Қазақстанның минералды-шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
4. Кадрлық саясат
5. Персоналды ынталандыру шаралары
6. Swot -талдау
қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж. ) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын - 2, 7% (әлемде 8-орында), күміс - 16%, мыс 7, 1%, марганец - 30% (2-орын), қорғасын - 22%, мырыш - 15, 2%, барит - 47, 2% (1-орын), темір - 6%, кобальт - 3, 9% (5-орын), хром - 37, 6% (8-орын), боксит - 1, 4% (10-орын), никель - 1, 4% (12-орын) .
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша - екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша - алтыншы, марганец бойынша - сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.
1 Қазақстанның минералды-шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының даму тарихы
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен - жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық бағыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға өз салаларында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жүктелді. Сондай құрылған орталықтың бірі - “Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия бағыттары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.
Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіпорындарға келсек, әрине, нарықтық экономикада мемлекет орталықтың шаруасына араласпайды. Әйтсе де үкімет өз меншігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайдалануға бергеннен кейін, сол пайдалы қазбаны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс. Бұл не деген сөз?
Біріншіден, кен орнын пайдаланушылар руданы өндірген кезде үкімет белгілеген норматив бойынша, руданы барынша толық (тек қана бай руданы емес) қазып алулары керек. Екіншіден, руданы өңдеген кезде оның құрамында бар элементтерді мейлінше толық бөліп алу керек. Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс. Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкіметке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс. Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы бағыттарда орталықтың жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай өндірістердің көрсеткіштері мен ғылыми жетістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті материалдармен, ұсыныстармен қамтамасыз етуге саяды.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады - қара металлургия және түсті металлургия:
- қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
- түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
Қазақстанда игеріліп жатқан кен орындарының барлығы дерлік көп компонентті кендер күйінде. Кезінде олардан кен өндіруге лизензиялар берілгенде сол кен орындарында пайдалы қазбаны алу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан жеткілікті негізделіп, ескерілмеді және лицензия оңды-солды бейберекет таратыла берген. Осынымыз жөн бе, жөн емес пе деп ойланбадық та. Мұндай жосықсыз тірліктің салдарынан көп ұзамай-ақ қолымызда шығынды ақтамайтын кен орындары ғана қалуы мүмкін.
Пайдалы қазбалары бар кен орындарын игеруге лицензия беру рәсімі бұлыңғыр күйде қалып келеді.
Шетелдік фирмалардың басқаруына берілген кен-металлургия комбинаттарындағы ұйымдастырушылық-технологиялық саясаттың жай-күйіне келсек, оның өндірілетін көп компонентті шикізаттың құрамындағы пайдалы заттарды түгел қамтуға емес, қайта жаңағы компаниялардың мүддесіне сай бір-екі негізгі компонентін ғана алуға көбірек көңіл аударатынын көреміз.
Әлемдік тәжірибеде кен орындарын игеру әрқашан кешенді түрде, құндылығы бар заттарды түгел ескеріп және тауарлық металдар құндылығын үлес бойынша бөле отырып жүргізіледі. Ендеше біз де заңдарымыз бен келісім-шарттарымыздың ережелерін қайта қарауға тиіспіз. Құрамында құнды металы бар қалдықтар жеке кәсіпорындардың және шетелдік фирмалардың меншігінде емес, мемлекеттік монополияға жатқызылуы керек.
Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану” туралы Заңы аталмыш операциялардың жария түрде жүргізілуін талап ететініне қарамастан, мемлекеттің заңдары мен мүдделері коммерциялық құпияны сақтау желеуімен жаппай бұзылуда. Ал мұның өзі кен орындарының бақылаусыз қалып, олардың жыртқыштықпен жырымдалуына, жер қойнауындағы қорлардың рәсуа болуына, минералды шикізаттың шала-шарпы, бір жақты болуына әкеліп соғып отыр.
Жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттің, қоғамның мүдделерінің кереғар келетін тұстары да аз емес, коммерциялық құпия іс жүзінде мемлекет мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттерді бүркемелеуші бетпердеге айналған десек қателеспейміз. Сондай-ақ бюджетке түсетін салық көлемін белгілейтін өнімнің өзіндік құны да жаңағы айтылған коммерциялық құпияға жатқызылуда. Аталмыш құпияға не жатуға тиіс екенін айқын да дәл белгілейтін кез келді. Сондай-ақ мемлекет пен табиғат ресурстарын пайдаланушылардың кен өндіру және өңдеу салаларындағы қарым-қатынасын нақты реттейтін заңнама әлі жасалмаған. Соның кесірінен табиғи ресурстарымыз тиімсіз жұмсалынып, еліміз қыруар шығынға батып отыр.
Бұл құбылыстың екінші жағын еліміздің қасіреті деп айтуға болады. Сол толық пайдаланылмаған шикізаттың құрамында көптеген улы заттар да бар, оларды залалсыздандыру ісі де дұрыс шешілмеген. Қазіргі кен пайдаланушылар кеңестік кезеңде жасалынған жобалардың көрсеткіштері мен қол жеткізген экологиялық деңгейден артқан көлемде қоршаған ортаны ластауға жол беріп отыр. Оның себебі - біздің қоятын талаптарымыздың төмендігі, егер америкалык, еуропалық компаниялар өз елінде 1 тонна күкірт қостотығын ауаға шығарғаны үшін 48-100 доллар төлем төлесе, біздің компаниялар небәрі 7 цент төлейді. Тағы бір кілтипан, бұл корпорациялар жекеменшіктікі екені, оның сол ұлттық орталық тұрған жердегі әрбір тұрғынға тікелей шығын келтіріп жатқанын ескеретін бірде-бір заң орны жоқ, тиісті бақылаушы мемлекеттік органдар да араласпайды.
Мемлекеттік мүліктен (кен орындарынан) алынатын түсімдер ғылыми тұрғыдан негізделмеген, олар шенеуніктердің еркінде, қасымыздағы Ресеймен салыстырғанда көп төмен. Әрбір металл саласында монополия бар, онымен қоса бұл корпорациялар (қаржы-өнеркәсіп топтары) аумақтағы энергетика, басқа да стратегиялық шаруашылық бағыттарында негізгі қожайындар. Соның салдарынан бұл өңірлерде шағын және орта бизнес баяу дамуда. Әсіресе осы саладағы шағын және орта бизнестің өздері орындауы мүмкін жұмыстарға араласу мүмкіндігі болмай отыр.
Ресурстарды пайдаланушылардан өндіріліп алынған табиғи рента әлемдік рыноктағы шикізат бағасының құбылуына қарамастан ел бюджетін елеулі түрде толықтырып, ұлттық экономиканы инвестициялаудың өз қолымыздағы көздерін көбейте алады және көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешуге, минералды шикізат базасын ұдайы өндіруді мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осыған орай табиғи ресурстарға меншік проблемасын шешу тұжырымдамасын жасау маңыздылығы жоғары міндетке айналып отыр.
Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау табиғи ресурстарға экономикалық тұрғыдан баға беру, табиғи рентаны меншік иелерінен өндіріп алу және пайдалану тетігін қалыптастыру жөніндегі қағидатты мәні бар шешімдер осы тұжырымдама аясында қабылдануға тиіс. Рента өндіру мәселесін Қазақстан заңнамасын жетілдіру жолымен де біршама деңгейде шешуге болады. Табиғи рентаға меншік құқығын нақты меншік иесімен байланыстыра қарау қоғамның шикізат өнеркәсібі саласында түзілетін абсолюттік және дифференциялық рентаны иеленуіне мүмкіндік береді.
Біздің Ұлттық орталық сирек металдар рыногының болашағы туралы зерттеулер жүргізді. Талдаулар сирек металдар өндірісінің және олардың қорларының тез өсіп келе жатқанын көрсетеді. Соңғы 10-15 жыл көлемінде сирек металдың негізгі қорының бірнеше есе өскені және әлемде үлкен кен орындарының ашылғаны айқындалды. Тіпті кейбір металдардың 100 жылдық қорлары табылғанына қарамастан, металдар рыногында ауық-ауық тапшылық сезіліп тұрады. Көптеген сирек металдардың құны бірнеше есе өсіп отыр. Соңғы он жыл шамасында германий, индий, галий, ванадийге деген тапшылықтар байқалды, осыған орай кейбіреуінің құны ондаған есеге дейін өсті. Мысалы, германий металының бір килосының құны 350-ден 2000 АҚШ долларына дейін жеткен. Сонымен бірге Америка, Жапония секілді елдер бұл металдарды ішкі пайдалануынан бірнеше есе жоғары сатып алуда.
Сирек металдар өндірісі - жаңа технологиялардың шикізат қоры. Бұларсыз жаңа өндіріс буындары дамымайды. Өндірісті дамыту бағытымызда бұл сала басым бағыт есебінде қаралуы керек. Айта кететін жәйт, бұрын Қазақстан өндірісінде шығарылған, бірақ соңғы кезде нарықта өз секторын жоғалтып алған металдарға назар аударған жөн. Бұл металдар электроника, аэроғарыш, мәшине жасау, т. б. салалардың негізін қалайды. Бүгінде ашылып жатқан даму институттарын пайдалана отырып елімізде өндіріс саласын, соның ішінде сирек металдар өндірісін жасауға болар еді. Бұл елімізде дамыған индустриялық металл алу өндірісін кеңейту, құрал-жабдықтарды, тұрмыстық заттар, мәшине жасауға қажет балқымалар алуға мүмкіндік берер еді.
Басты мәселелердің бірі - стратегиялық сирек металдар өндірісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау. Бүгінгі таңда бұл сала металлургия кластерін дамытудың негізгі бөліктерінің бірі ретінде қаралып, мемлекет қолдауында болуы керек.
Сирек металдар шикізаты басқа индустриялық металл өңдейтін кәсіпорындардың рудасының құрамында кездесетін болғандықтан, олардың қызметіне еріксіз араласуға мәжбүрміз. Металдарды өңдеу барысында кейбір металдарды босқа шығын қылмас үшін экономикалық реттеу тетіктерін пайдалану керек. Пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану ережесін қатаң сақтау мәселелері де қаралуы керек.
Қай мемлекеттің болмасын өз атын әлемге паш ететіндей бетке ұстар саласы бар. Жапондықтар робот жасаудың өндірісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер байланыс құрал-жабдықтар шығару жөнінен әлемге танымал. Белгілі бір өндіріс саласының әр елде өсіп өркендеуі кездейсоқ емес. Қазақстанның индустриялық-инновациялық өркендеуі де өздігінен туындамайтыны анық. Бұл үшін бұрын нарықта басым орын алған өндіріс салаларын дамыту, осы салаларды қамтамасыз ететін ғылыми күштер мен мамандарды сақтау, елде бар бәсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет. Біздің ойымызша, жер қойнауындағы сирек металдар сол бастаудың қайнар көзі ретінде пайдаланылуы тиіс. Бұл ойды іске асырсақ халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан болар едік.
1996-2008-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Б. Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.
Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше метр құрап отыр.
Министрлік мұнай-химия саласын дамыту мақсатында да бірталай шаралардың басын шалып үлгеріпті: бұл сала бүгінде 2007-2013 жылдарға арналған салалық бағдарлама негізінде жұмыс жасап жатыр. Яғни, қазіргі кездің өзінде “ҚазМұнайГаз” Ұлттық Компаниясы” акционерлік қоғамымен және мұнай - химия кәсіпорындарымен бірлесе отырып, шетелдің әлеуетті инвесторларын барынша көптеп тарту мақсатында нақты жұмыстар басталып кеткен. Мұнай-химияны дамыту мақсатында әзірленген бағдарлама 2 бағыт бойынша жұмыс жасап жатқан көрінеді: бірінші бағыт - қазіргі мұнай-химия өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету және қосымша құны жоғары өнім алу үшін жаңа өндірістерді құру; екінші бағыт - мұнай-химия өндірістерінің қызметін қайта жаңарту.
Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің энергетика және минералды русурстар саласының жұмысын бірізділікке салу үшін көрші мемлекеттердің озық тәжірибесі бойынша бірлесе жұмыс істеу жағы алдыңғы қатарға шығып отыр.
- Ресейлік “Лукойл” компаниясымен қуаты жылына 14 млрд. текше метр газ өңдейтін және болжамдық құны 3, 6-3, 8 млрд. АҚШ долларынан тұратын Каспий газ-химия кешенін салу жобасының әзірленуі осы мақсатымызды жүзеге асыруға жәрдемдеседі деген үмітте.
Мұнай мен газ қоры негізінен республиканың Батыс аймағында шоғырланған. Алғаш рет мұнай -1811жылы Доссор кен орынында өндірілді. 60-жылдардан бастап Маңғыстау түбегінде каспий маңы ойпатында Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас мұнай кен орындары ашылды.
Өзен және Жетібай кен орнынан мұнай 1250-2500 метр тереңдікте өндіріледі. Бұл ең бағалы мұнай өндіретін кен орнына жатады. Юра мен бор дәуірінде пайда болған. Құмары мұнайы негізінен 50-2400 тереңдікте өндіріледі. Жайық-Жем алабы жанғыш газға бай. Жанғыш газ көбінесе мұнаймен бірге өндіріледі. Дүние жүзіндегі қоры жөнінен ірі кен орнына жататын «Теңіз» мұнайын өндіріп өңдеуге американдық «Шеврон» компаниясы атсалысуда.
Қазіргі мұнай және газ конденсатын өндіру өткенмен салыстырғанда 8, 5 пайызға артып 51, 3млн тоннаға жетті. Яғни шикі мұнайды өндіру 7, 7 райызға (45, 3млн. тонна), ал газ конденсатын өндіру 16, 8 пайызға (5млн. тонна) артып отыр. Анықталған мұнай қоры бойынша Қазақстан тоғызыншы орынға көтеріліп отыр. Каспийдің төңірегінде шешілмеген мәселе көп.
Теңіз жағалауындағы мемлекеттің басшылары да, сыртқы істер мекемесінің мамандары да, министрлерде кездесіп, мәселені шешу үшін барын салып жатыр. 1991 жылдан бері 13 жыл ішінде біраз келіссөз жүргізілді, алға жылжушылықта жоқ емес. Атап айтар болсақ,, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан позициясы бір-біріне жақындады. Айтуға оңай болғанымен, 3 елдің ұстанымын бір-біріне жақындастыру оңай болған жоқ. Әсіресе, ресей мен Каспийдің солтүстігі туралы жасалған келісім Қазақстан үшін үлкен стратегиялық жетістік болды. Өйтені, бұл келісім біздің елдің мүддесін толықтай ескеріп отыр.
Көмір - республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік пен металлургияда пайдаланылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір - химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден метуллургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.
Қазақстан көмірге өте бай. 1833 жылы шопан Аппақ Байжановтың Қарағанды өңірінен кездейсоқ тауып алған «отқа жанатын қара тасы» кейін аңыз емес, шындыққа айналды. 19ғасырда Қарағанды көмір алабы жылына 10 мың тонна көмір өндірілсе, қазір жылына 50 млн. тоннаға жуық көмір өндіріледі. Тас көмірдің сапасы жоғары кокстелінеді, көмір қабатының жалпы қалыңдығы 120 метр. Қарағанды көмірінен кем түспейтін Екібастұз көмір алабы бар. Екібастұз көмірі жер бетінде жақын жатқандықтан, мұнда көмір ашық әдіспен өндіріледі.
Жылу электр станциялары ( ЖЭС ) үшін калориялығы төмен,
күлі көп қоңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық
әдіспен Қарағанды және Екібастұз алаптарында өндіреді. Майкүбі және Торғай көмір алаптары да игерілуде. Қарағанды көмір алабы - республикадаға ең ірі көмір кен орны . қазақстанда өндірілетін көмірдің 45%- ын осы қарағнады алабы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. т деп есептелді.
Қарағанды алабының көмірі аз ғана жерде ( 300 км ) шоғырлана. Қалың қабат түзе орналасқан. Көмір сапасы жоғары, өйткені оның құрамында күкірт пен фосфор аз. Бұл сапалы шойын балқыту үшін қажетті жоғары сапалы кокс алуға мүмкіндің береді. Соғыстан кейінгі дылдары Қарағанды алабының маңайында Саран, Шахан, Тентек, Топар, Абай сияқты көмір өндіретін жаңа аудандар пайда болды.
Маңызы жағынан Екібастұз көмір алабы екінші орын алады, Ол республика бойынша көмірдің жартысына жуығын береді. Екібастұз алабы Павлодардың оңтүстік- батысында 135 км жерде орналасқан. Көмірдің геологиялық қоры 12 млрд. т. Алаптағы көмір қалың орналасқан. Көмір қабатының қалыңдығы 160-200 м.
Ресейдің Орал аймағында Екібастұз көмірін пайдаланып жұмыс істейтін Рефтинск ЖЭС салынды.
Обаған - Торғай албында да қоңыр көмір өндіріледі. Бұлд топ Құсмұрын, Приозер, Егінсай, Қызылтаң көмір кен орындарын қамтиды. Екібастұздан 40 км жерде кен қоры мол Майкүбі қоңыр көмір алабы орналасқан.
Көмір әлі де көпке дейін Қазақстан өнеркәсібі үшін отынның негізгі көзі болыа қалады. Бұған себеп : көмір қорының молдығына және оның құнын арзанға түсіретін ашық әдіспен өндіруге байланысты.
Темір
Қазақстан темір рудасының қоры жөнінен дүние жү. зінде алдыңғы орынды иеленеді Ең негізгі кен орны - ЯҚостанай алабына кіретін Аят, Лисаков, Қашар, Соколов - Сарыбай.
Республикамызда темірдің 500 - ден астам кен орындары белгілі, олардың 30 - дан астам барланған, жетеуі аса ірі кен орындары қатарына жатады. Олар Қостанай облысындағы Торғай темір кен орындары атап айтсақ, Соколов - Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кендері. Орталық Қазақстанның ұса шоқылы аумағында Қаражал, Атасу сияқты ірі темір кен орындары орналасқан. Темір кені әдетте марганец кендерімен ірі, ірі көмір алабына жақын орналасады.
Мыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz