Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер



КІРІСПЕ

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы
1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту
Ерекшеліктері

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің даму
тенденциясы
2.2 Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық
Талдау

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Инновациялық қызметтің шетелдік тәжірибесі
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тәуелсіздк алғаннан бері еліміз бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды- шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық емес, себебі ол жоғарғы технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды шикізатты экспорттау ондаған жыл сақтала бермейді.
Экономиканы жедел жаңартудың шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш күштердің деиндустриализациясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер бойынша Қазақстан технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс нәтижелері және жалпы алғанда интеллектуалды меншік елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жатыр.Негізінен Қазақстанның егемендік алуымен байланысты отандық ғылымның миссиясы да өзгерді.
Әлемдік экономиканың түрленуі және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның қүрылымдық жағынан қайта құрылуы, отандық экономиканың ұдайы өндіріс үрдісін қайта құру мен оның бәсеке қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші- жоғарғы технология- лармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрініс табады, яғни технология ғылыми-техникалық прогресстің қозғаушы күші болып саналады.
1.Е.З.Сулейменов,Н.В.Васильева «Инновационная деятельность в РК»:аналитический обзор.- НЦ НТИ РК-Алматы 2006, С 7-53.
2.Закон РК от 09.07.2001 №225-2 «О науке»// «Казахстанская правда от 19.07.2001г.
3.Үкімет бюллетені №3(Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы),Астана 2003.
4.Закон РК от 23 марта 2006 года №135 «о государственной поддержке инновационной деятельности»//»Казахстанская правда» от 30.03.2006г.№71-72.
5.Б.А.Алдашов, Е.В.Ткач «Инновационная инфраструктура: понятие,основные элементы и направления развития»//НПЖ «Транзитная экономика» №2-2007,С110-114.
6.Қазыбаев А.К. Формирование стратегии инновационного менеджмента в малом предпринимательстве: автореферат дис... к.э.н.,Астана 2006,С 16-17.
7. 2005 жылғы 25 сәуірдегі ҚР Үкіметінің №387 « ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламасы»
8. Исабеков Б.Н. «Индустриялық-инновациялық қызмет негізенде кәсіпкерлікті құру мен дамытудың проблемалары:э.ғ.к. дис... авторефераты, Алматы, 2006.
9. Қазақстанның қысқаша жылнамалығы- 2006.
10.Т.И.Исахметов «Инновационная деятельность в Ресрублике Казахстан:состояние и перспективы»//ҚазҰУ хабаршысы-Экономика сериясы.№1(53).2006.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1.Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістердің қалыптасуы мен
дамуының теориялық негіздері
1.1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы
1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту
Ерекшеліктері

2.Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық талдау

2.1 Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің даму
тенденциясы
2.2 Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық
Талдау

3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін
арттыру жолдары
3.1 Инновациялық қызметтің шетелдік тәжірибесі
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәуелсіздк алғаннан бері еліміз бірқатар әлеуметтік-экономикалық
табыстарға қол жеткізді. Минералды- шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық
экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық
өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі
өсім сапасы қанағаттандырарлық емес, себебі ол жоғарғы технологиялар
есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды шикізатты экспорттау ондаған жыл
сақтала бермейді.
Экономиканы жедел жаңартудың шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш
күштердің деиндустриализациясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы
экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардағы
көрсеткіштер бойынша Қазақстан технологиялық артта қалушылығын байқатуда,
стратегиялық маңызы бар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыс нәтижелері және жалпы алғанда интеллектуалды меншік елдің ұлттық
байлығы ретінде тиімді қолданылмай жатыр.Негізінен Қазақстанның егемендік
алуымен байланысты отандық ғылымның миссиясы да өзгерді.
Әлемдік экономиканың түрленуі және қазақстандық экономиканың ашық
жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен
капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда.
Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің
тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның қүрылымдық жағынан қайта құрылуы,
отандық экономиканың ұдайы өндіріс үрдісін қайта құру мен оның бәсеке
қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық
даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық
индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі
технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік
экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің
негізгі қозғаушы күші- жоғарғы технология- лармен қаншалықты қамтамасыз
етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан
бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар
қолданылады және сол арқылы көрініс табады, яғни технология ғылыми-
техникалық прогресстің қозғаушы күші болып саналады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-
техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы
жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық
ұйымдары ерекше рөл атқарады. Қазақстан табиғи ресурстарды ғана пайдалана
отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да
пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілк
бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл)
жүзеге асуын талап етеді.Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан
өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің елімізде орнын белгілейді,
сондықтан инновациялық қызмет өмір сүрудің және дамудың маңызды
факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт-
инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономиканың
құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып
табылады. Осы аталғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін
көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – инновацияның және еліміздегі инновациялық
үрдістердің қалыптасуы мен дамуын теориялық, тәжірибелік және аналитикалық
тұрғыда талдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелері негізінде нақты ғылыми
негізделген ұсыныстар жасау.
Анықталған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
- Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің теориялық
негіздерін анықтау;
- иновацияның мәнін,түрлерін, инфрақұрылымын айқындап, оларға
түсініктіме беру;
- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістердің даму
тенденциясына баға беру,
- Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін талдау;
- инновациялық қызметтің шетелдік озық тәжіребелерін қарастыру;
- Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдарын ұсыну.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері Қазақстан Республикасы
заңнамалық актілері, Президентінің жарғылары, Республиканың статистика
жөніндегі Агенттігінің жинақтары, отандық зерттеушілердің ғылыми
еңбектеріндегі материалдар негізінде қалыптасқан.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3-бөлімнен қорытындыдан,пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде Қазақстандағы инновациялық үрдістерді зерттеу өзетілігі,
курстық жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрылымы, теориялық-әдістемелік
негіздері қамтылған.
Бірінші бөлім инновацияға, оның түрлеріне, инфрақұрылымына,
Қазақстандағы инновацияның даму ерекшеліктеріне түсініктеме береді.
Екінші бөлімде жалпы Қазақстандағы және отандық кәсіпорындардың
инновациялық қызметтеріне статистикалық көрсеткіштер негізінде талдау
жасалынған.
Үшінші бөлімде шетелдегі инновацияның даму үрдістерін талдау негізінде
Қазақстандағы инновациялық үрдістерді дамыту жолдары ұсынылған.
Қорытындыда инновациялырды дамыту маңыздылығы,жалпы курстық жұмысқа
қорытынды жасалынған.Курстық жұмыс екі кестеден және алты суреттен
тұрады.

1.Қазақстан Республикасындағы инновациялық Үрдістердің қалыптасуы мен
дамуының теориялық негіздері
1.1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы

Инновация ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-жылдарында
И. Шумпетер енгізді.Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде инновацияға әртүрлі
анықтамалар берілген:
-инновация дегеніміз- жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет
түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
-инновация- практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық процесс;
-инновация-әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл.
Жалпы алғанда инновация дегеніміз- әкелетін ғылыми-техникалық,
ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.
Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер,
Н.Г.Менкью,Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев және т.б. өндірістік сферадағы
кәсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың
қазіргі заманғы теориясын дамытты .
Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық
сипатта жазылған немесе мәселенің жеке тұстарын ғана шешуге
арналған.Қазіргі уақытта инновациялық өнім ді тиімді жасап, ұтымды
пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді
жеткілікті емес. Ал, бұл өзіне тән арнайы мамандырылған қызмет
субъектілері,инфрақұрылым институтттары,өзіндік нарықтық қатынастары бар
елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.Индустриалды-
инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бәсеке
қабілеттілігін арттырудың пәрменді тәсіліне айналуы инновация сферасындағы
меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік
реттеуде жетілдіру мәселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.Қазақстан
Республикасының индустриалды-инновациялық потенциалының орнын
,рөлін,қызметін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің
сан қырлы мәселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды,
сондай-ақ дәстүрлі салалық талдауды жалпыұлттық және аймақтық тұрғыдан
толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мәселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны
қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар.Алайда шетелдік тәжірибені
қазақстандық болмысқа дәлме-дәл тікелей көшіру мүмкін емес және ол шет
елдегідей тез және оң нәтиже бере алмайды.Осы мақсатта экономикалық
құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің
қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кәсіпкерліктің
айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажет.
Экономикалық әдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен
технологиялық және технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл
бөлінеді. Әлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен әдістерінде болатын
өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз.Ал
технологиялық инновация- жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық
процестерді әзірлеу мен енгізу болып табылады. Инновацияны жаңалықтардан
айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем әртүрлі ұғым. Жаңалық- бұл тек
идея немесе жаңа технологиялық процесс пен жаңа өнімнің жобасы.Алайда ол
нарыққа жетпегенше инновация болмайды.Нарықтық экономиакда ғылыми
зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға немесе процеске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше технологиялық инновациялар өнімдік және
процестік инновацияларға айналуы мүмкін.Өнімдік инновация дегеніміз-жаңа
материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу
немесе технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді
әзірлеу және енгізу болып табылады.Ал процестік инновацияға технологиялық
жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір
жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай
инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың
жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ
зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе
кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ
кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге
келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе
жеткізуге арналуы мүмкін.Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай
өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т.б.) эстетикалық
өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы
немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер
етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған
енетін материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету
сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кәсіпорын ішіндегі
инновация деп бөлінеді.
Салаарлық ішіндегі инновация- екі немесе одан да көп сала арасындағы
байланыстың нәтижесінен пайда болған инновация.
Салаішілік инновация- белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық.
Кәсіпорын ішіндегі инновация- кәсіпорын ішіндегі инновациялық
жаңалық, яғни кәсіпорын жұмысының сапасына тиімді әсер ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:
1) Базистік инновациялар.Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын
болмаған жаңа тауарлар, қызметтер,машиналар, технологиялар келеді.Олар
күрделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді және аса ірі сомадағы капитал
салымдарын қажет етеді.
2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен
қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге
бағытталған.

3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар әлемдік тәжірибеден өткен
және екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен
қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4) Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе
ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [6].
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бәсекелестік болып
табылады.Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дәрежеде
технологялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Ол мына бұйымдарды қамтиды:
1)жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;
2) жетілдірілген бұйымдар;
3)жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған
бұйымдар- өзге де инновациялық өнімдер [1].
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің өмірге келу процесін 7
элементке жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін
арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын
төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тәсілдерді
қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновациялық өнім
ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі
туындайды.
Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық
инкубаторлар және инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді және өндірісті территориялық
жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде
кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың және
жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді.Жақсы
жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған және білікті
кадрлар жоғары дәрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми,
конструкторлық және өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор- ғылыми ұйымдардың, инновациялық
кәсіпорындардың, жоғары оқу орындары және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
әлеуетін бір ортағабіріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық-конструкторлық- технологиялық жаңалықтарды
жетілдіру мен өндірістерді дайындауға , бәсекеге қабілетті ғылымды
қажетсінетін өнімдерді және жоғары технологияларды әзірлеу кезінде
инновациялық кәсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға және бұл
құрылымдардың ғылыми- техникалық әзірленімдерді және маркетингті,
жарнамалық және көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты және
интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті және шетелдік
нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған
инфрақұрылымдар[5] .
Сонымен инновация – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды
өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық,
консалтингтік, әлеуметтік және басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің
нәтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық және ұйымдық жаңалықтарды
құрастыру мен тәжірибелік меңгеру сферасы.
Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды.Инновациялық жүйе әр
алуан қатынастардың- фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық
және аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі.
Осы орайда зерттеудің негізін қалаушы ретінде өткен ғасырдың 80-ші
жылдарының соңында жаңа заманға сай білімдерді жасауға, сақтауға, таратуға,
оларды халық тұтынатын жаңа технологияларға, өнімдерге, қызметтерге
түрлендіруге қатысушы экономикалық субъектілер мен қоғамдық ұйымдардың
күрделі жүйесі ретінде инновациялық жүйе ұғымын енгізуші ретінде
К.Фридманды айтуға болады.Лундвал мен Нельсонның классикалық анықтамаларына
сәйкес инновациялар дегеніміз- бір-бірімен көптеген күрделі байланыстар
арқылы біріккен жүйе болып табылады.
Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен
институционалдық формаларды әзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау
Қазақстанның әлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру
мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Алайда ҚР-ның Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жырдарға арналған стратегиясында [3]
қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым субъектілері қажетті деңгейде
жұмыстарын атқармайтыны және Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) қатысушылары
үшін керекті қызметті көрсетпейтініне баса назар аударылып отыр.
Бұл жерде ең негізгі кемшілік- инновациялық инфрақұрылымда
жүйеліліктің және негізгі элементтерінің құрылымдығының болмауы. Отандық
ғылымда инновациялық инфрақұрылымның экономиканың дамуына әсер ету
деңгейін зерттеу жөніндегі материалдар тапшы.Негізінен көптеген
зерттеушілер келесі жағдайларды тісіндіре алмайды: ҰИЖ-нің құрылуына және
тұрақтануына қандай факторлар жағымды әсер етеді,ал қандайлары жағымсыз
әсер етеді.ҚР-ның 2006 жылдың 23 наурызындағы
№135-ІІІ-ҚР3 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заңының 15
бабына сәйкес инновациялық инфрақұрылым дегеніміз- ҚР инновациялық
қызметінің маманданған субъектілерінің өзара іс-әрекет жүйесі [4].
Инфрақұрылым ұғымын [латынның infra- асты,structura -құрылым] ғалымдар
өткен ғасырдың 40-шы жылдарында қалданыла бастады,яғни ол нарық
субъектілерінің тиімді жұмыс жасауына қолайлы орта туғызу дегенді
білдіреді.Заңда көрсетілгендей, инновациялық қызметтің мамандандырылған
субъектілері-технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк,
инновациялық қор.
Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық
кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі елімізде
технологиялық бизнес-инкубаторлар жүйесін құру болып табылады.
Технологиялық бизнес-инкубатор өз бетінше дербес бірлік ретінде, сондай-ақ
технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істей алады.Яғни технологиялық бизнес-
инкубатор дегеніміз- инновацияларды құру, қорғау құжаттарын алуға
өтініштерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындауүшін жеке және заңды
тұлғаларға ұйымдық-құқықтық ақпараттың және өзге де қызметтерді ұсынуды
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инновациялық қор – инновациялық жобалар мен инфрақұрылымдарды және
инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық
қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Сонымен қатар ҚР-ның 09.07.2001 №225-2 Ғылым туралы Заңының 1
бабында[2] инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама
берілген:
Технопарк дегеніміз- негізгі қызметі инновациялық жобаларды іске асыру үшін
қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық
–техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.Технопарктер әлемдік
тәжірибеге сәйкес 3 түрге бөлінеді: 1) американдық; 2) жапондық ; 3)
аралас.
Технополис бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін
технопарктер, инкубаторлар және құрылымдар кешені.Яғни, басқаша айтқанда,
технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған және сол аймақтың
өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми
өндірістік кешенді білдіреді.
ҚР-ның Индустриялық-инновациялық стратегиясында мамандандырылған
субъектілердің өзгеше тізімі берілген:
- ұлттық технологиялық парктер;
- аймақтық технологиялық парктер;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
-ғылыми қалашықтар.
Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады( 1-сурет).Олардың ең
маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып тыбылыды.Өз алдына қаржы инфрақұрылымы
келесі элементтерден тұрады:
-мемлекеттік даму институттары;
-венчурлық қорлар;
-кәсіпорындар;
-жеке кәсіпкерлер;
-екінші деңгейдегі банктер.

Сурет 1- Инновациялық инфрақұрылым элементтері[5]

Инновациялық инфрақұрылымның құрылымы келесідей:
- инновациялық дамудың мемлекеттік институттары;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
- ғылыми қалашықтар;
- инновациялық-технологиялық қалашықтар;
- технологиялар трансферті орталығы (жоғарғы оқу орындары, салалық
ғылыми-зерттеу институттары,оқу орталықтары,мамандандырылған
консалтингтік кәсіпорындар);
- инновациялық кәсіпорындар;
- инновациялық қызметпен айналысаиын жеке кәсіпкерлер;
- венчурлық қорлар;
- инновациялық жобаларды қаржыландыратын банктер;
- ақпараттық инфрақұрылым;
- мамандандырылған көрмелер.
Технологиялар трансферті орталығының негізгі міндеті -ғылыми-
техникалық нәтиижелерді тездету, шағын инновациялық кәсіпорындарды
құруға көмектесу.
Технологиялар трансферті орталығына Республикадағы Қазына
тұрақты даму қоры негізінде құрылған Инжиниринг және технологиялар
трансферті акционерлік қоғамының қызметі мысал бола алады. Оның мақсаты-
ҚР-дағы инновациялық қызмет пен белсенділікті арттыру.Ол ҚР
экономикасының 23 саласын қамтиды. Олардың ішінде:
1) Ақпараттық технологиялар(ICT);
2) Өмір туралы ғылымдардың технологиясы ( Life Sciences Technology);
3) Нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;
4) Көмірсутек саласының технологиялары;
5) Энергияның жаңартылған жолдарының технологиясы.
Сонымен инновация дегеніміз- өндірісті және қоғамды басқарудың түрлі
салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік,
экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай-ақ зияткерлік меншік
объектісі ретінде танылған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің
нәтижесі.[5]

1.2Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық
қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық жағынан көмек көрсетуде.
Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты ҚР
Үкіметі әзірлейді және жүзеге асырады. Қазақстандағы инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар:
- ұйымдастырушылық және экономикалық шарттарын құру, соның ішінде
мемлекеттік инновациялық қызметті ынталандыру;
- инновациялық дамудың негізгі басымдықтарын анықтау;
- инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
- инновацияларды құру мен енгізуде мемлекеттің қатысуы;
- сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды шығару мен өткізу;
- технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет сферасында
халықаралық қарым-қатынасты орнату.
Мемлекет қолдауымен ҚР-да ұлттық инновациялық жүйенің белсенді
құрылуы байқалып отыр. Оның құрамды элементтері: ғылыми әлеует,
инновациялық кәсіпкерлік, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым. ҚР
Үкіметінің 6 қазан 2003 жылдағы №1027 ҚР Үкіметінің 20 қаңтар 2003 жылғы
№54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысына сәйкес сауда және
индустрия Министрлігі инновациялық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік
саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленді. Мемлекеттің
инновациялық дамуын тиімді басқару үшін уәкілетті органдар, яғни
инновациялық қызметті дамыту мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын сауда
және ндустрия Министрлігі және ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті
жүзеге асыратын білім және ғылым Министрлігі бірігіп, келесі функцияларды
жүзеге асыруда:
- мемлекет экономикасының инновациялық дамуын ғылыми-техникалық жағынан
қамтамасыз ету үшін ғылымның басымды бағыттарын анықтау,ғылыми-
техникалық өнім нарығын құру, іргелі және қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды
қаржыландыратын бюджеттік бағдарламаларға бақылау орнату;
- басқару, ғылыми, инженерлік,кәсіптік дайындау мен біліктілігін
көтеретін орта және жоғары оқу орындарын қоса алғанда, инновациялық
қызмет үшін кадрларды дайындау және біліктілігін көтеру жүйесін құру;
- инновациялық өнімді өндіретін кәсіпорындар, инновациялық кәсіпорындар
мен өндірістерді құруға көмектесетін мекемелер, технологиялық парктер,
бизнес-инкубаторлар, арнайы конструкторлық -технологиялық бюролар
және тағы басқа инфрақұрылым субъектілерін тізбектеп құру;
- отандық жоғары технологиялы өнімдерді ішкі және сыртқы
- нарықтарға шығару жүйесін құру және осындай өнімдерді өндіруші
кәсіпорындар үшін жеңілдіктер мен жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар
туғызу;
- инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жасайтын әзірлеушілер мен
жаңалық ашушылардың зияткерлік және интеллектуалдық меншігін
қорғайтын заң жүйесін құру.
Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерінің инновациялық
белсенділігін арттыру үшін заңдық және нормативтік-құқықтық негізі
құрылған және жетілдіріліп келеді.
Республикамызда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске
асыру үшін даму институттары құрылды.Олар Қазына тұрақты даму қоры
құрамына кіреді.Оған Қазақстанның Даму Банкі АҚ, Қазақстанның
инвестициялық қоры АҚ, Ұлттық инновациялық қоры АҚ, Орта
кәсіпкерлікті даму қоры АҚ, Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы
АҚ, Экспортты және инвестицияларды сақтандыру жөнідегі мемлекеттік
сақтандыру ұйымы АҚ, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, ҚазИнвест,
Қазқстанның ипотекалық компаниясы, Өмірді сақтандыру жөніндегі
компания сынды даму институттары кіреді. Қазақстанның Даму Банкі АҚ-ы,
Ұллтық инновациялық қоры АҚ-ы сияқты даму институттары алғашқы
тұрақтану кезеңінен өтіп, инновациялық жобаларды кешенді қолдау тәртібіне
көшті.
2006 жылдың 1 шілдесіне Қазақстан даму Банкі АҚ-на жалпы сомасы
10756,6 млн АҚШ долларын құрайтын жобалар(324) мен экспорттық
операцияларды(87) қаржыландыруға 411 өтініш түсті. Бұл соманың 6086,6 млн
АҚШ долларын Қазақстан даму банкі қаржыландырады.Келіп түскен
өтініштердің 289-ы(72,5%-ы) қарастырылмай қалды, оның ішінде
инвестициялық жобалар-263, экспорттық операциялар-35. Қарастырмаудың
негізгі себептері- жобалардың банкпен бекітілген несиелік саясат туралы
меморандум
талаптарына сай келмеуі, қажетті қаражатпен қамтамасыз етілмеуі, қарыз
алушылардың қаржылық жағдайының төмен болуы.Жыл басынан банкпен
қарастырылған өтініштердің ішінен жалпы сомасы 1970,2 млн долларын
құрайтын 84 инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар таңдап
алынды. Банктің қатысу үлесі-807,7 млн АҚШ доллары.Нәтижесінде банкпен
қаржыландырылған жобалардың ішінен келесі объектілерде жұмыстар іске
асырыла бастады:
- Кентау қаласындағы реновация мен жүйелік аударымдарды жасайтын
өндіріс;
- Шымкент қаласындағы мақта талшықтарынан тоқыма жасау өндірісі;
- Ақтөбе қаласындағы полиэфирлік шыны талшығынан құбыр жасау зауыты;
- Астана қаласындағы пластикалық шаныдан құбыр жасау зауыты.
2006 жылдың 1 шілдесіне банктің ссудалық портфелі 389,9 млн АҚШ
долларын құрады және 2006 жылдың басынан 37,7 млн долларға ұлғайды.
Ссудалық портфель құрамында инновациялық жобаларды жүзеге асыруға
берілген несиелер көлемі(80,4%) басым келеді, яғни бұл банк қызметінің
инновациялық бағытталуын көрсетеді.
Несиені ұйымдастыру үшін екінші деңгейлі банктер кепілдіктері
негізіндегі кәсіпорындардың жоғары ликвидті активтері, ақшалай
қаражаттары, жылжитын және жылжымайтын мүліктері кепілдеме негізінде
қабылданады.
Банк өз қызметін жүргізудің басынан қатысу үлесі 581 млн АҚШ долларын
құрайтын жалпы сомасы 1466,6 млн АҚШ доллары болып келетін 40
инвестициялық жобаны қаржыландырды.
2005 жылдың 25 маусымында ҚР Үкіметімен қабылданған №633 қаулысындағы 7
кластердің 6-ын (металлургия, транспорттық логистика, текстильді және
тағам өндірісі,мұнай-газ машиналарын жасау, құрылыс материалдар өндірісі)
банк қаржыландырып отыр.
2006 жылдың 1 шілдесіне Ұлттық инновациялық қор АҚ-на жалпы сомасы 9,8
млрд долларды құрайтын инвестициялық жобалар жөніндегі 362 ұсыныс келіп
түсті.Олардың 98-і құрылыс материалдар өндірісімен ( жалпы сомасы
1,8 млрд доллар), ал 66-сы тамақ өндірісі мен ауылшаруашылық шикізатты
өңдеумен(жалпы сомасы 788,75 млн доллар) байланысты болып келеді.
2006 жылдың 1 шілдесінің мәліметтері бойынша, қор жалпы жарғылық
капиталы 861,4 млн АҚШ долларын құрайтын 27 жобаны қаржыландырды.Қордың
қатысу үлесі-185,7 млн АҚШ доллары.
2006 жылдың 1 шілдесіне Ұлттық инновациялық қор АҚ-на жалпы сомасы
73,7 млрд теңгені құрайтын 105 инновациялық жоба келіп түсті.Олардың 5-і
бойынша жұмыс жасалуда.Бұлардың ішінен Алматы облысындағы герман
технологиясымен керамзитті кірпіш өндіретінзауыт құрылысының жобасын
ерекше атап өтуге болады.Қордың қатысу үлесі-166600 мың теңге немесе
Строитель ЖШС жарғылық капиталының
49%-ын құрайды.Жобаны іске асыру мерзімі-5 жыл(2005-2009).Жобаның
жаңалығы- герман технологиясы бойынша құрылыс материалдарын өндірудің
трансферті, өйткені Schlosser-Pfeiffer зауыттары сапалы бетондық
бұйымдарды өндіру үшін қажетті буындар,машиналар мен механизмдерін
өндіреді.Сонымен қатар қор Геоскан жаңа заманғы әмбебапты каротажды
тіркеуіштерді өндіруді ұйымдастыру жобасын жүзеге асыруда. Жобаның
мақсаты- каротаждың берілген көрсеткіштерін тіркейтін,оның скважинада
қажетті аспаптар топтамасымен бірге экспресс-өңделуі және Қазақстан мен
шетелдегі геофизикалық кәсіпорындардың өндіріс жағдайларына бейімделуге
көмектесетін Геоскан жаңа заманғы каротажды әмбебап тіркеуіштерді
өндіріске енгізуді ұйымдастыру.Жобаның бағасы-685000 мың теңге немесе
ГИС Компаниясының 25% акциясы+ Алтын акциясына айырбас ретінде қордың
жобадағы 100%-дық қатысуы.Жобаны іске асыру мерзімі –
5жыл(2005-2010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы).
Сонымен қатар осы жылы Мониторлар мен теледидарлар өндірісі; GLOTUR
DS Multimedia АҚ-ның ғылыми-зерттеу лабараториясын құру жобасы бойынша
міндеттемелерді қор өз қол астына алды.Жобаны іске асыру нәтижесінде
тұрмыстық техниканы өндіру үшін база құрылады,технологиялар трансферті
орындалып, R and P лабараториясын құру нәтижесінде кәсіпорынның
технологиялық тәуелсіздігіне қол жетеді.Қордың қатысу үлесі 40%,сонымен
қатар екі жеке компанияның (оның біреуі шетелдік) жалпы сомасы 604 млн
теңгені құрайтын қаражаттары тартылмақ.
Қор 11 венчурлық қордың жарғылық капиталына қатысып отыр,олардың
алтауы-отандық және бесеуі-шетелдік. Қор қатысуының жалпы үлесі 10,9 млрд
теңгені құрайды.2006 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтер бойынша, қордың
қатысуымен алты венчурлық қор құрылды, оларға жұмсалатын жалпы қаражат
13,9 млрд теңгені құрап отыр.Қордың қатысу үлесі-6,8 млрд теңге немесе
жоғарыда аталған соманың 49%-ды құрап отыр.Олар:
1.Жеке инвесторлармен бірігіп, Әрекет жоғары технологиялар қорын
құрылды.Жеке инвесторлар ішінде Тұран Әлем Секьюритис те
бар.Қаржылндыруға бір жоба мақұлданды,төртеуі қарастырылуда.
2. Lancaster Group АҚ-мен біріге отырып ,Адвант венчурлық қорын
құрылды. Қаржыландыруға екі жоба мақұлданды.
3. Сентрас Капитал ЖШС-імен бірігіп, Сентрас венчурлық қор тәуекелді
акционерлік инвестициялық қорын құрылды.Қаржыландыруға он үш жоба
мақұлданды,бесеуі қаржыландырылуда.
4. Қазақстанның Халық жинақтау банкі АҚ-мен біріге отырып, Halyk
Private Equity АҚ-мын құрылды.
5. GLOTUR АҚ-мен бірігіп, GLOTUR Technology Fund АҚ-мын құрылды.
6. ЦентрКредитБанкі АҚ-мен біріге отырып, АИФРИ Center Capital
АҚ-мы құрылды.
Құрылған венчурлық қорларға 7,1 млрд теңгені құрайтын жеке капитал
жұмылдырылған.
Қордың басшылар кеңесімен АҚШ, Орталық Азия, Қытай, Азия-тынық Мұхит
аймағында орналсқан бес шетелдік венчурлық қорларға инвестициялар жасау
жөнінде шешім қабылданды.Біріккен венчурлық қорларды құрудың мақсаты-
әлемнің жетекші технологиялық компанияларымен бірге қарым-қатынас
орнатып, білім,тәжірибе және технологиялармен алмасудың ашық жүйесін
құру.Қор осындай компаниялармен жұмыс істей отырып, тек қана шетелдік
инвесторлардың қаржысын тартып қана қоймай, жоғары технологиялы
компаниялармен бірегей глобальді қатынас жүйесін құрады, Қазақстанның
ғылымы мен техникасының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер алады.
2006 жылдың 1 шілдесіне Ұллтық инновациялық қор АҚ-ы келесі шетелдік
венчурлық қорлардың акционері болып келеді:
1. Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P Еуропалық
технологиялық венчурлық қоры(тіркелу орны-АҚШ, инвестициялардың
географиясы- Германия,Еуропа),жарғылық капиталы 150 млн еуроны
құрайды.Қордың қатысу сомасы- 7,7 млн теңге.Қордың ірі
серіктестері:European Investment Fund, Stichting Pensioenfonds vor de
Gezondheid, Stichting Pensioenfonds ABP, The Wellcome Trust Ltd.,Access
Capital Technology және тағы басқалары.2006 жылдың 1 шілдесіне Ұлттық
инновациялық қор АҚ-мы Wellington Partners Ventures ІІІ Technology
Fund L.P венчурлық қорына 2089297 еуро көлеміндегі міндеттемелері
бойынша аударымдар жасады. Wellington Partners Ventures ІІІ Technology
Fund L.P венчурлық қоры 7 компанияға жалпы сомасы 24,836 млн еуроны
құрайтын инвестицияларды жасады.
2. Caset шағын кәсіпкерлікті қолдаудың Орталық-Азиялық қор(тіркелу орны-
АҚШ, инвестициялар географиясы- Орталық Азия), жарғылық қоры-4,2 млн
доллар.Қордың қатысу үлесі-2,058 млн доллар.
3. Flagship Venture Fund 2004, L.P. венчурлық қоры( тіркелу орны-АҚШ,
инвестициялар географиясы- АҚШ-тың Шығыс жағалауы), жарғылық капиталы-180
млн доллар, қор қатысуы-10 млн доллар.
4. JAIK-Mayban ASEAN Fund(тіркелу орны-Малайзия, инвестициялар
географиясы-АСЕАН мемлекеттері), жарғылық қоры-50млн доллар.Қордың қатысу
үлесі-5 млн доллар.
5. UOB STIC Asia Technology Fund (тіркелу орны-Сингапур, инвестициялар
географиясы-Оңтүстік Корея, АҚШ, Азия),жарғылық капиталы-100-200 млн
доллар.
2005 жылдың 19 қазанындағы қордың Басшылар кеңесінің шешімімен
патенттеу мен жоба гранттарын жеңіп алу үшін қажетті құжаттар тізімі
бекітілген.2006 жылдың 1 шілдесіне қордың қарауына жалпы сомасы 3235 млн
теңгені құрайтын 284 ҒЗТКЖ жобалары ұсынылған.Ал бөлінген гранттар сомасы-
2366 млн теңгені құрады.Осының нәтижесінде қор 29
ҒЗТКЖ жобалары бойынша гранттық міндеттемелерді алды,оның ішіндегі қор
үлесі 218,6 млн теңгені құрайды.Осы жылдың І жартыжылдығында жалпы сомасы
21,3 млн теңгені құрайтын 3 жоба бойынша келісім-шарт жасалды.Қор ҒЗТКЖ
жобаларын келесі бағыттар бойынша қаржыландырады:
- биотехнология және фармацевтика-жалпы сомасы 89,9 млн теңгені құрайтын
9 жоба;
- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар-жалпы сомасы 41,1 млн
теңгені құрайтын 6 жоба;
- жаңа материалдар мен нанотехнологиялар- жалпы сомасы 11,6 млн теңгені
құрайтын 2 жоба;
- көмірсутектік технологиялар-жалпы сомасы 20,9 млн теңгені құрайтын 3
жоба;
- баламалы (альтернативная) энергетика- жалпы сомасы 17,2 млн теңгені
құрайтын 3 жоба;
- басқа бағыттар бойынша(химия, машина және құралдарды жинау; құрылыс
материалдары)- жалпы сомасы 38 млн теңгені құрайтын 6 жоба.
Қор Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-мен бірігіп, технологиялық бизнес-
инкубатоларды қаржыландыра бастады,сонымен қатар Алатау ақпараттық
технологиялар паркінің құрылысы жалғасуда.Қор өз міндеттерін тиімді
жүзеге асыру үшін Ақпараттық технологиялар паркін басқару жөніндегі
КомпанияЖШС-ін құрды.
Осы бөлімді қорыта келе, Отандық және шетелдік тәжірибені ескере
отырып, Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын келесі
кешендерде жүргізу тиімді болып келеді:
- отын-шикізаттық кешенде-минералды шикізаттардың стратегиялық және
тапшы түрлері қорларының мониторингі мен іздестірудің әдістерін
әзірлеу мен енгізу, оларды жер қойнауынан шығару мен өңдеу деңгейін
көтеру және тасымалдаудың жоғары сапалы және экологиялық қауіпсіз
жүйелерді құру;
- электр энергетика кешенінде-экономикалық жағынан тиімді
энергоқондырғыларды әзірлеу және жасап шығару;
- транспорттық кешенде- тасымалдау машиналары паркін жаңарту және
дамыту,инфрақұрылымның модернизациясы,прогрессивтік технологияларды
қолдану және су,әуе,теміржол,автокөлік машиналарының техникалық
деңгейін көтеру;
- химиялық және мұнай химиясы өндірісінде- шикізат пен энергияны
үнемдейтін технологияларды қолданып,синтетикалық және композициондық
өнімдерді өндіру,сонымен қатар экологиялық таза полимерлерді,химиялық
талшықтарды, синтетикалық каучуктерді,тынайтқыштарды және тағы
басқаларын өндіру;
- микробиологиялық өндірісте-ауылшаруашылық шикізатты өндіру мен
өңдеудің биотехнологиялық процестерін қолдану,жаңа,бәсекеге
қабілетті өнімдер технологиясын құру;
- агроөндірістік кешенде- биотехнологияның жетістіктерін пайдалана
отырып ауылшаруашылық үрдістердің деңгейін көтеру,ауылшаруашылық
өнімдерінің сапасын көтеретін технологияларды енгізу және т.б.[1].

2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық талдау

2.1 Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің даму
тенденциясы

Қазақстандағы инновациялық қызмет индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы қабылданғаннан кейін
ғана дами бастады. Әрине бүгінгі күнге дейін республикамызда инновациялық
қызметтің дамуына қажетті жағдайлар жеткіліксіз түрде жасалынып отыр. Әйтсе
де, инновациялық кор мемлекеттік қаржыландырудың арқасында көптеген
инновациялық жобалар жасап, оларды іске асырып отыр.Мысалы, былтырғы жыл
ішінде ішінде даму институттарының тікелей атсалысуымен елімізде жалпы құны
100 млрд.теңге шамасындағы 37 өндірістік нысан іске қосылған. Солардың
ішінде Қазақстанның тұңғыш байланыс серігі KazSat ғарыштық жобасы мен
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқыма өндірісін, Солтүстік- Оңтүстік
электр желісі құрылысының екінші кезегін, Қазхимволокно АҚ химиялық
өндірісін, отандық қағаз өндірісін, ТМД бойынша алғаш рет ашылған биоэтанол
өндіру зауытын, құрылыс индустриясы мен тамақ өнеркәсібі саласындағы
бірқатар өндірістерді айрықша атап көрсетуге болады.
Қазақстандағы инновациялық қызметті талдауда статистикалық мәліметтерді
пайдалануды жөн көрдім.
2-суреттегі графикке назар аударатын болсақ, инновациялық өнімдердің
құрылымында ең үлкен үлесті жетілдіруге ұшыраған өнімдер алып отыр.Яғни
бұл белгілі бір өнімдердің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, ең жоғары
тиімді компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан да көп
техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешенді өнім үшін)
пайдалану арқылы өндірістің экономиалық тиімділігін арттыруға арналған
қолда бар өнім болып табылады.Бұл әрине инновациялық қызметті белсенді
жүргізуге, сондай-ақ сыйымды өндірісті жедел дамытуға, кәсіпкерлік
қызметтің инновациялық сипатын күшейтуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына
мемлекеттің экономикалық саясатын дамытып, экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің
тұрақты дамуына қол жеткізуге өз үлесін қоса алады. Бұндай тауарлар
Қазақстанда барлық инновациялық өнімдердің 64,3%-ын алып отыр.
Ал қайтадан немесе елеулі технологиялық
өзгерістерге ұшыраған өнімдер инновациялық өнімдердің 28,6 %-ын алып
отыр. Яғни бұл технологиялық сипаттамалары ескірген немесе шамаланған
пайдалануда болған тауарларға жаңа, не осыған ұқсас бұрын бұрын шығарылған
өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім.Қазақстанда көбінесе мұндай
иновациялар негізіндегі жаңа технологияларда немесе бар технологиялардың
жаңа пайдалануға сәйкескелуі немесе зерттеулур мен әзірлемелер нәтижесін
пайдалануда негізделді.
Осылардың ішінде ең аз үлесті (7,1%) өзге де инновациялық өнімдер алып
отыр. Бұл біздің республикамызда өндірістің күрделі салалары бойынша
инновацияның даму деңгейінің әлі төмен екендігін көрсетеді.

2-сурет.Қазақстандағы 2004 жылы инновациялық өнімдердің құрылымы[9]

3-сурет.Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыттары бойынша
ғылыми-техникалық жұмыстарын орындалуын бөлу[9]

1-кесте.Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметтің сипаттамасы[9]
Көрсеткіштер 2003 2004 2005* 2005 жылы 2003 жылға
%-нен
ЖІӨ,барлығы,млрд.теңге 4612 5870,1 7457,1 161,68
Зерттеулер мен 11643,5 14579,8 21527,4 184,88
әзірлемелерге жұмсалған
ішкі шығындар қолданыста
болған
бағаларда,млн.теңге
ЖІӨ-ге,пайызбенен 0,25 0,25 0,28 112
Зерттеулер мен 273 295 390 142,85
әзірлемелерді орындаған
ұйымдардың саны
Зерттеулер мен 16578 16715 18912 114,07
әзірлемелермен
айналысатын персонал
саны(жыл соңына),адам
соның ішнде:        
зерттеушілер 9899 10382 11910 120,31
ғылым докторлары 979 1013 1106 112,97
ғылым кандидаттары 2781 2739 3018 108,52
Зерттеулер мен 9037,3 12396,6 14584,2 161,37
әзірлемелердің негізгі
қаражаттары,млн теңге
Зерттеулер мен 29348 34946 41624* 141,83
әзірлемелер саны
Ескертпе: Қазақстанның 2006 жылғы қысқаша статистикалық жылнамалығынан
алынған

*-Жедел деректер
1-кесте мен 3-суретте Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметтің даму
тенденциясы көрсетілген.Көріп отырғанымыздай, индустриялық-инновациялық
стратегия 3 жыл ішінде зерттеулер мен әзірлемелердің саны 29348-ден 41624-
ке немесе 2003 жылға қарағанда 2005 жылы 41%-ға өскен оның ішінде негізгі
үлесін қолданбалы зерттеулер(практикада қолданылады) алып отыр.2005 жылы ол
52%-ды құраған.Үлесі жағынан соңғы орында іргелі зерттеулер тұр.Оның үлесі
2005 жылы 13%-ды құраған. Сонымен қатар отандық зерттеушілеріміздің санында
да үлкен өзгерістер бар екенін байқауға болады.2003-2005 жылдар аралығында
олардың саны 9899-дан 11910-ға дейін өсіп,120,31%-ды құраған.Бұл санның
ішінде 2005 жылы ғылым докторларының үлесі 10%, ал ғылым докторларының саны
25%-ды құрады.Бұндай өсуді экономикалық өсудің интенсивті, экстенсивті
түрлерінің қайсысына жатқызуды әлі өмір көрсетеді деп ойлаймын.Өзіміз
зерттеп отырған инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар саны да
аталмыш жылдар аралығында өсіп отыр. Осы жылдары олардың саны 42%-ға
өсті.Осы талдалған мәліметтерге жүгіне отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады:2003-2015 жылғы индустриялық-инновациялық стартегияның 3 жылы ішінде
оң прогресстік нәтиже бергендігін көрсетіп отыр.

2.2 Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау

Кәсіпорынның инновациялық қызметі- бұрыннан осы кәсіпорында
пайдаланылып келген өнімнің, қызметтің сапалық көрсеткіштерін жетілдіру
немесе кәсіпорынның табысын арттырып, жұмысшылардың еңбегін жеңілдету үшін
енгізілген ғылыми-техникалық жаңалық.
2-кесте.Қазақстанның ғылыми-техникалық қызметі дамуының негізгі
көрсеткіштері[6]
  Жылдар 2004
жылы
%-нен
2000
жылға
Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
Зерттеулер мен 257 259 267 273 295 115
әзірлемелер
жүргізген
кәсіпорындар саны
Ғылыми зерттеулер 4890 9238,8 13763 14374,6 18550 379
мен әзірлемелер
көлемі,млн.теңге
Ғылыми зерттеулер 3710 7154,1 9632,9 11643,5 14580 393
мен әзірлемелерге
бөлінген
шығындар,млн.теңге
Негізгі капиталға 2813,5 6076,1 6253 9461,6 8482 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
Қазақстан Республикасындағы инновациялық процесстерді дамытудың рөлі
Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің даму
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының тәжірибесіне жобалық басқару технологиясын енгізуді жетілдіру
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Еңбек қолдаудың инновациялық модельдері
Инновациялық менеджмент
Инновациялық маркетингтің басқару
Пәндер