Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Философия және ғылым методологиялық таным кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙДЫҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орындаған Дүйсенбаева. А. К.
4 курс студенті (қолы, күні)
Ғылыми жетекші
Филос. ғ. к., доцент Құрманалиева. А. Д.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы Шубаева. Ұ. К.
Оқытушы. (қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
Байтенова. Н. Ж.
(қолы, күні)
АЛМАТЫ
2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Діни жағдайды заңдық реттестірудің шетелдік тәжірибесі
1. 1. Шетелдік зайырлы мемлекеттердегі діни процестерді реттеудің заңдық негіздері.
1. 2. Шет елдік зайырлы емес мемлекеттегі діни ұйымдардың қызметін заңдық бақылау.
2. Қазақстан Республикасындағы дін мен мемлекеттің арақатынасын реттеудегі заңның рөлі.
2. 1. Қазақстан Республикасындағы діни жағдайдың заңдық бақылануы.
2. 2. Қазақстан Республикасындағы діни жағдайды заңдық жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Менің дипломымның негізгі пәні Қазақстан Конституциясының 1т 22б кепілдік берілген ар ождан бостандығы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы діни жағдайдың заңдық реттестірілуі, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңымен қадағаланады. Қазақстандағы діни жағдайды заңмен реттестіру қазіргі күннің белсенді мәселелерінің бірі деп білемін, себебі осы мәселе дәл қазіргі таңда мемлекеттің де назарында болып отыр, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевта «кереғар құбылыстардың алдын кесуге бағытталған діни заңнамаларды жетілдіру» бойынша шараларды ұсынуды талап еткені бізге бұқаралық ақпарт көздерінен мәлім. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім: тақырыпқа деген қызығушылық, тақырып бойынша жұмыс істеу және мәселелердің шешімін табуға деген құштарлық. Бірақ діни жағдай туралы ой қозғауда, бұрынғы өткен тарихымызды, кешегіміз бен бүгінгімізді қатар қозғамай тақырыпты ашу мүмкін емес. Өткен тарихқа оралар болсақ кеңестік дәуірдегі атеизмнің қазақ халқына тигізген әсері мол, алайда қағаздан өшірілгенмен санадан өшірілмейтін рухани сұраныс бүгінде өз қажеттерін талап етуде, мұндағы айтпағым егемендік алған соң да «дін мемлекеттен бөлінген» деген идеяның кері әсерлері. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 1992 ж 15 қаңтарында қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңымыздың «солқылдақ» тұстары осы күнге дейін бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенмен бүгінгі күннің талабында әлі де өзгертулерді қажет ететіндігі айқын болып отыр. Әрине, шындығына келер болсақ дін мен мемлекет бір-бірінен ешқашан оқшауланбайды, мұны біз әлемдік тәжірибелерден де байқауымызға болады. Қазіргі еліміздегі діни ахуалға келсек, қоғамда діннің рөлі артып отырғаны белгілі. Оны мына деректерден байқауымызға болады: діни бірлестіктер саны - 4001, ал тәуелсіздігіміздің алдында бұл көрсеткіш - 671 ғана болатын. Бұл тек тіркелгендері, біз мұндай көрсеткіштермен мақтана алмаймыз, себебі бұл елімізге төніп тұрған қауіп, олай дейтінім мұндай діни бірлестіктердің не мақсатпен құрылғанын, оларда не болып жатқанын, ешқандай діни басқарма, не болмаса жергілікті атқару органдары да біле бермейді. Ал, мұндай тексерістер ұйымдастыру үшін, қажетті сәйкестендірілген, екі жақтың да құқығын шектемейтін заң қажет. Ендігі мәселе осы заңды қалай және қандай тәжірибеге сүйене отырып шешуде болып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінемін. Себебі бұл тақырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігімен, Қазақстан азаматтарының сенім бостандығы құқығымен тығыз байланысты. Діни жағдай бірінші кезекте ұлттық бірлік пен ұлтаралық бірлікте де маңызы зор деп ойлаймын.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы діни жағдайды заңдық құқықтық тұрғыдан зерттеу, мәселелер шешімін табу. Міндеті тек Қазақстанда ғана емес шетелдердің тәжірибесі мен де салыстыра отырып өз теориямды ұсыну.
