Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі. Христиан және будда діндеріне сипаттама


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Қоғамның рухани дамуындағы Ислам дінінің орны мен ролі

2. Христиан дінінің ағымдарына сипаттама

3. Үнді - будда мәдениеті

Кіріспе

Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн - адам санасын ұлайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа, үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi. Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз.

Бұл айтылғандарға ислам дiнi мысал бола алады. Ислам қазақ тарихында үнемi өркендетушi рөл атқарған. Ислам-жеке адам мен қоғамды түзететiн, әлеуметтiк бақытқа, шынайы бостандыққа және бiрлiк-татулыққа жеткiзетiн құрал, iзгi жол, даналық. Осыны түсiнiп бағалай бiлген Жүсiп Баласағұн ХI ғасырдың өзiнде ислам руханиятын «Құтты бiлiк» деп атап, оның мемлекетке зор пайдасы бар екендiгiн дәлелдеген.

Қоғамның рухани дамуындағы Ислам дінінің орны мен ролі

Қазақстан тәуелсіздік алғалы 12 жыл ішінде өзінің нағыз демократшыл ел екендігін және де ішкі, сыртқы саясатының адамгершілігімен сүйіспеншілігін көрсете білді. Республика халқының рухани өмірінде ірі өзгерістер өтіп жатыр, және де осы өзгерістерге басты себепкер еліміздің басшысы болғаны қуантады. Бірақ та, қанша дарынды болғанымен, бір адамның қолынан қоғамды өзгертуі мүмкін емес, өйткені қоғам жақсы жаққа өзгеруге өзі ұмтылу керек. Біз көп ұлтты елде тұрамыз, сондықтан халықаралық достыққа ұмтылуымыз керек, өйткені тек бейбітшілік заманда ғана әр халықтың рухани және үлесімді дамуына болады.

Мұхаммед (с. ғ. с. ) Пайғамбар айтқан: "Біріншіден өзіңді өзгертуің керек, өйткені өзіңнің сырыңды түсіну - ол Аллаһ тағаланы түсіну деген сөз". Біз қауіпті жан-жағымыздан іздейміз, ал ол өзіміздің ішімізде. Бұл қауіптің түбірі-дұрыс емес көзқарастан, сөзден, қимылдан, және де сол қауіп адамның рухани көзқарасының өзгеруіне алып барады.

Ислам діні бұл өмірді бағалау керектігін, және де өз өмірі мен достарының, туыстарының жағдайын жақсарту керектігін айтады. Ислам діні барлық адамзатқа бірдей ереже жасап, барлығы биік ұмтылыста болу керектігін атайды. Ислам адам табиғатының барлық элементтер мен жан-жақты дамуында керек рухани және материалдық ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Ол адамды биік ұмтылыстарға тартып, бірақ та материалдық түптерін тауып тастамайды. Ол адамнан таза және ұстамды болуды, сонымен қатар оның сұранысын қамтиды. "Аллаһтың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін және берген жақсы несібелерін кім арам етті. Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін" (7 сүре, 32 аят) . Ислам діні біздің материалдық өмірімізде тек қана ойлар тізбегі ғана емес. Ислам - адам өмірінің көрсеткіші. Ол адамдардың адаммен қоғамды байланыстырып, оларды нендей рухани биіктіктерге көтереді. Ислам діні байлық пен бақты бақыттың түбірі деп санамайды. "Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Аллаһтың қасында зор сыйлық бар" (8 сүре, 28 аят) . Адамның табиғатын шынайы талдап, ол өзінің уағыздарын жасайды. Сол уағыздары аркылы ол жекеше, қоғамдық, және ұлтаралық байланыстардың тұрақты болуын қамтиды. Ислам діні адамды материалдық және қаржылай мақсатына жетуді ғана ұйғармай, сонымен қатар рухани кеңістікке де жайғастырады. Ол жерде Құдай заңдары, мораль, рухани бастамалар басшылықты басқарады. Ислам дінінің заңдары басшылық етіп өздеріне адам табиғатын алады. Ислам діні кең пейілді рухани бай қоғамға ұмтылады. Сондықтан ол бір адамның ішкі өмірімен қоса, қоғамның сыртқы өмірін сатылайды. Ол кіші мен үлкеннің, табиғат заңымен рухани байлықты бірегей мен қоғамның, дінтану мен философияның арасына тәртіп келтіреді. Ислам діні адамдардың табиғат заңдарына қарсы шықпауына ықпал жасайды өйткені қарсы шығу деген адамның жасаған нәрселерінің тас-талқанын шығарады.

Ислам философиясы адамды қоршаған ортада биік бағалайды. Ол қоғамда материалдық жағдайдың жақсаруымен қатар, моральдық, рухани биіктіктерді заңдастырады. Әр адамның жағдайы жақсы биік деңгейде болғанымен тұрмай оның ойшыл, рухани, моральды, жағынан да биік көрсеткіштер болуы тиіс, өйткені олар әр адам қоғам үшін, қоғам әр адам үшін өмір сүру керектігін уағыздайды. Белгілі жазушы Бернард Шоу өзінің "Мұхаммед Аллаһтың елшісі" атты кітабында былай деген: "Мен ылғи Мұхаммедтің дінін, оның үлкен күші мен парасаттылығы үшін сыйлаймын. Менің ойымша біздің тағдырымыздың сан алуан кедергілерін шешуде, және мәдениетті ажырата білудегі жолдарды ең дұрыс деп шешетін осы бір ғана Ислам діні деп ойлаймын, және де Европалықтар бірінен кейін бірі келіп осы Ислам дінін қабылдайды деп көзім жетіп түр".

Халқымыз жыл сайын желтоқсанның 16-17 күндері мемлекетіміздің тәуелсіздігін алған күнін үлкен қанағаттанғандықпен мерейлене тойлайды.

Бұл тәуелсіздік - барлық халқымыздың, бүкіл ұлтымыздың басым көпшілігінің қаншама ғасырлар бойы, қаншалықты қиыншылықтар (Ақтабан шұбырынды, 300 жылға жуық бодандық, аштық нәубеті, қызыл қырғын, дінге қарсы қысым) болса да жүректерінен Алланы шығармай, Аллаға ғибадат құлшылық жасағандары үшін, хандарымыз бен билеріміздің, зиялыларымыздың, батырларымыздың еліміздің егемендіні үшін, халқымыздың бостандығы жолына сарп еткен жанқиярлық еңбектері үшін Алланың халқымызға, ұлтымызға тартқан сыйы. Ендігі жерде Алладан еліміздің осы егемендігін, мемлекетіміздің осы тәуелсіздігін баянды етуін күндіз-түні тілеуіміз керек.

Алланың мәрхаметінің арқасында Елбасымыз бастап, басқарып елімізде экономиканың нығаюына, халықтың әл-аухатының жақсаруында, білім менен ғылымның дамуында, мәдениетімізбен өнеріміздің өркендеуіне, отан қорғау саласында оң өзгерістер, қол жеткен жетістіктер бар.

Осы жетістіктеріміздің жетіле түсуі үшін, еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі нығая түсіп баянды болуы үшін халқымыздың, ұлтымыздың рухани жайы да Алла көрсеткен, Алла талап еткен жолмен өркендеп баии түсуі қажет.

Еліміздегі әрбір адамның жан дүниесі жаңа заманға сай жаңарып, пиғыл, пейіл, ықылас, ниет Алла нұсқаған адамгершіліктің жоғарғы дәрежесіне көтерілуі керек. Әрине бұл оңай нәрсе емес. Өйткені жүздеген жылдар патша, Кеңес үкіметтерінің ұлтымыздың ой өрісінен, жүрегінен ислам діні Аллаға сиынушылықты аластатуының, тек қана билеп-төстеушілерге табынушылықты қалыптастыруының салдарынан еліміздегі көпшілік адамдарда құлдық, жалданымпаздық, жағымпаздық мінез-құлық етек алды. Ал Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі өтпелі кезенде сауда-саттықтың, бәсекелестіктің, дүниеқоңыздықтың өрістеуінен кей адамдарда пайдакүнемдік, дөрекілік, өркөкіректік, қаскүнемдік мінез-құлық қалыптаса бастады.

Бір мезет идеологиядан тыс кеңістікте қалған халыққа исламға жат дінді уағыздаушылар белсене кірісе бастады. Бостандықты, демократия деген үғымды теріс түсінгендер араққұмарлыққа, нашақорлыққа, иманды-лыққа жат кәсіптерге, қылмыскерлікке бой алдырып, келеңсіздіктер кеңінен етек ала бастады.

Міне осы жағдай еліміздің егемендігіне, мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қауіп туғызады. Сондықтанда осы қауіп-қатерге қарсы шаралар жүзеге асырылуы қажет. Бұған жеткізетін сара жол- Ислам діні.

Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден қорек берді. Міне осы Алла Раббыларың. Төтенше ұлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы. Ол тірі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарынындар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына ылайық. (40-С, 64, 65-А. ) (474 бет) . Міне осы аяттарда Алланың құдірет, хұзұр дәрежесі сипатталып, қоғамдағы адал ниетті, ақ пейілді адамдардың қандай болуы керектігі айқын айтылған.

Еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі баянды болуы үшін әр азамат осы талапқа сай болуы қажет.

Ол үшін әркім Алладан осындай талаптың бар екендігін, оны орындау міндетті екенін түсініп, түйсінуі керек. Бұған қол жету үшін әр адам Алланың. Құран Кәрім Кітабын өзі оқып түсінуі қажет. Осы тұрғыдан еліміздің әрбір отбасында арап тілінде, қазақ тілінде, орыс тілінде (қазақ-ша жетік білмейтіндер үшін) текке берілген Құран Кәрім болуы ұйымдастырылса, мектептерде, институттарда дін тану сабақтарын өткізуді тиісті министрліктер жүзеге асырса өте дұрыс болар еді.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы еліміздегі дін мәселесіне қазіргіден де батылырақ иелік жасап, арнаулыда айқын жүйемен пәрменді түрде жүмыс жүргізсе дейміз.

Олай дейтініміз халқымыздың қазіргі кезеңде рухани қарулануға мұқтаждығы, сұранымы байқалады. Оның үстіне Алланың өзі жеткізген еліміздің егемендігі, мемлекетіміздің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін де бұл жүмысқа үлкен қажеттілік туындап түр. Әр нәрсенің өзінің сәтті тұстары болады. Ислам дінін елімізде өркендетудің сәтті мезеті осы кез. Бұдан кеш уақытқа қалдыруға болмайды. Жүйелі түрде жүргізу дегенде көңіл аударатын кейбір мәселелер:

Алланың Құран Кәрім Кітабымен әрбір отбасын текке қамтамасыз ету;

Бұған қатты көңіл аударудың қажеттігін, әрбір адам Құран Кәрімді өз қолымен ұстап, өз көзімен бірнеше қайталап пейілмен, зейінмен, ынта қойып оқып шықса сонда оның мазмұнына, маңызына жете түсінеді. Алламен тікелей сөйлескендей сезінеді. Артық айтсақ Алладан кешірім сұраймыз. Моллалар мен имамдар жекелеген аяттарды айтып отырғанда кейбір адамдар оны молдалар өзінің кәсібін дәріптеп отырғандай көреді. Дінді дін үшін уағыздап отыр деп те есептейді. Өзі оқығанда Құран Кәрімдегі аяттар оқушы мұсылманның өзіне Алланың айтып отырғанын аңғарып мойындайды.

2. Христиан дінінің ағымдарына сипаттама.

П равославие - христиан дінінің үш басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Тарихи түрде бұл христиандықтың шығыс тармағы ретінде қалыптасты. Ол әсіресе Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Балқан түбегі елдерінде кеңінен таралған. “ Православие” атауы ( грекше “ортодоксия”) алғаш рет ІІ ғ. христиан жазушыларының еңбектерінде кездеседі. ІV-ХІ ғғ. Византияда православие басты дін болған кезінде оның алғаш ресми негіздері қаланған болатын. Првославиенің діни ілімі - қасиетті жазбалары (Библия) және қасиетті преданиелерін (ІV-VІІІ ғғ. жеті ғаламдық соболардың шешімі, Афанасий Александрийский, Ұлы Василий, Григорий Богослов, Иоанн Дамаский, Иоанн Златоуст сияқты шіркеулік ірі авторитеттердің еңбектері) мойындау. Бұл жазбалар православие дінінің негізін құрайды.

Никея мен Констанинопольдегі соборларда қабылданған Сенім Символында бұл шіркеулік негіздер басты 12 бөлімде жинақталған:

Бірінші бөлімде Қасиетті үштіктің бірінші ипостасиі, әлемді жаратушы Құдай туралы айтылады.

Екіншісінде Құдай Баласы - Иисус Христос туралы айтылады.

Үшіншісі - Құдай айналымының догматы ретінде қарастырылады. Ол бойынша Иисус Христос Құдай бола тұра адам кейіпінде Дева Мариядан туады .

Сенім Символының төртінші бөлімі - Иисус Христостың азабы мен өлімі туралы. Бұл күнәні өтеу догматы болып есептеледі.

Бесінші бөлім - Иисус Христостың қайта тірілуі жөнінде.

Алтыншы бөлімінде Иисус Христостың аспанға берілуі.

Жетінші мүшесі Иисустың болашақта жер бетіне қайта оралуы туралы.

Сегізінші мүшесі - Қасиетті Жанға сенім туралы.

Тоғызыншы бөлім - адамның шіркеуге қатысы жайында.

Оныншы бөлімінде - “Крещениенің” мәні туралы.

Он бірінші мүшесі - болашақтағы өлгендердің толығымен тірілуі туралы.

Он екінші бөлімінде - өмірдің мәңгілігі туралы .

Христиан дінінің философиялық және теоретикалық бағытындағы дамуына Қасиетті Августин ерекше роль ойнады. 5 ғ. шекарасында ол діннің білімнен күштілігі идеясын уағыздайды. Адамның ақылы үшін нақтылық өте қиын нәрсе, себебі оның түп негізінде Құдай жатыр.

Православиеде Құдайға сенушілерге шіркеу атынан ерекше рақымшылдықтың түсетіні айтылады. Шіркеу 7 басты таинствоны мойындайды:

Крещение, ол бойынша адам Құдай-Әке және Құдай-Баланың шақыруымен суға 3 рет батырылғанынан соң рухани өмірге ие болады.

Причащение таиствосында сенуші нан мен шарап күйінде Мәңгі өмір үшін Христостың қаны мен денесіне сіңеді.

Покаяние мен исповедь таинствосында - Иисус Христос атынан күнәларды кешіретін уағыздаушы алдында өз күнәларын мойындау керек.

Священство таинствосы епископ арқылы жүзеге асады. Ол сенушілерді діни қызметкерлер қатарына қосады.

Неке таинствосы бойынша храмда ер адам мен әйел арасындағы некелік одаққа алғыс айтылады.

Елеосвящение (соборование) таинствосында денені елеймен жағу арқылы Құдайдың барлық дене және рухани аулуларды емдей алу қасиеті сөз болады.

Киевтің князь Владимир мен Новгород Добрынеймен крещениеленуі күллі Русьтің ерекше роль ойнады. Христиан діні Ресейдің солтүстікке қарай жылжуы нәтижесінде кеңінен тарала бастады. Сергий Радонежскийдің Үштік культін көпшіліке паш етуі жаңа әлеуметтік идеялар мен өмірге жаңа моральдік бастамалар енгізді.

Куликово шайқасынан кейін Русь экономикалық, саяси жағынан берік бола бастады. 1448 ж. орыс архийлер соборы, Констанинопольден тәуелсіз, Мәскеу және күллі Русь митрополиті кафедрасына Иона Рязанскийді тағайындайды. Бұл кезден бастап автокефалий - дербес Ресей шіркеуінің қалыптсуы басталды. Ресейдегі патриаршілдік Борис Годуновтың кезінде болды. 1589 ж. митрополит Иов бірінші Русь патриархы атанды.

Православ шіркеуі көптеген мейрамдар мен тұтуларды қолдайды. Тұтулар көбінесе мерекелердің алдында болады, ол “адам жанының тазаруы мен жаңаруын” білдіреді. Христиан дінінде 4 басты тұту бар: Пасха алдында, Петр мен Павл күндері алдында, Богородица Успениесі және Рождествоның алдында.

Мереклердің арасында бірінші орынды алатын Пасха болып есептеледі. Одан кейінгі 12 басты мейрамдар: Рождество Христово, Сретение, Крещение Господне, Преображение, Вход Господень в Иерусалим, Вознесение Господне, Троица (Пятидесятница) , Воздвижение креста Господня, Благовещание, Рождество Богородицы, введение во храм Богородицы, Успение Богородицы.

Католицизм.

Христиан дінінің келесі ірі бағыты болып католицизм болып есептеледі. “ Католицизм” сөзі “жалпы”, “ғаламдық” деген мағынаны білдіреді.

Оның негізі болып, шағын христиан қауым епископы апостол Петр болды. Католицизмнің бекіну процесі шығыс және батыс Рим империялары арасындағы ІІІ-V ғғ. қарама-қайшылықтары кезінде жүрді. 867 жылы папа Николай І мен Констаниопольдік патриарх Фоти бөлініп кетеді.

Католицизм негізінде Қасиетті жазба және Қасиетті предание жатыр. Православиеден өзгеше католицизм басты 7 Ғаламдық соборларды мойындап қана қоймай, сонымен бірге келесі соборлардың және папаның жолдаулары мен жазбаларын мойындайды.

Католицизм қатаң орталықтандырылуымен ерекшелінеді. Папа шіркеу бас, ол барлық соборлардын жоғары тұрады.

Католицизм бойынша Қасиетті Жан пападан және Құдай-Баладан шығады делінеді.

Құтқару негізі - сенім мен қайырымды істер болып есептелінеді. Шіркеу католицизм бойынша Иисус Христос, Дева Мария, қасиеттілер, таза христиандардың қалдырған “қайырымды істер” қоймасы . Шіркеу бұл қоймамен қолданса болады, оны қажет ететіндерге таратып, күнәларды кешіре алады. Индульгенция - ақша немесе басқа да төлем үшін күнәларды кешіру осыдан пайда болған.

Чистилище (жұмақ пен тозақ арасындағы орын) туралы догмат тек католицизмде ғана бар. Күнәлары онша көп емес адамдар чистилищеде тазарту отында күйіп, тазарып болған соң жұмаққа барады. Чистилищеде болу уақыты жақсы әрекеттермен азаюы мүмкін. Чистилище идеясы 1 ғ. пайда болды, православие мен протестанттар чистилищені мойындамайды.

Католицизм бойынша 1870 ж. І Ватикан соборында қабылданған папа күнәсыздығы, 1854 ж. қабылданған Дева Марияның “таза” жолмен балалы болуы, 1950 ж. қабылданған Дева марияның денелі түрде аттануы мойындалады. Католицизмде причащаниені престі нанмен жасайды (православиеде - квасты нан ) . Крещение жасағанда суға батырмай, суды тек бетке шашады. Денені жағу (конфирмация) туылған кезде емес, 7-8 жасында жасалынады. Содан соң жас бала өзіне екінші діни есім таңдап алады.

Культ орталығы - храм. Рождестволық тұту адвент деп аталады. Ол Қасиетті Андрей күні - 30 қарашадан кейінгі бірінші жексенбіде қабылданады. Рождествао 3 рет: түнде, таңда, күндіз тойланады. Себебі Христос Құдай кейпі, ана құрсағында, адам кепінде болған. Үш түрлі уағыздаушылық бар : диакон, уағыздаушы, епископ . Папаны Кардиналды кеңес өзінің кемінде 2/3 даусы негізінде және 1 құпия дауыс негізінде сайлайды.

Протестантизм

Протестантизм тарихы католицизмді мойындамаған Мартин Лютерден басталады. Оның пайымдауынша адамның Құдаймен тығыз байланысы бар. Лютердің индульгенцияға, сенім мен рухқа бақылау орнатуға, адам мен Құдай арасында делдалдың болуына қарсы шығуы көпшілік арасында кең қолдау тапты.

Протестантизмнің басты мазмұны мынада жатыр: Құдайдың ниеті адамға шіркеудің қатысуынсыз-ақ беріледі. Адамның құтқарылуы Христостың өзіне деген сенімі арқылы жүзеге асады. Таинстволардан крещение мен причастие мойындалады. Протестанттар Богородица культін, папаны, чистилищені, монахтықты, иконаларды жоққа шығарады. Библиядағы “Адам өз сенімімен құтқарылады” қағидасы Лютердің 95 тезисінен тұратын Реформациясының басты мазмұны болды, протестантизмге негіз болды. Бұл тезистер Виттенбергтің қамал шіркеуінде жазылған. Олардың кебіреулері:

“Сеніңдер, себебі аспан бақылауы жақындай түсуде”;

“Сену тек уағыздаушының алдында ғана жүзеге асапайды”;

“Папа тек өзінің және шіркеудің таққан күнәларын ған кешіре алады”.

“Кешірім канондары тек тірілер үшін ғана жасалады”.

“Жандар үшін индульгенцияларды қабыл ететіндерге сенудің қажеті жоқ деген Христос бойынша емес”;

“Шіркеудің басты құндылығы Евангелие және Құдай”;

“Шынай христиандық Христос жолын қуады”;

Осы тәріздес қағидалар 1517 ж. 31 желтоқсанда жария етіліп, кейінне бұл күн протестантизмнің мереке күні болып жарияланды.

Екінші ірі реформатор болып Жан Кальвин (1509-1564) болды. Оның 1536 жылы “Христиан дінінің ілімдері” атты еңбегі кальвинизмді протестантизмнің үлкен ағымы ретінде қалыптастырды. Кальвин бойынша басты назар Евангелия емес, Ветхий Завет болды. Оның идеяларына сәйкес адамдар ерекше және жазаланғандар болып бөлінеді. Ешбір сеніммен, жақсы істерімен адам өз тағдырын өзгерте алмайды: ерекшелер құтқарылады, ал жазаланғандар тозаққа кетеді. Кальвин бойынша Иисус та Құдайдың ықпалымен адамдардың күнәлары үшін азапталушы ретінде жаралған. Кальвинисттер Шотландияда, Нидерландыда, Германия, Франция, Англияда кеңінен таралған.

Пресвитериандар (лат. “Үлкен ”) - біркелкі пуритандар . 1592 ж. Шотландия пуритандары бұл ілімді мемлекеттік деп таныды. Шіркеулік қауымның басында - қауым мүшелерімен сайланатын пресвитер . Қауымдар жергілікті және мемлекеттік одақтарға бірікті. Мерекелер тек демалыс күндері.

Англикан шіркеуі - Англияның мемлекеттік шіркеуі. 1534 жылы, жергілкті шіркеудің Рим шіркеуінен бөлініп кетуінен ағылшын парламенті король Генрих 8-ні шіркеу басшысы етіп тағайындайды. Яғни шіркеу корольге тікелей бағына бастайды. 16 ғ. ортасына қарай шіркеу ағылшын тіліне өтті, уағыздаушылардың некесіздігі жойылды. Англиканизм бойынша рим католицизмі мен континенталды протестантизм арасындағы “ орта жолға түсу” міндетті еді. Бұл “ Ортақ сенім кітабында” жазылған.

Протестантизмнің ең кең тараған ағымы - баптизм (грек. “суға батыру”) 19 ғ. 70 жж. келді. Бұл ағым бойынша крещение рәсімін ересек адамдар ұстанады. “ Дінді адам есейген кезде өзі таңдап алып, крещениеден өтуі тиіс” деген қағида баптистердің басты постулаты. Құдайға табыну тек өлең айту, сыйынудан тұрады. Евангелия христиандары 4 басты дәстүрді сақтайды: крещение, причащание, неке, уағыздаушылық. Крест евангелия үшін басты символ болып есептелінбейді.

Адвентисттер қозғалысы (лат. “келу”) 19 ғ. 30 жж. АҚШ-тағы жаппай экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды. Ол бойынша Христостың екінші рет адамдарға келуі құтқару болып есептелінетін.

Бұлардың барлығы протестантизмнің басты ағымдары болып есептелінеді.

Үнді - будда мәдениеті

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі - Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі
Дін жайлы жалпы түсінік
Діннің тәрбиелік мәні
Дін философиясы
Дін және мәдениет туралы
Дүние жүзінің діндердін мәдениеті
Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм
Дін туралы мәлімет
Шығыс діндері
Діннің таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz