Ежелгі Қытай тарихы



1. Кiрiспе.


2. Ортағасырлық Қытай және Мин династиясы (1368.1644):
а) билiкке келуi.
ә) мемлекетi және қоғамы.


3. Мемлекеттегi император билiгi және iшкi талас.тартыстар.


4. Миндiк Қытайдың сыртқы саясаты.


5. Қорытынды.
Ортағасырлық Қытай кезеңi ХIV-ХVII ғасырларда өмiр сүрген Мин әулетiнiң билiкке келуi, өмiр сүруi, Қытай империясының дамуына енгiзген елеулi өзгерiстермен тығыз байланысты. Мин әулетi моңғол шапқыншылығы нәтижесiнде Қытай империясының тағына отырған Юань әулетiн құлатып, таза қытайлық ұлттық билiк орнатады.
Мин әулетi тұсында Қытай территориясы едәуiр кеңейтiп, көршiлес мемлекеттерге үлкен қауiп төндiре бастайды. Қытай жайлы алғаш мағлұматтар Еуропа мемлекеттерiне тарала бастайды. Аспан мемлекетiне алғаш рет еуропалық саудагарлер келiп, сауда қатынастарын орната бастайды.
Бұл рефератта Мин әулетiнiң дамуы, мемлекеттiк құрылысы, қоғамы, әлеуметтiк жағдайы және сыртқы саясаты сөз болады. Яғни ортағасырлық Қытайдың өмiрi жайлы баян етiледi.

2. Мин әулетi (1368-1644).
а) билiкке келуi.
ХIV ғасырда Юань әулетi билiк еткен Қытай империясы үлкен дағдарысқа ұшырады. Әулетке қарсы елде бiрнеше ұйымдар құрыла бастады. Оның бiрi “Болашақ Будда” – Майтрейидiң (Милефо) келуi туралы мессиандық идея үстем еттi. Осының салдарынан туған құпия “Ақ Лотос қоғамы” әулеттi құлатып, Сун әулетiнiң билiгiн қайта орнатып, жаулап алушы – моңғолдарға қарсы “қызыл армияны” жұмылдыруға шақырды (қызыл түс Майтрейдiң ресми түсi болатын). Олардың ойынша Қытайда “шенунiктер ұры болып, ұрылар шенеунiк болып кеткен”.
«Қызыл әскердiң» көтерiлiсi бүкiл елдi қамтып, Хань Шантун және Лю Футун бастаған әскер Кайфынь, Датун қалаларын басып алып, Ұлы Қытай қабырғасына дейiн жетедi, астанаға жақындайды.
1351 жылы көтерiлiс орталық Қытайды қамтып, онда қарапайым шаруалармен қоса қалалықтар да қатыса бастады. Көтерiлiсшiлер юаньдықтарға қарсы Яньцзы өзенi бойында, Чжецзян, Цзянси, Хубей провинцияларында сәттi қимылдар жүргiзедi. Аньхуэй қаласын жаулап алған әскердi Го Цзясин басқарды. Оның 1355 жылғы өлiмiнен кейiн шаруа баласы, қарапайым монах болған Чжу Юаньчжан әскердi басқара бастайды.
1. История Китая, под. ред. А. И. Меликсетова, М.-1998.
2. Литература востока в средние века, под. ред.
Н.М. Сазановой, М.-1996.
3. Международные отношения на Дальнем Востоке.
М.: Госполитздат., 1989.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кiрiспе.

2. Ортағасырлық Қытай және Мин династиясы (1368-1644):
а) билiкке келуi.
ә) мемлекетi және қоғамы.

3. Мемлекеттегi император билiгi және iшкi талас-тартыстар.

4. Миндiк Қытайдың сыртқы саясаты.

5. Қорытынды.

1. Кiрiспе.
Ортағасырлық Қытай кезеңi ХIV-ХVII ғасырларда өмiр сүрген Мин әулетiнiң
билiкке келуi, өмiр сүруi, Қытай империясының дамуына енгiзген елеулi
өзгерiстермен тығыз байланысты. Мин әулетi моңғол шапқыншылығы нәтижесiнде
Қытай империясының тағына отырған Юань әулетiн құлатып, таза қытайлық
ұлттық билiк орнатады.
Мин әулетi тұсында Қытай территориясы едәуiр кеңейтiп, көршiлес
мемлекеттерге үлкен қауiп төндiре бастайды. Қытай жайлы алғаш мағлұматтар
Еуропа мемлекеттерiне тарала бастайды. Аспан мемлекетiне алғаш рет
еуропалық саудагарлер келiп, сауда қатынастарын орната бастайды.
Бұл рефератта Мин әулетiнiң дамуы, мемлекеттiк құрылысы, қоғамы,
әлеуметтiк жағдайы және сыртқы саясаты сөз болады. Яғни ортағасырлық
Қытайдың өмiрi жайлы баян етiледi.

2. Мин әулетi (1368-1644).
а) билiкке келуi.
ХIV ғасырда Юань әулетi билiк еткен Қытай империясы үлкен дағдарысқа
ұшырады. Әулетке қарсы елде бiрнеше ұйымдар құрыла бастады. Оның бiрi
“Болашақ Будда” – Майтрейидiң (Милефо) келуi туралы мессиандық идея үстем
еттi. Осының салдарынан туған құпия “Ақ Лотос қоғамы” әулеттi құлатып, Сун
әулетiнiң билiгiн қайта орнатып, жаулап алушы – моңғолдарға қарсы “қызыл
армияны” жұмылдыруға шақырды (қызыл түс Майтрейдiң ресми түсi болатын).
Олардың ойынша Қытайда “шенунiктер ұры болып, ұрылар шенеунiк болып
кеткен”.
Қызыл әскердiң көтерiлiсi бүкiл елдi қамтып, Хань Шантун және Лю Футун
бастаған әскер Кайфынь, Датун қалаларын басып алып, Ұлы Қытай қабырғасына
дейiн жетедi, астанаға жақындайды.
1351 жылы көтерiлiс орталық Қытайды қамтып, онда қарапайым шаруалармен
қоса қалалықтар да қатыса бастады. Көтерiлiсшiлер юаньдықтарға қарсы Яньцзы
өзенi бойында, Чжецзян, Цзянси, Хубей провинцияларында сәттi қимылдар
жүргiзедi. Аньхуэй қаласын жаулап алған әскердi Го Цзясин басқарды. Оның
1355 жылғы өлiмiнен кейiн шаруа баласы, қарапайым монах болған Чжу Юаньчжан
әскердi басқара бастайды.
1368 жылы Чжу Юаньчжан Пекиндi жаулап алды. Шыңғысханның Қытайды билеген
соңғы тұқымы қашып кетедi. Ал Чжу Юаньчжан өзiн Нанкинде император деп
жариялап, Мин әулетiнiң негiзiн салады. Кейiннен ол 20 жыл бойы жаңа
жерлердi жаулап алу соғыстарын жүргiзедi.
Чжу Юаньчжан негiзiн қалаған әулет билiгi бiрiншi жылдарда Тан әулетiнiң
басқаруы кезiнде үстем еткен бiршама қағидаларға негiзделген болатын.
Алайда бұл жерде Юань әулетi кезеңiндегi белгiлер де байқалады. Әрине,
Қытай империясының 1368-1644 жж. өркендеуi оның негiзiн салушы Чжу Юаньчжан
есiмiмен тығыз байланысты болғандығы сөзсiз.
ә) мемлекетi және қоғамы.
Чжу Юаньчжан өзiнiң қарапайым жанұядан шыққанына қарамастан өте сауатты
адам болған. Ол Қытай Империясын билеген барлық императорлардың
әрекеттерiмен жете таныс болған, тiптi император болған кезiнде-ақ ол саяси-
философиялық идеологияның классикалық ескерткiштерiн зерттедi. Оның маңызды
еңбектерiне “Даоде цзин” трактатына жасалған түсiнiктеме болды. Өзiнiң
идеалды қоғам жайлы көзқарастарын Қытай дәстүрлерiне сай етiп көрсеттi.
Оның идеялары мүлiктiк теңсiздiк езгiсiнен босатылған қауымдарға сүйенетiн
мықты императорлық билiктiң қажет екенiне негiзделдi. Қытай тарихындағы ең
күштi императорларының бiрi болған Юаньчжан өзiнiң жоспарларын сәттi
орындайды. Жалпы Қытай императорларының басқару принциптерi Мин әулетi
кезiнде еркше көрiнiс табады.
Чжу Юаньяжан билiгiне тән бiр ерекшелiк шенеунiкшiлдiкке деген
сенiмсiздiк болды. Оның ойынша шенеунiктер қылмысқа жақын және халыққа
деген императордың шынайы ниетiн жеткiзе алмайды. 1382 жылы ХХ ғасырдың
басына дейiн өмiр сүрген үш сатылы Емтихандық жүйенi қайта қалпына келтiрдi
Бұл жүйе кейiннен абсолютистiк Еуропадағы бюрократиялық құрылымдарға үлгi
ретiнде болғаны белгiлi. Чжу Юаньчжан iрi деспот болды, өзiнiң
жанындағыларға ерекше күмәнмен қарап отырып, қуғын-сүргiнге ұшыратуға
тырысты. Ол айналасында император билiгiн жойғысы келетiн адамдар көп деген
ойдан арыла алмады.
Оның халыққа арналған заңи еңбегiнде: “Бұрынғы кезде шенеунiктер
императормен бiрге оны қолдап отырып жүрген, қазiргi кезде бәрi басқаша.
Олар мемлекет басшысының ойын бұзып, ашуын келтiредi. Жаман ойлары бар
топтар бiрiнен соң бiрi пайда болып, мақсаттарына жету үшiн бәрiн iстейдi”,-
деп жазды. Сонымен бiрге ол шағын шенеунiктерге де өз наразылығын бiлдiрдi:
”Жауыз шағын байлар алдаушылықпен заңдарды бұзады”.
Чжу Юаньчжан кезiнде репрессиялар саны Қытай тарихындағы ең
көлемдiлердiң қатарына жатады. Жалпы 40 мыңдай адам жазаланып, оның iшiнде
кезiнде императорға билiк басына келуге көмектескен жәрдемдесушiлер де аз
емес едi.
Мұндай қатаң шаралар кейiннен Миндiк басқа да императорларға тән едi.
Чжу Юаньчжан император билiгiнiң екiншi бiр тiрегi шаруаларға жер
беретiн қауымдар жүйесiнде деп түсiндi. Ресми түрде айтылмаса да, жердi
қайта бөлiп беру жүйесi қабылданды. Бұл салық салумен байланысты
құрылымдарды реттеу мақсатында жасалынған үлкен жер реформасы болды. Бұл
реформа екi шара арқылы жүзеге асты:
- жер ресурстарына мемлекет жағынан қатаң бақылаудың орнауы;
- империяның адами потенциалын дұрыс пайдалану;
Осының салдарынан император мемлекет жерлерiнiң едәуiр бөлiгiн мемлекет
меншiгiне аударады. Мемлекет меншiгi, сонымен бiрге, Юань әулетi
билеушiлерiнiң, өзiнiң репрессияланған жәрдемдесушiлердiң жерлерi есебiнен
де толады. Бұл шаралардың нәтижесiнде Яньзцы өзенi бойында арендалық
қатынастар жойылып, оны жеке жериеленушi шаруа басқаратын болды.
1371 жылы алғаш рет халық санауы жүргiзiледi. Ол бойынша тек адам саны
емес, әркiмнiң мүлкi, жер мөлшерi саналды. Толтырылған анкеталар бiр данасы
мемлекет басшысына жiберiлiп, екiншiсi шаруаның өзiнде қалды. Ол бойынша әр
адамға оның жерiне байланысты салық салынатын болды.
Бұл салық жүйесi Қытайдағы имперлiк билiктiң соңғы жылдарына дейiн
сақталып келдi. Реформаға сай 10 үй цзяға бiрiктiрiлдi, 10 цзя лиге
бiрiктiрiлдi.
Чжу Юаньчжанның лицзя жүйесi тек салық жинаудың тиiмдi жолы ғана емес,
орталықтанған билiктi ұйымдастыруға үлкен үлесiн тигiздi. Ол мұны өзiнiң
“Үлкен сақтану” трактатында атап өтедi. Онда ол император билiгi,
шенеунiктер қылмыстары, мемлекеттiк құрылыс жайлы айтады. Трактат мәтiнi әр
үйде болуы тиiс едi, болмаған жағдайда жанұя жазаланатын болды. Трактат
мазмұнымен әр адам таныс болу керек едi.
Сонымен бiрге, Миндiк бiрiншi император тұсында 50 жасқа толған, өзiнiң
тәртiбiмен ерекшеленетiн көсемдер тағайындалды. Олардың мақсаты - лицзя
салық жинау үрдiсiн қадағалау, императорлық билiктi жүзеге асыру едi.
Чжу Юаньзцяннiң өлiмiнен кейiн салық жинау амалдары бiршама өзгерiске
ұшырайды. Жекелеген ошақтар лиге бiрiктiрiлiп, лилер сянға, ал сян фанға
бiрiктiрiлген болатын. Салық жинау мәлiметтерi сары қағазға оралғана соң
“сары реестр” деп аталды. Бұл мәлiметтер арнайы органдарға жiберiлiп,
провинцияның экономикалық, демографиялық жағдайы туралы мағлұмат жасалынды.
Олар көк қағазға оралып, “көк кiтап” деп атала бастады. Мұндай мағлұмат
жинау әр 10 жыл сайын жүргiзiлiп отырды.
Мемлекетке салық төлеумен қатар, әрбiр шаруа мемлекетке белгiлi бiр
мiндет атқарып отырды. Ол “сары реестрде” айтылып отырды. Мiндет негiзiнен
3 түрге бөлiндi: “тiкелей”, “арнайы” және “аралас”. Тiкелей мiндет бойынша
әр адам он жыл сайын лицзя басшысы болуы тиiс едi. Арнайы мiндет белгiлi
бiр мамандық иелерiне жүктелдi. Аралас мiндеттер лицзя қызметiн атқармайтын
және уақытша қолы бос адамдарға қатысты болды. Аралас мiндет ең көп тараған
қызмет түрi болып есептелiндi. Миндiктер кезiнде, сонымен бiрге, көптеген
ирригациялық (жер суару) жобалар жасалынды. ХIV ғасырдың басында 11,5 млн
үйден 2 млн-ға жуығы ер адамдарды әскери қызметке тапсыруы тиiс едi.
1377 жылы аталған мiндеттерден мемлекет қызметкерлерi босатылған
болатын. Бiрақ та жер салығын төлеу барлық адамдарға мiндеттi едi.
Кейiннен 1586 жылдан бастап, шенеунiктер тек өз жерлерiнiң бiр бөлiгi
үшiн ғана салық төлей бастады. ХVI ғасырдың алғашқы жылдарында шенеунiктер
салық төлеуден бiртiндеп босатылып, бiршама жеңiлдiктерге ие бола бастады.
Шенеунiктер iрi жериеленушiлерге айнала бастады. Iрi жерлер – уделдерге
(го) айнала бастады.
1402 жылы кiшiгiрiм азамат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Қытай тарихын мерзімдеу
Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде
Қытай мәдениеті
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
Пәндер