Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру


Кіріспе
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыруды ұйымдастырудың теориялық негізі
1. 1 Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарының экономикалық мәні мен типтері
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің факторлары, субъектілері мен объектілері
1. 3 Кәсіпорынның инвестициялық қызметтін қаржылындыру механизімі
2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржылындыру көздерін талдау
2. 1 Кәсіпорынның қызметін қаржыландырудың банктік несиелеу әдісін бағалау
2. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудың лизингтік әдісін бағалау
3. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржылындыруды
жетілдіру жолдары
3. 1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының басты бағыттары
3. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін несиелеудегі тәуекелді басқаруды жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда отандық өніндіріс саласы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды іске асырмайынша алға жылжымайтыны белгілі. Қазақстан үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралар жоспарында және ҚР Президентінің соңғы жылдардағы елге жолдауларында бұл мәселе тереңінен көтеріліп отыр. Әсіресе 2009-2010 жылдарға дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған 2 тлн. 700 млн теңге қаражаттың 3 млрд АҚШ долларына жуығы агроөнеркісібі, шағын және орта бизнесті дамытуға және жаңа инновациялық ивестициялық жобаларды игеруге бағытталу тікелей отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды көздейді.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруға аса мән беруге тиіс. Себебі, кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруға біріншіден, мемлекет тарапынан қаржыландыру тетіктері қарастырылса, екіншіден мемелекет оларға кепілдік бере алады.
Шын мәнісінде кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыру отандық банк активтерінің басты бағытына айналуда. Сондықтан да болар екінші деңгейдегі банктеріміз инвестициялық қызметті несиелеуге басты қызығушылықтар танытады. Бүгінгі күні кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың өзіндік шарттары мен саясаты қалыптасуда.
Бірақ отандық банктердің кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруға байланысты бүгінгі күні мәселелер жоқ емес. Ең басты мәселе бұл тәуекелмен байланысты. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындардың инвестициялық қызметтің көбісі жаңа бизнес түрінде қаржыландыруды қажет санайтындықтан, олар үлкен тәуекелдің барын алға тартады. Сондай факторды ескеріп, олар инвестициялық жобаларды несиелеуде несиенің пайыздық мөлшерлемесін көтереді. Бұл кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің иелері үшін тиімсіз. Сонымен қатар көз келген ірі инвестициялық жоба ірі қаражат көлемінде несиелеуді талап ететіні сөзсіз. Өкінішке орай ондай кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруға кейбір ірі немесе орта банктердің несиелік ресурстары жетіспейді. Көбіне олар мұндай жағдайдан шығу үшін бірлесіп қаржыландыру бағдарламасын ұсынады. Мұндағы олардың мақсаты тәуекелді бөлісу болып табылады. Келесі бір мәселе ірі және орта жобалардың орта немесе ұзақ мерзімді несиелеуді талап етуімен байланысты. Ал ондай мүмкіндік бүгінгі отандық банктерімізде жоқтың қасында. Сондықтан да олар ұзақ мерзімді несие ресурстарын сырттан немесе шетелден тартуға мәжбүр болады. Ал қазіргі кездегі әлемдік қаржы дағдарысы тұсындай ондай мүмкіндіктер шектелген.
Тақырыптың өзектілігі бүгінгі кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды ұйымдастыру және ондағы тәуекелді басқару мәселесін шешу проблемаларының болуымен сипатталады.
Зерттеу объектісіне - ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыру қызметі жатады.
Курстық жұмысының мақсаты - кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды ұйымдастыру ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан оқып, біле отырып, қазіргі жағдайларға сай олардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
- кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыру ұғымын қарастыру;
- кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыру әдістерін қарастыру;
- кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыру механизмін қарастыру;
- Екінші деңгейдегі банктердің кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыру жағдайына талдау жасау;
- кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды жетілдіру жолдарын қарастыру;
Курстық жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Курстық жұмысын жазу барысында кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды ұйымдастыруға бағытталған жазған шетелдік және отандық ғалымдардың соның ішінде: Ю. С. Масленченков, Н. Е. Егорова, И. Т. Балабанов, И. А. Бланк, Е. С. Стоянова, В. В. Ковалев, Д. В. Мельников, Қ. Қ Ильясов, К. А. Сағадиев, М. Кенжегузин, Н. Қ Мамыров, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, Н. Н. Хамитов, және т. б. еңбектері пайдаланады.
Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландыруды реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің нормативтік құжаттары, статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, және т. с. с. пайдаланылды.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдалылған әдебиттер тізімінен тұрады.
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыруды ұйымдастырудың теориялық негізі
1. 1 Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарының экономикалық мәні мен типтері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін ұғымын қарастырмастан бұрын оның инвестицияларының экономикалық мағынасына мән берген дұрыс.
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында “капитал жұмсалымы” деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық әдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған әртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.
Б. А. Райзберг, Л. Ш. Лозовский және Е. Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде: “Инвестиция - пайда табу мақсатында өэ елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді ” -делінген. [1]
Лапусты М. Г. және П. С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен дайындалған сөздікте: “Инвестиция - табыс алу және әлеумкттік теңділікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, және интелектуалдық құндылықтар” - деп түсіндіріледі. [2]
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде : [3]
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.
Б. А. Колтынюктің еңбегінде: “Инвестициялау - бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы және экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау - бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау” - деп сипаттама береді. [4]
И. В. Сергеев, И. И. Веретникованың еңбегінде инвестиция деп - пайда немесе басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту, кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интелектуалдық құндылықтарды түсіндіреді. [5]
Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады:
Сурет 1. Инвестициялық тізбектің сызбасы
Көзі: Колтынюк Б. А. Инвестиционные проекты. Санкт Питербург. 1999ж.
Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі:
Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;
Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;
Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың (мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кәсіпкерлердің) барлық мүліктік және интелектуалдық құндылықтары; [6]
Инвестиция туралы ҚР заңына сәйкес “шет ел инвестициясы - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру және Қазақстан Республикасының “Лизинг туралы” заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады. Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады: жаңадан құрылатын және жаңартылатын негізгі қорлар мен айналым құралдары.
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің факторлары, субъектілері мен объектілері
Кәсіпорынның инвестциялық қызметіне ықпал етуші факторларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастыруға болады: [5]
1-топ. Макродеңгейдегі немесе барлық сыртқы факторлар:
- салық жүйесінің жетілдірілу дәрежесі;
- инвестициялық қызметтің нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі;
- инвестициялық қызметтке мемлекеттің қатысу дәрежесі;
- инфляция деңгейі;
- бюджет тапшылығы;
- экономиканың даму жағдайы;
- қаржы-несие саясатын жетілдіру дәрежесі;
- мемлекеттің экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаты;
- қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдайлар;
- нарықтық қатынастардың жетілдірілу дәрежесі;
- еркін экономикалық аймақтардың болуы;
- шетел капиталын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
- инвестиция жұмсаудың тәуекелділік дәрежесі;
- мемлекет тарпынан шағын және орта бизнесті қолдау.
Осылардың ішінен кәсіпорынның инвестициялық қызметіне кейбірінің ықпал ету тетігін қарастырайық.
Бұл факторлардың барлығы бір бірімен өзара байланысты деген түйінге келсек, онда олардың барлығы бірдей тек қана иневстициялық қызметке ғана емес, сондай-ақ елдегі жалпы экономикаға да ықпал етеді. Ел экономикасының жағдайы мен оның даму үрдісі - бұл инвестициялық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттің және барлық шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор.
Елдегі экономика жағдайы ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет шамасы мен оның тапшылық деңгейі, инфляция деңгейі, экспорт көлемі және оның құрылымы сияқты және басқа да көрсеткіштердің үрдісін анықтауға мүмкіндік жасайды. Инвестициялау үшін қажетті ресурстарды бөлетін мемлекеттің, шарушылық субъектілердің және коммерциялық ұйымдардың мүмкіндіктері ЖІӨ, ЖҰӨ және ұлттық табыстың шамасына байланысты.
Экономиканың даму қарқыны қолда бар күш-қуатты тиімді пайдалануға және инвестиция жұмсау қарқынына да тікелей байланысты екіні де белгілі. Әрине бұл жерде экономика қарқының өсуі иневстициялық жұмсалымға қарағанда ілгері болуына тырысу қажет.
Инфляция бұл инвестициялық қызметке ықпал етуші негізгі фактор ретінде экономканың жағдайына тікелей байланысты, яғни тұрақты экономика немесе экономикалық өсу тұсында оның деңгейі төмендейді немесе керсінше. Бұл жерде инфляция процессі мен банктік несие мөлшерлемесінің арасында тығыз байланыс бар екенін айта кету қажет. Ендеше инвестицияға деген сұраныс қисығы банктік пайыз мөлшерлемесіне (М п ) және инвестицияның жұмсалымынан күтілетін таза пайданың нормасына (Н п ) тікелей байланысты (1-сурет) .
М п
Н п
Инвестициялар
Сурет 2. Инвестицияға деген сұраныс қисығы
Көзі: Сергеев И. В., Веретенникова И. И., Яновский В. В. Организация и финансирование инвестиций. Москва 2003.
2-суреттен көріп отырғанымыздай, қаншалықты банктік пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым инвестицияға деген сұраныс төмен, немесе инфляцияға деген сұраныс пен күтілетін таза пайда нормасының арасында да сондай байланыс бар. Әрине бұл жерде егер таза пайда нормасы банктің пайыз мөлшерлемесінен жоғары болса, яғни Н п > М п , онда экономикаға инвестиция жұмсау тиімді. Сондай-ақ керісінше, егер күтілетін таза пайда нормасы пайыз мөлшерлемесінен жоғары болса, яғни М п > Н п , онда мұндай жағдайда инвестиция жұмсау тиімсіз.
Пайыз мөлшерлемесінің екі түрі болады: нақты және номиналды.
Нақты номиналдыдан инфляция деңгейіне қарай ажыратылады, яғни:
М нақ = М ном - И м , (1)
мұнда М нақ - нақты банктік пайыз мөлшерлемесі;
М ном - номиналды банктік пайыз мөлшерлемесі;
И м - инфляция деңгейі.
Айта кететін жәйт, бұл жерде инвестициялық шешім қабылдауда номиналдық емес нақты пайыз мөлшерлемесінің ролі маңызды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей егер бағаның жылдық өсуі 40 %, ал айлық өсуі - 2, 8 % -дан аспаған жағдайда ғана қаржылық тұрақтылық қалыптасады. Егер ол жоғары болса, онда өндіріске жұмсалынатын инвестиция шамасы күрт азайып, нәтижесінде экономика мен елдің жағдайы нашарлайды.
Келесі бір маңызды фактор салық жүйесінің жетілдірілу дәрежесі. Қазіргі жағдайда әсіресе, өндіруші кәсіпорындар үшін салықтың мөлшерлемесі әлі де болса (қосылған құнға салынатын салықтан басқасы) жоғары мөлшерде қалуда. Бұл салықтардың бәрі (өнімнің өзіндік құнына кіретіні және бағасына қосылатындары) жұмыс істеп отырған кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне - таза пайдасына әсер етіп, ең соңында кәсіпорынның пайда есебінен инвестициялау мүмкіндігі азайтады.
Салық жүйесін жетілдірудің басты бағыты - инвестицияларын жұмыс істеп отырған өндірісті қайта құруға, техникалық жағынан қайта жарақтау және кеңейтуге бағыттайтын кәсіпорындар үшін табысына салынатын салыққа жеңілдік белгілеуді қамтиды. Мұндай салықтық жеңілдік нарық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде маңызды орын алады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіне елдегі шағын және орта бизнестің дамуы да ықпал етеді. Себебі, олардың дамуынсыз кез келген экономиканың қызмет етуі және дамуы мүмкін емес екені белгілі.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіне белгілі біл мөлшерде болсын оған мемлекеттің қатысу дәрежесіне де байланысты. Сондықтан да мемлекет бұл жерде тек инвестициялық саясатты жасаушы ғана, сол сияқты оны іске асырушы, яғни бюджетте осыған байланысты белгілі бір қаражатты жоспарлай отырып, оны тиісті бағытына пайдаланушы ретінде қатысуға тиіс.
Микродеңгейдегі факторлар да кәсіпорынның инвестициялық қызметіне әсер етеді.
2-топ. Микродеңгейдегі немесе ішкі факторлар:
- кәсіпорынның ауқымы (мөлшері) ;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
- амортизациялық аударымдарды есептеу тәсілдері;
- кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясаты;
- кәсіпорынның инвестициялық саясаты;
- шарушылықты ұйымлдастырылу-құқықтық нысаны.
Кәсіпорынның мөлшері инвестициялық қызметтің ауқымына тікелей ықпал етеді, себебі, ірі кәсіпорындардың орта немесе шағын кәсіпорындарға қарағандағы қаржылық мүмкіндіктері өте жоғары болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясатқа тікелей байланысты. Егер кәсіпорын техникалық жағынан қайта жарақтау және қайта құруды жоспарлайтын болса, онда ол оларды қаржыландыру көздерін қарастырады.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығын объективтті және субъективтті факторлар деп бөлуге болады. Объективті факторларға мемлекеттің (үкіметтің) және кәсіпорынның қызметіне байланыссыз факторлар жатса. Мысалға, стихиялық залалдар, басқа мемлекеттердегі қаржы дағдарыстары және т. с. с. Ал, субъективті факторларға мемлекет пен кәсіпорынның қызметтіне тікелей тәуелді факторлар жатады.
1. 3 Кәсіпорынның инвестициялық қызметтін қаржылындыру механизмі
Механизм дегеніміз не? “Механизм“ термині өзінің шығу тегі техникалық болғандықтан да, оны техникалық категория ретінде қарастырады.
Экономикалық түсінікте: “механизм” - бұл белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында “механизм” термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде инвестицяилық саясаттың міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді. [10]
Жасалынған және қабылданған кәсіпорынның инвестициялық саясаты инвестициялық механизмнің көмегінсіз іске асырыла алмайды.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру механизмі - кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін инвестиция түрлерін, инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздері мен әдістерін, кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыруға қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпорынның инвестициялық қызметін байланысты тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық-инвестициялық механизмнің құрамдас бөлігі.
В. П. Жданов өзінің «Организация и финансирование инвестиций» кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржылындыру механизміне былай түсінік береді: “инвестициялық механизм дегеніміз жұмыс жасап отырған кәсіпорынды өндірістік жағынан ұлғайту немесе жаңадан құрылатын өндірісті алдын-ала қаржыландыру мақсатында ұдайы өндіріске макро және микродеңгейлерде ықпал ететін құралдар мен тетіктердің, инвестицияны қаржыландыру көздерінің, әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді”. [11]
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементтінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ инвестициялық механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, өзіне тән ішкі құрылымық элементтері бар.
Инвестициялық механизм құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
- мотивациялық буын;
- инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру;
- құқықтық және әдістемелік жағынан қамсыздандыру;
- ұйымдық қамсыздандыру.
Мотивациялық буын - нақты инвестициялық механизмнің сыртқы экономикалық және әлеуметтік ортамен, тиісті экономикалық және шарушылық мехнизмдермен өзара әрекет етуін қамтамасыз етеді. Мотивациялық буынға потенциалды инвесторлардың өздерінің қаражаттарын салатын объектілерді анықтау барысында басшылыққа алатын барлық қызмет түрлерінің мотивтерін пысықтау және зерттеу шараларын қамтиды.
Инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру - нақты бір жобаның алдына қойған мақсатына жету мақсатына қажетті ресурстармен жабдықтау, сондай-ақ оларды алатын көздердін талдау және түрлерін зерттеуді көздейді. Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі 1-кестеде берілген.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржылындыру көздері мен тәсілдерінің көп түрлі болғанымен де, оларды ұйымдастыру формалары қарай мынадай топқа бөлуге болады:
1) . өзін-өзі қаржыландыру (инвестициялау мақсатында өзінің ішкі қаржыландыру көздерін пайдалану) ;
2) . сырттай борыштық қаржыландыру (несиелер және займдар) ;
3) . тікелей ( нақты) инвестициялау;
4) . жанама (қаржылай) инвестициялау;
Кесте1
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі
- ақша және валюта;
- бағалы қағаздар (акциялар мен облигациялар, вексельдер) ;
- жарғылық капиталдағы пайлар мен үлестер;
- несиелер және займдар;
- келісім-шарттар, міндеттемелер, кепілдіктер, сақтандыру және басқалары
- жер бөлімшелері (ауданы, өнімділігі, су, инфрақұрылым, ауа-райы, табиғи ресурстар, жағрафиялық жағдайы, құндық бағалау)
- авторлық құқық (ЭЕМ бағдарламалары, геологиялық карта және т. б. ) ;
- жерді пайдалану құқығы;
- өнертапқыштық патенты;
- өнеркәсіптік үлгілер;
- лицензиялар;
- ноу-хау;
- goodwill;
- сауда маркасы, сауда белгісі, фирмалық стилі;
- идеялар, жобалар және т. б. ;
- ақпараттар массиві / статистика
- басқаратын персоналдар;
- білікті оқытылған мамандар;
- жұмысшылар
Көзі: Коласс Б. Управление инвестиционной деятельностью предприятия. Проблемы, концепции и методы.
Құқықтық және әдістемелік жағынан қамсыздандыру қандай да бір елдің аумағында қабылданған заңдарға және басқа да нормативтік актілер негізінде инвестициялық қызметті реттеу шараларын, сондай-ақ экономикалық даму бағытындағы және нақты бір салалардағы инвестициялық және инновациялық қызметті жоспарлау және жүргізуге байланысты әдістемелік нұсқаулықтарға негізделеді.
Жалпы, бұл жерде инвестициялық механизмнің инвестициялық қызметке байланысты заңдармен, мемлекеттің, аймақтың және кәсіпорындардың дербес инвестициялық саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталатын айтылады.
Кәсіпорынның инвестицялық қызметті ұйымдық қамсыздандыру инвестициялаудың алдына қоятын мақсаттарына жетуіне бақылау жасайтын және оның дамуына ықпал ететін қажетті ұйымастырушылық құрылымның болуын қамтиды. Жоспарлау және басқару әртүрлі жобалар бойынша инвестициялық механизмнің жүзеге асуында ерекше орын ала отырып, инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға байланысты шараларды іске асыруды және бағалауды, қаржылық жағдайына талдау жасауды, ақша ағынын қалыптастыруды, инвестициялық ресурстармен есеп айырысу жүргізуді қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz