Қоршаған орта ластаушыларының көздері


Қоршаған орта ластаушыларының көздері

Адамның тіршілігінде қоршаған ортаның ластануы ерекше орын алады. Бір немесе бірнеше ластаушы заттар немесе олардың қоспалары белгілі бір мөлшерде қоршаған ортаға түсіп және ұзақ сақталса, ол адамға, жануарға, өсімдіктерге үлкен қауіп туғызады.

Қоршаған ортаның ластануы ластаушы заттардың көзі мен олармен байланысты факторлардың әсерінен болады. Жалпы, қоршаған орта екі түрлі жолмен ластанады: табиғи және антропогенді.

Табиғи ластаушы заттардың көзі болып табылады:

  • Космохимиялық (фотохимиялық процестер, шаңды борандар немесе желдер)
  • Вулкандық құбылыстар
  • Геохимиялық процестер(жердің беткі қабатындағы Озон, SO2, ауыр металдар, H2S, NO2, CO, табиғи радиациялық фон, полициклді ароматикалық көмірсулар-табиғи концарогенді заттардың көзі ретінде, ормандағы өрттер және т. б. )
  • Биотикалық процестер(гуминді заттар, өзендердің табиғи эвтрофикациясы) .

Өзендердің эфтрофикациясы кезінде болатын табиғи биологиялық процестер әсерінен токсинді заттар қоршаған ортаға түседі. Сонымен қатар, қоректік заттардың көбеюінен (немесе мөлшерінің артуынан) суқоймаларда тозуы байқалады, цианобактериялардың өсуі күшейеді, судағы еріген оттегінің түсу және пайдалану кезіндегі балансы бұзылады, осының салдарынан суқойманың түбінде тотықсыздандырғыш анаэробты жағдай түзіледі.

Цианобактериялардың шектен тыс бөлінуі әрі қарай токсин бөлінуімен жалғасуы мүмкін. Зең саңырауқұлақтардың токсиндері қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Алкалоидтар мен басқада қосылыстардың да консерогендік және токсикалық әсері бар. Споралы саңырауқұлақтық микотоксині-алкалоидтар және Asperdillus niger зең саңырауқұлағынан түзілетін Bi афлатоксині дәнді-дақылдардың паразиттері болып табылады. Микотоксиндер қоректік тізбек бойынша айналады, сонымен қатар, ластаушылар ретінде микотоксиндер емес, олардың өнімдері болады, яғни топырақта таралған өнімдері: жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырында активті түрінде және спора түрінде кездеседі.

Жемнің құрамында микотоксиндер көп болғанда, жануар мен құстардың организміне түсіп, сүт, ет және басқада азық-түлік өнімдерін ластауы мүмкін.

Ауыр металдардың экожүйеге түсуінің бір себебе, табиғи биологиялық процестер болып табылады. Мысалы, сынаптың түсуі, микробиологиялық процестер кезінде белгілі бөлігі атмосферада ұшқыш органикалық қосылыс формасында болады.

Анаэробты жағдайда сынап қосылыстарының трансформациясы жүреді, осы кезде ұшқыштылығы жоғары қосылыстар түзіледі, яғни метил-сынап CH3Hg+ және диметилсынап (CH3) 2Hg. Атмосферадағы диметилсынап күн радиациямының әсерінен метилсынапқа айналады.

Антропогендік ластаушылар біріншілік және екіншілік болуы мүмкін; антропогендік ластаушылардың әсерінен табиғи ортаның сапасының төмендеуі -біріншілік ластану болады; екіншілік- біріншілік ластану нәтижесінде пайда болатын экологиялық тепе-тендіктердің бұзылуы.

Ластаушы заттардың қоршаған ортаға түсуі-эмиссия ластану, ал ластаушы заттардың жиналуы- имиссия деп аталады.

Қоршаған ортаға зиян келтіретін ластанулар екіге бөлінеді: әр түрлі заттардың қоршаған ортаға түсуінен ластанады(қатты инертті заттардың түсуінен механикалық ластану болады, атмосфераның ластануы, химиялық заттармен сумен топырақың ластануы, радиоактивті және биологиялық ластанулар) және физикалық фактор әсерінен ласатанады(вибрация, жылулық ластану, электромагнитті ластану) . Ең қауіптісі химиялық және радиоактивті ластанулар.

Ластаушылар бірлесіп әсер еткенде, олардың өзара байланыстары мен әсерлері әр түрлі формада болады:

  • Аддитивті әсер(ксенобиотиктердің бірлесіп қосылған әсері жеке әсерлерінің қосындысына тең болады)
  • Антагонизм әсері(ксенобиотиктердің бірлесіп қосылған әсері, олардың жеке әсерлерінің қосындысынан төмен болады)
  • Синергизм(ксенобиотиктердің бірлесіп қосылған әсері жоғары, бірақ жеке әсерлерінің қосындысынан төмен)
  • Сенсибилизация(ксенобиотиктердің бірлесіп қосылған әсері жеке әсерлерінің қосындысына қарағанда жоғары болады) .

Химиялық ластаушы заттар

Химиялық ластаушы заттарды үш топқа бөлуге болады:

  1. Көп таралған заттар: O3, CO, NO, NO2, SO, SO3, мұнай және мұнай өнімдері, төмен молекулалы көмірсутектер, минералды тұздар, қышқылдар, сілтілер. Бұл заттар көбінесе атмосфералық ауаға әсер етеді.
  2. Қауіптілігі бірінші және екінші топтағы органикалық ластаушылар, сонымен бірге ауыр металдар және бейорганикалық ластаушылардың токсинді заттары. Ең көпшілігі 60%-тен 80%- ке дейінгі бақыланатын заттар.
  3. Супертоксиканттар (фосфоорганикалық қосылыстар нитрозаминдер) .

Екінші және үшінші топтағы заттар адам организміне тамақ және сумен түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропогендік әсерлер
Атмосфералық ауаны қорғау туралы
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Топырақтың ластану мәселесі
Топырақ ластануының мониторингі
Топырақ құнарлылығы, топырақ жамылғысын қорғау
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Бейорганикалық элементтердің экологияға тигізер әсері
Топырақ микрофлорасы
Топырақ экологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz