Өндірістік корлар есебі және аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Өндірістік корлар есебі және аудиті

Орындаған

3 курс студенті: Кадірсізов С

Ғылыми жетекшісі,

э. ғ. к., доцент: Байдаулетов М. Б.

Норма бақылаушы

оқытушы: Оңдаш А. О.

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі

э. ғ. к., доктор PhD: Товма Н. А .

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАР МЕН ҰЙЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Өндірістік қорлардың құрылымы және олардың есебін ұйымдастыру әдістері, жіктелуі мен бағалануы

1. 2 Ұйымның есеп саясаты

1. 3. Үйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы

2. МЕКЕМЕДЕГІ ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ

2. 1 Өндірістік қорлар және оларды жіктеу мен бағалау

2. 2 Өндірістік қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі

2. 3 Өндірістік қорларды есепке алу және түгендеу жұмыстары

3. ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

3. 1 Өндірістік қорлардың аудитінің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі

3. 2 Өндірістік қорлардың аудиті

3. 3 Өндірістік қорларды талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Өнімді өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарда қажеті өндіріс қорлары болуы қажет. Өндірістің қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі.

Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.

Өндірістік қорларды жоспарланған мөлшерде алып өнім өндіруге жұмсау үрдісінде есептілікті нақты да анық жүргізу өндірістік шығындарды азайту кепілі болып табылады.

Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды.

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні тауарды сатуға байланысты саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.

Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет.

Экономиканың табиғи монополиялар сақталып отырған секторларында салалық реттегіштердің көмегімен тарифтік және техникалық реттеу жөнінде елеулі жұмыс жүргізу міндеті де алдымызда тұр.

Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз деп атап өткен болатын.

Денсаулық сақтау саласындағы көптеген қызметтер медициналық мекемелер, ауруханалар мен емханалар деңгейінде көрсетіледі. Тізіліміне көрсетілген Денсаулық сақтау министрлігінің және министрлік комитеттерінің функцияларын осы саланың ерекшелігін ескеріп, мемлекеттік басқарудың қоданыстағы деңгейінде қалдыру орынды. Денсаулық сақтау министрлігінің комитеттері өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау департаменттерімен бірлесіп, бақылау функцияларын жүзеге асыруы мүмкін, бірақ оларды жергілікті атқарушы деңгейге толық беру мүмкін емес. Сонымен, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді басқа мемлекеттік деңгейге беру сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге кедергі болмайды.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен маңызы кәсіпорында өндірістік қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттру үшін бухгалтерлік есептің және аудиттің ұйымдастыру жолдары мен шараларын анықтау және кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;

Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес, дипломдық жұмыста 12 клиникалық аурухана іс тәжірибесінде қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін экономикалық бағалау көрсетіліп отыр. Дипломдық жұмысты орындау барысында 12 клиникалық аурухана алғашқы құжаттары, табыстар мен шығындар есебі, өзге де қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды және әртүрлі экономика саласының ғылыми жұмыстары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты және ұлттық стандарттары пайдаланылды.

1. ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАР МЕН ҰЙЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Өндірістік қорлардың кәсіпорындағы маңызы, міндеті және қызметіндегі есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек құралдары мен заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Өндірістік қорларды есептеудің негізгі міндеттері:

Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

Материалдық құндылықтар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

Материалдарды өндіріске пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдалануы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

Тиісті түрде жабдықталған материалдық-құндылықтарды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

Материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;

Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;

Бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық үйымдармен келісім-шартқа отырады.

  1. Ұйымның есеп саясаты

8 Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының мақсаты есеп саясатын таңдау және өзгерту критерийлерін, сондай-ақ есеп саясатындағы өзгерістерді есепке алу және ашып көрсету тәртібін, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістерді және қателерді түзетулерді анықтау болып табылады. Стандарт ұйымның қаржы есептілігінің маңыздылығын және сенімділігін, сондай-ақ осы қаржы есептілігін уақыт бойынша және басқа ұйымдардың қаржы есептілігімен салыстыруға арналған. Осы стандартнегізінде 12 клиникалық ауруханада бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз етілген. Бухгалтерлік қызметтінің міндеттеріне мыналар кіреді:

- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан

операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;

- тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру

жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелерді қабылдауды

әне екінші мен үшінші жылдардың жоспар кезеңдерінің базалық

шығыстарын, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер есебімен төлемдер

бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен сәйкес қаражаттардың

жұмсалуын дұрыс, тиімді және орынды пайдалануды, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;

- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
- түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын ақылы қызметтер ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;

- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;

- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды

орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;
- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық

құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін

уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;

  • есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;
  • белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
  • ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
  • активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.
  • есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.

Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер ұйымның басшысымен бірге тауарлы-материалды құндылықтар мен ақшалай қаржыларды қабылдауға және беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық шарттарына қол қояды. Ұйымның басшысы бас бухгалтердің ұсынуы бойынша жекелеген учаскелер жөнінде құжаттарға қол қою құқығын осыған өкілеттік берілген тұлғаларға тапсыра алады. Бас бухгалтердің қолынсыз құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды.

Материалдық жауапты тұлғаларды тағайындау, босату және орын ауыстыру бас бухгалтердің келісімімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде әрбір қызметкер өзінің міндетін білуі және олардың орындалуына жауап беру үшін бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыстағы міндеттерін белгілейді.

Бас бухгалтердің қажетті құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің тәртібі және бухгалтерияға тапсыру бойынша талаптары ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлерінің барлық қызметкерлері үшін, ал есеп орталықтандырылған кезде - барлық қызмет көрсетілетін ұйымдар үшін міндетті болып табылады.

Бас бухгалтердi атқарып отырған лауазымынан босатқан (босатқан, басқа лауазымға тағайындаған, ауыстырған) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде - мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен тағайындаған қызметкерге iстi тапсыру жүргiзiледi. Iстi тапсырушы бас бухгалтер (бұдан әрi - тапсырушы) және iстi қабылдап алушы қызметкер (бұдан әрi - қабылдап алушы) iстi қабылдап алуды және тапсыруды мемлекеттiк мекеме басқарушысының бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.

Бұйрықта бухгалтерлiк қызметтiң iсiн қабылдап алу - тапсыру мерзiмi, бiрақ екi аптадан аспайтын, тапсырушы мен қабылдап алушының еңбекақысын төлеу тәртiбi көрсетiледi. Бұйрықта сол сияқты, iстi қабылдап алу-тапсыру кезеңiнде құжаттарға қол қою құқығы кiмге берiлетiнi көрсетiледi, бұл ретте, iстi қабылдап алушы тұлғаның қол қою құқығын ресiмдегенге дейiн құжаттарға қабылдап алушының бақылауымен iстi тапсырушы қол қоятындығы айтылуы тиiс.
Iстi тапсыру процесiнде осы мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есеп жағдайы және есептi деректердiң растығы айқындалады, бұл ретте iстi қабылдап алушы мен тапсырушының жауапкершiлiгiн шектейтiн тиiстi Қабылдап алу - тапсыру келісімi (бұдан әрi - Келісім) жасалады.
Бухгалтерлiк қызметтiң iстерiн тапсыру соңғы ұсынылған баланс негiзiнде жүргiзiледi. Келісімде iстi тапсыру жүзеге асырылатын мерзiм көрсетiлуi тиiс.
Iстi қабылдап алу мен тапсырудың басында iстi қабылдап алу-тапсыру сәтiндегi кассаның жағдайы (қолма-қол ақшаны сақтау үшiн тиiстi шаралардың қамтамасыз етiлуi, кассалық кiтаптағы жазбалардың жағдайы, кассада сақталатын басқа да құндылықтар бойынша жағдайы және олардың бухгалтерлiк жазбаларға сәйкес келуi, чек кiтапшаларының саны, қолданылмаған чектердiң нөмiрлерi) тексерiледi. Кассаны тексеру келісімiне бухгалтерлiк қызмет iсiн тапсырушы тұлға да және қабылдап алушы да, сондай-ақ кассир, не болмаса кассалық операцияны жүргiзуге жауап беретiн тұлға қол қояды.
Iстi қабылдап алу және тапсыру кезiнде ақшалай есептiң, есеп айырысу операциялары есебiнiң, баланстың есеп айырысу баптарының (дебиторлық және кредиторлық берешектердiң нақтылығы, оған кiнәлi тұлғаларды көрсете отырып, өндiрiп алу үшiн нақты емес берешектiң болуы, өзара есеп айырысулардың салыстыру келісімдерiнiң болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң есептiлiгiн жасаудың (есеп тәртiбiн сақтау, ұсынылған есептiлiктiң сапасы) жағдайы тексерiледi.

Одан басқа Келісімде:

бухгалтерлiк қызметте есептi ұйымдастыру (штат, оның жинақтылығы, мiндеттемелердi бөлу, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бойынша нұсқамалық материалдардың болуы, бухгалтерлiк кiтаптармен, есеп және есептiлiк бланкiлерiмен қамтамасыз етiлуi), есеп жүйесiн қалыптастыру;

есептiң бастапқы құжаттамасының, бухгалтерлiк есептiлiктiң жағдайы;

есептi және қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi iс-шаралар;
құжаттарды ресімдеудің және сақтаудың дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетiледi.
Мекеменің есеп және есептiлiк жағдайын тексеру аяқталғаннан кейiн құрылған Келісімге iстi қабылдап алушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттiк мекеменің басшысы бекiтедi. Қабылдап алушы Келісімнiң қандай да болмасын ережесiмен келiспеген жағдайда, ол оған қол қоятын кезде тиiстi дәлелдi ескертулер көрсетуге құқығы бар. Келісім екi данада жасалады, оның бiреуi iстi тапсырушыда қалады. Келісімге қол қойылғаннан кейiн iстi тапсырушы бас бухгалтер бухгалтерлiк қызметтi басқарудан босатылады.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жазбаларды көрсету үшін негіз болуға операциялар мен оқиғалардың жасалу фактісін тіркейтін тиісінше ресімделген бастапқы құжаттар қызмет етеді.

Бастапқы құжаттар - операциялар іске асырылған сәтте, егер мұның мүмкіндігі болмаса тікелей немесе оқиғалардың аяқталуы бойынша жасалуға тиіс.
Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізілуге тиіс.

Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық немесе оқиғалардың жасалған фактісін растайтын, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады.

Бастапқы құжаттар мынадай міндетті деректемелерді қамтуы тиіс: құжаттың (нысанның) атауы, жасалу күні; ұйымның атауы немесе атынан құжат жасалғанның тегі және әкесінің аты; операцияның немесе оқиғаның мазмұны; операцияның немесе оқиғаның өлшем бірліктері (сандық және құндық мәнде) ; операцияны жасауға жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тегі, әкесінің аты және қолдары (оқиғаны растау) және оның рәсімделу дұрыстығы; салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Бастапқы құжаттың электрондық бейнесінің рәсімделген қағазда жеткізуші, бастапқы құжаттың күші болады. Электрондық қойылған қолдарды пайдаланушы электрондық қолдарды пайдаланудың және алудың құқықтарына қатысты, тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.
Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін электрондық тасығыштарда жасау кезінде мекемелер операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша мұндай құжаттардың қағаз тасығыштардағы көшірмелерін әзірлеуі тиіс.
Қажетті жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер:

құжаттың нөмірі, ұйымның атауы мен мекен-жайы,

құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз,

қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін.

Бастапқы құжаттарда - мәтін бөлігінде де, сандық деректерде де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түскен материалдарды алуды тексеру
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың, қаржылық инвестициялардың аудиті
«Metrocom Service» ЖШС
«Шенгел и К» ЖШС
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz