Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі



Кіріспе
I. Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.1.Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және маңызы.
1.2.Кәсіпкерлік түрлері мен формалары.
1.3.Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар.
II. Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін талдау.
2.1.Ќазақстандағы кәсіпкерлікті талдау.
2.2.РФ кәсіпкерлік қызметінің дамуын талдау.
2.3.Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті талдау
2.3.1. АЌШ еліндегі кәсіпкерлікті талдау.
2.3.2. Жапония еліндегі кәсіпкерлікті талдау.
2.4.Еуропа елдеріндегі кәсіпкерліктің даму қызметі талдау
2.4.1.Германия еліндегі кәсіпкерлік.
2.4.2.Болгария еліндегі кәсіпкерлік.
III.Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
4.Европа елдеріндегі кәсіпкерлік
Кәсіпкерліктің даму тарихы орта ғасырлардан басталады. Бұл уақытта саудагерлер, мисссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болып саналады. Жиі кәсіпкерлер өндіріс құралдарының меншік иесі бола тұрып, өз фабрикасында, өз заводында еңбек еткен.
ғ. ортасында акционерлік капитал пайда болды да, акционерлік қоғам ұйымдастырылды. Алғашқы акционерлік компаниялар халықаралық сауда сферасын пайда болды. Ресеймен сауда қатынасын жасау үшін ең бірінші ағылшын сауда компаниясы құрылды. Кейін 1600ж. ағылшындық Ост-Индиялық сауда компанисы, 1602ж. гоолландиялық Ост-Индиялық компания, 1670ж. Гудзон шығанағының компаниясы құрылды. Содан соң шаруашылықтандың акционерлік формасы экономикалық басқа салаларына енді. ғ –дың аяғында алғашқы акционерлік банктер пайда болды. Осылай 1694ж. акционерлік бастаулардан Ағылшын банкі құрылды, 1695ж. Шотландия банкі. ғ. аяғында және ғ. басында банктің істі ұйымдастырудың акционерлік формасы көптеген елдерге кең дамыды. Бұл кезде бұрын болған ірі фирмалардың меншіктері салымшылардың жүргізген, мыңдаған пайларына бөлінді. Шағын және ірі бизнес арасындағы айырмашылық одан ары кеңейді. Бұл жағдайларда шағын фирмалардың өмір сүруі өте қиынға соқты. Осы кезде жаңа мамандық менеджерлер – басқарушы және ірі өндірістің ұйымдастырушысы пайда болды. Бұрын бір тұлғаға көзделген кәсіпкерлік функциялары маманданған бағыт бойынша бөлінеді. Экономистер, бұғалтер, қаржыгерлер, заңгерлер, технологтар пайда болды. Осылардың барлығының үстінен көптеген қызметтерден босатылған менеджерлер иелік етті.
Кәсіпкер және кәсіпкерлік түсініктері нені білдіреді? Бұл түсініктерді ең алғаш ғ. аяғында ғ. басында ағылшын экономисі Ричард Континион қолданды. Оның ойынша, кәсіпкер – тәуекел жағдайында әрекет ететін адам, ол байлықтықтың қайнар көзі экономикалық игіліктердің нақты құнын анықтайтын жер және еңбек болып табылады.
Кейін ғ. аяғында ғ-дың басында белгілі француз экономисі Ж.Б. Сәй Саяси экономикалық трактаты атты кітабында кәсіпкерлік қызметтің анықтамасын берді. Бұл анықтама бойынша, кәсіпкерлік қызмет – бұл ұш өндірістік фактордың – жердің, капиталдың, еңбектің үйлесуі мен қосылуы. Сәйдің негізгі тезисі өнімді өндіруде кәсіпкерлердің белсенді рөлінде құралады. Оның ойынша, кәсіпкердің табысы оның еңбегі үшін сыйақы беру, өндірісті ұйымдастыру қабілеттілігі және өнімді өткізу қабілеттілігі болып табылады. Оның айтуынша, кәсіпкер – бұл өз пайдасына және өзінің тәуекелінен белгілі бір өнімді шығара алатын тұлға.
Бірақ экономикалық ғылымның негізін салған классиктерді кәсіпкерлер тұлғалы көп қызықтырмайды. Кәсіпкерлік қызмет олардың ғылыми анализінің пәні бола алмады. Ағылшын экономистері А.Смит және Д.Рикардо экономиканы өзін-өзі реттейтін механизм ретінде санады. Бұндай механизмде кәсіпкерлікке жол болмады. Сонымен қатар өзінің негізгі еңбегінде А.Смит кәсіпкер сипаттамасына көңіл бөлген. Оның ойынша, кәсіпкер капиталдың меншік иесі бола тұра пайда табу үшін, белгілі бір коммерциялық идеяны өткізу үшін тәуекелге барады, өткені осы немесе іске капитал салу әрқашан тәуекел элементтерінен құралады. Смиттің айтынша, кәсіпкерлік табыс – бұл тәуекел үшін меншік иесінің компенсациясы.
Ќорыта келе кәсіпкер және менеджер түсініктері жиі сәйкес келеді деп айтуға болады, бірақ олардың біреуі- меншік иесі, ал басқасы – басқарушы. Көптеген меншік иелері менеджерлердің функциясын атқарады және көптеген менеджерлер өндірістік қаражаттардың меншік иелері болады.
Кәсіпкер түсінігіне кәсіпкерлік түсінігі де жақын тұрады. Кәсіпкерлік бұл ұйымдармен, кәсіпорындармен және жеке тұлғалармен тауарларды сату және иемдену немесе қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1. Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі.

1.1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және маңызы.

Кәсіпкерліктің даму тарихы орта ғасырлардан басталады. Бұл уақытта
саудагерлер, мисссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болып саналады. Жиі
кәсіпкерлер өндіріс құралдарының меншік иесі бола тұрып, өз фабрикасында,
өз заводында еңбек еткен.
(((ғ. ортасында акционерлік капитал пайда болды да, акционерлік қоғам
ұйымдастырылды. Алғашқы акционерлік компаниялар халықаралық сауда сферасын
пайда болды. Ресеймен сауда қатынасын жасау үшін ең бірінші ағылшын сауда
компаниясы құрылды. Кейін 1600ж. ағылшындық Ост-Индиялық сауда компанисы,
1602ж. гоолландиялық Ост-Индиялық компания, 1670ж. Гудзон шығанағының
компаниясы құрылды. Содан соң шаруашылықтандың акционерлік формасы
экономикалық басқа салаларына енді. ((((ғ –дың аяғында алғашқы акционерлік
банктер пайда болды. Осылай 1694ж. акционерлік бастаулардан Ағылшын банкі
құрылды, 1695ж. Шотландия банкі. (((((ғ. аяғында және (((ғ. басында банктің
істі ұйымдастырудың акционерлік формасы көптеген елдерге кең дамыды. Бұл
кезде бұрын болған ірі фирмалардың меншіктері салымшылардың жүргізген,
мыңдаған пайларына бөлінді. Шағын және ірі бизнес арасындағы айырмашылық
одан ары кеңейді. Бұл жағдайларда шағын фирмалардың өмір сүруі өте қиынға
соқты. Осы кезде жаңа мамандық менеджерлер – басқарушы және ірі өндірістің
ұйымдастырушысы пайда болды. Бұрын бір тұлғаға көзделген кәсіпкерлік
функциялары маманданған бағыт бойынша бөлінеді. Экономистер, бұғалтер,
қаржыгерлер, заңгерлер, технологтар пайда болды. Осылардың барлығының
үстінен көптеген қызметтерден босатылған менеджерлер иелік етті.
(Кәсіпкер( және (кәсіпкерлік( түсініктері нені білдіреді? Бұл
түсініктерді ең алғаш ((((ғ. аяғында (((((ғ. басында ағылшын экономисі
Ричард Континион қолданды. Оның ойынша, кәсіпкер – тәуекел жағдайында
әрекет ететін адам, ол байлықтықтың қайнар көзі экономикалық игіліктердің
нақты құнын анықтайтын жер және еңбек болып табылады.
Кейін (((((ғ. аяғында (((ғ-дың басында белгілі француз экономисі Ж.Б.
Сәй (Саяси экономикалық трактаты( атты кітабында кәсіпкерлік қызметтің
анықтамасын берді. Бұл анықтама бойынша, кәсіпкерлік қызмет – бұл ұш
өндірістік фактордың – жердің, капиталдың, еңбектің үйлесуі мен қосылуы.
Сәйдің негізгі тезисі өнімді өндіруде кәсіпкерлердің белсенді рөлінде
құралады. Оның ойынша, кәсіпкердің табысы оның еңбегі үшін сыйақы беру,
өндірісті ұйымдастыру қабілеттілігі және өнімді өткізу қабілеттілігі болып
табылады. Оның айтуынша, кәсіпкер – бұл өз пайдасына және өзінің
тәуекелінен белгілі бір өнімді шығара алатын тұлға.
Бірақ экономикалық ғылымның негізін салған классиктерді кәсіпкерлер
тұлғалы көп қызықтырмайды. Кәсіпкерлік қызмет олардың ғылыми анализінің
пәні бола алмады. Ағылшын экономистері А.Смит және Д.Рикардо экономиканы
өзін-өзі реттейтін механизм ретінде санады. Бұндай механизмде
кәсіпкерлікке жол болмады. Сонымен қатар өзінің негізгі еңбегінде А.Смит
кәсіпкер сипаттамасына көңіл бөлген. Оның ойынша, кәсіпкер капиталдың
меншік иесі бола тұра пайда табу үшін, белгілі бір коммерциялық идеяны
өткізу үшін тәуекелге барады, өткені осы немесе іске капитал салу әрқашан
тәуекел элементтерінен құралады. Смиттің айтынша, кәсіпкерлік табыс – бұл
тәуекел үшін меншік иесінің компенсациясы.
Ќорыта келе (кәсіпкер( және (менеджер( түсініктері жиі сәйкес келеді
деп айтуға болады, бірақ олардың біреуі- меншік иесі, ал басқасы –
басқарушы. Көптеген меншік иелері менеджерлердің функциясын атқарады және
көптеген менеджерлер өндірістік қаражаттардың меншік иелері болады.
(Кәсіпкер( түсінігіне (кәсіпкерлік( түсінігі де жақын тұрады.
Кәсіпкерлік бұл ұйымдармен, кәсіпорындармен және жеке тұлғалармен
тауарларды сату және иемдену немесе қызмет көрсету бойынша жүзеге
асырылатын қызмет түрі.

1.2 Кәсіпкерлік түрлері мен формалары.

Кәсіпкерлік қызметінің барлық көптүрлілігі әр түрлі белгілері бойынша
классификацияланады: қызмет түріне, меншік формасына, меншік иесінің
санына, ұйымдық-құқықтық және ұйымдық экономикалық формаларына, жалдамалы
еңбекті пайдалану деңгейіне және т.б.
Кәсіпкерлік қызметті түрі бойынша өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
консультативтік деп бөлуге болады. Осы түрлердің барлығы бірге немесе бөлек
қызмет етуі мүмкін.
Меншік формасы бойынша кәсіпорын мүлкі жеке, мемлекеттік,
муниципалдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік кезінде меншік бір физикалық
тұлғаға тиесілі. ұйымдық кәсіпкерлік – бір уақытта әр біреуінің үлесін
анықтаумен немесе үлесті анықтаусыз бірнеше субъектілерге тиесілі меншік.
ұйымдық меншікте болатын мүлікті пайдалану, иелік ету және иемдену барлық
меншік иелерінің келісі бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік формасын өз кезегінде ұйымдық – құқықтық және ұйымдық –
экономикалық деп бөлінеді. Ұйымдық-құқықтық формаға серіктестік, қоғам,
кооперативтік жатады.
Серіктестік – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
тұлғалардың бірігуі. Серіктестіктердің басты артықшылығы қосымша капиталды
мүмкіндігі болып табылады. Осы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық
формасының кемшіліктері( қатысушылардың әр біреуі салымшылардың көлемінен
тәуелсіз тең материалдық жауапкершілікте болады. Серіктестіктердің
қатысушылары 2 топқа бөлінеді( толық серіктестік ( жауапкершілігі шесіз
серіктестік( және командиттік серіктестік ( жауапкершілігі шектеулі
серіктестік(. Комендиттік серіктестіктерде серіктестердің бір бөлігі
шексіз, ал екіншісі шектеулі жауапкершілікте болады.
Ќоғам шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында салымдарын
біріктіру жолымен кем дегенде 2 адам немесе заңды тұлғалардың келісімі
бойынша құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қоғам қатысушылары оның
міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек қана өздерінің салған салымдар
құны шегінде жауап береді. Ал, қосымша жауапкершілігі бар қоғам
қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді.
Акционерлік қоғам кең таралған болып таралады. Олардың ерекшелігі
бағалы қағаздарды шығару жолымен керекті қаражаттарды иемдену құқығының бар
болуы. Осы акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиесілі акцияның құны
шегінде өз қызметінің нәтижесі үшін жауапты болады.
Өнеркәсіптік немесе басқа шаруашылық қызметтері үшін тұлғалардың
тобымен құрылған кәсіпорын кооператив деп аталады.
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-экономикалық формаларына концерн,
ассоциация, консорциум, синдикат, картельдер, қаржылық-өнеркәсіптік топтар
жатады.
Концерн бұл қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық
акционерлік қоғам. Концерн оған деген қатынасы бойынша еншілес
болыптабылғандықтан әр түрлі компаниялар акцияларының бақылау пакетик
иемденеді. өз кезінде еншілес компаниялар басқа елдерде орналасқан
акционерлік компаниялар акцияларының бақылау пакетін иемденуі мүмкін.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорынның, ұйымның ерікті
қосылуының формасы. Ассоциация құрамына белгілі бір территорияда орналасқан
бірмаманданған кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Ассоциацияны құрудың
негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік
және т.б. мәселелерді бірлесіп шешу.
Консорцизм – үлкен қаржылық операцияны бірлесіп жүргізу мақсатымен
кәсіпкерлердің бірігуі. Бұндай біріккен кәсіпкерлердің ірі жобаларға
қаражат салуға мүмкіндігі болады. Бұл кезде үлкен салымдар кезінде пайда
болатын тәуекел азаяды, өйткені жауапкершілік көптеген қатысушыларға
жатқызылады. Ѓылыми-техникалық ревалюция жағдайында консорцизмдер жаңа
салаларда пайда болады және бірлесіп ғылыми зерттеулерді жүргізуді
қарастырады.
Синдикат – бәсекелесті жою мақсатымен бір саладағы кәсіпкерлердің
өнімдерін өткізу бірлестігі.
Картель - өнімге, қызмет көрсетуге баға туралы, өткізу нарығын бөлу
туралы бір саладағы кәсіпкерлердің келісімі.

1.3. Кәсіпкерліктің экономикалық,, әлеуметтік,

құқықтық жағдайлары.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін белгілі бір жағдайлар керек(
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. экономикалық жағдайлар бұл ең
алдымен тауар ұсыну және оларға деген сұраныстың болуы, тауар түрлері, ақша
–қаражат көлемі, жеткіліксіз жұмыс орындары мен жұмыс күші, бұлар өз алдына
жұмыскерлердің еңбек ақысына, яғни тауарларды иемдену мүмкіндіктеріне әсер
етеді.
Экономикалық жағдайларға ақшалай ресурстардың бар болуы және оларға
қол жеткізу, инвестицияланған капиталға табыс деңгейі әсер етеді. Сондай-ақ
өздерінің іскерлік операцияларын қаржыландыру үшін кәсіпкерлер көмек сұрап
баратын және оларға қарыз беруге дайын несиелік мекемелердің зияндық
қаражаттарының көлемі маңызды түрде әсер етеді.
Бұның бәрімен көптеген әртүрлі нарықтық инфроқұрылымды құрайтын
ұйымдар айналысады, бұлардың көмегімен кәсіпкер өзінің іскерлік қарым-
қатынастарын және коммерциялық операцияларын жүзеге асыра алады. Бұл ең
алдымен банктер-қаржылық қызмет көрсету( жабдықтаушылар-шикізатпен,
материалдармен, жартылай дайын өнімдермен, отынмен, энергиямен және т.б.
қамтамасыз ету( бөлшек және көтерме саудагерлер – тұтынушыларға тауарды
жеткізу бойынша қызмет көрсетулер( маманданған фирмалар мен мекемелер –
бұхгалтерлік, делдалдық заңдық, профессионалдық қызмет көрсетулер( жұмысқа
орналастыру агенттігі – жұмыс күшін таңдауда көмек көрсету керек, оқу
орындары – жұмыскерлерді және қызметкерлерді оқыту( басқа да агенттер –
жарнамалық, транспорттық, сақтандыру және т.б. қызметтерді іске асырады.
Кәсіпкерлік құрылуының әлеуметтік жағдайлары экономикалық
жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл ең алдымен сатып алушының белгілі бір
талғамына сай келетін тауарларды иемденуге деген ынта. Бұл қажеттіліктер
әртүрлі этапта өзгеріп отыруы мүмкін. Єлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді әдет-
ғұрыптың және діни нормалар маңызды рөл атқарады. Бұл нормалар тұтынушының
өмір сүру жағдайына және тауарға деген сұранысына тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінен қанағат алуы керек. Ол
өз қызметкерлерінің еңбегіндегі әлеуметтік сұрақтарды шешуге қатысады(
олардың денсаулығын және жұмыс орнын сақтау т.б.
Кәсіпкерліктің қалыптасуында дайындық, қайта дайындау және кадрлардың
квалификациясын көтеру маңызды рөл атқарады( кәсіпкерлік қызметті қазіргі
уақыттағы әдіспен оқытуды ұйымдастыру, кадрларды оқыту және қайта оқыту,
дамыған елдерден олардың сынақтан өтуі, кеңес беретін орталықтар құру,
кәсіпкерлерді оқыту үшін оқытушылар кадрларын дайындау және қайта
дайындауды ұйымдастыру және т.б.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес келетін құқықтық орта шегінде
қызмет етеді. Сондықтан керекті құқықтық жағдайларды құру маңызды орын
алады.бұл ең біріншіден, кәсіпкерлік қызметті реттеуші заңдардың бар болуы,
кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу, яғни кәсіпорынның ашылуын
және тіркелу процедураларын жеңілдету, жеңілдету, мемлекеттік
бюрократизмнен кәсіпкерлерді қорғау, өндірістік кәсіпкерлік қызметті
мативациялау бағытында салықтық заң шығаруды жетілдіру, шет елдермен
бірігіп, отандық кәсіпкерлікті дамыту. Бұған шағын кәсіпкерлікті қолдау
үшін аймақтық орталықтарды құру және есепке алу әдістерімен статистикалық
есептеу формаларын жетілдіру керек. Сол сияқты, кәсіпкерлік қызметтің
құқықтық кепілдік мәселелері бойынша заңдық инициативаларды дайындау да
маңызды рөлге ие болады.

II.Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін талдау.

2.1.Қ азақстандағы кәсіпкерлікті талдау.

Кәсіпкерлікті дамыту үдерісінің ұзақтығы мен күрделігі бұл үдерісті
бағдарламалық-мақсаттық басқару қажеттілігін тудырады, сондықтан
кәсіпкерлікті дамытудың жемісті болуы көбіне орталық мемлекеттік билік
органдарына байланысты.
Кәсіпкерліктің перспективалық дамуы екі негізгі бағытқа бағдарланады:
1. Ірі ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдар құру (экономиканы
тұрақтандыруға және басқарымды қылуға, ғылыми-техникалық жаңалықтарды кең
көлемде іске асыруға жол ашуға тиісті) .
2. Шағын бизнесті дамыту (бәсекелестік орта құруға, өндіріске
икемділік пен жеке дербестікті қамтамасыз етуге тиісті ).
Бірінші бағыт аясында жеткілікті деңгейде қуатты жаңа типті ішкі
және сыртқы рыноктарда табысты әрекет ететін ұйымдастырушылық-шаруашылық
құрылымдар пайда болады - мемлекеттік, аралас және жеке корпорациялар,
концерндер, сондай-ақ қаржылық-өнеркісіптік топтар. Ірі және аса ірі
өндірістік компаниялардың қуатты және тармақталған қаржылық мекемелермен
(коммерциялық банктермен, сақтандыру және инвестициялық институттармен),
сондай-ақ көліктік, саудалық және ақпараттық құрылымдармен органикалық
үйлесімділігі шын мәнінде аса үлкен өндірістік және қаржылық
мүмкіншіліктерге ие қаржылық-өнеркәсіптік топтар құрайды. Мұндай топтардың
қызмет етуі қазіргі заманғы қоғамдық өндірістің өрлеуі, сондай-ақ оның одан
ірі дамуының шарты болып табылады. Қаржылық-шаруашылық топтар іскерлік
конъюктураның қатал тербелістеріне қарсы тұра алу үшін кең көлемді ғылыми
зерттеулер мен әзірлемелерді өрістету, күрделі техникалық және
технологиялық кешендерді, өндірістік кооперацияны пайдалану қажеттілігінің
әсерінен пайда болады және нығаяды. Сонымен қатар Батыстың жетекші
елдерінің даму тәжірибесі ұлттық капиталдың өзі қуатты қаржылық-
өнеркәсіптік жүйелерге айналып, мемлекеттік органдармен тығыз
әрекеттестікте болып, ұлттық және әлемдік экономиканың ерекшеліктерін
бірдей ескеретін құқықтық режимде жұмыс істеген жағдайда трансұлттық
корпорациялармен және шетелдік қаржылық-өнеркәсіптік топтармен
бәсекелестікке төтеп бере алатынын көрсетіп отыр.
Қуатты қаржылық-өнеркәсіптік топтарға қарағанда шағын кәсіпкерліктің
айырмашылығы – нарық конъюктурасының өзгерістерін жедел сезініп нарық
экономикасына қажетті икемділік береді. Шағын бизнестің бұл кескіні қазіргі
заман жағдайларында ерекше мәнге және тұтынушылық сұраныстың тез
индивидуализациялану және дифференциациялану, ғылыми-техникалық өрлеуді
жеделдету, ассортимент өндіруші тауарлар мен қызметтер күшіне ие болады.
Сонымен қатар шағын бизнес тұрғындардың едәуір қаржылық және
өндірістік ресурстарын, оның ішінде шағын бизнес болмаған жағдайда
пайдаланылмауы мүмкін еңбектік және шикізаттық ресурстарды жұмылдырады.
Шағын бизнес бәсекелестік орта қалыптастыруға мол үлес қосады, оның
жоғары монополияланған экономика үшін маңызы өте зор. Шағын бизнес оның
түрлі қызмет ету аспектілерінде көрінетіндей табиғатынан монополияға
қарсы. Бір жағынан оның құрамындағы көптеген құрамдас элементтерге, оның
жоғары динамикасына қарай ірі кәсіпорындармен салыстырғанда монополизацияға
берілу дәрежесі неғұрлым төмен. Екінші жағынан бір жақты мамандандыруда
және жаңаша технологияны пайдалануда шағын кәсіпкерлік ірі корпорациялардың
монополиялық позицияларын жоятын салмақты бесекелес болады.
Бизнестің бір қатар ғылыми-техникалық өрлеудің маңызды бағыттары -
электроника, кибернетика және информатика саласындағы жаңалықтарын жүзеге
асыруда маңызы зор.
Шағын бизнестің жұмысбастылық мәселелерін шешудегі үлесі зор.
Өнеркәсібі дамыған елдерде 50-60% жаңа жұмыс орындарынан келеді.
Ең соңы шағын бизнес әлеуметтік шиеленусішілікті жұмсартуда және
нарықтық қатынастарды демократизациялауда маңызы зор, себебі шағын
кәсіпкерлік орта класты қалыптастырудың, яғни нарықтық экономикаға тән
әлеуметтік дифференциацияға беталыстың әлсіреуінің фундаментальдық негізі
болып табылады. Барлық аталған артықшылықтар мемлекетті шағын бизнеске
барынша қолдау көрсетуге міндеттейді.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы қандай- да бір ұйымдарды шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызуға мүмкіндік беретін белгілерін анықтады:
1. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері - заңды тұлғалық білімі жоқ жеке
тұлғалар мен қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және
активтерінің жалпы құны жылына орташа алпыс еселік есептік көрсеткіштен
аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар.
2. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін
жүзеге асырады.
3. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері болатындар – заңды тұлғалық
білімі жоқ жеке кәсіпкерлер, сондай- ақ келесі ұйымдастырушылық-құқықтық
нысандағы заңды тұлғалар:
- толық серіктестік;
- коммандиттік серіктесітік;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- толық жауапкершілікті серіктестік;
- өндірістік кооператив.
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің орташа жылдық саны барлық
қызметкерлерді есепке ала отырып анықталады, оның ішінде контракт және
мердігерлік келісімдері, қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер,
бөлімшелер, өкілдіктер және басқа да осы субъектінің ерекшеленген
бөлімшелерінің қызметкерлері .
5. Қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік
субъектілері, мұндайларға өлшемдері бойынша қызмет айналымның жылдық
көлеміндегі үлесі көбірек түрі жатады.
6. Егер шағын кәсіпкерлік субъектісінің өлшеміне кіретін бір немесе
бірнеше заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік құрса, онда олардың құрылған
субъектідегі жарғылық қордағы үлесі 25 % -дан аспауы қажет.
7. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып ойындық және шоу-бизнес
саласында қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар танылуы мүмкін
емес.

2.2.РФ кәсіпкерлік қызметінің дамуын талдау.

Заңдылық осылай: кәсіпкерлікті, құрылыс және инновация сферасындағы
тиімді жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпорындар көп
болса, соншалықты осы сектордың ЖІӨ-ге қосатын үлесі және экономикалық өсу
темпі жоғары. Демек, ірі, орта және шағын бизнесті қосатын мүдделік
философиясы өте қарапайым болу керек: мемлекеттің экономикалық және
инновациялықнығаюы игі өмір сүру қарқыны мен дүниежүзіндегі елдің
авторитетіне әсер ететін жергілікті және локальді нарығынан басталады.
Бұған мысал ретінде Финляндияның экономикасының динамикалық өсуін айтуға.
Ресей федерациясының даму министрлігінің көрсеткіштері бойынша 2002
жылы 1қаңтарына дейін Ресей шағын кәсіпорындардың саны 840 мыңға азайды, ол
2001 жылы қаңтарында 890 мың еді. Бұндағы шағын кәсіпорындардағы тұрақты
жұмыскерлердің жалпы саны 7 млн. 621 мың адамға жетті, бұл 2000ж. 1
қаңтардағы жұмыскерлерден 78 мың адамға немесе 1,1 % өсті деген сөз.
Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындардың 2000ж. ішіндегі өнім өндіруі 150-
170 млрд. рубль болды. Көлеңкелі өндірісті қосқанда бұл сектор өнеркәсіп
өнімінің шығарылуының жалпы көлемін 5-6% өсірді. Шағын кәсіпорындардың
әртүрлі сала бойынша өндіріс көлемінің үлесі көрсеткіштер бойынша
сипатталады: металды қайта өңдеу және машина құрылысында – 7%, орман,
ағаш өңдеу және целюлоза – қағаз өнеркәсібінде – 8-10%, тамақ – 9-12%,
жеңіл өнеркәсіп – 9-11%.
БҰҰ-ның құжаттарында кедейшілікпен күректе үлкен маңыздылықты шағын
кәсіпкерліктің де дамуына бағытталған мақсатты қаржылық көмек алатыны
көрсетілген. Бұл көмек әлеуметтік және өндірістік инфроқұрылымының
құрылуына, жеке және жанұялық кәсіпкерлікті, шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдауға кетуі керек. Дәл шағын бизнес адамдарға жұмыс беруге қабілетті,
оларды кедейшіліктен шығаруға көмектеседі.
Бизнестің дамуында үлкен рөлді бәсеке алады. Дүниежүзілік
экономикалық форум баяндамасында бәсеке қабілеттілігінің негізгі 8 факторын
бөліп көрсетеді: экономиканың ашықтылығы және мөлдірлігі, мемлекеттің рөлі
мен саясаты, қаржы жүйесінің дамуы, өндрістік және әлеуметтік
инфроқұрылымдардың тиімділігі, технологиялық дамудың инновациялық дәрежәсі,
менеджмент деңгейі, мамандандырылу және еңбек өнімділігі деңгейі, сот
жүйесі және басқа құқықтық институттардың дамуы, ол мемлекет саясатының
мінездемесін анықтайды (либеральды және мемлекетті реттеу арқылы), сондай-
ақ институттың тұңғиығын анықтайды (өтпелі экономикадағы елдерде).
2003-2005 жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуы мемлекет тарапынан
көрсетілетін қаржылық қолдаумастабына тәуелді. Шағын кәсіпкерлік федералдық
бюджеттен 1млрд. рубльға қаржы алады (45-50млрд. рубль керек болса да).
Жаңа кәсіпкерліктің өсу саны (100-150 мың сайын), өнімнің, сатудың шығу
көлемінің өсуі және шағын кәсіпорында, заңды тұлға білімі жоқ
кәсіпкерліктегі жұмыскерлерге көмек көрсету бірнеше шарттарға тәуелді.
Бірінші шарт жағында кәсіпкерлік климатты құрумен байланысты. Бұл үшін
заңдары қабылданған региондар және муниципалиттер туралы дебюрохратизацияны
жүзеге асыру қажет. Кәсіпорындардың тіркелуін біршама жеңілдету, бақылаушы
органдармен қадағалау санын азайту, қарекеттің лицензияланатын түрлер санын
біршама азайту керек. Бұл бірден коруциялық (престі( босатады,
кәсіпкерлердің қаражат жоғарлатуын жеңілдетеді, нәтижесінде шағын
кәсіпкерлік субъектілерінде (көлеңкеден( шыққан толықтырушылық қаржылық
және материалдық ресурстар пайда болады.шағын кәсіпорындардың ЖІӨ-ге салымы
эксперттердің көрсеткіштері бойынша 3-5%, олардың негізгі қорға инвестиция
көлемі шамамен 8-10% өсуі керек.
Екінші шарт – салық басымдылығының тез және бірден азаюға деген
қажеттілік, әсіресе бастаушы кәсіпорындар үшін. Олардың ойынша бұл бағытта
түбегейлі шаралар қолдану керек. Соның бәрі жаңа өндірістік-инновациялық,
қаржылық кәсіпорындар үшін, сонымен қатар әлеуметтік кіші кәсіпкерліктер
үшін (медициналық орталық, оқу орындары, кітапхана т.б.) алғашқы 2жылда
салықтық демалыс енгізу.
Кіші кәсіпорындар үшін салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша
басқа да шаралар қарастырылып отыр:керекті шығындарды негіздеу талаптарын
жою, бұхгалтерлік штатты ұстану қажет. Сонымен қатар, шағын бизнес
салықтары мүлік салығымен бірге РФ субъектілерінің табыстарының қайнар
көзі болу керек.
Үшінші шарт – федералдық және аймақтық бюджеттен шағын кәсіпорындарды
қолдау үшін алынатын қаржылық қаражыттарды, шағын кәсіпкерлікті қолдайтын
федералдық қорладың қаражаттарын концентрациялаудың керектігі.
Төртінші шарт – тұтынушылардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыру.
Сұраныстың төмен деңгейі тауар ассортиментінің және қызмет көрсетулердің
жаңаруына, өндірісте және сауда да жаңа технологияны игеруге мүмкіндік
туғызбайды. Ресейлік өндірушілер көптеген азық-түлік өнімдерін жиі
қысқартып, жаңа өнімдердің өндірулуін баяу өсіреді. Бұл олардың
инвестициялау, жаңа технологиялардыигеру үшін қаражаттардың болмауына
әкеледі.
Шағын кәсіпкерліктің даму қарқынының өсу мүмкіншіліктерін бағалау
үшін және осы процестің РФ субъектілерінің экономикалық динамикаға әсеріне
байланысты Тихомиров В, Тихомирова И, Духон А сияқты экономистермен
инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділіктің аймақтық рейтингтерін қолдану
ұсынылды. бұл үшін негізгі экономикалық факторларды (жалпы аймақтық өнім
көлемі, шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемі, шағын кәсіпорынның саны,
шағын кәсіпорындардың негізгі қорларына инвестицияның үлесі), әлеуметтік
факторларды (жан басына шаққандағы табыс , аймақтағы жұмыссыздардың саны),
демографиялық факторлады (аймақтағы халық саны), институционалдық
факторларды (инфроқұрылым мен нарық экономикасынық институттардың
дамудәрежесі) біріктіретін көрсеткіштер қолданылады. ¦сынылған көрсеткіштер
негізінде шағын бизнестің федералдық аймақ бойынша даму рейтигтері
анықталды. (таб2.1) орталық федералдық аймақтың жетекшілік жағдайы ең
алдымен Мәскеудегі шағын бизнестің даму деңгейінің жоғарғылығымен
айқындалады. Дефолттан кейінгі экономикалық жағдайдың өзгерісі 1998 ж.
жетекші орынға Солтүстік Батыс аймағының келуіне әкеліп соқты. Шағын
кәсіпорындардың жартысы осы екі аймақта шоғырланған: Орталық – 33% және
Солт. Батыста - 15%.

2.3. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті талдау

2.3.1 АҚШ еліндегі кәсіпкерлікті талдау.

Капиталистік елдердің экономикалық және әлеуметтік өмірінде шағын
кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады. АЌШ-ғы шағын және орта бизнес 23 млн
жоғары компанияларды қамтиды, елдің ЖҰӨ-нің жартысынан көбін шығарады.
Сондай-ақ, елдің жұмысқа қабілетті халықтың 54% жұмыспен қамтамасыз етіп,
жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Экономиканың жекелеген сфераларында шағын кәсіпкерлік басымдылыққа ие
болды. Олардың көтерме сауда үлесіне жеке сектордың жалпы өнімінің – 86%,
қызмет көрсету сферасында - 81%, құрылыста – 80%, қаржы сферасында – 60%,
бөлшек саудада – 55%, өңдейтін өнеркәсіпте –21% құрайды.
Шағын фирмаларға жеке секторда қызмет ететіндердің жартысы сай келді:
қызмет көрсету сферасында –12млн, бөлшек саудада – 10,1млн, көтерме
саудада – 4,4млн, өңделген өнеркәсіпте – 8млн, құрылыста – 4,3млн,
транспортта – 2млн, өндіруші өнеркәсіпте – 0,5млн, ауыл шаруашылығында –
0,8млн, қаржы қызметінде – 3,2млн адам қызмет етті.
Жұмысбастылық мәселесін шешуде шағын бизнес ерекше маңызды рөл
атқарады. Шағын кәсіпкерліктің көмегімен 100млн артық американдықтар өмір
сүру үшін тікелей немесе жанама әдістермен қаражат табады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Шағын және орта бизнестің дамуы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
«Шағын және орта кәсіпкерлік»
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
Пәндер