Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І Кіріспе . . . 3-7

ІІ Негізгі бөлім

І тарау

  1. Материалдық мәдениетке байланысты

қалыптасқан этномаркерлі топонимдер . . . 8-30

II тарау

2. 1 Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер . . . 31-46

ІІІ Қорытынды . . . 47-48

ІV Пайдаланған әдебиеттер . . . 49-51

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі төртінші басымдық ретінде атап көрсетілген.

Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып:

«Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет . . . », - деп нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен бірге Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 13 қаңтардағы №1277 Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойылған. Соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және т. б. міндеттер жүктелген.

Егер есім мәдениеттің жемісі деген тезисті ұстанатын болсақ, этномәдени, этнографиялық факторлар Оңтүстік Қазақстан топонимдері сөздігінің этномаркерлі бөлігінің пайда болуына себепші болды. Міне, сондықтан да топонимдер ұлттық мәдениеттің компоненті мен репрезентанты болып табылады.

Бәрімізге мәлім, этномаркелі деп, біз өзінің құрамында өзіндік маркер - этнографизмі бар, мәдени - этнографиялық ақпаратқа ие топонимдерді айтамыз. Түркі топонимдерінің, оның ішінде қазақ топонимдерінің көпшілігі құрылымы жағынан екі құрамды, ал олардың бір сыңары этнографизм болып келеді. Маркер - этнографизм анықтаушы да анықталушы болып та жұмсала беруі мүмкін, дегенмен біздің байқауымызша этнографизмдер көбіне атрибутты синтагманың анықтаушы компаненті болып жұмсалады. Екі құрамды топонимдердің анықталушы сыңарлары әдетте географиялық терминдер болып келеді.

Этномаркерлі топонимдік лексиканы Оңтүстік Қазақстанның географиялық жалпы атауларының терминологиясы деңгейінде, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның географиялық жалқы атауларының деңгейінде талдауға болады. Кез-келген аймақтың этномәдени (этнографиялық) топонимдер лексикасының сол өлкеге тән мәдени - этнографиялық әлеуметтік - экономикалық және басқа да ерекшеліктерді көрсетіп тұратын әр түрлі деректері болады. Бұл ерекшеліктерді қарастыру негізінде этномаркерлі талдау, біздің ойымызша, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің сала - салаға жіктелісіне сәйкес келетін белгілі бір лексика - семантикалық топтар бойынша жүргізілуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан этномаркерлі топонимдік лексикасының құрамы осы өлкедегі қазақтардың материалдық және рухани мәдениетін мынадай тақырыптық топтарға бөліп қарауға мүмкіндік береді: мал шаруашылығы, егіншілік, суландыру /ирригация/, қала салу; халықтық ойын - сауықтар, мейрамдар дін /ғибадат/ және т. б. мұндай тақырыптық топтарға этнолингвистикалық талдау жасауды тағы да қайталап айтатын болсақ, географиялық жалпы атаулар деңгейінде де, сондай-ақ топонимдік лексика, яғни географиялық жалқы атаулар деңгейінде де жүргізуге болады.

Ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады, онда этностың тарихы, салт - дәстүрі, наным-сенімі, шаруашылығы мен тіршілік тынысы жайында аса бағалы мәліметтер болады. Міне, мұндай көзқарас тұрғысынан қарағанда этникалық төлтума ерекшелікті молынан сақтап келген аймақтық топонимика лексикасында зерттеуді қажет ететін сыры ашылмаған қатпарлар аз емес.

Этномаркерлік тұрғыдан қарастырып отырған Оңтүстік Қазақстан - көшпенді және отырықшы мәдениеттің көнеден келе жатқан ерекше бір көзі іспетті. Орта Азияның егін еккен жазирасы мен Дешті - Қыпшақтың мал өсірген сахарасы аралығында орын тепкен Оңтүстік Қазақстан есте жоқ ескі заманнан бері малшылар мен егіншілердің экономикалық, мәдени, саяси жақтан қоян-қолтық араласқан, бір-біріне әсер еткен, бірін-бірі байытқан көшпенді мәдениет пен отырықшы мәдениеттің мекені болды. Осы өлкенің өзіне тән тарихи - мәдени ерекшелігі сөз жоқ, Оңтүстік Қазақстан тарихи топонимерінде өзінің ізін қалдырып отырды.

Тілдің сөздік қорындағы өзіндік сыр - сипатқа ие сөздер категориясына тән географиялық атауларды ғылыми жүйеде қарастыруға ерекше мән берілуде. Соның нәтижесінде топонимикалық зерттеулер мейлінше кең өріс алып Қазақстан топонимдерін қоғам өміріндегі орны ерекше, олар бір ғана дәуірдің немесе бір ғасырдың жемісі емес, мыңдаған жыл мен көптеген ғасырдан келе жатқан халық қазынасының бай мұрасы.

Шын мәнінде қазақ сөз байлығының этномаркерлі қабаты болып табылатынын топонимдік лексика қазақ этномәдени лексикасының құрамына енеді, ал бұлардың жеткілікті дәрежеде тексерілуі - жаңа бағыт болып табылады. Осы кезге дейін ономастикада жалқы есімдердің негізінен лингвистикалық проблемалары көп зерттелді де, ал ұлттық ономастикалық лексиканың қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі ұйтқысы болып табылады этномәдени, географиялық және тарихи факторларды әлі де қарастыру керек. Міне, бұл мәселе тағы да аталмыш жұмыстың қажеттілігін көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан топонимдерін зерттеу қазақ халқы жалқы есімдеріндегі ұлттық - мәдени ерекшеліктерінің жалпы мәселелерінің қарастыруымен де ұштасып жатады.

Д и п л о м ж ұ м ы с ы н ы ң м а қ с а т ы м е н м і н д е т т е р і. Жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан топонимдеріне этнолингвистикалық сипаттама жасау болып табылады, ал осы аталған мақсатқа жету үшін алдымен мынадай мәселелерді шешу қажет деп білеміз:

  • Оңтүстік Қазақстан топонимикасы жүйесінің

қалыптасуындағы басты белгілерді айқындау;

  • аймақтағы топонимдердің қалыптасуы мен дамуына әсер

еткен этномәдени факторларды қарастыру;

  • аймақтағы этномаркерлік топонимдік лексиканың негізгі

тақырыптық топтарын айқындау мен сипаттау;

  • Оңтүстік Қазақстанның құрамында этнографиялық

белгілері бар топонимдік лексикасын материалдық,

рухани мәдениет терминдерімен байланыстыра қарастыру.

З е р т т е у ә д і с і. Жұмыста лингвистикалық әдістер мен тәсілдерді, тарихи - салыстырмалы, лексика - семантикалық, этнопсихологиялық, едәуір ақпараттық мәні бар материалдарды қолдандық.

Жұмысты жазуда түріктану, ономастика және қазақ тіл білімінің кейбір теориялық мәселелері жөніндегі Ә. М. Мурзаев, Н. А. Баскаков, Э. В. Севортян, Л. В. Суперанская, Ә. Құрышжанов, Ә. Т. Кайдаров, А. Әбдірахманов, Т. Жанұзақов, К. Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, Н. Жанпейісов, Ә. Нұрмағанбетов, К. Хусайынов, В. Н. Попов, Е. Керімбаев, Қ. Рысбергенова, Б. М. Тілеубердиев т. б. ғалымдардың зерттеулері аталмыш жұмыстың ғылыми - теориялық негізі болып табылады.

Ж ұ м ы с т ы ң т е о р и я л ы қ ж ә н е п р а к т и к а л ы қ м ә н і. Бұл жұмыс аймақтық топонимдерді этномаркерлік тұрғысынан біртұтас жүйе ретінде қарастыру түріндегі еңбегі болып табылады. Жұмыста ең алдымен этнография мен лексикологияны түйіскен тұсында туындайтын мәселелер, деректермен құбылыстар қарастырылды. Этнолингвистика мәселелері Оңтүстік Қазақстан топонимдері материалдары деңгейінде қарастырылды. Оңтүстік Қазақстан этнографиялық топонимдерінің пайда болуындағы, дамуы мен қызмет етуіндегі, этномәдени және тарихи - әлеуметтік факторлар айкындалды; қазақтардың дәстүрлі шаруашылық түрі - көшпелі мал шаруашылығы мен осы аймаққа тән - егіншілікпен, суландыру жүйесімен, қала салу ісімен байланысты топонимдердің этнолингвистикалық топтары қарастырылды; сондай-ақ автохтонды тұрғындардың наным-сенімдері мен ғибадатын, діни - мифологиялық түсініктерін бейнелейтін топонимдер сипатталды.

Ж ұ м ы с т ы ң қ ұ р ы л ы с ы.

Диплом жұмысы кіріспеден «Материалдық мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер», «Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер» атты екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайданылған әдебиеттер тізімі берілген.

І Тарау

Материалдық мәдениетке байланысты қалыптасқан

этномаркерлі топонимдер

Заман болмысында мәдениет адам баласының қажеттілігінің және рухани күштің, белсенді іс - әрекетінің қорытындысы.

«Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауапты бұл сөздің этимологиясына, яғни осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталайық. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «Маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Көне заманда «Культура» деген ұғымда «жерді өңдеу» деген мағынаға ие болған. Бертін келе бұл сөз мағынасы кең аукымды арнаға түсті.

Сонымен, мәдениет - бұл адамның ақылы, талантты, еңбек таңбалары бар адам баласын қоршаған қажеттіліктер мен құбылыстар әлемі.

Мәдениет ұғымының қолданыстарының негізгі әр қилы. Соның ішінде этнографиялық тұрғыдан қарыстырсақ, «этнос» ғылымның алғашқы түсінігі кездесетін көптеген түсіндірулер де кейбір топтық мәдени ұқсастықтың барлығына меңзейді. Сондықтан этнографияда мәдениеттің байырғы мағынасынан туатын: материалдық мәдениеттердің (заттар, бұйымдар, мал шаруашылығы, егіншілік, қала салу т. б. ) көп қырын қарастырамыз.

Этнографиялық топонимдер лексикасын қарастырудың объектісі ретінде алынып отырған Оңтүстік Қазақстан көшпенді және отырықшы мәдениеттің көнеден келе жатқан ерекше бір көзі іспетті. Қазақстан есте жоқ ескі заманнан бері малшылар мен егіншілер экономикалық, мәдени, саяси жақтан қоян - қолтық араласқан, бір-біріне әсер еткен, бірін-бірі байытқан көшпенді мәдениет пен отырықшы мәдениеттің мекені болды.

Оңтүстік Қазақстан аумағындағы материалдық мәдениетке байланысты топонимдер кездеседі. Оның құрамына үй жануарлардың мына тәрізді атаулар бар: жылқы, қой, ешкі, түйе, тай, теке, бота, айғыр т. б. Бұл тәрізді географиялық атауларға мұқият жасалған лексика - семантикалық және этимологиялық талдау топонимдерде фауналық лексиканың жеке қолданысындағыдан өзгеше мәнде жұмсалатынын байқатады. Мысалы, Мың жылқы атауы таулы өлкеге тән жайлаудың ерекше кеңдігін, жүздеген, мыңдаған, жылқыға жайылым болатынын байқатады. Қойтас, Түйеге тәрізді географиялық жылқы атаулар ұқсату белгісі бойынша қойылған. Мәселен, Қойтас «жұмырлау келген, шоғыр-шоғыр болып бытырап жатқан гранит тастар»; алыстан қарағанда жайылып жатқан қойларға ұқсайды. Ә. М. Мурзаев Ғ. Х. Қонқашбаевқа сілтеме жасай отырып, терминнің жергілікті атау болып жұмсалатынын көрсетеді: Қара Қойтас, Қызыл Қойтас; бұлар көбіне орталық шығыс және ішінара оңтүстік - шығыс аудандарында таяу жердегі Түйетас шатқалы кескіні түйеге ұқсайтын үлкен жартастың атымен аталып кеткен.

Үй жануарлары атауынан жасалған кейбір топонимдер қосымша ақпараттық мәнге ие болды. Мысалы, Ешкіөлмес деген жердің атауын Е. Қойшыбаев былай деп түсіндіреді: бұл топоним оты мол жайылым дегенді, қуаншылық жылы тіпті ешкі де өлмейді дегенді аңғартады [1, 80] .

Оңтүстік Қазақстанның топонимдері құрамында кездесетін айғыр, біздің байқауымызша, өсімдік атауына байланысты қойылған. Сонымен қатар Ә. М. Мурзаев түркі оронимдеріне қисынсыз тәрізді көрінетін Қара - айғыр, Бозайғыр, Ақбайтал типтес шоқы, асулардың аттары бар. Айғыр сөзінің мағыналарының ішінен бірде-бір топонимикалық семантиканың табылмағанын көрсете келіп, Ә. М. Мурзаев, Ғ. К. Қонқашбаевтың, Айғыр - күрделі географиялық атаулардың құрамында «Үлкен» деген мағынаны аңғартады деген пікірі өзінің қисындылығымен, қарапайымдылығымен иландырады - дейді [2, 88] .

Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің құрамында сондай-ақ Байтал, Ақбайтал, Алабайтал т. б. сөздер кездеседі. Барлық жағдайда «Байтал» «екі жасар құлындамаған ұрғашы жылқы» деген мағынаға сәйкес келе ме, әлде бұл атаудың тасасында басқаша бір топонимикалық ақпарат бар ма? Ә. М Мурзаев байтал дегенді тал ағаштың түрін білдіруі мүмкін дейді. Ал, біздің байқауымызша, байтал сөзін бай және тал деген сыңарларға бөлшектеуге болады. Тал сыңарының тала, дала тәрізді фонетикалық нұсқаулары Кавказ тауының Тынық мұхитқа дейінгі аралықта жатқан түркі, монғол, тұңғыс - манжүр тілдеріне тән. Ә. М Мурзаевтың көрсетуінше көне түркі тілінде «дала», азер, тала, «алқап», «жазық», «квартал», «таулы мекеннің бір бөлігі», балкар, талда, «алқап», «жазық», «ашық жер», өзбек дала, егістік жер, «қала сыртындағы үй», «саяжай»: қазақ, қарақалпақ дала, «дала», «ашық», «жазық жер», халха монғолша тал «дала», «жазық», «түс», «орын», қарғ. Талаа «дала», «ашық жер», «жазық», «ашық орын», монж. Тала «жазық», «егістік жер», «дала» т. б. Байтал сөзіндегі бай сыңарын «ұшан теңіз», «кең», «мол», «көп» деген мағынада түсіндіруге болады. Сонымен қатар бай сөзінің киелі мағынасы болу мүмкін. А. П. Потановтың көрсетуінше, Алтай - Саян түркі тілдеріндегі бай сөзінің киелі мағынасы бар [3, 26] . Бай сөзі қасиетті деген мағынада Таулы Алтай және Тува топонимдерінде кездеседі.

Ал, Ақбайтал, Алабайтал біздің байқауымызша, халықтық этимология негізінде қайта жаңғырудың нәтижесі болып табылады.

Жануарлар атауларымен келетін топонимдерді талдауда мұқият болу қажеттігі байқалады, өйткені үй жануарларының атаулары көп жағдайда ру, ру ішіндегі атаулардың аттарымен сәйкес келіп отырады.

Мәселен, аққошқар қыпшақ ішіндегі ру атауы болып табылады. Айғыр ақбура, Алатай, Алақошқар, Байбура, Байқозы, Байқошқар, Бура, Жабағы, Қарабура, Қараторғай, Қаратеке, Қозы және т. б.

Бірқатар етістікті топонимдер немесе сөйлем ыңғайындағы топонимдер белгілі бір жануарға байланысты тікелей сол жерде болған уақиғаны көрсетеді: Айғырұшқан - айғырқұлаған жартас. Ешкіқырылған - ешкілердің өлген жері, Итөлген - иттің өлген жері т. б.

Қазақ әлеуметтік дәрежесінің толықтығын, төрт құбыласы түгелдігі, аман - есендігін көрсету үшін «мал - жан аман ба?» - деп бастайды. Төрт түлік қазақтың тіршілігі мен тұрмысының тірегі. Қазақ халқы шын мәнінде кең байтақ далада көшіп-қонып жүріп өмірін ат үстінде өткізді: «Жылқыдан таза, киелі, қасиетті жануар жоқ» деп түсінген қазақтың атқа мінгенде делебесі қозып, домбыра ұстағанда шабыттанған. Осыдан болса керек, төрт түлік шеберханасында жылқы малы алғашқы орын алады, қалғандары адам баласына қызмет етеді. Адам баласы болса жылқы алдында бас иіп қызмет көрсеткен. Өйткені ол «Тәңірдің тірі бейнесі, оның нұры ғарыштың жоғарғы бөлігі, қалғандары жердікі» деп түсіндірген. Сол себепті ол қазақ мәдениетінде адамның алғашқы досы, сырлас серігі ретінде ерекше орын алады.

Ж. К. Каракузова, М. Ш. Хасанов қазақтың ертеден бері келе жатқан мал шаруашылғы туралы мынадай түсінік береді: «Үш әлем - олар малдың үш түрі болып табылады және әрқайсысы белгілі әлемге қатысты. Жылқы - жоғарғы әлем, қой - материалдық әлем, яғни жер, сиыр - о дүние, өлілер әлемін білдіреді [4, 31] . Ал, түйе - бұлардың барлығын жинақтап байланыстырып тұрған төртінші бірлік, ғарыштың символы» [4, 32] . Қазаққа ең даланы танытқан, оның шегі мен шексіздігін сездірген, киелі болып табылатын жануар - жылқы. Мифологиялық ұғым бойынша жылқының пірі, киесі - Қамбар ата. Бұл туралы Ш. Уалиханов: « . . . жылқы малы (жылқы әулие), ал түйе, қой сиыр киелі жануарларға жатады» - деп жазады [5, 156] .

Бұл пікір Г. Гачев былай нақтылай түседі: «Жануарлар иерархиясында жылқы бірінші орын алады. Жылқы - ғарыштың жоғарғы бөлігі. Жылқы алдыға және жоғарыға қарайды, адам сонымен бірге. Ат үстінде адам - аспан, жоғарғы әлем мүшесі жерден және оның тартылысынан босатылған» [6, 66] Ж. Молдабаевтың пікіріне сүйенсек «Қасым хан тұсында үш жүз қазақтарының басы қосылған кезде, бас қосу құрметіне көкқасқа атты құрбандыққа шалған. Құрбандыққа көкқасқа аттың шалынуын: көк аспан, қасқа-ай, мұсылмандық белгісі, атбайлық пен жауынгершілік символы болғандығымен түсіндіреді. » [7, 108] .

Жылқыны құрбандыққа шалудың кеңінен орын алғандығы туралы деректер ғылыми еңбектерде молынан кездеседі. Бұған дәлел Б. Бичуриннің: «Жылқы хан сайлауында құрбандық ретінде және күннің символы ретінде көрінеді» - деуде. Сондай-ақ «Рим көне үнді европа дәстүрінде, қытай мәдениетінде де жылқы ең басты жануар болған, оған табынып патшаларын ақыретке шығарғанда құрбандыққа шалған» [8, 552] .

Жоғарыдағы ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, жылқыға деген ерекше көзқарас әр халықта да бар екендігін байқаймыз. «Соның негізгі - жылқының «қасиеттілік» мәнімен, «тәңірінің елшісі» деген түсінікпен астарласып жатады. Сондықтан да жылқы хан сайлануында «Тәңір жарылқасын деген тілектің белгісі болса, өлімге байланысты ғұрыптарға «ата - бабалар әулиетіне», «Тәңірге» апарады деген түсініктің бернесіне айналған » [10, 90] .

Төрт түлік малдың ішіндегі түстік сипатының молдығымен де көзге түсетін жануар - жылқы. Көне гректің дәстүрінде жылқы салттық мәнінде көрініп, культы ерекше әйел сұлулығы мен құдіреттілігінің символы болса, мұндай баға қазақ халқында да орын алады.

Оған жақсы аттың бойындағы он бес түрлі белгінің айғақтайтын үш қасиеттің бірі - жақсы ат пен тегінің төркіні - әйел сұлулығы - салыңқы кең кеуде, әсем де ыңғайлы қозғалыс, оған қосымша әдемі түсі дәлел [10, 89] . Демек жылқы «қасиеттілікпен ғана емес, сұлулығымен де бағалы». Сондай-ақ жақсы атпен тегінің төркіні әйел сұлулығы екенін Ақанның «Құлагер» өлеңіндегі «Бота» тірсек, сағақ, сондай керім» . . . деген жолдар дәлелдей түседі. Бұл құлагердің жүйрік қасиетін көркемділікпен суреттеп, бейнелейтін бір қатары.

Сонымен қатар жылқы қазақ үшін өлең жырдың қайнар көзі іспеттес. Осыған байланысты С. Мұқанов: «Аттың, жақсы сипатын тек монғол, қалмақ, қырғыз сияқты көшпелі елдердің ақындары ғана жасай алған. » Отырықшы елдерде олай емес. Мысалы, көне гректе «Пегас», көне орыста «Конек - горбунок» сияқты тұлпарлар болғанымен, олар шындықтан гөрі мифке жақын. Қазақ тұлпарларында Қобыландының Тайбұрылы, Алпамыстың Байшұбары адамға тән қылықтар жасап, иелері адамша тілге келсе, бұл мифтен гөрі әсерлеуге бейім» дейді [11, 130] .

Мәселен, Тайбұрылда толып жатқан қасиеттер бар. Ол адамша сөйлейді, ойлай алады, қайғыра да біледі. Эпоста «жоғарғы ерні жыбырлап Тайбұрыл сонда сөйлейді дейді». Ал, «Алпамыс батыр» жырында Байшұбардың басына талай қасиетті дарытады, ол адамнан да есті жануар. Мыстан кемпірдің адамға деген пиғылын сезген ол оны қос аяқтап тебеді. Байшұбар батырды қырық құлаш арқан бойы зынданнан шығарып алады. Ал, «Ер Төстік» ертегісінде Кенжетай сұлу «алпыс аяқты ала атқа, жеті аяқты жерен атқа мінбей, Шалқұйрыққа мін» деп кеңес береді. Мәтінде «сегіз аяқ» жөнінде ештеңе айтылмаған, жалпы қарап шалқұйрықтың сегіз аяқты екенін аңғаруға болады. Әрине, алты аяқ, жеті аяқ, сегіз аяқтан артық екені белгілі. Сондай-ақ, қазақ ертегілерінде сегіз қанатты тұлпарда кездесіп отырады. Осындай тұрақты сегіздіктердің астарын Қондыбай Серікбол: «Сегіз сәулелі күнді» білдіретін сегіз аяқты аттың бейнесінің ар жағында да «бір нүктеде тоғысқан сегіз сызық» геометриялық пішіні жатыр. Бұл жерде маңыздысы «тоғысу нүктесінің» праформалық атауының «тұңғы» екендігі. Осы праформа негізінде «тұяқ» сөзі шыққан: «тұңғ» > «тұй»> «тұй-ақ» > «тұяқ». Міне, пішін элементтерінің (сызықтар мен тоғысу нүктесінің атауы болуы тиісті, бірақ уақыт өте, бұл сөз тоғысу нүктесінің емес, сызықтардың, яғни аяқтардың атауына айналған) . «Сегіз аяқты ат» деп отырғанымыз - «сегіз тұяқты (тұқайлы) ат» [11, 387] - деген пікір айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Үй жануарларының атауларының тарихы
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақыры романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz