17-ші қаңтарда институт өзінің алғашқы түлектерін білім
ұясынан баптап ұшырды. Қазақ Халық ағарту институтының директоры С.
Айзунов, орынбасары П.Юдахин. оқытушылар Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев,
Ф.Ғалымжановтар студенттердің төрт класта мерзімінен бұрын бітіргендігі
туралы қарар 2.156 қабылдады. Бітірушілердің салтанатты күнінен 15 күн
өткеннен кейін институт директоры С.Айзуновтың орнына Д. Сарсенов
тағайындалды.2.25.
Қазақстан Халық ағарту комиссариаты коллегиясының 1925 жылғы 8-ші
қазанындағы қарары негізінде Қазақ ағарту институты Қазақ Педагогика
институты деп аталатын болды. Бұл өзгеріс инстиут ұжымын үлкен қуанышқа
бөледі. 16-шы қазанда мереке өткізуге дайындық жүргізіліп, Қазақстан Кеңес
Халық комиссиары орынбасары А.Серғазиевтің келуін күтті. Науқасына
байланысты келе алмаған Д.Сергазиев Д.Сәрсеновтың атына жедел хат жіберді.
Онда институттың жоғары педагогикалық институт деп аталуы мен құттықтап,
студенттердің жаңа оқу орнына табыстар тіледі.2.54.
Қазақ республикасының ұсынысымен, Орта Азия университетінің ұсынысымен
профессор-оқытушыларынан құралған комиссия 1926 жылы 2-ші маусымда институт
жағдайын толық тексеруден өткізді.Қазақстан Халық комиссариаты институтты
нығайту үшін 259924 сом қаржы бөлді.
1926-28 жылдары Қазақ Педогогика институтының ұстаздары өмір талабына
сай келетін оқу тәрбие жүйелерін нығайта түсті. 20-шы жылдың бас кезінен
институт іргесін қалауда аянбай еңбек етіп келген Х.Досмұхамедов,
Ш.Сарыбаев, М. Қасымова, М.Тынышбаев сияқты ұстаздардың қатары кеңейді.
1926 жылы институтта М.Әуезовтың қазақ, орыс әдебиеттеріне сабақ беруі оқу
орнының беделі шарықтап өскен кезімен тұспа-тұс келді. 1927-1928 жылдары
С.Сейфуллин институт ректоры болып қызмет етті, ол жоғары білім ордасының
өркендеуіне еселі үлес қосты.6.14.

І.ТАРАУ.ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ
1.1.ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫН ҚҰРУ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ХХ ғасырдың бас кезінде ірі саяси орталыққа айналған қалалардың бірі –
Ташкентте ұлтын ойлаған азаматтардың қалыптасуы мен сол жерде шоғырлануы
ерекше сезіледі. Патшалық Ресейдің зорлық-зомбылығына қарсы азаматтық
қозғалысының басына келген жаңа әлеуметтік күш-ұлт зиялылары осы орталыққа
тоқтасып, бірлесті. Олардың іздену, үйрену, оқу бағыты дүниетанымының
қалыптасуына үлкен ұқпал жасады. Түркістан өлкесіндегі күнделікті болып
жатқа оқиғаларды көріп-білумен бірге, өмір мектебінің қортынды шығара
білген қазақ - өзбек жастары келешектің жарқын жол бағытына ұмтылуда тізе
қосты. Мұның өзі қазақ зиялыларының қалаптасуына елеулі әсерін тигізді.
Ташкент қаласында озық ойлы қазақ зиялыларының шоғырлануына және бір арқау
болған мәселе демографиямен байланыста еді. 1917 жылы, қазан төңкерісі
қарсанында Түркістан генерал-губернаторлығы халықтарының құрамында 2млн,
665 441 қазақ өмір сүрген, ол сол тұстағы бүкіл қазақтың жартысына жуық
еді. Әрине, осы көрсеткіштің өзі көптеген шашырап жүрген қазақ зиялыларының
бұл жерде шоғырлануына алып келді. Ташкент келешек шешімдердің шешілу
терегіне, азаматтық қозғалыстарына ұйтқы болар орталыққа айналған осы
кезде, ХХ ғасырдың басында Ташкентте тұрған қазақтың тұңғыш теміржол
инжинері М. Тышанбаев қаладағы қазақ зиялыларының кездесуіндегі өзара жалпы
ұлттық көлемде пікірлесуін ұйымдық тұрғыдан даярлауда рөлі ерекше болғанын
және азаматтық қозғалысына атсалысатын басқа да қайраткерлердің қатары
көбейе түсткендігін естиді. Ташкенттегі гимназия жастарынан Мұстафа
Шоқайұлының қоғамдық көзқарасының қалыптасуы, 1914-16 жылдары Нәзір
Төреқұловтың империалистік соғыс кезінде Белоруссияға қара жұмысқа
жіберілген түркістандық адамдарға көмек көрсетуі, 1916-17 жылдары Т.
Рысқұлов пен С. Қожановтардың қаладағы оқу орындарының жастармен жүргізген
істері – болашақтағы игі жұмыстардың бастамасы еді. Нәтижеде Ташкент
қаласында топталған қазақ зиялылары арасында болашақ мелекет қайраткерлері
тобы қалаптасып, көп ұзамай тарих сахнасына шыға бастады. Олар 1918-1928
жылдары қазн төңкерісінен кейінгі халықтың арман еткен жер-су, азық-түлік
мәселесі, мемлекеттік құрылыс, халыққа білім беру жүйесі сияқты кезек
күттірмейтін аса маңызды мәселелерді шешуге құлшына кірісті. Әсіресе,
сауаттылық деңгейі төмен елде қоғам құрудың қиын екенін ескерген Т.
Рысқұлов,Н. Төреқұлов,С. Қожановтар Ташкентте ағарту ісіне ерекше мән беріп
қазақ институтын ашуға атсалысты, оның келешегі нұрлы екендігіне кәміл
сенді. Әрине, бұл институтты ашудан алдын, ең алдымен қысқа мерзімді қазақ
педогогикалық курсын, кейіннен педогогика училищесін ұйымдастыру қажет деп
тапты.
1918 жылы 13 қыркүйекте Түркістан халық ағарту комиссарының қарарымен
бұрынғы әскери гимназия орнында орыс педогогика училищесі жанынан қазақ
педогогикалық курсы ұйымдастырылады. Бұл курста оқытушылыр даярлау
мақсатымен 1918 жылдың қыркүйегінен 1919 жылдың маусымына дейінгі мерзімге
көзделген смета дайындалды. Алғашқы қазақ бөлімінің 9 баласы үшін бір айға
6441 сом, тоғыз айға 59774сом қаржы бөлінді. Қазақ педогогикалық курсының
оқу жоспарын, бағдарламасын жасауға және жалпы ұйымдастыру жұмысына
тікелей көмек көрксеткен Тұрар Рысқұловтың шақыруымен Ферғана облысынан
ТашкенткеНәзір Төреқұлов келді. Оның басшылығымен педогогикалық курстың
негізі қаланды. Оқу ісіне орыс тілі пәнінен сабақ берген Иса Тоқтыбаев
жетекшілік етті. Алғашқы оқушылары: Сұлтанбек Қожанов-ана тілінен,
Тәңірқожа Қожықов – тарихтан, Хайриддин Болғанбаев-география, биология
пәндерінен, Фазыл Күлтаев-математикадан, Егемберді Тоғынбаев – дене
шынықтырудан, Райхан Лапина-бейнелеу өнерінен, жағыпар Лапин – тәрбиеші, Ш.
Сарбаев – ана тілінен сабақ берді.
Олардың біразы көп жылдық оқытушылық тәжірибесі бар, жастарға сапалы
білім мен өнегелі тәрбие беріп келе жатқан кәнігі педогоктар еді. Алғашқы
қазақ педогогикалық оқу ордасына Түркістанның жер-жерінен ынталы жастар
ағылып келе бастады. Сырдария облысының сегіз уезіне қарасты болыстардан,
әсіресе, ең үлкен Ташкент уезінің 45 болысынан (Қазығұрт, Шарапхана, Ақжар,
Манкент т.б.) көптеген жастар білім алуға келді.
Бұл, ең алдымен, халықтың оқу-ағартуға деген зор құлшынысы мен
ұмтылысының нәтижесі болатын. Әдепкі кезде оқу құралдары, керекті жабдықтар
тапшы болуына қарамастан, қазақ педогогикалық курсында оқытушылардың ғылыми
негізде білім алуына жағдай жасалды. Ұзақ өтпей бес айлық курстың алғашқы
түлектеріде шықты. 1919 жылдың басында Омар Тоқтыбаев, Кәрім Ахмедов,
Шыныбай Беркінбаевтарға куәлік қағаздары беріліп, оқу орнының басшылары
оларды қазақ бастауышмектептеріне сабақ беруге аттандырдв. Педогогикалық
курсты бітірушілерденТашкенттің өзінде екі қазақ мектебі (Қашқар махаласы
мен Орталық базар жанында) ашылды.
Осы курстың негізінде 1919 жылы 1шілдеде қазақ педогогикалық
училищесінің шаңырағы көтерілді. Оның түпкі мақсаты елдің алдында міндетті
бастауыш оқуды еңгізу қажеттігін іске асыру еді. 1919 жылы қыркүйекте
училище оқытушылары сұрыпталып, ана тілінен сабақ беретін Шамгелді
Сарыбаев, көрнекті дәрігер-ғалым Халел Досмұхамедов сияқты өте білімді әрі
тәжірибелі ұстаздармен толықтырылды. Түркістан өлкесіндегі белгілі
оқытушылар жұмысқа шақырылды. Перовский қаласынан Ыбырай Қасымов, Омар
Жангелдиев, Әбдірахман Мұнатбаев, Қызылордадан Тоббай Күлкешкеев, Мәдина
Қасымова, Ферғанадан Айша оразбаева, Шымкенттен Фатима Үмбетовалар келді.
Оқытушылардың жалпы саны 53-ке жетті. Оқу орнының меңгерушісі Иса Тоқтыбаев
болды. Қазақ училищесін ұйымдастырушылардың бірі – 27 жастағы жалынды
қайраткер Сұлтанбек Қожанов оқу істерін күшейту мақсатында әйелі Гүлданаман
1919 жылдың 15 тамызында Түркістан қаласына кетті.
Сол жылы 25 қазанда Түркістан Орталық Атқару комитетінің шешімімен қазақ
педогогикалық училищесіне сол кезде республиканың егіншілік комисариаты
орналасқан үйді (А. Пушкин және Хиуа көшесінің қиылысында) алып берді.
Қаланың дәл ортасына орналасқан оқу орнының абыройы күн сайын биіктеп,
айбыны асқақтай берді. Заман талабына сай оқытушыларға деген қажеттіліктің
мейлінше өскен кезінде бұл істің маңызы орасан зор еді. Сондықтан сабақтың
өз деңгейінде жүруі үшін көптеген шаралар қарастырылды.
1920 жылдың бас кезінде училищенің оқу-тәрбие жүмыстары едәуір
жақсарды. Онда арифметикадан сабақ берумен бірге тәрбиеші жұмысын атқаратын
ани Мұратбаевтың, кітапхана жұмысын ұйымдастырушы, тәрбиеші Ақыл
Асфандиярованың қызметтрі елеулі болды. Училищеде әр түрлі үйірмелер
жүргізіліп, олар оқушылырды кеңінен қамтыды. Оқушылар арасындағы тәрбие
ісіне жалынды жас Мұратбаев қомақты үлес сіңірді, ол әрдайым жастар
арасынан табылып, саналы тәрбие беруге белсене атсалысты.
Ақмала уезі, Шу болысының 1-ауылынан Ташкент педогогикалық училищесіне
оқытушы болып келген 20 жастағы Ділмұхаммед Әділұлының еңбегі де ерекше
болды. Ол – Омскідегі жеті жылдық ерлер гимназиясын бітірген, орыс, латын,
неміс тілдерін толық меңгерген білімді, тәжірибесі мол ұстаз еді. Д.
Әділұлы үйірме жұмыстарына жаңаша серпін қосып, оны жандандырды.
1920 жылдың 5мамырынан 5тамызына дейін үш айлық педогогикалық курсты
бітірген 58 шәкіртке оқытушылық куәлік тапсырылды. Солар ішінде Сейдікәрім
Иброгимов, Қожахмет Есқараев, Шыныбай Беркінбаев, Палымбек Зембаев т.б. бар-
тұғын.
1920 жылы 21 тамызда Қазақ ағарту институтының ұйымдастыру үшін
комиссия құрылды. Оның мүшелігіне тәжірибелі педагогтар Е. Табынбаев, Б.
Есенов, Х. Досмұхамедов, Қ. Қожықов, В. Н. Көшербаевтар енді. Олар оқу
орталығының жетістіктерімен бірге барлық кемшіліктерді, қажеттіліктерді
айқын көрсете білді. Х. Досмұхамедовтың басшылығында институттың
санитариялық жағдайларын тексеріп, 11 тармақтан тұратын кеңес-ұсынысын
берді. Қойылған талаптар дер кезінде орындала бастады., дегенмен, көптеген
қиыншылықтар да кездесіп отырды. Қазақ ағарту институтының (Казинпрос)
алдына қойған міндеті – біріншіден, қазақ мектептеріне оқытушылар даярлау
болса, екіншіден, мектептің ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіруге
қабілетті мамандармен қамту еді. 1920 жылы 1 қазанда қазақ педогогикалық
училищесі Қазақ ағарту институтына айналды. Бұл институттың іргесін қалап,
шаңырағын биіктете алатын білікті, тәжірибелі ұстаздар Түркістан
өлкесіндегі мектептерден шақырылды. Кадрлармен қамтамасыз ету жұмысымен
Түркістан халық ағарту коссариаты шұғылданды. Институт директоры болып Е.
Тобынбаев тағайындалды. 1920 жылы 28 қыркүекте Сұлтанбек Мангельдин
институттың іс жүргізушісі қызметіне қабылданды.
Жаңадан іргісі қаланған қазақ институты Карл Маркс көшесіндегі 41-үй –
қазіргі Әмір Темір алыңындағы Заң институты орналасқан корпусқа жайғасты.
Түркістан өлкесіндегі қалалардан арнайы шақырылған білімді ұстаздардын
қатары молығып, қараша айында институт оқытушыларының саны 64-ке жетті.
Солардың ішінде Мұхамеджан Тынышбаев математика оқытушысы болып қабылданды,
Жәлелов – физикадан, Есболов – географиядан, Сарыбаев – ана тілінен,
Көшербаев – тарихтан, Досмұхамедов - жаратылыстанудан, Асфандияров –
музыкадан, Яковлев парсы тілінен сабақ берді. Байтілеуов, Есовалар
тәжірибелік мектеп кластарында, Алданонңаров балабақша меңгерушісі болып
істеді. Институттың 4 негізгі, 3 даярлау кластары және тәжірибелік үлгілі
мектептері болыд. Оқушылардың жалпы саны 259-ға жетті. Сол жылы 96 оқушы
қабылданса, солардың арасында 16-дан жоғары жастағы оқушылар: Мұсәлі
Сейданов, Әбдіразақ Шегебаев, Шынәлі Мұсаев, Османқұл Әлиев, Айша Омарова,
Әріпжан Байзақов: 15 жасқа дейнгі оқушылар Дүрдана Жаппарова, Зияда
Көшербаева, Тәжібай Бұхарбаев т.б. бар еді. 1920 жылы 15қазанда Қазақ
Республикасының жолдамасымен келген Битілеуов, Басымов, Алданоңғаролвтар да
институтқа қабылданды. Қазақ ағарту институтының жанында тәжірибе
мектептері және мектепке дейінгі тәрбие (балабақша)үйі болды. Ол туралы
архив материалдарын ақтарғанда 1920 жылы 4 қарашада Х. Досмұхамедовтың
өтінші негізінде оның балалары: Рабиға (11 жасар) тәжірибе мектебінің 2
класына, Әділхан (8 жасар) тәжірибе мектебінің 1 класына, Сәуле (4 жасар)
институт бала бақшасына қабылданғандығын байқауға болады.
Қазақ ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысы институттың педогогокалық
кеңесінің назарынан бірде-бір рет түскен емес. Оқушылардың терең, саналы
тәрбие алуына әрекет жаслынды. Оқытушылардың әрбірі өзіне жүктелген
міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарады, асқан ыждаһаттылықпен жұмыс
істеді. Институтта әр түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, оқушыларды кеңінен
қамтыды. 1921 жылдың 12 қаңтарында институттың 115 оқушысы қатысқан
жиналыста жастар ұйымының төрағасы етіп ани Мұратбаевты, мүшелігіне
Сатымбеков пен Алтынбаевтарды сайлады. 1921 жылы 5 сәуірде институттың
16шәкірті Түркістан Орталық Атқару комитетіне өтініш хат жазып, білімдерін
жалғастыра түсу үшін қазақ жұмысшы факультетіне жіберулерін сұранды.
Өтініштері қабылданған А. Сыдықов, А. Кемелов, І. Жансүгіров, А. Рысбақов,
Т. Балтаев, И. Сырлыбевтар білімдерін университетте тереңдете түсті. Сол
кезде Түркістан халық ағарту комиссары болып қызмет еткен Сұлтанбек Қожанов
мұғалім кадрлар құрамын көбейту үшін институтта ерекше көңіл аударды. Ол
өлкенің жалпы бюджетінің 20 пайызын халық ағарту саласына бөлгізді және
Қазақ ағарту институтының материалдық базасының нығаюуына себін тигізді.
Бұл үшін асқан табандылық пен ұлтжандылық қажет-ті.
1922 жылы институттың 57 оқытушысы мен қызметкерлерінің, 230 оқушының
тұрмыс жағдайын нығайтуға үлес қосты. 1923 жылы 19 наурызда Түркістан халық
ағарту комиссариаты коллегиясында Ә. Диваевтың мерейтойы турасында мәселе
қаралып, қазақ институтында этнография кафедрасын ашу және оған диваевтың
есім беру туралы қарар қабылданды. 1923 жылдың 12
мамырында институттың директоры болып Сегізбай Айзунов тағайындалды. Оқу-
тәрбие ісін жоғары деңгейге көтеру үшін біршама шаруалар тындырылды. Жаңа
оқу жылына дайындық жасау ісіне жергілікті жерлердегі мекемелердің жәрдем
көрсету мәселесі алға тартылды. Ел ішінде есімі мәлім, құрмет-беделі жоғары
болған Мұхамеджан Тынышбаев бұл іске басшылық жасап, сол жылдың маусым
айында Шымкент, Әулиеата уездерін аралап, институтқа түсушілерді анықтайды
және оларға нақтылай көмек көрсетеді.
Оқу орнының жергілікті жерлермен өзара байланысы жақсы нәтижеге
жеткізді. 1923 жылғы қыркүекте институтқа Түркістан еңбекшілерінің 241
баласы қабылданды, оның ішінде 22,5 пайызы тұлдыр жетімдер болатын. Жалпы,
Сырдария облысынан – 193, Жетісудан – 19, Ферғанадан – 14, Самарқаннан – 4,
Хорезм республикасынан – 5, Қырғыз республикасынан – 5 оқушы, олардың
ішінде 195 қазақ , 41 қырғыз, 5 өзбек балалары бар еді.
Түркістан халық комиссары Т. Рысқұловтың жолдамасымен 18 оқушы, соның
ішінде 16 жасар иқандық бозбала Бахрам Сәлімбеков қабылданды.
1917 ж. қазанында Кеңес Өкіметін орнатқан большевиктер партиясы
социалистік идеяларды халық арасына кең тарату арқылы билікті нығайтуға
болатындығын түсінді. Осыған байланысты Кеңес өкіметі адамдарды
тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу арқылы мемлекеттік жүйеге тіректі құрайтын
білім беру жүйесінің жаңа түрін құруға кірісті. Осылайша Қазан
революциясынан кейінгі жылдары құрылған білім беру жүйесінің барлық
буындары жаңа өкіметтің идеологиялық құралына айналыды.
Кеңес мектебі комунистік дүниетанымды санаға бекітуге бағытталған
таптық принциптер негізінде құрылды. Кеңес өкіметі бұрыңғы патшалық
Ресейдің халықтары ұлттық өмірін еркін және кедергісіз құруға құқылы деген
деклорацияларды қағаз жүзінде ғана қолданып іс жүзінде ұлттық
ерекшеліктерді жоятын ,рухани өмірді құлдырататын біркелкі саясат жүргізді.
Әрине халыққа білім беруді жаңартатын Кеңестік бағдарламада оң
бағыттар да аз болған жоқ.Жаңа білім беру саясатында жалпы әлемдік білім
беру жүйесіне жақындатқан ұмтылыстар да аз болған жоқ. Оған мысал білім
беру саласындағы әлеуметтік теңсіздікті жою,жаппай сауаттандыру,діни
ұйымдар мен оқу мекемелерінің мемлекеттен бөлінуі ,мектеп жасындағы
балалардың жаппай оқуға тартылуы т.с.с.Бірақ комунистік оқудың тар
шеңберіне негізделген осы жаңалықтар игі ұмтылыстарды кері кетірді.
Бұл орайда патшалық тәртіптің авторитарлығы мен отарлық бағытына
қарамастан,Түркістанда оқу мекемелерінде плюрализм сақталынды:орыс білім
беру құрылымдарымен қатар дәстүрлі мектептер мен медреселер жұмыстарын
жүргізіп ,ұлттық білім берудің жаңа переспиктивалық үлгісі қалыптаса
бастаған болатын.1905 ж.революцияның әсерімен және 1917 ж. Ақпан
революциясынан соң мектеп ісінде домократиялық тенденциялар күшее бастаған
еді.
Қазан төңкерісінен соң мектеп құрылысының көптеген прогрессивті
көріністері жойылды.Кеңес өкіметін жариялаған соң большевиктік үкімет екі
революцияға дейінгі білім беру құрылымдарын жойып,социалистікжүйенің
саясаттандырылған оқу тәрбиелік процесі,оқу мекемелерінің таптық негіздегі
бырыңғайландыру социялистік жүйесінжедел түрде орната бастады.
Бірақ жаңа білім беру жүйесін құруда әсіресе бастапқы кезеңінде қарама-
қайшылықтар көп болды.Ол кезде кеңестік көзқарастың шеңберінде болса да
ұлттық факторларды ескеру әлі сақталған болатын.Өлкенің жергілікті халқының
мүдделерін қорғайтын кеңестердің 5-ші өлкелік съезінде Түркістан
Республикасының үкіметінің құрылымында ұлттық істер бойынша Түркістан
комисариаты құрылды.1921ж. 10-шы съезден соң ұлттық факторларға көңіл бөлу
ерекше күшейді,мұнда қоғамның социалистік қайта құруында ұлттық саясатты
белсендендіру мәселесі арнайы түрде талқыланды. Мысалы:Түркістан Орталық
атқару комитетіні Президумінде осы съездің шешімдеріне сүйене отырып ұлттық
бөлімдер ашылды.Олардың ішінде қазақ бөлімдерінің міндеттері:
а)Түркістан Республикасының қазақ халқына қатысты бөлімінде барлық
мемлекеттік мекемелердің кызметін бақылау;
б)Қазақ кедейлері арасында мәдени-ағартушылық жұмысқа жетекшілік ету т.с.с.
Түркістан орталық атқару комитетінің мүшелері болып мыналар
енді:Н.Төреқұлов,Г.Сафаров,С.Қожано в,С.Асфендияров т.б.,хатшылыққа
Х.Досмұхамедов тағайындалды.
Түркістан Республикасының ұлттар мәселесі бойынша халық комитетінде
1921 жылдың 21 қыркүйегінде Орталық атқару комитетінің жарлығымен 4 ұлттық
бөлімі ашылды:қазақ,өзбек,түркімен және басқа ұлттар.Мұндағы мақсат білім
беру саласында жергілікті халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескеру.
Түркістан Республикасының ұлттар мәселесі бойынша комитеті және қазақ
бөлімі білім беру саласында дұрыс ұлттық саясат жүргізуге тырысты.Осы
бағытта олар Халық ағарту комиссариатымен тығыз қарым-қатынас жүргізді.
Түркістан өлкесінің халық ағарту комисариаты Кеңес өкіметі орнаған
тұста 1917ж.қарашасында құрылған болатын.Ол құрылған соң-ақ бұрынғы ағарту
жүйесінің басқару органдарын жоя бастап,қалыққа білім берудің кеңестік
үлгісінің негізін қалай бастаған болатын.Бірақ ағарту ісін социалистік
негізде басқару ол кезде жүйелендірілмеген болатын.
1918 ж. жазына дейін Түркістандағы төменгі деңгейдегі білім беру
жүйесі қайта құрылмағандығымен ерекшеленді.Түркістанда революцияға
дейінгіоқу мекемелері жұмысын жүргізді.Мұның себебі Түркістан большевиктік
жетекшілерінің көзқарастарының тұрақсыздығынан еді.
1918 ж. 14 мамырында Кеңестік Халық комитеті өлкелік білім беру
жүйесін түбегейлі түрде қайта құруды бастауы туралы декрет қабылдады.Осы
декретте Кеңестік мектепті ұйымдастыру туралы айтылды.Осыған сәйкес кез-
келген оқу мекемесіне қабылдауға барлық кедергілер жойылды.Декрет бойынша
оқуға талаптанғандардың барлығының ұлтына,діни ұстанымына,жасына қарамастан
барлық оқу орындарына қабылдауға мүмкіндік берді.Бұл жерде айта кететіні
Кеңес басшылары барлығы іс жүзінде кедейлерді ғана алды.Ауқатты топтардың
өкілдерін оқу орындарына алу шеттетілді.
1918 ж.16 қазанында РСФСР-дің Орталық атқару комитетінің декретімен
Біртұтас еңбек мектебіүлгісі бекітілді,ол Кеңес мектебінің алғашқы
нұсқасы болды.Біртұтас еңбек мектебі екі баспалдақтан тұрды: 1)8-13
жасқа дейінгі балаларға арналған (5 жылдық курс);
2)13-17 жасқа дейінгі балаларға арналған (4 жылдық курс).Осы мектеп үлгісі
ербалалар мен қыздардың бірге оқитын принцпімен құрылды.Кейінірек Халық
комисариаты бастапқы 7-жылдық мектепті қайта құру туралы ереже
қабылдады.Олбойынша 3 сатылы біртұтас мектеп құрылды:1)Бастауыш (7
жылдық),2)Орта (3 жылдық),3)Жоғары.Ереже бойынша бастапқы мектепке 7 жасқа
толған балалар қабылданды.Бірінші саты бойынша төменгі бастауыш және орта
оқу мекемелерінің алғашқы төрт класын қамтыды
(гимназиялар,училищелер,комерциалық училищелер).Ол бойынша республикада
біртұтас бағдарлама енгізілді,ол 1919 жылдан бастап күшіне енді.
Орталық атқару комитеті Түркістан Республикасының көп ұлттық құрамын
ескеріп мектептердегі оқытуды ана тілде жүргізуге декрет қабылдады.Осы
жұмыстың шеңберінде Халық ағарту комитеті 1919 жылдың басында қажетті
мектеп желісін ұйымдастырудың жоспарын құрды ;
Халыққа білім беру бөліміне мектептер үшін ғимараттарды дайындау,мектеп
жасындағы балаларды тіркеу және аймақтағы ұлтты құрамды анықтауға мүмкіндік
береді.
1919ж.13 –шы маусымында ТАССР Түркістан Халық ағарту комитеті
респуьликаның ұлттық белгі бойынша териториялық белгісі жоқ екендігін
ескеріп және ұлттық мектепті кеңестендіру процесін жеделдету мақсатымен
Түркістан Республикасының Халық Ағарту Комиссариатының ұлттық секциялары
туралы ереже қабылдады.
Ереже бойынша комиссариатта және оның бөлімдеріеде мына негізде
ұлттық секциялар құрылады:Комиссариатта өлкелік секциялар үш адамнан
тұрады.:бір өкіл ұлттық істер жөніндегі Комиссариаттан және Кеңес өкіметін
қолдайтын мұғалімдерден екі өкіл .
Өлкелік секцияларда іс жүргізуші мен аудармашыдан тұратын өз
кеңселері болатын.
Өлкелік секцияның басында төраға тұрады,ал қалған екі мүшесі оның
коллегиясын құрайды.
Өлкелік секциялардың міндеттері:
а)Халық Ағарту Комиссариатының бұйрықтары мен іс –шараларын жүзеге асырып
бақылау (өз ұлттары арасында );
б)Өз ұлттары үшін мектептердің қажетті санын ашуға бағытталған шараларды
жүргізу;
в)Сауатсыздар арасында сауаттандыру жұмыстарын жүргізу (өз ұлттары арасында
);
г)Өз мектептеріне қажетті мұғалімдер мамандарын қабылдау;
д)Өз ұлттарының мектептерінде қажетті оқу құралдарын баспадан шығару ;
е)Өз ұлттар арасында мәдени-ағарту органдарды ұйымдастыру;
ж)Комиссариаттың кітапханалар арқылы өз ұлттары үшін кітапханалар ашу;
з)Өз ұлттары арасында барлық мектеп және мәдени мәселелерін жалпы
жетекшілікке алу.
Осы ереже жарыққа шыққаннан кейін ұлттық секциялар іс жүзінде ашыла
бастады.Ашылған қазақ секциясының төрағалығына Қадыров,хатшылығына Мереев
сайланды.
1918 жылы 14-ші желтоқсанда Түрік Республикасының Халық ағарту
комитетінің бұйрығымен (№ 6486)мұсылман мектептеріне қаржылық көмек
тоқталылып ,жергілікті үкіметтерге олардың реформаға дайындық деңгейін
анықтауға тапсырма берілді.Алғашқы шара ретінде бұрынғы ескі әдістік
мектептерге жаңа әдістік ,яғни жәдидтік оқытуға көшуге ұсыныс берілді.
1919 жылы 20 мамырында Түрік Республикасының Халық ағарту комитетінің
коллегиясы мұсылман мектептері туралы мәселені ресми талқылады.Ол бойынша
бөлім меңгерушісінің мұсылман мектептерін жабу және олардың мұғалімдеріне
жазғы педагогикалық курстарды ұйымдастыру туралыбаяндамасы тыңдалды.Осы
баяндама бойынша коллегия мүшелері –
Горкин,Костетский,Богот,Миронов,Тоқ тыбаев,С.Қожанов,халық комисары
С.Абдусаттаровтың шешімі бойынша жергілікті халықтың ашуын туғызбау
мақсатымен мұсылман мектептерін жаппау,оларға субсидиялар мен несиелерді
мемлекеттік бюджеттен бөлуді тоқтату туралы шешіммен шектелуді ұйғарды.
Қазан төңкерісінен соң бұрынғы орыс мектептері реформалауға оңай
биімделіп,кеңестік мектеп мекемелеріне қысқа уақыт ішінде
айналды.Мысалы:алғашқы 3 жылдың өзінде Түркістан Республикасында 700-дей
кеңестік мектептер құрылды.
Кеңестік ұлттық мектепті ұйымдастыру мәселесі күрделі қиындықтармен
жүді.Бірақ Кеңес үкіметінің қатал саясаты осындай мектептердің көбейуіне
алып келді.Мысалы:1918-1919 оқу жылының өзінде 8,5 оқушысы бар 57 кеңес
ұлттық мектептері ашылды.(Ташкент қаласы).Сырдария облысының кішігірім
қалалары мен аудандарында кеңестік типтегі қазақ мектептерінің саны өсті.
Жаңа мектептерде материалдық қиыншылықтардан және педагогикалық
білікті мамандардың жетіспеушілігі айқын сезілді.Бұрынғы мұғалімдердің
көпшілігі идеологиялық қайшылықтардан Кеңестік мектепге бармады.Жаңа
мамандардың саны өте аз болды.Негізгі кадрлық мәселені жедел шешу үшін
Түркістан жетекшілері алғашқы кезде қысқа мерзімдік
курстың дайындықтарды ұйымдастырды.Мысалы:1917 жылы қарашаның
өзінде Ташкент,Әндіжан,Самарқан және тағы басқа қалаларында мұғалімдерді
дайындаумен қайта дайындаудың 3 айлық курстары ұйымдастырылды.Кейінірек
мұсылмандық 4 айлық курстары ашылды.
1918 жылдың тамызында Халыққа білім беру комисариаты жалпыға бірдей
білім тарату ісіне үш мыңнан астам мұғалімдердің қажеттігін жариялады.Әрине
бұл кезде осыншама көп педагогикалық мамандар болған жоқ.Халыққа білім беру
комиссариаты Түркістан Республикасының ірі қалаларында қысқа мерзімді
курстарды ашу арқылы осы мәселені шешуді ұйғарды.Түркістанның көрнекті
мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов қысқа мерзімді курстарын құру идеялардың
авторы болды.Т.Рысқұловтың ұсынысы бойынша қазақ Педагогикалық курстарын
ашуға көмектесуге халыққа білім берудің тәжірбиелі өкілі Н.Төреқұлов
шақырылды .Н.Төреқұловтың қатысуымен 1919 жылдың қыркүйегінен 1919 жылдың
мамырына дейін оқыған оқушылардың шығындарының құжаты дайындалды(9 адам)
.Тоғыз айлық оқуға шығын 59774 сомды құрады.
Алғашқы Қазақ педагогикалық курстары 1918 жылдың қыркүйегінде
ашылды.Оларды ұйымдастыру туралы шешім Түркістан Республикасының Халық
ағарту комитетінің 1918 жылғы 12 қарашадағы коллегиясының шешімімен
ашылды.Бұл жиналыста Ташкентте қазақ педагогикалық курстарын ұйымдастыру
туралы айтылды:
а)20 қарашада Өлкелік қазақ педагогикалық курстарын ашу ;
г)Коллегия мүшелері Насыр Қожаевпен Садық Абдусаттаровқа курстарды бақылау
міндеті жүктелді.
е)Оқушылардың практикасын қазақ училищелерінде өтуін ұйымдастыру және 60-
тан кем емес адамды оқуға қабылдау.
1918 жылдың 20 – қарашасында орыс педагогикалық училишесінде 6-айлық
курстар ашылды.Жеке бөлімді құраған курста 30 адам оқыды. Қазақ курстарында
оқытушылыққа Перовск қаласынан Қ.Қожықов, Хиуадан А.Байсейитов, Шымкенттен
С.Айзунов т.б шақырылды.
Нақты ұйымдастырушылық педагогикалық жұмысты жүргізу мақсатымен
1918 жылы 2 желтоқсанда арнайы(Педагогикалық Коллегия) ашылды. Оның
төрағалығына және уақытша менгерушілік қызметіне Иса Тоқтыбаев, мүшелері
Х.Болғанбаев,С.Хожанов, Қ.Қожықов, Ф.Құлқасов, Е.Табынбаев енді.
1919 жылдың мамырында өлкелік Қазақ педагогикалық курстарын 145
адам аяқтады, олар қазақ мектептерінде мұғалімдік қызметін өтеу туралы
құжатқа қол қойды. Осы алғашқы мұғалімдер арасында қазақ жастарының алғашқы
көсемі Ғ.Мұратбаевта болды. Ол Қазалы қаласына мұғалім болып жіберілді.
Өлкелік қазақ педагогикалық курстары Түркістан өлкесінің оңтүстік
уездерінің өкілдерімен ғана емес, оңтүстік-шығыс,батыс, солтүстік-батыс
уездерденде құралды. Курстарды аяқтаған соң олар уездеріне қайтып
мұғалімдік қызмет атқаруға тиіс болды.
Қиын экономикалық және әскери жағдайға қарамастн Түркістан
Республикасының Халық ағарту комиссариаты қазақ педагогикалық курстарына
барынша материалдық көмек көрсетті.
Осы курстардың соңғы түлектері 1919 жылдың мамырында аяқтап шықты.
Өлкелік курстардың педагогикалық кеңесінің шешімімен курсты бітірушілерге
мұғалім дәрежесі берілді.
Осы шешіммен бастауыш қазақ мектебінің жетекші мұғалім дәрежесін мына
адамдар алды: Бердібек Байтұрсынов,Сұлтанбек Садықов, Мәнсүр Қосқожаев,
Айтмұханбет Белгібаев, Алижан Бұхарбаев, Байтам Ісмаилов, Шадманбек
Пулатбеков, Ошақбай Ердіуалиев, Жорабек Шаршаров, Иса Ахметов, Жүнісбек
Қойбеков, Жүсіп Досов, Әбіл Жұмағұлов, Серғали Жанғалиев, Ғани Мұратбаев,
Жабарқұл Сейітжапбаров, Нұғман Сәрсенбаев, Райымбек Атажанов, Табын
Есенбеков, Шолпанқұл Бақтаев, Оба Тоқышев, Сағадүлла Қалмұратов, Дүйсен
Тәуірбаев, Ғани Қаюпов, Әзім Тәжібеков, Рахмет Айтмұхамедов , Оразалы
Бұртаев.
1919 жылдың 30-шы мамырында өлкелік педагогикалық курстарының
педколлегиясының мүшелерінің жиналысы болып өтті. Осы уақытқа қарай
курстарды қайта құру туралы бұйрықтың келуіне байланысты қызу пікірталас
болып өтті.Қызу пікірталастан соң мынандай шешім қабылданды Курстарды
жоймау,өлкелік курстарда оқуды жалғастырып 1-ші маусымнан бастап жаңа
тыңдаушыларды жинауды бастау.
Осы күн -1919 жылдың бірінші маусымы қазақ педагогикалық институтын
құру жолындағы маңызды кезең болды. Осы күні орыс педагогикалық
училищесіндегі Қазақ педагогикалық бөлімі қазақ педагогикалық кадрларын
дайындау үшін Түркістан Республикасы үкіметінің шешімімен педагогикалық
училище дербес түрде қайта құрылды.
Педагогикалық училищеде қосымша 1 жылдық Өлкелік Педагогикалық дайындық
курстары ашылды. Училищенің директорлығына И. Тоқтыбаев тағайындалды.
Бірнеше айдан соң халық ағарту комитетінің коллегиясының бұйрығымен 1919
жылдың 11 қарашасында ол комиссариаттың инструкторлық функциясын атқаратын
болды. Осылай И. Тоқтыбаев қазақ өлкесінің халқының арасында ағарту
жұмыстарын жүтгізу мәселерімен де айналыса бастады.
Училищенің педагогикалық құрамына мына оқытушылар енді:Ибадулла
Құлжанов (география), Шамғали Сарбаев (ана тілі), Азиз Байсеитов
(математика), Мәлік Оңғабаев (орыс тілі), Дінмұхамед Әділов (мәдениет
тарихы), Есімхан Иманов(тәрбиеші), Абдірахман Мұңайтпасов (тәрбиеші), Анель
Асфандияров (тәрбиеші), Ғани Мұратбаев (математика), Сұлтанбек Бұтарбеков
(тәрбиеші), Сұлтанбек Қожанов (арифметика), Қоңырқұлжа Қожықов (тарих және
география),Халел Досмұхамедов (дәрігер),Б.Омаров(математика),Фран ц
Лахут(музыка) және тағы басқа.
Педучилище 1,5 жылдай жұмыс істеді.Осы қысқа уақыт ішінде төменгі
және орта буын мұғалімдерін дайындау бойынша үлкен жұмыс
жүргізді.Педучилищеде оқытудың түрлі деңгейлі жүйелі,нәтижелі жұмысын
жүргізді,оған 6-ты айлық дайындық курстары ,біліктілікті жоғарлататын 3-
айлық курстар , мектеп мұғалімдерін дайындайтын станционарлық жүйе жұмысын
жүргізді.
1920 жылдың жазында 59 адамға мұғалімдік куәлігі берілді.Олардың
арасында С.Ибрагимов, Х.Есқараев, Ш.Беркімбаев,
П.Зембаев тағы басқа .Сырдария ауданының Ташкент және Әулие-Ата уездеріне
жұмысқа жіберілді.
Қайта құрылу кезінде училищеде 200-ден астам оқушы болды.Оның
педагогикалық ұжымының шығармашылық жоспарлары көп болатын.Мысалы:Халел
Досмұхамедовтың ұсынысы бойынша ауруханалық курстар ашу ұйғарылды. Бірақ
училищенің қазақ мектептеріне маман дайындау бойынша мүмкіндіктері шектеулі
болды. Дегенменде училищенің қазақ мектептеріне маман дайындаудағы рөлін
жоққа шығаруға болмайды.
Кеңес өкіметінің енді орнап , азамат соғысының қиын жылдарында осы училище
тек қана мұғалімдерді ғана емес қазақ зиялыларын да дайындады десек болады.

Түркістан Республикасының ұлттық мектептеріне педагогикалық білім
берудің базалық негіздері 1920-шы жылдың басында қалыптаса бастады .
Бұлардың ең алғашқылардың бірі қазақ педагогикалық училищесінің негізінде
құрылған Қазақ Халық ағарту институты болды.
Қазан төңкерісінен кейін орныққан Кеңес өкіметінің сауатсыздықты
жою ісі тек империяның европалық бөлігінде ғана емес, барлық бөлігінде
жүргенін Түркістан АКСР-да халыққа жалпылама білім беруді қалыптастыру мен
дамыту барысында жүргізілген біршама оңды жұмыстардан көруге болады.
Мәселен, республика территориясында 1915 жылы 54775 адам білім алған
әлеуеметтік-тәрбие ордалары болатын болса, ол 1920 жылы білім алушылардың
саны 165122-ге жетті.7.33 Білім алушылар қатарында жергілікті тұрғын
халықтардың да үлесі өсті.
Халық ағарту комиссариатының шешімімен Түркістан республикасында
кәсіптік білім беру жүйесі іске асырыла бастады. Бірінші кезекте, Халық
ағарту комиссариаты кәсіптік педагогикалық білім беруге көп көңіл бөлді.
Оның себебі халық арасында сауатсыздықты жоюда мұғалім мамандардың
жеткіліксіздігінен еді.
Қазан төңкерісіне дейін Түркістан өлкесінде кәсіптік-педагогикалық
білім беру тек Ташкент және Верный қалаларындағы мұғалімдер семинариясында
ғана жүргізілді. Төңкерістен кейін мұғалімдік мамандар даярлау тек еңбек
мектебі мен жаңадан ашылған мүғалімдер даярлайтын курстар жетегінде
болғандықтан Халық ағарту комиссариаты мен Түркістан кәсіптік білім беру
комитетінің бірінші маңызды шешімдері жаңа мектеп құрылысы мен
педагогикалық оқу орындарын ашу болды.7.76.
1918 жылы 19-наурызда қабылданған "Халықтық білім беру ісін
ұйымдастырудың жалпы ережесіне" сай салыну шығыны мемлекеттің қазынасынан
болғандықтан Халықтық білім беру кеңесі арқылы мектептер, жеке оқу орындары
ашылды.2.87. Мәселен республика көлемінде 1920 жылы 11 мектеп, ал 1921
жылы 4 мектеп бой көтерді.7.75.
Кәсіптік білім беру жүйесінің негізінде Түркістан республикасындағы
педагогикалық оқу орындары білім беру жүйелеріне қарай үш топтан тұрды.
Бірінші топқа, төрт жылдық курсы бар техникумдар жатты. Ол
техникумдардың басты міндеті - республика көлеміндегі әлеуметтік тәрбие
мекемелері - 1) балалар бақшасы, бірінші басқыпты мектеп, балалар үиі,
сондай-ақ кітапхана, музей, клуб т.б. үшін қызметші жұмысшыларды дайындау,
Педагогикалық оку орындарының екінші тобына бес жылдық курсы бар
педагогикалық училщелер жатты.
Ал үшінші топқа, педагогпкалық оқу орындарының жоғарғы кеңeci
саналаған Халық ағарту институттары (Инпрос) кірді. Республикадағы Халық
ағарту институттары түркі халықтарының мәдени орталықтары және жоғарғы оқу
ордасы саналды.
Халық ағарту институттарының негізгі міндеті 1) соңғы педагогикалық
білім беру және оқыту ісіне дайындау, сонымен қатар институтты бітіргендер
мектепке дейінгі, мектеп кезеңіндегі, мектептен тыс және жеке кәсіптік
техникалық қызметте жұмыс істей алатын мамандар дайындау; 2) институт
қабырғасында білім алып жатқан өз пәнін терең менгеруге, европалық оқу
орындарында оқуға жағдай жасау; 3) Түркістанда түркі мектептерін құруды
жергілікті ұлт өкілдерін түркі әдебиеті мен ғылымын, оның ерекшелігін
меңгере байыптау, қазақ әйелдері арасында білім алуды дамыту болды.2.16.
Институттар құрамына - төрт негізгі бір жылдық курстар; негізі курсқа
мамандар дайындайтын екі жылдық курстар: бірінші басқышты тәжірибелік
мектеп; балалар бақшасы және клубтар кірді.2.171.
Түркістан республикасындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің 1920 жылы 2-
қазан айындағы Ташкент қаласында Халық ағарту институттарын ашу туралы N3
бұйрығы бойынша 4 институт ашылды.2.72. Олар: республика көлеміндегі
барлық ұлт өкілдері үшін орыс тілінде сабақ жүргізілетін К.А. Тимирязев
атындағы Халық ағарту институты; тек қазақ тілінде сабақ жүргізілетін Қазақ
Халық ағарту институты; тек өзбек тілінде сабақ жүргізген Өзбек Халық
ағарту институты; татар тілінде сабақ жүргізілетін Түрік-татар Халық ағарту
институты. Сондай-ақ сол жылы Түркмен облысы, Мерв қаласында ашылған
Түркмен ерлер инпросы және Ташкент қаласында ашылған жергілікті еврей
әйелдері мен өзбек әйелдері инпросы институттар қатарын көбейтті.7.78.
1918 жылы құрылған Түркістан АКСР-ң орталығы Ташкент қаласына
Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Қ.Қожықев, Н.Төреқұлов, Е.Табынбаев, И.Тоқтыбаев
т.б. секілді қазақ зиялылары шоғырланды.
Білімді азаматтардың арасында болашақ мемлекет қайраткерлері тобы
қалыптасып, көп ұзамай тарих сахнасына шыға бастады. Олар 1918-1929 жылдары
Қазан теңкерісінен кейінгі халықтың арман еткен жер-су, азық-түлік
мәселесі, мемлекеттік құрылыс, халыққа білім беру жүйесі сияқты кезек
күттірмейтін аса маңызды мәселелерді шешуге құлшына кірісті. Әсіресе,
сауаттылық деңгейі төмен елде қоғам құрудың қиын екенін ескерген
Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожановтар Ташкентте ағарту ісіне ерекше мән
беріп Қазақ институтын ашуға атсалысты. Оның келешегі нұрлы екендігіне
кәміл сенді. Әрине, бұл институтты ашудан алдын, ең алдымен қысқа мерзімді
педагогикалық курстар училищесін ұйымдастыру қажет деп тапты.
1918 жылы 13-қыркүйекте Түркістан Халық ағарту комиссариатының
қарарымен бұрынғы әскери-гимназия ғимаратының орнына орыс педагогикалық
училищесі жанынан қазақ педагогикалық курсы ұйымдастырылды.6.6.
Алғашқы игі бастама кейіннен өз алдына отау тіккен қазақ педагогикалық
училищеге айналды. Бұл жөнінде қазақ баспасөз тарихында маңызды орын алатын
Ташкенттен шыққан “Шолпан” журналында институттың оқытушысы F.Байтасов:
"... Өзгеріс болып патша үкүметі тағынан тайғаннан кейін, оның орнына Кеңес
хүкіметі орнығып, "елдігіңді жақта, еркін жаса!" деп ерік берген соң қазақ-
қырғыз халқы қайтадан жалданып, ел болудың, мәдениеттік жолына аяқ басудың
шарасын қарастырды. Енді қазақ-қырғыз халқына тәрбиеші көсемдер, білім
нұрын шашатын оқытушылар керек болды.
Сондықтан Түркістан республикасындағы қазақ-қырғыздың көлемі санап
көрсететіндей аз ғана оқыған азаматтары бас қосты. Ташкент қаласында 1918
жылы 12-ноябрде қазақ-қырғыз оқытушыларының институтын ашты...
... Институттың құрылуына күрделі күш жұмсап, негіз салған –Қожықов,
Болғанов, Қожанов, Тоқтыбаев, Асфендияров һәм Өтегенов болды. Қазақ-қызғыз
институты алғашқы кезде институт аты аталмай төрт жылдық мұғалімдер
даярлайтын төменгі дәрежелі оқу орны ғана болып ашылды. Себебі, алғашқы
кездерде оқушылар жеткілікті болмады.8.290. Училищеде сабақ тек қазақ
тілінде жүргізілді. Халық ағарту комиссариатының қолдауымен шет жерлерде
жүрген Қазақ білімді азаматтарын шақыртып, оқушылар санын да, осы
училищенің мүмкіндігі күшейе түсті.
1920 жылдың 5-мамырынан 5-тамызына дейін үш айлық педагогикалық курсты
бітірген 58 шәкіртке оқытушылық куәлік тапсырылды. Солардың ішінде
С.Ибрагимов, Қ.Неқараев, Ш.Беркімбаев, П. Ізембаев т.б. бар.
1921 ж. 21-тамызда Қазақ Халық ағарту институтын ұйымдастыру үшін
комиссия құрылды. Оның мүшелегіне тәжірибелі педагогтар Е.Табынбаев,
Б.Есенов, Х.Досмұхамедов, Қ.Қожықов, В.Н.Көшербаевтар енді.6.9.
Арнайы құрылған комиссия оқу орталығының барлық жетістіктері мен
кемшіліктерін, қажеттіліктерін айқын көрсетіп берді.
1920 жылы 1-қазанда Қазақ педагогикалық училишесі Қазақ Халық ағарту
институты болып өзгертілді.4.4.
Жаңа институттың оқу-тәрбие процесінің құрлымы мен
сипаты,негізгі бағыттары Ташкент Педагогикалық институты туралыережеде
белгіленді.Бұл ереже бойынша:
І.Жалпы білім.
1.Ташкент Педагогикалық институты 7 жылдық 2деңгейлі қазақ мектептеріне,
педтехникумдарға,педагогтарды дайындау үшін құрылған жоғарғы Педагогикалық
оқу мекемесі.
2.Институттың ауылшаруашылық және үш арнайы бөлімі бар:а)қоғамдық
экономикалық,б)жаратылыс-географиял ық ,в)физика-математикалық.
3.Институт әлеуметтік кәсіби білім беру бағытындағы Қазақ ССР Халық ағарту
комитетінің құрамында болды.Оны өзгерту,институтты ашу немесе жабу Қазақ
Орталық атқару комитетінің рұқсат етуімен жүргізілді.
ІІ. Оқу бөлімі.
1.Институтта оқу мерзімі 4 жыл.
2.Жатахана және степендиямен қамтылған институттың толық курсын бітірген
тұлғалар Қазақ Халық ағарту комитетінің бағыты бойынша 4 жылдан кем емес
уақыт қызмет жүргізуі тиіс.
3.Институт Қазақ Халық ағарту комитеті бекіткен оқу жоспары және
бағдарламаларымен жұмыс істейді.
4.Институтта оқыту аралас тілде (қазақ және орыс) жүргізіледі,біртіндеп
толық қазақ тіліне көшуі тиіс.
5.Институттың негізгі курсына 17 жастан бастап 9 жылдық курсты және
Педтехникумда оқыған ербалалар мен қыздар қабылданды.Басқа курстарға қазақ
Пединститутының курстары бойынша қатал тексерумен қабылдау жүргізілді.
Ескерту:Қазақ балаларын оқытатын 9 жылдық мектептердің болмауынан,
институтта 7 жылдық мектептерді бітіргендерді екі жылдық курспен оқытатын
дайындық топтар ұйымдастырылды.
Студенттерге практикалық жұмыс жүргізу үшін институтта тәжірбиелі 7
жылдық мектеп ашылады.Мектеп Біртұтас Еңбек Шартын жергілікті жағдайларға
бейімдеп жұмыс жүргізеді.
ІІІ. Оқытушылар туралы.
1.Институтқа оқытушылыққа 2 жылдан педагогикалық өтемі кем емес жоғары
білімді тұлғалар алынды.
Ескерту:Қазақ Халық ағарту комитетінің арнайы ұрықсатымен кейбір
жағдайларда ғана оқытушылыққа көрсетілген педагогикалық стажымен білімі жоқ
адамдар қабылданады.
2.Институттың оқытушылары,институттың ұсынуымен, Қазақ Халық ағарту
комитетінің бекітуімен жұмысқа кіріседі.
Қазақ ағарту институтының оқу мекемесі ретіндегі дәрежесінің жалпы
концепциясы Қазақ Халық ағарту институтының Ережесіжобасында
белгіленді.Бұл жобаны қазақ зиялылары дайындады.Оның негізгі мазмұны
төмендегіше:
1.Түркістан Республикасының барлық халықтары өзіндік мәдени жолын таңдауға
құқығыбар екендігін ескеріп,ағарту комиссариаты Қазақ институтын білімнің
түрлі салалары бойынша дайындайтын мекеме ретінде ғана емес Қазақ Халқын
ағартудың мәдени орталығы ретінде қарастырды.
2.Қазақ Халық ағарту институты келесі бөлімдерден
тұрады:педагогикалық,медициналық,ау ыл шаруашылық,физика-математикалық.
Ескерту:Қазақтар арасында ғылыми-педагогикалық кадрлардың
жетіспеуінен уақытша бір ғана педагогикалық бөлім ашылады,қалғандары ана
тілде оқыта алатын ғылыми қызметкерлердің табылуына байланысты ашылуы тиіс.

3.Басқа бөлімдер ашылғанға дейін Қазақ Педагогикалық Институтының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы
Тарихи маңыздылығы
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы университеті КЕАҚ
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Сұланбек Қожановтың өмірі мен саяси қызметі
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты
Пәндер