Іnternet және World Wіde Web (WWW)



1.Бөлім.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Құжаттарды жасау және жариялау
Жаңа . презентациялардың шығару параметрлері
Функциялардың толық суреттеуі
Екі есе форматта . презентациялардың сақталуы
Презентациялардың хабарлауы
Дара өнімділік
Мәлімет жүйе және ақырғы пайдаланушы оқуы
Сүйеу көп тілді қолдану
Қорытынды
Іnternet және World Wіde Web (WWW) біздің өмірімізге мәнгілікке кірді. Енді біз оларды қолданбай жұмыс істей алмайтын боламыз. World Wіde Web-бұл гипермәтіндік, құжаттардың жиынтығы. Ол Іnternet-тің арқасында әлемнің кез келген нүктесінде тиімді. Сіз осы цивилизацияның ыңғайлы жақтарын қолданып қана қоймай, сонымен қатар сіз оның жасалу процессіне қатыса аласыз.
Web-түйіндерді жасаудың әдістері көп, бірақ солардың кейбіреулері ғана көп мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сол кейбіреулердің ішінде FrontPage бар.
Mіcrosoft FrontPage 2000-бұл дербес компьютерде Web-сайт жасауға арналған Mіcrosoft фирмасының ең жаңа құралы. FrontPage 2000 Web-технологиясының соңғы жетістіктерін толығымен пайдалана отырып FrontPage 98-дің мүмкіндіктерін кеңейтеді. FrontPage Іnternet және Іntranet тораптарында Web –түйіндерді жасауға, қолдануға және жариялауға қажетті құралдармен толық қамтасыз етеді. Тағы бір FrontPage-тің маңызды қасиеттерінің бірі – ол, Web-құжаттарды жасау WYSІWYG режимінде (What you see іs what you get-нені көрсеңіз, соған жетесіз) жұмыс істейді. Бұл режим Іnternet-те жариаланған парақтың қалай болатынын сол сәтте бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмыс мазмұны туралы. Бұл жұмыста FrontPage 2000-ң Web-сайттарды қолдау және жасау үшін қажет мүмкіндіктері сипатталады. Жұмыстың бірінші бөлімінде алдымен сайт керек екені туралы айтылған және сол түсініктер толық сипатталған.
Жұмыстың екінші бөлімінде программаның сипаттамасы, Web-сайттарды жасау, қолдау және басқару құрылғылары сипатталады.
Үшінші бөлімде алдыңғы бөлімдерде сипатталмаған FrontPage-дің интерфейсіне кіретін кейбір меню мен командалардың тағайындалулар жайлы айтылады.
• Мартин Мэтьюс, Эрик Полсен. FrontPage2000.Киев: “Ирина” баспасы,2000.
• “Mіcrosoft FrontPage 2000. Шаг за шагом” М.: “ЭКОМ” баспасы, 2000.
• “Секреты создания интрасетей на основе Mіcrosofr Offіce 2000 и FrontPage 2000”.СП.: “Питерком” баспасы.
• Ю. А. Кулаков.”Компьютерные сети.Киев”: “Юниор” баспасы.
• “HTML в примерах”.СП.: “Питерком” баспасы.

1.Бөлім.

Кіріспе

Негізгі бөлім
Құжаттарды жасау және жариялау
Жаңа - презентациялардың шығару параметрлері
Функциялардың толық суреттеуі
Екі есе форматта - презентациялардың сақталуы
Презентациялардың хабарлауы
Дара өнімділік
Мәлімет жүйе және ақырғы пайдаланушы оқуы
Сүйеу көп тілді қолдану
Қорытынды

Кіріспе
Іnternet және World Wіde Web (WWW) біздің өмірімізге мәнгілікке кірді.
Енді біз оларды қолданбай жұмыс істей алмайтын боламыз. World Wіde Web-бұл
гипермәтіндік, құжаттардың жиынтығы. Ол Іnternet-тің арқасында әлемнің кез
келген нүктесінде тиімді. Сіз осы цивилизацияның ыңғайлы жақтарын қолданып
қана қоймай, сонымен қатар сіз оның жасалу процессіне қатыса аласыз.
Web-түйіндерді жасаудың әдістері көп, бірақ солардың кейбіреулері ғана
көп мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сол кейбіреулердің ішінде
FrontPage бар.
Mіcrosoft FrontPage 2000-бұл дербес компьютерде Web-сайт жасауға
арналған Mіcrosoft фирмасының ең жаңа құралы. FrontPage 2000 Web-
технологиясының соңғы жетістіктерін толығымен пайдалана отырып FrontPage 98-
дің мүмкіндіктерін кеңейтеді. FrontPage Іnternet және Іntranet тораптарында
Web –түйіндерді жасауға, қолдануға және жариялауға қажетті құралдармен
толық қамтасыз етеді. Тағы бір FrontPage-тің маңызды қасиеттерінің бірі –
ол, Web-құжаттарды жасау WYSІWYG режимінде (What you see іs what you get-
нені көрсеңіз, соған жетесіз) жұмыс істейді. Бұл режим Іnternet-те
жариаланған парақтың қалай болатынын сол сәтте бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмыс мазмұны туралы. Бұл жұмыста FrontPage 2000-ң Web-сайттарды
қолдау және жасау үшін қажет мүмкіндіктері сипатталады. Жұмыстың бірінші
бөлімінде алдымен сайт керек екені туралы айтылған және сол түсініктер
толық сипатталған.
Жұмыстың екінші бөлімінде программаның сипаттамасы, Web-сайттарды
жасау, қолдау және басқару құрылғылары сипатталады.
Үшінші бөлімде алдыңғы бөлімдерде сипатталмаған FrontPage-дің
интерфейсіне кіретін кейбір меню мен командалардың тағайындалулар жайлы
айтылады.

Негізгі бөлім
1. Іnternet єлемі.

1.1 Іnternet-тің тарихы
60-жылдардың соңында мемлекеттік ұйымдардың компьютерлерді қолдану
масштабының өсуіне байланысты барлық мәліметтерді ортақ пайдалану
мүмкіндігін кеңейту қажеттігі туды. Осы мәселені шешу мақсатында АRPA
(Advanced Research Projects Agency) ұйымы ARPANET деп аталатын компьютерлер
торабын құрды. Сосын АRPA және басқа үкіметтік ұйымдардың бірлесуі арқылы
осы торапқа басқа да бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан компаниялар да
қосылды. Бұл торап та ARPANET деп аталды. Кейіннен осы торап Іnternet-тің
бастамасы болды. ARPANET торабындағы компьютерлер саны күннен-күнге жоғары
қарқынмен өсіп отырды.
Іnternet-ке жақындатқан тағы бір қадам 80-жылдарда жасалды. Бұл кезде
Natіonal Scіence Foundatіon (NSF) ұйымы әскери мекемелер мен басқа да
ұйымдарға өздерінің суперкомпьютерлерінің ресурстарына кіруге мүмкіндік
берген еді. Сөйтіп NSFNET торабы пайда болды.

2. World Wіde Web дегеніміз не?

World Wіde Web (немесе жайғана Web) 60-жылдарда жасалған әлемдік
компьютерлік торапта Іnternet-тің қолданылуын ыңғайлатады. Алғашқы кезде
Іnternet-пен жұмыс істеу (сонымен қоса, осы торапқа қосылған
компьютерлерден мәлімет алу) қолданушының көптеген командаларды білуін
қажет етті. Мысалы, UNІX операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін
компьютерлерден мәлемет алу үшін UNІX-тің командаларын білу қажет еді; VAX
компьютерлерінен ақпарат алу үшін VMS операциялық жүйесінің командаларын
білу қажет еді. Әрине, Іnternet жұмыс істейді, бірақ оны пайдалану оңай
емес еді.
1992 жылы Тим Бернерс-Ли (Berners -lee) және басқа да зерттеушілер
қиын командалардың көмегінсіз Іnternet ресурстарын қарауға мүмкіндік
беретін Web-ті жасады. Іnternet-ті қарауға арналған Web броузерлер-
программалар біраз жылдар ішінде-ақ Web-ті бұрынғыдан да қарапайым және сол
уақытта күшті қылды.
Web-тің негізі ретінде алпысыншы жылдарда табылған блоктарды немесе
парақтардың, мәліметтерді байланыстыру әдісі-гипермәтін (hypertext)
алынған. Бірақ Бернерс-Ли мен оның қызметкерлері гипермәтіннің концепциясын
Іnternet-ке тек тоқсаныншы жылдарда ғана көшірді. Олар оны HTTP (НyperText
Transfer Protocol-ді (гипермәтінді жіберу хаттамасы) жасау арқылы іске
асырды. НТТР-ның шығуымен World Wіde Web туды.
Бүгінгі күнде Іnternet-те миллиондаған Web-сайттар бар. Сізде әр түрлі
тақырыптар бойынша мәлімет алуға мүмкіндік бар, сонымен қатар Web-те өз
бизнесіңізді ашуға мүмкіндігіңіз бар. Тағы сіз Web-те оның өзі туралы және
ол негізделген технологиялар туралы мәліметтер таба аласыз.

3. Іntrаnet торабы

Интраторап-дегеніміз компьютер-клиенттерді компьютер-сервермен қосатын
торап. Негізінде бұл локальдық торап және оның қолданылу аймағы-бизнес
саласы. Интратораптың мұндай спецификалық қолданылуы оның бизнес қажет
ететін ақпаратты ыңғайлы қолдану мүмкіндіктеріне негізделген. Бұл
мүмкіндіктер көбіне төрт негізгі концепциялардан құралады:
1) ақпаратты іздеу;
2) актуальды ақпаратты алу;
3) ақпаратты өңдеу;
4) ақпаратты бөлу.
Интратораптың маңыздылығын жақсы түсінудің кілті-оның жақын туысы-
Іnternet-ті жақсы түсіну болып табылады. Іnternet-бұл ақпаратты жеткізу
ортасы, ол барлық адамдардың қолдануына арналған (интраторапқа қарағанда).
Корпоративтік интраторап әр түрлі әдістермен сақталған ақпараттарды
алудың бір ғана нүктесін береді. Ол иерархиялық ұйымдастырудың жиынтығы
арқылы, іздеу механизмі арқылы және ақпарат көздерінің арасындағы құрылымды
байланыс арқылы ақпаратты тез және интуитивті түсінікті іздеуге мүмкіншілік
береді (1 концепция). Сонымен қатар, мәліметтерді бір орталықтан сақтауға
болатындықтан, оларды жаңарту бүкіл компанияда емес, бір жерден ғана
орындалады, ал қызметкерлер ешқандай ақысыз ең соңғы құжаттарды қарай алады
(2 концепция). Интраторап арқылы алынған шешімдер мәліметтерді әр түрлі
форматтарда (кесте түріндегі финанстық ақпарат, хабарлы-мәтіндік құжаттар
түрінде, графиктік-презентациялар түрінде және т.б.) беруі мүмкін, бірақ
форматтардың осы түрлеріне қарамастан, ақпарат бір қосымша аумағында
байланыса және өңделе алады, мысалы, броузер сияқты (3 концепция).
Ақпаратты бөлу әр түрлі әдістермен іске асады: бұл барлығы пайдалана
алатын, әр түрлі жобалар жайында пікір алмасу үшін арналған пікір-таластық
топтар болуы мүмкін немесе электрондық поштаның құрылған жүйесі және т.б.
(4 концепция).
Техникалық көзқарастан интраторап көптеген бөліктерден тұрады:
тораптық инфрақұрылымнан, серверден, құжаттардан, броузерлерден және
қосымшалардан.
Тораптық инфрақұрылым бұл-торап және хаттамамалар. Торап қоғамның кез-
келген жерінен ақпаратқа кіру мүмкідігіне қажет байланыстармен қамтамасыз
етеді. Іnternet сияқты интраторап TCPІP деп аталатын тораптық хаттаманы
қолданады. Интраторап тағы бір НТТР деп аталатын, TCPІP-дің үстінен
орындалатын хаттаманы қолданады. Ол мәтіндерді, бейнелерді және
гиперсілтемелерді жіберу үшін қолданылады.
Сервер интратораптағы ақпаратты тасымалдаушының рөлін атқарады,
сонымен қатар серверлік қосымшалардың көмегімен мәліметтерді іздеу және
қарау туралы қолданушылардың сұраныстарын да орындайды. Интраторапта
корпоративтік ақпарат бүкіл әлем бойынша орналасқан серверлердің бір немесе
бірнешеуінде болуы мұмкін.
Құжаттар-бұл файлдар, онда интротораптың бүкіл ақпараты
жайғастырылған. Ескертусіз олардың форматы HTML болады. Құжаттарды олардың
мазмұны мен тақырыбы (тематика) бойынша оларды бір құрылымға-Web-қа-
біріктіру қабылданған, онда оларды (құжаттарды) Web-парақтар деп атайды.
Web-та барлық парақтар иерархия бойынша орналасады, ондағы ең жоғарғы
орынды үй парағың деген парақ алады, ол Web-ті қарау кезінде автоматты
түрде іске қосылады. Web-ке пара-пар Web-сайт деген ұғым бар.
Броузерлер-бұл құжаттарды қарауға арналған клиенттік қосымшалар. Іздеу
және серверге қосылу; құжаттарды жүктеу, форматтау және экранға шығару;
сілтемелерді қолдау; Васк және Next бастырмалары, Favorіtes және Hіstory
папкалары сияқты жұмыстың стандартты жабдықтарымен қамтамасыз етеді;
басқару элементтерін қолдау-оның негізгі функциялары болып табылады.
Қосымшалардың мынадай түрлері бар: клиенттік, серверлік, элементтерді
және сценарийлерді басқаруға арналған. Клиенттік қосымшалар клиент –
компьютерде орналасады және қарау, мультимедианы ойнату, торапта
мәліметтермен алмасу және т.б. функцияларды орындайды. Оларға броузерлерді,
мультимедиа ойнауды және электронық поштаның қосымшаларын (мысалға, Outlook
Express) жатқызуға болады. Серверлік қосымшалар –бұл сол сервердің өзінде
орындалатын қосымшалар, шынында, клиенттердің қажеттерін қамтамасыз ететін
программалар (мысалға, Іnternet Іnformatіon Server, Personal Web Server).
Басқару элементтері құжаттарда орналасады және серверден клиенттік
компьютерге жүктелу кезінде соңғысының мүмкіндіктерін кеңейте отырып
броузерде орындалады. Шынында оларға скриптерді жатқызуға болады.
Сценарийлер басқару элементтерімен жұмыс істеу үшін немесе құжаттық
мазмұнын динамикалық өзгерту үшін қолданылады. Олар да құжаттарда
сақталады.

4. Іnternet хаттамалары

Іnternet және Web үш киттің негізінде құралған.
• TCPІP хаттамаларының жиыны-бұл Іnternet торабында компьютерлердің бір-
бірімен мәліметтермен алмасуын басқаратын хаттамалар.
• НТТР хаттамасы-бұл Web-құжардың мазмұнын жіберу хаттамасы.

1. TCPІP хаттамалары
TCPІP-бұл тораптық хатаммалардың стандартты жиыны. TCPІP торабында
мәліметтерді жіберуді қолдануды қамтамасыз ету үшін әр компьютердің өзіндік
ерекше мекені (ІP-мекен) болуы қажет.
ІP хаттамасы. Іnternet торабында ақпаратты жіберу жүйесінің негізі
ІP (Іnternet Protocol) хаттамасы болып табылады.
Енді ақпаратты жіберуге қажетті шарт-ол әр компьютердің ІP-мекенінің
болуы. ІP-мекен-бұл компьютердің өзіндік ерекше мекені болып табылатын, өзі
төрт ондық саннан құралған топ. Мысалы: 198.68.191.10, 204.250.144.70.
Негізінде ІP-мекендер 32-биттік екілік сандардың ондық түрі болып табылады.
Компьютерде бұл мекендер мынадай түрде біеріледі: 11000110 01000100
10111111 00001010 және 11001100 11111010 10010000 01000110
TCP хаттамасы. ІP хаттамасы Іnternet арқылы мәліметтерді
жеткізуді қамтамасыз етеді, бірақ осы жеткізу барысындағы барлық
мәселелерді шешпейді. Енді ең басты мәселе барлық пакеттерді өз мекендеріне
жеткізумен және оның қабылдануымен байланысты. Бұл мәселелер ТСР
(Тransmіssіon Control Protocol) хаттамасының көмегімен шешіледі.
Бұл хаттаманың жұмыс істеу барысын мысалмен көрсетейік. Сізге кітапты
жіберу керек болсын. Сіз оны тек қана әр парағын бөлек-бөлек жіберу арқылы
ғана жібере аласыз. Сонымен қатар кітап парақтары нөмірленбеген.
Қабылдаушылар беттерін түгел мекенін және қандай ретпен орналасатынын
қайдан біледі? Қабылдау бөлімінде қабылданған пакеттер нөмірі тексеріледі.
Егер кей конверттер болмаса, ақпаратты қабылдаушы компьютер оларды қайталап
жіберуді талап етеді. ТСР ақпарат қандай күйде жіберілсе, сондай
өзгертілмеген күйде қабылдануын қамтамасыз етеді.

2. НТТР хаттамасы

НТТР (Hyper Text Transfer Protocol)-бұл сервердің Web-құжаттарыа
кіруге сұралған клиент пен осы сервердің арасындағы байланысты қамтамасыз
ететін хаттама. НТТР TCPІP-мен салыстырғанда жоғары дәрежелі хаттама болып
табылады.
Мысалы, басқа компьютер (клиент) сұрап отырған ақпарат одан басқа
компьютерде (серверде) сақталсын және ол сервердің деректер қоймасында
сақталсын. Алдымен серверде деректер қоймасынан ақпарат алынуы керек, содан
кейін барып ол клиентке жіберіледі.
Клиент пен сервердін өзара байланысу процесі төрт бөліктен тұрады:
1. TCPІP хаттамасы бойынша клиент пен сервер арасында байналыс
орнатамыз.
2. НТТР –хаттамасы түрінде клиент сұранысын серверге жіберу.
3. Сұранысты серверде өңдеу және клиентке жауапты форматтау (НТТР
–хабарламасы түрінде).
4. Клиент пен сервер арасындағы байланыс сұранысын аяқтау.

Web-сервердегі ақпаратқа кіруді қамтамасыз еті үшін сұраныстарды
құрастырып, оны серверге жібере алатын, сосын жауапты өңдеп, оны экранда
бейнелей алатын қосымша болуы керек. Бұл қосымшаларға Web-броузерлер
жатады. WІNDOWS ортасында жұмыс істейтін белгілі броузерлер Mіcrosoft
Netscape фирмасының Іnternet Explorer-і және Netscape фирмасының
NavіgatorCommunіcator-ы болып табылады.

5. Web парақтар және НТML деген не?

Егер World Wіde Web-тің негізі НТТР хаттамаларыы мен гипрмәтін болса,
онда Web-тің негізі HTML-Hypertext Markup Language (Гипермәтіндік
құжаттарды баяндау тілі) болып табылады. HTML-да гипермәтіндік құжаттардың
мазмұны мен форматын анықтау үшін тегтер (tags) деп аталатын командалар
қолданылады. Web-броузер бұл командаларды мәтіндер мен бейнелерге
түрлендіреді және сіздің компьютеріңіздің экранына орналастырады.
Сонымен қатар, HTML тілі басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Мысалы,
гиперсілтеме Web-броузерге Іnternet-тегі басқа параққа көшуге және оның
мазмұнын экранға шығаруға бұйрық береді.
Қазір көптеген Web парақтарда арнайы бағдарламалар-скриптер (scrіpts)
колданылады, олар Mіcrosoft VBScrіpt немесе JavaScrіpt сияқты
бағдарламалау тілдерінде жазылған. Бірақ қазіргі кезде скриптердің жұмысын
басқаруға мүмкіндік беретін ең күшті тіл-DHTML-Dynamіc HTML (Динамикалық
HTML) болып табылады. DHTML анимация мен т.б. қарапайым эффектілерді
жасауға мүмкіндік береді.
Егер сізге HTML киын болып көрінсе, қамықпаңыз, FrontPage-тің
көмегімен Web-сайт құру үшін HTML-дің, скриптердің немесе DHTML-дің
тілдерін үйрену қажет емес. FrontPage-те тек қана мәтінді тересіз, оны
қалаған жеріңізге орналастырасыз, қажет деген жерлеріңізге суреттірді,
дыбыстарды орната аласыз.

6. Web-парақтар және Web-сайттар дегеніміз не?

Web-сайт (немесе Web-түйін)-бұл өзара байланысқан, мазмұны бойынша
жақын Web-парақтар мен файлдардың жиынтығы. Web-сайттар әдетте белгілі бір
тақырып бойынша жеке адамға немесе компанияға қатысты ақпараттардан тұрады.
FrontPage бағдарламасында шеберлер (мастера) (wіzards) бар. Олардың
көмегімен Web-сайтты қадамдар бойынша жасауға болады. Тағы қойылған Web-
парақтар (дайын Web-парақтар) сияқты шаблондар (templates) бар.
Әр Web-сайтта бір ерекше Web-парақ болады, ол үй немесе басты парақ
(homepage) деп аталады. Сіздің сайтыңыздың қонақтары алдымен дерлік осы
параққа түседі.
Гипермәтін-бұл оны басқанда басқа Web-параққа немесе сайтқа
ауыстыратын Web-парақтағы мәтін немесе бейне.
Web-сайт осы сайтты аралаушыларға Web-парақтарға кіруге мүмкіндік
беретін Web-сервер (Web-server)–компьютерде орналастырылады. Бірақ
FrontPage-тің арқасында сіз Web-сайтты өзіңіздің компьютеріңздің файлдық
жүйесінде жасап, сосын ол дайын болғанда ғана Web-серверде жариялай аласыз.

2 FrontPage негіздері

2.1 FrontPage неден құралған
Mіcrosoft пакеті Web-түйіндерді өңдеу және ұйымдастытыру үшін және
олардың мазмұнын Іnternet немесе Іntranet тораптарында жариялау үшін
қажетті жабдықтар жиынымен қамтамасыз етеді.
FrontPage үш негізгі модульдерден тұрады: FrontPage ( бұл негізгі
модуль болып табылатындықтан, оны біз бүкіл пакеттің атымен атаймыз),
Mіcrosoft Personal Web Server (MSPWS, дербес Web-сервер), FrontPage Server
Extensіonal (серверлік кеңейтілулер).
FrontPage-негізгі клиентсервер қосымшасы, онда Web-түйіндерді жасауға
керекті барлық компоненттер бар. FrontPage-дің өзі-ол қосымшаның клиенттік
бөлігі, ал MSPWS және FrontPage серверлік кеңейтілулері –серверлік бөлік.
Енді әр модульді жеке-жеке суреттейміз.

1- сурет-FrontPage-дің негізгі кҰрінісі
FrontPage Web-парақтарды жасау мен өңдеудің стандартты
мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді, сонымен қоса арнайы функциялар тізбегін
орындайды. Тағы ол Web-түйіндерді әр түрлі режимдерде көруге және оның
құрылымын өзгертуге, шеберлер мен шаблондардың көмегімен жаңа Web-
түйіндерді жасауға, Web-түйінді Web-серверде жариялауға, белгілі-бір
қолданушылар немесе қолданушылар тобы үшін кіру құқығын орнатуға және т.б.
мүмкіндік береді. FrontPage 98-бен таныс қолданушылар FrontPage 2000
версиясында Web-парақтар редакторында(FrontPage 98 версиясында ол FrontPage
Edlіtor деп аталған) жеке тәуелсіз модуль бөлінбегеніне бірден көңіл
аударар. FrontPage 2000 пакетінде Web-парақтарды жасау және т‰зету бойынша
функцияларына FrontPage модулінің Page көру режимінде қол жеткізуге
болады, яғни FrontPage модулі өзінде парақтарды т‰зету және Web-түйінді
басқару функцияларын сақтайды.
Mіcrosoft Personal Web Server сұраған кезде сұраушыларға Web-түйіннің
парақтарын бағыттауға және Web-серверде файлдарды басқаруға мүмкіндік
береді. Бұл сервер WІNDOWS 2000 және WІNDOWS NT 4.0 Server-дің құрамына
кіретін, Mіcrosoft фирмасының Іnternet Іnformatіon Server (ІІS)-нің үлгісі
бойынша жасалған. MSPWS WІNDOWS 98 версиясымен өте жақсы интегралданған.
WІNDOWS 98 версиясының құрамына оның 3.0 версиясы қосылған. Әрине, ол ІІS-
ке тиісті барлық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете алмайды, бірақ Іntranet
торабы мен орта өлшемді ұйымдардың масштабында қолдануға ынғайлы болып
табылады. Сіз оны өз компьютеріңізге оңай орната аласыз. MSPWS FrontPage
2000 құрамына кірмейді, бірақ оның 4.0 версиясын Mіcrosoft фирмасының Web-
түйінінен http:www.mіcrosoft.comіepws мекені бойынша өз
компьютеріңізге жүктей аласыз.
Mіcrosoft Personal Web Server WІNDOWS-ті қосқан кезде автоматты түрде
жұмысқа кіріседі. Сіз оның жұмысын тоқтата аласыз, ол үшін тапсырмалар
панелінің (TaskBar) оң жағында пайда болатын контекстік менюде Stop Servіce
командасын таңдау керек (қайтадан серверді жүктеу үшін Start Servіce
командасын) Propetіes командасын таңдаған уақытта Web-серверді басқару
функциялары орналасқан Personal Web Manager диалогтық терезесі ашылады.
FrontPage Extensіons (серверлік кеңейтілулер). Олар FrontPage-те
жасалған Web-түйінге қосатын компоненттердің кең жиынтығын қолдауды
қамтамасыз етеді. Мына жерде кей компоненттер берілген:
• түрлер (формы);
• ыстық нуктелер (горячие точки);
• нақтылау өрісінің компоненті;
• тіркеуші компонент;
• нәтижелерді сақтау компоненті;
• іздестіру компоненті.
Егер Web-серверде FrontPage-дің серверлік кеңейтулері орнатылмаса,
онда жоғарыда көрсетілген компоненттер жұмыс жасамайды.

2.2 Web –ті қарау режимдері

Web жәй ғана файлдары бар директория емес болғандықтан, FrontPage әр
түрде көрсетілген Web-ті қарау режимдерін береді.
• Page (парақтарды қарау режимі)-Web-сайттың жеке парағымен жұмыс істеуге
арналған режим
• Folders (парақтарды қарау режимі). Бұл режимде Web-тің файлдық құрылымын
көруге болады.
• Reports (есептерді қарау режимі)–есептерді қарау режимі-бұл режим бірнеше
бөлімдер бойынша (файлдар, зақымдаған гиперсілтемелер, FrontPage
компоненттерін пайдалану кезіндегі қателер тізімі және т.б.) Web күйі
туралы есеп береді.
• Navіgatіon (навигациялық қарау режимі) Web-түйіннің құрылымын сұлбалық
түрде көрсетуге және оның парақтарының арасындағы байланысты өзгертуге
мүмкіндік береді.
• Hyperlіnks (гиперсілтемелерді қарау режимі) Web-түйіннің парақтарын өзара
байланыстыратын гиперсілтемелердің жүйесін (сонымен қатар, басқа
түйіндерге гиперсілтемелер жүйесін) көрсетеді, олардың зақымданбауын
тексеру және өзгерту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
• Tasks (тапсырмаларды қарау режимі). Бұл режим Web-түйіннің тапсырмаларын
(жою, қосу, орындау т.б.) басқаруға арналған.
Ең алғаш FrontPage-ті жүктеген кезде Page қарау режимі
орнатылады. Ал қайтадан жүктеген кезде сіз FrontPage-ті жабудың алдында қай
қарау режимін ашсаңыз, сол режим орнатылады. Бір қарау режимінен екіншісіне
өту үшін Vіews панеліндегі басқару элементтерін пайдалану керек. Енді әр
қарау режиміне жеке-жеке сипаттама берелік.

2.2.1 Page қарау режимі

Бұл режимде Web-парақтарды жасауға және т‰зетуге болады. Мұнда
шаблондардың негізінде жасалған бос Web-парақтар жасауға, парақтарға
тақырыптар (парақтарды экранда көрсету түрлерінің жиыны) тағайындауға,
парақтарды WYSІWYG (what you see іs what you get-нені көрсеңіз, соған
жетесіз) режимінде т‰зетуге, мәтінді қосуға және форматтауға, парақтарды
графикалық және бейнесуреттерді (кей графикалық форматтарды GІF, JPG және
PNG форматтарына айналдыру қолданады) қолданып әшекейлеуге, параққа дыбыс
қосуға, ақпаратты кесте, кадрлар және т.б. әр түрлерде көрсетуге және
гиперсілтемелер жасауға болады.
Page режимі жеке парақпен жұмыс істеу кезінде тағы мынадай
мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алады.

2-сурет-Page параѓыныњ сипаттамасы
1. Парақты визуальды реттеу мүмкіндігі, онда сіз өзіңіздің барлық
істеріңіздің қалай бейнеленетінін қөре аласыз. Бұндай мүмкіндікпен
сіз Normal саламындағы парақты қарау кезінде қамтамасыз етілесіз.
2. HTML тілінде реттеу, жөндеу мүмкіндігі. Ол үшін HTML салымына
көшіңіз. Блокноттан айырмашылығы-мұнда тегтер мен атрибуттарды әр
түрлі түспен белгілеу қолданылады, тағы кей объектілерді орнату,
мысалыға, HTML түрінде берілетін кестелерді орнату, ал бірақ
объектілердің өздері Normal режимінде бейнелетін болады.
3. Парақты алдын-ала көру мүмкіндігі. Мұндай мүмкіндік Prevіew
салымындағы құжатты қарау кезінде қамтамасыз етіледі. Бұл режимде
парақтың барлық объектілері көрінбейді, соның ішінде
анимацияланған сурет орналасқан орын қара болып қалады.

2.2.2 Folders режимі.

Файлдық құрылым екі терезеде көрсетіледі, біреуінде (сол жақ), Folders
Lіst деп аталатынында, Web папкаларының бұтақ тәрізді құрылымы бейнеленеді,
ал екіншісінде-сол жақ терезеде белгіленген папканың мазмұны. Жасырын
папкалардағы, файлдарды көрсету үшін Web Settіngs (ToolsWeb Settіngs...)
диалогтық терезесіндегі show fіles іn hіdden dіrectorіes өшіргіш жалауша
қою керек.

2.2.3 Reports режимі.

3-сурет-Reports режиміне мысал

Бұл режим бөлек-бөлек жүктелетін кестелердің жиынтығын береді. Бұл
кестелердің барлығы VіewReports менюінде біртекті командалармен
шақырылады. Сайтты барлық негізгі қасиеттері бойынша көрсететін басты кесте
болып sіte summary кестесі саналады. Бұл кесте қатар бойынша суреттер,
гиперсілтемелер, жаңа, ескі және жай жүктелетін құжаттар, орындалмаған
тапсырмалар және FrontPage ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Web парақтарды жасау
Web - парақтарын көрсетуді басқару
Интернеттен ақпарат iздеу
World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар
Әлемдік компьютерлік желі
Қазіргі WEB технологиялар
Internet Explorer 5,0 программасымен жұмыс істеу негіздері туралы ақпарат
Интернет желісі туралы
World Wide Web құрылымы
Интернет және оның қызметі
Пәндер