Тәрбие процесі туралы



Кіріспе

I Негізгі бөлім
Тәрбиенің теориялық негіздері.
1.1 Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
1.2 Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара байланысы.
1.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
1.4 Тәрбие әдістерінің түрлері, оларды топтастырудағы қажеттілік.
II Тәрбие әдістемесінің негіздері.
2.1 Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
сынып жетекшісінің рөлі.
2.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру
маңыздылығы.
2.3 Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын
Ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
III Қорытынды бөлім
IV Тезаурус
V Пайдаланған әдебиеттер тізімі
VI Қосымшалар
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай оның теориясы қалыптасқан. "Теория" ұғымы грек тілінде "зерттеймін" ("исследую") деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласьнда тәрбие және оқытудың мәні, максаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалык зерттеу жұмыстарында, зертхана¬ларында пайда болады.
Тәрбие - күрделі әрі ұзак процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетге
-мәдени құбылыс;
-педагогикалық ықпал ету;
-балалардың әрекетін ұйымдастыру;
-қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы - тарбиенің негізгі зандылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни, әдістеме соған неігзделіл оқытылады. "Методика" — ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе

I Негізгі бөлім
Тәрбиенің теориялық негіздері.
1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
2. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара байланысы.
3. Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің
ерекшеліктері.
4. Тәрбие әдістерінің түрлері, оларды топтастырудағы қажеттілік.
II Тәрбие әдістемесінің негіздері.
1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
сынып жетекшісінің рөлі.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру
маңыздылығы.
3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын
Ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
III Қорытынды бөлім
IV Тезаурус
V Пайдаланған әдебиеттер тізімі
VI Қосымшалар

I Тәрбиенің теориялық негіздері.

Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай
оның теориясы қалыптасқан. "Теория" ұғымы грек тілінде "зерттеймін"
("исследую") деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласьнда тәрбие және
оқытудың мәні, максаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың
жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.

Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім
беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады,
әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге
асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім
беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалык зерттеу
жұмыстарында, зертханаларында пайда болады.
Тәрбие - күрделі әрі ұзак процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім,
тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені
шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге
педагогикалық әрекетге
-мәдени құбылыс;
-педагогикалық ықпал ету;
-балалардың әрекетін ұйымдастыру;
-қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы - тарбиенің негізгі зандылықтары, принциптері,
ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни, әдістеме соған
неігзделіл оқытылады. "Методика" — ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе
жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика
ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту
методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі — тәрбие процесін оның мақсат
міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып
есептелінеді. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі
бағыттары мен тиімді амал тәсілдері және түрпішіндерін анықтап,
белгілеу. Соған сәйкес тәрбиешілерге оны менгеруде нақтылы көмек көрсету
Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие беру әдістемесі де
өзіндік бет-бейнесі, бағыт-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және
дамып келеді. Соған сәйкес соңғы жылдары педагогикалык жоғары және арнаулы
кәсіби педагогикалык оку орындарында тәрбие беру теориясы мен әдістемесі
жөнінде арнаулы курстар мен практикалык сабақтар кең етек жаюда. Ондағы
көздеген міндеттер қатарына студенттердің тәрбие беру саласындағы
білімдерін кеңейту және біліктіліктерін терендетуді көздейді. Мүндай
көзқараста осы бағыттағы педагогикалык талаптарды ескере отыра, оларды бас
қару өнерімен қаруландыру. Бұл, әрине өте күрделі өнер. Оны педагогикалық
тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру теориясы мен әдістемесі
жөніндегі терең де жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып меңгеруге
болады.
К. Д. Ушинский "Адамға тәрбие беру әдістері" атты іргелі еңбегінде
"Тәрбие беру өнері жүрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал
кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар — бұл, адамның
онымен теориялык немесе практикалык таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын
соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік
тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін
туа біткен қабілеттілік және іскердік, яғни дағды керек деп ойлайды. бірақ
төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білімде
кажет екеніне ... көз жеткізеді".
Олай болса, ұстаздарға кажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы
кәсіби орта және жоғары педагогикалық оку орындарында жүзеге асырылады.
Педагогикалык оку орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгертудің
алғашқы кезеңі педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Ол көп сатылы
болып келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесің
қызметі де айрықша. Соған орай бұл оку-әдістемелік құралының мақсаты -
педагогикалық оқу орындарының студенттеріне окушылардың тәрбие жұмысының
мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге,
бағыт-бағдар беруге көмек көрсету.
Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып
жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің
педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне
байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын,
тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше.

1.1 Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына
әсер ететін құрал.
Тәрбие — халықтың ғасырлар бой жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың
айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзкарасын және соған сай мінез-құлқын
қалыпастыру құралы.
Тәрбиелеу — халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер
мен өнерлерді дарыту (Әл-Фараби)
"Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал
енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-
өзі қожа болганша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі" (М
Жұмабаев).
"Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару пропессі" (X. Й.
Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-
ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен
моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да
пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді аткаруға
дайындаудың табиғи заңдылық, процессі.
Н. К. Крупская "Тәрбие" атты мақаласында (1929 ж:): "Тар мағынада
алып қарағанда, "тәрбие" деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-
құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде
жасайтын белгілі бір ықпалы", ал кең мағынасында "...қоғамдық мекемелер,
айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді" - деп
түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский "...мектеп, тәрбиеші және
ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті,
ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам,
халық ...және оның тілі болады", - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы
тарбие жайындағы ұғымның мәні зор екені дәлелдейді.
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық үйымдар,
мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ.
Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір
жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметік ортаның, мектеп пен
ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыппасуына мақсатты түрде ықпалы,
өзара әрекетінің нөтижесі ретіңде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы,
белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қальптастыру болса, екіншіден, жеке
адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай
білуге үйрету.
Олай болса тәрбие процессі деп - қоғамның талап-тілектеріне сай
әрбір жеке түлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлык,
ерекшеліктерін жүйелі түрде кальптастырып, дамьтудағы тәрбиешілермен
тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Адамды табиғат жаратса да, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту
үшін, бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.э.д.
IV ғ. Аристотель тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызына айрықша
назар аударып,"...заң шығарушының жастар тәрбиесіне айрықша мән беруі
тиістігіне ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Себебі мемлекеттің ең негізгі
бір мақсатты, барлық адамдарға бір ғана ортақ тәрбиенің болуы тиіс және
онда жеке-дара емес, бәріне бірдей ортақ қамқор болуы тиіс... Тәрбиеге
қатысты заң болуы тиіс және ол ортақ болуы тиіс" деп есептеген. Сондықтан
да ол тәрбиені ұлттар мәдениетінің мирасқорлык процесі деп қарастырған.
Платон тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы
қажет дей отыра, "Бізде заңды қорғаушы қырағы болуы тиіс; ол балалардың
тәрбиесіне өте қамқор болуы тиіс; олардың мінез-құлқын түзетуі және әркезде
оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс" деп есептеген.
Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағыттаған "Білім беру"
заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие
мәселелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан.
Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік
мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері
бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының
өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері,
мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып
отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал
қоғам дегеніміз -адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір
жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің
өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның,
мемлекеттің әл ауқаты және оның саясатымен әркашанда тығыз байланысты
болады.
Тәрбие - біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде
тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиетгерін қалыптастыру жеке-
дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге
асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей
бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп
ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі
тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе
жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында
дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды
Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі коғамның барлық азаматтарының
міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп аткаратын ортақ, мақсаты.
Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыг-бағдар
беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып
отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.

1.2 Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара
байланысы.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге,
алдымен тәрбие затңдлықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында "заңдылык" деген ұғымды құбылыстар мен процестер
арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлганың өмір сүруі, әрекеттері
барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе
табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік
мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік кажеттілігін білдіретін заңдылықтар
жатады
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл- табиғи заңдылық;
2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен
табиғи
қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзар байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара
байланыстылығы;
5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны колдану мүмкін

еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір
жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, соңдықтан
да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Кезінде К. Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу
тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми
заңдылықтыртарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес
берген.
Педагогика ғылымында тәрбиенің зандылықтарын ашып керсетуді
негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның зандылықтары
негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі.
Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары
ретінде қарастырылады.
Принцип деген ұғым латын тілінде "бастапқы", "негізгі деген
түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын
көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп - тәрбие процесінде оның
мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда
тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз.
Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика
тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:
1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдык; құрылыс практикасымен
байланыстылығы;
3. Еңбек арқылы тәрбиелеу;
4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметгей білудің бірлігі;
5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз
ету;
7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылык әрекетінің бірлігі
болуы.
Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы.
Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір
мақсатқа бағытталады. Мақсат — тәрбиелік шаралардың кездайсоқтық сипатқа
тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып,
оны аткаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері
белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип
ретінде саналады.
Тәрбиенің келесі принциптерінің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді
қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап
етеді. Ол, мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгергуде, оларды
өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп,
оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке
қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге
араластыру.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге,
оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзкараспен карым-қатынас
касиетерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана
білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды табиғат
жаратқанмен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған — еңбек процесі. Адам
баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы
өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз
тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл
прнцип тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді.
Тәрбие жүмысының табысты болуы, көбінесе әрбір жеке тұлғаның жас
шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін есеере отырып жүргізуге байланысты.
Әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көз-қарасы,
ақыл ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен
адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр-түрлі. Сондықтан да тәрбие
процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Тәрбиенің
мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді.
Тәрбие жүмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны
мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіндеп жүйелі
жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінде тәрбиешілер тарапынан болатын
ықпалдағы жүйесіздік, тәрбие мақсатына жетуге кепілдік бермейді, кері-сінше
онда әртүрлі кездейсоқтыққа тап болуға итермелейді.
Жеке тұлганың ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік
дәуірде коммуниста: тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып
келді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды Осы қоғамда өмір сүріп
отырган "барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлыгы үшін" деген ұранмен
еңбек етуге тиіс болды.
Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін
қамтамасыз ету, олардың жасөспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру
қажеттілігінен туындайды. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда
олардың әрекетінде ауызбіршілік, жүйелілік болмаған жағдайда тәрбиелік
шаралардың нәтижесі төмендейді. Баланың дүниетанымы отбасынан бастау алып,
мектеп және ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға
талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып,
баланың мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке түсіреді.
Жоғарыда баяндалған тәрбие принциптерін тәрбие процесінде басшылықка
алу, олардың бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз етуді тәрбиешілерге
айрықша міңдеттелінеді.

1.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы
тәрбиенің ерекшеліктері.

Кезінде орыстың әйгілі педагогі К. Д. Упшнский еуропа халыктарының
тәрбие саласында педагогикалық формаларынын ұқсастығына қарамастан,
әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше
мақсаттарының, сол максаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының
болғанын айтқан. Тәрбие халыктық сипатка ие болған жағдайда ғана өз
мақсатына жетеді — деген ол.
Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің максаты анықтайды.
Сондыкдан оку-тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен
әдістерін талдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді — деген өнегелі
өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім-тәрбие саласында ұстанып отырған
бағътын анықтайды. "Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі,
жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады".
Олай болса жасөспірім бойына халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-
ғүрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрьш сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі
таңда басты мақсат-мүраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз жерін, өз елін
сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін
азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамьпу -мекгептердің басты міндеті
болмақ. Өз үлтының келешегісі мен бүгінінен бейхабар азаматтан қаңдай
жақсылык, күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса
тәлім-тәрбиеде бүкіл халықтың қоддауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді
ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел
болып, өркениетілігімізді көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл
халықтық бағдарламасын жасау керек. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де,
зиялы қауым да орындауы міңдетті болуы тиіс. Сонда ғана біз " бесігімізді'
түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар "Атамекен", "Жұлдыз", "Кәусар
бұлақ", "Алтын көмбе" бағдарламалары. "Әдеп әлігшесі" бастауыш мектеп,
"Әдеп және жантану" орталау мектеп, "Қазақ; этнопедагогикасы" жоғары
мектеп пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады.
Республикада білім беру мазмұның жаңарту, жаңа буын окулықтары мен
кешендерді жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс
тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сыныптарында жаңа
оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықтарымен қамтыльп, соның
негізінде оқуға көшкен. Сондай-ақ, барлык, мектептердің 1-11 сыныптарында
"Валеологиядан" факулътативтік курстар оқытылуда. "Жасөспірімдердің
адамгершлігілік-жыныстык, тәрбиесі негізінде бағдарлама әзірленуде.
Жас ұрпақты нашақорлық індетінен сақтау, бүгінгі күннің ең өзекті
мәселесіне айналып отыр. Осы бағытта " Қазақстан Республикасының жалпы
білім беретін мектептерінде зиянды заттарды қолдануды болдырмау"
бағдарламасы 19992000 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарда арнайы курс
ретінде енгізілді.
Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен
оқушылар қарым-қатынасын демократияландыруға, ізгілікгендіруге, ата-аналар
қауымымен ынтымақтаса жүмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-
экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық экономикасы жағдайында адам факторы
жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте
кез келген техникалық білімді меңгергуде тірек болатын ең жалпы, іргелі
политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай
компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау — бүгінгі
күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.
Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер,
гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері.
Казакстанның халык педагогикасы мен ұлт мәдениетінің озық
дәстүрлерін батыс және шығыс үлгілерімен ұштастып, казақтың ұлттық мектебін
қалыптастыру мақсатында 1993 жылдан бастап норвегиялық Штайнер мектептері
Ассоциациясының мұғалім-өкілдері Штайнер мектептері педагогикасын қолдану
жөнінде, Евразиялық ассоциация, Алматы қалалық білім беру баскармасымен
бірлесе отыра № 123 қазак орта мектебінде 199394 оқу жылында 1 "а" сыныбы
Вольдарф педагогикасының элементтерін пайдаланып оқытатын сынып етіп
ашылды. Оқу жоспарларына мемлекеттік стандарттан тыс мүсіндеу, кескіндеме,
қолөнер пәндері енгізілді және қазіргі уақытга 5 сыныпқа, ягни
орта буында Вольдарф педагогикасының әдістемесінен окытуды одан әрі
жалғастыруда және бастауышта 1 "а" сыныбы жаңадан ашылды.
Вольдарф педагогикасының элементерін сабақта пайдалану тәсілдері
мектеп ұстаздарына және оқушыларға ұнайды. Оқушыларды адамгершілікке, жеке
тұлға болуга тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге көп көңіл
бәлініп, жүйелі жүмыстар жүргізілуде"
Вольдарф жүйесінің ерекшелігі "Р. Штайнер антропософия негізінде
танымдық күштерді, өнерге қабылеттіліктерді, сезімдерді адамгершілік
бастауларын және діни сезінулерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі
Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Тәрбие процесі жайлы
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші ролі
Тәрбие – жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде
Тәрбие мен оқыту процестері арасындағы үйлесімділіктің психологиялық - педагогикалық негіздері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Тәрбие процесі түсінігі мен мазмұны
Пәндер