Қойылған міндеттерді шешу үшін қолданылған зерттеу әдіс-тәсілдер. Ой жинақтау, ғылыми бақылау, салыстыру, анализ жасау, қорытындылау.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың теориялық мазмұны тарихи зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі мемлекетіміздің болашақтағы дін мен мемлекет арақатынасын заңдық реттеуде негіз бола алады. Қалыптасып келе жатырған дінтану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамыту.
Зерттеу жұмысының нәтижесі : ұсыныстар, пікірлер.
I ТАРАУ. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ЗАҢДЫҚ РЕТТЕСТІРУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
1. 1. Шетелдік зайырлы мемлекеттердегі діни процестерді реттеудің заңдық негіздері
Алдымен “Зайырлы мемлекеттің” не екеніне анықтама беріп көрейік, егерде энциклопедиялар арқылы, яғни түсінік негізінде түсіндіретін болсақ онда діннен бөлінген мемлекет деп түсіндіруге болады, ал заң жөнінде қалайша айтпақпыз. Интернет беттерін парақтасақ, зайырлылық мәселесі, бүгінде Ресей, Украина елдерінде талқыланып, алуан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бұл жерде мысал ретінде айта кетер болсақ, зайырлы мемлекеттің атеистік классикалық түріне кеңестік мемлекетті айтуға әбден болады. Бұл мемлекет шын мәнінде дінді (шіркеуді) мемлекеттік істен мүлдем аластатты, демек өзін зайырлы деп жариялап дінді мемлекеттен алшақтатты. Бірақ тарих көрсетіп отырғандай мемлекет зайырлы болсада немесе зайырлы емес бағытта болсада дінді мемлекеттен бөліп қарау мүмкін емес.
Ең алғаш діни сенім бостандығы немесе ар бостандығы деген қайдан келді және ең алғаш қандай діндерге шектеу қойылған, не үшін деген ой бәрімізде туындайтыны анық. Егер ғалымдар мен теологтардың айтқандарына жүгінсек онда бұл адамның табиғатынан берілген құқығы оны ешкім шектеуге немесе нұсқауға құқылы емес, адамзаттың өз құқығы өзінде болуы тиіс дегенді естиміз. Қазіргі заманда бұл халықаралық пакттердің де назарында. Бірақ мұның бәрі заң шеңберімен іске асуы тиіс демек сол немесе басқа бір мемлекеттің негізгі заңының талаптарын орындай отырып заңмен көрсетілген шеңбердегі еркіндікте болу. Бұл әр мемлекетте, әр заманда түрленіп жетілдіріліп, заман талаптарына сай өзгертіліп немесе толықтырылып отырды.
Алғаш «діни сенім бостандығы» түсінігі «ар бостандығы» түсінігінің дамуы нәтижесінде батыс елдерінде тек XVII-XVIII ғасырда пайда болған, бұл азаматтарға ережеге сай кез келген дінді ұстануға құқық берді, бірақ бұл демократиялы түрде емес сол замандағы бостандық түсінінгіне сай рұқсат етілген біздің бірінші сұрағымыздың жауабы да осы демек бұл еркіндік белгілі бір шектеулерді қою арқылы берілетін еркіндік.
Я. Ф. Трофимовтің айтуынша пұтқа табынушы мемлекеттерде діни сенім бостандығы мәселесі болмаған, онда тек шектеулі сенім шыдамдылығы болған, бұл дегеніміз түрлі құдайлар мен оларға табынудың түрлі формалары бар екенін мойындау. Бұл тек мына жағдайда ғана, ол оның сол немесе басқа жерде туылуына немесе тұруына, сол немесе басқа әлеуметте болуына байланысты болды, сол немесе басқа құдайға табыну, сол немесе басқа діни культтің ережелерін сақтау адамның еркін таңдауы болмады. Адам тек белгілі бір әлеуметтің қолдауымен ғана өмір сүрді, ол әлеуметтен қуылу өлім мен тең болған, сондықтан ол сол әлеуметтің барлық салт дәстүрлерін сақтаға мәжбүрлі болған. [1] ., 13 - 20 б.
Сонымен қатар ежелгі гректік б. э. д 399 ж Сократтың өлім жазасының себебі дерек көздеріне сенер болсақ «мемлекеттің дінін мойындамай, басқа жаңа құдайды насихаттауында» деп жазған Ксенофант Афинский. Бұл діни төзімділік жеке тұлғаға емес тек әлеуметке ғана көрсетілгенін байқаймыз.
Діни төзімділік мәселесі алғашқы монотеистік дін мен қатар пайда болды. Себебі иудаизм дінінің Заңына байланысты Иегова құдайынан басқа құдайға табынуға еврей халқына толық тиым салынған. Бірақ діни төзімділіктің шиеленісуі христиандықтың пайда болуымен өткірлене түсті. Бұл да монотеистік дін және император культін қабылдаудан бас тартқан, және біріншіден қарағанда бұл басқа да Рим халықтары мен барлық әлеуметтік топтарда тарай бастады. Осыған байланысты христиандар көптеген қудалауға ұшыраған ол бізге тарихтан белгілі, мысалы б. э. д. үшінші ғасырдың ортасында римдік император Децийдің жарлығында «империяның барлық тұрғындарынан, азаматтардың император билігіне адалдығын дәлелдейтін, құдайларға құрбандық талап етті, ол діни саяси дәстүр болды . . . бас тартқан христиандар күдікті ретінде қуғынға ұшырады». [2] ., 76 б. Тек 313 ж, император Константин Миландық жарлық деп аталатын жарлығында діни сенім еркіндігі жарияланды.
Діни сенім еркіндігі принципнің іске аса бастауы исламның пайда болуымен байланысты. VII ғ басында Құранда дінді таңдау бостандығы бекітілген : «Құран 18:29». Құран дінде күштеуді қолдамайды: «Дінде зорлық жоқ» (Құран 2:257) . «Ислам діни танымның бостандығын мойындап қана қойған жоқ, сонымен қатар бұл бостандыққа кез - келген қол сұғудан сақтайтын арнайы заңдарды да бекітті . . . » деп тұжырымдайды доктор Хуссейн Хамид Хасан. Бірақ бұл бостандық кез - келген тұлғаның еркіндігі болмады, бұл тек ислам мемлекеттерінде тұратын этностарға және иудаизм мен христиан дінін ұстанушыларға қатысты болды. Бұл мұсылмандарға қатысты болмады, себебі мұсылмандарға өз сенімін өзгертуге, басқа дінді қабылдауға тиым салынғанын біз жақсы білеміз. Сонымен қатар ислам атеистік көзқарасты таңдау еркіндігін мойындамайды. Бұл мұсылмандық әлемде ислам мемлекеттік идеология (көптеген елдерде қазір де солай) болып табылғаннан. Ал мемлекеттік идеологияға қарсы шығу әрқашан мемлекетке қарсы шығу мен тең және оның салдары да жоқ емес.
«Ар бостандығы» түсінігі алғаш Батыс Еуропа мен Америка заңгерлері мен философтарының жұмысында XVIII ғ «діни еркіндік» «діни сенім бостандығы» әр адамның дінді таңдау құқығы және Құдай алдындағы ар бостандығы ретінде қолданысқа енген. Демек бұл Милландық жарлықтан 14 ғасыр кейін, ал исламнан 11 ғасыр кейін болған.
Батыс Европа мен Америкада буржуазияны басып алу барысында саяси билікте адамдардың табиғи құқығы мен ар бостандығы заңдық дәрежеге ие болады, және азаматтардың конституациондық құқығы болып табылды. Мысалы: Франция Конституциясы 1973 жылы жарияланды. Онда өз ойлары мен діни ғұрыптарды заңмен белгіленген аяда ұстануға бостандық берілген. Ал, АҚШ Конституциясында (1971 жылы қабылданған) «Конгрес дінді ұстануға немесе тиым салуға қатысты бірде бір заң шығармауы тиіс . . . » деп көрсетілген осы конституцияда. [3] ., 64 б.
Сондай ақ АҚШ та да Франциядада ар бостандығы мемлекеттің шіркеуден бөлінуіне негізделген.
Бұл жерде айта кететін тағы бір мәселе біз мемлекеттен шіркеу немесе мешіттің бөлінуін айтқанымызда оның әлеуметтік институт, діни ұйым деген мағынасында қолданамыз. Бірақ сонымен қатар мұсылмандардың бір мистикалық бірігуін мемлекетте немесе әлемде «мешіт» деп емес «үммет» деп атайды. әлемнің көптеген мемлекеттерінің конституциясы үшін қандай да бір дін мемлекеттік болып мойындалса да, діни сенім бостандығын жариялау тән. Мысалы, 1956 ж 2 наурыздағы Исламдық Республика Пәкістанның Конституциясында: «Шапағатты және мейірімді Құдайдың атымен бастаймын.
Бүкіл әлемнің жоғарғы билігі құдіретті бір Аллаһқа ғана тән болғандықтан және оның алдын - ала жазылғанының аясында іске асуы тиіс билік, Пәкістан халқы, оған қасиетті аманат қазынасы болып табылады . . . »
Христиандық мемлекеттерде бұл мәселе осыған ұқсас шешіледі. Грецияның 1975 ж Крнституциясының 1т. 3б. «Грецияда Үстемдік ететін дін шығыс православтық Христос шіркеуі болып табылады» делінген. [4] ., 64 б.
Шетелдік зайырлы мемлекеттер тәжірибесі туралы айтқанда мен алдымен посткеңестік мемлекеттерден бастағанды жөн көрдім, себебі мұндағы жағдай Қазақстан Республикасындағы жағдаймен ұқсас жақтары көп, бұл мемлекеттердің барлығы дерлік атеизмді бастан кешірген, көпұлтты, көп дінді, Конституцияларында дін мемлекеттен бөлінген делінген.
Дін және діни бірлестіктер туралы конституционалдық проблемаларға келетін болсақ онда көптеген қайшылықтарды кездестіруге болады. Мысалыға төмендегі мәліметтер, бұрынғы кеңестік республикалардың бәрінің конституциясында дінге қатысты заңдар бар екенін біз білеміз. Ал қарама-қайшылықтар кездесуінің себебі Г. Лупаревтің ойына сүүйенетін болсақ мынада: «оларды біртұтас алғанда посткеңестік суверенді мемлекеттердің дін және діни бірлестіктер туралы заңнамалардың теория-әдіснамалық базасын және ережелер негізін құрайды. Сондықтан конституциялық жекелеген ережелері мен формаларының кемелденбегендігі басқа актілердің қарама-қайшылықтары мен әлсіздігін ғана емес, соңғыларының қайта құрылуына да көптеген қиындықтар тигізеді» -дейді.
КСРО территориясындағы мемлекеттердің мемлекеттік дінге қатысты саясаты туралы айтқанда кез-келген дерек көзінен біз бұл уақыттың өте қиын жағдайда болғанын көреміз, ал тәуелсіздік алғаннан кейін қажетті болған дін саясаты туралы заңдар жылдам және хаостық ізденісті талап етті. Қажетті нормативтік актілер, ол кезде асығыс қабылданды, ол қажетті теориялық негізделмеді және конституциялық ережелермен жүйелік байланысы қарастырылмады. Міне осы жерден келіп қазіргі ар (діни сенім) бостандығы туралы заңның жүзеге асу процесінде қиындықтар туып отыр, нәтижесінде мемлекеттік органдар жағынан да, діни бірлестіктер тарапынан да заңға өзгерістер енгізу туралы талаптар қойылуда. Және де жоғарыда айтқанымыздай бұл көріністер посткеңестік мемлекеттердің барлығында дерлік қайталанды. Сонымен қатар, дін және діни бірлестіктер туралы заңды реформалауды өте сақтықпен, бұрынғы қателіктерді қайталамауға тырыса отырып жүргізген жөн.
Ең біріншіден, конституциялық ережелерге терең сараптама жүргізу керек, дін мен қатынастарын сонымен қатар басқа нормативтік актілерге, халқаралық стандарттар мен мемлекет идеяларына сай болуын, фундаменттік қызмет көрсету қабілетін анализдеу қажет. Зайырлы сипаттағы мемлекеттердің негізгі заңдармен декларациялауы, діни блоктағы Конституциялық ережелер арасында негізгі орынды алады, Әзербайжан (6 бап. ), Қазақстан (1 бап. ), Қырғызстан (1 бап. ), Ресей Федерациясы (14 бап. ), Тәжікстан (1 бап. ), Түркменстан (1 бап. ) . Қалған бұрынғы кеңес мемлекеттерінің конституциясында өз мемлекеттерінің зайырлылығы туралы көрсетілмегенмен, оларды да зайырлы мемлекеттер қатарына жатқызуға болады. Себебі бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ешқайсысында да мемлекеттік дін ресми түрде бекітілмеген. [5] ., 122-136 б.
Конституциямен тіркелген мемлекеттік зайырлылықтың өзі нақты құқықтық ережелерді жасай алмайды. Ол посткеңестік мемлекеттердің белгілі сатыда дамуын ұстап тұратын, олардың дінге байланысты саясаттарының қалыптасуына жағдай туғызатын, маңызды аксиологиялық, теориялық және әдіснамалық дәреже болып табылады. Демек, зайырлы мемлекеттің мәні мен принциптері туралы негізделген таза ғылыми болжамдар, дін және діни бірлестіктер туралы концепциялар мен заңнамалар идеологиясын анықтауы қажет. Олар барлық конституциялық ережелер мен оның негізінде қабылданған ағымдағы нормативтік актілерді тізбектеуге міндетті.
Барлық алғашқы кеңестік республикаларда құқықтық ғылым, өкінішке орай, әзірге отандық дәстүрмен санасатын, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастың даму перспективалары және реалдарын қарастыратын зайырлы мемлекет теориясына өте аз көңіл бөлуде. Қолда бар сирек кездесетін жұмыстар, көбіне ресейлік авторлардікі, П. Н. Дозорцев «Развитие светской государственности в России: история и современность», И. В. Понкина «Правовые основы светскости государства и образования» негізінен шетелдік тәжірибені үлгі тұту мен шектеледі. Әрине, шетелдік тәжірибе мен шетелдік теориялық көзқарастарды да пайдалану керек, бірақ сыннан өткізіп және ойланып барып пайдаланған жөн. Немқұрайлылықпен қарасақ, теориялық қателіктерді оп-оңай жіберіп алу мүмкіндігі басым.
Біздің ойымызша мемлекеттік зайырлылық туралы мемлекеттің дінге қатынасы және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы негізінде айтуға болады. Сонымен қатар мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы қоғамның саяси сферасында негізгі мағынаны білдіреді, ал дінге қатынасы - дәлдік және қосымша мәнге ие.
Мемлекеттік зайырлылықтың проблемасының екінші зерттеу аспектісі конституциялық ережелердің «діни» одағының, үш негізгі қатынасының деңгейін құрайды: «зайырлы мемлекет», «діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі» және «ар бостандығы». Дегенмен, бұрынғы кеңестік мемлекеттердің кейбірі бұл идеялы - түсіністікті үштіктің өзара байланысын бақылай алмады, бағаламады. Мысалыға: Арменияда Конституциондық деңгейде тек «ой, ар және діни сенім еркіндігі» құқығы ғана бекітілген. (Негізгі заңның 23 бабы) . Қазақстан Конституциясы мемлекеттің зайырлылығын және әркімнің ар бостандығына құқығы бар екендігін жариялайды (22 бап), бірақ діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігі туралы принципін көрсетпеген. Ал, Өзбекстан Конституциясында мемлекеттің зайырлылығын декларацияламастан, 61 бапта «діни ұйымдар және бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және заң алдында тең» делінген, ал 31 бапта ол ар бостандығын барлығына да кепілдендірген. Украина да осыған ұқсас жағдай. Литва мен Эстонияның Негізгі заңдарын да өздерінің суверенді мемлекеттерінің зайырлылық сипатын бекітпеген, әйтседе 43 баппен 40 бапқа сәйкес олар мемлекеттік діннің және мемлекеттік шіркеудің жоқ екенін көрсетті, бұл мемлекеттің діни ұйымдардан бөлек екендігі туралы логикалық және тәжірибелік приципін көрсетеді. Мұнымен қатар, Литва Конституциясының 26 бабында ой, діни сенім және ар бостандығын пысықтап регламенттеген, ал эстондық Конституцияда мұндай еркіндікті сол 40 бапта бекіткен.
Ресей Федерациясында, керісінше, мемлекеттерінің жалпы сипаттамасы арасында ажырау бар, 1993 жылғы Конституцияның 1 бабында баяндалғанмен және соңғысын зайырлы деп соның 14 бабында анықтаған. Осыдан кейін православиенің мелекеттегі ерекше үстем конфессияға айналғанына, оның саясатындағы көптеген жайсыздықтарға таңқалуға болмайды.
Біздің көзқарасымызша мемлекеттің зайырлылығымен, діни бірлестіктердің бөлінген принципі және дүниетанымдық көзқарас еркіндігі мәселесінің шешімі Тәжікстан Республикасының 1994 жылғы Конституциясында табылған. Оның 1 бабында зайырлылық жалпы сипаттама жинағының бөлінбес бөлшегі ретінде белгіленген, бұл мемлекеттің бірегей саяси-құқықтық моделін жасайды. Ал, «конституция қатарының негізі» жеке 8 бапқа енгізілген, және басқа қоғамдық бірлестіктердің дәрежесімен байланыстырылған. Сондықтан да тәжік конституциясяның көрсетілген бабында «ешбір идеология, сонымен қатар діни де, мемлекеттік болып тіркеле алмайды», сонымен қатар кез - келген діни, әлеуметтік, және ұлттық, нәсілдік, араздастықты насихаттаушы құрылымға шектеуде толық логикаға сай келеді. Дүниетанымдық көзқарастың еркіндігіне келетін болсақ, оған Конституцияның 26 бабы кепілдік береді, және де «ар бостандығы» терминін енді бұл жерде қолдануға ешқандай қажеттілік те жоқ. [6] ., 122-136 б.
Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департамент Бюросында демократия, адам құқықытары мен еңбек қатынасын бақылайтын арнайы бөлім ашқан. Бұл бөлімді елші, шет елдердегі діни сенім бостандығы құқығымен айналысатын Джон Хенфорд басқарады, оның өкілі ретінде Джаннет Мэйленд ханым сол конференцияға қатысқан. Адам құқықтары өлшемі бойынша Варшавада өткен ЕЕЖҚ конференциясында, АҚШ-тың шет елдердегі діни сенім бостандығы құқығымен айналысатын арнайы бөлімі ЕЕЖҚ(ОБСЕ) - ні діни сенім бостандығы мәселесіне көбірек назар аударуға шақырып отыр. Бұл бөлімнен Америка Құрама Штатынан арнайы келген Джаннет Майлэнд ханым өз наразылығын білдірді және төмендегеі факттерді ұсына отырып шет елдерде дін бостандығы қажетті дәрежеде емес екеніне қынжылатынын, ЕЕЖҚ мүшесі болаып табылатын әр елдерде осы ұйымның талаптарына сай заңдар жұмыс істеуі қажет екенін жеткізді. «Тіркеу туралы ешқандай талап адамдардың діни тәжірибесін іске асыруға кедергі болмауы тиіс», әйтседе тіркелу ережелері діни сенім бостандығы құқығын іске асырудың орнына бұған жиі кедергі келтіреді, деп мәлімдеді АҚШ елшілігінің қатысушысы Джаннет Мэйленд, сонымен қатар ЕЕЖҚ-ға дискриминациялы тіркеу саясатының мәселесін шешуге бағытталған шешім қабылдауды сұрайтынын айтқан. Мэйленд ханым конференцияда шет елдердегі діни сенім бостандығының тек қағаз жүзінде екенін діни бірлестіктердің тіркелу мүмкіндіктері өте аз екенін баяндаған, ЕЕЖҚ-нің алдындағы осыған қатысты міндеттерін орындай алатын бірде бір ЕЕЖҚ мүшесіндегі мемлекет, географиялық район жоқ деп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz