Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде


РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: "Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретін-де". Тақырыптың өзектілігі: бірншіден, қоғам мен мемлекеттің өзгеруіне сәйкес, билік пен басқарумен байланысты әлеуметтік құрылымдарды зерттеу-ге деген институционалдық бағытты жетілдіру қажеттілігінің мерзімі жетті. Осындай құрылымдардың арасында мемлекеттік қызмет маңызды мағынаға ие болуына байланысты, ол басқару мен биліктегі аса маңызды қоғамдық қажет-тіліктерді қанағаттандырады; екіншіден, қоғам мен мемлекеттік қызмет диспо- зициясына сәйкес, қатынастардың жаңа түрлерінің қалыптасуы байқалуда; үшіншіден, мемлекеттік қызметтің әкімшілдік пен реттеуден басым сервистік қызметке өтуі белгіленді, яғни, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қыз-меттерді көрсету саласына бағдарлануы; төртіншіден, жоғары кәсіби мемле-кеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру қажеттілігі туындау- да.

Жұмыстың құрылымы: реферат, глоссарий, мазмұны, кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Жұмыстың көлемі: 52 бет.

Жұмыстың объектісі: мемлекеттік қызмет.

Пәні: мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.

Мақсаты: мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретіндегі теориялық негіздерін анықтау.

Міндеттері:

- мемлекеттік қызметтің сипаттамасын беру;

- мемлекеттік қызметтің әр түрлі елдердегі қысқаша даму тарихын баяндау;

- мемлекеттік қызметтің негізгі түсініктерін, құрылымын, мазмұнын талдау;

- мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаттың орнын көрсету;

- мемлекеттік қызметтің басқа мемлекеттердегі жүйесін сипаттау;

- Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін айқындау.

ГЛОССАРИЙ

Мемлекеттік қызмет - адамдардың мемлекеттік органдарда тікелей мемлекеттік лауазымдарды атқару нәтижесінде мемлекеттің функциялары мен мақсатын жүзеге асыруға тікелей араласу;

Мемлекеттік қызметші - мемлекеттік органда мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыра тын адам;

Мемлекеттік орган - міндеттері, функциялар, құрылымдық ерекшеліктер мен әдістермен ерекшеленетін мемлекеттік қызметті жүзеге асыру бойынша өзінің жеке құзыреті мен өкілеттіліктері бар мемлекеттің аппараттық құрылымындағы мекеме;

Мемлекеттік аппарат - мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының жиынтығы;

Мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативті құқықтық актілер мен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқы мы жүктелген құрылымдық бірлігі.

Мемлекеттік кадрлық саясат - мемлекеттің еңбек потенциалын құрастыру, дамыту мен рационалды қолданудың жалпымемлекеттік стратегиясы.

Әкімшілік - орындаушы биліктің және мемлекеттік басқарудың органдары.

Шенеунік - мемлекеттік қызметтегі және мемлекеттік лауазымдар иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие адам.

Өкілеттілік - лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың міндеттері мен құқықтарының жиынтығы.

Құзырет - нақты органға немесе лауазымды адамға заңмен, жарғымен немесе басқа актімен берілген өкілеттіліктердің шеңбері.

Лауазымдық өкілеттілік - заңдарда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттілік.

Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.

Біліктілік талаптар - мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер адамдарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар.

Мемлекеттік басқару - мемлекеттің қоғамдық процестерге, адамдардың қызметі мен мінез-құлығына мақсатты, ұйымдасқан және реттелген әсері.

Бюрократия - тік иерархияға негізделген және оның алдына қойылған міндеттерді ең тиімді тәсілмен орындайтын басқару жүйесі.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1Мемлекеттік қызметтің қысқаша даму тарихы 5

1. 2Мемлекеттік қызмет: негізгі түсініктері, құрылымы мен мазмұны 14

1. 3Млекеттік қызметтегі кадрлық саясат 22

2 БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ - НІҢ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Германиядағы мемлекеттік қызмет жүйесі 33

2. 2 Америка Құрама Штаттарындағы мемлекеттік қызмет жүйесі 41

2. 3 Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесі 47

ҚОРЫТЫНДЫ 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігіне келсек, мемлекеттік қызмет мемлекеттің негізгі институттарының бірі болып есептеледі. Әсіресе қазіргі уақыттағы демокра-тиялық процестерді басқаруда, оларды бағыттау мен реттеп отыруда мемлекеттік қызметтің маңызы арта түсуде. Мемлекеттік қызмет қоғамдағы әлеуметтік ақпаратты қабылдай отырып, соған сәйкес басқару шешімдерді шығаруда. Мемлекеттік қызмет басқару шешімдерді жүзеге асыру арқылы қо-ғамдық өмірдің өзгеруіне ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлшегіне айналды. Қазіргі жақсы жасақ-талған, тиімді және белсенді мемлекеттік қызметті қалыптастыру саяси рефор-маларының басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде мемлекет пен азаматтық қоғамды байланыстыратын бірден-бір ұйым болып табылады. Себебі оның жұмысының реттілігі және даму бағыты азамат- тық қоғамның дамуын да анықтайды. Мемлекеттік қызмет қоғамдағы әлеумет-тік ақпаратты қабылдай отырып, соған сәйкес басқару шешімдерді щығарады. Мемлекеттік қызмет басқару шешімдерді жүзеге асыру арқылы қоғамдық өмір-дің өзгеруіне ықпалын тигізеді. Мемлекеттік қызмет қоғамның сұраныстарына негізделген. Бұл халықтық сипаттағы және негізінен әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрі. Мемлекеттік қызмет қоғамның сұраныстарын қанағаттандыруға арналған бірден-бір институт ретінде көрінеді. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік бағыттылығы өсуде, яғни мемлекет қо-ғамның мәселелеріне көбірек көңіл аудара бастады. Мемлекеттік қызметтің де рөлі өзгеруде, ол мемлекеттің заңдарын орындай отырып, сонымен қатар адам- ның мүддесі мен құқығын қорғауға тиісті, яғни халыққа бағынышты бола бас- тады. Мемлекеттік қызмет күрделі әлеуметтік феномен болып табылады. Мем- лекеттік қызмет өзіне көптеген әр түрлі аспектілерді енгізеді - саяси, экономи- калық, құқықтық. Бірақ мемлекеттік қызмет - бұл ең алдымен тек қана құқықтық, ұйымдастыру табиғаты бар қоғамдық құбылыс емес, сонымен қатар өзіндік әлеуметтік табиғаты бар қоғамдық құбылыс. Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде мемлекеттік қызметтегі адамдардың бірлескен қызметін қызметін ұйымдастырудың қалыптасқан тұрақты формасы. Мемлекет- Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде мемлекет қызметіндегі адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың қалыптасқан тұрақты форма-сы. Мемлекеттік қызмет басқаруды жүзеге асыра отырып, адамдарға қызмет көрсетуді көздейді.

Мемлекеттік қызмет қоғамдық құрылымның элементі бола отырып, мем- лекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, барлық өзінің мазмұнымен, қалыптарымен және әдістерімен бұл қызмет мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерінің орындауын қамтамасыз етуге бағытталған. Екіншіден, мемлекет пен адам арасындағы байланысты-рушы түйін ретінде мемлекеттік қызмет адамдардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға арналған. Үшіншіден, мемлекеттік қызмет қоғамдық құбылыс ретінде мемлекеттік қызметшілер және басқару органдарының қызме- тіне қарағанда, артық мәнге ие. Мемлекеттік қызмет бұл қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастардың өзіндік түрі, қоғамдағы бар тәртіптердің адамгерші-лік, кішіпейілділік деңгейінің көрсеткіші. Төртіншіден, мемлекеттік қызмет жай қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды ғана бейнелемейді, мемлекет-тік қызмет құқықтық, демократиялық мемлекеттің конституциялық идеалының объективті ақиқатқа жақындауына бағытталған әлеуметтік бағдарға ие. Бесін-шіден, мемлекеттік қызмет тек қана құқықтық емес, сонымен қатар өнегелі жүйе.

Тақырыптың объектісі - мемлекеттік қызмет.

Тақырыптың пәні - мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретінде-дегі қалыптасуы мен дамуы. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билікті жүзеге асыру институты ретінде мемлекетпен бірге пайда болды. Бұл негіздеме мемле-кеттік қызметтің функциялары жалпы алғанда мемлекеттің функцияларына ұқсас.

Тақырыптың мақсаты - мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретіндегі теориялық негіздерін анықтау.

Тақырыптың міндеттеріне мыналар жатады:

- мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретінде сипаттамасын беру: мем-лекеттік қызметтің қоғамдық өмірге тигізетін ықпалын анықтау.

- мемлекеттік қызметтің әр түрлі елдердегі қысқаша даму тарихын баяндау: Батыс Европа, Ресей мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы.

- мемлекеттік қызметтің негізгі түсініктерін, құрылымын, мазмұнын талдау.

- мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаттың орнын көрсету: кадрлық саясаттың мемлекеттік билік органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі маңызын көрсету.

- мемлекеттік қызметтің басқа мемлекеттердегі жүйесін сипаттау: Америка Құрама Штаттары мен Германиядағы мемлекеттік қызмет жүйесін сипаттау.

- Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін айқындау.

Ақпарат көздері: кітаптар, журналдар мен газеттер.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:

Шетел ғалымдары: М. Вебер, В. Вильсон, Д. Гарнер, Р. Пайпс, Ю. А. Розенбаум және т. б. Ресей ғалымдары: А. В. Оболонский, А. Ф. Ноздрачев, Ю. Н. Старилов, Ю. Н. Щербаков, В. Н. Габричидзе, А. Г. Чернявский, В. П. Мельников және т. б. Отандық ғалымдар: В. Н. Уваров, А. К. Абдина, А. Г. Акчурин және т. б.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫМемлекеттік қызметтің қысқаша даму тарихы

Мемлекеттік қызметтің қысқаша даму тарихына келсек, мемлекеттік қызмет әлеуметтік қатынастар жүйесінде қоғамның тұрақты дамуын қамтама-сыз етуге, мемлекеттік басқаруда пайда болатын қарым-қатынастарды реттеу, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты қалыптастыруға арналған инсити- тут ретінде пайда болды.

Батыс елдері алғашқы болып мемлекеттік қызметшілердің атқаратын қызметін ғылыми ұйымдастыру жолына түсті. Батыс елдерінде мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі қалыптасты, ал 1883 жылы Америка Құрама Штат- тарында Пендлтон заңының "Мемлекеттік қызмет туралы заң" деген атпен қабылдануы қазіргі мемлекеттік қызмет институтын заңдық тұрғыдан бекітті. Сонымен қатар Ұлыбритания, Франция, Германия секілді мемлекеттерде мем-лекеттік азаматтық қызметтің институттары құрылды. Дәл осы мемлекеттерде мемлекеттік қызметтің ең тиімді демократиялық модельдері қалыптасты. Аме-рикандық, ағылшын, неміс және француз саясаттанушылары мен әлеуметтану-шылары әкімшілік-мемлекеттік басқарудың дамуы мен жасалуына салмақты салмақты үлестерін қосты. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы өзгерістер бірден болған жоқ, ал қоғамдағы жүретін ұзақ тарихи кезең барысында болды. Батыс Европада бұл процесс XV - XVI ғасырларда, ал Ресей мен Америка Құрама Штаттарында XVIII ғасырда басталды. Ресей мен Батыс елдерінің көп-шілігінде ұлттық бюрократиялық құрылымдардың қалыптасуы XIX ғасырдың екінші жартсында аяқталды.

Атап айтқанда, Ұлыбританияның әкімшілік жүйесі XX ғасырдың басына таман қалыптасты. Ағылшын әкімшілік жүйесінің айырым белгісі саяси және әкімшілік салаларының бөлінуі болып табылды. Министрліктің барлық істері, тіпті ең майдалары, министрліктердің өзімен жүзеге асырылды, ал азаматтық қызмет саяси қызметтен бөлек болды. Азаматтық қызметтің қазіргі институты салыстырмалы жақында қалыптасты - шамамен XX ғасырдың 70-ші жылдарында. Осы кезеңде мемлекетте ірі әкімшілік реформалар өткізілді. Реформалар азаматтық және мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған болатын. Реформа бойынша комитетті лорд Фултон басқарды. Ол үкіметке "Азаматтық қызмет" деген баяндаманы ұсынды. Баяндамада азаматтық және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың 158 кепілдемелер болды, олардың бәрі үкіметпен қабылданған болатын. Келесі жылдың қаңтар айында реформаның өткізілуі басталды. Фултон комитетінің ұсыныстарына сәйкес ұйымдасқан құрылым шенеуніктерге саяси міндеттерді шешуге жақындатуға қайта құрылған болатын.

Реформа барысында шенеуніктерге қойылатын негізгі талаптардың орын- далуын комитет қадағалап отырды. Кадрлық қызметке теру азаматтық қызмет істері бойынша комиссиясының құзыреттеріне жүктелді. Бұл комиссия 1855 жылы құрылған болатын. Азаматтық қызметке түсудің басты шартының сапа- сында жазбаша емтихан енгізілді. Ұлыбританияда азаматтық қызметтің "бейта- рап" концепциясы әлі күнге дейін бар болуда. Ағылшын саясаттанушысы Д. Гарнер өзінің "Ұлыбритания: ортаңғы және жергілікті басқару" атты кітабында бұл концепцияны былай қалыптастырды: "Азаматтық қызметшілер биліктегі үкіметке сенімділік сақтауға, әр түрлі саяси пікірлерді ұстанатын үкіметтерге таза ұжданмен қызмет етуге міндетті". Ұлыбританиядағы қызмет бойынша жылжу жүйесі әр уақытта барлық деңгейде қаталдығымен ерекшеленді. Бір министрліктен басқа министрлікке және бір топтан басқа топқа өту мүмкіндік-тер өте шектелген. Дәстүрлі түрде үлкен мән министрлік иерархияда шенеу-ніктердің кәсіпқой үлестеріне емес, ал олардың үлкендігіне беріледі. Ұлыбри-таниядағы қызмет бойынша алу, оқыту және жылжудың барлық жүйесі пайда болғаннан бері кең қырынды кәсіпқой басқарушыны қалыптастыру үшін ұйым-дастырылған, ұқсас жүйе Францияда да дамыған. Азаматтық қызмет істері бо-йынша министрлік әкімшілік және саяси басшыларды тағайындайды деп бекі-тілді. Министрлік маңында азаматтық қызметтің басқарушы құрамды тағайын-дау бойынша арнайы таңдау комитеті бар. Комитетте арнайы жоғарғы басқа-рушыларды қызмет бойынша жылжу туралы сұрақтарды қарастырумен айна-лысатын арнайы топ бар. Сонымен қатар комитетте жоғарғы басқарушылардың тізімі жасалған. Жалпы алғанда, Ұлыбританиядағы азаматтық қызмет өзінің да- муы барысында шенеуніктердің кәсіпқой дайындығына үлкен мән беріп кел- ді.

Ал Франциядағы мемлекеттік қызметтің дамуына қысқаша тоқталсақ, елдегі қазіргі азаматтық қызмет туралы заңнама, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі басталған реформалардың нәтижесі болып табылады. Алайда "шенеу-нік" түсінігі бүгін мемлекеттік басқару органдарында қызметке кірген адамдар-дың бәріне қолданады, бірақ заңдық мағынада ол біраз тар. Мән бойынша, ол тек азаматтық қызметтің қызметшілеріне жатады. Францияда мемлекеттік қыз-меттің дамуында қалыптасқан ерекшелікке келсек, елде "шенеунік" және "мем-лекеттік қызметші" түсініктері ажыратылады. Францияда 1946 жылдан бастап "Шенеуніктің жалпы мәртебесі туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заң аза-маттық қызметтің құрылымын және шенеуніктердің еңбегін төлеудің жүйесін реттеуге арналған болатын. Ал 1959 жылы заңға шамалы түзетулер енгізілді, бірақ түзетулер шенеуніктердің атқарушы билікке иерархиялық бағынуын кү-шейту үшін бағытталды. Осы кезден бастап мемлекеттік қызметтің қазіргі жүй- есі қалыптаса бастады. Заң азаматтық қызмет жүйесіне "кадр" түсінігін енгізді. Бұл түсінік ұқсас лауазымдарды алатын адамдар тобының жағдайын қамтиды. Осыған байланысты Францияда директорлардың жүйесі бар, оған барлық де-партаменттердің директорлары кіреді. Сонымен қатар 1946 жылғы қабылдан- ған Нұсқау бар. Бұл нұсқауда мемлекеттік қызметке түсетін үміткерге және ше-неуніктерге қойылатын міндеттемелер мен қажетті білім деңгейі бекітілді. Бі-лім деңгейімен қатар үміткерге, басқа да талаптар қойылады: оларға жүктелген міндеттемелерді орындау қабілеттердің болуы, үміткер әскери қызметті аяқтау-ға немесе одан босатылуы тиіс, кәсіпқой білімдер деңгейінің жоғары болуы, ин-теллектуалдық қабілеттердің жақсы дамуы, өзінің ойларын көңілге қонымды етіп жеткізу қабілеттілігі, әріптестерін бағалау және қызмет барысында пайда болатын мәселелерді шеше білу және т. б. Францияда сайыстардың екі түрі бар: ішік және сыртқы. Егер сыртқы сайыстарда жаңа шенеуніктердің терімі жүргі-зілсе, ал ішкі сайыстарда шенеуніктердің иерархиялық баспалдақ бойынша жылжуы үшін жүргізіледі. Мемлекеттік аппараттың жоғарғы кадрларын жасау-да ерекще орынды әкімшіліктің Ұлттық мектебі алады. Бұл мектеп елде жүргі-зілген әкімшілік реформалар кезінде басты орында болды. Жалпы алғанда, Франциядағы азаматтық қызмет өзінің дамуы барысында басқару кадрларының білім деңгейіне ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жеке қасиеттерінің қалып-тасуына үлкен мән беріп келді. Батыс Европа елдерінде әкімшілік-мемлекеттік басқару элиталық сипаттамада болған. Неміс социологы Макс Вебердің пікірін-ше, билік басындағы адамдарға халықпен, қоғаммен мойындалған әкімшілік элитаны құру міндеті жүктелген. Батыс Европада әкімшілік-мемлекеттік басқа-ру жүйесі орындаушы биліктің және әкімшілік-мемлекеттік басқару органдары-ның бір-бірімен байланысқан иерархиялық жиынтығы сипатында болды. Қа-зіргі кезде басқарудың бұл жүйесі Батыс Европада әлі күнге дейін жұмыс істеу-де [8; 168-176] .

Ресейдегі мемлекеттік қызметтің дамуына тоқталсақ, мемлекеттік қызмет-тің Ресейдегі терең тарихи тамырлары бар. Ежелгі Русьте мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің негізі салынды, әуелгі кезде олар әскери ұйымдас-тырудан бөлінбеген болатын және вассалитеттің ұстанымдарында тұрғызылды. Вассалитеттің батыс институты, дегенмен жақтардың теңсіздігігін ұйғарса да, бірақ бостандық түсінігін қосты. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару көбінесе әскери мәселелерді шешу үшін пайдаланды. Патшалардың басқа патшалық жағынан тіл тигізуге соғыс жариялаумен жауап қайтаруға құқығы болды. Батыс Европалық монархтардың азаматтары артықшылықтарға ие болды, ал патшаның өзі тек дворяндардың алғашқысы болды. Ол дворянның өмірімен әмір ете алды, бірақ оны соға алмады. Вассалдық қарым-қатынастар екі заңды маңызды жақтардың қарым-қатынастары болды, олардың әрқайсысы өзара құқықтар мен міндеттемелермен байланысты болған. Егер бір жақ өзіне алған міндеттемелерін бұзса, онда екінші жақ өзінің наразылықтарын айтуға құқығы болды. Қарым-қатынастардың сондай түрі Киевтік Русьте де қалыптас-ты.

Моңғол-татарлардың шапқыншылығымен Солтүстік-Шығыс Русь Алтын Ордадан тәуелділікке түсті, алайда мемлекетпен басқару орыс князьдарының қолдарында сақталды, дегенмен билікті берудегі тектілік жоғалды. Шапқын-шылық нәтижесіндегі мемлекеттегі мәдени және шаруашылық мүмкіндіктері-нің едәуір бөлігінің қиратылуы, ауыр алым мен бағынушылық орыс жерлерін әбден әлсіретті және мемлекеттегі ауыр жағдайды қалыптастырды. Басқарушы қызметтің маңызды дербес кәсіпқой салаға бөлінуі, сан алуан мемлекеттік қыз-метшілер қабатының пайда болуы бір ортаға бағынған орыс мемлекетінің тұрғызылуымен және патшалықтың қалыптасуымен болды. Мәскеулік мемле- кет мезгілінде қоғамдық жүйе, Шығыста секілді азаматтықтың ұстанымдарын- да емес, ал Ежелгі Русьте сияқты вассалитет ұстанымдарында тұрғызылды. XV ғасырдың аяғында биліктің сакрализациясы болды. Ұлы князь, ал сосын патша жердегі Құдайдың елшісі ретінде қарастырылды. Билікке қарсы шығу, Құдайға қарсы шығумен бірдей болды. Халық жоғарғы билікке бағынуға тиіс еді. Биліктің сакрализациясы билеушіні толығымен қоғам бақылауынан алып тастады, оны қоғам үстіне қол жетпес биіктікке қойды. Кез келген келіспеуші- лік, билікке қарсы шығу өте қатал жазаланды.

Сәйкес мемлекеттік қызметшілер үшін де толық бағыну міндетті түрде болды. Қызметтегі адамдардың жоғарғы қабат институт аясында қалыптасты, ол институт Патша ауласы деп аталды. XIV - XV ғасырларда мемлекеттің тұрғызылуы процесінде князьдардың аулаларының қосылуы және Патша аула- сының алғашқысында біртұтас мемлекеттік аппаратқа ұқсас ретінде құрасты- рылды, ал сосын жоғарғы мемлекеттік қызметшілердің бірлестігі ретінде. Бұл институт Мәскеулік мемлекетінің болуының барлық мезгілі ішінде сақталды, XVIII ғасырдың басына дейін. Ол мынадай шендерге бөлінді: думдық, жоғарғы шендер, мәскеулік шендер және қалалардан таңдау. Мәскеулік мемлекетте шендердің күрделі иерархиясы қалыптасады. Иерархияда конюший үлкен бояр ретінде болды. Окольничий бастапқыда шетелдік елшілермен келісімдерді ұйымдастырумен және т. б. айналысты. XIV - XV ғасырларда бұл шен маңызды мемлекеттік шендерінің біріне айналды. Окольничий шеніне ие болғандар Бо-ярлардың думмасына кірді, олардың қатарынан бұйрықтардың басшылары тағайындалды. Иерархияда окольничий бірден боярлар артынан үлесті. Көптеген қызметтер патшалық ауланың рәсімімен байланысты болды. Спаль-никтер патшайым бөлмесінде кезекші қызметін атқарды, оны шешіндірді, бар- лық ресми кездесулерде қасында еріп жүрді. Әдетте спальниктер атақты тегі бар жас адамдар болды. Сокольничий патшалық аңшылыққа жауап берді. Бұл қызметтерде билік етушіге жақындық көбірек бағаланды. Олар ерекше құрмет-ті қызметтер ретінде саналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Әлеуметтік институт және процесс
Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті қызметтері
Әлеуметтік институттар түсінігі
Әлеуметтік инстуттардың қоғамда атқаратын қызметтері
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Жоғары білім беруді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz