Ресей, Белоруссия және Қазақстан Кедендік Одағы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оспанбекова Д. - «Маркетинг», 4к., 407 топ

Ғылыми жетекшісі: оқытушы Сүлейменова Н. Ж.

«Ресей, Белоруссия және Қазақстан Кедендік Одағы»

1 шілдеде Ресейде және Қазақстанда осы елдердің кеден территориясының бірігуіне әкелетін Кедендік Одақтың Кедендік Кодексі күшіне енді. 5 шілдеде Ресей, Қазақстан және Белоруссия Кедендік Кодекстің күшіне ену туралы арызға қол қойды. «Кедендік Кодекстің күшіне ену туралы Заңға қол қойылды, үш ел қарым-қатынасында ол 6 шілдеден бастап, ал Ресей мен Қазақстан үшін 1 шілдеден күшіне енді», - деп хабарлады РФ Президенті Д. Медведев. Ол Кедендік Одақтың құрылуын «пайдалы әрі қызықты іс» деп атады.

2000 жылы Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Евразиялық Экономикалық Қоғамдастығын (ЕврАзЭҚ) - бірегей сыртқы экономикалық саясаттың, тарифтердің, бағаның және басқа жалпы нарықты құрайтындарды ойлап табу, жалпы сыртқы кеден шараларын құру мақсатында халықаралық экономикалық ұйымын құрды.

ЕврАзЭҚ ұйымы туралы келісімге 2000 жылы 10 қазанда Астанада қол қойылды. 2001 жылдың 30 мамырында күшіне енді.

ЕврАзЭҚ-ты құра отырып, бес елдің жаңа одақ алдында үш негізгі мәселесі тұрды:

  • еркін сауда режимін қамтамасыз ету, Кедендік Одақ құру;
  • бірегей экономикалық кеңістікті құру және бірегей валюта бағамын енгізу;
  • ДСҰ-на біріге отырып кіру;

2006 жылдың тамызында ЕврАзЭҚ-тың формальды емес саммитінде үш елге - Ресей, Қазақстан және Белоруссияға, одақтың аса дамыған елдеріне Кедендік Одақ құру туралы керекті құжаттар пакетін дайындауға бұйрық берілді.

ЕврАзЭҚ-тың басқа елдері оған өздерінің дайындығы бойынша қосылатыны айтылды.

Ресей, Белоруссия және Қазақстан территориясында 180 миллиондай адамдар тұрады, өткен СССР экономикалық потенциалының 83 пайызы осылардың еншісінде, олардың біріккен экономикасы кедендік шектеулерді алу арқылы өсуі мүмкін. Үш елдің біріккен ЖІӨ 2 триллион долларды, ал біріккен тауар айналымы - 900 миллирад долларды құрайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуы бойынша, Кедендік Одақ құрылуының экономикалық тиімділігі Ресей үшін 400 миллиард долларды, ал Белоруссия мен Қазақстан үшін 16 миллирад долларды құрайды.

Сонымен қатар Кедендік Одақ халықаралық, энергетикалық және астық нарықтарында маңызды орын алады, үш елдің біріккен мұнай қоры - 90 миллиард баррель, халықаралық астық экспортындағы үлесі - 17 пайыз.

Кедендік Одақ - біріккен кеден территориясы, келісілген саудада бірегей кедендік тарифі жүзеге асырылып, арнайы қорғану, антидемпингтік және компенсациялық жағдайлардан басқа кедендік баж салығының экономикалық жағдайлық шектеулігі қолданылмайды.

Еркін сауда зонасынан айырмашылығы, Кедендік Одақта одаққа кірмейтін елдердің бірегей кедендік-тарифтік және елдер байланысында сауда саясаты қарастырылған. Осыған байланысты Кедендік одақ елдер-қатысушыларына міндетті түрде үшінші елдермен өздерінің саудалық қатынастарын бірыңғайлау керек.

Ресейде басқа елдермен саудалық келісімдер - 120, Қазақстанда - 50, Белоруссияда - 40.

2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде Ресей, Белоруссия және Қазақстанның бірегей кедендік территориясын және Кедендік одақты құру туралы қол қойды, сонымен қатар оны құру туралы жоспарын белгіледі. Одақтың дамуы мен функционалдау шартын қамтамасыз ету үшін бірегей ұлттық реттейтін орган - Кедендік Одақ комиссиясы құрылды.

2009 жылдың 9 маусымында Мәскеуде Ресей, Белоруссия және Қазақстан елдерінің басшылары бірегей кедендік территориясын этаптар арқылы құруды мақұлдады. Қабылданған құжаттарға сәйкес, Кедендік Одақ формальды түрде Бірегей Кедендік тарифін (БКТ) күшіне енгізгенде, өз жұмысын 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастады. Келесі этапта 2010 жылдың 1 шілдесінде БКТ жұмысына кірісе бастады [1] .

Үшінші этапта Кедендік одақ құру 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, барлық кедендік бақылауды елдің ішкі шекарасынан алып тастау жоспарланып отыр.

Кедендік салымдарды бөлгенде, Ресей - 87, 97% алады, Белоруссия - 4, 7%, Қазақстан - 7, 33%.

2009 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстада ТМД-ң формальды емес саммитінде, Ресей, Белоруссия және Қазақстан президенттері 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін экономикалық интеграцияның ең биік деңгейіне жетуге келісті - Кедендік Одақ шеңберінде бірегей экономикалық кеңістікті құру. (БЭК) . Президенттер тасымалдау топтарына 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін БЭК-не қатысты құжаттарды дайындауды тапсырды.

2010 жылдың 28 мамырында Кедендік Одақтың жоғарғы Органының жиналысында Ресей мен Қазақстанның Премьер-Министрлері Владимир Путин мен Карим Масимов мынадай келісімге қол қойды: Ресей мен Қазақстан ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, Кедендік одақ екі бағытта негізде құрылды [2] .

Кедендік одақтың үшінші елі - Белоруссия - 28 мамырдағы кездесуге қатысқан жоқ. Белорустік жақ мұны «Кедендік одақ шеңберіндегі шешілмеген сұрақтармен» түсіндірді. Сонымен қатар Кедендік одаққа мүше болуға бас тартпады. Сол күнгі саммитке дейінгі бір күн бұрын Астанада белорустік лидер Александр Лукашенко Белоруссия Кедендік Одақты және Кедендік Кодексті бекітетінін хабарлады. Осылайша Кедендік Одақ ресейлік-қазақстандық «екілік» сияқты емес, бастапқыда ойланғандай, «үштік» форматында қалыптасады. Біз қазіргі таңда Кедендік одаққа қатысты барлық келісімдерді бекіттік, - деді Лукашенко Астанаға сапарының алдында. - Кедендік Одақты бекіттік. Біз Ресей мен Қазақстан сияқты координаттар жүйесінде тұрмыз.

Тағы да маңызды мәселе болып, жеке тұлғаларға автокөлік сырттан алып келуге баж салығының өңделуі болып табылады. Белоруссияда бұл жинақтаулар Ресей мен Қазақстанда қарағанда төмен. 2011 жылдың шілдесіне дейін барлық жақтар өтпелі периодты ойлауға шешім қабылдады, онда әр ел өздерінің ставкаларын 1 жылға сақтай алады.

Кедендік Кодекс - Кедендік Одақтың ең маңызды құжатарының бірі. Оның ережелері Кедендік үрдістер бойынша Халықаралық конвенция нормасына сай жасалған.

Жаңа Кедендік Одақтың Кедендік Кодексі барлық өзгертулермен Ресейде 2010 жылдың 1 қазанында күшіне енеді. Бұл уақытқа дейін Кедендік одақтың нормасына сай емес нормалардан басқасы РФ Кедендік Кодексі жұмысын атқарады. Ресей үшін Кедендік Одақтың Кедендік кодексі жеке тұлғалардың сырт елден алған тауарлары үшін өзгеріс енгізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Кеден одағы – ықпалдастықтың жаңа жолы
Кеден одағының Қазақстанның экономикалық жағдайына ықпалы
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАР
Еуразиялық экономикалық қауымдастық
Евразиялық экономикалық бірлестік
Оралхан Бөкей шығармаларындағы автор-кейіпкер мәселесі
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Ортақ экономикалық кеңістікте ортақ валютаны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz