Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағы іштегі өндірушілерді сырттағы бәсекелестерден қорғауды көздейді



Қазақстан, Ресей және Беларус бірыңғай кедендік тарифті келісуді және рәсімдеуді осы жылдың соңына дейін аяқтауға ниетті. Қазір тараптар іс жүзінде позицияларының 40 пайызын тоқайластырды. Егер осы үш мемлектеттің шеңберінде Кеден одағы жұмысын жолға қойса, көптеген өзара пайдалы жобалар жүзеге асырыла бастайды, іштегі өндірушілерді сырттағы бәсекелестерден қорғаудың мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, тараптардың көзқарасынша, бірлесіп ұйымдастырылатын экономикалық қызмет пен ықпалдастық әлемдік қаржы дағдарысынан шығу жолындағы қосымша сүйеніш бола алады.
Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағы іштегі өндірушілерді сырттағы бәсекелестерден қорғауды көздейді
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Бас хатшысы Тайыр Мансұров жуырда мәлім еткеніндей, бүгінгі күні тарифтердің 40 пайызы келісілген. «12 мыңның ішіндегі төрт мың позиция бойынша біз іс жүзінде бірыңғай тарифке иеміз. Ал, 2010 жылы Кеден одағы толығымен құрылатын болады», дейді ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы.
Қазақстан, Ресей және Беларус Кедендік альянстың алдында тұр – іс жүзінде олар толыққанды экономикалық одақ құруға бір табан жақын. «ЕурАзЭҚ елдерінің валюталық одағы келесі қадам бола алады. Мен Еуразиялық ұлтүстілік есеп айыратын бірлікті құру туралы мәселені пысықтауды бастауды ұсындым», деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің пікірінше, Ресей, Қазақстан және Беларустың Кеден одағы «ТМД елдерімен ынтымақтастықты дамытуда тың перспективаны қалыптастырады», сонымен қатар, бірлесіп ұйымдастырылатын экономикалық қызмет пен ықпалдастық – бұл дағдарыстан шығатын жол, қосымша тірек.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағы іштегі өндірушілерді сырттағы
бәсекелестерден қорғауды көздейді

Қазақстан, Ресей және Беларус бірыңғай кедендік тарифті келісуді және
рәсімдеуді осы жылдың соңына дейін аяқтауға ниетті. Қазір тараптар іс
жүзінде позицияларының 40 пайызын тоқайластырды. Егер осы үш мемлектеттің
шеңберінде Кеден одағы жұмысын жолға қойса, көптеген өзара пайдалы жобалар
жүзеге асырыла бастайды, іштегі өндірушілерді сырттағы бәсекелестерден
қорғаудың мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, тараптардың көзқарасынша,
бірлесіп ұйымдастырылатын экономикалық қызмет пен ықпалдастық әлемдік қаржы
дағдарысынан шығу жолындағы қосымша сүйеніш бола алады.
Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағы іштегі өндірушілерді
сырттағы бәсекелестерден қорғауды көздейді
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Бас хатшысы Тайыр
Мансұров жуырда мәлім еткеніндей, бүгінгі күні тарифтердің 40 пайызы
келісілген. 12 мыңның ішіндегі төрт мың позиция бойынша біз іс жүзінде
бірыңғай тарифке иеміз. Ал, 2010 жылы Кеден одағы толығымен құрылатын
болады, дейді ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы.
Қазақстан, Ресей және Беларус Кедендік альянстың алдында тұр – іс жүзінде
олар толыққанды экономикалық одақ құруға бір табан жақын. ЕурАзЭҚ
елдерінің валюталық одағы келесі қадам бола алады. Мен Еуразиялық
ұлтүстілік есеп айыратын бірлікті құру туралы мәселені пысықтауды бастауды
ұсындым, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің пікірінше, Ресей, Қазақстан және
Беларустың Кеден одағы ТМД елдерімен ынтымақтастықты дамытуда тың
перспективаны қалыптастырады, сонымен қатар, бірлесіп ұйымдастырылатын
экономикалық қызмет пен ықпалдастық – бұл дағдарыстан шығатын жол, қосымша
тірек.

Беларус Президенті Александр Лукашенко да Кеден одағын құруға айрықша назар
аударып отыр. Кеден одағының толыққанды жұмысын бастау үшін барлық
жағдайды жасау – бірінші кезектегі міндет. Беларус басшысы энергетика,
көлік салаларындағы ынтымақтастықты үдетуді, мемлекетераралық мақсатты
бағдарламаларды жүзеге асыруды маңызды басымдық деп есептейді. Атап
айтқанда, Беларус өзінің мұнай өңдейтін кәсіпорындарында қазақ елінің
мұнайын өңдеу жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Бұны дәп осы
Кеден одағы құрылғаннан кейін жүзеге асыруға әбден болады. Қазіргі уақытта
Ресей арқылы тасымалдалданатын мұнай тарифтерінің қымбаттығы негізгі
кедергі болып табылады. Егер үш мемлекеттің - Қазақстан, Беларус және
Ресейдің шеңберінде Кеден одағы 2010 жылы жұмыс істей бастаса, онда мұндай
жобаны жүзеге асыруды бастауға болады, дейді Қазақстанның Беларустағы
елшісі Анатолий Смирнов.
Үш мемлекеттің Кеден одағын құру жөніндегі жоба бірқатар дүниелерді
қарастырады. Мәселен, Кеден одағы жұмыс істей бастаса, онда Одаққа мүше
елдердің аумағына үшінші елдерден келетін барлық тауарлар бірдей кедендік
процедуралардан өтетін болады және тиісті кедендік органдардың рұқсатынан
кейін үш мемлекеттің арасында емін-еркін жылжи береді. Бұл аталмыш үш елде
өндірілетін тауарларға да қатысты. Сондай-ақ белгілі бір тауарлардың
тізімінен бірдей баж салықтары алынатын болады. Бір сөзбен айтқанда Кеден
одағының жұмысы жолға қойылатын болса, шекаралық бақылауды қоспағанда,
кедендік шекаралар мен басқа да бақылаулар алынып тасталады. Бұл тауар
айналымының ашықтығына жол ашады. Бұл ретте Ресей, Беларус және Қазақстан
бірыңғай кеден кодексін басшылыққа алады. Дейтұрғанмен, сарапшылардың
пікірінше мұндай корпоративтік үшбұрыштың өзіндік нюанстары да жетерлік.
Финам Менеджмент УК жетекші сарапшысы Дмитрий Барановтың сөзіне
қарағанда, ең алдымен Кеден одағын іске қосуға әлі көп уақыт бар және
дағдарыс жағдайында мұндай тарифтердің енгізілуі екіталай. Ал, егер де
ойлағанның бәрі жүзеге асқан жағдайда, онда бірыңғай кедендік тариф ең
алдымен тауарлары бірыңғай кедендік кеңістікке келетін үшінші елдерге
қатысты қолданылатын болады. Отандық өндірушілерді қорғауға келетін
болсақ, онда билікке өздерінің өндірушілерін қолдау жөніндегі қандай да бір
қосымша ішкі шараларды қабылдау қажет шығар, мысалы қандай да бір салықтар
мен алымдарды төмендету. Алайда мұнда мынаны ескерген жөн: бұл шаралардың
барлығы Қазақстан да, Ресей де мүше болғысы келетін ДСҰ-ның нормаларына
қайшы келмеуі тиіс, дейді сарапшы.
Ресей ғылым академиясы Қоғамдық ғылым бөлімінің экономикалық
стратегиялар институты бас директорының орынбасары Александар Исаевтың
пайымдауынша, Одақ аясындан кедендік тарифтерді сәйкестендіру – бұл өзінше
бір кішігірім ДСҰ. Мұнда да өзіндік плюстер мен минустар бар. Мәселен,
Қазақстан астық бойынша плюске ие болғанымен, өнеркәсіптік тауарлар бойынша
минусқа ұрынуы мүмкін. Экономистің пікірінше, таяу және алыс шетелдердің
экспорты шамамен бірдей эконмикалық жағдайларда болуы үшін Қазақстан
брыңғай тарифтерді жасауға ықпал ете алады. Сонда ғана ресейлік және
беларустық тауарлардың біріншіден - батыс тауарларына, екіншіден -
Қазақстанда жасалған өнімдерге қатысты баға артықшылығы болмайды.
Сондықтан да одаққа қатысушы басқа мемлекеттердегі әріптестеріне барынша
сауатты әлі теңгермелі нұсқаларды ұсыну үшін экономистердің алдында шын
мәнінде күрделі міндеттер тұр. Бірыңғай кеден одағын құру бұл шынтуайтына
келгенде үш мемлекеттің ішіндегі сауда-саттықты ынталандыратын шара емес,
бұл әсіресе дағдарыс кезінде Одаққа мүше елдердің ішкі рыноктарын
халықаралық бәсекелестерден қорғаудағы ортақ шара, дейді А. Исаев.
Ал, Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу
жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталықтың бас директоры Алексей Власовтың
пікірінше, Қазақстан мен Ресей ТМД кеңістігіндегі ықпалдастық процестердің
локомотивтері болады алады. Кеден одағын тезірек құру жөніндегі шешім бұл
да қазіргі күрделі уақыттың талаптарымен қабысатын шара.
Бастапқыда Кеден одағының шеңберінде толыққанды өзара іс-қимылға
2011 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өту жоспарланған болатын, енді тиісті
нормаларды мейлінше ертерек енгізу мүмкіндігі пысықталып жатыр. Бірыңғай
кедендік тарифтің жобасын осы жылдың бірінші тоқсанында, Кеден одағы
комиссиясының мәжілісінде жариялау көзделіп отыр. Ал, өткен жылдың күзінде
қабылданған іс-қимыл жоспарына сәйкес, бірыңғай кедендік тариф биыл бірінші
жарты жылдықтың ішінде бекітілмек.
Әлем тарихында экономикалық одақтар мен интеграцияның мысалдары
жетерлік. Орта ғасырдың өзінде мемлекеттер арасындағы сауда-саттықты реттеу
үшін кедендік одақтар құрыла бастады. Түрлі сауда-теңіз одағы, көпестер
альянсы соның дәлелі. Бүгінгі күннің өзінде түрлі кеден одақтарының
интеграцияның тиімді формасы екенін уақыт көрсетіп отыр. Оған мысал ретінде
Еуроодақ елдерінің, АҚШ, Канада мен Мексиканың Кеден одақтарын келтіруге
болады.
Тарихқа үңілсек, Ұлы Жібек жолының үзіліп қалуының басты себептерінің
бірі — жол бойындағы алым-салықтың көптігі болған. Әр тайпаның өзінше баж
салығын талап етуі, бірыңғай тарифтің болмауы адамзат тарихындағы ең көне
сауда дәлізінің өрістеуіне кедергі келтірді. Осы Ұлы Жібек жолын кесіп
тастаған баж салықтары мен мемлекеттер арасындағы көзқарас қайшылығы күні
бүгінге дейін сақталып келеді.
Неге үштік?
Әлемдік тәжірибе нақты экономикалық интеграция тек экономикалық потенциалы
жоғары елдерде ғана жүзеге асатынын көрсетіп отыр.
ТМД аумағында мұндай елдер қатарына Ресей, Украина мен Беларусьті
және Қазақстанды жатқызуға болады. Осылардың ішінен Ресей, Қазақстан және
Беларусь ортақ кеден кеңістігін құруға мүдделі боп отыр. Сонымен, үш елдің
басшылары келіскендей, бірегей кеден аумағында кедендік баж салығы алып
тасталады немесе ортақ көлемі бекітіледі. Әлемдік саясат және экономика
институты сарапшысы Айнұр Ыбырайымованың айтуынша, осының арқасында сауда-
экономикалық байланыстардағы кедергілер азаяды, дағдарыс кезінде жаңа жұмыс
орындарын ашу мүмкіндігі туады. Сонымен бірге өнімді өткізу нарығы
кеңейеді. Кеден одағы еркін сауда аймағынан да терең интеграциялық үрдіске
айналмақ. Одаққа мүше елдер ішкі кедендік шекараларды алып тастауға
келіседі. Өнімдерімен саудаласқанда кедендік рәсімдеулер жойылады. Сыртқы
сауда мәліметтерін жинаудың ортақ жүйесін жасайды. Өзге елдермен сауда
қарым-қатынасында бәріне ортақ тарифтік және тарифсіз саясат ұстанады.
Шағын және орта бизнеске не береді?
Егер үш ел арасындағы Кеден одағы шын мәнінде жұмыс істейтін болса,
Қазақстаннан Ресейге тауар тасу – шығыны жағынан Қызылордадан Қарағандыға
қатынағанмен бірдей болмақ.
Еуразиялық экономикалық одақ құрылған соңғы сегіз жыл ішінде, еркін
сауда аймағы аясында үш елдің тауар айналымы 29-дан 130 млрд долларға
дейін артқан. Қазір болашақ Кеден одағына мүше елдерге 12 мың тауар түрі
келеді, олардың басым көпшілігінің ортақ тарифі келісілді. Мамандардың
айтуынша, бір ғана теміржол тарифтерін ретке келтіру тауар айналымын 30
пайызға бір-ақ өсіреді.
Кеден одағы жұмыс күшінің еркін айналымын, технология алмасуды, сауда
жасауды жеңілдетеді. Соңғысы шағын және орта бизнес үшін аса маңызды
болмақ.
Біздің кәсіпкерлер Ресейге тауар тасығанда түрлі тексерулермен қоса
жоғары баж салығына тап болады. Енді келесі жылдан бастап Кедендік одақ
аясында бұл кедергілер жойылуы тиіс.
Бірыңғай кедендік тарифтердің болуы, тексерудің азаюы кәсіпкерлерге қол
болмақ. Олар уақыт, жол шығындары мен мүмкіндіктерін кеңейту, бизнестің
дамуы жағынан сөзсіз ұтады. Ең бастысы – 170 миллион адамы бар, жалпы ішкі
өнімінің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық ашылады.

Кеден одағы аясында ауылшаруашылығы жабдықтарының лизингі бойынша
инвестициялық преференцияларды ұсыну механизмін өзгерту қажет
ҚазАгро холдингінің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков Кеден
одағы аясында ауылшаруашылығы жабдықтарының лизингі бойынша инвестициялық
преференцияларды ұсыну механизмін өзгертуді ұсынып отыр.
Ол бұл ұсынысын Үкіметтің бүгінгі селекторлық кеңесінде айтты, деп
хабарлайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
Халықаралық сауданың теориялары
Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі
Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас кеден одағының құрылуы
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Пәндер