Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі банктік маркетинг



КІРІСПЕ

1 БӨЛІМ. БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Банктік маркетингтің мәні, принциптері мен міндеттері
1.2 Банктік маркетингтің негізгі түрлері мен әдістері
1.3 Коммерциялық банктердегі банктік маркетингті дамыту бағыттары

2 БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 «ТуранАлемБанкі» АҚ.ың негзгі операцияларын талдау
2.2 «ТуранАлемБанкі» АҚ.ың банктік өнімдерінің жаңа даму тенденциялары

3 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Маркетинг - бұл экономика, социология және бас¬қа¬ру арасындағы ғылым. Нарықтық экономикада кез келген кәсіпкерлік нарыққа шығумен, барлық процестерді білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталады. Егер да¬мы¬ған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнер¬кә¬сіп¬те тарау алса,оның соңын ала, 40-жылдай бұрын маркетинг ірі банк¬тер аясында қолдауға ие болады. Қа¬зақ¬стандағы на¬рық¬тық экономиканың дамуы мен прогресі жағдайында банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену – бұл қа¬жет¬тілік және банктік менеджменттің ажырағысыз бөлігі бо¬лып саналады.
Банктік маркетинг толығымен маркетингтің жалпы қа¬ғидаларына негізделеді, алуан түрлі қызметтерді орын¬дай¬ды, «маркетинг» жалпы түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг – бұл өндіріспен және бәсекелестікті ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Банктік маркетингті маркетингтің ерекше саласы, кли¬енттердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнім¬дерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын іздеу және пай¬далануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты бар¬лық басқа банктердің қызмет түрлері ретінде қарау керек.
Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі за¬ман¬ғы банктердегі маркетинг алдыға қойылған мақсат¬тарды орындаудағы өз стратегиясы мен философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.
Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметіне активті және әлеуетті сұранысты зерттеу мен талдаудан басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арқасында ғана өмір сү¬реді. Банк өз шығындарының деңгейіне қатысты олардың бағасын алдын ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып және пайда алады.
Соңғы уақыттарда барлық елдердегі ірі коммер¬циялық банктердің басым көпшілік саны клиенттерге кешенді қызмет көрсетуге көшуде. Бұл банктердің несие-есеп айы¬ры¬су және кассалық қызмет көрсетуден тысқары өз клиент¬теріне өзге де тұтастай қызмет түрлерін көрсе¬тетін¬ді¬гін білдіреді.
Кешенді қызмет көрсету тәжірибесі бізге де толық түр¬де қолдануға қолайлы екендігін көрсетіп отыр, сон¬дық¬тан да отандық коммерциялық банктердің оны қолдануы, де¬позиттер мен жаңа салымшыларды тартудағы олардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігін артыратыны сөзсіз. Бұл бәсекелестік күресте клиенттерге көрсететін қызметінің ау¬қы¬мын тұрақты түрде кеңейтіп отыратын, олардың құнын төмендететін, несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету сапасын жақсарта түсетін, несие беру кезінде қандай да бір жеңілдіктер жасайтын клиенттерге әртүрлі кеңестер беретін банк қана төтеп беріп, жеңіп шыға алатын болады, ондай болмаған жағ¬дай¬да банктің несие ре¬сурс¬та¬рының көлемі күрт қысқарып, оның құрылымы, одан көзделетіндей, бухгалтерлік баланс¬тың өтімдігі нашарлауы мүмкін. Ақыр соңында, мұндай банк банкротқа ұшырайды.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекетік саясаттың басты мақсаты»
2. «Банктер және банк қызметі» туралы ҚР-ның заңының негізінде ҚР Президентінің Жарлығы, 1995 ж
3. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы (2007.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкті туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы (2008.03.28. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
5. Закон Республики Казахстан «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13.06.2006
6. Правила о пруденциальных нормативах для банков второго уровня // Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года № 213
7. Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 213-215 б.б.
8. Банковское дело: Учебник. Под ред. Колесникова В. И. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 536 б.
9. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2007. – 5-19 б.б., 31-51 б.б.
10. Лаврушин О. И. Банковское дело: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2003. – 672с.: ил.
11. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы, 2005. – 220-228 б.б.
12. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы Экономика, 2007. – 162-225 б.б.
13. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2006. – 57-68 б.б.
14. Хамитов Н.Н. Банковское дело. Курс лекций. Алматы Экономика, 2006. – 30-38 б.б.
15. Банки Казахстана. № 4 (118) 2008 Конакбаев А.Г. Проблемы развития банковскоц системы Казахстана на современном этапе
16. Банки Казахстана. № 12 2008 Текушее состояние банковского сектора
17. Банки Казахстана. № 6 (120) 2008 Текушее состояние банковского сектора
18. Банки Казахстана. № 3 2008 Алибекова Г.Ж. Роль иностранных банков в банковской системе: опыт зарубежных стран
19. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 2 (48) 2007 Супугалиева Г.И. Шетел тәжірибесіндегі банктік жүйенің қызмет ету механизмінің ерекшеліктері
20. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 3 (61) 2008 Мақыш С.Б. Қазақстан банк жүйесінің капиталдану деңгейі және оның банк бәсекелестігіне ықпалы
21. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 3 (43) 2005 Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметтері
22. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 1 (47) 2007 Қазақстан Республикасының мамандандырылған қаржы-несие институттары
23. Финансы и кредиты. № 1 2007 Банковская система Казахстана
24. «Казкоммерц news» информационный вестник № 3 (54) 2008
25. Қаржылық қадағалау агенттігінің 2005-2007 ж.ж. Есебі
26. ҚҰБ статистикалық бюллетені. 2000-2007
27. ҚРҰБ статистикалық бюллетені № 03 (160) наурыз / 2008
28. www.bank.kz
29. www.bta.kz
30. www.kazks.kz
31. www.kkp.kz
32. Internet resource: http://www.economy.gov/bankdep.ru
33. Gazeta.kz 12 сәуір 2008 ж Қахақстанның банк жүйесі түбегейлі жаңалауды талап етпейді – ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы
34. Оразалин К.Ж. Жантасов М.М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі. Алматы, 2006
35. Утебаева Н.С. Толковый финансово-кредитный словарь. Астана, 1999
36. Экономический словарь. Алматы, 2006

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1 БӨЛІМ. БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Банктік маркетингтің мәні, принциптері мен міндеттері
1.2 Банктік маркетингтің негізгі түрлері мен әдістері
1.3 Коммерциялық банктердегі банктік маркетингті дамыту бағыттары

2 БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 ТуранАлемБанкі АҚ-ың негзгі операцияларын талдау
2.2 ТуранАлемБанкі АҚ-ың банктік өнімдерінің жаңа даму тенденциялары

3 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК
МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Банктік маркетингтің мәні, принциптері мен міндеттері

Маркетинг - бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым.
Нарықтық экономикада кез келген кәсіпкерлік нарыққа шығумен, барлық
процестерді білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталады. Егер дамыған
елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсіпте тарау алса,оның
соңын ала, 40-жылдай бұрын маркетинг ірі банктер аясында қолдауға ие
болады. Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы мен прогресі жағдайында
банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену – бұл қажеттілік және
банктік менеджменттің ажырағысыз бөлігі болып саналады.
Банктік маркетинг толығымен маркетингтің жалпы қағидаларына
негізделеді, алуан түрлі қызметтерді орындайды, маркетинг жалпы
түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг – бұл өндіріспен
және бәсекелестікті ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен
байланысты кәсіпкерлік қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру
мен басқару жүйесі.
Банктік маркетингті маркетингтің ерекше саласы, клиенттердің нақты
қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын
іздеу және пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа
банктердің қызмет түрлері ретінде қарау керек.
Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі заманғы банктердегі
маркетинг алдыға қойылған мақсаттарды орындаудағы өз стратегиясы мен
философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.
Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметіне активті және әлеуетті
сұранысты зерттеу мен талдаудан басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі
олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арқасында ғана
өмір сүреді. Банк өз шығындарының деңгейіне қатысты олардың бағасын алдын
ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып және пайда
алады.
Соңғы уақыттарда барлық елдердегі ірі коммерциялық банктердің басым
көпшілік саны клиенттерге кешенді қызмет көрсетуге көшуде. Бұл банктердің
несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуден тысқары өз клиенттеріне
өзге де тұтастай қызмет түрлерін көрсететіндігін білдіреді.
Кешенді қызмет көрсету тәжірибесі бізге де толық түрде қолдануға
қолайлы екендігін көрсетіп отыр, сондықтан да отандық коммерциялық
банктердің оны қолдануы, депозиттер мен жаңа салымшыларды тартудағы олардың
бәсекеге төтеп беру қабілеттілігін артыратыны сөзсіз. Бұл бәсекелестік
күресте клиенттерге көрсететін қызметінің ауқымын тұрақты түрде кеңейтіп
отыратын, олардың құнын төмендететін, несие-есеп айырысу және кассалық
қызмет көрсету сапасын жақсарта түсетін, несие беру кезінде қандай да бір
жеңілдіктер жасайтын клиенттерге әртүрлі кеңестер беретін банк қана төтеп
беріп, жеңіп шыға алатын болады, ондай болмаған жағдайда банктің несие
ресурстарының көлемі күрт қысқарып, оның құрылымы, одан көзделетіндей,
бухгалтерлік баланстың өтімдігі нашарлауы мүмкін. Ақыр соңында, мұндай банк
банкротқа ұшырайды.
Сөйтіп, коммерциялық банктердің нарықта жаңа қызмет түрлерін табысты
түрде алдыға жылжытуы, банктердің нарыққа кешенді талдау жасауға және
маркетинг теориясы мен практикасын қолдану негізінде оны қайта өңдеуге
көшуімен ғана мүмкін болады.
Мынаны атап өту көзделеді, маркетингті енгізу кірістіліктің өсуіне,
тәуекелдің төмендеуіне әкелмейді және әкеле алмайды. Аталмыш екі көрсеткіш
банк капиталын басқаруға, актив пен пассивті теңестіруге қатысты болады.
Ұйымдастырушы феномен ретіндегі маркетинг банк қызметінің нарықтағы дамушы
процесінің тепе-теңдігін ұстап тұру тетігі болып саналады.
Банктік маркетинг – бұл сол аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық
көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды
банктің жақсы білуі. Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттерді
анықтауға бағытталған.
Банктік маркетинг пен нақты қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалдарға
қатысты оның қызметі туралы жалпы түсінікті келесі кестеден алуға болады.

Сонымен, банктік маркетингтің ерекшелігі – бұл клиенттерді тарту және
көрсететін өз қызметтері көлемінің аясын кеңейту болып саналады.
Банктік маркетингтің жалпы қағидалары келесідей түрде берілген:
• нақты мақсаттарға жетудегі барлық банк қызметкерлері әрекеттерінің
бағдарланушылығы;
• жоспарлауды, талдауды, реттеуді, бақылауды қамтитын банк қызметі
процесінің кешенділігі;
• маркетингті болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;
• қабылданатын шешімдерге бақылау жасау;
• жұмыскерлердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, олардың
біліктілігін арттыру;
• ұжымда табысқа жету үшін қызығушылықты арттыру.
Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмендегідей маркетинг
мақсаттарына қол жеткізу маңызды болып саналады:
1. нарықты зерттеу және сұранысты қалыптастыру;
2. банк қызметтеріне сұранысты ынталандыру;
3. қабылданатын шешімдер жоспарларының негізділігі;
4. клиенттерді тарту және клиенттерді ұстап тұра білу;
5. банк кірісін көбейту және нарықтағы үлесін ұлғайту.
Маркетингтегі келесідей нақты міндеттерді шешу кезінде мақсаттарға жету
мүмкін болады:
- банктің тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
- табысқа жетудегі кепілдік ретінде банк өтімдігін
қамтамасыз ету және клиенттер арасындағы беделін көтеру;
- көрсетілетін қызметтердің көлемі, құрылымы мен
сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін
жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
- ұжымның міндеттері мен оның әлеуметтік
проблемаларын шешу.

1.2 Банктік маркетингтің негізгі түрлері мен әдістері

Коммерциялық банктер мен өзге қаржылық – несие институттары маркетинг
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда клиенттердің қажеттілігіне
бағдарланудың бірінші кезекті келістерін әзірлеп-жасайды, осыған орай
клиент пен банктің мүдделерін үйлестіре білу маңызды болып саналады.
Банктік маркетинг банк өнімдерін көбейтуге бағытталған (банк
операциялары, қызметтер) қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз
қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:
• Маркетингтік зерттеулерді жүргізу, ақпараттарды жинау, талдау.
• Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сатушысы болуы.
• Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.
• Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.
Банктік маркетингте клиент басты орын алады. Банктегі басты тұлға –
банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды немесе
қызметтерді көрсетуге тиіс екендігін солар алдын ала болжайды.

Банк клиенттері

1. Үкіметтік мекемелер.
2. Корпорациялар.
3. Банк-корреспонденттер.
4. Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары,
ірі немесе ұсақ кәсіпорындар.
5. Траст-қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып саналатын заңды
және жеке тұлға.
6. Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен
операция жасаушылар.
Жаңа клиенттерді тарту нарықты жақсы білу мен клиенттер тарапынан
сұраныс болған кезде ғана мүмкін болады. Өз клиенттерін ұстап тұру мен
көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсаты алдыға қойылуы тиіс.
Банк қызметкері – қаржылық мәселелер бойынша сарапшы және оны клиенттер
сезінуі қажет. Ең соңында, сенімді нығайтуға өзіндік әсерін тигізеді.
Банктердің бәсекелестігі жағдайында баға белгілеу саясаты маңызды рөл
атқарады. Ол келесідей алты кезеңнен тұрады:
1. Баға белгілеу міндеттерін қою.
2. Сұранысты анықтау.
3. Шығындарды бағалау.
4. Бағаларды және бәсекелестердің банк өнімдерін талдау.
5. Баға белгілеу әдісін талдау.
6. Түпкілікті бағаны белгілеу.
Банк оларды меншікті бағаны анықтау негізі ретінде пайдалану үшін
бәсекелестердің бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі,
оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер мен көрсеткіштер
анықталады және салыстырылады.
Солардың бірін банк таңдап алатын баға белгілеу әдістері келесідей
болуы мүмкін: пайда қосылған орта шығындар, шығынсыздықты талдау және
мақсатты пайданы қамтамасыз ету. Түпкілікті баға оны клиенттердің, банк
қызметкерлері мен бәсекелестердің неғұрлым толық өзіне қолайлы қабылдауын
ескере отырып дәстүрлі түрде белгіленеді.
Нарыққа кешенді зерттеу жүргізіп, клиенттердің қажеттіліктері мен талап-
тілектері анықталғаннан кейін барып банк шығындары мен көрсетілетін банк
қызметтерінің болуы мүмкін бағасы анықталады.
Банк өнімдерін тарату маркетинг қызметінің қорытынды түрі болып
саналады.
Банктік маркетингте соның көмегімен маркетинг мақсатына жетудің
табыстары ашылып көрсетілетін дәстүрлі тәсілдер өмір сүреді. Бұл –
клиенттермен қарым-қатынас жасау, қызмет тиімділігі, клиенттердің
басымдыққа жетуі үшін өз акционерлерін дивидендтермен қамтамасыз етуі болып
саналады.
Банктік маркетингте маркетинг қағидаларына жауап беретін, төмендегідей
маңызды ерекше нақыл сөздерді сақтай білу көзделеді:
1. Тұтынушынікі әрқашанда дұрыс.
2. Барлығы тұтынушы үшін.
Маркетингтік қызметтің түрлерін қарастыру маркетингтің негізгі
тәсілдерін зерттеумен қоса қабаттасып жүреді. Оқу әдебиеттері неғұрлым
маңызды деген екі тәсілді – бірыңғайлау (типологизация), нарықтық
сегменттеу тәсілін бөліп көрсетеді.
Бірыңғайлау (типологизация) - әлеуметтік сипаттамаларына, демографиялық
және әлеуметтік-экономикалық факторларға сәйкес тұтынушыларды жеке ыңғайда
қарастыру және топтастыру процесі.
Нарықтық сегменттеу – банк үшін неғұрлым болашағы зор болып саналатын
нарық тұтынушыларын нақты топтарға бөлу процесі. Банк қызметінің сипаты,
клиенттердің географиялық, демографиялық, психомәдени, мінез-құлық
белгілері, негізінен, сегменттеу белгілері болып қатысады.
Банк қызметтерінің сипаты бойынша олар несие, операциялық,
инвестициялық, делдалдық және басқа да сегменттерге бөлінеді.
Клиентуралық белгі нарықты заңды және жеке тұлғаларға, корпорацияларға,
банк-корреспонденттерге, мемлекеттік органдарға бөледі.
Аумақтық құрылымдар, экономикалық аудандар, әкімшілік бірліктер
геграфиялық сегменттеу объектілері болып саналады. Демографиялық
сегменттеу халықты жас мөлшері, кірістері бойынша әлеуметтік-кәсіби
тұрғыдан бөлуге негізделеді.
Психомәдени сегменттеу – бұл жеке тұлғалардың банктердің көрсететін
қызметіне қатынасы.
Мінез-құлықтық сегменттеу банктің әрбір клиентінің бос уақытын
зерттеуге негізделеді.
Ал нарықты сегменттеу мен анықтау банктің өзіне қажет. Белгілі бір
қызмет түрлерінен алынатын тиімділіктер клиенттердің белгілі бір топтары
үшін ғана пайдалы болып табылады. Ал басқа бір топтар үшін мұндай қызмет
түрлері қымбат немесе дәл сол сәтте пайдасыз болуы мүмкін. Аталмыш қызмет
түрлері қызықтыратын клиенттердің топтары мақсатты нарықты құрады.
Жоғарыдағылармен қатар, маркетингтік зерттеулердің өзге де белгілі
тәсілдерінің өмір сүретінін атап өту көзделеді. Оған активті және пассивті
маркетинг жатады.
Активті маркетингке келесілер кіреді:
1. Тікелей (жарнамалық). Жер-жерлерде клиенттер арасынан қаржыларды
басқару жүйесін құру. Тікелей маркетингтің мақсаты – клиентті тез әрекет
етуге мәжбүрлеу.
2. Байланыс құралдарын (пошта, теледидар) пайдалану. Телемаркетинг –
бұл жеке адамдардың компьютерлерін қолдануға негізделген банктік қызмет
көрсетуді үйде жалғастыру.
3. Халықтың кең ауқымды топтары арасында сұрау жүргізу.
4. Әлеуетті клиентпен жеке қарым-қатынас орнату.
5. Фокус-топ құру. Фокус топ бұл клиенттермен жеке байланыстарға
негізделген, маркетинг әдістерін логикалық жалғастыру. Мақсаты –
клиенттердің жағдайын анықтау.
Пассивті маркетинг – бұл банктің қызметі мен жағдайы туралы
материалдардың баспасөз беттерінде жариялануы.
Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пассивті маркетингті
пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғанындай,
негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.
Банктік маркетинг толығымен банктің көрсететін қызметтерін дамытуға
бағытталған және бұл жеткілікті кең ауқымды өзара байланысты түсінік болып
саналады.
Банктердің клиенттерге көрсететін қызметтерін қызмет түрлеріне бөліп
топтастыруға болады.

Қызметтердің Ұлттық банк арқылы беріледі Коммерциялық банктер арқылы
түрлері беріледі
1 2 3
Стратегиялық. Ақша саясаты. Тәуекелді капитал.
Олар банк Стратегиялық маңызды Несие карточкалары.
клиенттеріне, салаларды қаржыландыру үшін Займдарды орналастыру.
қызмет сипаты ресурстарды қамтамасыз ету. Жинақ шоттары. Кепілдікке
мен ауқымындағыҰлттық ақша бірліктерінің қою операциялары.
түбегейлі сатып алу күші мен валюта
стратегиялық бағамын ұстап тұру.
қайта
жаңаруларды
жасап, оған қол
жеткізуге
мүмкіндік
береді.
Жедел. Ақша айналымы. Тұтыну несиесі.
Банк клиентіне Векселдердің есебі. Ең Ақша нарығындағы
жылдық жоспардатөменгі резервтер саясаты. операциялар: Қамтамасыз
алға қойылған Банктік қадағалау. етілмеген несие. Лизингтік
мақсаттарға Экономиканың тұрақтануы. несие. Қамтамасыз етілген
оңтайлы түрде Валюталық резервтер. Ақпарат.несие. Валюталық
қол жеткізуге операциялар. Депозиттік
мүмкіндік шоттар. Чектік клиринг.
береді.
Проблемаларды Банк мекемелеріне несиелер Құндылықтарды депоненттеу.
шешу. беру. Банктік қадағалауды Несие карточкалары.
Банк клиентіне қамтамасыз ету бойынша Қамтамасыз етілген несие.
тез даярлану әрекет. Валюта бағамын ұстап Лизинг. Факторинг.
арқылы және тұру. Несиелер беру туралы Несиелерді сақтандыру.
жоспарланбаған халықаралық валюта қорымен
проблемаларды келіссөздер.
шешуге
мүмкіндік
береді.
Дағдарыстық Азаматтардың жинақтарына Қайта қаржыландыру
ахуал кепілдіктер. (рефинансирование)
жағдайында Банкноттар бойынша сақтандыру
проблемаларды кепілдіктер. Банктердің ұстапжауапкершілігінің көлемі.
шешу. Банк тұру. Басшы кадрларды іріктеуҚайталап кепілдіктер беру.
клиентіне және қызметтерге қою. компанияларды сату.
болжап білмеген
дағдарыстық
ахуал
жағдайында
кәсіби көмек
алуға мүмкіндік
береді.

1.3 Коммерциялық банктердегі банктік маркетингті дамыту бағыттары

Банктер арасындағы бәсекелестік оларды тікелей клиенттермен жұмыс
істейтін қызметкерлерге ерекше назар аударуға, олардың өз міндеттерін
сапалы орындауларына қол жеткізуге еріксіз итермелейді. Клиенттерге қызмет
көрсетуді жетілдірудің жекелеген бағыттарын бөліп көрсету көзделеді. Оларға
мыналар жатады:
1. Банкте ақыл-кеңестер беретін және сұрақтарға жауап қайтаратын жауапты
қызметкерлерді тағайындау.
2. Банктің ірі филиалдарына қаржы мен несие, инвестициялар мен сақтандыру
аясындағы проблемаларды шешу үшін қаржы кеңесшілерін тағайындау.
3. Клиенттердің банкке өтініш жасауы және пәтерлерден тікелей операциялар
жүргізу үшін жағдайлар туғызу.
4. Банктің клиенттермен іскерлік қатынастар этикасын енгізу.
5. Қажеттіліктердің кең ауқымды спектрін қанағаттандыруға арналған,
бірсыпыра инновациялық депозиттік және несие бағдарлармаларын енгізу.
6. Несие беру туралы шешім қабылданғанға дейін клиенттің төлем
қабілеттілігін тексеру.
7. Менеджмент саласында көмек көрсететін бизнес-орталықтар құру.
8. Жер-жерде клиенттерден қаржыларды басқару жүйесін құру, операцияларға
күнделікті бақылауды жүзеге асыру.
Маркетинг қызметінің нарықтағы табысы көп дәрежеде ахуалды жүйелі түрде
ой елегінен өтізуге, банктің жұмысын ұтымды үйлестіруге, мақсаттар мен
міндеттерді алдыға дәл қоя білуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоспарлау
сапасымен айқындалады.
Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспарлаудың
құрамды элементтерінің бірі болып саналады. Стратегиялық міндеттерді
айқындап алғаннан кейін, банктің ағымдағы жағдайдан алдыға қойған
мақсаттарға жету бағытын қалыптастыруы көзделеді. Банк басқармасының
қарауына және бекітуіне ұсынылатын баяндама дайындалады.
Алдыға қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін ресурстарды
бөлуі жүзеге асырылады: бөлінетін инвестициялардың мөлшері, технологиялық
қамтамасыз ету, жұмыскерлердің саны анықталады. Банктің әрбір бөлімшелері
бойынша бекітілген стратегиялардың осы көрсеткіштері негізінде жұмыс
жоспарлары жасалады.
Жүзеге асырылатын маркетинг стратегиясының табысты болуы төмендегідей
бірқатар факторларға қатысты болады:
1. Банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесі мен маркетингтің жаңа
фирмаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық дамуының арнайы топтарын
құру.
2. Стратегиялық жобаларды орындайтын жұмыскерлерді ынталандырудың
арнайы жүйесін ұйымдастыру.
3.Стратегиялық жоспарлау міндеттерінің басымдығына банк басшылылығының
қызығушылық таныту деңгейі.
4. Барлық жауапты тұлғалардың стратегиялық жоспарлы бағдарламаларды
жүзеге асыру барысы туралы ақпараттар жүйесін ұйымдастыру.
5. бақылаудың айқын жүйесін ұйымдастыру. Мақсат жолында табысқа жету
немесе сәтсіздікке кезігу жоспарды орындау барысында дәйекті бақылау
жүйесінің қажеттігін туғызады.

2 БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУ

2.1 ТуранАлемБанкі АҚ-ың негзгі операцияларын талдау

АҚ ТұранӘлемБанк - бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын, акционерлік қоғам
формасында құрылған, оларды басқаруға акционерлері қатысатын, ең жоғарғы
басқару органы банк акционерлінің жиналысы болып табылатын 2 – ші деңгейлі
коммерциялық банк.
ТұранӘлем Банкі акционерлік қоғамының қалыптасу тарихының тамыры
сонау 1925 жылдың 15-ші қазанынан бастау алады. Қазақстан халықтары
шаруашылығының Орталық Кеңес Президиумының шешімімен республика аумағында
Өндірістік банктің (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылады. Уақыт өте келе
Өндірістік банктің бөлімшелері әртүрлі қайтақұрылымдарды басынан өткерді.
Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 шілдедегі
Қазақстанның аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру
туралы Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО
электрошаруашылық және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ
өлкелік конторасы құрылады.
1949 жылғы 11 шілдедегі Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Алматы
облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы
болып қайта құрылады. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық
конторасы болып өзгертіледі. КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-
құрылыс банкінің 1991 жылғы 4 наурыздағы № 126 Қаулысы бойынша Қазақ
республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - Қазақ республикалық
Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі Тұранбанк болып
өзгертілді. ҚазКСР Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі
№444 Қаулысы бойынша Тұранбанк Қазақ акционерлік банк болып құрылды..

Тұранбанк ҚАБ-нің филиалдар желісі 66 филиалдан құралды. Қазақ
КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында
жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісімнің негізінде, КСРО Сыртқы
экономикалық қызмет банкінің 1990 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Алматы
қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі
ашылды. 1992 жылғы 14 ақпандағы №3 жиналыс құрылтайшыларының шешімімен 1992
жылы 28 тамыз айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің
Қаулысы қабылданады. № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының
Сыртқы экономикалық қызмет банкі ALEM BANK KAZAKHSTAN Қазақстанның
Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп қайта аталады.Банктің басты оралығы
Алматы қаласында орналасқан. Банк өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді
ұсынады, заңды және жеке тұлғалардан депозиттарды қабылдайды,
несиелендірумен айналысады, кастодиалдық, брокерлік және дилерлік
қызметтерді ұсынады. Қазақстан және шетелдер бойынша ақша аударымдарын
жасайды. Валюта айырбасын, бағалы металлдармен операциялар жүргізеді және
өзінің коммерциялық клиенттеріне, жеке тұлғаларға басқа қызметтерді ұсынады
(Сурет 1).
"Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан
мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан
Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің
филиалдық желісі 20 филиалдық орталықтан тұрды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы
ТұранБанк Қазақ акционерлік банкін және ӘлемБанкҚазақстан акционерлік
банкін қайта ұйымдастыру туралы №73 қаулысының негізінде ТұранӘлем Банкі
Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан
Республикасының қаржы Министрлігіне ТұранӘлем Банкінің акциясын қолдануға
және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк
басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. ТұранӘлем Банкі
Жабық Акционерлік Қоғамы (ТұранӘлем Банк ЖАҚ) 1998 жылы қазан айының 1
жұлдызында ТұранӘлем Банк Ашық акционерлік қоғамы – ТұранӘлем Банкі ААҚ
болып өзгертіледі . 2003 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында қайта
тіркелуіне байланысты ТұранӘлем Банкі Акционерлік қоғам болып
өзгертіледі. Банк банк заңдарында қарастырылған теңгелік, шетелдік және
басқа да операцияларды орындайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу
және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының агенттігі берген банктік
лицензия негізінде жұмыс жасайды. Осының нәтижесінде Банк кастодиалды
брокерлік және дилерлік қызметтерді көрсету бойынша операцияларды жүргізуге
өкілетті.

Сурет 1. АҚ “Тұран Әлем Банктің” басқару құрылымы.

Яғни, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер
туралы Заңға сәйкес банк мынадай операцияларды орындайды:
1) ақылы негізде депозиттерді тарату;
2) клиенттер мен банк-корреспонденттеріне шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
3) қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;
4) инвестицияланатын қаражат иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары
бойынша капиталдық жұмсыалымдарды қаржыландыру;
5) заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредетивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды
және т.б. қаржылық міндеттемелерді);
6) төлем құжаттарын сатып алу-сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
7) ақшалай нысанда орындауды қарастыратын 3-ші тұлғалар үшін кепілдеме және
өзге де міндеттемелерді беру;
8) тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай
талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инвестициялық тәуекелін өз
мойнына алу;
9) банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
10) клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер;
11) коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
12) клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
13) банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
14) лизингтік операцияларды жүзеге асыру;
“ТұранӘлем Банк”негізінен өз клиенттерінің шаруашышылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрімен айналысады.
Сондай-ақ банк кіші және орта бизнесті кәсіпорындардың қызметін
қаржыландыру бойынша кіші бизнесті дамытудағы қор қызметіне қатысуға
өкілетті.
Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржылық жүйесі басқа ТМД елдерімен
салыстырғанда жоғары дамыған және мемлекеттің араласуынан қорғалған.
Қаржы жүйесінде банктік сектор ең үлкен және тез дамыған сегмент
болып табылады. Ол банк қызметтеріндегі негізгі халықаралық стандартқа
жауап береді, Республикада зейнетақы жүйесі және дамыған қаржы нарығы
қызмет етеді, депозиттік және несиелік қызметтер, түрлі банк өнімдерін және
қаржылық құрал жабдықтар белсенді дамыды, сондай-ақ банк саласында
клиенттерге қызмет көрсету деңгейі өскен. Қазақстанның жалпы ішкі көлемі
2007 жылы 5,543.0 млрд тг құрады. Ал 2006 жылы оның көлемі 109,4 пайызды
құрайтын. Жалпы ішкі өнім көлемі өнеркәсіп өндіріс көлемін ұлғайту
негізінде 9,4 пайызға өсті.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2008 жылы 3,733.8 млрд тг
құрады. Ол 2006 жылға қарағанда 10.1 пайызға жоғарылады (Диаграмма 1).
Қазба байлық өнеркәсібінде өндіріс көлемі өткен 2006 жылмен салыстығанда
12,7 пайызға өсті, өңдей – 8,9 пайызға, өндіріс және электроэнергия, газ,
са үлестірімі - 3,5 пайызға өсті.
2007 жылы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 693,3 млрд
тг құрды, оны 2006 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға өсті.
Жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 2007 жылы 1,840.0 млн
тоннаны құрды. Оны 2006 жылмен салыстырғанда 9,0 пайызға өсті.
Бөлшекті тауар айналымы есепті кезеңде 1,095.2 млрд тг
құрды. Өткен 2006 жылмен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті.
Негізгі капиталдың инвестиция көлемі 2007 жылы 1,530.6
млрд тг құрды, өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға артық өсті.

Диаграмма 1. ЖІӨ және өнеркәсіп өндірісі

ҚР Агенттерінін арнайы мәліметтері негізінде бүтіндей статистика бойынша
инфляция деңгейі 6,7 пайызды құрды. Соңғы жылдары инфляция деңгейі жоғары
емес тұрақты деңгейде тұр – 2007 жыл соңында (2003 жыл – 6,4%, 2005 – 6,6%,
2006 – 6,8%) есептеу шегінде 6-7 пайыз.
2007 жылы тұтыну бағасының индексі 2006 жылмен салыстырғанда 106,7
пайызды құрады.
Тұтыну бағасының көлемі бойынша көп көлемде сатылатын тауарлар – 7,4
пайызға қымбаттады, ал сатылмайтын тауарлардың бағасы және тарифі – 6,2
пайызға, ақылы қызмет – 5,9 пайызға қымбаттады. Өнеркәсіп өнімін өндіретін
кәсіпорын бағасы 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда – 23,8 пайызға өсті.
Инфляция 2007 жылы орта шамамен 6,9 пайызды құрады (2006 жылы – 6,4%).
Оның деңгейі ҚР ҰБ бағдарламасының болжауында қалды.

2007 жылы әлемдік экономиканың негізгі тенденциясы Қазақстан
резиденттерінің сыртқы экономикалық қызметтеріне әсер етті, соның
нәтижесінде энерготасымалдаушылар бағасының өсімі және экономикалық өсімнің
жоғары қарқыны сақталып қалды. 2007 жылы ағымды операция шоты 533млн АҚШ
долларын құрды. Жоғары қарқындағы импорт көлемінің (45%-ке) және табыс
бойынша тепе-теңсіздіктің, ағымды трансферттің кеңеюінің ағымды шоттағы оң
сальдосын қамтамасыз еткен факторы болып, 1 жылда 20,6 млрд АҚШ долларын
құраған тауар экспортының 56%-нің шұғыл өсімі болды. 2007 жылы импорт 13,8
млрд АҚШ долларын құрды.
Тарихи максимум болып табылған шетелдік тура инвестицияның жалпы түсімі
Қазақстанда 8,4 млрд АҚШ долларын құрады. Оның 6,5 млрд АҚШ доллары немесе
77,6 %-ы Қашаған, Теңгіз және Қарашығанақ аймақтарын өңдеу бойынша
жобаларды қаржыландыруға бағытталды. 2007 жылы сала құрылымындағы шетелдік
тура инвестицияның түсімі металл өңдеу өнеркәсібінің (3,8%), геологиялық
және ғылыми іздеу жұмыстарына (20,3%), Сондай-ақ мұнай мен табиғи газды
өңдеуге бағытталды.
АҚШ-тан тартылған қаражаттардың инвесторлар салмағы – 36,9%-ды құрайды,
Нидерланды – 21,4%-ды, Ұлыбритания - 11%, Қытай – 4,7%, Италия – 3,7%,
Франция – 3,3%, Швейцария – 2,8% және Ресей 2,3%-ды құрайды. 2007 жылы
соңында капитал түсімі елдің сыртқы борышын 32млрд АҚШ долларына өсірді,
сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттің сыртқы борышы – 3,37 млрд АҚШ
долларын құрды.
ҚР ҰБ валютаны сатып алуды ішкі валюталық нарықта жүзеге асырды. Бұл
халықаралық резервтерді өсірудің негізгі қайнар көзі болып табылды және
келешекте ұлттық қорға қаражаттарды жинақтауға себеп болды.
Импорттық тауарларды және қызмет көрсетулерді 6 айға жуық жабуды
қамтамасыз ететін ҚР ҰБ-нің таза халықаралық резервтері 2007 жылы 87,1 %-
ке, яғни 9,277.0 млн АҚШ долларына өсті.
ҚР-ның Қаржы министрлігінің сыртқы борышын өтеу және ұлттық қор активін
толтыру ішкі валюта нарығында валюталарды сатып алумен және үкімет шотына
шетел валюталарының келіп түсуімен бейтараптандырылады. Нәтижесінде таза
валюталық қор 4,240.2 млн АҚШ долларынан 8,473.4 АҚШ долларға дейін өсті.
Алтынға активтер 77,6 млн АҚШ долларынан 803,6 млн АҚШ долларына дейін
өсті. ҚР ҰБ-де жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтағы
бағасының өсімі нәтижесінде алтынның 1 унциясы 417,25 АҚШ долларынан, 438,0
АҚШ долларына көтерді.
Елдің халықаралық резервтері өздеріне ұлттық қордың ақшасын қосқанда
2007 жылы 66,3%-ке өсті және 14,3 млрд АҚШ долларын құрды.
2007 жылы ақша базасы 82,3%-дан 577,9 млрд тг ұлғайды. Ақша базасы
ұлғаюының негізгі факторы болып, ҚР ҰБ-нің таза халықаралық резервтерінің
өсімі табылды.
2007 жыл ағымында валюта нарығындағы жағдай АҚШ долларына қатысты
теңгені нығайту тенденциясымен сипатталады. Бұған ішкі валюта нарығына
түскен шетел валютасы себеп болды. Шетел валюта түсімінің негізгі қайнар
көзі болып, әлемдік нарықта электроресурстарға жоғары бағамен белгіленген
экспорттық валюта түсімінің көлемі, сондай-ақ 2-ші деңгейлі банк және
капиталдың сыртқы нарығындағы корпоративті сектор болып табылады. Бұл
биржадағыдай банкаралық нарықта операция көлемінің шұғыл өсіміне әкелді.
Тңгенің айырбас курсының орта өлшемі 12 айда 1 АҚШ долларына шаққанда
127,85 тг құрды. Жыл соңында биржалық курс 126.00 тг құрды. Жыл басында АҚШ
долларына теңге 9,30%-ға нығайды. Ең үлкен нығаюдың жоғары жылдамдығы
қаңтарда және қазанда (2,73% және 1,71%-ға сәйкес) байқалды. Жыл ағымында
теңгенің құнсыздануы шілде және тамыз айында (0,17% және 0,16%) байқалды.
2007 жылы АҚШ долларына қатысты теңгенің нақты нығаюы 15,3%-ды құрды,
Евро - 7% және Ресейлік рублі – 1,3%-ды құрды.
Осы валюта негізінде теңге қарқынының нығаюына қарамастан, өткен жылмен
салыстырғанда Қазақстандық экспортшыларының сыртқы бәсекелестігінің оң
деңгейі сақталған.
2006 жылдағы ұқсас көрсеткіштерін 46,6%-ға өсіріп 2007 жылы биржалық
сауданың көлемі долларлық айқындамасында 9,304.6 млн АҚШ долларын құрды.
Биржадан тыс валюталық нарықта операция көлемі 20,2%-ға өсті және
8,270.00 млн АҚШ долларын құрды. Банкаралық ақша нарығы 2007 жылы
банкаралық ақша нарығында ұлттық валюта негізінде өтімді қаражаттарды
орналастыру бойыгша банктердің белсенділігін арттыру байқалды. 2007 жылы
банкаралық теңгелік депозиттерді орналастыру көлемі 27,0%-ға, 577,9 млрд тг
өсті, ал теңгелік депозиттерді орналастыру бойынша орта өлшемді сыйақы
мөлшерлемесі 2,78%-дан 2,10%-ке дейін төмендеді.
Долларлық депозит бойынша басқа тенденция байқалды, көбінесе онда АҚШ
долларлық курстың төмендеуіне байланысты болды. Долларлық депозитті
орналастыру көлемі 38,6%-ға, 26,9 млрд АҚШ долларына төмендеді, ал
долларлық депозиттерді орналастыру бойынша орта өлшемді сыйақы мөлшерлемесі
1,73%-дан 3,11%-ға дейін өсті. Банкаралық қарыз алу операциясының қалған
түрлері бойынша болар-болмас көлемде жүргізілді.
Жалпы 2007 жылы дпозиттік нарық оң тенденциясымен сипатталды. 1 жылда
резиденттердің депозиттер көлемі 71,2%-ға, 1,255.4 млрд тг өсті. Заңды
тұлғалардың депозиттері 2 еседен артық мөлшерге, яғни, 814,3 млрд тг, ал
жеке тұлғалардың салымы – 31,5%-ға, 441,2 млрд тг, өсті.
Ұлттық валюта негізіндегі депозит 84,6%-ға, 715,7 млрд тг. өсті, ал
шетел валюта негізіндегі депозит 539,7 млрд тг. құрып, 56,2%-ға өсті.
Нәтижесінде теңгелік депозиттің салмағы депозиттің жалпы көлемінде 52,9%-
дан 57,0%-ға өсті.
Қаржы секторының тұрақты даму шартында және халықтың (резидент еместерді
есептегенде) салым табысының нақты өсімі 2007 жылы 30,5%-ға, яғни 448,0
млрд тг. (3,4 млрд АҚШ долларына жуық) өсті. Сонда экономиканы
долларландыру деңгейі едәуір төмендеді. 2007 жылы депозиттің жалпы
көлемінде халықтың теңгелік салымының салмағы 37,5%-дан 57,0%-ға өсті.
Келесі өзгертулермен банк депозиті бойынша серпін мөлшерлемесі
сипатталды. Жеке тұлғалардың теңгелік жедел депозиттерінің сыйақы
мөлшерлемесінің орта өлшемі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 10,9%-дан
9,3%-ға төмендеді, ал заңды тұлғалардың банктік емес депозиті бойынша 3,5%-
дан 3,4%-ға төмендеді.
Несиелік нарық қаржы нарығында ең серпінді дамушы сегмент болып қалды.
2007 жылы экономикада банк несиесінің жалпы көлемі 51,7%-ға, 1,484.3 млрд
тг. өсті. Несие құрылымында валюта түрлері бойынша және мерзімі бойынша оң
өзгерістер болды.Ұлттық валюталық несие көлемін шетелдік валюталық несиемен
салыстырғанда алдын алып келеді. Ұлттық валюталық несие 714,4 млрд тг.
құрып, 64,1%-ке, ал шетелдік валюта – 769,9 млрдтг.құрып (5,9 млрд АҚШ
доллары), 41,9%-ға өсті. Нәтижесінде теңгелік несиенің салмағы 44,5%-дан
48,1%-өсті. 2007 жылы ұзақ мерзімді несие 975,4 млрд тг. құрып, 60,3%-ға,
ал қысқа мерзімді 508,9тг. құрып, 37,6%-ға өсті. Ұзақ мерзімді несиенің
салмағы 62,2%-дан 65,7%-ға дейін өсті. 2007 жылы елдің несие нарығын дамыту
кезінде, халық несиесі едәуір өсті. Нәтижесінде 2007 жылы экономикада
несиенің жалпы көлеміндегі халық несиесінің салмағы 12,5%-дан 20,5%-ға
өсті. Кіші кәсіпкерліктің несиесі жыл соңында 288,4 млрд тг. құрып, 47,0%-
ға өсті немесе экономикада несиенің жалпы көлемінен 19,4% (2006 жыл соңында-
20,1%) құрды. Өткен жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай
төмендеді. Заңды тұлғаларға ұлттық валюталық несие бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің орта өлшемі 14,9%-дан 13,7%-ға, ал жеке тұлғаларға 20,3%-
дан 19,5%-ға төмендеді. Бағалы қағаздар нарығында 57 брокерлер-дилерлер
әрекет етеді, оған қоса номиналды ұстаушылар сапасында клиенттер шотын
жүргізуге құқылы – 49,18 тіркеушілер, 10 банк – кастодиандары, 14
инвестициялық қаржы басқарушылары, 2 өзін-өзі реттеу ұйымдары. 2007 жылы ҚР
Қаржы министрлігі өткен жылмен салыстырғанда 20,1%-ға көп, 126,2 млрд тг.
мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырылады. Жалпы көлемде
орналастырылған қысқа мерзімді қағаздар – 40,4%-ды, орта мерзімді 59,6%-ды
құрды. 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігінің сыйақы төлемін қоса мемлекеттік
бағалы қағаздарды өтеуі 71,7 млрд тг. құрды. Нәтижесінде ҚР Қаржы
министрлігінің бағалы қағаздар көлемі 2007 жылы 2006 жыл үндеуімен
салыстырғанда 41,1%-ға, 229,5 млрд тг. өсті. 2007 жылы желтоқсанда үндеуден
ҚР Қаржы министрлігінің түгелдей өтелген қысқа мерзімді 3 және 6 айлық
МЕККАМ шықты. 2007 жыл соңындағы мемлекеттік бағалы қағаздар айналымының
құрылымы. 2007 жылы ҚР ҰБ-нің эмиссия көлемі 2006 жылға қарағанда 8,3%-ға
төмендеп, 561,9 млрд тг. құрды. 2007 жылы ҚР ҰБ сыйақы төлемін қоса
эмиссияны өтуі 374,8 млрд тг. құрды. 2007 жылы РЕПО операциясы бойынша
көлемі 60,1%-ға, 782,4 млрд тг. дейін өсті. 2007 жылы бар-жоғы 327 акция
және 46 жалпы өзіндік құны 222,6 млрд тг. мемлекеттік емес облгация
шығарылды, 694 акция және 12 жалпы өзіндік құны 18,8 млрд теңгелік
мемлекеттік емес облигация жойылды. 2-ші деңгейлі банктердің табыс
сомасының жиынтығы 01.01.07ж 321,8 млрд тг. құрып, өткен жылға қарағанда
38,5%-ға өсті. Ал шығын сомасы 290,4млрд тг. құрып, өткен жылмен
салыстырғанда 42,7%-ға өсті. Банктің үлестірілмеген таза табысы
(жабылмаған шығын) 31,5 млрд тг. құрып, есепті жылы 2,7 млрд тг. өсті,
өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда 9,4%-ға жоғары. 2006-2008 жж. ақша
несие саясатының негізгі ағымы туралы. Ақша несие саясатының негізгі
мақсаты 2006-2008 жж. елді қысқа мерзімде әлеуметтік-экономикалық дамытуда
инфляцияны 2006 жылы 4,9%-6,5% шегінде, 2007 жылы 4,85%-6,24%-ға, 2008 жылы
4,1%-5,5% шектерінде ұстап қалу болды. Қойылған мақсатқа жету үшін ҚР ҰБ
ақша-несие саясаты нарығының ықпал өлшемін өзінің қажеттілік деңгейіне
байланысты күшейтіп отырады. Мұндай күшейту нарық мөлшерлемесіне ҚР ҰБ-нің
ресми мөлшерлемесіне бағытталған әсері өзгерістерді болжайды. Қаржы
нарығында табыстарды реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталар шығарылады,
әйткенде олардың айналым мерзімінің едәуір төмендеуі ұйғарылады. Осы шартта
өтімділік артықшылығының басты құралы болып Ұлттық Банктегі банктердің
депозиті табылады. Банктердің өтімділікті реттеу икемділігін және
өтімділік артықшылығын төмендету мәселесін шешу үшін механизмге минималды
резервтерді талап етуді қалыптастырумен ұйғарылады. Бұған қоса, ашық
нарық операциялары кеңейтіледі, жаңа қаржылық құралдарды дамытуға және
бағалы қағаздардың өзіндік қоржынын көбейту бойынша іс-шаралар қабылдайды.
ҚР ҰБ қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәрізсіз өзгермелі айырбас
курсының режимін сақтап қалуды ниеттенді. Біраз уақыт өткен соң валюта
режимін ырықтандыру саясаты қайта жүргізіледі. Ал 2008 жылы 1-ші қаңтарынан
бастап валюталық операцияларды ырықтандыру түгелімен күшін жойды. 2007
жылдағы АҚ “Тұран Әлем Банк” қызметінің жаңа бағыты және негізгі қаржылық
көрсеткіштері. 2007 есепті жылы АҚ Тұран Әлем Банк активтері 49%-ға
өсті және 01.01.07жылы 42,926.070 мың тг. құрды. Міндеттеме 53,1%-ға,
37,395.046 мың тг. өсті. 01.01.07 жылы банктің өзіндік капиталы 5,531.024
мың тг. құрып, 2006 жылмен салыстырғанда 25,7%-ға өсті. Банктің несие
саясатының негізгі бағыты бұрынғыдай кіші және орта бизнесті қаржыландыру
болып қалады. Несиелік қоржынды әртараптандыру саласын сақтау негізінде
басымдық назар осы нарық сегментіндегі экономикалық рентабельділік жобасына
болды. (сала бойынша несиені шоғырландыру кестесін көреміз). Банк несие
тәуекелін қадағалай отырып, ссудалық қоржынды әртараптандырудың көп
көлеміне жетуге мүмкіндік беретін валюта түрін және несиелеу мерзімін,
географиялық және сала белгісі бойынша несие көлемін реттейді, қарыз
алушылардың топтастырылған тобы немесе 1 қарыз алушыға лимит бойынша
нормативтердің орындалуын қадағалайды. Несиелік тәуекелдің үнемді
мониторингі жүргізіледі, лимиттер жылына 1 рет қайта қаралады. Мұндай
саясат есепті кезеңнің ағымындағы үмітсіз несиелер деңгейін төмендетуге
мүмкіндік берді, 2006 жылы 802 млн тг-мен салыстырғанда 476 млн тг. дейін
баланстан есептен шығарылды. 01.01.07жыл жағдайына байланысты банктің жалпы
активтер сомасына несиелік қоржын 68%-ды құрды. 2007 жыл соңында несиенің
жалпы көлемі 29,397 млн тг. жетті және өткен жылмен (16,913 млн тг.)
салыстырғанда 73%-ға өсті. 01.01.07жылы 36 ірі қарыз алушылардың үлесі
10,173 млн тг. немесе 35% несиелік қоржыны құрды, ал 2006 жыл соңында 18
ірі қарыз алушыларға несиенің жалпы көлемінен 40%-дан жуығы түсті.
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша банк шешімдер қабылдады және
қарыз алушылардың бағалаулары қалыптастырылған провизия деңгейін 01.01.06 ж
2,82%-бен салыстырғанда 01.01.07ж 2,47%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік
берді. Банктің несиелік қоржын құрылымындағы өзгерістер оң бағалануда, онда
қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда орта және ұзақ мерзімді несиелер
өсімі алдын алумен сипатталады. Орта және ұзақ мерзімді несиелер есепті
кезеңде 12,035 млн тг., ал қысқа мерзімді бар-жоғы 449 млн тг. өсті.
Нәтижесінде 2007 жылы орта және ұзақ мерзімді несиелер салмағы жыл басында
54%-дан есепті кезеңнің жыл соңында 72%-ға дейін өсті. 2007 жылы банктің
активті операцияларының негізгі қаржыландыру көздері болып, өзіндік
капитал, клиенттер салымы, сондай-ақ банктердің алған қарыздары және
несиелік мекемелер табылады.Есепті жыл ағымында клиенттердің қаражаттары
63,3%-ға өсті және ол 01.01.07ж 19,890.455 мың тг. құрды. Осының негізінде
жеке тұлғалардың салымы 5,719.180 мың тг. деңгейіне жетіп, 19%-ға өсті, ал
заңды тұлғалардың салымы осы кезеңде 14,171.275 мың тг. құрып, 92,2%-ға
өсті. Несие мекемелері және банктерден қарыз алу көлемі 33,4%-ға, яғни
13,236.116 мың тг. өсті. Банктің өзіндік капиталы 2007 жылы едәуір өсті
(1,132.572 мың тг.) және 2007 жыл соңында 5,531.024 мың тг. құрды.Берілген
өсімнің негізгі қайнар көзі болып ағымды жылдың 509,066 мың тг. сомасындағы
табыс және 622,500 мың тг. көлемінде акция эмиссиясын қосымша орналастыру
болды. 01.01.07ж пруденциалды норматив К1 (капиталактив) 0,12-ге тең болды
және ол ҚР ҰБ бекіткен нормативтен 2 есе жоғары болды. 2007 жыл ағымында
алдын жарияланған эмиссия негізінде түгел акцияларды орналастыру
жүргізілді: ішкі нарықта жалпы 490,500 мың тг. сомасына.Еуропалық қор
нарығында глобальді депозитарлық қолхат түрінде 132,000 мың тг. сомасына
(немесе 1 млн АҚШ долларына). Акцияларды орналастыру нәтижесінде
банктің төленген жарғылық капиталы 2007 жыл соңында 3,700.000 мың тг.
жетті. 2007 жылы банктің таза табысы 509,066 мың тг. құрды, оны 2006 жылмен
салыстырғанда 2 есеге немесе 218,649 мың тг. өсті. Есепті кезеңде банктің
таза операциялық кірісі 228,577 мың тг. немесе 568,692 мың тг. құрып, 67,2%-
ға өсті. Кірістің негізгі түсімі пайыздық кірісті 406,391 мың тг. (23%-ға)
жоғарылаудан, ал операциялық шығыстарды 330,782 мың тг. (13,4%-ға)
төмендетуден болды. 2007 жылы банк жетекшілігі табыс жоспарының орындалуына
қатаң бақылау жүргізді. Осыған сәйкес табыс орталығының бизнес жоспары
бекітілді және басты офис, бөлімшелердің бекіткен бюджеттерінің
орындалуының ай сайынғы шолуын қоса, шығыс бақылауына қосымша тәртіптер
енгізілді. Осындай саясат нәтижесінде шығыстардың кіріске қатынасының
көрсеткіштері 2006 жыл соңында 69%-дан 2007 жылы 31 желтоқсанда 60%-ға
дейін төмендеді. Табыс орталығының қызметтерін бағалау тиімділігінің
мақсатында шығыстарды қайта орналастыру жүйесі енгізілді. Аудит қортындысы:
1. 2007 жылы 31 желтоқсанда АҚ ТұранӘлем Банк және оның компания
бөлімшелерінің бухгалтерлік балансына және онымен байланысты шығыс, кіріс
туралы есеп беру, ақша қозғалысы туралы есеп беруі және 1 жылдағы өзіндік
капиталдың өзгертулері туралы есептеріне аудит жүргізді. Біріктірілген
қаржылық есеп беруінің жасалуына банк жетекшісі жауапты болады. Аудитордың
міндеті - жүргізілген аудит қорытындысы бойынша берілген қаржылық есеп
беруіне қатысты аудиторлық қорытынды жасау. 2. Аудиторлар аудиттің
халықаралық стандарттарына қатысты аудит жүргізді. Осы стандартқа сәйкес
аудит біріктірілген қаржылық есеп беруінде бұрмалаушылық мәні жоқ екеніне
сенімді болу үшін жүргізілді. Аудит біріктірілген қаржылық есеп беруінде
болатын түсініктемелерді және сандық мәліметтерді таңдамалы негізде
тексереді. Бұдан басқа, аудит банк жетекшілерінің бағасын және қолданылатын
есепті саясат принциптерінің бағасын, сонымен қатар түгел біріктірілген
қаржылық есеп беруінің бағасын қосады. Аудиторлар жүргізген аудит негізінде
өз пікірлерін айтуға жеткілікті негіздеме бар екенін болжайды. 3. Олардың
пікірінше, 2007 жылы 31 желтоқсанда біріктірілген қаржылық есеп беруінің
барлық аспектілер негізінде банктің қаржылық жағдайының бейнесін береді
(Қосымша 4,5,6). Бірнеше жыл ішінде, әсіресе 2000 жылдан бастап Қазақстан
Республикасының банк жүйесі пессимистік болжамдарға қарамастан, динамикалық
даму үстінде. Банк секторының консолидация процестері жалғасуда. 1999 жылғы
валюта дағдарысына қарамастан банк жүйесі жүйелік дағдарыстан аман қалды.
Оның өмір сүру ядросы сақталып, сатып алушы нарығындағы базалық түрде
қызмет көрсету қабілеті жоғарылады. 2003 жыл мен 2005 жылдар аралығында
2002 жылдың аяғында көзделген бағыт, банк жүйесіндегі капиталдың өсуіне
байланысты бағыты сақталған. Осы период ішінде банк жүйесінің капиталы
632млрд. теңгеге өст. Берілген банктер тобының жеке меншік капиталының
өсуінің негізгі көздері жарғылық капиталдың мөлшерінің өсуі, одан құрылған
табыс пен қорлардың көлемі, сонымен қатар, субарденациялық қарыздар болып
табылады. 2001 жылдың соңында банк жүйесінің активтері 1998 жылғымен
салыстырғанда 4 есе үлкейіп, 816,6 млрд. теңгені құрады. Қазіргі кезде
Қазақстанда шетелдік банктердің саны аймақтық банктер санынан артық
(шетелдік 16, аймақтық 10) және мұндай жағдай еліміздің экономикасының оның
секторынан бөлінуін күшейтуі мүмкін, сөйтіп тәуелсіз мемлекеттің ұлттық
ақша-несие жүйесінің өз еріктілігіне кері әсерін тигізуіне әкеліп соқтыруы
мүмкін. Ірі, орта және ұсақ банктер түрлі операциялармен шұғылданып, өзара
қатынасып, әсіресе Қазақстан экономикасының шарттарында нарықтық заңдармен
өмір сүрулері керек. Ал енді АҚ “ТұранӘлем Банк” стратегиясына тоқталатын
болсам.
ТӘБ – бұл әмбебап, қарқынды дамушы банк, оның штаб-пәтері Қазақстанда
орналасқан. ТӘБ қаржы қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі
дамушы нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру
қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында ТӘБ
жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда. Банктің негізгі
бәсекелік артықшылықтарының бірі – өзінің жаңа нарықтарға қатысуын дамыту,
өз өнімдерінің қатарын ұдайы кеңейту немесе бейімдеу, нарық қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып, жоғары технологиялық қызметтерді ұсыну дайындығын
көрсететін инновация мәдениеті. ТӘБ-тің қарқынды дамуының негізгі көзі –
өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған
бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру. Банк
мыналарға сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі ойыншы болуды көздейді:
- Жергілікті нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін тереңірек білу, бұл
нарықтағы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге мүмкіндік
береді;
- Қазақстанның алдыңғы қатардағы нарығында бизнесті жүргізудің едәуір
жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені тарту, бұл жергілікті
банктермен тиімді түрде бәсекелесуге мүмкіндік береді;
- Стратегиялық серіктестердің, соның ішінде арнаулы халықаралық
компанияларды өздерінің еншілес ұйымдарына тарту арқылы олардың кең желісін
құру.
ТӘБ ТМД-дағы ірі жеке меншік банк болуға ұмтылады. Сондай-ақ Банк ТМД-ның
ірі сауда серіктестері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, Қытай және
басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның
басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды
пайдалануды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік маркетинг туралы
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Банктік маркетинг стратегиясы түсінігін зертеу
Банктік маркетинг жайлы
Коммерциялық банктердегі маркетинг қызметінің ерекшеліктері
Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметтің ұйымдастырылуы
Банк жүйесіндегі маркетингтік басқарудың теориялық негіздері
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Пәндер