Қытайдағы туризмнің дамуы


Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- С. Р. Ердавлетов “География туризма” (история, теория, методы, практика) Алматы, 2000ж.
- В. Н. Вуколов «История и теория международного туризма» Алматы, 2002ж.
- Крючов А. А. «История международного и отечественного туризма» Москва,
- А. А. Романов, Р. Г. Саакянц “География туризма” Москва, 2002ж.
- Энциклопедический спровочник «Все страны мира» Издательство «BERE”
- В. С. Сенин «Организация международного туризма» Москва, 1998ж.
- В. А. Квартальов «Теория и практика туризма». Москва, 2003 жыл.
- К. Н. Бурханов, Т. Т. Исмагамбетов, А. Е. Беримжаров «Китай, между прошлым и будущим» Алматы, 2001ж
- “da Қазақстан” халықаралық мәдени-интелектуалды журналының 17 нөмір қосымшасы. Алматы 2004ж.
10. В. А. Квартальнов «Иностранный туризм» Москва 1999 ж.
11. М. В. Ефремова “Основа технологии туристсного бизнес” Москва, 2000ж.
12. Қазақ энциклопедиясы
Кіріспе.
Қытай Халық Республика-халқының саны мен көлемі жағынан дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің біріншісі. Орталық пен Шығыс Азияда орналасқан. Шығысын Тынық мұхиттың Сары теңізі, Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздері қоршап жатыр. Жағалауында ең ірілері-Тайвань
және Хайнан. Солтүстігінде Ресеймен, Қазақстанмен, Монғолия Халық Республикасымен, батысында және оңтүстігінде Ауғанстанмен, Үндістанмен, Непалмен, Бутанмен, Бриманмен, Лаоспен, солтүстік-шығысында КХДР-мен шектеседі. Жері 9, 6 млн км 2 . Халқы БҰҰ мәліметтері бойынша 1 млрдтан асады. Астанасы-Пекин.
Қытай әкімшілік жағынан 22 провинцияға (гоминьдашылардың қол астындағы Тайваньды қоса есептегенде ), 5 автономиялық ауданға және орталыққа бағынатын 3 қалаға бөлінеді.
Ежелгі Қытай (темірді өндіру және өңделе бастады, иероглифтік жазу мен қағаздың ойлап табылуы, жібектің өндірілуы, шайдың дайындалуы және т. б. ) ;
Социалистік лагерь және дамушы елдерде туризмнің дамуы факторларының қалыптасуы Қытай Республикасының жаңа тарихында белгілі бір ерекшеліктері бар. Осылай, Қытай Халық Республикасында көрсетілген факторлардың көпшілік бөлігі Мао Цзэдунның өлімінен кейін XX-ғасырдың 70-ші жылдардың аяғында 80-ші жылдардың басында қалыптасты (мемлекеттік кәсіпорындарды қожалық есепке көшіру, шағын және орта бизнесті дамытуы, шетел капитал салымдарын стимулдау, шетел кәсіпкерлеріне жеңілдікті шартты «арнайы экономикалық зона» құруы, жерге меншік енгізуі, тұрғындардың өмір сүру денгейінің өсуін жылмен өлшеуі, Батыс елдерімен қатынасты бекіту және кеңейту) .
Қытай мемлекетінің үлкен территориясы, көршілес мемлекеттері, керемет теңіз жағажайы, көптеген көлдер мен өзендер, өте бай флора, емдік қасиеті бар жерлер, экономикалық деңгейінің жақсаруы, басқа шет мемлекеттермен жақсы қарым- қатынас, ұлттық бірлік сияқты шарттары бұл мемлекетте халықаралық туризмнің дамуына алып келеді.
Қытай Халық Республикасының астанасы- Пекин. Бұл қала өте тез қарқынмен дамып келе жатқан қалалардың бірі, сонымен бірге ол индустриалды және ірі европалық ультра үлкен және биік үйлер бұрынғы ескі үйлермен жақсы көрінеді. Бұл үйлердің архитектурасы да таңғажайып болып табылады. Қалада көптеген парктер мен ормандар көп. Қаланың түп тамырында көптеген банктер, администрациялық бөлімшелер, ресторандар, ірі- ірі дүкендер, конторлар көп. Сонымен қатар, мұнда бүкіл әлемге әйгілі Тяньанмэнь атты қалалық алаң орналасқан. Осы алаңда 38 метрлі Халық қайраткерлері үшін орнатылған ескерткіш бар. Ескерткіште Мао Цзэдуна және Чжоу Эньляйның сөздері жазылған. Тяньанмэнь алаңында, Халық Алауы орналасқан, мұнда парламент жиналыстары болып тұрады. Сонымен қатар, Мао Цзэдунның мавзолейі де бар. Мавзолейдің артвнда император алаңы бар. Бұл алаңның ерекшелігі ақ мрамордан жасалған ою- өрнектер.
“Бэйхай ” паркі көл жағасында жайғасқан. Бұл аймақта “Фангшан ” ресторанына кіріп, қытайтағамымен дәм татып, қайықта жүзуге болады. Көлдің оңтүстік бөлігінде Нефрит аралы бар.
Қаланың оңтүстік- шығысында ламаист храмы орналасқан, бұл храм XVII- ғасырдың соңында аяқтаған. Мұндн 6 метрлі Цзонгхаваның ескерткіші бар. Цзонгхава- “сары орамал ” атты ұйымның басшысы болып келетін Тибет монахы. Уақыт өте келе бұл “сары орамалдар ” Мемлекеттік шіркеу бола келді. Павильонның шыға берісінде будданың 500 оқушыларының бейнелері ерекшеленген. Бұл бейнелер темір, күміс, қола және алтыннан жасалынған.
Астананың оңтүстік бөлігінде дүние жүзіне әйгілі храмдық жинақ орналасқан. Аспан- Аспан Храмы, бұл храм Мин династиясы кезінде салынған және оның ішінде мінажат, дұға, ата- баба храмдары болып бөлінетін бөлімшелері бар.
Куньмин теңізінің жағасында Ихэюань паркі орналасқан, бұл парк “Таулар және Сулар” атты дәстүрмен салынған. Мұнда Цыси императрицаның жаздық алаңы бар. Алаңның өзгешелігі щның архитектурасында- ол ламаис храмы және дәстүрлі пекин алаңымен тұрады.
Пекиннің солтүстігінен 50 км арақашықтығында Мин династиясының 13 гробы бар. Бұл комплекстің ішіне Үлкен Қызыл Қақпасы, тасты тасбақалы ерекше павильон бар. Тасты павильонда көптеген ұлы императар жауынгерлерінің нақыл сөздері жазылған. Періште аллеясы болса, мұнда аң суреттері, кәдімгі аң өлшемдерімен жоғары жәрежеде бейнеленген. Сонымен қатар, павильон ішінде ағашта қақпа бар. Бұл қақпалар Феникс және Дракон қақпалары болып келеді.
Пекиннің солтүстігінен 90 км жерде Ұлы Қорған қабырғасының қайта құрылған аудандары бар, бұл аймақ туристердің қызығушылығын тудыратын объект болып табылады.
Қытай астанасында инфрақұрлымы өте жақсы дамыған деп айтсақ қателеспейміз, мұнда қонақүйлердің көп түрлері, ресторандар, барлар, кафе, түнгі клуб, дүкендер, сауда орталықтары өте көп. Сауда орталықтарында көптеген тауар ассортиментін көруге болады. Қарапайым тауардан электроника тауарлары қарқынды даму үстінде.
Туристердің қызығушылығын Чэндэ қаласы тудырады. Бұл аймақтың табиғаты өте көркем болып келеді. Таулы аймақтардан Жэхэ өзеніне түсуге болады, бұл арада шаруалардың егістік жерлері кездеседі. Алыс болса да, таулардағы храм силуэттері көрінеді. Чэндэ 11 храм бұрынғы күйінше сақталып қалды, бұл храмдар 8 ансамбльінің ішіне кіреді. Храмдардың көпшілігі тибет- қытай стилмен салынған. “Алем тыныштығы” атты храм өте қызықты (XVIII-ғ), бұл храм Самэйе тибет монастріне өте ұқсас болып келеді. Оның орталық мұнарасы Әлемдік Бодхисатва павильоны, бұл павильон сырттан көп қабатты болып келеді. Бірақ ішінде үлкен бір зал, залда үлкен мүсін бар ( биіктігі 22, 28 м), мүсін ағаштан жасалынған өте көрікті болып табылады. Бодхисатваның қарапайым екі қолыннан басқа тағы да 40 қолы бар. Әр алақанында көз орналасқан. Оның басында Будданың бейнесі бейнеленген. Бодхисатваның үш көзі өткенді, қазіргі уақытты, болашақты білдіреді деп санайды.
Бахыт храмы мен Көпжылдық храмдар Тибеттің Шигацзе қаласында орналасқан Ташилунпо монастірінің үлгісімен салынған. Бұл храмдарының алдынғы жағы қытай стилімен жасалынған болса, басты мұнарасы үшярусты галереаны құрайды.
Гуанчжоу- туристер үшін өте әйгелі жерлердің бірі. Ол Гуандунның оңтүстік- шығыс бөлігінің астанасы. Мемлекеттің оңтүстік бөлігіндегі үлкен және индустриалды қала. Гуанчжоуның солтүстік жағында Юэсюй паркі орналасқан. Мұнда бассейн, павильондар, шай ішу үйлері, оранжерей бар. Қазіргі кезде бұл аймақта Тарихи мұражай орналасқан.
Юэсюй паркінің кіре берісіне қарама- қарсы екі үлкен қонақүй және жәрмеңке павильондары орналасқан. Мұнда жылына екі рет бүкілқытайлық жәрмеңке болып тұрады.
Парктен алыс емес жерде Орхидей бағы жайғасқан. Бұл аймақта жасанды су сарқырамалары мен жартастар арасында орхидейдің 100- ден астам түрлерін көруге болады. Гуанчжоудан 20 км 2 жерде ең үлкен де өсімдіктерге бай ботаникалық бақша орналасқан.
Гуанчжоуның ортасында ең ескі Гуансяо храмы бар, храм ішінде 900- ден астам Будда мүсіндері кездеседі.
Туристтердің қызығушылығы Наньюэ қаласында орналасқан Патша мавзолейі болып табылады. Бұл кәдімгі жер астындағы алаң, мұнда патшалардың көптеген заттары бар. Басты залда Гуаньинь мүсіні Хуаишэн мешіті бар. Бұл мешіт қытайлықтардың Аравия мемлекетімен қарым- қатынасы болған екенін білдіреді. Тас үйі (XIX-ғ) қытайдағы ең үлкен католиктердің соборы, Кэнь жанұясының ата- бабаларының храмы.
Шығыс Қытайдың ескі қалаларының бірі Нанкин болып табылады. Бұл қаланың ерекшелігі- ол көптеген ғасырлар бойы мемлекеттің “астана қоры” болған. Сонымен, мұнда Сунь Ятсен (Қытай Республикасының ірге тасын қалаушысы) қолдауымен мавзолейлер салынған.
Мин династиясының бұрынғы қол жазбалары көп кездеседі.
Сюаньху паркы, көл жағасында орналасқан, қаланың көрнекті жерінің бірі. Бұл көлде 5 аралдар бар, олар бір- біріне дамба арқылы қосылған. Әр аралдың өз өзгешелігі бар, мысалы бір аралда жануарлар паркы, келесінде ламаисты храмы, тасты ғимараттар.
Нанкинде Қытай ғылыми орталығының ең үлкен астрономикалық обсерваториясы орналасқан, сонымен қатар мұнда мұржайды көруге болады. Бұл мұражайда ежелгі астрономиялық құрал- жабдықтар және жұлдызды аспанның картасы бар.
Шанхай- Қытай ірі қаласы, теңізді және өзенді порт. Ол Хуанпу өзенінің бойында орналасқан, Янцзы саласында. Шанхай өте көрікті болғандықтан, оны екінші “Париж” деп атайды. Мұнда Еуропалық кварталдар бар, “модери” және “арт- деко” сияқты стильде еуропалық дәстүрмен салынған үйлер бар. Нанджинг Ли және Зонгшан Ли атты ірі көшелердің қилысында “Мир” қонақүйі орналасқан. Бұл қонақүйі 12 қабаттан, ұзындығы 77 м, готикалық мұнара стилімен салынған. Кешке жақын қымқат ресторандар, кафелер, түнгі клубтар ашылады, джаз әуені ойнайды. Шанхайдың тарихи жерлерінің бірі- Нефрит Буддасының Храмы, сонымен бірге Аспан Патшаларының павильонында күліп тұрған Милэфті кездестіруге болады. Оның қасынан басқа да Аспан Патшаларын көруге болады.
Қытайдың оңтүстік- шығыс бөлігінде, Оңтүстік- Қытай теңізінде Гонконг мегаполисі бар, ол 235 аралдан орналасқан. Гонконг бұрынғы ағылшын колониясы болған. Қытайдың құрамына 1997 жылы кірді. Азиядағы туристтік бағыттың орталығы болып саналады. Туристтер мұнда ат жарыстары, әсем табиғаты, экзотикалық жүзетін ресторандар, үлкен Рипалс- бэй, тұманды түндер өмірі және де басқа да қызықты туристік демалыс орындар бар. Бұнда туристтер экскурсия уақытында паркке, аквапаркке, аттракциондарға және т. б. барады. Гонконг жәрменке және конференциясымен әйгілі туристтер саяхат барысында Виктория шыңына көтеріле алады, бұл шыңнан керемет табиғат кешенін көруге болады. Мұнда Мұхит Паркі бар, онда мұхитты дельфиндердің театр көрністерін, акула аквариумдарын, балалар аквапаркін көруге болады. Сонымен қатар, Гонконг сауда үшін өте ыңғайлы қала. Бұл арада дүкендер мен базарлардың көптеген түрлері бар. Киімнің неше- түрлерін арзан бағаға сатып алуға болады.
Қытайдың келесі бөлігі- Макао (Аомынь) португал колониясы болған. Қытайға 1999 жылы қосылды. Территориясы 16, 9 км. Макаода тау туризмі жақсы дамыған. Көптеген туристтер мұнда Гонконгтан казино ойнау үшін келеді.
Қытайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан Хайнань қаласы. Өткен кезде ғана бұл аймақ балықты аймақ болған болса, қазіргі кәдімгі курорт, сонымен қатар, барлық стандартқа сай курорт. Туристтік инфрақұрлымның барлық бөлігі аралдың оңтүстік бөлігінде, Санья ауданында орналасқан. Туристтерді климат жағдайы (орташа +28С, су+26, 5С), керемет жағажайлар, теңіз азық-түлігінің мол болуы, аралдың табиғаты қызықтырады. “Океанариумда” теңіз жануарларымен, өте бай құс коллекциясымен танысуға болады. “Көбелек мұнарасы” да туристерді таңғалдырып қана қоймай, қызықтырады, бұл қорықта көбелектердің көп түрі кездеседі, олар Қытай, Оңтүстік - Шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америка елдерінен әкелінген. Симаодао аралында туристтер үшін теңіз сапарлары, балық аулау шаруалары жүргізіледі. Саньяда Оңтүстік- Шығыс Азиядағы ең үлкен тирлардың бірінші орналасқан. Бұл тир қазіргі кездегі техникамен, қауіпсіздік шараларымен, видеомен жабдықталған. Қытайда қонақүйлердің көп түрлері бар, әр түрлі клиенттердің талғамына сай келеді.
Сөйтіп, Қытай- Тынық мұхитында орналасқан туризмі жақсы дамыған мемлекеттердің бірі. Бірақ 1990 жылғы мәліметтер бойынша 27, 46млн туристтердің саны 25, 6 қытайлықтар болды. Олар көбінесе Гонконг, Макао, Тайвань қалаларынан келгендер. Экономикалық және саясаттық іс туристті күте алатын болса, 1990 жылы 500- ден аса қалалар пайда болды. Қазіргі кезде Қытайға, Жапония, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Германия, ТМД-ы елдерінен туристтер келуде.
Әйгілі қытай саяхатшысы Сымя Цянь еді. Ол 145 б. з. б туылған, сонымен бірге оны “Қытай тарих атасы ”, еуропалықтар “Екінші Геродот ” деп атаған. Сымя Цянь өте білікті саяхатшы еді, ол көптеген Қытай жаулап алған мемлекеттер мен қалаларды зерттеп, Хань династиясы туралы мәліметтер жинаған.
Сымя Цяньның үш үлкен саяхаты әйгілі:Қытайдың1. Оңтүстікке, 2. Оңтүстік- батысқа, 3. Солтүстік- батысқа.
Б. з. б 125 жылы Сымя Цянь өзінің жергілікті жерінен Хуанхэ өзенінің төменгі ағысымен саяхат жасап, Янцузы, Тайху, Чэнэцзян өзендерін зерттеп, қайтар жолын Синцзян өзені және Дунтинху теңізі арқылы өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz