М.Жұмабаев шығармалары


Жоспар
1. Ақынның «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларындағы образ жасау ерекшеліктері.
2. «Батыр Баян» поэмасындағы сомдалуы
3. М. Жұмабаев поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдалнылған әдебиеттер тізімі
Ақынның «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларындағы образ жасау ерекшеліктері
Мағжан бұл жолы көрікті ойының көркемдік шешімі сәтімен тапты. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дейтін ежелгі аңызды өткір памфлет етті. «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2-3 сандарында жарық көрген «Қорқыт» атты поэмасының өзегіне айналдырды. Сөйтіп қатыгез тағдырын шығарма түйіні етті.
Қорқыт - сахара жұртының пайғамбары есебінде жүретін, жадында, жүрегінде ежелден сақталған ақыны, күйшісі, ойшылы. Шоқан Уәлиханов «Следы шаманства у киргизов» дейтін белгілі еңбегінде Қорқыттың қазақтарды тұңғыш рет қобыз тартып, сарын айтуға үйреткенін жазады. Сонымен бірге өлімнен қашып құтылу идеясы ислам дініне қайшы келетінін біле тұра, қазақтар тағдыр жазмышынан сытылып кетуге тырысатынын. ескертіп өтеді.
Мағжан поэмасында қалыптасқан дәстүрден ауытқымай сөйте тұра ежелгі бейнені жаңғыртып, замана тілегіне жарата біледі. Поэма «Қорқыт» аталады. Яғни бас кейіпкері - Қорқыт. Қорқытпен қоса және бір кейіпкер бой көрсетеді. Ол - осы заман ақыны, автордың өзі. Қорқыт тағдырымен айқасады. Жалпы адамзаттық проблеманы (өлімнен қашып құтыла алмайсың) толғайды. Осы заман ақыны талайына тап болған қоғамның тас бауыр мейірімсіздігін ишара тәсілімен (эллипсис) жеткізеді. Айтайын дегенін іркіп қалғанымен, оқушы не айтқысы келгенін емеуріннен таниды. Соны бірден танығандардың бірі Сәбит Мұқанов жоғарыда аталған кітабында «Қорқыт» поэмасы идеясын былай деп түсіндіреді.
« . . . Партия жолына түскеп еңбекші жастар Қазақстаннан қашқан Мағжан, Мұхтар сықылды қазақтарды қужай бастады. Баспаны колдарына ала бастады. Міне, осындай қысымшылдықтың тепкінін көрген Мағжанға, шынында да қайда барса Қорқыт көрі кездесті».
Мағжан Омбы, Қызылжар, Орынбор, Тәшкент, Мәскеу, Алматы, -қайда бармасын, алдынан кесе көлденең бір пәле шыға келіп жабысатын.
Өлімнен құтылмайсың, қашқанменен,
Мынау көр - сенің көрің Қорқыт жазған!-
деген сөздерді Мағжан нақ өзіне арнап айтылғандай сезінетін. Сөз жоқ, поэманың символикалық мәні бар. Мағжан өзін ғана айтып отырған жоқ. Кер заманның тепкінін жалғыз ол көрген жоқ. Ащы дәмін жалғыз ол татқан жоқ. Поэманың әділетсіз жүйеге қарсы өткір памфлет болып естілетіні содан.
Шығарма сюжеті үш орамда өрістстеді: Қорқыттың ажалдан қашып құтылмаққа жаһан кезуі, Алтай еліне оралып, қарағайдан кобыз жасап, төңіректі күймен күңірентуі, қобызбен көрге кіруі. Автор сар далада тың тыңдап, өзін Қорқытқа балайды. Соған қарай философиялық ой толғамдары түзіледі. Қарағайдың нәзік кылы ақын жүрегіне, ой-қиялына жалғанады. Осы тұста Мағжан қазақ поэзиясында жаңа бір бет ашады. Жүрек қылы күмбірінің дәл өзін суреттейтін өнер сорабын салады.
Құсалық, мұң сезімдері басым «Қорқыт» поэмасы романтизм ауылынанмын деп тұр. Шығарманың тағы бір ерекшелігі - философиялық лирикамен өрілуі. Өткен күн, адам тағдыры хақындағы толғамдар оқушысын терең ойларға жетектейтіні даусыз.
Ақын, жазушы үшін шығарманың финалы, межесі үлкен сын. Әжептәуір жазылған шығарма ақырғы нүктесі сәтті қойылмаса, түймесі дұрыс қадалмаған бешпеттей, қиқайып-сиқайып қалады. Хас талант ойдай нәумездікке жол бермейді. «Шын жүйрік өрге шанса өршеленер» дегендей, Мағжан көмбеге жақындаған сайын жаңа күш біткендей көсіле түседі. Шығарманың қорытынды белегінде ойға салмақ салады. «Қорқыт» поэмасы оқиға аяқталуымен тынбайды. Ақыры қобыз күйіне жұбанған Қорқыт елімімен тәмәмдалмайды. Автор шерлі күйді енді өзі аңыратады. Өткеннен бүгінгіге көпір салып алады да, поэманың идеялық-көркемдік идеясын түйеді. Қорқытша сарнай, зарлай көрге көрсем дейді.
Тіршілікті талақ еткендіктен емес, өмірін көрге айналдырушыларға кекті наразылықтан, өшпес өшпенділіктен. Автор кімге және не үшін наразы екендігі жоғарыда Сәбең сөзімен айтылды. Дегенмен «Қорқыт» ақын жүрегінде байланған құсаны толық сарықпағанға ұқсайды.
Келесі поэмаларында, «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» шығармаларында жаңағы наразылық шиыршықталып, шырқау биігіне көтеріледі.
«Қойлыбайдың қобызы» (1923) белгілі аңызға құрылған Найманның бір асында асып-тасыған еріккен жұрт Қойлыбай бақсының кедейлігін тәлкек еткендей, сен неге бәйгеге қатыспайсың, бәйгеге қосатының болмаса, қобызыңды қос деп қағыытады. Намыстанған бақсы қобызын бәйгеге қосуға бел байлайды. Ыңғайлы бір боз-баланы шақырып алып, ат шабатын жерде жартасқа шыққан сексеуіл бар, соған қобызды байлап кет деп тапсырады. Осының бәрі таңғажайып оқиғаға айналады. Ақын бақсының ойынын, Қақаман бастаған жындарын шақыруын, бұтағында қобыз байланған сексеуілдің ербеңдей ошақтап, бәйгенің алдын бермей келуін, қалың елдің тамашадан тас боп қатуын кәдімгі кинодағыдай көз алдыңнан жанды картиналар өткізіп тамсандырады.
Міне, осы әңгіменід ұзын-ырғасын пайдаланып, ойлаған ойын іске асырмаққа ынтызары қатты ауады. Поэма жазсам деген шешімге бел байлайды. Әзірбайжан туындысын қайталау үшін емес. Мағжан идеясы мүлде өзге еді. Поэма 1925 жылы «Еңбекші казақ» газетінде (30 қазан, 2 қараша күндеріндегі сандары) «Шын ертек» (Түбі Иран елінің ертегісі) деген атпен, ал 1928 жылы Мәскеу қаласындағы Кеңес Одағы елдерінің кіндік баспасынан «Жүсіп хан» деген атпен жарық көрді.
Қазақта мақтап отырып даттайтын мінез кездеседі. Кей ақын мұңы елеңдеріне тәсіл етіп пайдаланған. Мәселен, Шериияз ақын Баймағамбет сұлтанның жаңа төсектен тұрып жатқан кыздарын көріп, қаһарлы байға жағынғандай:
Шіркіннің сөйлер сөзге желуін-ай,
Артынан ханзаданың еруін-ай.
Ханыша алты бірдей тұрып жатыр,
Құдайым аямай-ақ беруін-ай!-
деуін тым мақтап түр деуге келмейді ғой. Ұлы жоқ ата жауы сұлтанды ақынның табалап тұрғаны айдан анық. Не Үкілі Ыбырайдың: «Атаңа нәлет Николай, //Бес тиын болды қант пен шәй» дейтін өлеңімде Николай патшаны қарғап тұрмағаны аян ғой. Мағжан поэма жазуға отырғанда, міне, осы тәсілді еске алған ба дерсің.
Былай қарағанда «Жүсіп хан» поэмасының идеясы большевизмнің мемлекетті аспазшы әйел баскаратын күн туады деген қағидасына және Энгельстің: «пролетариат әлі мемлекетке мұқтаж, ол оған бостандық мүддесі үшін мұқтаж емес, кайта өз дұшпандарын басып-жаншу үшін мұқтаж . . . » деген піікіріне сәйкес келетін сиякты. Ал тереңдеп қарағанда . . .
