Желілерді құру принциптері және есептеу желілерінің жіктелуі


Желілерді құру принциптері және есептеу желілерінің жіктелуі

Жоғарғы тиімділікті үлкен есептерді өңдеу жүйелерін құру кәсіпорындарда, мекемелер мен олардың бөлімдеріне қызмет көрсетуші есептеу техникасының құралдарын байланыс құралдарының көмегімен біріңғай реттелген есептеу жүйесіне біріктірумен байланысты.

Аумақтың алыстатылған компонентер арасында ақпарат алмасу стандартты телефон және телеграф каналдары көмегімен, сонымен қатар байланыстың қос айналымды сымдармен коаксиальды кабельдері арқылы орындалады.

Көтермеволоконды техниканың көмегімен қазіргі прогресс байланыс сымдарының өткізу мүмкіндігін қауырт үлкейтті.

Қазіргі кездегі желісінің сипаттамасы:

  • Бір-бірімен жеткілікті алшақтықта орналасқан ЭЕМ және жеке есептеу жүйелерін бір тұтас реттелген мәліметтерді өңдеу жүйесіне біріктіреді.
  • Есептеу техникасы құралдарының қарым-қатынас процесінде ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін мәліметтерді жеткізу, қабылдау және байланыс каналдар құралдарын қолдану.
  • Мәліметтерді қабылдау жүйе торабына қосылған абоненттік пунктар және қолданушы терминалдары ретінде қолданылатын кең спектрлі перифериялық құрылғылардың барлығы.
  • Есептеу желісін қолданушылар есепті шешу процесінде қолданылатын техникалық және бағдарламалық құрылғылардың тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін операциялық жүйенің барлығы.

Барлық есептеу желілері әртүрлі белгілермен жіктеледі. Бағдарламалы үйлесімді ЭЕМ тұратын желілер гемогенді немесе біртекті деп аталады. Егер желіге кіретін ЭЕМ бағдарламалары үйлесімді болиаса, онда бұл байланыс гетерогенді, біртексіз деп аталады.

Мәліметтерді тасмалдау типіне қарай желілер: каналдар коммутациясымен, хабарлар коммутациясымен, пакет коммутациясымен ажыратылады. Мәліметтер алмасудың аралас жүйесін қолданатын желілер де бар. Орындайтын функция сипатына қарай желілер бөлінеді:

  • Есептеуіш, алғашқы ақпаратты өңдеу негізінде басқару есептерін шығаруға арналған;
  • Ақпараттық, қолданушы сұранысы бойынша анықтамалық мәліметті алуға арналған;
  • Аралас, есептеу және ақпараттық функцияларды орындайды.

Басқару тәсіліне байланысты есептеу желілері: децентрленген, центрленген және аралас басқару жүйелеріне бөлінеді.

Құрылу құрамына қарай (топологиясына) желілер бір торапты, көп торапты, бір каналды және көп каналды болып бөлінеді.

Интернет - ауқымды ақпарат желісі

Интернет (Internet) - дүние жүзілік “желілер-желісі”, техникалық құралдардың, стандарттардың және келісімдердің жиыны, ол әлемдегі әр түрлі компьютер арасындағы байланысты қолдау мүмкіндігін береді.

Интернетті екі позициядан қарауға болады - коммуникация құралы ретінде және жалпы ақпарат құралы ретінде.

Интернет ерекше байланыс құралы. Мысалы, радио мен телефон арқылы суреттерді тасмалдай алмайсыз, телевизорды арнайы бір уақытта ғана көресіз.

Әр түрлі фирмалар мен мекемелерде орналасқан интернет базисті компьютерлерін “Хост” немесе желі түйіндері деп атайды.

Internet желісі әлемдегі 100 шақты елдерді қамтиды.

Internet желісіндегі компьютерлер арасындағы байланыс тәулік бойы атқарылады, ол ақпарат үзіліссіз алмасатын магистраль, тунель және тораптардың үнемі жұмыс істеуі арқылы орындалады.

Интернет мүмкіндіктері

  • Алыста орналасқан компьютерге ақпаратты тасымалдау. Мысалы, сіз командировкада жүргенде үйдегі компьютерде өз атыңызға келген поштаны оқи аласыз. Ол үшін telnet бағдарламасы қолданылады.
  • Қоғамдық дискуссиялық тораптарға хабар жіберіп, оларды оқу мүмкіндіктерін беретін телеконференцияларды жүргізу. Ол үшін usenet вертуалды желісі қолданылады. Usenet категорияларға бөлінген бірнеше мыңдаған тораптардан тұрады. Мысалы, өнер сүйгіш қауымдар тобы.

Құрылу тарихы

Internet желісі 1969 жылы Американың біріккен штатында құрылған. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі зерттеу агенттігіне бүкіл елдегі әскери мекемелеріндегі компьютер арасындағы байланысты құруды жүктеді.

Әскери мекемелер желісі ARPANet деп аталады. Ол жүйеге кіріп алыста орналасқан компьютердегі бағдарламаны іске қосу мүмкіндігін берді.

1974 жылы желіге АҚШ-тың ғылыми және оқу мекемелері қосылды. Ол үшін арнайы протокол құрылды, ол әр түрлі компьютерлік платформада жұмыс істейтін, әр түрлі бағдарламалар арсында мәліметтер алмасу ретінде анықтап, келісім жиынын құрды. Оған TCP/IP аты берілді.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі TCP/IP протоколдары ARPA/Net желілі барлық тораптық машиналарында қолдануы керек деген бұйрық шығарды. Осылайша Internet желісі дами алатын стандарт құрылды.

1989 жылы Internet-ке MCI mail коммерциялық желісі қосылды.

Internet АҚШ төңірегінен кеңіп, біртіндеп әлемдік болды.

Интернетке қол жеткізудегі локалды (жергілікті) желілер

Ethernet желісі Internet-тің барлық мүмкіндіктерін қолдануға рұқсат береді. Алғашқы төленетін жарна 2000$ және ай сайын бірнеше он мыңдай төлем ақы. Бұл жағдайда әр компьютер жеке сервер болады.

PPP және SLIP протоколдарын қолдану телефон торабы арқылы байланыс жасайды. Internet қосымшаларын қолдану мүмкіндігін береді. 1 сағат жұмыс үшін төлем ақы 5-10$.

UUCP протоколы. Бұл протокол көмегімен телефон арқылы файлдармен алмасуға болады. Бұл жерде электронды поштаны қолдануға болады. Айлық төлем ақы 15$.

Интернетке қосылу

Интернетке қосылу үшін бағдарламалық ақпараттық құралдарға қойылатын талап.

Компьютер. Электронды пошта және телеконференциялармен жұмыс істеу үшін 286 IBM компьютерлері мен SE типті макинтошты да қолдануға болады. Аса күрделі коммуникациялар үшін Windows-ты қолдайтын 486 немесе одан да жоғары ДЭЕМ (4мб жады болуы керек) немесе 7. 0 және одан да жоғары желі макинтош қолданылады.

Модем болуы керек. Модем - телефон торабы арқылы компьютерлер арасында ақпаратты тасмалдау жұмысын атқаратын құрылғы.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру. Бағдарламалық қамтама-сыздандыру модеммен жұмыс істеуде қолданылады.

Электронды пошта

Электронды пошта (E-mail) - әлемдегі ең жылдам байланыс.

E-mail хабарларды алып, оларды өз пошта жәшігіне орналастыруға, автоматты тәртіпте хаттарға жауап беруге, хаттарды бір мезгілде әр түрлі алушыларға таратуға және келген хаттарды басқа алушыларға тасымалдауға мүмкіндік береді.

Европалық жүйеде е-mail адресі келесі тәртіп бойынша құрылады: қолданушының аты, провайдердің аты, елдің коды. Ел коды екі әріппен белгіленеді. Мысалы, kz - Қазақстан, ru - Россия, ca - Канада және т. б. АҚШ-та адрестегі соңғы үш әріп қызмет саласын білдіреді. Мысалы, edu - білім саласы, gov - үкімет құрылымы, com - коммерция және т. б.

Адресте қолданылатын @ символын “ит”, “ешкі” және т. б. деп атайды, бірақ оның дұрыс аталуы “коммерциялық эт”.

Электронды поштаны қолдану кезінде кеңінен тараған бағдарламаларға Qut Look Express, Россиялық The Bat! және Netscape Communicator пакетіндегі поштаның бағдарламасы жатады.

Qut Look Express бағдарламасымен танысайық.

Бағдарламаны іске қосу үшін Qut Look Express пиктограмасын қолдану керек.

Хабарды құру және жөнелтуде атқарылатын қызмет:

  • Хабар құру менюіне кіру;
  • Кімге өрісіне алушы адресіне енгізу;
  • Көшірме өрісінде қосымша алушы бар болса, оның да адресін енгізу, жоқ болса қалдыруға болады;
  • Тақырып өрісіне жіберілетін хабардың тақырыбын нұсқау керек;
  • Хатты жазу керек. Хат жазудың бірнеше тәсілдері бар: хат өрісінде оны қолма қол ойлап теруге немесе Word мәтіндік редакторында алдын-ала дайындалған хатты Көшіру (Copy) мен Қою (Paste) функциясын қолдануын беруге болады;
  • Хатты жолдау үшін мауспен жолдау (Send) батырмасын басып, поштаны жеткізу (Send and Receive) батырмасын басу керек;
  • Жауап тәртібінде хаттарға жауап беруге немесе оларды басқа адреске жолдауға болады. Ол үшін адамдар бейнесімен бағыттауыштар белгісі бар - авторға жауап беру (Reply to Author) және жолдау (Forward Message) ;
  • Қажеті жоқ хатты жою үшін, оны белгілеп алып, қиылысқан сызық белгісін шерту керек. Адрестік кітапты Address Book белгісінің көмегімен құруға болады.

Телеконференциялар

Конференция кез келген мекеме өкілдерінің, тобының және т. б. үлкен жиналысы.

Телеконференция. Интернет арқылы дискуссия жүргізіп жаңалықтармен алмасу.

Алдымен электронды хабарлар тақтасы немесе BBS тақтасы пайда болады, одан кейін қалыптасқан орта қатысушылары бар ортақ мүде клубына айнала бастады.

Тлеконференцияның ең көп таралған түрі - Usenet коференциясы, ол барлық қолданушыға арналған желілік желінің көрсетілімі. Ол хабарды “біреуден - көпке” және керісінше жөнелтуге мүмкіндік береді. Телеконференция жұмысын электронды пошта атқара алады.

WWW әлемдік тор. Негізгі түсініктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Ақпараттық желілерді құру принциптері
Қалааралық байланыс операторларының қалааралық телефон желісін ұйымдастыруы
Қазіргі электр байланысы. Түрлері электрбайланыс және олардың негізгі қасиеттері. Жалпы құру принциптері және ҚР электр байланысы желісінің жұмыс істеуі
Компьютерлік тораптардың жіктелуі
Желіге қойылатын талаптар
Байланыс желілерінің дамуы
Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Ұялы байланыс жүйесіне шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz