Қытай Халық Республикасы туралы ақпарат



1. Кіріспе. Қытай Халық Республикасы.
2. Негізгі бөлім: а) ҚХР . ң тарихы.
б) ҚХР . ң саясаты.
в) ҚХР . ң білім беру бағдарламалары.
3. Қорытынды.
Құрылуы
Немесе кіріспесі
Жалпы Қытай — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Қазақта қара қытай қаптады деген сөз бар ғой, расымен де халық саны бойынша, қытайлар әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән);
Алайда жер аумағы жағынан болсын, тіпті табиғат байлығы жағынан болсын олар талай белді мемлекеттерден алда. Дүниеде
жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында.
Алайда алып ел билігі жарты ғасырдың жүзі болып қалды, коммунистер қолында десе болады. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
Аумағы жағынан үлкен, дардай ел болғасын, қытайлар 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.
Әкімшілік бөлінісуіне келер болсақ Қытай өлкелері Аньхой, Фуцзянь, Ганьсу Гуандун, Гуйчжоу, Хайнань, Хэбэй, Хэйлунцзян, Хэнань, ХубэйХунань, Цзянсу, Цзянси, Цзилинь, Ляонин, Цинхай, Шаньси, Шэньси, Сычуань, Юньнань, Чжэцзян, Нанкин деген ірілі ұсақты провициялды аймақтарға бөлінеді.
Ендігі жерде Қытайдың белгілі қаласы, бүкіл әлемге бұрын көбіне Кантон атымен белгілі болып келген Гуандун провинциясы жайында айтайын деп едім. Аталмыш қалада 759 ірілі-ұсақты арал бар, провинция 21 округтен, 76 уезден, 52 қаладан, қалаға бағынатын 48 ауданнан құралады, мұнда 93 миллионнан астам адам тұрады, оның орталығы Гуанчжоудағы халық саны 10 миллионнан астам.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   


Қытай Халық Республикасы

Құрылуы
Немесе кіріспесі
Жалпы Қытай — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Қазақта қара
қытай қаптады деген сөз бар ғой, расымен де халық саны бойынша, қытайлар
әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық
қытайлықтар, өз атауы — хән);
Алайда жер аумағы жағынан болсын, тіпті табиғат байлығы жағынан болсын олар
талай белді мемлекеттерден алда. Дүниеде
жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында.
Алайда алып ел билігі жарты ғасырдың жүзі болып қалды, коммунистер
қолында десе болады. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері
елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да,
ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
Аумағы жағынан үлкен, дардай ел болғасын, қытайлар 14 мемлекетпен
шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос,
Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.
Әкімшілік бөлінісуіне келер болсақ Қытай өлкелері Аньхой, Фуцзянь,
Ганьсу Гуандун, Гуйчжоу, Хайнань, Хэбэй, Хэйлунцзян, Хэнань, ХубэйХунань,
Цзянсу, Цзянси, Цзилинь, Ляонин, Цинхай, Шаньси, Шэньси, Сычуань, Юньнань,
Чжэцзян, Нанкин деген ірілі ұсақты провициялды аймақтарға бөлінеді.
Ендігі жерде Қытайдың белгілі қаласы, бүкіл әлемге бұрын көбіне
Кантон атымен белгілі болып келген Гуандун провинциясы жайында айтайын деп
едім. Аталмыш қалада 759 ірілі-ұсақты арал бар, провинция 21 округтен, 76
уезден, 52 қаладан, қалаға бағынатын 48 ауданнан құралады, мұнда 93
миллионнан астам адам тұрады, оның орталығы Гуанчжоудағы халық саны 10
миллионнан астам.
Бүгінде Гуандун – Қытайдың экономикалық тұрғыдан ең қарқынды дамыған
провинциясы екен. 2006 жылы Гуандунның ішкі жалпы өнімі 337 миллиард
долларға жеткен екен. Гуандунның жан басына шаққандағы ІЖӨ мөлшері
Бейжіңнен екі есе, Шанхайдан бір жарым есе артық.
Гуандунның Қазақстанмен сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді. Қазақстан
мен Қытайдың арасындағы сауда айналымы 14 миллиард долларға жетсе, соның 10
миллиардтан астамы осы өңірдің үлесіне тиеді.
ҚХР – дың автономиялық аудандарына келер болсақ олардың
қатарында Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы, Ішкі Моңғолстан Нинся-Хуэй,
Шыңжаң-Ұйғыр Тибет аудандары кіреді.
Орталыққа бағынышты қалалар ретінде Пекин, Чунцин, Шанхай, Тяньцзинь
қалаларын айтса болады.
Ал арнайы әкімшілік аудандарының қатарына Гонконг (Сянган), Макао
(Аомынь) кіреді. Айта кетейін дегенім бұл қалалардың екеуі де негізінен
тәуелсіз елдер сияқты тіркелгенмен, Қытай оларға әлі күнге бостандық бермей
отыр.

Тарихы

Ендігі кезекте Қытайдың Тарихына кеңінен тоқталсақ
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси
өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба
көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді.
Екіншіден, діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі
қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай
өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Жалпы, Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның
жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-
саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз
еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға
тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр десек
қателеспеспіз. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай
ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба
көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму
кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен
кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер
өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай
өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің
енгізілуі күшейтті.
Ал егерде саяси көзқарас бойынша қарасақ, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар
бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық
мерзімдерінен өткен. Жасырары жоқ, Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына да
жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай
этносымен араласып кетті. Бұның өзі нені білдіреді. Бұның өзі Қытай атты
экспанцияның сол кездің өзінде өте қауіпті күш екенін көрсетеді деп
ойлаймын. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған
азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі.
Содан болар, Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші
халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Қытай тарихын мерзімдеу

Ендігі жерде алып немесе Аспан асты елінің тарихын кезең кезеңмен
қарастырып көрсек.
Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте
Жылдар Мемлекет (әулет) Б.з.д. б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255 до н. э. Аты
аңызға айналған Яо билеуші
б.з.д. 2255 — б.з.д. 2205 Аты аңызға айналған Шунь билеуші
б.з.д. 2205 —б.з.д. 1766 Аты аңызға айналған Ся әулеті
б.з.д. 1766 —б.з.д. 1122 Аты аңызға айналған Шан-Инь әулеті
б.з.д. 1122 —б.з.д. 247 Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері
б.з.д. 246 —б.з.д. 207 Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері
б.з.д. 206 —б.з.д. 220 Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері (в том числе
Западная Хань — с 206 до н. э. по 25 н. э., Восточная Хань — 25 — 220 н.
э.)
Біздің заманымыз 220 — 264 Вэй әулеті
265 — 420 Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420)
420 — 479 Сун әулеті
479 — 501 Ци әулеті
502 — 556 Лян әулеті
557 — 588 Чэнь әулеті
589 — 618 Суй әулеті
618 — 907 Тан әулеті
907 — 959 Бес әулеттің заманы
960 — 1279 Сун әулеті
1280 — 1368 Юань әулеті (моңғол)
1368 — 1644 Мин әулеті
1644 — 1911 Цин әулеті (манчжур)
1912 — 1949 Қытай мемлекеті
1949 ж. 30 қыркүйегі Қытай Халық Республикасы

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Ендігі кезекте біздің заман немесе жаңа ғасырдағы Қытайға көз тоқтатсақ.
Жалпы Қытай технолохиясын мүлтіксіз деп айту әрине артығырақ болар деп
ойлаймын. Мысалға, елдің барлық экономикалық көрсеткіштері күйреп жатқанда
1949-1956 жылдар аралығында КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары
салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру
жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды десе болады.
Ал, 1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, үлкен
адым саясатымен, коммунизацияландырумен аяқталған жаңа бағыт жарияланды.
Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті
күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы ерекше жолы екі жақтың
теке-тіресінен мәдени революция жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды
мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық
қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау,
хунбэйбиндер және т.б.)
Бұл саясат кейін төрт банданы құлатқаннан соң, кейін билік басына келген
Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық
Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны):
жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек
шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу,
экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық
аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты
нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық
экономикаға курс жарияланды.
Бірақ қалай десек те, білікті басшылардың жөні тарихта әрқашанда да бөлек
қой, Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты
әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. Мысалға 1980
жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында аталған мемлекет басшысы Қытайдағы
толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және
өндірісті жылдам түрде ұлғайтуды және дамытуды, халықтың өмір деңгейін
көтеру мәселесін түбегейлі шешті.
Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху
Джинтаомен жалғастырылды.
Ал, 2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары
партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы
төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-
2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші
орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі
2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және
әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек
жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық
жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық
жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Бүгінгі Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен түрлі-
түсті революцияларға күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен
сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп,
шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті
революцияларға" күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен
сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп,
шетелдік ықпалды шектетті.
Алайда меніңше қытайлардың бір кемшілігі, оларда жеке кәсіптік бизнес әлі
күнге дамымай келеді. Мысалы, 2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс
операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай
сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және
мемлекеттік басшылығын соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында Қытайда үйлесімді қоғамды құруды
стратегиялық мақсат ететін 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен
Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны
шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда.
Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір
деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900
млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да түрлі-түсті революцияның алдын алу
мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау
көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).
Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға
көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған
ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай
провинцияларды пайдаланады.
Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан
Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Саясат жайғасы

Ал, саясат яғни, елдегі саяси ахуалға келер болсақ, онда алдымен
түбірін қопарып, түбіртегін ақтарсақ деп едім.
949 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)
Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
Қазақстан – Менің Отаным
Қытайдың орталық азиядағы сыртқы саясаты
Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар
Телешығармашылық сырлары
Қазақстан - Қытай қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері
Пәндер