Ер-тоқым жасайтын шебер Жүсіптің тағы бір касиеті - сөзі көн. Қашан көрсең де аузы толған балағат-нянат. Байлар байлығын елді қанап сорудан жинаған дейді. Сонда да осы Жүсіпті жағымды кейіпкер деуге келе ме? Оған аузың бармайды. Неге?
Жұлдыздарға қарап бал ашатын балшысы оныншы күн таңында тақта отырсаңыз - қаза табасыз деген соң, амал жоқ, он күнге біреуге тағын бере тұруға мәжбур болған Аббас хан әуелде тағын уәзірлерінің біріне қалдырмаққа ниет етеді. Бірақ уәзірі құрғырлардың әрқайсысы себепке себеп тауып, хандық кұрудан жалтарады. Он күн тақта отыру үшін кім жанын қиғысы келсін. Енді қайтпекке керек? Ханмеи бірге оның, нөкерлері де тығырықтап шығу жолын ойластырады. Сонда манағы балгердің есіне хан, қазы, әкім, бай атаулыны сыбап отыратын, бұлар тұрғанда кедейге атар таң жоқ екенін айтып базарда зар қақсайтын Жүсіп шебер түседі. Ханға тағыңызға сол Жүсіп отырсын дейді. Хан, уәзірлері базарға келіп, Жүсіпке хан тағына отыр деседі. Таққа отырған адам оныншы күні қаза табатынын білмейтін Жүсіп қуана-қуана келісімін береді. Әңгіменің түйіні осы арадан бастап шешіле бастайды.
Жаңа хан Жүсіп не істейді? Бір күн болса да, халық әділдікті көрсін деген мақсат қойып, өңшең, залым, кезеңке қырғидай тиеді.
Жарлықты Жүкең жаудырды,
Уәзірді жер аударды,
Казының басын алдырды,
Масайыған молдасын,
Койқаңдаған қолбасын
Абақтыға салдырды.
Мүнәпық талай мұңдардың,
Елді сорған сұмдардың
Кырықтырды басын түймедей.
Байларды айдан жиғызды,
Тұмылдырық кигізді,
«Уһ, уһ», деді көп кедей,
Осылай бітті біраз күн.
Жүсіп айыбы хан демесең, Кеңес өкіметі қанаушылар дейтіндерге не істесе, соны айнытпай істеп отыр.
Таптық, принцип тұрғысынан мұның еш сөкеттігі жоқ. Қуанған байтақ бұқара «Жаса, Жүсіп! Мың жаса!» - деп шуылдап, алғап жатыр.
Өлеңнің осы тұстарын қайталап тағы бір оқып шықсақ, басқа да бір ойлар қамалайды. Дүниеде бар адамзат тантық принциппен тұрып жатқан жоқ. Адам кұкық сақтау дейтін принциппен тұрып жатқандар бар. Осы тұрғыдан келсек, жаңағы өлең жолдары мүлде басқаша оқылатынын сезінеміз. Қалай десең де, бұл кісі өлтіру, түрмеге қамау жақсылық деуге келмейді.
Не керек солай хан Жүсіп
Залымның қанын жосылтып,
Сорлының сорын ашқандай, -
делінген ертегіде. Сонда қалай, тек қанаушы тантан екенсің деп адам қанын төге берсе, еңбекші бұқара басына бақыт құсы қона қала ма? Мағжан позициясы Жүсіп хан жайында секілді көрінгенімен, шындығын жазу арқылы оқушысын осындай ойларға қалдырады. Басында байларды, кейін бүкіл халықты қанға батырған Иосиф Сталин мен айналасының қанын жосылтқан Жүсіп хан екеуінің арасында бір байланыс болар ма? -деген сұраққа еріксіз итермелейді.
Сыңырғандай тезекті
Өңшең залым кезептен
Еңбекші елді аршыды, -
деген жолдарды оқиғада жаңағ ы күмәннің күшейе түседі. Ау, сонда не адам болды не адам жаны тезек құрлы болмағына ма? Жоқ адамға бұлайша жиренішті қарау Мағжан стиліне мүлдем жатпайды.
Елді сорған сұмдардың
Қырықтырды басын түймедей, -
деген дөрекі стиль адам құнын көк тиынға саналмайтын заман стилі еді. Мағжан сол стильге әдейі салып, шындықты жасырмай, зұлымдықты бет-пердесіз көрсстіп отыр деген қорытындыға еріксіз келесің.
Аңыздан поэмаға
Мағжан поэзиясының дамуы мен қалыптасуындағы екінші кезең, фолъклорлық сюжеттерге құрылған поэмалар.
Казақ жеріне қалмақтардың жасаған қанды жорығы ел өмірінде із қалдырды. Осы бір қанды тарихтың бетінен орын алған ерлердің бірі - батыр Баян. Бірақ Баян Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Қарабалуан Жәнібек, Қарауылдан шыққан Қанай би мен әрі батыр, әрі сері Дүйсен сияқты «ақтабан шұбырындының» алғашқы жылдары есейіп, ер жеткен қаһармандардың алғашқы тобынан емес, керісіише, «қас дұшпандарды жерімізден түбегейлі аластаған ерлердің» екінші толқынына жатады. Баян, Мағжанның дастанындағыдай қалмақтардыц қолынан өлмеген, керісінше өзі 100 қазақты басқарып, 1000 қалмақпен қытай шекарасына дейін қуып, соғыса отырып, ақыры жорық-тан қайтып келе жатып, соғыста өлген адамдардың денесі тасталған бір көлден су ішіп, сол судың зәрлі зардабынан өлген. Елдің ақсақалдары да солай деседі. Шоқан Уәлиханов та өзінің «Исторические предания о батырах XVIII века» деген мақаласында, Баянның өлімін осылайша сипаттайды.
Баян - уақ руынан, Уақ - Шоға, Шәйкөз, Баржақсы, Жансары, Мұрат дейтін тайпалардан тұрады. Шоға - Баянның арғы атасы. Уақ руының біраз тайпалары Семей, Аякөз, Өскемен аймақтарын мекендейді. Тіпті Уақ тайпаларын Шу езені төңірегінен, Баянауыл маңынан да, қала берді Ақтөбе төңірегінен де, Қытай мен Монғолиядан да кездестіруге болады. Уақ елінің ескі ата мекені Қостанай мен Қызылжар қалаларының екі аралығындағы Обаған өңірі. Шоға - Баянның жетінші атасы. Шоғадан Байыс, Байыстан, Қырғызәлі, Қырғызоліден - Мүлкіс, Мүлкістен - Қарабас, Қарабастан - Есқара, Есқарадан - Қасаболат, Абылай, Ал-тыбай атты үш бала, Қасаболаттың үлкен ұлы Баян, кіші ұлы - Жарбол. Баяннан Бұлан, Бұланнан Манабай, Манабайдан Басшығұл (Басшығұл 1842 жылы туған) . Басшығұлдың Қүлжабай, Жаныбай, Олжабай дейтін үш баласы болды. Құлжабай мен Жаныбай - соғыс жылдары қайтыс болады, Олжабай бұдан он жыл бұрын дүние салды. Олжабайдың баласы Зейнолла қазір есен-сау. Солтүстік Қазақстанның Булаев ауданында жауапты қызметте. Құлжабайдың баласы Шери 1990 жылы қайтыс болды. Шеридің Қайырбек, Қаһарман атты екі балалары Булаев ауданындағы Қарағанды совхозында қызмет істеп жүр.
Ағасы Сары батырдың баласы - Қыстаубай. Ел есінде қалған әңгімеге қарағанда, Қыстаубай, расында да ауылдағы қалмақтың Лағыл деген қызың алып қашса керек. Баласының қылығына Сары батыр қатты ызаланады. Сары батыр долданса соғыста екі көзін қан жауып кетеді екен. Қашан дұшпанын түйреп тастағанша көзі ашылмай, оған дейін шылбыры Баянның тақымында жүреді екее. Сол Сары: «Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі меп қару-жарағын көзімше көм!»-деп Баянды жұмсайды. Баян Қыстаубайды куып жетіп, бір кабат киімін қозының қанына малып, қару-жарағын Сарыға алып келеді. Қыстаубайды кіші жүздегі нағашыларына жібереді. Кейін бір соғыста, кіші жүз әскерлерімен келген ұлын көріп, Сары Баянға қатты ренжиді. Ал Уәлиханов шығармасында Баянның Ноян деген інісі болғаны туралы дерек жоқ. Тек оның ағасы Сарының болғандығы айтылады.
Ақын-жазушылар қайсыбір аңыздардың үзінділерін, фактілерін, болмаса оқиғаның шағын эпизодтарын пайдаланады. Ол артынан шығарманың құрылысын дамытушы дәнге айналады. Біздіңше, Мағжан оны шығарманың қуатын арттыру үшін, сюжет желісін ширықтыру үшін, Баянның ұлы тұлғасын сомдау үшін пайдаланған. Бұл тосын эпизод арқылы поэмаға жаңа драмалық тартыс, жаңа кейіпкер енгізген. Фольклорлық мұраның әдебиетке түсіп, қайтадан фольклорға ауысуын Жолдыөзектегі обалардың бірінде, Ноян мен қалмақ қызының мәйіті жатыр деп жұртшылықтың, күні бүгінге дейін қол жайып құран оқитындығынан байқаймыз. Мағжанның 1922 жылғы жазылған бұл поэмасы жазба әдебиеті негізінде қайтадан аңыз тудырып отыр.
Жоғарыда әр түрлі пікірлерді саралай келіп, Баянның «Ноян» деген інісі болмаған деген тоқтамға келеміз. Ендеше Мағжан - ел қорғау жолында мерт болган,
Баян образын сомдауда, фольклорда қалыптасқан бейнелі метафораны қолданған. Онда әуелі анасынан жас батыр туады, артынан інісі, не қарындасы туады. Бірінші бірі ажырамайды, жауға да бірге аттанады. Баяннын, артынан Ноянды тудыруы осыған негізделген болуы ықтимал. Екіншіден, поэмадағы маңызды композициялық рөл атқарып отырған - Баян образын айқындауда, Ноян мен қалмақ қызы поэма сюжетін дамытушы көмекші құрал. Баянның образы шығарманың көркемдік идеясымен байланысып жатыр. Абылайхан, Ұса, Серен, Жанатай бейнелері поэмадағы «қосалқы» образдар. Баянның тарихтағы тұлғасын көрсету үшін, фольклордағы қарама-қарсы қою, салыстыру жұптарды пайдалану әдістерін қолданған. Мәселен, Абылайхан мон Баянды, Баян мен Ноянды, Баян мен қалмақ қызын, Абылай мен қалмақ ханын қарама-қарсы қояды. Осы қарама-қайшылық шығарманың сюжетін әрі қарай дамытып әкетеді. Фольклорда бас кейіпкердің мінездемесі басынан аяғына дейін өзгермейді, тұрақты. Оқушысын қимылы арқылы сендіреді. ІІоэма басталғанда оқушыларды:
. . . Қазақтың батырлары бәрі қыран,
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап . . .
деп таныстырады да, «Баянның батырлығы алашқа аян» деген мінездеуді екі рет:
. . . Бәрін айт, бірін айт та, басқа батыр,
Баяндай «Алашым»-деп еңіреп пе еді? . . . -
деген жолдарды екі рет қайталаған. Сөйтіп Баянның елі үшін, еңіреп туған ер екендігін поэмада батырдың іс-әрекеті аркылы сендіреді. » Бұдан Мағжанның, Баянға фольклордағыдай даяр мінездеу қолданып отырғанын байқаймыз.
Мағжан шығармашылығының биік деңгейге көтерілуінде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор болган. Поэтикасының пайда болуы, көркемдік стилінің тууы, образ жасау принциптерінің дамуын, шығармасындағы халық тілінің айшықты кестелерінен дәстүрлі фольклордың элемннттерін кездестіруге болады, фольклордағы көркемдеуші құралдарды пайдалануда да өзіндік стиль ерекшелігі болған.
Теңеу. Теңеуді батырлар жырынан, лиро-эпос көптеген жыраулар мен ақын-жазушылардың шығармаларынан мол кездестіреміз. Теңеу - Мағжан поэзиясына да тән. Мағжанда эпостық-батырлық жырлардан ауысқан дәстүрлі теңеулер бар Мыс:
Тұлпар мініп, туды қолға алайын,
Суырып қылыш, қан майданға барайын.
Жердің жүзі, кім екенін танысын,
Жас бөрідей, біраз ойын салайын.
Егер мұны:
Қойға шапқан бөрідей,
Батыр жауға шабады, -
деген эпостың дәстүрлі теңеулерімен салыстырсақ, ақын теңеуінің ұқсас екенін байкаймыз.
Біз - Мағжан поэзиясындағы теңеулерді зерттегенде, дәстүрлі поэзиядан ауысқан теңеулердің көпшілігінің теңеу предметтері өзгертілгенін байқадық. Қазақтың және де түрік халықтарының эпостық жырларында, батырға - «арыстанды», «жолбарысты», «қабыланды» балама етіп алу, қалыптасқан көркемдегіш бедерлі сез жасаудың бір жолы. Ақын поэзиясындағы теңеулердің бұдан басты айырмашылығы -жеке батырларды; арыстанға жолбарысқа, бөріге теңемейді. Қазақ қала берді бүкіл түрік тектес халықтардың ерлік іс-әрекеттері теңеледі. Біздінше мұны ақын сол кезеңдердің үлкенді-кішілі қиыншылығын басынан кешіп, торығып, күйзелген халықтың еңсесін көтеріп, күш-қуат беру үшін қолданған. Мысалы: « Есімде . . . тек таң атсын !» өленінде:
Мезгілше, мейлі келсін, тісі батсын,
Сұр жылан, өзі оятар, қатты шақсын.
Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз,
Көрелік төңіректі, тек таң алсын!-
дейді. «Алыстағы бауырыма» өлеңінде, түрік тектес халықтардың жүрегі жолбарысқа баланады. Ақын поэзиясында діни әдебиеттің ықпалымен туған теңесулер де бар. Мәселен, «хор сипатты қарындас», «бейне хор жүзі», « Қайғылы сұлуға» атты өлеңінде, «көркің хор, пе-ріште еді, сенің жаның» деп қыздың жан дүниесінің сұлулығын періштеге, сырт сұлулығын «хорға» теңейді. Мұндай теңеулер ақын өлеңдерінде бес-ақ рет, ақ жамбыдай деген теңеу екі мәрте қолданылған. Екеуінде де айдың сұлулығы, ақ жамбыдай қыздың сұлулығымен салыстырылған. Бұл - адамға арналған теңеудің, табиғаттың сұлулығымен ассоциялануы. Яғни теңеу предметі жаңартылған.
Аллитерация . Қазақтың халық поэзиясындағы аллитерация мен ассонанс сияқты дыбыс бірлестігін де Мағжан поэзиясынан табамыз. «Ой» деген өлеңінде, «ой» деген сөзді жол басында қайталап отырған. Оны - «Р-ға» өлеңінен де байқаймыз.
Айлар өтті, ай көрінді, өлді жын,
Айлар өтті, айырылды күн мен түн.
Айлар өтті, ішкен удай айныдым,
Айқын болды ақырында жалған, шын.
немесе:
Бүгін менің құшағымда кім болды?
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгінгі түн маған алтын Күн еді,
Бүгін менін құшағымда Күн болды.
Ал «Түркістан» өленінде дыбыс қуалап отырған.
Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктін, бесігі ғой.
Тамаша - Түркістандай жерде туған,
Түріктін, тәңірі берген несібі ғой.
«А», «б», «о» дыбыстарынан басталған сөздерді қатарынан келтіріп, «т» дыбысын жол басында қолдану арқылы, ете әсерлі дыбыс әуезділігін жасаған. Өлек жолдарының басы бір дыбыстан басталуы - ежелгі поэ-зиядан келе жатқан дәстүр. Ол - халық эпюсында да, жыраулар поэзиясында да, Абайдың өзімен замандас ақындар өлеңдерінде де мол. Ол - Мағжан шығармаларына да тән. Десек те, Мақан бір сөзбен басталатын жаңа әдісті қолданған.
Мағжан бабаларымыздың қазақ жерін жаудан қорғаудағы ерлік істерін, кейінгі ұрпаққа мирас етіп жеткізуде гиперболаны қолданған. Әсірелей айту арқылы, олардын ойын өткенге бұрып, ел тарихын білуге жетелейді. Тарихын біліп өскен ұрпақтың өжет те батыл, қайсар да қайратты, намысшыл, өр келетіндігін ескерген. Ел намысы жоғары болған жерде - мемлекет болашағының баянды, іргесінің мықты болатындығына да кәміл сенген. Мысалы: «Есімде . . . тек таң атсын!» өлеңіне назар салайық:
Сайланып сол мезгілде шықтық жонға,
Қыранша көз жүгіртіп оң мен солға.
Ақ найза алты құлаш белге байлап,
Айнымас алдаспанды алып қолға
Қанатты, кажымайтын тұлпар міндік,
Жібекпен жетпіс қабат белді будық.
Құрсанып қылыш өтпес мұздай темір,
Қиядан қыран құсша жауға ұмтылдық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz