Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті
КІРІСПЕ
І. Теориялық бөлім.
1.1. Нұсқау бойынша теориялық бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Негізгі құрал есебі.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
3.1. Аналитикалық есеп бөлімі.
3.2. Кассалық есеп бойынша есеп айырысу.
3.3. Есеп айырысу бойынша есеп айрысу.
3.4. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу.
3.5. Тапсырыс берушілермен сатып алушылар есеп айырысу.
3.6. Банк несиелер есебі.
3.7. Бюджет есеп айырысу.
3.8. Қаржылық есеп беруді толтыру.
ІV. Қорытынды . бекіту.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту»- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі.
Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан «Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті» тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып табылады.

1. "Бухгалтерлік есеп жоне крржылык, есеп беру туралы" 2002 жылгы 24 маусымдагы Қазақстан Республикасының №309-1/ заңы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республи-
касындагы аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылгы 20 қараиш-
дагы №20 заң күші бар жарлыгы (2001 жылгы 15 қарашадагы
өзгертулер жоне толықтырулармен).
3. "Салық жонв бюджеткв төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы " 2001 жылгы 12 маусымдагы №209-11 Қазақстан Респуб-
ликасының салық кодексі.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Акционерлік қогамдар
туралы " 1998 жылгы 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлыгы.
5. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының
Үлттық комиссиясы. — Алматы, 1996-2003 ж.
6. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары. (аудармашы
Тарусина В.И.), - М., 1998.
7. Халықаралық бухгалтерлік есеп жоне аудит стандарттары.
(қүрастырушы Рапопорт М.М.), — М., 1992.
8. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Қазақстан
Республикасы қаржы министрлігінің 2002 жылгы 18 қыркүйектегі
№438 буйрыгымен бекітілген.
9. Андреев В.Д. Практтескші аудит. — М.: Экономика, 1994.
10. Андросов А.М. Бухгалтерскии учет. — М.: Финансы и статис-
тика, 1996.
11. Әбдіманопов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы жоне принциптері.
- Алматы: АЙАН, 2001.
12. Безруких П.С. Бухгалтерский учет. — М., 1996.

Жоспар
КІРІСПЕ
І. Теориялық бөлім.
1.1. Нұсқау бойынша теориялық бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Негізгі құрал есебі.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
3.1. Аналитикалық есеп бөлімі.
3.2. Кассалық есеп бойынша есеп айырысу.
3.3. Есеп айырысу бойынша есеп айрысу.
3.4. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу.
3.5. Тапсырыс берушілермен сатып алушылар есеп айырысу.
3.6. Банк несиелер есебі.
3.7. Бюджет есеп айырысу.
3.8. Қаржылық есеп беруді толтыру.
ІV. Қорытынды – бекіту.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту,
экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын
мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 атты стратегиялық
бағдарламасында Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды
бағыты шағын және орта бизнесті дамыту- деп атап көрсетуі дәлел бола
алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін
жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға
мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге
бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине
олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын
қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық
стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын
талап өте күрделі.
Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары
шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға,
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық
материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын
тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін
айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін
кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі,
сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай
жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан Негізгі құралдардың қозғалысының
есебі және аудиті тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып
табылады.
І. Теориялық бөлім.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт
бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін,
көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жүмысқа,
көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде
біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жаб-дықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және
олардың бағдарламалық құралдары, келік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, онім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қаты-суына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі қүраддар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарыңда
пайда-ланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: ендіріске арналеайг үйлер,
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, қүрылыс машиналары, көлік тасымалдау
құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш
аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі
құралдар жатады. Оларға түрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
салаларында пайдаланатын негізгі құраддар және тағы да басқа негізгі
құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің
түрлеріне қарай барлық негізгі қүраддар: енеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман
(тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдыктау және сату-еткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек
көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай
топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса
орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы
негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тск қана
үйымның негізгі шаруашылығының түрінс ғана қызмет істейтін (жасайтын)
болса, оңда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол
кәсіпорынның атқаратын қызметі саласыңдағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс
сыртындағы "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс
істейтін, жүмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған,
белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда түрған негізгі құралдардың қатарына келешекге, яғни алдыңғы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп
есептеледі:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлық - материалдық қорлар немесе
б) қаржылық инвестициялар.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған
бу казаны сол.зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып
алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды
келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материаддықөндіріс саласында да, өндірістікемес
(әлеуметгік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құрадцарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе
ағаштары; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты
машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу
аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман;
өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім
беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз)
шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құраддардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік
құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Негізгі құрал есебі.
Кәсіпорында пайдаланылатын және бухгалтерлік есепте есептелінуге
жататын негізгі құралдар деп- өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық
уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке біртіндеп бөлініп - бөлініп есептелген амортизациялық аударым
мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады. Ұйымдарда негізгі құралдың есебі № 6 Негізгі қорлар есебі деп
аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы негізгі құралдарға- қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалар және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, өнім және жұмыс малдары,
көпжылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.
Көлемінің түріне, бағасының арзан- қымбаттылығына қарамастан пайдалану
мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына
жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның
қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар,
күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар,
сондай- ақ құрылыс- монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған
қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар
мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
a) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма);
b) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар);
c) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер);
d) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, электроаппараттық
трансформаторлар, эксковаторлар, бетон араластырғыш машина, көтергіш
крандар, бульдозерлер, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар,
монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар);
e) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар);
f) құрал- саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер);
g) шаруашылық құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар);
h) жұмыс және өнім малдары;
i) көпжылдық көшеттер мен өсімдіктер;
j) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
k) жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын;
l) басқа да негізгі құралдар
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы

құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатқызылады.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнымен,
ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны- ол активті сатуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге орнатуға кеткен шығындарын, сондай- ақ сатып алу барысында
төленген салық салаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін
төленетін процент салалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін
жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез- келген шығындардың
жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны- бұл шаруашылық ұйымның белгілі бір
уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып
табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны- негізгі құралдардың пайдалану
мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты болатын
келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны- бұл кез- келген екі жақтың,
яғни негізгі құралдардың сатушы мен алушының арасындағы келісілген құны
болып табылады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни
бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына
келтіру құны деп аталады. Шаруашылық ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті
түрде қайта бағалағаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен
есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып
жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау
жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуі 12- бас
шоттың тиістісінің дебитіне 541- Негізгі құралдарды қайта бағалаудан
түскен қосымша төленбеген капитал шотының кредитіне жазылады.
Кез- келген кәсіпорындар өздеріне азғана уақытқа қажетті яғни уақытша
қажет болған негізгі құралдарды басқа ұжымдардан жалға алуларына болады.
Сондай- ақ кәсіпорын өзінің балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланылмай
немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдардын басқа ұйымдарға
уақытша жалға берулеріне болады. Ол үшін екі шаруашылық ұйымның, яғни
негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісім-
шарт жасалынуы тиіс. Бұл келісім- шартта жалға алынатын немесе жалға
берілетін негізгі құралдардың аталынуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны,
тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық
төлемақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе берілген уақытта бұл
негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтініндегі
және қайсы ұйымның есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер
көрсетілуі қажет.
Жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға
алынуы немесе берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді:
• қысқа мерзімді жалдағы негізгі құралдар
• орта мерзімді жалдағы негізгі құралдар
• ұзақ мерзімді жалдағы негізгі құралдар
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе
қысқа мерзімге жалға беру деп- бір жылға дейінгі уақытта жалға алынған
немесе жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Халықаралық стандартта
жалдың бұл түрін Хайринг деп атайды. Жалдың бұл түрлерін жалға алғанда
немесе бергенде жалға алушы шаруашылық субъектісі сол негізгі құралдарды
жалдық мерзімі аяқталғаннан кейін олардың иесіне қайтарып береді. Шарашылық
субъектілерінде орта жыне қысқа мерзімдерге жалға алынған негізгі құралдар
001- Жалға алынған негізгі құралдар деп аталатын баланс сыртындағы шоттың
дебитінде есептелінеді. Ал бұл негізгі құралдар өз иесіне, яғни жалға
берушіге қайтарылған уақытында бұл жоғарыда аталған 001- шоты
кредиттелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімге жалға алынған
негізгі құралдар үшін төлейтін жол төлеміне 937- Жол төлемі деп аталатын
шотты кредиттейді. Ал кәсіпорын бұл есептелген жол төлемін төлеген жағдайда
687- Басқадай есептелінген шығындар шотын дебиттеп, № 4 Ақшалар және
қаржылық инвестициялар деп аталатын бөлімі шоттарының (431, 432,451 және
452- шоттарының) тиістілерін кредиттейді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда
негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу немесе жалға беру
ұзақ мерзімді жал түріне жатқызылады. Жалдың бұл түрі халықаралық
стандартта Лизинг деп те аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі
құралдарды ұзақ мерзімге жалға алудың немесе берудің өзі жай және
қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе жалға
берілген негізгі құралдар өзінің жал туралы келісім- шарттарында
көрсетілген мерзімі аяқталғаннан соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын
болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ
мерзімге жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша
келісім- шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң негізгі құралдарды жалға
алушының сатып алуына құқығы бар болып таблады. Кәсіпорындар мен ұйымдар
негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда Айналымнан тыс активтер
деп аталатын бөлімнің 12- бас шотының тиісті дебиттелініп, 683- Жолдық
міндеттеме шоты кредиттелінеді. Осы ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар үшін шаруашылық субъектісі жол төлемін төлегенде 683- Жолдық
міндеттеме шоты дебиттелініп, Ақшалар бөлімі шоттарының тиістілері
кредиттелінеді.
Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға бергенде 842- Негізгі
құралдарды есептер шығару бойынша шығындар деп аталатын шот дебиттелініп,
12- бас шоттары бөлімшесінің тиісті шоттары кредиттелінеді. Ал бұл ұзақ
мерзімге жалға берілген негізгі құралдардан алынатын табыс 334- Басқадай
дебиторлық борыш деп аталатын шоттың дебитіне, 727- Негізгі емес
қызметтер алынатын басқадай табыстар деп аталатын шоттардың тиістісінің
кредитіне жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ұзақ мерзімге алынған негізгі құралдардың
аналитикалық есебі олардың түрлері бойынша және әрбір инвенторлық
объектілері бойынша бөлек жүргізіледі. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдардың жалға алынған мерзімдерінен бұрын иесіне қайтарылуы
бухгалтерлік есепте былайша есептеледі;
Жалға алынған уақытта:
Келісім- шарт бойынша әзірге төленбеген жол төлемдеріне 683- Жолдық
міндеттеме шоты дебиттелініп, 12- бас шоттың тиісті бөлімшесінің шоттары
кредиттелінеді. Сонымен қатар есептелген тозу саласына 13- Негізгі
құралдардың тозуы бас шоттың тиісті бөлімше шоттары дебиттелініп, 12-
Негізгі құралдар бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.
Жалға берілген уақытта:
Жалгер қайтарып берген негізгі құралдардың қалдық саласына 12-
Негізгі құралдар бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебиттелініп, 334-
Басқадай дебиторлық борыштар шоты кредиттелінеді. Сонымен қатар оларға
есептелінген тозу сомасына 12- Негізгі құралдар бас шотының тиісті
бөлімше шоттары дебиттелініп, 13- Негізгі құралдардың тозуы бас шотының
тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
3.1. Аналитикалық есеп бөлімі.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру,
тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға
беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен
артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондығылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив
ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау
мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканық барлық салаларында
бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
-деп өндірісте қызмет ететін,яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды
айтады.Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар,
өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары
мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың

ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік
емес негізгі құралдардың қатарына шаруашы-лықтың өндірістен басқа
салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Оларға тұрмыстық үй-
жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру
және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар
жатқызылады.Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне
қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару

көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен
қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты
негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында
қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен
өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы
қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
-Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
-Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
-Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
-Көлік құралдары;
-Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті,
яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге
бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс
істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтіннегізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі
себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады.

уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын
негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар

стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі
ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның
ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар,
сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін
жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын
анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындар жатады:
алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау
шығындары;
тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
орнатуға байланысты шығындар;
• архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби
қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып
алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура
сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін
өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең
болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс ондай негізгі құралдардың құнын
есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының
бөлімшелерінде, яғни мына активті шоттарда жүргізіледі:
2411-шот —жер;
2412-шот - үйлер мен ғимараттар;
2413-шот - машиналар мен жабдықтар;
2414-шот - көліктер құралдары;
2415-шот - компьтерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу
жөніндегі жабдық;
2416-шот - кеңсе жиьазы;
2417-шот-өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни
көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы
көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық
бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық
объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект -деп өзінің
құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен
сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен
жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша
жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни
қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды
айтады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың
тиісті түрде сақталуын қоптпмасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға
инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға
берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен
шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске
алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық номер негізгі
құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.
Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады.
Мүндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек
сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі
құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсететіндей етіп
тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық
номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын
ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар
ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық
төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін
жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
-Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
-Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозалысын есепте уақытылы
және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
-Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына
бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды
жүзеге асыру;
-Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен
байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау;
-Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің
деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал
ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс
саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Кассалық операцияларды толық материалдық жауапкершілікке міндетті
кассир жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның басшысының жазбаша рұқсатымен ақша-қаражаттарын кассаға
келіп түседі және кассадан беріледі. Кассаға ақша-қаражаты (ф.№ КО-1) кіріс
кассалық ордерімен кірістеледі, берілуі – кассалық шығыс ордері (ф.№ КО-2)
бойынша, олардың бәрі бухгалтерияда кіріс және шығыс құжаттары журнал
регистрлерінде тіркеледі. Касса бойынша шаруашылық операцияларды кассир
(кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде) кассалық кітапқа тіркеумен
жүргізеді, кассалық кітаптың әр-бір беті екі бөлімнен және көшірмемен (под
копирку) толтырылады. Бірінші данасы кассалық кітапта қалады, екіншісі
жыртылады, кассалық кіріс және шығыс ордерлеріне қосымша кассирдің есеп
беруі болып табылады.
Бухгалтерияда кассалық есеп беруден мәліметтер 1010-шоттың кредиті
бойынша №1 журнал-ордерге және 1010-шоттың дебеті бойынша №1 ведомостке
апарылады.
Журнал-ордер және ведомостегі жазулар сызықты-позициялық әдіспен
жүргізіледі. Әр-бір есеп берулер үшін бір жол арналған. Өткен ай бойынша
айналым есептелінеді, ай соңында жаңа қалдық шығарылады. №1 журнал-ордерден
жиынтық мәліметтер ай соңында Бас кітапқа көшіріледі (апарылады).
Кассалық операциялар есебі бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
1. 1010 Кассадағы ақша қаражаты шоты бойынша төменде берілген операциялар
мазмұнына шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
2. кіріс және шығыс кассалық ордерлерін толтыру.
3. кассалық кітапты толтыру және кассалық есеп беруді құру.
4. №1 журнал-ордерді және №1 ведомості толтыру.
1010 Кассадағы ақша қаражаты шоты
1.01.200_ ж қалдық – 7500 теңге
р\с Мерзімі Операциялар мазмұны Дебет Кредит Соммасы
№
1. 3.01.200_ ПКО №1 Дүкен арқылы сатқан 51200
өнімнен табыс кірістелінді
2. ҚҚС 13% 6656
3. 4.01.200_ РКО №1 қолма-қол жарна 57856
хабарламасына №1 квтанция. Өнім
өткізуден алынған табыс
ағымдағы шотқа өткізілді
және ҚҚС.
4. ПКО №2 кассаға Қадыровтен 20450
материалдық зиян өтелінді
5. 5.01.200_ ПКО №3 №375421 чек бойынша 540000
ағымдағы шоттан еңбек ақы,
іс-сапар және шаруашылық
шығындары үшін алынды
6. 6.01.200_ РКО №2 №1 төлем ведомосі 340000
бойынша желтоқсан айына еңбек
ақы беріледі.
7. 7.01.200_ РКО №3 О.В.Оспановқа шаруашылық 49062
шығындарға аванс берілді
8. 12.01.200_ РКО №4 И.В.Идрисовқа іс-сапар 40800
шығындарына аванс берілген
РКО №5 И.В.Идрисовқа материалды 1000
құндылықтарды алуға авансық
есеп бойынша артық жұмсалған
сома берілді
9. 15.01.200_ РКО №5 К.В.Киреевке материалды 57250
құндылықтарды алуға аванс
берілді
10. 18.01.200_ ПКО №4 кассаға К.В.Киреевтан 500
аванс сомсының қолданылмағаны
қайтарылды
11. 19.01.200_ РКО №6 К.В.Оспановқа отпускной 44000
берілді
12. 20.01.200_ РКО №7 К.В.Кадыровқе шаруашылық 14000
шығындарына аванс берілді
13. 23.01.200_ РКО №8 К.В.Кадыровқе аванстық 300
есеп беруі бойынша артық
жұмсалғаны өтелінді
14. 31.01.200_ РКО №9 тұтыну қорынан 22000
материалдық көмек берілді

Есеп беретін сомалар деп мекеменің кассасынан жұмысшыларға шаруашылық
шығындарға және іс-сапар бойынша шығындарға берілген ақшалай аванстарды
айтады. Іс-сапар шығындары жұмысшыларға Қазақстан Республикасына қаржы
Министрлігі бекіткен мөлшер бойынша қайтарылып беріледі.
Қайтарылып берілетін шығындар.
1. екі жақ соңына жол ақы билеті (проездные билеты в оба конца)
2. есептік көрсеткіш көлемінді тәуліктік шығын (бір жылға бюджетпен
бекітіледі)
3. жалданған тұрғын-үй шығындары – ұсынылған квитанциялары бойынша, егер
жалданған тұрғын-үй шығындарын куәландыратын құжаты болмаса шығынның 50%
тәуліктік мөлшерінде қайтарылады.
Іс-сапарға жіберілген тұлғаға іс-сапар құжаты беріледі, бухгалтерия
кассадан берілетін, іс-сапар шығындарын есептеулерін жүргізеді. Есеп
беретін тұлғалар белгіленген мерзім ішінде куәландыратын құжаттар негізінде
нақты жұмсалынған сомма жайлы есеп беруін ұсынуға міндетті. Іс-сапар
шығындары жайлы есеп беру, іс-сапардан келгеннен кейін бухгалтерияға үш
күннің ішінде табыс етулері керек.
Бухгалтер аванстық есеп беруді тексереді және субъектінің басшысының
бекітуіне жататын шығыс етілетін сомманы анықтайды. Есеп беретін сомма
қаражаты кассадан беріледі.
Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалық есебі №7 журнал-ордерде
әр-бір аванстық есеп берулер бойынша жүргізіледі.
Орындау қажет:
1. Шоттар корреспонденциясын құру.
2. Іс-сапар құжатын толтыру.
3. Аванстық есеп беруді құру.
4. №7 журнал-ордерді толтыру.
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz