Қылмыстық мінез-құлық


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ 5

1. 1 Қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуының биологиялық

себептері 5

1. 2 Қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуының әлеуметтік

себептері 17

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 28

КОРЫТЫНДЫ 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 50


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2009 жылғы 6-наурыздағы Қазақстан Республикасы халқына жасаған Жолдауында: «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек», - деп нақты атап өтті [1] .

Қылмыстық мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Қоршаған ортаға бейімделу үшін, адам ағзасының өзара байланысты қимылынан тұратын мінез-құлықты алдымен психология және социология ғылымдары зерттейді. Олар мінез-құлық дегенді өмірдің материалдық, интеллектуалдык және әлеуметтік салалардағы қызметті адамның қабілеті деп түсіндіреді. Қылмыстық мінез-құлыққа әсер ететін келеңсіз әлеуметтік жағдайларды экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени-тәрбие салаларында, сондай-ақ әлеуметтік қатынастар саласында көруге болады. Мысалы, экономика саласында ол, жұмыссыздық, дағдарыс, өндіру мен тұтыну арасындағы қайшылық, еңбек түрлері, нысандары және жағдайлары арасындағы айырмашылықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейінің әртүрлілігі және т. б.

Саяси салада: сыбайлас жемкорлық, билік пен басқару жүйесіндегі қайшылықтар, демократияның деңгейі мен оны жүзеге асырудағы қайшылықтар, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қайшылықтар және т. б.

Әлеуметтік қатынастар саласында: отбасы табыстарының әртүрлілігі; ең төменгі күнкөріс мөлшерінің аздығы, жастардың қоғамдық еңбекке толық қамтылмауы, әртүрлі елді мекендердегі (қала-ауыл, орталық-шалғай) тұрмыс жағдайының бірдей еместігі және т. б.

Идеологиялық салада: білім беру және тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарындағы қайшылықтар, қоғамдық сана мен жеке адам санасы арасындағы қайшылықтар, қоғам мүшелерінде өнеге деңгейінің төмендігі, әртүрлі діндер арасындағы алшақтық және т. б.

Мәдени-тәрбие саласында: білімділіктің, ғылымның, кәсіби іскерліктің беделінің түсуі, құндылық бағдарының өзгеруі, мемлекеттен қолдау таппаған мәдениеттің, ғылымның, өнердің коммерциялануы; қылмыстық әрекетке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке тарту, кейде оларға жағдай тудыру, қасақана қылмыс үшін жауапқа тартылуды, соттылықты ұятқа санамау және т. б.

Жоғарыда баяндалған мән-жайлар диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға түрткі болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық мінез-құлықтың кейбір аспектілерімен көрнекті ғалымдар - А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Т. К. Акимжанов, Н. М. Әбдіров, С. Б. Бимурзин, У. С. Джекебаев, Е. І. Қайыржанов. Н. Дулатбеков. М. С. Нәрікбаев. А. Х. Миндагұлов, Ғ. С. Мауленов, С. С. Молдабаев, А. А. Смағұлов, Б. К. Сыздық, А. Ш. Ещанов, Г. Р. Рустемова, Ж. Қарамырза және Қазақстанның философ-педагогтары: Г. Есім, Б. А. Тойлыбаев, Қ. Г. Ғабдулина, Б. Әбдікерімұлы, Ә. Әбуов, А. Т. Құлсариева және т. б. айналысты.

Жұмыстың мақсаты қылмыстық мінез-құлықтың алдын алудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыру.

Осы койылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:

- қылмыстық мінез-құлықтың биологиялық негіздерін зерделеу;

- қылмыстық мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік жағдайларды талдау.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін талдау, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдістер құрады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігін психикалық талпыныстың (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт;
  2. Қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның өз басының тауқыметі (жұмыссыздық, кедейшілік және т. б. ) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады) . Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайды. Барлық әрекет адамның жеке өз басымен байланысты.

Жұмыстың объектісі болып - қылмыстылықтың жағдайын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын мәліметтер қылмыстық жауапкершілігінің әртүрлі аспектілерін реттейтін бұрынғы және қазіргі отандық заңнамалардың нормалары мен институттары; жастар арасындағы қылмыстардың сот-тергеу тәжірибесінің материалдары табылады.

Зерттеу пәнін адам (құқық бұзушы адам) тіршілік ететін әлеуметтік тәжірибе саласы, оның әлеуметтік және биологиялық мінез-құлықтарының аракатынасының ғылыми тұжырымдары мен Қазақстан Республикасының заңдары құрайды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында криминология, педагогика ғылымындағы қылмыстық мінез-құлықты жүйелі түрде талдауға ұмтылыс жасалған.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ

1. 1 Қылмыстық мінез құлықтың қалыптасуының биологиялық себептері

Адам баласының санасына XXI ғасыр жаһандану ғасыры деген ой сіңіп, ендігі жерде осы көштен қалмауға бүкіл адамзат тырысып бағуда. Ал жаһандану деп - әлемдегі дамыған елдердің бір-бірімен тығыз орналасуын: экономикалық, саяси, әлеуметтік, білім-ғылым, мәдени, спорт т. б. дамуын айтамыз. Қоршаған ортаға бейімделу үшін, адам ағзасының өзара байланысты қимылынан тұратын мінез-құлықты алдымен психология және социология ғылымдары зерттейді. Олар мінез-құлық дегенді өмірдің материалдық, интеллектуалдык және әлеуметтік салалардағы қызметті адамның қабілеті деп түсіндіреді. Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді [2, 346 б. ] .

Криминология ғылымы да: «Адамның өмір бойы басынан кешіретін өзгерістерін, биологиялық, психологиялык, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалынын нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі», - деп санайды [3, 164 б. ] .

Даму термині тәнде, ой-өрісте және мінез-құлықта биологиялық процестердің және сыртқы орта ықпалының нәтижесінде болатын өзгерістерді білдіреді. Сонымен қатар даму - табиғатта, қоғамда және адамда болатын әмбебап ортақ қасиет. Табиғатта - біртіндеп және секірмелі даму, қоғамда - эволюциялық және революциялық даму болады. Даму адамға да тән, ол филогенез (адамның тарихи дамуы) және антогенез (адамның туылғаннан өлгенге дейін дамуы) болып бөлінеді. Философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымға әртүрлі түсініктеме берілген. Бұл терминнің философиялық анықтамасы «эволюция», «генезис» ұғымдарымен байланысты, ол материя мен сананың заңды өзгеруін немесе төменгіден жоғарыдағыға көтерілгендікті білдіреді [4, 1029 б. ] .

Ал психологияда «даму» термині, әдетте, қандай да бір прогрессивтік (құрылымның күрделенуі) немесе регрессивтік (құрылымның оңайлануы) өзгеріс сөз болғанда ғана пайдаланылады. Регрессивтік адамның азғындауымен тығыз байланысты болып келеді. Яғни адамның жас ерекшелігіне қарай оның психологиясы өзгеріп отырады.

Педагогикадағы дамуды адамның бір жас деңгейінен екіншісіне өткендегі сандық-сапалық өзгерісі деп қарастырады.

Яғни, даму дегеніміз - адам ағзасында, психикасында интеллектуалдық және рухани тұрғыдан болатын сандық және сапалық өзгерістер процесі, ол ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың ықпалымен болады [5, 18 6. ] .

Ал адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) - әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді - даму, ал өнеге, рух өзгерісін - адамның қалыптасуы деп атауға болады.

«Даму», «қалыптасу» терминдерін құқық бұзушы адамдарға да қатысты пайдалануға болады, себебі оның азғындауы, оң қасиеттерін жоғалтуы - криминологияда адамның регрессивтік дамуы деп аталады, оған үлкен мән беріледі, оның құкық бұзуға бейім мінез-құлықтағы рөлі зор. Сондықтан адам өзінің даму барысында биологиялық тұлғадан әлеуметтік тұлғаға, қоғамдық қатынастар субъектісіне айналады. Бұл ретте даму дегеніміз жай ғана сандық өзгерістердің жиынтығына, төменгі деңгейден жоғарыға қарай тіке жылжуға тірелмейді. Бұл процеске тән ерекшелік - адамның физикалық, психикалық және рухани-өнеге сипаттамаларының сандық өзгерістен сапалық өзгерістерге диалектикалық өтуінде [6, 320 б. ] .

Әртүрлі философиялық ағымдардың өкілдері адамның даму процесін әртүрлі түсіндіреді. Адамның дамуын және оның тұлға болып қалыптасуын түсіндіретін үш тұжырымдама бар (биологиялық, әлеуметтік немесе социологиялық және биоәлеуметтік) .

Криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс табады екен:

а) қылмыскердін шыққан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді;

ә) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды;

б) қылмыс жасап жатқан кезде тұлғаға әсер етеді [7, 288 б. ] ;

в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады.

Қылмыскердің жеке басына тек оған ғана тән кейіп бар ма, қылмыскер қылмыскер еместен өзгеше ме - бұл басқа мәселе, оған жауап бергенде өзге ұғымдар пайдаланылады. Қылмыскердің жеке басындагы биологиялық және әлеуметтік жақтардың арақатынасы туралы айтыс тікелей тәжірибеге келіп тіреледі. Биологиялық факторға басымдық беретін авторлар қылмыскерді зерделегенде психиатрдың, психологтың басты рөлі туралы, биотехникалык амалдар мен тестерді қолдану туралы тұжырым жасайды.

Әлеуметтік тұжырымдама бойынша: 1) адам өмірге биологиялық тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді; 2) орта - адамның қалыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ықпалының сипатына түзету енгізуге тиіс; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айқын көрінеді [8, 116 б. ] . Әлеуметтік бағыт «шыққан тектің жамандығы», физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылықтың дамуында шешуші рөл атқармайды, себебі қоғамдық құбылыстарды әлеуметтік кұбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады [9, 106 б. ] . Әлеуметтік бағыттың өкілдері биологиялық бағытты жақтаушыларды дәрменсіздігі үшін сынға алды. Олар: «Егер мінез-құлық түгелдей жаратылыстан болатын болса, онда жаза болмау керек», - дейді. Бірақ социологиялық тұжырымдама, адамның қылмысқа бейімділігін қоғамдық қатынастардың объективтік мазмұнынан дей отырып, «бұл жағдайда да жаза өз мәнін жоғалтады» деген қорытындыға келеді.

Криминологиядағы бұл екі бағыттың екеуі де қате, сондықтан да пікірталас жалғасуда. Себебі адамның қалыптасып дамуын, тек биологиялық немесе әлеуметтік факторлармен түсіндіруге болмайды. Бұл екі бағытты біріктіре отырып (кейін солай болды да), олардың адам бойындағы өзара байланысына қарай, адамдардың оң және теріс іс-әрекеттеріне себепші болатындығын ғана айту қажет. Биологиялық, әлеуметтік факторлар жеке-дара өздігінен, адамның қалыптасуына, оның жалпы дамуына себепші бола алмайды. Өйткені, «адам» санатынан оның ажырамас бөліктерін - «жеке басын» және «даралығын» бөліп алуға болмайды. Әрине жеке бас қалыптасқанда адамның сұлу немесе сұрықсыз болып туғандығының маңызы бар.

Осы факторларға қарай оның араласатын әртүрлі ортасы, әртүрлі өмір жолы болады. Біреулер қызуқанды, біреулер әрбір әрекетін ойластырып жасайды. Әлсіз адам жаппай төбелеске кірмейді, ал интеллектуалдық даму деңгейі төмен адамдардың арасынан өз ісіне шебер алаяқты кездестірмейсің.

Мысалы, қазіргі таңда дамудың биологиялық және әлеуметтік нысандарын біріктіру үшін батыс және шығыс философиясында «әлеуметтік биологизм» ілімі дамуда. Бұл ілімнің гнеологиялық негізіне адам мен қоғам мәселесіндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардың ара-қатынасы алынған. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланысын жақтаушылар - «адамды биологиялық та, әлеуметтік тұлға деп те қарастырады; ондағы психикалық процестерде биологиялық тамыр бар; мүдделердің (мұқтаждық емес), қабілеттің дамуында, бағыттылық алуда әлеуметтік сипат береді», - деп көрсетеді [10, 21 б. ] .

Ал адам - биологиялық және әлеуметтік дүниеге де жатады дегенді кезінде коммунистік идеология қабылдамады. Оны алдамшы идея деп санады [11, 110 б. ] . Олар: «Адам болмысы жеке басқа тән абстракт емес. Ол өз қызметі арқылы барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығына айналады», - деп көрсеткен [12, 24 б. ] . Мұның дұрыс еместігін кейін уақыт көрсетті. Адам, бәрінен бұрын биологиялық тұлға, сонан кейін барып әлеуметтік тұлғаға айналады. Сондықтан да оның мінез-құлқын көптеген азаматтарға тән ортақ объективтік (әлеуметтік) себептер (жұмыссыздық, кедейлік, т. б. ) емес, ақыл-ой, сезім, ерік, табиғат заңдарын, қоғамдағы өз орны танымы сияқты субъективтік себептер анықтайды. Әлеуметтік тұлға өзіне қажет нәрсеге бейімделеді, оны өзі өндіреді [13, 284 6. ] .

Адамдағы әлеуметтік өзара әрекеттестік өзінің ажырамас бөлігі болатындай қасиетпен жаралғандығы шындық па, әлде адамдар төңірегіндегілерді тек өз мақсатына пайдалану үшін ғана ұстайтын, некен саяқ жүретін тіршілік иесі ме деген сұрақтарды философтар бұдан бірнеше ғасыр бұрын қойған.

Мысалы, В. В. Ковалев екінші пікірді қолдаған. Ол адамдарды тек өз қамын ғана ойлайтын, басқаларға қандай ауыртпашылық түсетіндігімен ісі жоқ жануар деп санады. Егер қоғамдағы тәртіпке шақыратын шектеулер болмаса, «олардың барлығы бір-бірімен соғысатын» жағдай туар еді. Сонымен қатар, ол: «адамдар өзінің жаратылысында әлеуметтік емес, кұрылымды мойындамайтын жыртқыш. Ал қоғам - адамның айуандық тәбетін шектейтін, оның жиіркенішті де қатыгез қылықтарын тежейтін, бірігіп өркениетті өмір сүруге болатын ережелерді анықтайтын тетік», - деп көрсетті [14, 18 б. ] .

Жекелеген болжамдардан басқа ғалымдарда біздің қоғам өмірінің регрессивтік дамуын растайтын объективтік фактілер бар. Мысалы, академик Степин: «Ежелгі өркениеттердегі табиғатты тірі ағза ретінде, ал адам тіршілігі - сол ағзаға бейімделу», - деп қабылдады. Сол себептен де өркениеттер ұзақ тұрды.

XIX ғасырда техногендік өркениет бұрынғыдан да бетер күшіне енді. Қуатты техниканың арқасында дәстүрлі қоғамдарға қысым жасалды, оларды басып алып өзгертті, күйретті.

Адамға, оның ағзасына, психикасына антропологиялық ықпалдың қауіптілігі де аз емсс. Адам генетикасын бұзатын мутагендік факторлар саны күрт көбейді. ҚазҰУ студенттеріне жүргізілген зерттеу (25 жыл бұрынғымен салыстырғанда) олардың нәзіктеніп бара жатқандығын көрсетті. Бас сүйектің көлемі өзгерген, бұрынғыдан сопақтау. Бетте ұзару және жіңішкеру үрдісі бар.

Мутагенез қарқынының өсуіне ортаның ластануы, торығу, есірткі, транквилизаторлар қолдану әсер етеді, нәтижесінде жарымжан болып туылатын балалар, генетикалық аурулар саны көбейеді және т. б. Міне осының бәрі адамның регрессивтік дамуына әсер етеді, оның мінез-құлқынан көрініс табады [15, 3-6 б. ] . Адамның жеке басының деградациясының себептеріне талдау жасалғандығын Е. О. Алаухановтың. Е. Қайыржановтың. Г. Рустемованың және т. б. еңбектерінен көруге болады. Өкінішке орай, криминолог адамның биологиялық өрісінің регрессивтік өзгерулерінің барлық тетігін кадағалай алмайды, антропогендік факторлардың психикаға әсерінің коррекциялық байланысын ол аша алмайды. Криминолог бұл процестердің теріс әсер ететіндігін көрсетіп ғана кояды, бұл жерде, өкінішке орай, адамның өзі ғана белсенді рөл атқарады.

Әлеуметтік мінез-құлық бойға, негізінен, туа бітеді деген пікірге негізделген зерттеулердің көбісі жануарлардың табиғи жағдайдағы мінез-құлқын зерделейтін этология ғылымы шеңберінде жүргізілді. Бұл ғылымның бетке ұстар екі өкілі - Конрад Лоренц [16, 115 б. ] (1903-1989) пен Нико Тинберген (1907-1988) Нобель сыйлығын алды. Олар және басқа да этологтар мінез-құлықтың көптеген қырларына талдау жасады, кейбір реакциялардың туа бітетіндігін, ешқандай да бұрынгы тәжірибеге негізделмей туындайтындығын анықтады. Көп жағдайларда аталған мінез-құлықтық реакциялар бір түрдің ішінде кездеседі, оның кейбірінде әлеуметтік сипат бар. Сонымен қатар олар тірі жәндіктердің өзара әрекеттесетіндігін анықтады.

Бұрындары этология өкілдері әлеуметтік мінез-құлықтың көптеген түрлері генетикалық алдын ала бағдарланған әрекеттерге- шаблондарға негізделген деп ойлайтын.

Ал кейінгі зерттеулер түрткі болатын ынта мен шаблон әрекеттер арасындағы байланыстың аса қатал еместігін көрсетті. Мұндай зерттеулердің нәтижелері ғалымдарда генетикалық бағдарламада ең жалпы бастапқы кескін ғана емес, оны тікелей тәжірибе арқылы түзетіп отыратын икемділік те бар деген пікір тудырды. Адамның әлеуметтік мінез-құлқы аса күрделі, оны тұрақты әрекеттермен-шаблондармен суреттеу мүмкін емес. Әлеуметтік мінез-құлықтың жарқын көріністерінің бірі - агрессия.

Ал «агрессивті адам» деген сөзді жиі естиміз. Агрессия деген не және біз ол сөзді дұрыс түсінеміз бе?

Психологтардың айтуынша, агрессия деген - басқа біреуге зиян келтіруге бағытталған мінез-құлық, өзіңмен ондай қатынастан қашқақтауға барлық негіз бар [17, 74 б. ] . Оны кейде ашумен, ызамен шатастырады.

Бірақ біз білеміз, қанша ашулансақ та, ызалансақ та, тіптен бірімізді-біріміз көре алмасақ та, өзара қастандық әрекетке бармауымыз мүмкін.

Агрессивтік мінез-құлықта алдын ала ойластырылған мақсаттылық бар. Біздің қайсымыз болсақ та, кейде басқа біреуге моральдық немесе басқадай зиян келтіруіміз, тіптен абайламай біреуді өлтіріп те қоюымыз мүмкін. Мұндай алдын ала ойластырылмаған әрекет, тіптен қылмыс болса да, агрессия деп саналмайды.

Кейбіреулер кейде өз үстемдігінің демократиясын, артық менмендікті агрессия деп те қабылдайды. Бірақ мақтаншақтық, төсқақпайлық агрессивтікке жатпайды. Ондай адам өзінің бойына біткен әлгідей қасиеттерімен өзін төңірегіндегілерге көрсеткісі келеді. Ол да бір тауардың артықшылығын көрсетіп, сатылымын арттыру үшін берілетін жарнама сияқты. Оның мазасыздығын, тегеурінділігін, аса белсенділігін «агрессивті» деген сөзбен сипаттау дұрыс емес.

Біздің пікірімізше, бұдан шығатын қорытынды агрессия барысында адамда белгілі бір мақсат болады. Осы арқылы адам өз мақсатына жету үшін іс-әрекеттер және басқа да құқық бұзушылықтарға баруы мүмкін.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, егер біз келешекте тату-тәтті тұрғымыз келсе, алдымен адам агрессиясының биологиялық негізін түсінуіміз керек дейді. Бұл пікірмен келісуге болады. Себебі осы арқылы адамның жеке басын толық анықтауға мүмкіндік туады және оның алдын алуға жағдай жасауға болады.

Ал агрессия - тікелей және тікелей емес болып бөлінеді. Тікелей агрессияда адам басқа адамға ашық тиіседі (итереді, ұрады, кемітеді, қорқытады және т. б. ) . Тікелей емес агрессияда зиян келтірмекші адаммен бетпе-бет келмейді (сырттай өсек айтады, жала жабады және т. б. ) . Осы арқылы адамға зиян келтіруге болады. Сонымен қатар агрессия эмоционалды болады, бұл жағдайда адам келеңсіз эмоцияларға - ыза, кекке ерік береді және инструменталды болады. Бұл жағдайда адамға адам тікелей зиян келтіреді, алға қандай да мақсат қойылады.

Жалпы агрессияның типтеріне келесілерді жатқызуға болады:

1) шабуылдық - шабуыл жасаушы адамға қатысты зорлық-зомбылық болмаса да, оның басқа біреуге күш көрсетуі немесе психологиялық зақым келтіруі (қараңғы, адам жоқ жерлерде жасалатын қарақшылық) ;

2) қорғанушылық - өзіне жасалған зорлыққа жауап ретінде басқа адамға зақым келтіру;

3) жауаптылық - келтірген зиян үшін кектесу;

4) арандатушылық (орынсыз қалжыңнан төбелес шығару) ;

5) арандатылмаған - шабуыл жасауына ешқандай негіз болмаса да адамның кінәсіз басқа біреуге шабуыл жасауы;

6) ашудан болған агрессия - өзінің ашу-ызасын басудың амалы (жұмыстағы ренішті басу үшін болар-болмас айыпты болған баланы шапалақпен ұру) ;

7) түрткі болатын себеп сыртқы жағдайға орынсыз араласу («зеріккеннен» агрессия) ;

8) рұқсат етілген (сот үкімі бойынша адам өлтіретін жендеттің іс-әрекеті) .

Сонымен қатар кейбір криминологгар ерекше түр ретінде «криминалдық агрессияны» бөліп алады, ал оны субъектінің айырықша психикалық күйімен байланыстырады. Ал агрессивтік арақатынаста зорлық-зомбылық көрсетуге ұмтылысты көрсететін психикалық құбылыс [18, 262 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық ниет ұғымы
Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
Девианттық мінез-құлық даму тенденциялары мен түсініктері
Агрессия мәселесіндегі жеткіншектің мінез-құлық ауытқушылығы, яғни девианттық мінез-құлықтың пайда болуы.
Мектеп жасындағы балалардың девианттық мінез-құлық мәселелері
Жыныстық қылмыстар
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz