Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері 1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты ... .. 5.8 1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.11 1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.13
2. «LogyCom» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «LogyCom» компаниясының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... .14.17 2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... .17.19 2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.23 2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау ... ... ... .23.27
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.30
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30.31
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.32
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34.35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкінемес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру – нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді [1]. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж. 2. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995. 3. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994. 4. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994. 5. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997. 6. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996. 7. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,1996. 8. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 1993. 9. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 1994. 10.Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2006. 11. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Вы-бор инвестиций. Анализ отчетности. — М.: Финансы и статистика, 1995. 12.Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой Е.С. - М.: Перспектива, 2006. 13. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -Москва, Финансы и статистика, 2006. 14.Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4. 15.Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2004. - №1. 16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4 1. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың теориялық негіздері
  1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны
талдаудың мақсаты ... .. 5-8
1.2 Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...8-
11                                                 1.3 Қаржылық
жағдайды талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-13 
2. LogyCom компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 LogyCom компаниясының жалпы

сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 14
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . 14-17 2.3 Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... .17-19 2.4
Кәсіпорынның табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 20-23
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау ... ... ... .23-
27
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..28-30
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін

арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30-31
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін

арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .31-32
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32-33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 34-35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .36

Кіріспе
   Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-
номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі
шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және
қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына
сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа
әдістемесін жасауды қажет
етті.                                                   
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз
тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық
өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен
оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай,
біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай
жүргізу
мүмкінемес.                                                                   
                                                         Қай уақытта да
болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден
шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта
түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік жағдайында
кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық,
қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру – нарықтық
экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.                  
 Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой
жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық
алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот
басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына
жол бере алмайды.
 Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды
қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу
келмеске кетеді
[1].                                                                         
                           Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар
кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын
едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз
бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы
рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен
іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар
бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді
(жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз
қалауы бойынша алады.  Олардың
өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық
қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны
ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен
айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері
басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы,
шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің
қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны
белгілі.                                                                     
                                                     Нарық жағдайында
кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-нықтылығының негізі
оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын
алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен
сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары
жағдайын көрсетеді.                                           
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті,
ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең
және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның
іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау
үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге
болады.                                                                      
                        Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты
– кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша
ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей
міндеттерді анықтадым: -қаржы менеджменті саласында алған білімімді
қолдану; -өндірістік практикада жинаған тәжірибемді
пайдалану; -қарастырылып отырған мәселе бойынша
статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді
анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
 Талдау объектісі ретінде LogyCom компаниясыны алынды. Оның негізгі
қызметі электрондық есептеуіш машинаны өндіру, оны сату және реализациялау.
Компания өндірген өнімді Қазақстан Республикасы бойынша өткізу және сату
болып табылады.  Жұмыстың теориялық
бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім
өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі,
қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы
ақпараттарды қамтиды. Жұмыстың тәжірибелік бөлігі LogyCom
компаниясының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша
қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту
бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген. Жұмыс
барысында ҚР-ның заң актілері және LogyCom компаниясының қаржылық есебі
пайдаланылды. 
 
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
   1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты. 
   Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың
маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен
байланысты.            Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық
жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап
алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі
түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен
(меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп
жазған.                                                                      
             Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның
қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті
қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді
тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен
қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның
уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын
көрсетеді.                                                                  
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді
[8].                                                                         
                      Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына
көптеген факторлар әсер етеді, оларды келесідей түрлерге
жіктейді:                            1) пайда болу орнына байланысты – ішкі
және сыртқы;                                               
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және
негізгі емес;    
3) құрылысы бойынша – қарапайым және
күрделі;                                                            
4) әрекет  ету  уақыты  бойынша – тұрақты  және
уақытша.                                  
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына
байланыс-ты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты
емес.                                             
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның
тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген
өнім мен көр-сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ,
тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып
табылады.      Кәсіпорынның
өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық
тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен
құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегия-сын дұрыс таңдап алуы
болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның
ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.                 Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды
факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды
басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз
қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол
өзін жайлы сезіне
алады.                                                                       
                                              Сонымен бірге тек таза
табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе
өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып
табылады.                                                                    
                   Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық
капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар
үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытын-да
есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорын-
ның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге
үлкен роль берілген.                                       
                          Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің
экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен
технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі,
ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау
жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар
жатады.                       
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сон-дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу -
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-
ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы
келетін, ал заем мерзімі біткен   уақытта – облигация құнын толық өтеуді
талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс
істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті)
келесілер болып табылады:                             
                                                                    
                 -қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру
мерзіміндегі өзгерісі;           
-активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы
сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;                        
-айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын
анықтау;                                                                    
     -қаржы-есептік және несие ережесін
сақтау;                                                                      
-кәсіпорын активтері және оның
міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;                     
-ағымдағы активтердің айналымдылық
есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар
есебі;                                                                       
                                                        -баланстың
өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;                                                                     
                                                             -кәсіпорын
табыстылығын бағалау;                                      
                  -кәсіпорын табысының салыстырмалы
көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші
факторларды есептеп
шығару;                                                                      
                                     -кәсіпорынның іскерлік
белсенділігін
анықтау;                                                                
-кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық
стратегиясын     анықтау.               Қаржылық жағдайды талдау
кәсіпорынның, шаруашылық  қызметін талдаудың қор ытындылаушы  кезеңі болып
табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу;
бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті
және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі
болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді
пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және
коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.                  Шығындар
көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың
тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай
отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-
жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар
шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап
қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі
кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы
қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.  
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз
етеді.                                                 
                          Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар
жатады:                                 •
кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;                                                                  
                                            • кәсіпорын активтерінің
қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын
талдау;                                                                       
                                                                •
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;         
• баланс өтімділігін
талдау;                                                                       
                                                 
• кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және   несие қабілеттілігін
талдау[5].
 
 1.2 Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып
табылады.                                                                 
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар
жатады:                                                               1)
бухгалтерлік
баланс;                                                                      
                                           2) қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп;                            
                     3) ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы
есеп.                                                                        
    Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады,
сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған
материалдармен толықты-рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге
оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің
қандай саясатын ұстап отырған-дығы және каржылық есепті пайдаланушылардың
талаптарына сай басқа да ақ-параттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге
әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған
міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық
сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға
өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат
ретінде қарастырылады [7].                     Субъектілерге
қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген
түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген
3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін)
маңызға ие болады: 1) зейнетақыны, жәрдем ақша
және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сон-дай-ақ жылдық табыс ҚР
заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен
аспайды;                                                                     
                                              2) қаржылық жыл бойы
қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;                          
3) активтердің жалпы құны 60000
еселік есептік көрсеткіштен аспайды. Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген
отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының
талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті
халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді
жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық қатынастар болып
табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің
еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байла-
нысты.                                                     
                                                Нарықтық
экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі
жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі
ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі
байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс
атқарады.                                                             
                         Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы
кәсіпорынның қаржы-лық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Біріншіден, ба-ланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік
жағдайымен таныс-тырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді,
материалдық құралдар-дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын
жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны
білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар
жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-ған стратегиялық бағытының дұрыстығы
туралы, ресурстарды пайдалану тиім-ділігінің салыстырмалы сипаты және
кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы
түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты
сыртқы қолданушыларға да пайда-лануға мүмкіндік береді
[7].                                           
                                                    Бухгалтерлік
баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі
кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы
мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық
және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие
қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс
көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы
және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі
мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады
[7].                    
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп. Бұрынғыға
қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалануды, бюджетке
төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысын-дағы шығындар
ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәтиженің қалыптасуын
(таза табысты немесе зиянды) ғана
көрсетеді.                                                                    
                                                       Есепті кезеңде
табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза
табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алыңады. Осылайша
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық
есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы
мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732
"Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық
комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12
қарашада №2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға қа-жетті Концептуалдық
негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қар-жылық көрсеткіштерін
өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе
міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер-дің азаюын немесе
есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді
[7].                                                                         
                                              Операциялық қызмет деп
субъекттің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның
 инвестициялық   және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін
түсінеміз.  Инвестициялық   қызмет дегеніміз – бұл ұзақ
мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және
алу.                                              
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз
қаражатта-рының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі
болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының
келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып
табылады.                                                                    
                                               Сонымен, кәсіпорынның
қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес
сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру ны-сандарының көрсеткіштері,
түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар
мәліметтері де қолданылады.                             
Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық
құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын
кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді [1].  
 
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
   Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
кажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.                                            
                   Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі
бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру
ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық
жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру
үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып
шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің
шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның
алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың  мөлшерден тыс
шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу
деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс
істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір
иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару  есебі, ал сыртқы талдау қаржылық
есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде
кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар
қажет.                                                                       
                               Қаржылық талдаудың тәжірибесі
қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен
алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады: 
1)көлденең
талдау;                                               
                                   2)тікелей
талдау;                                                                       
                                                 3) трендтік
талдау;                                                            
4)салыстырмалы
талдау;                                                                       
                             5)факторлық
талдау;                                                                       
                                              6)қаржылық коэффициенттер
әдісі.                                                                    
1. Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-
мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік
береді.                                                                      
                                              2. Тікелей (кұрылымдық)
талдау – әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай
отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы
баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке
баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді. Мысалы, ұзақ және
ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс
валютасындағы үлес салмағы және тағы
басқалар.                                                                    
                                                      Тікелей және көлденең
талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік  бухгалтер
үлгі құрылымы секілді оның  жеке  көрсеткіштерінің динамикасын да
сипаттайтын кестелерді жиі
жасайды.                                          
3. Трендтік талдау –барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын
базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы
ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір
есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни
жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсет-кіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі. 4. Салыстырмалы
(кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирма-лардың, бөлімшелердің
және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есе-бінің құрама
көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың
керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері
бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық
аралық талдау болып
тыбалады.                                                                    
                                            5.  Факторлық талдау – бұл
жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін
зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен
талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның
құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы
қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы
мүмкін.                                                     6. Жоғарыда
керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық
(элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық
және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстыр-малы шама,
графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа)
дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде
жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның
қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің
қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды
дайындауға мүмкіндік береді

2. LogyCom компаниясының қаржылық жағдайын талдау
    2.1 LogyCom компаниясының жалпы сипаттамасы
LogyCom компаниясы 1998 жылы 20 қарашада құрылған. Мемлекеттік
тіркеу номері № 22715-1910-АО, 20.11.1998.ж. Әділет Министрлігімен
берілген. Оның негізгі қызметі электрондық есептеуіш машинаны өндіру, оны
сату және реализациялау. Компания өндірген өнімді Қазақстан Республикасы
бойынша өткізу және сату болып табылады. Компанияның мекен-жайы: ҚР,
050040. Алматы қаласы, Байзақов көшесі, қиылысы Жандосов көшесі 2932.
Жұмысшылар саны 2006 жылдың 31 желтоқсанына – 171
адам, 2007 жылдың 31 желтоқсанына – 194 адам құрайды.

Компанияның айналымы 2007 жылы 840 978 теңгені құрады.
LogyCom компаниясы ОЮЛ Казахстанская Ассоциация торговых компаний и
товаропроизводителей электробытовой, компьютерной техники и сложных
технических систем Катекс . мүшесі болып табылады. Мекен-жайы: Алматы
қаласы, Амангельді көшесі, 1 үй. Және LogyCom
компаниясы ОЮЛ Казахстанская Ассоциация IT-компанийдің мүшесі болып
табылады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 65 офис №3.
Сонымен қатар, LogyCom компаниясы кедендік
өткізу мен оны оңайлату шараларында және IT саласында кешенді түрде
қатысады. LogyCom компаниясы ОЮЛ Казахстанская Ассоциация
IT-компанийдің шеңберінде E-Government проектісінде және IT саласында
толығымен қатысушы болып табылады. Әлемнің
30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

LogyCom компаниясының президенті: Маховиков В.А.
 Бас бухгалтер: Ратковская Н.Н.

  2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
   Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның
төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады. Баланс
өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің,
баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша
өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-
лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы
активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен
жылдамдығы.                                                                  
                                            Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз
төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің
арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым
теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін
көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін
бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.  Баланс
өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған
қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив
баптары белгілі бір тәртіппен топталады.
   Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:
   К= (А1+0,5А2+0,3А3)(П1+0,5П2+0,3П3)
   Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,3;
жыл соңында – 1,07;
   Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.
   Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу
жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қа-
тар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың
жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі
қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін,
себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді,
бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай
өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған
жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік
коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті.
Олар туралы төмен-де айтылады. Кәсіпорынның перспективті
төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша
қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын
өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.
3 көрсеткіш жиі
қолданылады:
-абсолютті өтімділік коэффициенті;
-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
   Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін
бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы
ретінде есептеледі. Ол
баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың
қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.   Бұл – ағымдағы міндеттемелердің
қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем
қабілеттілігінің қатаң белгісі. Біздің
кәсіпорын үшін оның мәні: жыл басында –
0,02; жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу
үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл
коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына 
дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның
дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік
мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек
ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған
жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін
сипаттайды.
   Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша
өрнектеледі:
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
 Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы
активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын
көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін
өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп
айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен
бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде
сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен
баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің
қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін
дәлелдейді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып
табылады: Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 2,6; жыл
соңында – 2,2; Берілген шектеу
кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы
міндеттемелерден  2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.    Жалпы
алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген
шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр.
Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін
анықтаған жөн [18].  
 
 2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
   Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін
талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және
оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да
есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал, меншікті
капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық
тұрақтылығын
көрсетеді.                                                                    
                                                        Нарық қатынасы
жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі
қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек
ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса
да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын
алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің
ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі
өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін  өзінің кейбір кезең-дерінде
ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол
банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен
жабылады.                                                                    
                                           Активтердің қорлану көздерін
талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі
белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып,
оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар
аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық
тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап
қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да
анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген
(тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір
ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан
қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын
көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық
авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс = Мк : Ак
   Мұнда: Ктс-тәуелсіздік коэффициенті;    Мк-меншікті капитал; Ак -
авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың
жалпысомасы).                                                                
                                                  Бұл коэффициенттің өсуі
кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы
уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын
көрсетеді.                                                                    
                                                          Тәуелсіздік
коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың 
барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны
тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:
Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс
   Мұнда: Кт-  тәуелділік коэффициенті;        Қк-  қатыстыры лған
капитал;    Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);  Ктс-
тәуелсіздік
коэффициенті.                                                                
                            Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы
сомасындағы қарыздың
үлесінсипаттайды.                                                            
                                            Келесі, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға
қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кқ = Мк:Қк
   Мұнда: Кқ-қаржыландыру коэффициенті;  Мк-меншікті капитал; Қк-
қатыстырылған
капитал.                                                                     
                        Бұл коэффициент жоғары болған сайын,
соғұрлым банктер мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді
кіріседі.                                                                  
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай
бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен
қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті 1 болатын жағдай
(кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем
қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды
қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі
берілгендермен сипатталады:               2006жылы–0,10;2007жылы –
0,10.                                                                        
     Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші
кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға
қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті:
Кқм = Қк:Мк Мұнда:
Кқм - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;  Қк-
қатыстырылған капитал;  Мк-меншікті
капитал.                                                                     
                                                          Бұл коэффициент
кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша
қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш
келесі берілгендермен сипатталады
[19].                                            
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір
маңыз-ды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып
табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды.
Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған)
капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Кқт=(Мк  +
ҰМ)Ак                                                                       
               
Мұнда:Кқт-қаржылық тұрақтылық коэффициенті;   ҰМ - ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын ақпарат көздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсатьі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Кәсіпорын өнеркәсібінің қаржылығы
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылықтың қайнар көздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Пәндер