Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар


Жоспар

Кіріспе

  1. Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және заңнаманың дамуына салыстырмалы анализ.
  2. ҚР ҚК 5 бөліміндегі қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы (қылмыс құрамы) .
  3. Мемлекеттің конституциалық құрылысына қарсы қылмыстарды дәрежелеу мәселелері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Республиканың егемендік алуына және дербес субъект ретінде дүниежүзілік қоғамдастыққа кіруіне байланысты елде қылмыстық заңды, соның ішінде мемлекеттік қылмысқа қарсы күресу жөніндегі заңды реформалаудың жаңа кезеңі басталып, ол 1997 жылғы 16 шілде айында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаумен аяқталады.

ҚР-ның жаңа ҚК-де бұл қылмыстарға (жеке адамға қарсы қылмыстардан - 1 тарау, отбасына және кәмелетке жасы толмағандарға қарсы қылмыстардан - 2 тарау, адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардан - 3 тарау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан - 4 тарау, кейінгі бесінші тарау берілген), сол арқылы «мемлекеттің ең басты қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деген конституциялық принципті баянды еткен1.

Тікелей объектіге (оның жоғарғы аталған түрлеріне) байланысты конституциялық құрылыс пен қауіпсіздік негіздеріне қарсы барлық қылмыстарды (белгілі бір шарттылықпен) былайша жіктеуге болады:

  1. ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне қарсы бағытталған қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (ҚК 165-б) және шпионаж (ҚК 166-б) ;
  2. ҚР-ның саяси жүйесіне қарсы бағытталған қылмыстар: мемлекеттік немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау (ҚК 167-б), өкіметті күшпен басып алу немес өкіметті күшпен ұстап тұру (ҚК 168-б), қарулы бүлік (ҚК 169-б), ҚР-ның конституциялық құылысын күшпен құлатуға немес өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (ҚК 170-б) ;
  3. ҚР-ның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы бағытталған қылмыстар: диверсия (ҚК 171-б) ;
  4. Мемлекеттік құпияның сақталуына қол сұғатын қылмыстар: (ҚК 172, 173-б) ;
  5. ҚР Қарулы Күштерін жасақтау тәртібіне қарсы қылмыстар (ҚК 174-б) 2.

Кезінде мемлекеттік қылмыстар деп аталған бұл қылмыстық әрекеттердің жалпы саны шамалы ғана болғанымен, мемлекеттің конституциялық құрылысы және қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстарға қолданылатын жауапкершілік мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, елде болып жатқан ауыр кризистік жағдайларда, саяси қақтығыстардың өршуі, жиі болатын ұлтаралық конфликлер, мемлекеттің жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырудағы теңгерімсіздік кезінде мемлекеттің конституциялық құрылысы және қауіпсіздігін қылмыстық-құқықық әдіспен қорғау актуалды мәселелер қаарына жаады.

Мемлекеттік институардың әлсіреуі, кейде құқық қорғау органдарының және арнайы қызметтің ақылға сыйымсыз реформалары қылмыстың (әсіресе ұйымдасқан қлмыс нысаны) өсуімен бір кезде қабатас болды, бүлікшілерді белсендіруге сәйкес көтеріліске үндеу; билік талаптарына бағынбау нәтижесінде жаппай тәртіпсіздік орнату; заңды жолмен билікке сайланған және басқа да әртүрлі дәрежедегі мемлекет қайраткерлеріне қарсы шығу және олардың орнына елдің конституциялық құрылысын өзгерту пиғылы бар басқа адамдарды тағайындау; ұлтаралық, нәсілдік және діни қақтығыстарды туғызуға бағытталған.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар менің курстық жұмысымның мақсаты ретінде қаралады. Мемлекет қызметінің, мемлекеттің констиуциялық құрылысы ҚР Конституциясының 1 бөліміндегі ережелерде бекітілген. Конституциялық құрылыс негіздері сипаттамасының ерекшелігі ҚР-да әрекет ететін барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің бастапқы нормативтік базасы болып табылуында. Сондықтан, менің ойымша ҚР констиуциялық құрылыс негізін анықтау үшін ҚР Конституциясының 1 бөлімін қарастыру маңызды орынға ие.

Ал мемлекеттің констиуциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың қылмыстық заңнамадағы даму тарихы сонау 1497 жылдан бастау алады және қазіргі ҚК-те де көрініс тапқан. ҚК-тің 5 тарауы біраз өзгеріске ұшырауда, нәтижесінде аталған қылмыстардың даму кезеңін курстық жұмысымда қамтуды орынды деп ойлаймын.

1. Мемлекеттің конституциялық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және заңнаманың дамуына салыстырмалы анализ.

Қазақстанның тарихи даму жолы күрделі және де экономикалық қарым-қатынастардың қайталанбас этаптарында, саяси басқару нысанында, қоғамдағы рухани-адамгершілік атмосфераның әрқилы болуымен смпатталады. Бірақ, көптеген зерттеушілердің пікірінше осы тарихи даму нысанының көптігіне қарамастан заңдылық әрқашан сақталуда.

Мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен нығайуының факторы ретінде, конституция негізін қорғау, жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа қол сұғушылық үшін қылмыстық заңнамада жауапкершілік көзделген. Сонымен, қылмыстық заңнама әрқашанда билік институттарын, саяси күрестің нәтижесі ретіндегі қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму бағытын қорғайды.

Өткен жылдарды саралау кезінде ешқандай иллюзиялар болмау қажет. Егер қоғамға тоталитарлық режим таңылып, қолдау тапса, онда әрекет ететін барлық заңдар міндетті түрде осы билік режимін қолдауға тура келді. Ал осы әрекеттер іс жүзіне аспағанда, онда біздің тарихымыз жаппай қатерлер мен адасушылықтардың шынжырына айналар еді. Осыдан кейінгі ұрпақтар тапжылмай кінәліларды «іздеп» және «табар». Бірақ, біз өткен қайғылы тарих беттерін ақтамауымыз керек, өйткені есте қалған кінәсіз зардап шеккендерді мазақ еткенмен тең. Егер сол кездегі заңдар ешбір бұзушылықсыз қолданылса, онда заңдар ақаусыз түрде осы заңдарды қолданған нақты бір адамды кінәлі деп тани алмайды (мысалы, тергеушіні) . Өкінішке орай, репрессия кезінде мемлекеттік биліктің ешбір жауапкершіліксіз, сол кезеңдегі заңдарды бұзу фактілерінің көптілігімен белгілі болды3.

Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар мемлекеттің пайда болуы және дамуымен тығыз байланысты, бірақ қылмыстық заңнаманың даму тенденциясындағы мемлекеттке қарсы қылмыстар тек 1917 жылдың қазан айынан ғана басталады, яғни қоғамдық-экономикалық формацияның ауысуымен байланысты.

Революциядан кейінгі бірінші кезеңдегі уақытша заңдарда тап тартыстарының шиеленісуі, жоғарғы таптардың өкілдері барлық күштерімен, саяси қарсыластарын өздерінің құқықтық басымдылығынкөрсетуге тырысты. Тап аралық күрестер келесідей іс-әрекеттерден көрініс тапты, ол астыртын әрекет, бүлікшілік, террористікжәне диверсиялық актілер, контрреволюциялық іріткі және басқа да осындай іс-әрекеттерден тұрды. Осы іс-әрекеттер сол кездегі Кеңес үкіметінде контрреволюциялық қылмыстарға теңелген еді және ол үшін заңға сәйке қатал қылмыстық жауапкершілік көзделген болатын. Оған, мысалы: №1. 22-қараша 1917 жылғы сот туралы декрет, ХКК-нің 1917 жылғы 26-қарашадағы халыққа жолдауында «Каледин, Корнилов, Дутовтың контрреволюциялық көтерілістеріне Орталық Рададан қарсы күрес», ЖОАК-тің кассациалық бөлімінің қаулысы «Революциалық трибуналдардың соттылығы» (1918 ж. ) және т. б. 1919 жылы 20-қарашада бекітілген «Революциалық әскери трибунал» туралы ережеде контрреволюциялық қылмыстардың құрамы тізіміде көрсетілді.

Кеңес үкіметінің заңнамасында «мемлекетке қарсы қылмыс» түсінігі алғаш рет Кеңестердің 11-ші Съезінде 1917 жылы 26-қазанда өткен Уақытша үкіметтің министрлерін қамауға алу туралы хабарландыруда көрініс тапты.

Хабарландыруда келесі жағдай бекітілді, ол: «Керенскийге көрсетілген кез-келген көмек, мемлекеттік қылмыстардың ауыр түрі ретінде жазаланады» делінген.

Осыған орай, алғашында контрреволюциялық қылмыстар мемлекеттік қылмыстар қатарына енген болатын.

Сол кездегі қылмыстық заңнаманың ерекшелігі келесідей еді: ол біркелкі терминологиялық және әртүрлі декреттерден, қаулылардан, үндеулерден, нұсқаулардан алынған болатын, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық норманың диспозициялық және санкциялық көзқарасынан өзгеше сипатқа ие. Қылмыстық-құқық нормасының диспозиция маңыздылығы жағынан қарапайым: яғни тек қылмыстың атауы, қоғамға қауіпті әрекеттің белгілері көрініс тапты. Мысалы: 1919 жылғы 23-қыркүйектегі Халық комиссарларының «Патшалық және буржуазиялық құрылыс кезінде бұрынғы көмекшілер немесе маңызды лауазымды иеленген капиталистерді міндетті тіркеуден өткізу туралы» декретте мемлекеттік опасыздық үшін жауапкершілік көрсетілген, бірақ осы қылмыстың нақты түсінігі мен юридикалық белгілері белгіленбеген. Қылмыстық заңның көп санкциаларында «революциалық заңның барлық ауырлығымен» жауапкершілікке тартылады делінген. Ол Әділеттілікті таптық қарсыластарына деген артықшылықтарының басым болуына әкелді.

Ең бірінші кодификациаланған РСФСР-дің қылмыстық заңы 1922 жылы қабылданған. Аталған Кодекс мемлекеттік қылмыстарды екі түрге бөлді: контрреволюциялық қылмыстар және басқару жүйесіне қарсы қылмыстар.

Сонымен қатар алғашқы рет Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бір жүйеге келтірілді және контрреволюциялық қылмыстар арнайы бір бөлімге ие болды.

Кодекс контрреволюциялық қылмыстарға (37 б. ) жалпы түсінік берді, «Пролетарлық революцияның жұмысшы-шаруа Кеңесінің және РСФСР-дің Конститутциясына негізделген жұмысшы-шаруа Үкіметін құлатуға бағытталған әртүрлі іс-әрекеттер, сонымен қатар буржуазияны алмастыруға келген теңдікті қабылдамайтын буржуазияның сол бөлігіне көмек көрсету әрекеттері, капиталистіктің орнына коммунистік жүйенің жеке меншігі және оны блокада, шпионаж, ақпаратты қаржыландыру т. с. с әрекеттермен құлату» және осы қылмыстардың нақты құрамын жүйелендірілді (ең алдымен, кеңес билігіне қарсы қарулы көтеріліске шығу, террористік және диверсиялық актілер және т. б. ) .

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар бөлімі 31 баптан тұрды (74-104 б. б. ) . РСФСР-дің ҚК-нің 74 бабында басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі берілген еді. Осындай қылмыстарға: жаппай тәртіпсіздік, бандитизм, әскери борышын өтеуден жалтару, жалған ақша жасау, контрабанда, шет мемлекеттерге заңсыз кету және РСФСР-дің шекарасына заңсыз өту т. с. с.

1925 жылы 14 тамызда КСРО Орталық Атқарушы Комитеті және Халық Комиссарларының Кеңесі шпионаж, сонымен қатар жариялауға жатпайтын экономикалық ақпаратты жинау және таратуға байланысты қылмыстық жауапкершілік туралы қаулы қабылдады.

Қылмыстық заңдағы контрреволюциялық қылмыстардың әрі қарай дамуы 1927 жылғы 25-ақпандағы КСРО ОАҚ-нің 3 сессиясының 3-ші шақырылымында қабылданған мемлекетке қарсы қылмыстар туралы ережеде көрінді (контрреволюциялық және Кеңес ССР-нің басқару тәртібіне қауіпті қылмыстар) . Аталған Ереже және 1924 жылғы КСРО мен одақтас республикалардың қылмыстық заңның негізгі бастаулары күшіне енгеннен бастап қабылданды. Аталған құжаттан жалпы мемлекетке қарсы қылмыстар көлемі едәуір қысқарды.

Оларға бұрынғыдай контрреволюциялық қылмыстарынан басқа, басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың барлығы емес, тек ССР Кеңесіне өте қауіпті деп танылғандары ғана енді. Осы Ереженің нормалары 1926 жылғы РСФСР-дің ҚК-не түгелдей енді.

ҚК-те контрреволюциялық қылмыстар (51бап) толық сипатқа ие болды. 1926 жылы РСФСР-дің ҚК-де көзделген контрреволюциялық қылмыстар тарихи аспектіде тұрақтылық танытты (еліне опасыздық, шпионаж, террористік және диверсиялық актілерді, контрреволюциялық үгіт немесе насихат, сонымен қатар контрреволюциялық іс-әрекетті ұйымдастыру, контрреволюциялық іріткі, контрреволюциялық қылмыс туралы жеткізбеу және т. б., барлығы 14 қылмыс құрамы) .

«ССР Кеңесіне аса қауіпті қылмыстар» атты бөлімі 13 нормадан тұрды, оларға: жаппай тәртіпсіздік, бандитизм, әскери қызметке шақырылғаннан жалтару, жұмылдыруға шақырудан жалтару, жалған ақша жасау, сараланған контрабанда және т. б. ) 4.

Арнайы әдебиеттерде көрсетілгендей, 1922 және 1996 жылғы Қылмыстық Кодекстегі айырмашылықтар келесіден көрінеді, яғни заң шығарушы саяси қылмыс құрамының жалпы және арнайы белгілеріне негізделіп қана қоймай, осы қолсұғушылықтың қауіптілік дәрежесінеде мән берген.

Келесі 1927 жылғы Ережеге бірнеше рет толықтырулар енгізілген болатын. Осылай, 1929 жылы 21-қарашада КСРО ОАҚ-нің Президиумы «жұмысшы табы мен шаруалардың жау лагеріне қашып кеткен және кеңес одағына ұайтудан бас тартқан лауазымды тұлғаларды, шетелдегі КСРО азаматтарын - заңнан тыс деп жариялау туралы» қаулы қабылдады.

Аталған заң қайтып оралу әрекетінің өзгерген арнайы түрін алдын-ала болжады. Осыған байланысты шетелдегі лауазымды тұлғалардың КСРО-ға қайтып оралмауы, қандай негізде болмаса да заңға сәйкес опасыздық деп сараланатын болды және олардың барлық мүліктері тәркіленіп, 24 сағаттың ішінде оның жеке тұлғасы анықталып, ату жазасы қолданылған.

Осы нормативтік актінің 6 бабы заңдылық принципінің бұзылуына әкелді, яғни осы әрекетті жасағанның жағдайын нашарлататын заңның кері күші болды.

Контрреволюциялық қылмыстармен күресудің репрессивті әдісі 30-шы жылдары кең етек алды. Біріншіден, сот органдарынан тыс азаматтарды қуғынға ұшырату. Екіншіден, әскер қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту (КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 8-маусымдағы Қаулысы) . Сонымен Еліне опасыздық жасағаны үшін (58-1) мүлігі тәркіленіп, ату жазасы қолданылды. Сонымен қатар КСРО ОАК-нің 1937 жылғы 2-қарашада шпионаж, диверсиялық актілер жасағаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ сол кезде бас бостандығынан айырудың максималды мерзімі 10 жылды құраған еді.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде Кеңес мемлекетінің сот органдары неміс-фашистерімен басып алынған жерлерде құрылған полиция және басқа да құрылымдарда қызмет атқаратын және тек жаудың территориясына өтіп кеткен адамдарды аса қаталдықпен соттады. Осыған сәйкес 1943 жылдың 19-сәуірде КСРО ПВС қаулысының қабылдануына себепші болды. Мұнда неміс-фашистік қылмыскерлерге және олардың көмекшілеріне, кеңес халқына қарсы іс-әрекеттер жасағандарға қатаң жаза қабылдауды бекітті.

Қылмыстық заңдағы мемлекеттік қылмыстардың келесі кодификациясы 50-ші жылдардың аяғында жүргізілді. Елдегі әлеуметтік-саяси өзгерістер мен жалпыкеңестік заңның негізі болып қаланды.

1958 жылдың 25-желтоқсанында ССР кеңесінің «Мемлекетке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес 1926 жылғы ҚК-тің «Контрреволюциялық қылмыстар» бөлімі «Аса қауіпті мемлекетке қарсы қылмыстар» деп алмастырылды, ал «ССР Кеңесінің басқару тәртібіне қарсы қылмыстар» бөлімі «Басқа да мемлекетке қарсы қылмыстар» бөліміне өзгертілді. Жалпыкеңестік заңның баптары ешқандай өзгеріссіз 1959 жылғы ҚазССР-нің ҚК-не енгізілді.

Жаңа заңның «Аса қауіпті мемлекетке қарсы қылмыстар» бөліміне біріншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын 18 құрамды 10-ға дейін түсірді. Келесідей құрамдар декриминализациялауға ұшырады: контрреволюциялық іріткі, қарулы көтерілістер, кеңес территориясына қарулы бандылардың басып кіруі, ССР Кеңесінің құрамынан кеңестік республикаларды күштеп бөліп шығару. Екіншіден, еліне опасыздық жасаған, диверсия, шпионаж және басқа да қылмыс құрамының анықтамасы өзгеріске ұшырады. Үшіншіден, көптегер қылмыс құрамының санкция мөлшері төмендетілді. Төртіншіден, шетел өкілдеріне қарсы террористік акт және соғысты үгіттеу деп аталатын (1958 жылғы Заңның 8 бабы) жаңа қылмыс құрамы енгізілді.

«Басқа да мемлекетке қарсы қылмыстар» деп аталатын бөлім 18 қылмыс құрамынан тұрды. Жоғарыда аталған заңмен салыстырғанда көптеген қысқартулар болса да, кейбір құрамдарға толықтырулар енгізілді. Олар қылмыс түрлері болғанымен де, мемлекеттік қылмыстар қатарына толығымен енбеген еді. Оларға: мемлекеттік құпияны жариялау, мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жоғалту және т. б. Сонымен қатар кейбір қылмыстардың құрамын анықтап берді (жаппай тәртіпсіздік, мемлекеттік құпияны жариялау, мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жоғалту, контрабанда және т. б. ) ; кейбіреулерінің жауапкершілігін жіктеп, біраз өзгерістер енгізді.

Сонымен бірге жаңа қабылданған заң аса қауіпті мемлекеттік қылмыстар мен басқа да мемлекетке қарсы қылмыстардың түсінігін нақты көрсеткен жоқ. Осындай анықтама қылмыстық құқық ғылымымен қарастырылған еді5.

Жалпы кеңестік заңның баптары ешқандай өзгеріссіз 1959 жылы Қазақ КСР ҚК-нің Ерекше бөліміне енгізілген болатын, егер ҚР жаңа ҚК-сі қабылданбаса, онда осы баптар өз күшін сақтап қалады.

Жоғарыда аталған және Қазақ КСР-нің ҚК-не аса маңызды өзгерістер ментолықтырулар 1984 және 1989 жылдары енгізілген еді.

1977 жылы КСРО Конституциясының қабылдануы, аталған қылмыс категориясымен күресудің шарттары өзгергендіктен 1984 жылы ҚК-ке біраз өзгерістер енгізуді талап етті.

Сонымен, 1984 жылы 11-қаңтардағы КСРО Кеңесінің Жоғарғы Президиумының Жарғысымен Заңның 1 (еліне опасыздық), 5 (диверсия), 7 (антикеңестік насихат және үгіт) баптарының редакциясы өзгеріске ұшырады және жаңа баптар, яғни 13-1 (шетелдік ұйымдарға мемлекеттік құпияны құрайтын ақпараттарды беру) бабына қылмыстық жауапкершілік көрсетілген.

1984 жылы 4-маусымдағы Қазақ КСР-нің Жоғарғы Президиумының Жарғысына сәйкес, ҚК-тің 50, 54, 56 баптары редакциялық өзгеріске ұшырады және 62-1 қосымша толықтыру енгізілді. Аталған өзгерістер С. В. Дьяковтың, А. А. Игнатьевтің, М. П. Карпушиннің монографиясында толық ашылып, талданды.

1985 жылдың сәуір айынан бастап қоғамдық-экономикалық және саяси қатынастарды реформалаудың жаңа кезеңі басталды. Осы орайда, мемлекетке қарсы қылмыстармен күрестің заңи тұрғыдан реформалауда бірге жүзеге асты. Алғашқы қадам 1989 жылы ҚК-гі 7 баптың толық күшінің жойылуы (антикеңестік насихат пен үгіт үшін қылмыстық жауапкершілік) . Насихат пен үгіттің орнына мемлекеттік немесе қоғамдық құрылысты күшпен құлату немесе өзгерту, территорияның біртұтастығын бұзу және мемлекетке қарсы қылмыстарды жүзеге асыру туралы үндеу деп жарияланды. Осыған сәйкес тарихи саяси-идеологиялық ауыртпалықты өзіне алған, қылмыстық әрекет үшін қылмыстық-құқықтық тыйымның шегі тарылды.

Республиканың егемендік алуы мен дүниежүзілік қауымдастыққа тәуелсіз субъект ретінде кіруі қылмыстық заңды реформалаудың жаңа кезеңімен басталады. Сонымен қатар, 1997 жылы 16-маусымда қабылданған жаңа ҚР ҚК-сі мемлекетке қарсы қылмыстармен күресуді арттыра түсуде6.

ҚР ҚК-нің «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деп аталатын бөлімі өзінің жаңашылдығымен, яғни біріктірілген қылмыстық-құқықтық тыйым салушылықпен ерекшеленеді.

Біріншіден, ҚР ҚК-нің Ерекше бөліміндегі аталған қылмыстар жүйесінің орны. 1959 жылғы Қазақ КСР-ң ҚК-де мемлекеттік қылмыстар Ерекше бөлімді «ашушы» орынға ие. Демократиялық бастаулардың дамуына сәйкес, қылмыстық құқық құндылықтарының басқаша иерархиясын құруды талап етті немесе қылмыстық заңмен қорғалатын құндылықтардың маңыздылығына қарай өзгеріске ұшырады, яғни жеке тұлға, қоғам және мемлекет деп.

ҚР жаңа ҚК-нің Ерекше бөлімінде аталған қылмыс түрі 5 тарауға ие болды (1-тарау Жеке адамға қарсы қылмыстар, 2-тарау Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар, 3-тарау Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар, 4-тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан кейін), осыдан «мемлекеттің жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» атты конституциялық принцип іс жүзінде көрініс тапқан.

Екіншіден, 1959 жылғы Қазақ КСР-нің ҚК-гі мемлекетке қарсы қылмыстар тарауы: аса қауіпті мемлекеттік қылмыстар және басқа да мемлекетке қарсы қылмыстар деп екіге бөлінген. Бірақ, нағыз фактіге сүйенсек, екінші аталған қылмастар тобы мемлекеттің мүддесіне қарағанда мемлекеттік басқару жүйесінің әртүрлі саласындағы қолсұғушылықтан көрінеді (мысалы, мемлекеттік шекараға қолсұғушылық, қорғаныс саласында, темір жол, әуе, су, көліктерінің дұрыс жұмыс атқаруына, қаржы және қаражат жүйесінде және т. с. с. ) .

Осыған байланысты, «басқа да мемлекеттік қылмыстар» тарауы жаңа ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тарауларға бөлініп тасталған, бағытталу объектісіне сәйкес (мысалы, бандитизм (ҚК 237б. ) ) және жаппай тәртіпсіздіктер (ҚК 241б. ) баптары қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар тарауына, ҚР-ның мемлекеттік шекарасына әдейі заңсыз өту (ҚК 330б. ) бабыбасқару тәртібіне қарсы қылмыстар тарауына, ал ұшудың халықаралық ережелерін бұзу (ҚК 306б. ) бабы көліктегі қылмыстар тарауына енгізілген) қылмыс түрлері қылмыстық-құқықта әртүрлі тарауларға бөлінді.

Үшіншіден, 1997 жылғы ҚР жаңа ҚК-сі жоғарыда аталған қылмыстың жаңа түсінігін беріп, ол «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деген тарауда біріктірілген. Барлығы он қылмыс құрамы, бесеуі алғашында аса қауіпті мемлекеттік қылмыстарға қатарында болған, ал қалған екі құрам жаңадан енгізілді.

Мемлекеттік қылмыстар құрамының кемуі, қылмыс түрінің қоғамға қауіптілік деңгейіне сәйкес ҚК-те жаңа тараулардың орын алуымен байқалды.

Төртіншіден, мемлекеттің конституциялық құрлысы және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың тұжырымдамасы 1959 жылғы ҚК-ке қарағанда 1997 жылғы ҚК-те идеологиясынан айрылған.

Бесіншіден, іс-әрекеттің криминализация және декриминализация процесі қылмыстық заңдағы мемлекеттік қылмыстармен күресті реформалау кезеңімен қабаттас жүрді. Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (ҚК 168б. ) және қарулы бүлік (ҚК 169б. ) баптарына қылмыстық жауапкершілік көзделген. Зиян кестік үшін жауапкершілік және шетелге қашып кету және шетелден қайтып келуден бас тарту, яғни еліне опасыздық жасаудың екі формасы алынып тасталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін жетілдіру
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді ішкі істер органдарында қорғау түсінігі, жіктелуі және ерекшеліктері
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Халықаралық қылмыс құқығы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz