Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы



І. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
ІІ. Тиімді көлік инфрақұрылымы — экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды элементі
ІІІ. Еуразия көлік жүйесіне кірігу
ІV. Қазақстан — өңірлік көлік “хабы”
V. Көлік — инвестициялар үшін тартымды сектор
VІ. Мультимодальдық тасымалдарды дамыту
VІІ. Нормативтік.құқықтық база және халықаралық стандарттарға көшу
Стратегияның негізгі мақсаты — Қазақстан эко¬номикасының бәсекеге қабілеттілігінің, соның ішін¬де экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал ететін тиімді көлік инфрақұрылымын құру, сондай-ақ елдің геостратегиялық орналасуын ескере оты¬рып, оның транзиттік әлеуетін барынша іске асыру.
Еуразия экономикалық қауымдастығы, Бір¬ың¬¬ғай экономикалық кеңістік, Шанхай ынтымақ¬тас¬тық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы және тағы сол сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шең¬бе¬рінде, сондай-ақ көлік саласындағы халықара¬лық шарттарға қосылу жолымен ұлттық көлік заңнамасын халықаралық нормалармен үйлестіру;
біртұтас экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және тиімді пай¬далану арқылы әлеуметтік тұрақтылыққа кепіл¬дік беретін деңгейде көлікке қол жетімділікті қамтамасыз ету;
инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;
үдерістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалардың санын және ауырлығын азайту;
халықаралық нормаларға сәйкес келетін эко¬ло¬гиялық стандарттарды белгілеуде және олардың орындалуын бақылауда мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы экология¬лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энерге¬тикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.
Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия¬ның серпінді дамып келе жатқан нарығы ара¬сын¬да орналасқан Қазақстанның ұтымды география¬лық орны еліміздің әлемдік көлік жүйесін қалып¬тастыруда тең құқылы әріптес ретінде қаты¬суы¬ның ерекше өзектілігін айқындайды. Бұл ретте бізді Еуропа, Азия, ТМД және Балтық елдерімен ынтымақтастық айырықша қызықтырады.
АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия “үш¬бұры¬шында” негізгі қаржылық және тауарлық ағын¬дар шоғырланатындығы туралы әлем эко¬но¬ми¬касы дамуының болжамды бағаларына қара¬ған¬¬да сарапшылардың болжамдары бойынша Еуропа – Азия арасындағы тауар айналымы ша¬ма¬мен 1 триллион АҚШ долларын құрайды. Сон¬дық¬тан, Елбасының Қазақстан халқына Жол¬дау¬ын¬да көрсетілгендей, бүгінгі күні Қазақстан үшін ең маңызды міндет — Еуропа мен Азия ара¬сын¬дағы құрылықаралық көпір ретіндегі өзінің тиімді геостратегиялық орнын толығымен пайдалану.
Еліміз ШЫҰ, ЭЫҰ, БЭК, ЕурАзЭҚ және ТМД сияқты көпжақты экономикалық ұйым-дар¬дың белсенді қатысушысы болып табылады. Қа¬зақ¬станның әлемдегі және өңірдегі осындай бел¬сенді экономикалық және сауда ынтымақтастығы тауарларды бір пункттен екінші пунктке бала¬ма¬лы, сапалы, сенімді және уақтылы жеткізуді та¬лап етеді. Осыған орай, біз Қазақстанның гео¬стрବ¬тегиялық орналасуынан қосымша эконо¬ми¬калық және саяси тиімділік алу үшін нақты жұмыс жүргізудеміз.
Барлық ықтимал, жүктерді қалыптастыратын өңірлерді және жаңа көлік дәліздерін ескере оты¬рып Қазақстанның көлік жүйесін кешенді дамыту үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы шеңберінде жүк көп та-сымалданатын темір жол учаскелерінің шамамен 1 600 км-ін салу және 2 700 км-ін электрлен¬ді¬ру, 50 мың километрге жуық автожолдар салу, қал¬пы¬на келтіру және жөндеу, порт инфрақұры¬лымын кеңейту мен жаңғырту және азаматтық авиация саласын белсенді түрде дамыту қажет.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы
І. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Стратегияның негізгі мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге
қабілеттілігінің, соның ішінде экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал ететін
тиімді көлік инфрақұрылымын құру, сондай-ақ елдің геостратегиялық
орналасуын ескере отырып, оның транзиттік әлеуетін барынша іске асыру.
Еуразия экономикалық қауымдастығы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік сауда
ұйымы және тағы сол сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде,
сондай-ақ көлік саласындағы халықаралық шарттарға қосылу жолымен ұлттық
көлік заңнамасын халықаралық нормалармен үйлестіру;
біртұтас экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды
дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және тиімді пайдалану арқылы
әлеуметтік тұрақтылыққа кепілдік беретін деңгейде көлікке қол жетімділікті
қамтамасыз ету;
инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;
үдерістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалардың санын
және ауырлығын азайту;
халықаралық нормаларға сәйкес келетін экологиялық стандарттарды
белгілеуде және олардың орындалуын бақылауда мақсатты бағытталған
мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.
Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның серпінді дамып келе жатқан
нарығы арасында орналасқан Қазақстанның ұтымды географиялық орны еліміздің
әлемдік көлік жүйесін қалыптастыруда тең құқылы әріптес ретінде қатысуының
ерекше өзектілігін айқындайды. Бұл ретте бізді Еуропа, Азия, ТМД және
Балтық елдерімен ынтымақтастық айырықша қызықтырады.
АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия “үшбұрышында” негізгі қаржылық және
тауарлық ағындар шоғырланатындығы туралы әлем экономикасы дамуының болжамды
бағаларына қарағанда сарапшылардың болжамдары бойынша Еуропа – Азия
арасындағы тауар айналымы шамамен 1 триллион АҚШ долларын құрайды.
Сондықтан, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, бүгінгі
күні Қазақстан үшін ең маңызды міндет — Еуропа мен Азия арасындағы
құрылықаралық көпір ретіндегі өзінің тиімді геостратегиялық орнын толығымен
пайдалану.
Еліміз ШЫҰ, ЭЫҰ, БЭК, ЕурАзЭҚ және ТМД сияқты көпжақты экономикалық
ұйымдардың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстанның әлемдегі және
өңірдегі осындай белсенді экономикалық және сауда ынтымақтастығы тауарларды
бір пункттен екінші пунктке баламалы, сапалы, сенімді және уақтылы
жеткізуді талап етеді. Осыған орай, біз Қазақстанның геостратегиялық
орналасуынан қосымша экономикалық және саяси тиімділік алу үшін нақты жұмыс
жүргізудеміз.
Барлық ықтимал, жүктерді қалыптастыратын өңірлерді және жаңа көлік
дәліздерін ескере отырып Қазақстанның көлік жүйесін кешенді дамыту үшін
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы шеңберінде
жүк көп тасымалданатын темір жол учаскелерінің шамамен 1  600 км-ін салу
және 2 700 км-ін электрлендіру, 50 мың километрге жуық автожолдар салу,
қалпына келтіру және жөндеу, порт инфрақұрылымын кеңейту мен жаңғырту және
азаматтық авиация саласын белсенді түрде дамыту қажет.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Үкімет Қазақстан
Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған
бағдарламасын қабылдады, онда жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамытуды
қаржыландыру 1,3 трлн. теңге сомасында көзделген, соның ішінде жергілікті
жолдар желісін дамытуға тұңғыш рет 271 млрд. теңге бөлінеді.
Азаматтық авиация саласын одан әрі дамытудың негізгі стратегиялық
міндеттері ағымдағы жылдың маусым айында қабылданған Азаматтық авиация
саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында көрініс
тапқан, атап айтқанда, олар – республика тұрғындарын әуе тасымалдарымен
қамтамасыз ету, озық халықаралық стандарттарға сәйкес саралы және бәсекеге
қабілетті авиациялық қызметтерді ұсыну және жерүсті инфрақұрылымын
жаңғырту.
Кеме қатынасын және теңізде жүзуді дамыту мақсатында Қазақстан
Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған
бағдарламасы және Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамыту және ішкі
су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған
бағдарламалары әзірленді. Оларды іске асыру теңіз көлігімен тасымалданатын
жүк көлемін жылына 50 млн. тоннаға дейін, ал өзен көлігімен — 7-8 млн.
тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
ІІ. Тиімді көлік инфрақұрылымы — экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің
маңызды элементі
Қазіргі магистральдар арасындағы байланыстырушы учаскелерді салу
транзиттік дәліздің жалпы өткізу көлемін жылына 400 млн. тоннаға дейін
ұлғайтуға, ал транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін жылына 100 млн.
тоннаға дейін ұлғайту және жаңа жүк ағынын тарту арқылы транзиттік
тасымалдың көлемін жылына 8 млн. тоннадан 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Осы мақсатпен жаңадан “түзетуші” темір жол желілерін салу
көзделуде. Мысалы, Жезқазған-Сексеуіл-Шалқар-Бейнеу темір жол желісі астық,
мұнай өнімдері, қара және түсті металдар сияқты жүктер үшін Ақтау порты
бағытында бәсекеге қабілетті бағдарғыларды ұйымдастыруға және Батыс
Қазақстанды еліміздің орталық және шығыс облыстарымен қосуға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындары өнімінің
бағасындағы көлік құрамдастығын төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, қара
металдарды тасымалдау кезінде ол 20%, түсті металдарды тасымалдаған кезде —
37,3 % төмендейді.
Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау үшін жаңа
Маңғыстау-Баутино (135 км) және Ералы-Құрық (14,4 км) темір жолдарының
құрылыс жобасын концессиялық негізде іске асыру көзделуде. Жаңа желілер
салу қосымша жұмыс орындарын құруға және порт инфрақұрылымдарын күшейтуге
мүмкіндік береді. Жобаланып отырған желілердегі жүк тасымалдаудың болжамды
көлемі жылына 15 млн. тоннадан астам болмақшы.
Автожолдардың өткізу қабілеті мен олардың сапасы ел экономикасының барлық
дерлік саласына әсері болатындықтан республикалық және жергілікті маңызы
бар жолдардың жай-күйін жақсарту автожол саласын дамыту басымдықтарының
бірі болып табылады. Экономикада құрылымдық қайта құрулар жүргізу
нәтижесінде автомобиль көлігіндегі жүк айналымының 2010 жылға қарай 33-тен
55 млрд. т. км. дейін өсуі жоспарлануда.
ҚР автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы
шеңберінде алты жолақты автожол магистральдарын салу, 6 негізгі халықаралық
дәліздерді қалпына келтіруді қоса есептегенде, 7 мың километрден астам
жолды жоғары техникалық санатқа өткізуді жүзеге асыру жоспарлануда. Жол
қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және
жасанды құрылыстардың беріктігін, сенімділігін арттыру, жол жұмыстарының
құнын төмендету сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және
пайдалану сапасын арттыру еліміздің автомобиль жүйесін одан әрі дамытудың
басты өлшемдері болып табылады. Автомобиль тасымалдарының бәсекеге
қабілеттілігі тікелей автомобиль жолдарының жай-күйіне ғана емес, жылжымалы
құрамның да жай-күйіне байланысты болғандықтан, автокөлік құралдары паркін
ЕВРО нормаларына сәйкес келетіндей етіп жаңғырту көзделуде.
Азаматтық авиация саласының бәсекелестікке қабілеттігін арттыру
мақсатында сала инфрақұрылымын одан әрі жаңартуға, кадр әлеуетін қамтамасыз
етуге және жаңа авиациялық стандарттарды енгізуге бағытталған жұмыстар
жүргізілуде.
Жолаушы және жүк ағынының жыл өткен сайын ұлғая түсуіне байланысты барлық
әуежайлардың өткізу қабілеті мен қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары
жүргізілуде. Айталық, таяудағы үш жылдың ішінде әуежайлардың жерүсті
инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары толықтай аяқталады. Атап айтқанда,
еліміздің негізгі әуежайларының терминалдары мен жасанды ұшу-қону жолақтары
жаңғыртылады, қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдарына
арналған арнайы техника паркі жаңартылады. Авиакомпанияларды әуе кемелерін
жаңартуға ынталандыратын шаралар кешені әзірленуде. Осыған сәйкес 2008 жылы
тұрақты маршруттардағы кеңестік кезеңде шығарылған барлық ұшақтар
пайдаланудан толықтай шығарылады. Әуе кемелерінің санының авиатасымалға
деген сұранысқа сай болуы керектігін ескере отырып, батыста шығарылған әуе
кемелерін алу жұмысы жалғастырылуда. Жалпы, таяудағы 10 жылдың ішінде
қазақстандық әуе компанияларының паркін қазіргі заманғы әуе кемелерімен 12-
ден 65 бірлікке дейін өсіру жоспарлануда.
Сонымен қатар, салада жолаушы және жүк тасымалдарын бәсекелес
әуежайлардан ауыстырып алу жөнінде белсенді саясат жүргізілуде. Айталық,
авиациялық қызметті пайдаланушыларға көбіне көп тартымдырақ қызмет ету
жағдайларын ұсынудың арқасында кейінгі жылдары жолаушы авиатасымалын жылына
25%, сол сияқты жүк авиатасымалын (шамамен 10%) тұрақты өсіріп отыруға қол
жеткізілді. Мысалы, Астана халықаралық әуежайы бәсекеге қабілеттірек
тарифтер мен сапалырақ қызмет көрсетуді ұсынудың арқасында Luftgansa Cargo
сияқты ірі жүк тасымалдаушы компанияның барлық дерлік жүк тасушы рейстерін
өзіне қаратып алды. Бүгіннің өзінде тасымал көлемі аптасына 45 қонуға
жеткізілді, ал таяу мезгілде компания өзінің барлық рейстерін елордалық
әуежайға ауыстыруды жоспарлауда.
Еліміздің ішінде халықаралық рейстерге сұраныстың ұлғаюын және шетел
авиакомпанияларының Қазақстанға ұшуға қызығушылығын ескере отырып, біз
отандық авиакомпаниялардың ұшу географиясын кеңейту және жаңа шетелдік
авиакомпанияларды өзімізге тарту тәжірибесін ширата түсудеміз. Қазақстанның
географиялық жағынан оңтайлы орналасуы Еуропа мен Азия аралығында жолаушы
тасымалдайтын рейстер жасайтын авиакомпанияларды тартуға мүмкіндік береді,
сонымен қатар ИКАО-ның болжамды бағалауларына қарағанда, таяу жылдары
Еуропа мен Азия аралығындағы жолаушы тасымалы 5-7%-ға, ал жүк тасымалы 9-
10%-ға өседі, Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы болатын транзиттің ең үлкен
өсуі Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және ТМД елдеріне жаңа рейстер ашу арқылы
қамтамасыз етілмек.
Кейінгі жылдары республиканың сыртқы сауда-экономикалық байланыстарын
кеңейтуде Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінде дамып келе жатқан Ақтау
порты үлкен рөл атқаруда. Қазіргі уақытта Каспий бассейнінде тасымалданатын
жүктің жалпы көлемі жылына 30 млн. тоннадан асты. Бұл ретте Ақтау портының
үлесі Каспийдегі жалпы жүк ағынының 33 %-ын құрайды. Қазірдің өзінде Каспий
теңізіндегі ең ірі және жүк құраушы порт болып отырған Ақтау теңіз порты
аймақта “түзетуші” темір жолдары және жаңа автомобиль жолдары
салынатындығын қоса есептегенде еліміздің өзіндік “Батыс қақпасына”
айналып, ол арқылы өтетін теңіз тасымалының көлемі одан сайын ұлғая түспек,
ал, жүктердің 50%-дан астамы Қазақстанда шығарылған өнімдер болмақ.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес 2012 жылға қарай Каспий теңізіндегі жүк
тасымалдарының көлемі шамамен 65 млн. тоннаны құрайтын болады. Осыған
байланысты тиісті бәсекелестік ортаны құру және порт инфрақұрылымын
дамытуға инвестициялар тарту мақсатында, қазіргі уақытта мемлекет —
жекеменшік әріптестігі негізінде Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту
жобасын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізуде
Ертіс және Жайық бассейндеріндегі кеме жасау және кеме жөндеу
кәсіпорындарына жаңғырту жүргізіледі, сондай-ақ Маңғыстау облысы Құрық
ауданында жаңа кеме жөндеу зауыты салынатын болады, су көлігі саласы
кадрларының біліктілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
ІІІ. Еуразия көлік жүйесіне кірігу
Бүгінгі күні Қазақстанның көлік жүйесі бірыңғай еуразиялық көлік
желілерінің ажырамас құрамдаушысының бірі болып табылады, оның бәсекеге
қабілеттігі тек барлық мүдделі мемлекеттердің келісілген қызметі жағдайында
ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.
Прогрестің мүмкіндігі тек түрлі деңгейдегі конференцияларда және
халықаралық форумдарда барлық мемлекеттердің транзиттік бастамаларын
талқылау жолымен сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық негізде
мүмкін болатынын түсіне отырып, Қазақстан 2006 жылғы 21-22 қыркүйек
аралығында Астана қаласында “Трансконтиненттік транзит — қазіргі заманғы
көлік жүйесі” атты VІ “Трансеуразия-2006” халықаралық конференциясын
өткізгелі отыр, ол Еуропа, Азия, ТМД, Балтық елдерінің көлік ведомстволары,
сондай-ақ халықаралық көлік ұйымдары мен қаржы институттары басшылары үшін
келіссөздер жүргізу орны болмақ.
Біз қазіргі даму кезеңінде Қазақстан Республикасының транзиттік
мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін аса қолайлы алғышарттар қалыптасқанын
түсінеміз. Олардың – бірі Еуропа және Азия елдері арасындағы серпінді дамып
отырған сауда-өнеркәсіптік тауар алмасу. Оның өзі жаңа, барынша ұтымды
еуразиялық көлік коммуникацияларын қалыптастыруды ынталандырады.
Мәселен, биылғы жылғы көктемде Әзірбайжанға, Грузия мен Түркияға
барғанымызда, “Карс-Ахалкалаки-Тбилиси-Баку” жаңа байланыстырушы темір жол
желісі құрылысының жобасымен таныстық. Бұл Карс-Ахалкалаки темір жолын
Тбилисиге және Бакуге дейін соза отырып, Ақтау портын іске қосу арқылы
Азиядан Еуропаға жүк тасымалдау жөніндегі перспективалы жобалардың бірі
болып табылады, ол жүктерді Азиядан Еуропаға 12-15 күннің ішінде жеткізуге
мүмкіндік береді, бұл теңіз көлігінен екі есе жылдам.
Сондай-ақ, халықаралық транзит тұрғысынан алғанда аса маңыздылардың бірі
Қазақстан-Қытай шекарасындағы Достық-Алашаңқай өткелі болып табылады.
Бүгінде ол Трансазия темір жол магистралінің негізгі буыны. Таяу арада
Достық-Алашаңқай шекаралық өткелін (жүк өткізу қабілеті жылына 25 млн.
тонна) дамыту және Сарыөзек-Қорғас жаңа темір жол желісін (жүк өткізу
қабілеті жылына 25 млн. тонна) салу жөніндегі іс-шаралар басталады. Бұл екі
жобаны іске асыру Көлік стратегиясы шеңберінде көзделген және олар Азиядан
Еуропаға жүк тасымалдаудың ажырамас буындары болуы тиіс.
Достық станциясы мен Ақтоғай-Достық учаскесінің жылына 25 млн. тоннаға
дейін жүк тасымалдау және өткізу қабілетіне қол жеткізу үшін, сондай-ақ
Достық кентін әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін Достық халықаралық шекара
өткелі мен Ақтоғай-Достық темір жол учаскесін одан әрі дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған кешенді бағдарламасы әзірленді, онда тек стансаның өзін
ғана емес, сондай-ақ оған іргелес аумақ пен кент инфрақұрылымын дамыту да
көзделеді.
Жалпы контейнерлік тасымалдың үлесі артып келе жатқанын, 2005 жылы
Қазақстан темір жолдары бойынша, соның ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу типтері мен факторлары
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Ғылыми техникалық прогресстің дамуы
Елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісі
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Пәндер